Скважина туралы түсінік


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

а) Скважина туралы түсінік

б) Скважиналардың түбін жабдықтаудың конструкциялары

3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Скважина дегеніміз - жер қыртысында арнайы бұрғылау жабдықтары көмегімен қазылатын диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр пішінді тау-кен құрылыс орны.

Скважинаның басталатын жері сағасы цилиндрлі беті қабырғасы немесе оқпаны, ең төменгі шеті түбі деп аталады. Сағасынан түбіне дейінгі оқпан бойынша ара қашықтық скважина ұзындығы, ал скважина осі проекциясының тіке аралығы тереңдігі деп аталады.

Скважина тіке және көлбеу бұрғыланады. Олардың диаметрі аралықтан аралыққа кішірейіп отырады.

Мұнайжәне газ скважиналарының бастапқы диаметрі 900 мм-ден аспаса, ал соңғы диаметрі 165 мм-ден кем болмайды.

Скважиналарды тау жыныстарын тұтастай немесе оның шет жағын ғана талқандау арқылы тереңдетеді.

Скважиналарды бұрғылау қондырғыларының көмегімен құрлықта да, теңізде де бұрғылайды. Теңізде бұрғылау жағдайында бұрғылау қондырғылары эстакадаларға, арнайы іргетастарға немесе кемелерге орнатылады.

Мұнайгаз өндіру өнеркәсібінде қызметтеріне қарай әртүрлі скважиналар бұрғыланады, бұлар - зерттеу, пайдалану, айдау және арнайы.

Пайдалану скважинасы - деп, мұнай немесе газды өндіруге арналған скважиналарды атайды.

Айдау скважиналары - деп, қабатқа су, газ, бу айдауға арналған скважиналарды атайды. Бірақ кен орында игеру барысында мұнай өндіру скважиналарын айдау скважинасы ретінде қолдана береді, кей жағдайларда керісінше.

Арнайы свкажиналар - кен орындарды игеру барысын бақылау үшін, қабаттың құрылымын (структурасын), коллектор қасиетін дәлірек анықтау үшін арналған.

Пайдалану скважиналары ең негізгі және маңызды құрылыс болып табылады. Олардың құны кен орынындағы скважина қорының 70-80% құрайды. Пайдалану скважиналарының бұзылуы мұнай және газ өндіруді азайтады және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге әкеліп соқтырады. Күрделі жөндеу жұмыстары ұзақ уақытты және үлкен материалды-техникалық қаражатты талап етеді. Сондықтан скважиналардың жұмыс істеу мерзімі сол кен орынды игерумен тең болу қажет, яғни 40-50 жыл. Бұл жерден пайдалану скважиналарында қолданылатын жабдықтардың сапасына қойылатын негізгі талап - бұл олардың сенімділігі.

Скважина құрлысына және оның жабдықтарына қойылатын талаптар оны пайдалану шартымен анықталады, негізгі шарт кен орынының геологиялық ерекшелігі және скважинаныны пайдалану режимі болып табылады.

Пайдалану скважиналары бағаналарының геометриялық формасына байланысты екі түрлі болады: тік және көлбеу .

Скважина үш негізгі бөліктен тұрады - сағалық, бағаналық және фильтрлік. Әр бөлік сәйкесті жабдықтармен жабдықталады: тізбек басы, бағыттауыш, кондуктор, пайдалану тізбегі, фильтр. Скважинаның ең төменгі шегі түбі деп аталады.

Пайдалану скважиналарының бағаналық бөлігі концентрлі орналасқан тау жынысына цементтелген шегендеуші құбырлар тізбегінен құралады. Соңғы, яғни ішкі шегендеуші құбыр тізбегі пайдаланушы деп аталады және пайдалану объектісі - қабатты скважина сағасымен қосуға арналған.

Скважинаның сыртқы шегендеуші құбырлар тізбегі бағыттауыш - бірнеше метр тереңдікке түсіріледі және оның сыртқы беті цементтеледі. Бақыттауыш тізбегінің ішіне кондуктор шегендеуші құбырлар тізбегі түсіріледі. Оның ұзындығы 200 м-ден 600-800 м-ге дейін жетеді. Кондуктор барлық ұзындығы бойынша цементтеледі.

Кондуктор және пайдалану тізбектерінің ортасына техникалық немесе аралық деп аталатын шегендеуші құбырлар тізбегі түсірілуі мүмкін. Олар скважинаны бұрғылау барысында технологиялық функциялар атқарады. Саны және түсіру тереңдігі бұрғыланып өткен тау жыныстарының геологиялық ерекшеліктеріне, скважина тереңдігіне және тізбек басына іліну технологиясына байланысты анықталады.

Тізбек басы кондукторде жабдықталады, кондуктор, техникалық және пайдалану тізбектерін бір жүйеге қосады және скважинаға түсірілетін жабдықтарға және сағаға орнатуға арналған жабдықтарға база ретінде қызмет атқарады.

Пайдалану скважинасының фильтрлік бөлігі қабат сұйығын және газды алу барысында да, қабатқа суды, газды және басқа да заттарды айдау барысында да скважинаны қабатпен байланыстырып тұрады.

Скважина бағанасына, шегендеуші тізбектерге тау жынысының тұрақты қысымы әсер етеді, ал пайдалану тізбегіне - қабат қысымы немесе айдалатын сұйық және газ қысымы әсер етеді. Ішкі және сыртқы қысымдардан басқа шегендеуші тізбектер өздерінің салмағын қабылдайды. Тізбек басы шегендеуші тізбектер салмағын, ішкі қысымын, орнатылған жабдықтардың салмақтарын қабылдайды.

Бұрғыланған мұнай өндіру скважиналары он немесе одан да көп жылдар пайдаланылады. Осы уақыт ішінде кен орны әртүрлі игеру сатыларынан өтеді, яғни бастапқы да фонтанды әдіспен сусыз мұнай өндіріледі де соңғы сатыларда механикаландырылған әдіспен көп мөлшерде суланған мұнай өнімі өндіріледі.

Кен орнын игеру барысында қабат қысымы төмендеп отырады, осыған байланысты келесі сатыларда сұйықтың динамикалық деңгейі төмендесе де көп мөлшерде сұйық өндіруге тура келеді. Егер мұнай әртүрлі қабаттарда бөлек-бөлек орналасса онда бұл қабаттарды бір скважинамен жеке игеруге немесе жеке су айдауға тура келеді. Берілген скважиналардың пайдалану шарттарын бүкіл сатыдағы жұмысын анықтауға болады. Егер скважина құрылысы барлық шарттарға сай мықты болса, онда болашақта кен орнын игерудің барлық сатысында скважина қондырғыларын таңдап алуға оңай болады. Осыған байланысты ең маңыздысы пайдалану құбырларының диаметрі болып келеді. Себебі, скважинаға көп көлемде сұйық айдауда немесе арнайы қондырғылар түсіруде ол сорапты қондырғысының берілісін азайтады. Сол себептен скважинаны бұрғылау барысында скважина тізбегін үнемдеп кіші диаметрлі құбырлар салу болашақта көп шығынға алып келуі мүмкін, себебі келесі сатыларда мұндай скважиналарды тиімді пайдалану мүмкін емес. Скважиналарды орнату конструкциясы пайдалану ұзақтығын есептей отырып геологиялық және технологиялық факторлармен анықталады.

Скважина құрылысының ең негізгі элементі скважина түбі аймағының құрылысы болып саналады.

Скважиналардың түбін жабдықтаудың конструкциялары.

Скважина түбінің құрылысы келесі шараларды қамтамасыз етуі қажет:

  • қабаттың түп аймағы механикалық төзімді болуы керек, скважина түбіне қондырғы түсіру ыңғайлы болуы керек, тау жынысының опырылуын болдырмау керек;
  • скважина түбімен мұнай қабаты тиімді гидродинамикалық байланыста болуы керек;
  • мұнай қабатын толық өндіруге мүмкіндік болу керек.

а б в г

4. 1-сурет. Қабатты ашу түрлері:

а- ашық түпті ; б-түсіру алдында перфорацияланған хвостовикті түп аймағы; в-фильтр орналасқан түп аймағы; г-перфорацияланған түп аймағы.

Кен орнын игерудің геологиялық және технологиялық шарттары әртүрлі, осыған байланысты скважина түбінің конструкциясы әр түрлі болады (4. 1-сурет) .

1. Скважина түбі ашық болса (а-суреті), шегендеу құбырының башмагы қабат жабынына жетпей цементтеледі. Содан кейін қабатты кіші

диаметрлі қашаумен бұрғылап ашады, скважина бағаны өнімді қабатқа қарсы ашық қолданылады. Бұл түрдегі скважина құрылысы мықты тау жыныстарында қолданылуы мүмкін. Сол себептен бүкіл скважина қорының 5% -тен аз көлемі ашық түптегі скважиналар болады.

2. Егер скважина түп аймағы фильтрмен (сүзгімен) жабдықталса, онда конструкциясы екі түрлі вариантта болуы мүмкін.

-бірінші вариант (б-суреті) : скважинаны бірден қабат түбіне дейін бұрғылайды да, төменгі бөлігін өнімді қабатқа келетін алдын-ала тесілген тесіктерге шегендеу құбырларымен бекітеді, содан кейін өнімді қабаттың жоғарғы жағы манжеттік құю арқылы цементтеледі. Тізбектің перфорацияланған аймағы мен ашылған қабаттың беткі бөлігінің арасы ашық болып қалады. Мұндай конструкцияны қолдану шарты іс жүзінде ашық түпке қолданылатын шартпен бірдей. Бірақта бұл жағдайда скважина түбін бекіту сенімді және бүкіл тізбектің диаметрінің түп аймағына дейін сақталуына кепілдік береді .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЕГЕНДЕУШІ ҚҰБЫРЛАР
Азаматтық құрылыстағы бұрғылау қондырғылары, жабдықтары
Балшық ерітіндісінің құрамы
Мұнай – газ геологиясының негіздері
Өзен кен орнының геологиясы
Қабатты сұйықпен жару тиімділігі»
Геология оқу - әдістемелік кешен
Жаңажол кен орнының негізгі мәселелеріне талдау
Жаңажол кен орнының пайдалану коэффицентінің қозғалысы жылдар
Тастақ шөл өсімдіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz