Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765): өмірі мен ғылыми-педагогикалық мұрасы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Михаил Васильевич Ломоносов

Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765) - орыстың ұлы ғалымы, жаратылыстанушы, ақын, философ, суретші, тарихшы, ағартушы.
Мазмұны
1 Жалпы мәліметтер
2 Ломоносовтың шығармашылық қызметі
3 Еңбектері мен зерттеулері
4 Пайдаланылған әдебиеттер

Жалпы мәліметтер

Тәрбиенің мақсаты Отанға және халыққа қызмет етуге дайындау, тәрбие негізі адамның ойы мен құлқын жетілдіретін ғылымда деп білген. Елдегі түрлі техникалық, ғылыми, мәдени бастамалардың бастаушысы, ғылым мен ағартудың ұйымдастырушысы болған. Мәскеудегі бірінші орыс университетінің негізін қалаған.

Ресейде алғашқы бөлігі материалистік дүниетану, дін мен ғылымды айыру негізіндегі педагогика теорияны жасаған. Білімнің, тіпті университеттің сословиясыз болуын жақтаған. Зияраттық білім идеясын және жас ұрпақтың ғылыми білім алуын қостаған. Орыс педагогикасында алғашқы болып классикалық, ғылыми-табиғи және шынайы білімдердің араласуына жақтаушы болған. Оның оқыту әдісінде политехникалық білім әлементтері көрінеді. Есте сақтау мен ой қабілетін дамытатын тиімді жүйе ретінде сыныптық сабақтық жүйенің жақтаушысы болып, емтихандар мен үй тапсырмаларына да жақтаушы болған. Оқыту процесінде тәжірибеге, тәжірибелер қоюға көп мән берген. Оқытудың көрнекілік, қол жететін оқу, оқушының белсенділігі мен өздік жұмыс істеуін дамыту сияқты қағидаларын жасаған. Ресей мемлекетінде орыс тілінде «жоғары ғылымның» тарауын мақсат еткен. Орыс тіліндегі алғашқы грамматика, шешендікке басшылық, тау ғылымының негізін калайтын т. б. оқулықтар жазған.

Негізгі педагогика жұмыстары:

«Шешендікке қысқаша кеңес»;
«Ресейлік грамматика»;
«Ежелгі Ресей тарихы»;
«Ресей халқын сақтау мен көбейту туралы»;
«Мәскеу гимназияларының регламенті жобасы» т. б.

Ломоносовтың зерттулері , шағармашылық қызметі

Ломоносовтың шығармашылық қызметі өзінің қызығушылық өрісінің кеңдігімен және табиғат сырларына терең енуімен ерекшеленеді. Оның зерт- теулері математика, физика, химия, Жер туралы ілім, астрономия салаларына жатады. Бұл зерттеулердің нәтижелері қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізін салды.

М. В. Ломоносов химиялық реакция кезіндегі массаның сақталу заңының (1756 ж. ) жалпы негіздік сипатына назар аударды;

(1741-1750 ж. ) өзінің корпускулалық (атом-молекулалық) ілімінің негізін жариялады, ол тек 100 жылдан кейін ғана дамыды;

(1744-1748 ж. ) жылудың кинетикалық теориясын ұсынды;

(1747-1752 ж. ) химиялық құбылыстарды ұғындыру үшін физиканың қажеттігін түсіндірді және химияның теориялық бөлімі үшін «физикалық химия», тәжірибелік бөлімі үшін «техникалық химия» атауларын ұсынды.
Еңбектері мен зерттеулері

Оның еңбектері табиғи философияны тәжірибелік жаратылыстанудан бөліп қарайтын ғылымның дамуына негіз болды. 1748 жылға дейін Михаил Васильевич Ломоносов көбінесе физикалық зерттеулермен айналысты, ал 1748-1757 жылдар аралығында оның еңбектері негізінен химияның теориялық және тәжірибелік мәселелерін шешуге бағытталды. Атомдық түсініктерді дамыта отырып, ол алғаш рет денелердің «корпускулалардан», ал олардың өз кезегінде элементтерден тұратындығы туралы пікірін айтты. Бұл тұжырым қазіргі заманғы молекулалар мен атомдар туралы түсініктерге сәйкес келеді.

Ол салыстырудың нақты әдістерін жасап шығарды, сандық талдаудың көлемдік әдістерін қолданды. Пісірілген түтіктерде металдарды күйдіру тәжірибесін жасау кезінде (1756 ж. ) олардың салмағы қыздырудан кейін өзгермейтінін көрсетті және Р. Бойльдің металдарға жылулық материя қосылуы туралы ойының қате екендігін көрсетті.

Денелердің сұйық, газ тәрізді және қатты күйлерін зерттеді. Ол газдың кеңею коэффициентін айтарлықтай дәл анықтады. Тұздардың әртүрлі температурадағы ерігіштіктерін, электр тогының тұздардың ерітінділеріне әсер ететіндігін зерттеді, таза еріткішпен салыстырғанда тұздарды еріту және ерітіндінің қату нүктесін төмендету кезінде температураның төмендеу деректерін анықтады.

Әртүрлі аспаптарды (вискозиметр, вакуумдық сүзу жабдығы, қаттылықты анықтайтын құрылғы, газды барометр, пирометр, жоғары және төменгі қысымда заттарды зерттеу қазандығы) ойлап тапты, термометрлерді жеткілікті дәлдікпен градуирледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Михаил Васильевич Ломоносовтың философиялық, педагогикалық және ғылыми мұрасы
Михаил Васильевич Ломоносов: орыс ғылымы мен жоғары білімнің негізін қалаушы
Д.И. Менделеев, М.В. Ломоносов, А.М. Бутлеров және С.В. Лебедевтің өмірбаяны мен ғылыми мұрасы
Жанұзақ Қасымбаевтың өмірі мен ғылыми-педагогикалық мұрасы
Василий Васильевич Докучаев: генетикалық топырақтанудың негізін қалаушы - өмірбаяны мен ғылыми мұрасы
Халел Досмұхамедұлының өмірі, шығармашылығы және ғылыми-педагогикалық мұрасы
Халел Досмұхамедұлының өмірі, ғылыми қызметі және педагогикалық мұрасы
Жанұзақ Қасымбаев: өмірі, ғылыми-педагогикалық қызметі және тарихи мұрасы
М.В. Ломоносов пен А.Н. Радищевтің XVIII ғасырдағы педагогикалық ой-пікірлері және Ресейдегі ағарту қызметі
А.Ф. Иоффе, П.Л. Капица, М.В. Ломоносов және П.Н. Лебедев - өмірбаяндары мен ғылыми еңбектері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz