Саяси жүйе туралы түсінік.



Жоспар:

1.Саясат пен адамгершілік.
2.Адам саясаттың субъектісі мен объектісі.
3.Саяси жүйедегі адамның құқығы мен бостандығы.
4.Жеке адамның құқықтарының жіктелуі.
5.Саяси жүйе туралы түсінік.
6.Қоғамдық саяси жүйенің құрылымы.
7.Қоғамдық саяси жүйенің қызметтері.
8.Қоғамның саяси ұйымдары.
9.Қоғамның саяси жүйесінің жіктелуі.
10.Қазақстандағы саяси жүйе.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз еді. Сондықтан тобырымен жүрді. Бірігіп аң аулады, тек тайпа-тайпа болып жүрудің арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін, күн көрісін қамтамасыз ете алды. Тапқан табыстары бәріне ортақ болды, артық өнім болған жоқ. Мұндай жағдайда еңбек құралдары, еңбек өнімдері ұжымға ғана тиісті еді. Мұндай ру-тайпаларды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар ұжым мәселелерін ортаға салып, реттеп, шешіп отырды.
Адамдар бірте-бірте тек табиғаттың бергенін тұтынып қана қоймай, енді сонымен қатар өздерінің қолдарынан келетін істермен айналыса бастады. Олар қолға түскен аңдарды өздері асырай бастады. Осыдан барып мал шаруашылығы өріс алды. Енді өздеріне қажетінше мал өсірді. Дәннің жерге түсіп, қайта өнім беретінін байқаған адамдар, қажетті өнімді өздері өсіретін болды. Нәтижесінде егін шаруашылығы дамыды. Құнарлы жерде жұмыс істейтіндердің өнімі өздеріне де, өзгелерге де жетті. Құнарсыз жерлердегі адамдар құнарлы жерлер иелеріне жалдануға мәжбүр болды. Қолға түскен адамдарды құлға айналдырды
Артық өнім өмірге теңсіздік әкелді. Осылай құл иеленушілік құрылыс келді. Бұл қоғам құл иеленушілер мен құлдар, басқарушылар мен бағынушыларды тудырды. Үстем тапқа қоғамды бағындыру, таптар, жеке адамдар, тұлғалар мен қоғам, осы мемлекет пен басқа мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу үшін құрал, қоғамның мәселелерін шешетін әлеуметтік топ қажет болды. Бұл топ төменгі топқа бақылау жүргізді. Енді күштеу, зорлау арқылы орындаттыратын анық заң ережелері, нормалары қалыптасты. Олар экономикалық қызметті ұйымдастырды, қоғамдық өнімді өндірді.
Билікті иеленушілер мен оған бағынушылардың рөлдері институционалдық қалыпқа түсті. Мемлекет, саяси партиялар, басқа да қоғамдық ұйымдар қалыптаса бастады. Олар белгілі бір таптың мүддесін қорғады. Осылардың барлығын бір сөзбен қоғамның саяси жүйесі деуге болады.
Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығы айтады.
Саяси жүйе теориясын XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон дүниеге әкелді. Оның ойынша саяси жүйе сыртқы ортамен “кіріс” , “шығыс” принциптері арқылы байланысады.
Кірістің екі түрі бар. Олар: талаптар мен қолдау.
Д. Истон, Г. Митчел, Г. Спиро, Г. Алмонд саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктерін көрсетті:
1. Топтар мен жеке адамдардың іс-әрекетін басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі;
2. Өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі;
3. Қорларды, иліліктерді, қызметті, үздік белгілерді бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі;
4. Әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі.
Қорыта келе саяси жүйе үстемдік етіп отырған қоғамды басқаратын аппарат болып саналады.
Әдебиеттер тізімі:

1. Д.Жамбылов Саясаттану. Алматы – 2003
2. «Жұлдыз», № 6, 2002
3. «Ақиқат» №5 2003
4. «Егеменді Қазақстан» 2001
5. Борисов П. «Политология», Алматы 1997
6. Назарбаев Н. Ә. «Ғасырлар тоғысында», Алматы, 1996

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Саяси жүйе
Жоспар:

1.Саясат пен адамгершілік.
2.Адам саясаттың субъектісі мен объектісі.
3.Саяси жүйедегі адамның құқығы мен бостандығы.
4.Жеке адамның құқықтарының жіктелуі.
5.Саяси жүйе туралы түсінік.
6.Қоғамдық саяси жүйенің құрылымы.
7.Қоғамдық саяси жүйенің қызметтері.
8.Қоғамның саяси ұйымдары.
9.Қоғамның саяси жүйесінің жіктелуі.
10.Қазақстандағы саяси жүйе.

Саяси жүйе туралы түсінік

Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз еді. Сондықтан тобырымен жүрді. Бірігіп аң аулады, тек тайпа-тайпа болып жүрудің арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін, күн көрісін қамтамасыз ете алды. Тапқан табыстары бәріне ортақ болды, артық өнім болған жоқ. Мұндай жағдайда еңбек құралдары, еңбек өнімдері ұжымға ғана тиісті еді. Мұндай ру-тайпаларды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар ұжым мәселелерін ортаға салып, реттеп, шешіп отырды.
Адамдар бірте-бірте тек табиғаттың бергенін тұтынып қана қоймай, енді сонымен қатар өздерінің қолдарынан келетін істермен айналыса бастады. Олар қолға түскен аңдарды өздері асырай бастады. Осыдан барып мал шаруашылығы өріс алды. Енді өздеріне қажетінше мал өсірді. Дәннің жерге түсіп, қайта өнім беретінін байқаған адамдар, қажетті өнімді өздері өсіретін болды. Нәтижесінде егін шаруашылығы дамыды. Құнарлы жерде жұмыс істейтіндердің өнімі өздеріне де, өзгелерге де жетті. Құнарсыз жерлердегі адамдар құнарлы жерлер иелеріне жалдануға мәжбүр болды. Қолға түскен адамдарды құлға айналдырды
Артық өнім өмірге теңсіздік әкелді. Осылай құл иеленушілік құрылыс келді. Бұл қоғам құл иеленушілер мен құлдар, басқарушылар мен бағынушыларды тудырды. Үстем тапқа қоғамды бағындыру, таптар, жеке адамдар, тұлғалар мен қоғам, осы мемлекет пен басқа мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу үшін құрал, қоғамның мәселелерін шешетін әлеуметтік топ қажет болды. Бұл топ төменгі топқа бақылау жүргізді. Енді күштеу, зорлау арқылы орындаттыратын анық заң ережелері, нормалары қалыптасты. Олар экономикалық қызметті ұйымдастырды, қоғамдық өнімді өндірді.
Билікті иеленушілер мен оған бағынушылардың рөлдері институционалдық қалыпқа түсті. Мемлекет, саяси партиялар, басқа да қоғамдық ұйымдар қалыптаса бастады. Олар белгілі бір таптың мүддесін қорғады. Осылардың барлығын бір сөзбен қоғамның саяси жүйесі деуге болады.
Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығы айтады.
Саяси жүйе теориясын XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон дүниеге әкелді. Оның ойынша саяси жүйе сыртқы ортамен "кіріс" , "шығыс" принциптері арқылы байланысады.
Кірістің екі түрі бар. Олар: талаптар мен қолдау.
Д. Истон, Г. Митчел, Г. Спиро, Г. Алмонд саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктерін көрсетті:
1. Топтар мен жеке адамдардың іс-әрекетін басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі;
2. Өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі;
3. Қорларды, иліліктерді, қызметті, үздік белгілерді бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі;
4. Әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі.
Қорыта келе саяси жүйе үстемдік етіп отырған қоғамды басқаратын аппарат болып саналады.

Саясат пен адамгершілік
Саясат пен адамгершілікке адамзат қауымы бұрыннан-ақ көңіл бөлген.Адамгершілік адамдардың іс-әрекеттерінің рақымшылдық, ізгілік ар-ұят, намыс, борыш, парызға сәйкес келуін қажет етеді, яғни адамдардың іс-әрекеті туралы заңдар мен ережелерді қамтиды
Қазіргі адамзат қоғамы өркениетті дәрежеге жетіп, демократиялану үрдісіне бет алғанда саясаттың ең алдымен адамгершілік бағдары болу керек.Ол адамға бағалы құндылық ретінде қарап, оның ар-намысын қадір тұтады, негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қалайды.
Әр адам өзінің тұрмыс жағдайын жақсартқысы келеді, қоғамда әділдік заңдылығының орнағанын, өз елінде және жер жүзінде бейбітшілік болғанын көксейді. Осы бағыттағы іс-қимыл адамгершілік принциптеріне жатады.Оған зорлық - зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетіне жәбір көрсетуге тыйым салу да кіреді.
Адамгершіліктің мемлекеттік және халықаралық мазмұны бар. Халықаралыққа:
Соғысты болдырмау;
Жалпы ядролық, химиялық, бактериологиялық қаруларды қолданбау және оларды жою;
Мемлекетаралық қатынастарды бейбіт жолмен әділ шешу;
Басқа елдердің ішкі ісіне араласпау;
Өзара тиімді қатынас жасау;
Ғаламдық мәселе, айналадағы ортаны қорғау, т.с.с.
Осы мәселелер дұрыс шешілмесе, адамзаттың тіршілігіне қауіп төнері сөзсіз. Сондықтан мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатындағы ұстанатын маңызды бағыттары Біріккен Ұлттар Ұйымы ( БҰҰ ), Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық кеңесінің ( ЕҚЫК ) және т.б. Халықаралық құжаттарда көрсетіліп, бекітілген. Егер көрсетілген міндеттер орындалмаса, БҰҰ, ЕҚЫК тарапынан оған қарсы халықаралық жазалау шаралар қолданылуы мүмкін.
Саясат пен адамгершілік арасында мынадай қатынастар бар:
Саясатты адамгершілікке толық бағындыру.
Саясат адамгершілік, тәрбиелік қызмет атқарудың құралы болуы керек.
2.Саясат пен адамгершіліктің арасын ажырату. Мұның негізін салушы Итальян ойшылы Николо Макиавелли. Ол адамгершілік принциптерімен санаспайтын күшті мемлекеттік билікті жақтады. Мемлекеттің пайдасы үшін, оны нығайту жолында ел басшысы күш пен айланы бірдей пайдалана білу керек деп санаған. Кейін бұл тұжырымға қарсы неміс ойшылы И.Кант адамгершілік заңын ойлап тапты.Ол заң бойынша кез келген адамға құрал ретінде емес, мақсат тұрғысынан қарау керек делінген.
Адамгершілікті саясаттандыру.
Бұл бағытты қолдаушылар саяси қылмыстарды ақтауға тырысады.
Саясат пен адамгершілік арасында да ортақ қасиеттер бар.
Саясат та адамгершілік те біздің күнделікті өмірімізбен тығыз байланысты, содан туындайды.
Олар адамдардың бірлескен өмірін, іс-қимылдарын ұйымдастырады.
Қоғамның өмірін реттеп, бақылайды.
Ортақ игілікті, әлеуметтік әдәлеттілікті қорғайды.
Саясат пен адамгершіліктің айырмашылықтары.
Қоғамда адамгершіліктің ережелері адамдардың жақсылық пен жамандық, ар-ұят, әділеттілік жөніндегі түсініктеріне негізделеді. Ал саяси және құқықтық ережелерді мемлекет белгілейді, бекітеді.
Адамгершілік саясатты бақылайды.Ал саясат оны бақылай алмайды.
Саясат топтық шиеленістерді шешуге бағытталады және ол жолда билікті пайдаланады. Адамгершілік жеке адамдар арасындағы қатынасты бейнелейді.
Саясат адамдардың экономикалык және басқа материялдық мүдделеріне байланысты болады.Ал адамгершілік жалпы адамзаттық құндылықты басшылыққа алып, жеке адамға пайда әкелмейді.
Саясат биліктің күштеу аппаратына сүйенеді, ал адамгершілік адамның ар-ұятына, қоғамдық пікірге негізделеді.
2. Адам - саясаттың субъектісі мен объектісі
Саясаттың субъектісіне әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер,саяси партиялар, қозғалыстар жатады.
Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз әрекетіне жауап беретін, еңбек етіп қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады.
Субъект - деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады.
Объект - деп, субъектінің танымдық және басқа іс-әрекетті неге бағытталса, соны айтады.
Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси жүйенің қызметтері
Саяси билік түсінігі
Саяси билік және саяси жүйе
Саяси жүйе және мемлекет. Құқықтың әлеуметтік нормалар
ҚР Парламентінің мемлекеттік билік жүйесіндегі орны
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәнінен дәрістер
Әлеуметтану пәнінен дәрістер жинағы
Саяси сана жайлы
Мемлекет пен құқықтың методологиясы
Саяси жүйелер
Пәндер