Құқық тәрбие
Жоспар
Кіріспе
1. Енбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері
Еңбек тәрбиесі
2. Еңбек тәрбиесін ұйымдастыру жүйесі
1. Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні, мазмұны мен міндеттері
2. Мектеп жасындағы жастардың құқық нормаларын бұзу факторлары
3. Мектепте жүргізілетін құқықтық тәрбие жұмысының жүйесі
4. Құқық тәрбиесінің адамгершілік және халықтық тәрбиемен байланысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Педагогика көп салалы ғылым. Оның тарихы, әдістемесі бар. Соған сай оның теориясы қалыптасқан. «Теория» ұғымы грек тілінде «зерттеймін» («исследую») деген түсінікті білдіреді. Ол педагогика саласында тәрбие және оқытудың мәні, мақсаты, принциптері, мазмұны жайындағы көзқарастардың жүйесін білдіреді. Бұл жүйе педагогикалық теорияның құрылымын анықтайды.
Теория педагогтарды әртүрлі жастағы адамдарды тәрбиелеу және білім беру процестерінің ерекшіліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады, әр түрлі жағдайдағы оқу-тәрбие процестерін жобалауға және оны жүзеге асыруға, оның нәтижесін бағалауға көмектеседі. Соған сәйкес оқыту, білім беру және тәрбиелеудің жаңа технологиясы педагогикалық зерттеу жұмыстарында, зертханаларында пайда болады.
Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте
- мәдени құбылыс;
- педагогикалық ықпал ету;
- балалардың әрекетін ұйымдастыру;
- қарым-қатынас құралы ретінде жан-жақты қарастырылады.
Тәрбие теориясы-тәрбиенің негізгі заңдылықтары, принциптері, ұғымдары туралы білімдердің жүйесін құрайды. Методика яғни, әдістеме соған негізделіп оқытылады. «Методика»-ол белгілі бір мақсатқа жетудің немесе жету үшін қолданылатын түрлі амал-тәсілдердің жиынтығы. Педагогика ғылымында методиканың немесе әдістеменің екі түрі бар. Олар оқыту методикасы және тәрбие методикасы болып бөлінеді.
Тәрбие методикасы немесе әдістемесі-тәрбие процесін оның мақсат-міндеттеріне сай ұйымдастырудың көптеген амал-тәсілдерінің жиынтығы болып есептелінеді. Ондағы мақсат тәрбие процесін ұйымдастырудың көптеген амал-тәсілдері және түрпішіндерін анықтап, белгілеу. Соған сәйкес тәрбиешілерге оны меңгеруде нақтылы көмек көрсету.
Педагогика ғылымының жетілуі барысында тәрбие беру әдістемесі де өзіндік бет-бейнесі, бағыт-бағдары бар ғылыми пән ретінде қалыптасып және дамып келеді. Соған сәйкес соңғы жылдары педагогикалық жоғары және арнаулы кәсіби педагогикалық оқу орындарында тәрбие беру теориясы мен әдістемесі жөнінде арнаулы курстар мен практикалық сабақтар кең етек жаюда. Ондағы көздеген міндеттер қатарына студенттердің тәрбие беру саласындағы білімдерін кеңейту және біліктіліктерін тереңдетуді көздейді. Мұндай көзқараста осы бағыттағы педагогикалық талаптарды ескере отыра, оларды басқару өнерімен қаруландыру. Бұл, әрине әте күрделі өнер. Оны педагогикалық тәжерибеге ғана емес, сонымен қатар тәрбие беру теориясы мен әдістемесі жөніндегі терең де жан-жақты білімдер жүйесіне сүйене отырып меңгеруге болады.
К.Д.Ушинский «Адамға тәрбие беру әдістері» атты іргелі еңбегінде «Тәрбие беру өнері жұрттың бәріне дерлік таныс және түсінікті іс, ал кейбіреулерге тіптә оңай іс болып көрінетін ерекшелігі бар – бұл, адамның онымен теориялық немесе практикалық таныстығы неғұрлым азырақ болған сайын соұрлым түсініктірек және оңайырақ болып көрінеді. Жұрттың барлығы дерлік тәрбие беру төзімділікті талап ететінін мойындайды, кейбіреулер бұл үшін туа біткен қабілеттілік және іскерлік, яғни дағды керек деп ойлайды, бірақ төзімділік, туа біткен қабілеттілік пен дағдыдан басқа, арнаулы білім де қажет екеніне... көз жеткізеді»

1. Алмаханова. Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру /Методикалық нұсқау/. – А., 1990.
2. Амантурин Ш. Мұғалім және оқу-тәрбие жұмысы. –А., 1978.
3. Ахметова З. «Кәусар бұлақ» бағдарламасы. – А., 1994.
4. Жұмабаев Ә. «Қиын» оқушыларды мектеп жағдайында тәрбиелеу мәселелері. – А., 1974.
5. Көпбаев О. Жастар және праволық тәрбие. А, 1998
6. Омарғазинова Б. Өнер тәрбиелейді А,1988
7. Сапарғалиев Г. Оқушыларға праволық тәрбие беру туралы А,1988
8. Ахмет Қ Ахметова Ф. «Мың бала»оқушы жастар қозғалысы А, 1999
9. Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің үлы мұраты, А, 1995
10. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі; Оқу құралы Алматы 2004.
1. Алмаханова. Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру /Методикалық нұсқау/. – А., 1990.
2. Амантурин Ш. Мұғалім және оқу-тәрбие жұмысы. –А., 1978.
3. Ахметова З. «Кәусар бұлақ» бағдарламасы. – А., 1994.
4. Жұмабаев Ә. «Қиын» оқушыларды мектеп жағдайында тәрбиелеу мәселелері. – А., 1974.
5. Көпбаев О. Жастар және праволық тәрбие. А, 1998
6. Омарғазинова Б. Өнер тәрбиелейді А,1988
7. Сапарғалиев Г. Оқушыларға праволық тәрбие беру туралы А,1988
8. Ахмет Қ Ахметова Ф. «Мың бала»оқушы жастар қозғалысы А, 1999
9. Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің үлы мұраты, А, 1995
10. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі; Оқу құралы Алматы 2004.
Жоспар
Кіріспе
1. Енбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері
Еңбек тәрбиесі
2. Еңбек тәрбиесін ұйымдастыру жүйесі
1. Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні, мазмұны мен міндеттері
2. Мектеп жасындағы жастардың құқық нормаларын бұзу факторлары
3. Мектепте жүргізілетін құқықтық тәрбие жұмысының жүйесі
4. Құқық тәрбиесінің адамгершілік және халықтық тәрбиемен байланысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Педагогика көп салалы ғылым. Оның тарихы, әдістемесі бар. Соған
сай оның теориясы қалыптасқан. Теория ұғымы грек тілінде зерттеймін
(исследую) деген түсінікті білдіреді. Ол педагогика саласында тәрбие және
оқытудың мәні, мақсаты, принциптері, мазмұны жайындағы көзқарастардың
жүйесін білдіреді. Бұл жүйе педагогикалық теорияның құрылымын анықтайды.
Теория педагогтарды әртүрлі жастағы адамдарды тәрбиелеу және
білім беру процестерінің ерекшіліктері жайында кәсіби білімдермен
қаруландырады, әр түрлі жағдайдағы оқу-тәрбие процестерін жобалауға және
оны жүзеге асыруға, оның нәтижесін бағалауға көмектеседі. Соған сәйкес
оқыту, білім беру және тәрбиелеудің жаңа технологиясы педагогикалық зерттеу
жұмыстарында, зертханаларында пайда болады.
Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде
білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында
белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз
тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен
бірге педагогикалық әрекетте
- мәдени құбылыс;
- педагогикалық ықпал ету;
- балалардың әрекетін ұйымдастыру;
- қарым-қатынас құралы ретінде жан-жақты қарастырылады.
Тәрбие теориясы-тәрбиенің негізгі заңдылықтары, принциптері,
ұғымдары туралы білімдердің жүйесін құрайды. Методика яғни, әдістеме соған
негізделіп оқытылады. Методика-ол белгілі бір мақсатқа жетудің немесе
жету үшін қолданылатын түрлі амал-тәсілдердің жиынтығы. Педагогика
ғылымында методиканың немесе әдістеменің екі түрі бар. Олар оқыту
методикасы және тәрбие методикасы болып бөлінеді.
Тәрбие методикасы немесе әдістемесі-тәрбие процесін оның мақсат-
міндеттеріне сай ұйымдастырудың көптеген амал-тәсілдерінің жиынтығы болып
есептелінеді. Ондағы мақсат тәрбие процесін ұйымдастырудың көптеген амал-
тәсілдері және түрпішіндерін анықтап, белгілеу. Соған сәйкес тәрбиешілерге
оны меңгеруде нақтылы көмек көрсету.
Педагогика ғылымының жетілуі барысында тәрбие беру әдістемесі де
өзіндік бет-бейнесі, бағыт-бағдары бар ғылыми пән ретінде қалыптасып және
дамып келеді. Соған сәйкес соңғы жылдары педагогикалық жоғары және арнаулы
кәсіби педагогикалық оқу орындарында тәрбие беру теориясы мен әдістемесі
жөнінде арнаулы курстар мен практикалық сабақтар кең етек жаюда. Ондағы
көздеген міндеттер қатарына студенттердің тәрбие беру саласындағы
білімдерін кеңейту және біліктіліктерін тереңдетуді көздейді. Мұндай
көзқараста осы бағыттағы педагогикалық талаптарды ескере отыра, оларды
басқару өнерімен қаруландыру. Бұл, әрине әте күрделі өнер. Оны
педагогикалық тәжерибеге ғана емес, сонымен қатар тәрбие беру теориясы мен
әдістемесі жөніндегі терең де жан-жақты білімдер жүйесіне сүйене отырып
меңгеруге болады.
К.Д.Ушинский Адамға тәрбие беру әдістері атты іргелі еңбегінде
Тәрбие беру өнері жұрттың бәріне дерлік таныс және түсінікті іс, ал
кейбіреулерге тіптә оңай іс болып көрінетін ерекшелігі бар – бұл, адамның
онымен теориялық немесе практикалық таныстығы неғұрлым азырақ болған сайын
соұрлым түсініктірек және оңайырақ болып көрінеді. Жұрттың барлығы дерлік
тәрбие беру төзімділікті талап ететінін мойындайды, кейбіреулер бұл үшін
туа біткен қабілеттілік және іскерлік, яғни дағды керек деп ойлайды, бірақ
төзімділік, туа біткен қабілеттілік пен дағдыдан басқа, арнаулы білім де
қажет екеніне... көз жеткізеді

Қоғамдық құрылыста еңбек тәрбиесі – тәрбие жүйесінің негізгі бір
саласы болып табылады. Адамды адам еткен, еңбек - демекші, еңбек
процесінде адам табиғатты өзгерте отыра, өзі де өзгереді деген қағидаға
сүйенсек , еңбек әрекетінің нәтижесінде адамның дене және интеллектуалдық
күші мен қабілеттері қалыптасып, дамып және одан әрі жетіліп отырады. Бұл
әрине адамның тұлғалық дамуының табиғи заңдылығы. Ол сонымен бірге
оқушылардың адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің үйлесімді
дамуына жағдай туғызады. Тұлғаның дамуына оқу мен еңбектің байланысын
орнықтыру, оның барлық қабілетін жандандырады, адамгершілік-ізгілік
қасиеттері мен дене күштерін қалыптастырады. Сондықтан да мектептегі еңбек
тәрбиесінің мақсаты оқушыларды еңбекке оқыту арқылы оған адал ниеттік
қатынас орнату, еңбекті сүю, еңбек адамдарын құрметтеу, еңбектің қарапайым
әдістері мен құралдарын пайдалана білуге үйрету, материалдық құндылықтарды
көздің қарашығындай сақтауға дағдыландыру.
Ол үшін, оның міндеттерініе:
1. Біздің елде әрбір еңбек етуге жарамды адамның еңбек етуге
міндеттілігін оның сенімі мен санасына орнықтыру.
2. Еңбек етуге деген қажеттілік пен талпынысқа тәрбиелеу.
3. Еңбек етуге қатысты білім, білік, дағды сапаларымен қаруландыру,
тиімді еңбек ете білуге дағдыландыру.
4. Оқушылардың кәсіби мамандыққа даярлығын қалыптастыру, ол үшін олардың
талап тілектері мен белгілі бір мамандыққа бейімділігін ескере
отырып, болашақ мамандықты таңдауларына жағдай жасап, көмектесу т.б
Еңбек тәрбиесінің мақсаты, міндеттері және мазмұны нақтылы
қоғамдық-тарихи жағдайға байланысты анықталып, жетіліп отырады.
Балаларды еңбекке тәрбиелеу мәселесі Н.К. Крупская мен М.И.
Калининнің теориялық еңбектерінде айрықша аталып, кеңес мектептеріндегі
еңбек тәрбиесінің орны мен даму жолдарына үлкен мән берілді.
А.С. Макаренко мен В.А. Сухомлинскийдің көпжылдық практикалық
жұмыстары оқушылардың еңбегін коммунистік тәрбиенің негізгі факторларына
айналдырды.
А.С. Макаренко балалар ұжымын құруда еңбекті қолданудың негізгі
жолдарын белгілеп, еңбек тәрбиесінің ғылыми жүйесін жасады. Ол өзінің
практикалық әрекетінде балаларды еңбектің барлық түріне қатыстырды және
ауыл шаруашылығы еңбегінің қарапайым түрінен сол дәуірдегі жаңа техникамен
жабдықталған өндірістік еңбекке араластырды. Оның бұл жетістігін жаңа
жағдайда В.А. Сухомлинский шығармашылықпен дамытып, жетілдірді.
Оған:
• Оқушылардың әртүрлі еңбек әрекетін тиімді ұйымдастыру және мектептегі
оқудың бірінші күнінен оларды халық игілігі үшін белсенді еңбек етуге
үйрету;
• Оқушыларда еңбексүйгіштік қасиеттерін дамытып және азаматтық тұрғыдан
жетілген етіп тәрбиелеу;
• Оқушыларды саналы түрде мамандық таңдауға және сынып, мектеп ұжымы
мен өз ауылына пайда келтіру барысында белсенді еңбек етуге дайындау
мәселелері.
Сондықтан да осы жүйеде оқушыларды қоғам пайдасына қажетті еңбек
етуге тұрақты сенімдерін қалыптастыру – еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағыттың
негізгі бір міндеті ретінде қарастырылады.
Осы бағытта ол еңбек тәрбиесінің және оқушылардың кәсіби бағытын
ұйымдастыруға сай тиімді формалары мен тәсілдерін іздеуге аянбай еңбек
етті.
Оқушыларды еңбек процесінде психологиялық тұрғыдан дайындаудың да
маңызы ерекше. Оның негізінде қоғамға пайда келтіру үшін оларда еңбек етуге
деген қызығушылығын қалыптастыру, еңбек ету қабілеттері мен қажеттілігін
дамыту, тұрақты еріктілік қасиеттерін тәрбиелеу. Мұнсыз адамның еңбек
әрекетін нәтижелі ұйымдастыру мүмкін емес.
Еңбекке психологиялық тұрғыдан даяр болуы белгілі бір тәрбиелік жүйе
құрып, мынадай міндеттерді шешеді:
1) еңбектің мақсат және міндеттерін жете түсінуі;
2) нәтижелі еңбек ету әрекетін қажетсінетін түрткі тудыру;
3) еңбек біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру.
Көптеген кеңес педагогтары мен психологтары П.Р. Атутов, И.Ф.
Вадовский, М.Н. Скаткин, С.М. Шабалов, С.Г. Шоповаленко, А.И. Шибанов еңбек
тәрбиесіне қатысты өздерінің зерттеулерін жүргізді. Олардың айтуынша адам
баласы тегіне тартып дайын күйіндегі бірде бір қабілеттер, бірде бір
адамгершілік және еріктілік қасиеттерге ие болмайды, осылардың бәрі іс-
әрекет барысында және басқа адамдармен қарым – қатынаста тәрбиеленеді,
дамиды, қалып тасады және жетіледі. Сондықтан адамның дамуында негізгі
фактор – еңбек әрекеті болатынына назар аударады, себебі Ф. Энгельстің
айтуынша қарым-қатынас қажеттілігі еңбектің арқасында пайда болған.
Мектептегі еңбекке оқыту мен тәрбиелеу мәселесінің қажеттілігі,
оларды ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, зерттеуге үлкен мән беруге ықпал
етеді. Бұл мәселе турасында Я.А. Коменский, Дж. Локк, И.Г. Песталоции, А.
Дистервек, К.Д. Ушинский және т.б еңбектерінде көптеген құнды идеялар
айтқан.
Еңбек тәрбиесінің әртүрлі аспектілері бойынша П.Р.Атутов, Н.И.
Болдырев, Н.К. Гончаров, К.А. Иванов, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Соған
сәйкес педагогика тұлғаның дамуы мен оның адамгаршілік қалыптасуында еңбең
тәрбиесінің қызметі ежей-тегжейй қарастырылған. Жекелеп қарастыратын болсақ
негізінен, олар мыналар:
1. Еңбек – практикалық өндірістік әрекет ретінде адамның дене
құрылысының дамуына жағымды әсер етеді. Физиологиялық зерттеу
жұмыстарының нәтижесі көрсеткедей, дене жұмысының қозғалыс және
бұлшық ет жаттығуларымен тікелей байланысты, таза ауада болу, бәрі
де адамның денсаулығы мен күш қайратын шынықтырады, оның өмірлік
жігерін, қайратын шыңдайды, иақл-ой қабілетін жандандырады.
Кезінде Л.Н. Толстой былай деген; Қозғалыссыз және дене
еңбегінсіз ақыл-оймен бас көтермей жұмыс істеу, барып тұрған
қасірет. Бір күн ішінде мен аяғыммен жүрмей, қолыммен жұмыс
істемейінше, кешкілік еш нәрсеге жарамай қаламын: оқи алмай, жаза
алмай, тіпті басқаларды ықыласпен тыңдай алмаймын, басым айналып,
көзімде белгісіз жұлдыздар пайда болады (көзім қарауытады), және
түн ұйқысыз өтеді. Осындай ойды К.Д. Ушинскийде айтқан.
2. Еңбек – адамның ақыл-ой қабілетін, оның зеректігін, шығармашылық
тапқырлығын дамытады. Қазіргі өндірістегі жұмыс даму баласынан
терең білімді және кең көлемде техникалық дайындықты, жаңа
технологияны тез меңгеру біліктілігін, еңбек тәсілдерін жетілдіру
және өнертапқыштық қабілеттің болуын талап етеді.
3. Еңбектің – тұлғаның адамгершілік тәрбиесіндегі маңызы ерекше.
Көптеген педагогтар еңбек әрекетін оқушылардың азаматтық санасының
дамуымен , патриоттық сезімдерімен және өздерінің қоғам алдындағы
борыштарын түсінумен байланыстырды. Әрбір тәрбиеленуші еңбек
ұжымының мүшесі болуға дайындалды.Азамат ретінде оның маңызы мен
құндылығы, оның еңбек ете білу біліктілігі, адамдарға әкелетін
пайдасына байланысты болады. Бұған қосымша, адамның еңбек
процесіне даярлығы және жалпы қоғамдық істерге өзінің қосқан
үлесіне байланысты оның материалдық жағдайы жақсарады. Соған
сәйкес К.Д. Ушинский: Нағыз тәрбие, егерде ол адамға бақыт
тілейтін болса, оны бақытқа тәрбиелеу емес, өмір еңбегіне даярлау
қажеттігіне баса назар аударады.
4. Еңбектің маңызды қызметі оқушыларда жолдастық қарым-қатынасты,
ұжымшылдықты және өзара талап етушілік қасиеттерін қалыптастыру
болып табылады. А.С. Макаренко: Тек коллективтік еңбекке қатысу
адамға басқа адамдармен дұрыс адамгершілік қарым- қатынас жасауға
– барлық еңбекшілерге туыстық махаббат пен достыққа, жалқауларға,
еңбектен қашатын адамдарға ашулануға және кінәлауға мүмкіндік
береді, - деп атап көрсетеді.
5. Еңбек тәрбие факторы ретінде тұлғаның өмірлік бағытын анықтауға
және манмандығын дұрыс таңдауға әсер етеді. Оқудың тәрбиелік
маңызы көпқырлы болғанымен де, ол негізінен ақыл –ой әрекетімен
байланысты болып, тұлғаның көбінесе интелеттілік жұмысқа
қызығушылығын қалыптастырады. Соған қарамастан оқушылардың
көпшілігі мектепті бітіргенннен кейін өз өмірлерін материалдық
өндіріспен ұштастырады. Олардың кәсіби бағытын жүзеге асыру үшін,
бұл мақсатта қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырудың әр түрін кең
қолдану қажет, оларға өндіріс әрекетінің әртүрлі саласында
өздерінің күш-қайратын және қабілеттерін сынап көруге мүмкіндік
беру керек. Мұның бәрі оқушылардың ақыл-ой тәрбиесінде,
адамгершіліктерін қалыптастыруда және олардың жан жақты дамуында
еңбек тәрбиесінің үлкен қызмет атқаратынын көрсетеді. Осы орайда
К.Д. Ушинскийдің тәрбие адамның тек ақылын ғана дамытуды және
оған белгілі бір мөлшерде мағұлмат беруді міндетемейді, сонымен
бірге оның өмірінде лайықты, бақытты бола алатын онда дұрыстап
еңбек етуді аңсауды тәрбиелеу қажет, - деген ойы ерекше маңызға
ие.
Еңбек – адамның заттық және рухани қажеттілігін қанағаттандыруда,
дене және рухани күшін дамытуға бағытталған саналы, мақсатты, жасампаздық
және инттелектуалдық әрекеті.
Адамның еңбегі арқасында бүгінгідей заттық және рухани игіліктер
жасалынды; еңбек процесінде адам баласының өзі жетіледі, оның тұлғасы
қалыптасады. Сондықтан мектептегі еңбек тәрбиесі оқушылардың еңбекке
психологиялық және практикалық тұрғыдан дайын тұруы жағдайына байланысты.
Қазіргі кездегі қоғамдық және экономикалық даму жағдайы өндіруші тұлғаға
жоғары талап қояды: еңбекке қарым-қатынасын – негізгі қоғамдық міндетке
айналдыру; кез келген жұмыс түріне жауапкершілікпен қарауы – еңбекті және
оның нәтижесін қадірлеуі; үнемі белсендік таныту, еңбекте белсендік таныту
және оған шығармашылық қарым-қатынас жасауы; өзінің ақыл-ой және дене
күшінің толыққанды пәрменді жұмыс істеуіне ішкі қажеттілігінің болуы;
еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастыруға ынталы болуы; еңбекке қарым-қатынасы –
тұлғаның саналы және өмірлік негізгі қажеттілігіне айналуы.
Адам баласында еңбекке саналы көзқарасы оларда еңбектің қоғамға және
басына тигізер пайдасына, маңызына жете түсіну арқасында пайда болады.
Адам баласының еңбекке саналы көзқарас, сонымен бірге жұмысшы
абыройын жоғары ұстау, оған адалдығы мен мақтанышы, еңбектегі жеңісіне
әсерлі қуанышы, оның нәтижесіне рахат күй кешу секілді жоғары сезімдік
көңіл-күймен байланысты да болады.
Олай болса еңбек – қоғамның материалдық және рухани байлығының
негізгі көзі, адам баласының қасиетті борышы, тұлға дамуының ірге тасы.
Сондықтан, дұрыс ұйымдастырылған еңбек тәрбиесі, оқушылардың тікелей
қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбекке қатысуы, тұлғаның азаматтық,
моральдық және интеллектуалдық қалыптасуының, сонымен бірге дене бітімінің
дамуының нәтижелі факторы болады. Мектеп бітірушілер болашақта қандай
салада еңбек етпесін, олар үшін еңбекке қатысты біліктілігі мен
шыныққандығы бірінші кезекте қажет болады. Сондықтан да мектептегі еңбек
тәрбиесі жылдар бойы педагогиканың аса маңызды мәселелерінің бірі болып
табылады.
2. Еңбек тәрбиесін ұйымдастыру жүйесі
Еңбек әрекетінде оқушыларды тәрбиелеу нәтижесінің жемісті болуы,
негізінен оның педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.
Мектептегі еңбек тәрбиесінің негізгі жүйесіне еңбекке оқыту және
оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбек әрекеті жатады.
Оқушыларды еңбек процесіне қажетті жалпы, политехникалық және арнаулы
білімдермен, біліктілік пен дағды мәселелерімен қаруландыру еңбекке
оқытудың негізгі педагогикалық міндеттерінің бірі болып саналады.
Еңбекке оқыту арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процес ретінде
оқушыларды еңбек біліктілігі және дағдысын тәрбиелеуге, еңбек әрекетінің
практикалық тәсілдерін меңгеруге бағытталған.
Мұғалімнің еңбекке баулу сабағын өткізудегі көздейтін мақсаты – ең
алдымен оқушыларды еңбек ету мәдениетіне тәрбиелеу. Бұл үшін оқушылардың:
- еңбек материалдары мен құралдарын жұмыс үстелінде дұрыс
орналастырып, жұмыс бітісімен оларды өз орындарына қайта қою;
- жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы ережелері мен
тазалық-гигиеналық талаптарын орындау;
- өзінің жұмыс орнын тиімді пайдаланып, жұмысқа бөлінген
уақытын үнемдеп пайдалану дағдыларын қалыптастыруға аса назар
аудару. Сол арқылы оқушылар әрекетін әсем бұйымдар жасауға
бағыттай отырып, еңбек сүйгіштікке, инабаттылыққа,
ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландырады.
Кейбір еңбек пәнінің мұғалімдері көбінесе теориялық еңбекке онша
көңіл бөлмей, тек бұйым жасаумен, яғни оның техникалық орындалуымен
ғана қанағаттанады. Сөйтіп, политехникалық білім негіздерін меңгеруге
жағдай жасалмайды. Ол үшін, оқушылардың:
- еңбек материалының қасиетін біліп, өз жұмыстарына қолдана
алуы;
- еңбек құрал-саймандары мен бұрын алған теориялық білімді
ұштастыра отыра пайдалану.
Сол үшін де оқушылардың бұрынғы білетіндерін іс жүзіне тиімді қолдана
алуы политехникалық білім берудің басты нысанасы болуы тиіс. Сөйтіп, олар
техника тілін бірте-бірте меңгере отырып, түрлі бұйымдарды жасай білуге,
өзі жасаған жұмыстарды қорытып, талдай білуге үйренеді.
Мектеп жағдайында оқушылардың еңбек әрекетін ұйымдастыру көбінесе
олардың оқу жұмыстарымен байланысты. 1-сыныптан бастап оқушылар оқуға
қатысты әртүрлі көрнекіліктерді дайындаумен шұғылданады: кестелер,
суреттер, диаграммалар, қарапайым заттардың үлгілері, ал орта және жоғары
сыныптарда стенділерді жасайды.
Табиғаттану және ботаника сабақтарында олар мектеп жанындағы оқу-
тәждірибе учаскелерінде, жылыжайларда және бақшаларда жұмыс істейді,
гүлдерді өсіреді т.с.с.
Еңбек тәрбиесі мен оқуда бастауыш сыныптарында қол еңбегімен айналысу
және жоғары сыныптарда оқу-өндірістік практика маңызды рөл атқарады.
Еңбек тәрбиесінде сурет сабағының атқаратын қызметі де ерекше. Себебі,
еңбек сабағының өн бойы сурет. Мәселен, қыздармен атқарылатын жұмыстың
барлығы дәлдік, талғампаздықты қажет етеді. Құрақ құрау, түскиіз тігу,
ұлттық бұйымдарды сәнді етіп шығару, бояуларды үйлестіру, сәйкестендіру
тәсілдерін тура табу шеберлікті қажет етеді. Ою-өрнекті материалға түсіру
үшін оның суретін салу қажет. Сызусыз ою-өрнек болмайды. Бұл еңбек пен
суреттің өзара тығыз байланысын көрсетеді.
Сонымен бірге еңбек пен сурет басқа да пәндермен байланысты болып
келеді. Айталық, ою-өрнекті дәл сызу үшін математика мен геометрияны білу
керек. Қолөнер бұйымдарына қолданылатын түрлі-түсті бояу – химия пәні. Ал,
ши және талмен жұмыс, атакәсіп немесе халық педагогикасымен тығыз
байланыста болып келді.
Өнердің құпиясы көп. Қолөнері жайлы айтар болсақ, ою-өрнектің
әрқайсысы адамның ойын, қиялын білдіреді. Ертеде, әсіресе қыздар оюмен хат
жазған екен деседі. Қалай десек те, жат жұртқа кеткен қыз төркініне
кестелеп орамал жоралғысын беріп жібереді екен. Мұндай әдіс қыздың сүйген
жігітіне деген көңіл күйін білдіреді. Сондықтан, мектеп қабырғасында әрбір
жасөспірім өз тарихын бес саусақтай жетік білуі қажет. Бұдан біз еңбек
сабағының тарих пәнімен байланысын көреміз. Ал, тарихқа барар жол – Ана
тілі. Айналып келгенде, еңбек пен сурет сабағының байланысы – атакәсіпте
жатыр.
Ал, ұлдарға келсек, еңбек сабағының міндеттерін үй жиһаздарын, мысалы,
сандық, кебеже, адалбақан секілді тұрмыстық заттарын шығару барысында
атқаруға болады.
Оқушылардың еңбек әрекетіндегі қоғамдық пайдалы еңбектері үлкен
маңызға ие болып, өзінің мазмұны мен формасы жағынан жан-жақты болып
келеді. Сондықтан ол қоғамдық маңызына орай үш түрге жіктеледі:
1. Мектеп ұжымының пайдасына негізделген қоғамдық пайдалы еңбек. Бұған
өзіне-өзі қызмет ету жұмыстарын жатқызамыз. Мысалы, өздеріне қатысты
заттарды немесе мүлікті күтіп ұстау, оқу сыныптары мен бөлмелерін
тазалау, мектеп пен сыныптың жабдықтарын жөндеу, құрал-жабдықтары мен
көрнекі құралдарын жасау, мектеп алаңында жұмыс істеу: көгалдандыру,
сенбіліктерге қатысу т.б.
2. Республика көлемінде өткізілетін жастардың қоғамдық негізінде
ұйымдастырылған қозғалыстары. Оларға, мысалы темір сынықтарын,
3. (-қағаз қалдықтарын (макулатура) жинап, өткізу, мектепшілік және
қалалық сенбіліктерге қатысу, соғыс ардагерлеріне қамқорлық жасау (ти-
муровшылар қозғалысы)) т.б.
4. Өндірісте жұмыс істеу. Ауылшаруашылығына көмектесу.
Жоғарыда аталған қоғамдық пайдалы еңбек оқушыларды тәрбиелеуде өзінің
ерекшеліктері, басымдылығы мен қиыншылығы тұрғысынан әртүрлі болып
келеді. Бұл жұмыстың түрі негізінен орта және жоғары сынып оқушыларымен
атқарылады.
Оқушыларда осындай жұмыс түрлерін атқару барысында еңбекке қатысты
біліктілік пен дағдыжларды тәрбиеленді, сонымен бірге еңбек процестерін
меңгереді, оны ұйымдастыру және оған дайындық жұмыстарын атдқаруды
үйренеді. Мысалы, Азербайжан елінде Холдан орта мектебінің оқушылары
тәжірибе алдында жеміс көшеттерін және райхан гүлдарін отырғызып, оларды
күтіп-баптап, жемістерін сатады. Әрине, оқушылардың мұндай жұмыстармен
айналысуы көбінесе өздеріне және ұстаздарының белсенді көмектері мен
қамқорлықтарына, еңбектің тәрбиенің нағыз құралына айналдыру ниеттеріне
байланысы болады.
Олай болса, еңбек тәрбиесі дегеніміз оқушылардың еңбек әрекетін
ұйымдастыру және оның әр түрімен ынталандыру процесі, атқарып отырған
жұмыстарына оларда шынайы жағымды қарым-қатынастарын орнату, жоғары
нәтижеге жетуге деген белсенділіктері мен шығамашылықтарын ояту.
Әрине, еңбекке жағымды қарым-қатынасты орнату белгілі бір еңбек
процесіне қатысты білім, біліктілік пен дағдысыз мүмкін емес. Осы тұрғыда
еңбекке оқыту белгілі-бір еңбек әрекетіне қатысты практикалық тәсілдерді
меңгертуге, біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастырып, жетілдіруге
бағытталған арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс ретінде
қарастырылады.
Оқушылардың еңбекке психологиялық және практикалық даярлық дәрежесі
оның бөлінбейтін құрамдас бөлігі ретінде өзігің жалғасын және дамуын
кәсіби бағдар жұмысында табады. Сонымен бірге оқушылардың кәсіби бағдар
жұмысы еңбек тәрбиесінің тек жалғасы ретінде саналмайды, оны аяқтау
кезеңі де болады.
