Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша

байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010200 мамандығы - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . .
4
: І бөлім.
Кіріспе. . .: БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ЖАЗБАША БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
4: 8
: І. 1
Кіріспе. . .: Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесінің зерттелуі . . .
4: 8
: І. 2
Кіріспе. . .: Мәтін - жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің негізі . . .
4: 11
: І. 3
Кіріспе. . .: Жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің философиялық және психологиялық мәселелері . . .
4: 16
: І. 4
Кіріспе. . .: Жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің педагогикалық ұстанымдары мен тәрбиелік маңызы . . .
4: 21
: ІІ бөлім.
Кіріспе. . .: БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ЖАЗБАША БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ . . .
4: 25
: ІІ. 1
Кіріспе. . .: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің мазмұны мен көлемі . . .
4: 25
: ІІ. 2
Кіріспе. . .: Жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдіс-тәсілдері мен құралдары . . .
4: 32
: ІІ. 3
Кіріспе. . .: Мәтін арқылы жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуге арналған жаттығулар мен тапсырмалар кешені
4: 42
: ІІ. 4
Кіріспе. . .: Педагогикалық эксперимент мазмұны және оның нәтижелері . . .
4: 49
:
Кіріспе. . .: Қорытынды . . .
4: 53
:
Кіріспе. . .: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
4: 55
:
Кіріспе. . .: Қосымша . . .
4: 57

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың жаңалықтарға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Соның бірі - қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін ауызша және жазба түрде тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттігі» көрсетілді [1] .

Тұжырымдамада көрсетілгендей, бастауыш сынып оқушыларына тілдік құралдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын жүйелі түрде дұрыс айта және жаза алатындай етіп үйрету - бүгінгі заман талабы. Мұның себебі, біріншіден, тіл - адам мәдениетінің, интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші болса, екіншіден, өз ойын байланыстырып айту және жазу баланың басқа адамдармен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Басқалармен қарым-қатынастың тартымды, сәтті болуы адамның өзінің ойын қаншалықты еркін, тиянақты, жүйелі түрде жеткізуіне байланысты. Бастауыш сынып оқушылары жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрену арқылы тілдің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін тануға, көркемдік бейнелілігін ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне мүмкіндік алады.

Жазбаша байланыстырып сөйлеу әрекетінде оқушы сөйлемнің мәніне, мағынасына көңіл аудара отырып, ойлау әрекеті мен пайымдауы арқылы санасынан өткізеді де, өз ойын байланыстырып, жүйелі жазудың нәтижесінде жазбаша тілдік қатынасты жүзеге асырады.

Баланың мектепке келгенге дейінгі өзі игерген ауызша сөйлеуімен салыстырғанда, тілдік қатынастың күрделі түрі жазбаша сөйлеуге үйрету белгілі бір жасанды дағды негізінде қалыптасады. Сондықтан да бұл жұмыс мұғалім мен оқушы тарапынан көп көңіл бөлуді қажет етеді.

А. Байтұрсыновтың жазуға үйрету әдісі жайлы « . . . сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай қажет болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек . . . Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында өзгеріп, қалайша бір-бірімен қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек», - дей отырып, сөйлеудің жазба түрінің күрделі екеніне көңіл бөліп, жазуға үйретуге ерекше мән берілуі тиіс екендігін айтады [2, 263] .

Жазбаша байланыстырып сөйлеу тілдік таңбаның мағыналық тұтастығынан тұратын, тілдік қатынастың іске асуына негіз болатын қатысымдық тұлға мәтін құру арқылы жүргізіледі.

Соңғы кездері әдістемелік еңбектерде мәтін тек оқу және оқыту материалы ретінде ғана емес, сөйлеу кезінде ойды басқаға жеткізу құралы тұрғысынан қарастырылуда. Сөйлеушінің айтатын ойы мәтін құру арқылы жүзеге асырылатыны жөніндегі ой-пікірлер, зерттеулер Ф. Ш. Оразбаеваның, С. Р. Рахметованың, Ә. Е. Жұмабаеваның, Т. Әбдікәрімнің, Н. Ж. Құрманованың, А. С. Қыдыршаевтың, Б. Қалимұқашеваның, Б. Қабатайдың, Н. Сламбекованың, Н. Тойбазарованың т. с. с. көптеген ғылыми-әдістемелік еңбектерінде қарастырылған. Дегенмен бастауыш сынып жасындағы балалардың жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуге байланысты шешімін таппаған мәселелер де жоқ емес.

Бастауыш сынып оқушыларының жазба жұмыстарын тексеру барысында бірқатар олқылықтар бар екені байқалды. Мысалы:

1) оқушылардың көпшілігі өз ойын байланыстырып жүйелі жаза алмайтындығы;

2) бағдарлама, оқулық, оқу құралдарындағы оқушыны жазбаша байланыстырып сөйлеу әрекетін меңгертуге байланысты берілетін материалдар көлемінің теориялық жағынан да, тәжірибелік жағынан да жеткіліксіздігі;

3) оқушының мәтін құру кезінде тақырып пен мазмұнының байланысын ұғына алмайтындығы;

4) мәтіндегі негізгі ойды анықтай алмайтындығы;

5) сөз таңдау қабілетінің төмендігі, бір сөзді ретсіз қайталай беруі;

6) оқушының құрған мәтініндегі сөйлемдерінің бір-бірімен байланыспауы.

Мұның себебі, бастауыш сыныпта балаларға «мәтін» жайлы бірқатар мағлұмат берілгенімен, оқушыға оны саналы түрде ұғындыру мәселесіне көп көңіл бөлінбегендіктен деп ойлаймыз, екіншіден, бастауыш мектепте баланы белгілі бір дәрежеде жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету дәстүрлі таза жазу, көркем жазу, көшіріп жазуға үйрету деңгейінен асып кете алмай келеді. Осы сияқты олқылықтарды есепке ала отырып, зерттеудің өзекті мәселесі айқындалды: бастауыш сынып оқушыларын жазбаша сөйлеуге үйретуде мәтіннің мағыналық, құрылымдық ерекшеліктері туралы теориялық білім бере отырып, мәтін құру білігі мен дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру.

Зерттеу нысаны - бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту үрдісінде оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету үрдісі.

Зерттеу пәні - бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі.

Зерттеу мақсаты - бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту үрдісінде ғылыми-теориялық тұрғыда негізделген тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларды жазбаша сөйлеуге үйретудің әдістемелік жүйесін негіздеу және тәжірибеде қолдануға ұсыну.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- философиялық, лингвистикалық, психологиялық әдебиеттерді оқып, тақырып тұрғысынан талдау жасай отырып, жүйелеу арқылы оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің лингвистикалық негіздерін айқындау;

- бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәніне арналған оқыту бағдарламалары мен оқулықтарды талдау арқылы оқушыны жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрететін білім мазмұны мен білік, дағдыларын қалыптастырудағы әдіс-тәсілдердің психологиялық, педагогикалық талаптарға сай келуін анықтау;

- анықтау эксперименті бойынша бастауыш сынып оқушыларының жазбаша байланыстырып сөйлеу деңгейлерінің қазіргі жайын саралау;

- оқушыларды жазбаша сөйлеуге үйретуге арналған жаттығулар мен тапсырмалардың (2-4 сынып бойынша) қолайлы мазмұнын, көлемін, әдістері мен құралдарын ұсыну;

- ұсынылған әдістемелік жүйенің, жаттығулар мен тапсырмалардың ұтымдылығын оқыту эксперименті арқылы дәлелдеу.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері және теориялық негіздері. Зерттеуге қатысты философиялық таным теориясы, психологиялық, лингвистикалық, ғылыми әдістемелік ой-тұжырымдарда қалыптасқан тұжырымдамалар алынды: оқыту және таным психологиясы, үйрету теориясы, әрекет теориясы, мәтін теориясы және оны оқыту әдістемесі, оқыту технологиясының жетістіктері мен тиімді әдістері.

Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; әлеуметтік-педагогикалық әдіс (оқушылардың жазбаша байланыстырып сөйлесім дағдылары мен біліктерін бақылау әдістері, озат мұғалім тәжірибесін зерттеу) ; эксперимент әдісі (анықтау, оқыту, бақылау) ; оқушы әрекетін талдау (салыстыру, жіктеу) ; статистикалық әдіс (эксперимент нәтижесінің сандық-сапалық көрсеткіштерін талдау) .

Зерттеудің негізгі кезеңдері. Зерттеудің бірінші кезеңінде (қыркүйек -қараша, 2012 ж. ) философиялық, психологиялық, лингвистикалық, педагогикалық, әдістемелік зерттеулерге тақырып тұрғысынан талдау жасалынды. Анықтау эксперименті арқылы оқушының жазбаша байланыстырып сөйлеу деңгейі анықталды. Бастауыш сынып қазақ тілі бағдарламасы мен оқулығына талдау жасалды. Оқушылардың тілдік құралдарды қолдану біліктері арқылы мәтін құру дағдыларын қалыптастырудың ұтымды әдіс-тәсілдері іздестірілді. Оқушыларға мәтін бойынша теориялық білім беруге, мәтіннің құрылымдық ерекшелігін түсіндіруге қолайлы тапсырмалар, баланың танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыратын мәтіндер жинақталды.

Екінші кезеңде (желтоқсан, 2012 ж. - қаңтар, 2013 ж. ) анықтау экспериментінен алынған материалдарға сүйеніп, оқыту экспериментінің материалдары дайындалды. Қазақ тілін оқыту үрдісінде мәтін арқылы өз ойын байланыстырып жазуға үйрететін арнаулы оқу бағдарламасы жасалынды. Бағдарламада мәтін құру білігі мен дағдысын жетілдіруге арналған тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі ұсынылды. Осы бағдарламаның негізінде байқау сабақтары өткізіліп, мұғалімдер ұжымында талқыланып отырды.

Үшінші кезеңде (ақпан - сәуір, 2013 ж. ) ұсынылып отырған әдістемелік жүйенің нәтижелері эксперимент жүргізілген мектептерде талқыланды. Оқыту экспериментінде мәтін арқылы жүргізілетін тапсырмалар мен жаттығулар жүйесінің тиімділігі анықталды. Оқыту экспериментінің қорытындысы бойынша тиісті ғылыми-әдістемелік тұжырымдар жасалды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

- бастауыш сыныптарда оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістемесі ғылыми түрде негізделді;

- бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің лингвистикалық, философиялық, психологиялық негіздері толық баяндалды;

- оқушыларға мәтін құруды үйретуге қажетті теориялық білімі мен білігін және дағдысын жетілдіріп, бекіте түсетін арнаулы жаттығу түрлері, тапсырмалар кешені беріліп, оларды пайдалану жолдары көрсетілді;

- оқушының дара тұлғалық қабілеттері мен тілдік-қатысымдық дағдыларын қалыптастыру бағытында өз ойын жүйелі жазуға үйретудің әдістемелік жүйесі ұсынылды;

- бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің (2-4-сыныптар) бағдарламасы жасалып, қазақ тілі сабақтарында мәтін құру арқылы жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесінің тиімділігі эксперимент арқылы дәлелденіп, оқулықтарды осы саладан жетілдіре түсу жөнінде ұсыныстар дайындалды.

- жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы оқушының мәтін бойынша алатын теориялық ұғымын, біліктері мен дағдысын арнайы іріктелген білім мазмұны (бағдарлама), жаттығулар мен тапсырмалар кешені және осы мақсатта лайықталып ұсынылған оқу әдістемелік жүйе негізінде жүзеге асырылады;

- оқушының сөйлесім әрекетінің түрлері (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) бойынша олардың тілдік-қатысымдық біліктері мен дағдысын жетілдіріп, мәтін құру жолын меңгерту көзделеді;

- оқушының тілдік және қатысымдық дағдыларын, мәтін құру шеберлігін олардың өзіндік жұмысы арқылы және ұжымға біріккен оқушылардың өзара белсенді әрекеті арқылы ұйымдастыру жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі тануына мүмкіндік ашады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

І бөлім. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ЖАЗБАША БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

І. 1 Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесінің зерттелуі

Қазақтың тұңғыш педагог-ғалымы Ы. Алтынсарин қазақ балаларына тіл игертудің әдістемесінің негізін қалады. Ол: « . . . сондай бай, өткір ана тілін елемеуді қою керек. Қазақ сөздерінің, мысалдарының, жұмбақтары мен ертегілерінің өткірлігін, шеберлігін көрсете өрістетіп, меңгеру керек . . . » дейді [3] . Ғалым өз еңбектерінде бала бір тақырыпты оқып болғаннан кейін, өзіне таныс емес сөздерді есінде сақтауы үшін сөздік дәптер арнауы қажеттігін айтады. Себебі бұл ғалымның өз тәжірибесінде сыналған тәсіл. Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» атты еңбегін оқыр болсақ, айтылған ойға көз жетізуге болады [3] . Ғалым өз тәжірибесінде сөздік жұмысының ең қарапайым түрін қолданғанымен, оны оқытуда жиі қолданып отыруды өз мұғалімдеріне ескертіп отырған.

Бұл ойдың үндестігін біз қазақ тіл білімінің негізін қалаған А. Байтұрсынов еңбектерінен де кездестіреміз. «Тілдің міндеті - ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәрін жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама қадырынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын», - дейді ғалым [2, 141] . А. Байтұрсыновтың балаға сөз өнерін тіл заңдылықтары мен әдебиет заңдылықтарын қатар бірлікте үйрету керек деген пікірі өте құнды. Себебі, сөзбен (сөздікпен) жұмыс мәселесін тек қана грамматика заңдарын үйретіп қана емес, сөзді тіршілігінде көрсету барысында ғана шешуге болады.

А. Байтұрсынов әліппелерінде өзге оқыту мақсаттарымен бірге, оқушыларды сөздің мағыналарын аңғарып, дұрыс қолдана білуге баулу, тіл дамыту мақсатын көздейтін жаттығу үлгілерін көптеп кездестіруге болады. Ағартушы ғалымның үш кітаптан тұратын «Тіл құралы» оқулығында оқушылардың сөздік қорын байытуға, сөйлеу дағдысын дамытуға арналған жаттығулар мол. Қазақ балаларының (сондай-ақ ересектерінің де) ана тілінде сауатын ашуына арналған алғашқы әліппелерінде ғалым-ұстаз қазақ тілінің грамматикалық жүйесін мектепте ғылыми тұрғыдан оқытуды, оқушыларға ана тілдің шұрайлы байлығын танытуды, оларға сөз үйрету, сөз мағыналарының әртүрлі қырларын аңғартуды бір сәт те есінен шығармаған.

Ана тілді мектептерде оқыту әдістерін зерттеп, нақты әдістемелік еңбектер берген белгілі әдіскер - Шамғали Сарыбайұлы. Ғалымның бастауыш сыныптарда «Қазақ тілін» оқыту жұмысына, орта мектеп оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгерту әдістеріне арналған еңбектерінде балалардың тілін дамытуға қатысты айтылған құнды ойлар бар. Ш. Сарыбайұлының «Жаздырып үйрету әдістері», «Күнделікті керектер» деген еңбектерінің оқушылардың тілін дамытуға тікелей қатысы бар [4, 11] . Автор бұл еңбектерінде жалпы шығарма жазу жөнінде, жоспар жасау, мәтіндегі І жақта берілген сөйлемдерді ІІ жаққа айналдырып айту, жазу, сондай-ақ жазып үйрену, іс-қағаздарына үйрену, т. б. мәселелер жөнінде алғаш рет сөз қозғай тұрса да, көбіне сауаттылыққа үйренуге көңіл аударады. Мұның себебі сол кездегі араб әрпінен латын әрпіне көшумен байланысты болса керек. Автордың екінші еңбегін атау себебіміз - кітаптың бірінші бетінде: «Ауызша және жазуша тіл дамытудың баяндама, тезис, конспект, мақалалар жазудың техникасы жөніндегі құрал» делінген. Бірақ кітаптың мазмұнымен танысқанымызда, ол әрі үлкендерге арналған, әрі орысшадан аударма екен. Сондықтан бұл еңбектерді талдаудың қажеті жоқ деп есептеп, тек атап өтумен ғана шектелдік.

Бастауыш мектеп оқушыларының сауаттылығын арттырып, тілдерін дамыту жұмыстары әңгімеленген құнды еңбек - профессор Қ. Жұбановтың редакциясымен шыққан «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі» деген кітап. Мұнда ана тілдің мақсаты дұрыс көрсетіле келіп, «тіл ширату» жұмысына мына сияқты талап қойылады: «Бастауыш мектепті бітіріп шыққан бала . . . оқығанын, есіткенін қысқаша, түсінікті етіп жаза алатын болсын». Онан әрі тіл ширату жұмысының түрлері (сұрауға жауап беру, оқығанды айту, тақырып қою, суретті пайдалана сөйлеу, т. б. ) қысқаша түрде аталып өтеді.

Ендігі бір көңіл аударатын еңбек - С. Жиенбаевтың «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы» (ол кезде осылай алынған) кітабы. 31 беттік бұл шағын еңбекте оқығанды балалардың қабылдауы оқу әдісіне байланысты екенін, әсіресе, мәнерлеп оқудың маңызын дұрыс көрсеткен. Оқығанды талдау (әңгімелесу, мазмұндама, қортынды шығару) жұмыстарының түрлерін анықтай келіп, «Салалы сөз сөйлеуді үйрететін жұмыс - мазмұндау жұмысы» екенін айтады. Кітапта мазмұндама мен шығарма жаздырудың орны былайша белгіленген: « . . . тіл дамыту жұмысы, оның ішінде жазба сөзге жаттықтыру жұмысы мектепте зор орын алады. Жазба сөзге жетілу үшін істелетін жұмыстың ең маңыздысы - мазмұндама, шығарма жаздыру». Кітапта оқулықтардағы бар суреттерді пайдалану, шығарманы талдау үлгілері, сөздік жүргізу сияқтылар да әңгімеленеді. Сондықтан бұл кітапты тіл дамыту жұмысын зерттегенде, басшылыққа алынатын құралдың бірі деп есептейміз. Әрине, кітаптың әрі көлемі шағын, әрі әңгімелеп отырған объектісі кітап оқыту әдістемесі болғандықтан, тіл дамыту жұмысының оқуға байланысты түрлері ғана сөз етілген.

С. Жиенбаев - алғаш рет мектепте жүргізілетін тіл дамыту жұмысының ауызша, жазуша болып бөлінетін жігін ашып, оның әрқайсысына жататын жұмыс түрлерін, бұл жұмыстардағы ой жүйесі мен сөз қолданудың мәнін көрсеткен әдіскер.

Бастауыш мектепте тіл дамыту жұмысын жүргізуге едәуір үлес қосып, бұл жұмыстың қадір-қасиетін мұғалімдер жұртшылығына танытуға тырысқан әдіскер - Ғ. Бегалиев. Ол өзінің «Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері» атты көлемді еңбегінде тіл дамыту жұмысының түрлерін, оған қойылатын талаптарды, сөздік жұмысының маңызы мен оны жүргізу жолдарын әр қырынан белгіледі.

Автор алғашқы кезде 1-2-сыныптарда жазбаша шығарма, мазмұндама жұмыстарын жүргізуге болмайтынын айтып, яғни «Бастауыш мектептің жазу жұмыстарында оқушыларды ойдан шығарып жазуға және мазмұндамаға (оқып шыққанды, ауызекі айтқанды оқушылардың өз сөзімен жазуы) үйрету жоқ десе болғандай», - деген пікірде болып, «Бастауыш мектепте тіл дамыту» еңбегін 3-4-сыныптарға ғана арнаған.

Балалардың тілін жетілдіру жұмысын оқытудың бірінші күнінен бастап жүргізудің керектігін мойындап, 2-сыныпта жүргізілетін диктанттардың түрлері мен оқыған мақаладан түсінгенін жазуға, мақаланың мазмұнына еліктеп, шығарма жазуға үйрету жұмыстарын жүргізудің әдістерін көрсеткен келесі бір әдіскер - Әлішер Сәдуақасов.

Тіл дамытудың әдістемелік негіздерін анықтаған С. Р. Рахметова шығарма және мазмұндама жазу жұмыстарын байланыстырып жазуға үйрету әдістемесінің негізгі компоненті ретінде қарастырса, Ә. Е. Жұмабаева, Г. И. Уәйісова, М. Ә. Ермекбаев т. б. оқушылардың байланыстырып сөйлеуін сөз және сөз тіркесі, сөйлем құрастыру арқылы қалыптастыруды ұсынады. Ал Т. М. Әбдікәрімнің еңбегінде бастауыш сыныпта ауызша байланыстырып сөйлеуді дамытуда мәтіннің үлкен мүмкіншілігі бар екендігі ашылады [4] .

Байланыстырып сөйлеуге үйрету мәселелерін зерттеген (Т. А. Ладыженская, Г. С. Щеголева, В. И. Капинос, Н. Н. Сергеева, М. С. Соловейчик т. б. ) шетел әдіскерлері оқушының мәтін құру білігі мен дағдысын қалыптастыру арқылы жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуге болатындығын көрсеткен [5] .

Авторлық бағдарламамен оқытылатын (О. С. Арямова, С. А. Климова, Л. Д. Мали, И. С. Пескова «Речевое развитие младших школьников») әдістемелік еңбектерде де оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің құралы ретінде мәтінді алған [6] .

Шетелдік және отандық ғылыми-әдістемелік зерттеулердегі ой-пікірлерден жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету жеке сөздер немесе сөйлемдер құрастырудан ғана емес, тұтас мәтін құрастырудан тұратындығын аңғардық.

Соңғы жылдары бастауыш сыныптарда тіл дамыту жұмыстарына жерлес әдіскеріміз - Гүлнар Жәрдемқызы Тұрдалиева да көңіл аударып жүр. Әдіскердің 2007 жылы баспадан «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты еңбегі жарық көрді. Еңбекте сауат ашу және тіл дамыту мәселелері сөз болады [7] .

Бастауыш сыныпқа арналған «Қазақ тілі» жаңа буын оқулықтарында «мәтін» ерекшелігін танытатын жеке тарау берілген. Оның белгілері және құрылымдық ерекшелігі жайлы теориялық мағлұматтар да енгізілген. Дегенмен «Мәтін» тарауы бойынша енгізілген теориялық мәліметтер мен оған қатысты жаттығулар тек грамматикалық бағытта қамтылып, оқушының мәтін құрастыру арқылы өз ойын байланыстырып жазу қабілетін дамыту мәселесі назардан тыс қалған. Жазбаша байланыстырып сөйлеудегі ой бірізділігін сақтауға үйрететін, сөйлем жүйесінің дұрыс құрылуын танытатын жаттығулар мүлде жоқ деуге болады. Мысалы, 3-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығында бір ғана жаттығу бар (102-жаттығу. 31-бет. 2002 ж. ) . Демек, «Қазақ тілі» оқулығын өз ойын жүйелі жазуға үйрететін, баланың шығармашылығын дамытатын, мазмұны қызықты жаттығулармен толықтыру қажет екені байқалады.

І. 2 Мәтін - жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің негізі

Жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуде оқушыларға сөз бен сөз тіркесін білу жеткіліксіз. Олай дейтініміз, оқушының өз ойын байланыстырып жазу әрекеті жеке сөз бен сөйлемдерден тұрмайды, ол бір-бірімен логикалық және грамматикалық байланысқа түскен сөйлемдер бірлігі болып табылатын тұтас мәтіннен тұрады.

Мәтінді лингвистикалық білімнің жеке саласы тұрғысынан қарастыру ХХ-ғасырдың 60-70 жылдарынан қалыптаса бастады. Лингвистиканың зерттеу нысаны ретінде мәтінге берілген анықтамалар да жетерлік. Олардың бірқатарына тән ортақ пікір бойынша, мәтін дегеніміз аяқталған тұтас ойды білдіретін сөйлеудің басты бірлігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байланыстырып сөйлеу әдістемесі
Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларын байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарында оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйрету
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін жазба жұмыстары арқылы қалыптастыру жолдары
Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының мақсаты
Қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстары
1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесі
Сауат ашу кезеңінде бірінші сынып оқушыларының сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz