Түйсік түсінігі


Жоспар
а) Түйсік түсінігі
ә) Түйсіктер рефлекторлығы
б) Түйсік түлері
в) Түйсік қасиеті
Түйсік түсінігі
Қоршаған орта мен өз тәніміз жөніндегі біліктердің негізгі көзі - біздің түйсіктеріміз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөніндегі ақпараттардың миға жетіп, адамның төңіректегі дүние ортасы мен өз тәніне байланысты бағыт-бағдар түзуіне қажетті негізгі өзек, арнаны құрайды. Егер осы өзектер жабық болып, сезім мүшелері қажетті ақпараттарды жеткізіп тұрмағанда, ешқандай саналы өмір жөнінде әңгіме болмас еді. Деректерден белгілі болғандай, тұрақты ақпарат көзінен айырылған адам мүлгіген кейіпке түседі. Мұндай жағдайда адам кенеттен көру, есту, иіс сезу қабілетінен айырылып немесе сана сезімі қандай да сырқатқа байланысты шектелсе, көрініс береді. Бұл кейіпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына шырмалып, кейін төзіп болмас күйзеліске ұшырайды.
Көптеген байқаулардың көрсеткіштеріндей, ерте балалық шақта кереңдік пен зағиптіктен жеткілікті ақпарат ала алмаудан адамның адамның баланы немесе ерте жастан мұндай халге душар болған субъектіні арнайы оқытып, кемістіктердің орнын толтырудың жолдары мен әдістерін үйретпесе, олардың психикалық дамуы өрістей алмай, өз бетінше кемелденуі біржола жойылады.
Түйсіктердің рефлекторлығы
Түйсік - дүние хақындағы біздің барша білімдеріміздің бастау көзі. Сезім мүшелеріне әсер етуші объектив заттар мен құбылыстар тітіркендіргіштер деп аталады да, ал олардың әсерінен сезім мүшелерінде туындайтын құбылыс - тітіркену деп қабылданған. Тітіркенуден, өз кезегінде, жүйке тарамдарында пайда болады. түйсік және жүйке жүйесінің қандай да тітіркендіргішке жауапты реакция ретінде туындап, әрқандай психикалық құбылыс секілді рефлекторлық сипатқа ие.
Түйсіктің физиологиялық механизмі - арнайы жүйке тетігі талдағыш қызметі. Әр талдағыш үш бөліктен тұрады: 1) сыртқы энергияны жүйке процесіне қосушы дененің сыртқы бөліктерінде жайласқан рецепторлар; 2) қозуды орталық жүйке бөлігіне жеткізуші афференттік немесе сезімтал жүйкелер; 3) шеткі бөліктен жеткен жүйке импульстарын өңдеуші талдағыштың ми қабығындағы бөліктері. Анализаторлардың ми қабығы аймағында нақты рецептор жасушаларына сай арнайы мекендері болады. түйсік пайда болуы үшін барша талдағыштардың тұтастай, бірлікті қызметі қажет. сонымен бірге олар енжар қабылдаушы ғана емес, тітіркендіргіштердің әсеріне орай, икемді өзгеріске келе беретін мүше, мұндай өзгерістерге қажет талдағыштар өз құрылымында қозғаушы тетіктерге де ие. Мысалы, тері қабатына инемен әсер етілсе, ол жер діріл қағатыны байқалады, осындай тітіркендіргіштерден тамыр тартылуы, тері жиырылуы, аудару, мойын бұру, қол қағыстары және т. б. бәрі де түйсік реакцияларына байланысты туындайтыны белгілі.
Сонымен түйсіктер тіпті де енжар процесс емес, олардың белсенділігі ерекше. Бұл процесстердің бәрінің де белсенділік сипаты түйсіктердің өзінше жауап әрекетке келу қасиетінен туындап отыр.
Түйсік түрлері
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру түйсігі, дәм түйсігі, иіс түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық, вибрациялық және органикалық болып бірнеше түрге бөлінеді. Ежелден-ақ адам өзінің сыртқы бес сезім мүшесіне орай көрі, есту, сипау, иіс және дәм түйсіктерін ажыратқан. Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецепторда бейнелейтін 20-дан астам түрлі талдағыштар бары белгілі. А. Р. Лурияның пайымдауынша, түйсіктер негізгі екі принцип бойынша жіктеледі: а) жүйелі-генетикалық; б) құрылым күрделілігі мен деңгейіне байланысты.
Түйсіктердің ең маңызды түрлерін үш топқа жіктеу қабылданған: интероцептік, проприоцептік, экстероцептік.
Интероцептік түйсіктер дененің ішкі процестеріне байланысты, яғни, ішек, қарын, жүрек, қан тамырлары мен басқа да ішкі құрылым қатпарларындағы тітіркенулерді миға жеткізіп отырады. Түйсіктердің бұл тобы тірі ағзаларда пайда болу жағынан ең ежелгілердің әрі өте қарапайым түрі. Интроцептік түйсіктердің пайда болуы мен олардың жүйесін түсіндіріп білу өте қиын.
Проприоцептік түйсіктер дененің кеңістіктегі қалпы жөніндегі ақпараттармен қамтамасыз етіп, адам қозғалысының сезімдік негізін құрап, оларды реттеп отырады. Бұл түйсіктер тобының шеткі рецепторлары бұлшық еттер мен буындарда ерекше жүйке тәндері формасында берілген. Осы жүйкелік тәндерде пайда болатық қозулар бұлшық еттер созылғанда, буындар қалпы өзгергенде туындайтын түйсіктерді бейнелейді.
Экстероцептік түйсіктер ең үлкен түйсіктер тобын құрайды. Бұл түйсіктердің қызметі сыртқы дүние ақпаратын адам сезіміне жеткізу және қоршаған ортамен үздіксіз байланысты орнату. Барша экстероцептік түйсіктер тобы шартты түрде аралық және түйісу түйсіктері деп аталған екі бөлікке жіктеледі.
Түйісу түйсіктері әсерлердің дене бетіне немесе сезу мүшелеріне тікелей жанасуынан іске қосылады. Мұндай түйсіктердің мысалы ретінде тері сезуі мен дәм сезуін келтіруге болады.
Аралық түйсіктері тітіркендіргіштердің сезімтал мүшелерге біршама қашықтықтан әсер етуінен туындайды. Бұл топқа жататындар: иіс сезу, есіту және көру түйсіктері.
Генетикалық жіктеуге байланысты түйсіктерді екі топқа бөлу көзделген: 1) протопатикалық - өте қарапайым, шарпулы, толық жіктеліп, мекенделмеген органикалық сезімдер; 2) эпикритикалық - жоғарғы дәрежеде жіктеуге келетін, себеп-салдарлы және рационалды, адамның негізгі сезім мүшелерінде пайда болатын түйсіктер.
Түйсік қасиеттері
Түйсіктердің әрқандай түрі өздерінің жеке ерекшеліктерімен ғана ажыратылып қоймастан, өзара ортақ қасиеттерге ие. Мұндай қасиеттер: түйсік сапасы, түйсік қарқыны, түйсік ұзақтығы және түйсіктің кеңістік мекендігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz