Жоңғар Шапқыншылығы



1 Жоңғар Шапқыншылығы
2 Қазақ хандығының Ойраттармен қақтығысы
3 Ойрат.қытай соғыстары
4 Үш жүздің бірігуі
5 Болат ханның үш жүздің басын косуы
6 Аңырақай шайқасы
7 Абылай хан
8 Жоңғар мемлекетінің әскери күш.қуатының нығаюы
9 Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің себептері
10 «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
11 Қазақтардың жеңілу себептері
12 Жоңғар агрессиясының салдарлары
13 Сыртқы сілтеме
14 Пайдаланылған әдебиеттер
Жоңғар Шапқыншылығы

Жоңғар Шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары (Ұлы Отан соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған (қ. Жоңғар хандығы). 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы ойрандады. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып, Түркістанды, Ташкентті басып алды. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Таһир (Тайыр) ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі Жатан бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. Ойраттар Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді. Бұлай жорамалдауға ағылшын көпесі әрі саяхатшысы Дженкинсонның келтірген мәліметтері негіз бола алады. Ол 1557 жылы Орта Азиядан Қытайға өтпекші болғанда, оған қазақтар мен ойраттардың Ташкент қаласы үшін жүргізген соғысы кедергі жасаған.
1.Қазақ энциклопедиясы, 4 том;
2.Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра,
2008.— 352 бет, суретті, карталы. ISBN 9965-34-816-2

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоңғар Шапқыншылығы
Жоңғар Шапқыншылығы
Мазмұны
1 Жоңғар Шапқыншылығы
2 Қазақ хандығының Ойраттармен қақтығысы
3 Ойрат-қытай соғыстары
4 Үш жүздің бірігуі
5 Болат ханның үш жүздің басын косуы
6 Аңырақай шайқасы
7 Абылай хан
8 Жоңғар мемлекетінің әскери күш-қуатының нығаюы
9 Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің себептері
10 Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама
11 Қазақтардың жеңілу себептері
12 Жоңғар агрессиясының салдарлары
13 Сыртқы сілтеме
14 Пайдаланылған әдебиеттер
Жоңғар Шапқыншылығы
Жоңғар Шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары (Ұлы Отан соғысы деп те аталады) - Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған (қ. Жоңғар хандығы). 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы ойрандады. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып, Түркістанды, Ташкентті басып алды. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Таһир (Тайыр) ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі Жатан бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. Ойраттар Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді. Бұлай жорамалдауға ағылшын көпесі әрі саяхатшысы Дженкинсонның келтірген мәліметтері негіз бола алады. Ол 1557 жылы Орта Азиядан Қытайға өтпекші болғанда, оған қазақтар мен ойраттардың Ташкент қаласы үшін жүргізген соғысы кедергі жасаған.
Қазақ хандығының Ойраттармен қақтығысы
16 ғасырдың орта шені мен оның 2-жартысында қазақ хандары ойрат билеушілеріне қарсы күресте едәуір басым түскен. Өйткені бұл кезде ойрат нояндары Моғолстанға қарсы күрес және ойрат қоғамының өз ішіндегі алаауыздық салдарынан біршама әлсіреген болатын. Орыс патшасы Иван IV-нің Ноғай ұлыстарына жіберген елшісі Данила Губин Мәскеуге қазақтардың күштілігі және олардың ойраттарды бағындырғаны жайында хабарлаған. 1594 жылдың басында Мәскеуде болған Тәуекел ханның елшісі Құлмұхаммед те осындай мәлімет келтіреді. Ол Тәуекелдің інісі Шах-Мұхамедтің қалмақтарға хан болғанын патша сарайында болған әңгімесінде баяндаған. Жоңғар хандығына біріккен төрт ойрат тайпасының шабуылдары, әсіресе, Батыр қонтайшының тұсында өрши түсті. Соның ішінде 1635, 1643 - 44, 1651 - 52 жылдары қазақ жеріне жасалған жорықтардың зардаптары ауыр болды. 1643 жылы Батыр қонтайшының туы астында 50000 жоңғар әскері Жәңгір хан бастаған қазақ жасағына қарсы ірі жорық ұйымдастырды. Қазақтарға қарсы бұл қанды жорыққа халха тайпасының билеушісі Алтын ханның баласы Омбо Эрдени әскері де ат салысты. Кейбір деректерге қарағанда бұл жорыққа Еділ қалмақтары да қатысқан. Жәңгір хан бастаған 600 ғана қазақ әскері (кейбір зерттеушілер, бұл мылтықпен қаруланған сарбаздар саны, ал қазақ әскерлері бұдан әлдеқайда көп болған деп есептейді) қорғаныс ұйымдастырып, жедел көмекке келген Жалаңтөс баһадүр сарбаздарымен тізе қосып, 10 мыңдық жау әскерінің шабуылын тежеген (қ. Орбұлақ шайқасы). 1681 - 84 жылдары қалмақ қонтайшысы Севан Рабдан Қазақстанның оңт. аудандарына басып кірді. Қазақ ханы Тәуке хан шайқаста жеңіліске ұшырап, оның баласын ойраттар тұтқынға алды. 1684 жылдары ойраттар қазақ жеріне тағы да жорық жасады. Сайран қаласын талан-таражға салды. Қазақтардың әлсіреген халін пайдаланған Аюке бастаған Еділ қалмақтары да қазақтар мен оларға одақтас болған түрікмен, қарақалпақтардың біріккен әскеріне шабуыл жасады.
Ойрат-қытай соғыстары
1690 - 97 жылдары ойрат-қытай соғыстары Жоңғар хандығы әскерлерінің бір бөлігінің оңтүстік майданға кетуіне мәжбүр етіп, олардың қазақ жеріне шабуылдарының қарқынын біршама бәсеңдетті. Осыны пайдаланып Тәуке хан 1698 жылы ойраттарға да, Еділ қалмақтарына да күйрете соққы берді.
Жоңғарлардың жаңа шабуылының басталуы 17 ғасырдың 80-жылдарында Тәуке жоңғарлардың қолында қалған баласын қайтаруды талап етті. Баласымен бірге еріп келген 500-ге жуық жоңғар жауынгерлері Тәуке ханның шешімімен өлтірілгеннен кейін қазақ-жоңғар қатынасы одан әрі шиеленісе түсті. 1708 жылы жоңғарлардың жаңа шабуылы басталды. Бұл шапқыншылық Қазақ хандығының оңтүстік аудандарына айтарлықтай нұқсан келтірді. 1710 - 11 жылдары Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оларға одақтас қарақалпақтарды Ташкентке қарай ығысуға мәжбүр етті.
Үш жүздің бірігуі
1710 жылы Үш жүздің басын қосқан Қарақұм жиынында жауға қарсы күш біріктіріп тойтарыс беру жөнінде шешім қабылданды. Бөгембай батыр біріккен жасақтың қолбасшысы болып бекітілді. 1711 - 12 жылдары 50 мың адамдық Қазақ хандығының әскері Жоңғар хандығына басып кірді. Бұл қыста болған жорықты ойраттар күтпеген болатын. 1713 жылы ойраттардың 3000 адамы бар әскер күшінің қарсы шабуылы жеңіліске ұшырады. 1715 - 23 жылдары ойраттардың негізгі әскери күші Цин империясы әскерлеріне қарсы соғысып жатыр еді. 1722 жылы Цин императоры Кансидің өлімінен соң Севан Рабдан енді басты күшті Қазақ хандығына бағыштады. Кенеттен жасалған шабуылды күтпеген қазақ қолы соғысқа дайын емес болатын. Әскер күшін біріктіріп үлгермеген қазақ хандары елдің орталық аудандарына шегінуге мәжбүр болды. 1723 жылы Севан Рабданның 100 000 адамдық жасағын бастаған оның балалары Қалдан Серен мен Шоно қазақ ауылдарына басып кіріп, ойран салды. Мұндай қанды жорықтар 1723 - 27 жылдары аралығында тағы да бірнеше рет қайталанды. Бұл тарихта "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" деген атпен қалған ел басына күн туған ауыр кезең еді. Тек 1726 жылы Қазақ хандығының хандары мен сұлтандары, билері мен батырлары Күлтөбеде бас қосып, ойраттарға қарсы күресті қайтадан ұйымдастыруға мүмкіндік алды. Қазақ халқының үш жүзінің әскери күшін топтастыруда Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер үлкен рөл атқарды. Бұланты - Білеуті өзендері аралығындағы жазықта болған жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қазақ жасақтары жау әскеріне күйрете соққы берді (қ. Бұланты - Білеуті шайқасы). 65 000 қазақ қолы шамамен 40 мыңдық ойрат әскерлерін талқандап, ірі жеңіске қол жеткізді. Қазақ жасақтары құрамында қырғыздар, қарақалпақтар да ерлікпен шайқасты. Сыр бойына жеткен ойраттар қарақалпақ ауылдарын да шапқыншылыққа ұшыратып, осының салдарынан қарақалпақтар төменгі және жоғарғы болып екіге бөлінді.
Болат ханның үш жүздің басын косуы
1726 жылы Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оған көршілес жатқан Орта Азия халықтарының шаруаларына ауыр зардаптарын тигізді. 1726 жылы Болат хан үш жүздің хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билері мен батырларының, сұлтандарының басын қосып, Ордабасыда өткен жиында Әбілқайыр хан бас қолбасшылыққа тағайындалып, жауға қарсы жаңа стратег. шабуыл ұйымдастыру келісілді (қ. Ордабасы). Әскери күшін біріктірген үш жүз жасақтары
Аңырақай шайқасы
Жоңғарлардың Қазақ хандығына шапқыншылығы оқиғалары
Күн-айы 1729 (1730)
Болған жері Аңырақай
Нәтижесі Аңырақай шайқасындағы жеңіс жоңғар соғысында бетбұрыс жасаған, қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті
Соғысушы жақтары
Қазақ хандығы Жөңғарлар
Қолбасшылары
Әбілқайыр хан,
Жолбарыс хан,
Қанжығалы, Бөгенбай,
Қаракерей Қабанбай, ?
Пәрменді күштері
? ?
Құрбандары мен қаза тапқандары
? ?
Төле би
Аңырақай шайқасы
1728 жылдан бастап жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресте түбірлі бетбұрыс жасаған Итішпес көлінің маңындағы ауыр шайқасқа даярлана бастады (қ. Аңырақай шайқасы). Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) -- біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі.
Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 ж. бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды.
Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тау ында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40 -- 45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.
Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр хан жүзеге асырды. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, қаракерей Қабанбай, Кіші жүзді тама Есет, шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы шапырашты Наурызбай да қатысқан.
Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.
Қазақтар бұл соғысты әрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастың соңында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолы Сәмеке хан соңынан солтүстікке бет алды. Бірақ Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті.
Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы, Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей.
Абылай хан
Хан
Орнауы 1771 -- 1781
Таққа көтерлуі 1771
Толық аты Уәлиұлы Әбілмансұр
Туғаны 1711
Қайтыс болғаны 1781 23 мамыр
Алдыңғысы Әбілмәмбет хан
Әулеті Орыс хан үйі
Атасы Көркем Уәли
Абылай хан
1738 - 41 жылдары қолбасшы Сары Манжаның 30 мыңдық әскерінің шабуылы - ойраттардың қазақ жеріне жасаған соңғы ірі шапқыншылықтарының бірі. 1745 жылы Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейінгі Жоңғариядағы билік үшін өзара тартыс олардың саяси жағдайын әлсіретіп жіберді. Осыны пайдаланған Абылай хан басқарған қазақ әскерлері жоңғарларға шешуші соққылар беріп, Жетісу мен Шығыс Қазақстанды қайтарып алды. 1755 - 58 жылы жоңғарлар Цин әскерлерінің шабуылынан кейін тас-талқан етіліп, дербес ел ретінде өмір сүруін тоқтатты. Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін 1757 - 58 жылы Қазақ хандығы өзінің жаңа көршісі Цин империясы әскерлерімен соғыс жағдайында болып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоңғар.Жоңғар шапқыншылығы
Жоңғар шапқыншылығы туралы
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі
Қазақ халқының ХVІІІғасырдағы саяси жағдайы
Жоңғар-қазақ соғыстары
Мамай батыр
ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР АРУЛАРЫ
Қазақ жеріне жоңғар шапқыншылығы. «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама»
ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСТАРЫ ҚАЗАҚ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарындағы қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресі
Пәндер