Педагогикалық категория ретінде кәсіби бағдар оқушыларды мамандықтың
және еңбектің әр түрімен таныстыру, қабілеттері мен бейімділіктеріне сай
оларға болашақ мамандықты таңдауға көмек көрсету процесі ретінде
қарастырылады. Солардың негізінде ол халық шаруашылығы мен мәдениетінің
негізгі салаларымен оқушыларды таныстырады, кәсіби бейімділігі мен
қызығушылығын қалыптастырады.
Мамандықты таңдау оқушыларды алдағы болатын қоғамдық пайдалы әрекетке
шешуші сынақ ретінде болады. Онда жасөспірімдердің әлеуметтік және рухани
тұрғыдан пісіп жетілуі көрініс береді. Жоғарыда аталған еңбекке қатысты
педагогикалық үш категорияны салыстарсақ, онда еңбек тәрбиесі, еңбекке
оқыту және кәсіби бағдарға қарағанда кең мағынаны білдіреді. Өйткені
соңғы екеуі оның құрамдас бөлігі болып есептелінеді. Дегенмен де олар
өздеріне қатысты арнайы қызметтерін орындай отырса, өзара байланыста
оқушылардың еңбекке адал ниеттері мен еңбек сүйгіш қасиеттерін
қалыптастыруды жүзеге асырады.
Еңбекті сүю – еңбек тәрбисінің, оқытудың және кәсіби бағдардың
нәтижесі болып, кез келген жұмысты атқара алатын және оған адал ниетімен
тырысатын, еңбек әрекетінде кездесетін қиындыққа мойымай, жеңе алатын
тұлғалық сапа ретінде анықталады.
Соған орай оқушылардың еңбек тәрбиесі өлшемінің нәтижесі ретінде
олардың өзіндік жоғары қызығушылығы және еңбек өндірісі, өнімнің тамаша
жоғары сапасы, еңбек процесінде белсенді және шығармашылық қарым-
қатынасы бола алады.
Еңбек тәрбиесі азаматтық және адамгершілік тәрбиесінің өзара нәтижелі
қарым-қатынасынаң негізі болып, оқуда, дене және спорт, көркемөнерпаздар
әрекетінде, тіпті Отанға адал қызмет етуде нәтижелі психологиялқ ірге
тасын құрайды.
Қазіргі кезде еңбек тәрбиесінде маңызды қарама-қайшылық туындап отыр.
Ондағы бірден бір себеп, оның мектеп жағдайында қызмет ету өрісінің
тарылуы.
Дегенменде елдегі экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың өзгеруі,
жеке меншіктің әртүрлі формасын енгізу, көптеген маңызды заңдарды
қабылдау оқушылардың еңбек тәрбиесінің мәні мен бағытын түбегейлі
өзгертеді, өмірге жаңа көзқараспен қарау және еңбектің формасын
түрлендіруді міндеттейді.
Бүгінде еңбек тәрбиесіндегі көзқараста жаңа технологияға басымдық
берілуде. Оған оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдануы негіз
болады. Соған сәйкес еңбекке оқытудың құрылымы да өзгереді. Ондағы
ерекшелік, өндірістің техникалық-экономикалық және әлеуметтік көрсеткішін
арттыруға тырысу.
Еңбек тәрбиесіндегі жаңа технология негізіне – білім беру
бағдарламалары, әдістері және формаларының түрлі нұсқада болу ұстанымы
жатады. Еңбекке оқыту бағдарламасы типтік сипатқа ие болып, онда тәрбие,
білім беру және оқыту нәтижесіне мемлекеттік минимум өлшемі
қарастырылған, соған сәйкес оқушылардың, мұғалімдердің және мектептің
әрекеттері бағаланады.
Мұғалім бағдарламаны жасау барысында еңбек мәдениетінің базалық
саласының бірлігін қатаң сақтай отыра, оқушылардың құрамын, жергілікті
жердің ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Базалық сала бағдарламаның орта
есеппен 20 – 80 пайызын құрайды, қалған бөлігі варианттық нұсқаға
бөлінеді. Соған орай еңбекке оқыту және білім беру формаларын мұғалім өзі
таңдайды.
Еңбек баланың сүйікті ісіне айналуы үшін, оның нәтижесін және қуанышын
бастан кешіруі тиіс. Сондықтан еңбекке оқыту барысында оқушыларды
шамасына және жасына шақ келетін практикалық істерге қатыстырып, еңбектің
нәтижесін көру мүмкіншілігін және өзінің абыройын жоғары ұстау сезімін
тудыруы негізінде құру орынды.
Құқықтық тәрбие

Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие.
Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен
орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп
жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының
маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы
адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының
сана-сезімімен, күнделікті мінез –құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл
талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын
дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен
мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс.
Бүгінде оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқындауда
А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинскийдің қандай да бір құқықтық тәрбие
болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып, жеке адамның
мұқтаждығына негізделсе, екіншіден, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz