Педагогика тарихындағы ой-пікірлердегі тәрбие мақсаты


МАЗМҰНЫ
Кіріспе3
І. Педагогика тарихындағы ой-пікірлердегі тәрбие мақсаты
1. 1 Педагогика тарихында оқушыларға әстетикалық тәрбие беру жайлы ой-пікірлер4-12
1. 2 Қазақ даласындағы педагогикалық ой-пікірдің сипаты13-16
ІI. Педагогика даму және тәрбие жайлы
2. 1 Жеке адамның дамуы және қалыптасуы17-23
2. 2 Педагогика баланың дамуы жайында 24-34
2. 3 Белсенділік, оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі35-41
Қорытынды 42-43
Пайдаланылған әдебиеттер 44
Кіріспе
Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін
әр түрлі пікірлер мен теориялар әдебиеттерде орын алып келеді.
Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болуышылықты немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді. Сондықтан олардың пікірлері бойынша біреулер бағындырушы, ал екінші біреулер бағынушы болып туатын сияқты.
Көптеген ғалымдар жеке адамның дамуында тұқым қуалаушылық факторын жетекші рол атқарады деп таниды. Америка психологы Эдуард Торндайк баланың дамуын геналарға байланысты, бала геналардың ерекше батереясы, ондағы «гена саймандары» өзгермейді, олар баланың дене қасиеттерін, ақыл - ой ерекшеліктерін және қабілетін белгілейді, деп өз ойын дәлелдейді. Ол адам санасы да өзінің шыққан тегіне байланысты деп тұжырымдайды.
Америка философы, педагогы Джон Дьюи өзінің даму теориясын баладан туа пайда болған инстинкт жене қабілеттерімен дәлелдейді. Дьюидің пікірі бойынша, адамда туысымен-ақ дайын талаптар мен қабілеттер және эмоциялар болады. Сондықтан Дьюи адам табиғатын төрбие арқылы өзгерту мүмкін емес дейді. Австрия дәрігері Зигмунд Фрей адам мінез-қүлқының қозғаушы күштері оның биологиялық тегіне байла-нысты деп түсіндіреді.
Прагматиктік педагогика апологеттері және осы уақыттағы түрлі философиялық ағымдар экзистенциализм, неотомизм т. б. жоғарыда айтылған көзқарастарды қуаттай келіп, адамды әлеуметтік жағдайдан бөліп жеке қарастырады. Экзистенциализм жеке адамның дамуын, оның өзін-өзі жетілдіруі, бүған әлеуметтік ортаның қатысы жоқ деп түсіндірсе, ал неотомизм даму процесін діни идеалистік түрғыдан, демек, қүдай жаратқан адам жанының дамуы діни тәрбиенің ықпалымен аяқталады деп сендіреді.
І. Педагогика тарихындағы ой-пікірлердегі тәрбие мақсаты
1. 1 Педагогика тарихында оқушыларға әстетикалық тәрбие беру
жайлы ой-пікірлер
Эстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде эстетикалыщ тәрбие деген ұғымдыы "көркемдік тәрбиелеу" деген ұғыммен пара - пар алып жүрміз.
Көркемдікке тәрбиелеу дегеніміз - өнер құралдарымен тәрбиелеу деген сөз. Ал әстетикалық тәрбие дегеніміз - Илыинаның айтуынша -өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі, әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу әстетикалық тәрбиемен пара - пар емес, оның өте маңызды, бірақ құрамдас бөлігі болып табылады.
Осы орайда белгілі педагог Р. Қоянбаев "Педагогика" атты еңбегінде: " Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады", - деп, өнер арқылы әстетикалық тәрбие беру жолдарын қарастырған.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттерінің бірі - эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезіну үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің обективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау кырағышығы, ықыластылық, қамқорлық баланың әстетикалық дамуының негізі болады.
Қазақ ағартушылары эстетикалық тәрбиеге арнайы тоқталмаса да, ерекше мән бергенін олардың зерттеу жұмыстары мен шығармаларынан аңғаруға болады.
Ш. Уалихановтың эстетикалық көзқарасы қоғамның саяси және философиялық көзқарастарымен тығыз байланысты болды. Өзінің зерттеу жұмыстарында ол қазақ халқы мен Орта Азия халықтарының тұрмыс - тіршілігіне, ұлттық әдет - ғұрпына, салт - дәстүріне аса көңіл біледі. Сөйтіп, өз халқының ауызекі әдебиеті, әсемдік танымы, көзқарасы арқылы әстетикалық талғамын ашуға ұмтылады.
Шоқан халықтың ежелгі архитектуралық құрылыстарын эстетикалық тұрғыда қабылдай білуге байланысты құнды пікірлер айтты. "қазақ моласы мен оның төңірегінен қазақтың бар мәнер талғамы, архитектурадағы өнері, оның ою мен бейнелеу салты байқалады" - деп халықтың мәдени деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді. Өз халқымен бірге Қырғызстан және Шығыс Түркістанның ежелгі архитектуралық құрылыстарына (Алашахан, Ботағай, Айша бибі т. б. ) тас мұсіндеріне ғылыми тұрғыда талдау жасайды. Сөйтіп қазақ халқының әстетикалық мақсатты көздеген өзіндік сәулетшілік шығармалары болғанын баяндайды. Осы көне заманның көз болып келген мәдени мұраларды әсемдіктің үлгісі деп қабылдай білуге үйретеді.
Сол секілді, қазақтың біртуар ағартушысы Ы. Алтынсарин халықтың көркем шығарма туындыларын өте жоғары бағалап, өнердегі және өмірдегі барлық әдемі нәрселердің кұндылығын тұсінуге тек қана білім берудің арқасында жетуімізге болады деп есептейді. Ы. Алтынсарин өзінің педагогикалық еңбектерінде, тек білімділікке ғана емес, мәдениеттілікке де үндейді. Қазақ қыздарына арналған тұңғыш әйелдер қол өнері мектебінің ұйымдастырылуы да Ы. Алтынсариннің еңбегі т. б. Оның педагогикалық еңбектері эстетикалық көзқараспен тығыз байланысты. Ол: Мектеп қазақ халқының арасында жаңаша мәдениетті өмір сұрудің жаңа әдет - ғұрып, тәртіп, тазалық, қолөнер мен өнердің үлгісі болуы қажет" - деп, атап көрсетті.
Ы Алтынсарин өзінің барлық педагогикалық теориясында жас -жеткіншектердің эстетикалық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді ұстанды. Ол қазақтың қолөнерін де өте жоғары бағалаған және сол өнерге жастайынан баулу мақсатымен бірнеше қолөнер мектептерін ашты. Егер Яковлев атындағы қолөнер мектебінде ағаш ұсталығы және киім тігу (машинамен тігу) жұмыстары жақсы жолға қойылса, Красноуфимскідегі реалыное училищесі мен ауыл шаруашылық мектебінде тері илеу, қыш - құмыра өнерлері меңгерілді, ал Торғайдағы қазақ қыздары үшін ашылған мектепте, қарапайым халықтың тұрмысына керекті, киім тігу, киім пішу, шәлі току, түбіт шарқат тоқу, жіп шалу және қазақтардың қолында көп болатын жүн, қыл секілді материалдардан өрмек тоқу, киіз басу, бау және тақыр киімдер тоқу сияқты әйелдер істейтін жұмыстар үйретілді. Яғни, Ыбырай халықтың қолөнеріндегі әдемілікті, өзі ғана тұсініп, қызықтаумен шектелген жоқ.
Ыбырай сол кездің өзінде - ақ, сол өнерге балаларды да ынталандыруға атсалысты. Онсыз да ұмыт болып бара жатқан әдеттерді тезірек меңгеріп, құнды, пайдалы деген жағын әстетикалық талғаммен қабышдап, өмір қажетіне шығара білуге шақыруы қазіргі заман талабымен ұштасып жатыр.
Осы айтылғандар Ыбырайдыщ әдет - ғұрыш, салт - дәстүрді тәрбие саласының өзекті мәселесі деп қарағандығының дәлелі.
Балалар мен жеткіншектерге әстетикалық тәрбие беруде халық мұрасын тәрбиелік күшін ұлы Абай да жоғары бағалады. Эстетикалық төрбие саласында арнайы еңбек қалдырмағанымен, өлеңдері мен қара сөздерінен Абай да халық мұрасының тәрбиелік мәнін жақсы түсініп, оны жинауға атсалысты. " Ел ішінен қолөнер бұйымдарын жинастырып Семей музейіне тапсырады, маңайындағы ақынға - жыршыларға халық арасынан кең тараған жырларды қайта жырлауды, оларды хатқа түсіруді жүктейді".
Абай өзінің педагогикалық идеялары мен көркемдікке тәрбиелеу ой тұжырымдарыш өрбіте келіп, 27 - ші қара сөзінде былай деп атап айтады: Сократ пен Аристотелдің пікірлері: "әуелі көзді" көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтіп ләззат алар едік. Осы Абай қырық үшінші қара сөзінде ары қарай толықтырады. Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды халық ішінен, ұнамсызы - ұнамсыз қалыппен, әр нәрсе өз суретімен көзге түседі. Жан қуатымен адам хасия қылған өнерлері де күнде тексерсең күнде асады. Көп заманнан тексермесең, тауып алған өнерінің жоғалғандығы және өзінің ол мезгілдерден бір басқа адам боп кеткендігіңді білмей қаласың - деп, Абай мұнда адамның көркемдік шын арманшылығының негізінде эстетикалық сезімді жатқызады.
Абай өзінің шығармаларында эстетикалық түсініктерге, әсемдік, сұлулық, талғам және т. б. эстетикалық категорияларға арнайы талдау жасамағаны мен оның өлеңдерінде осы түсініктерді қамтитын мазмұнды шумақтар аз емес.
Балалардың эстетикаға әсерленуі туған табиғатты бейнелейтін көркем сипаттама мен көріністерді жақсы түсінуге негіз салады. Мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде мұғалімдердің алдыға қойылатын кұрделі міндетті, ол - окушылардың көрген - білген заттарының, көркем нәрселерінің сырын дұрыс аша отырып, сезімдерін оятумен бірге ойлау, қиялдау сияқты қасиетінің дамуына да жол ашу. Яғни адамнаң дүниені эстетикалық мақсатымен де тығыз байланысты. Осы орайда аса көрнекті совет педагогы А. С. Макаренко: "балаларымыз - еліміздің келешегі, баланы дұрыс тәрбиелеу біздің қуанышымыз, ал нашар тәрбиелеу - біздің көз жасымыз және ар алдындағы айыбымыз", - деген. Сондықтан да тәрбие жұмысы бүкіл педагогикалық ұжымның қызметі болып саналады. А. С. Макаренко өзінің тәрбиеленушілерінен кербездік, сәнқойлық, тазалықты ғана емес, әдемілікті, жүріс - тұрыс, сөйлеу әсемдігін талап ете білді. Сондықтан да олар өте ақ жарқын, сыпайы болып өсті.
Балалардың әдемілікке деген сезімін қай жерде болмасын мектепте, үйде, демалыста, т. б. дамытып, жетілдіріп отыру керек. Мектепті, сыныптарды, арнайы бөлмелерді эстетикалық тұрғыда безендіргенде міндетті түрде оларды қатыстырған жөн. Бұл тұрғыда А. С. Макаренко кімді де болмасын қызықтырмай қоймайды. Оның мекемелерінде болған адамдар гұлдердің көптігін, жалтыраған паркетті айналарды, асханадағы аппақ жапқыштарды, бөлменің мінсіз тазалығын таңдана әңгімелейді.
Педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп окушыларын тәрбиелеу және дамыту проблемаларымен шұғылданған В. А. Сухомлинский табиғаттың мектеп оқушыларын қалыптастыруда алатын ролін өз практикасында ерекше қолданған. Ол балаға «жүрек жылуы" атты кітабының " Табиғат кітабының үш жүз беті" деп аталатын бөлімінде балалардың эстетикалық сезімІн тәрбиелеуде табиғаттың мүмкіншіліктерінде өз тәжірибесінде ерекше орын берді. В. А. Сухамлинский сабақты балалармен көбінесе табиғат аясында өткізетін. Табиғатты әсемдікке тәрбиелеудің құралы ретінде
пайдаланып, қоршаған дүниенің қасиеті мен сұлулығын таныта білді. Ол туралы " Бапа сұлулықты сезініп, оған қуанатын болсын, оған бейнеленген образдар оның жүрегімен зердесінде мәңгі сақталып қалатын болсын. Әсемдік - адамгершіліктің, ізгі сезімдердің, шын жұректі қарым - қатынастың жаны мен тәні", - деп жазды.
Педагогика ғылымының практикасы мен теориясына баға жетпес үлес қосқан ғалым - ағартушы тәлімгер - ұстаз, балалардың эстетикалық өмірлеріне белсенді араласқан педагог Н. К. Крупская : "Көркемдікке тәрбиелеу ісінде көптеген аса күрделі проблемалар туады. Бала өнер арқылы өзінің көңіл сезімін тереңірек түсіне білуі қажет. Көркемдікке тәрбиелегенде баланың өлең, ырғақ, музыка, би арқылы өз пікірін жеткізуіне, оның табиғи түрде ілгері дамуына кедергі жасамау керек" - деп, эстетикалық тәрбиенің міндетін анықтайды. Ол 1931 жылы декабрде "Правдада" жариялаған мақаласын "Мектепте бейнелеу өнеріне көңіл бөлінсін" деп атады.
Мұнда "Өнер орасан зор ұйымдастырушылық ролы атқарады", - деп атап көрсетеді.
Баланың эстетикалық талғамын қалыптастыруда көркем өнердің ролі орасан зор. Көркем өнер дүниені образды түрде бейнелеудің және өзгертудің формасы ретінде өте күрделі, жан - жақты құбылыс. Онда мектеп окушыларына тікелей әсер ететін, бір - бірімен байланысты тәрбиенің идеологиялық, адамгершілік, эстетикалық жақтары бірлікте келеді. Әрбір адам өнердің игілікті күшін бала кезден бастап сезінді. Ол рухани жағынан жетілуімізге ықпал етеді, жеке басты және қоғамдық өмірде кездесетін мәселелердің шешімін табуға, тіпті кейде өмірден өз орнынды табуға көмектеседі.
Педагогикада эстетикалық тәрбиені өнер әдістері арқылы жүзеге асыратын болғандықтан, "Көркем тәрбие" деп аталады. Ол тікелей өнер шығармаларына көңіл аудара отырып, баланың әдемілікті түсініп қабылдауын талап етеді.
Эстетикалық тәрбие баланың жас кезеңдеріне байланысты әр түрлі дамиды. Оның өзі баланың белгілі нәрсеге әсерленуімен байланысты. Кіші мектеп жасында баланың алғаш мектепке баруы, одан алған әсері, оның көркемдік әрекеттерін дұрыс түсініп ұғынуына түрткі болады. Алайда бұл жаста баланың ықыластъілығы тұрақсыз болады, ұзақ мерзім өнер шығармаларымен танысу тіпті өнермен айналысу оны тез атаймыз. Әрине, мінез - құлықты дербес ғылым этика зерттейді, сонымен қатар оны эстетика да қарастырады.
Егер этиканың негізгі ұғымы - жақсылық болса, ал эстетиканыкі - сұлулық. Ізгілік, жақсылық жасау - қоғамға пайда-келтіру деген сөз. Егер еңбектен пайда мен сұлулықтың тұтастығын іздесек, онда өсіп келе жатқан жас ұрпақ әрекетінен, оның бет - бейнесінен жақсылық пен сұлулықтың, яғни этикалық және эстетикалық қасиеттердің сай келуін қалыптастыруға тырысамыз. Олардың мінез - құлқы неғұрлым қалтқысыз қалыптасса, ол эстетикалың ләззат әкеледі. М. Горыкий: "эстетика - бұл болашақтың этикасы" - деп бекер айтпаған. Жасөспірімдер үлкендермен, дос - жолдастарымен қарым - қатынаста сыпайы, әдепті, байышты болулары абзал. Осы қасиеттердің бәрі мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің негізгі көзі болып табылады.
Көп жағдайда оқушылар тәртібінің дұрыстығыша сыртқы, кейде үстірт белгілер арқышы баға беріледі. Тәртіп шеңберіндегі олардың мұраттары мұғалімнің, жақын адамдардың тәртібі мен іс - әрекеті, қоғамдық өмір мен өнер ықпалымен қалыштасады. Бұл тұрғыда әдебиеттің, олардың оқушылар есінде ұзақ сақталатын кейіпкерлерінің бейнелері үлкен орын алады.
Оқушылардың эстетикалық санасының және шындыққа қатынасының ерекшеліктерін білу оқушышар өмірін эстетикалық көзқарас тұрғысында дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.
Эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан лаззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді, өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыпгастырады.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі -эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбірулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шағады. ӘдемІлікті сезу үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқоршылық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.
Эстетикалық ұғымды пайымдауды, баға беруді қалыптастыру -эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім.
Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным - бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдімілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғару талап қою. Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ тебу жарысы өткізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға, яғни бірінші баға - көркемділігін келістіре орындағаны ұшін, екінші баға - мәнерлеп сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойылады. Әрине, орындаушыларға әділетті баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер алқасының эстетикалық танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.
Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үйлерін қабылдаумен, не тегінде творчество мен байланысты іс - әрекеті мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі - баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және анық заттарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет.
Өмірге енген эстетика (еңбек, табиғат эстетикасы) адамдар қатынасы, адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғау қажет.
Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелеп отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек. Балалар, әдебиетті окуға, кино - филмді, теледидарды, спектаклыды, көруге, музыканы тыңдауға өте ынтылы болады.
Әр түрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс - әрекеттің, оқиға жемісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.
Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі демалыс эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік әлементтерін енгізе алады.
Эстетикалыпс тәрбиенің маңызды міндеті - өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту.
Осыған орай мектепте жүрген оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу керек.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары - әдебиет пен өнер. Олар зор идеялық тәрбиелік ролі атқарады. Әдебиет пен өнер адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы енгізеді.
Белгелі орыс суретшілері П. А. Федатовтың, В. Г. Перовтыщ, И. Е. Репиннің, және қазақ суретшілері Ә. Қастеевтің, М. Кенбаевтың, Қ. Шаяхметовтыщ т. б. творчествосымен байланысты бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.
Сонымен, өнер мен әдебиет шышдықты игерудің және танудың құралы. Өнер мен әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады.
Әдемілікті сезуде, эстетикалық көзқарасты және танымды қалыптастыруда табиғат зор ролі атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, эстетикалық түсінігін дамытады, эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғатты бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы, сұлулықты жолаушы творчестволық қызметкер. Сондықтан өзінің күшін, қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсауы керек. Мысалы, қала мен селоны, тұрғын жерлерді көгалдандыру, бақ және гүлдер өсіру, мәдениет және демалыс орындарын әшекейлеу - бұл зор эстетикалық қамқорлық.
1. 2 Қазақ даласындағы педагогикалық ой-пікірдің сипаты
Қазақ даласындағы ағартушылық пікірлерді, педагогтық толғамдарды қазақ халқының салт - дәстүрінен, ән-күйі мен ауыз әдебиетінен көптеп кездестіреміз. Әрине, бұл пікірлер этнопедагогика саласына қатысты болғанымен, қазақ даласындағы педагогикалық ой-пікірдің сипатын түсініп алуға көмегін тигізері сөзсіз. Педагогика тарихына қатысты мәліметтерді, әсіресе ағартушылық, педагогтық ой-пікірлерді біз қазақ елінің ғалым тұлғалары Әл-Фарабидің философиялық еңбектерінен, Ш. Уәлихановтың көзқарасынан, Ы. Алтынсариннің педагогтық әрекетінен, Абайдың әдеби шығармаларынан саралап аламыз.
Әл-Фараби - ислам дүниесінің ең ірі, аты әлемге жайылған ғұлама философы қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген. Аристотелдің философиялық еңбектерін оқып, түсініктеме жазып, өз тарапынан құнды еңбектер келтірген ғалым «Екінші ұстаз» деген атқа ие болды. Әл-Фарабидің педагогикалық көзқарасын оның философиялық ой-толғамдарынан іріктеп аламыз. Әл-Фараби еңбектерінде «мінез, ізгілік, білім, оқу, таным, еңбек, білім беру» т. б. педагогикалық түсініктемелер кездеседі. Бұл түсініктемелер «Тәрбие теориясы» мен «Оқыту теориясының» элементтері болып табылады, әрі педагогиканың философияның бір тарауы ретінде дамығанын анықтайтын дәлел.
Әл-Фараби өз заманының педагог - әдіскері болды. ІХ ғасырдың 40 жылдарында «Философтардың сұрақтарына жауап» еңбегінде оқыту, білім беру мәселелеріне тоқталады. «Оқыту», «білім беру», «оқу» түсініктері ғылыми және классикалық педагогикалық дидактиканың (оқыту теориясының) негізгі категориясы болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz