Қазақ тіл біліміндегі тіл мен таным бірлігі


Қазақ тіл біліміндегі тіл мен таным бірлігі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011700 мамандығы - «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Мазмұны:
Кіріспе . . . 4
1-бөлім. Рухани бастаудағы дүниетаным бірлігі . . . 6
1. 1. Тіл мен таным . . . 6
1. 2. Тіл мен ойлау . . . 9
1. 3. Тіл мен ұлт . . . 18
2-бөлім. Қазақ ғалымдарының еңбектеріндегі тіл мен таным бірлігі . . . 25
2. 1. Қазақ тіл білімінде тіл мен таным байланысының зерттелуі . . . 25
2. 2 А. Байтұрсынов еңбегіндегі тіл таныту ұстанымдары . . . 26
2. 3 Қ. Жұбанов еңбектеріндегі тіл мен таным сабақтастығы . . . 28
2. 4 Ә. Қайдар зерттеулерінде тілдің этникалық таным құралы ретінде қарастырылуы . . . 33
2. 5 Р. Сыздықова зерттеулеріндегі сөздің танымдық қасиеті . . . 41
2. 6 Қ Жаманбаева еңбектеріндегі концепт теориясы . . . 46
Қорытынды . . . 55
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 56
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңдағы ұлт тілдерін дамытуға және тануға жан-жақты мән беріліп отырған кезеңде тілді зерттеудің нақты үрдісі ұлттық ойлау жүйесіне тән ерекшеліктер мен заңдылықтардың тілдік деректері арқылы қарастырылу бағытымен сипатталады. Тіл мен ойлаудың бірлігінің арнасында қарастырылатын сондай жекелеген өзекті мәселелердің бірі - бірі тіл мен танымның арақатынасы. Осымен байланысты жеке ұлт тілі ретінде қазақ тілінің дүниетанымдық қызметі қарастырылуының маңызы оның ұлт мүддесі үшін қызметін анықтауында. Керісінше, ұлт дүниетанымындағы қасиеттердің, арнайы ұғымдардың ана тілімізде көрініс табуы олардың қолданыс ерекшеліктерін, тілдік айналымдағы орнын көрсетіп беру сияқты сұрақтар ауқымын жан- жақты аша түсуді қажет етіп отырғандығы да ақиқат.
Осы бағыттағы зерттеулердің алдыңғы легінде жұмысымызда сөз етілетін ғалымдарымыздың есімі тұрады. Олар: А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, Ә. Қайдар, Р. Сыздықова, Қ. Жаманбаева т. б.
Ұлт болмысын тілмен тығыз байланыста қарап, «тіл мен ұлт біртұтас» деген қағида негізінде оларды өзара бірлікте қарау нәтижесінен туындап отырғандығы да шындық. Осы тұрғыдан әр тілдің өзіндік даму, қалыптасу ерекшеліктерін көрсететін танымдық негіздерін ашуға бағытталған жұмыстардың маңызды болатындығы да түсінікті.
Тіл мен таным арақатынасы, бүгінде ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан да жұмысымызда тіл мен ойлау, тіл мен ұлт, тіл мен таным бірлігін сөз ете келе, көрнекті ғалымдарымыздың еңбектеріндегі тіл-таным тұтастығын айқындайтын тұжырымдарын қарастырамыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - тілдің дүниетанымдық жағын зерттеу тілдің, оның табиғатының ерекшеліктері мен оның ұлт болмысын берудегі мүмкіндіктерін А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, Ә. Қайдар, Р. Сыздықова, Қ. Жаманбаева сынды ғалымдардың ой-тұжырымдары арқылы анықтау.
Осы мақсатқа орай жұмыста мынандай міндеттер белгіленді:
- тіл мен танымның арақатынасы жөніндегі тіл біліміндегі ғылыми пікірлерді саралап, жүйелеп көрсету.
- тіл мен ойлау, тіл мен ұлт танымының арасындағы тұтастыққа тілдің когнитивті негіздердің теориялық-әдістемелік тұрғысынан мән беру.
- А. Байтұрсынов еңбегіндегі тіл таныту ұстанымдарын айқындау.
- Қ. Жұбанов зерттеулеріндегі тілтанымдық деректерді анықтау.
- Ә. Қайдар зерттеулеріндегі тілдің - этникалық таным құралы ретінде
қарастырылуына мән беру.
- Р. Сыздықова зерттеулеріндегі сөздің танымдық қасиетін анықтау.
- когнитивтік лингвистиканың «концепт» ұғымының қолданыс аясын (Қ. Жаманбаева еңбегі арқылы) көрсету; «Мұң» (Қ. Жаманбаева) ; «Өлім мен Өмір» (А. С. Жиренов) концептілерінің философиялық мәдени маңызын ашу.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Жұмыс барысында көрнекті тілші ғалымдар В. фон Гумбольдт, В. Н. Телия, В. Маслова, А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, Ә. Қайдар т. б еңбектерін теориялық негізге алдық.
Зерттеудің дереккөздері. Ұлт пен тілдің бірлігін дәлелдеуге ұмтылған, тілдің оймен байланысты, таныммен, философия ілімімен байланысты жақтарын қарастыруға арналған тіл білімі мен философия саласындағы ғылыми еңбектердің тұжырымдары пайдаланылды.
Зерттеу әдістері. Салыстыру, талдау, жинақтау т. б. әдәстер қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
- тіл мен таным сабақтастығы когнитивтік негізде А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, Р. Сыздықова көзқарастары арқылы айқындалды.
- Ә. Қайдар зерттеулеріндегі «даналық қордың» танымдық сипаты ашып көрсетілді.
- Қ. Жаманбаева еңбегіндегі қазақ ұлттық дүниетанымының басты концептілер аймағы мен олардың тілдік бірліктердегі көрініс- мазмұны айқындалды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
- ұлт тілі - ұлт дүниетанымын жеткізетін негізгі құрал.
- тіл - табиғатын тығыз байланыста жаратылған ерекше құбылыс.
- шындық болмыс ойлау арқылы ғана жүзеге асады, тіл оны бейнелеу құралдарының бірі ғана.
- дүниенің тілдік суреті антропоцентристік ұстаным негізінде құралады. Адам қоршаған шындық болмысты өзі арқылы, өзіне таныс дүниелер арқылы бағалап, танып-біледі.
- дүниенің тілдік суреті адамның танымдық іс-әрекеті, ұлттық мәдениеті негізінде түзіледі және белгілі бір ұлт қауымдастығының өкілдеріне ортақ.
- когнитивтік лингвистика - тілдік білімнің табиғатын және оны қалай қолдану керектігін меңгертетін ғылым.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-бөлім. РУХАНИ БАСТАУДАҒЫ ДҮНИЕТАНЫМ БІРЛІГІ
1. 1. Тіл мен таным.
Адамзат тілі ежелгі дәуірден- ақ таным құралы ретінде дүниені танып білуге, санада сәулеленген ұғым- түсініктерді жарыққа шығаруға қызмет етіп келеді. Адамзаттың алуан түрлі танымдық ұғым-түсініктерін оның тілдік танымынан ажырата қарауға болмайтындығы жөнінде аз айтылып жүрген жоқ .
Бүгінгі таңда ғылым алдында тұрған үлкен мәселелердің бірі - адам жөнінде біртұтас тұжырымдамалық бағыттар белгілеу. Адамға тұтастық деп қарау бірнеше ғылымның зерттеу әдістер мен құралдарының бір проблема үстінде тоғысуына әкелмек. Бұл мәселеден шығатын ең басты тұжырымды түйін: таным мен тілдің ара қатысының адам проблемасын шешуімен түйінделуі.
Ал тіл мен таным процестерінің ара қатысын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Тіл мен ойлаудың, тіл мен танымның ара қатысы адам баласының интеллектуалды өмірінде (оған тіл де кіреді) құндылықтар қаншалықты роль атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен таным ара қатысын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі. Аталған құрылымды жіктеп, бөлшектеп ұсыну өте қиын, дегенмен оны процесс ретінде алып қарау арқылы белгілі бір түйіндер жасауға болады.
Таным мен тілдің ара қатысы, сайып келгенде, адам проблемасының өзегі дара тұлға тұжырымдамасымен шешіледі. Оның себебі мынада: таным сыртқы дүние заттарына бағытталған тәрізді көрінгенмен, оны жүзеге асырып отырған адам болмысы тұрғысынан бағдарласақ, айтылған процестің үнемі ішке қарай (адамның ішкі дүниесіне қарай) бағытталғының көреміз. Таным процесі адамның ішкі дүниесінің күрделі құрылымдарын тудырады және соған сәйкес сипаты да өзгеріп отырады. Осылайша, танымның жүрісін адамның баласының ішкі қажеттіліктер дәрежесі белгілейді. Күрделі терең қажеттіліктердің біріне адамның өздігінен жетілуі кіреді. Өздігінен жетілу - ерекше дара қасиет. Іштей құптау, өзін-өзі өзектендіру, үздіксіз ішкі қозғалыста болу, өздігінен даму - терең беймәлім себептерден туындайды.
Ішкі терең қажеттіліктер ғана таным процесінің қозғаушы күші болады. Ішкі терең қажеттіліктер адам болмысының типі тілдік моделді анықтайды.
Қажеттілік - өте күрделі категория. Ағзаның биологиялық, психологиялық, әлеуметтік, рухани проблемалары қажеттілік негізінде туысады. Қажеттілік - ағзаның өзін-өзі сақтау және өзін-өзі дамыту, жетілдіру мақсатындағы әрекетін ұйымдастырушы тетік. Жеке адамның жетілу дәрежесі - қоғамның болашақ мүмкіндіктерінің көрсеткіші болып есептеледі. Жетілу - өте күрделі ішкі процестердің нәтижесі арқылы жүзеге асады. Ең қиыны - болашақ қажеттіліктерін бейнелейтін, әлеуметтік прогресті тудыратын жетілудің - өздігінен жүретін процесс екендігі. Адамның өздігінен даму түйсіктері ішкі қажеттілік шамасына қарай дамып жетіледі. Жетілу таным арқылы жүреді. Ал танымның шексіз жолы ішкі қажеттіліктердің сипатына байланысты.
Ішкі терең қажеттіліктер символдар арқылы оянады. Бұл процесс санаға эмоция арқылы белгілі болады. Енді өз кезегінде сана ішкі қажеттілікті қанағаттандыру үшін қайтадан символдар дүниесіне жүгінеді. Сөйтіп, терең негізі бар қажеттіліктердің сипаты символдар арқылы анықталады. Яғни сана сыртқы факторларға таңдаулы түрдегі тәуелділігін немесе ішкі өсу, жетілу қажеттілігін белгілі бір модельдің, форманың бойына жинақтау арқылы шешеді. Дара тұлға болмысы тудырған модель, форма - тілдік сана тетігі іске қосылғанда барып көптің қолданысына көшеді.
Ю. Н. Карауловтың еңбегінде алдымен тұлғаның нөлдік деңгейі көрсетіледі. Ол - тілдік-құрылымдық саты немесе ассоциациялық- семантикалық саты болып есептеледі. Онда тұлға жалпы тілге тән айшықтарды меңгермек. Айталық, оқырманның көркем шығарманы оқығанда, автор қолданған образдардың, тілдік тәсілдердің (метафора, теңеу т. б. ) мағынасын түсініп отыруы - тұлғаның нөлдік деңгейін анықтайтын өлшем болмақ [1, 264] . Дегенмен қазақ тілі қолданысында тілдік- құрылымдық саты дегенді қарастырсақ, оның жалпы мазмұны мынандай болады .
Тілдік-құрылымдық сатыға А. Байтұрсыновтың «Тіл қисынында» жүйеленген тіл талғау шарттары енеді: 1. Сөз дұрыстығы, сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру. 2. Сөйлемдерді бір- біріне дұрыс орайластырып, дұрыс құрмаластырып, дұрыс орналастыру. 3. Тіл анықтығы. Айтылған лебіз ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктендірмейтін болады. 4. Тіл дәлділігі. Ойлаған ұғымға сөз мағынасының сәйкес келуі. Сөз мағынасын дұрыс айыра білу. 5. Тіл көрнектігі. Коммуникативтік сапаларды меңгеруде осы сатының мазмұның толықтырады. Тілдік сапаларға тілдік қабілет мазмұнына кіретін дағдылар кешені кіреді. [2, 147-190] .
Тілді қолданушының сөздердің, тіркестердің, сөйлемдердің мағынасын түсінуі, немесе тілдік сапаларды игеруі, немесе сөздердің түсіндірме сөздіктегі мағынасын меңгеруі жеткіліксіз, ол - белгілі бір сөздердің негізінде жатқан құндылықтарды танып білуі керек. Ал сөзге құндылық бере алу-бермеу қабілеті тілді қолданушының ішкі дүниесінің дәрежесіне байланысты.
Сөйтіп, өткен ғасырдың өзінде-ақ тілдік зерттеулер өзінің қалыпты шеңберінен шыға отырып, жаңа бетбұрыстарды қажет ете бастады. Тіл табиғатын зерделеу тек формалық сипаттамалармен шектелмей, адам өмірінде алар орны мен атқарар қызметін анықтауға, оның физио- анотомиялық негізін айғақтауға ұласты. Сондықтан тілдік құралдар құрылымдық лингвистиканың ғана емес, сан алуан экстралингвистикалық салалардың нысанына айналды.
Осы қатарда қазіргі тіл білімінің маңызды мәселелері тізбегінде тілдің танымдық қызметін айқындайтын когнитивті лингвистиканың қалыптасып дамуын ерекше атауға болады. Тіл ғылымының бұл саласы адамның ойлау жүйесінің табиғатын, ішкі заңдылықтарын қарастырудың жаңа үлгісін құрады. «Тіл - амал, құрал, оның арқасында адам бір-бірімен қарым- қатынасқа енеді, пікір алысады және бірін-бірі түсініседі. Тіл ойлаумен тікелей байланыста болғандықтан, сөзді және сөйлемдегі сөздердің бірлігінде ойлау ісінің жетістіктерін тіркеп отырады. Демек, адамның дүние танудағы жетістіктері сөзде, сөйлем құрылысында тіркеледі, сөйтіп, адам қоғамында пікір алысуға мүмкіндік жасайды» [3, 368] деп көрнекті ғалым С. Аманжолов атап көрсеткендей, тіл мен таным ұғымдарының сабақтастығы, тілдік құралдар арқылы адам санасында орнығатын танымдық белгілер мен үлгілер - барлығы дерлік осы маңызды лингвистикалық бағыттың зерттеу нысанын сұрыптады. Бүгінгі күні лингвотанымдық зерттеулер тілді танымдық әрекеттің жемісі деп қарастыру арқылы адам бойындағы ерекше табиғи қабілеттерге көңіл бөлудің мақсат етіп отыр. Когнитивистер адам тілді саналы түрде ғана қолданбайды, ол рефлексті түрде санасында орныққан танымдық қорды ретімен пайдалану арқылы қарым-қатынас жасайды, ойын сыртқа шығарады, пікірін айтады, тіпті жаңа затты да сәйкестендіре- салыстыра таниды деп есептейді.
Қазіргі тілдік зерттеулер ой, таным, тіл ұғымдарының ажырамас бірлігіне негізделген тың теориялық тұжырымдармен, ғылыми ұстанымдармен әр кез толығып отырады. Тілдің қоршаған болмыспен қарым-қатынасын анықтау, олардың үйлесімді сабақтастығын сұрыптау, бір-біріне құрал болар қабілеттерін жүйелеу, филогенез, этногенез принциптерін ғылымаралық байланыстың нәтижесі деп зерделеу секілді мәселелерің баршасы адам мен оны қоршаған әлем заңдылықтарынан туындайтын факторлар ретінде танылғанда ғана, адам санасының қызметі, қабылдау, тану әрекетінің табиғаты шынайы дүние арқылы, оның әсері негізінде қалыптасқан құбылыстар деп айқындалар. Соның негізінде « . . . шындықтан ой арқылы тілге жеткен және керісінше, тіл арқылы ой тізбегі мен шындыққа қайта оралған хабарлар мен деректер» болмысын саралау мүмкіндігі пайда болады.
Алғашқы дәуірлерден-ақ бастау алған бұл процесс адамның танымын, сыртқы ортамен байланысын айқын көрсеткендіктен, автордың болмыс пен тіл әлемін ұштастырған мәселеге көңіл бөлуі заңды болар деген ойдамыз. Демек, тілді немесе қоршаған әлемді зерттеуге арналған тұжырымдар әр ғылым саласында, соның ішінде лингвистикада, « тілде я болмаса тіл арқылы бекітілген деректер мен ілімдер» (Ж. Фолконье) арқылы дәйектеледі.
«Адам баласының таным дүниесіндегі ең керемет сыйы - тіл феномені. Тіл кез келген табиғи құбылыстың белгіленуіндегі танымдық және комуникативтік міндет атқаратын белгілер жүйесі. Тілдегі белгілер жүйесін іске қосып, ұғымдағы қабылданған бейнені сөзбен таңбалау үшін, оған атау беруді жүйелі түрде орындап отыратын сөзжасамдық процесс. Тек сөзжасамдық процесс арқылы ғана сөйлеу жүйесіндегі бейне өзінің сөздік мәніне көше алады. Мағынасын беретін таңбаны айқын тауып, негізделе таңбалай алады. Атау өз мәнінде айқын болу үшін ол негізделуі, уәжделуі шарт. Осы тұрғыдан сөзжасам негіздеме (уәждеме) теориясы тұрғысынан айқындалуы қажет»- деген ғылыми көзқарасының негізінен дүниенің бейнесіндегі әрбір зат пен құбылыстардың белгілі бір атауға ие болуының негізінің астарында таным дүниесінің жатқандығын аңғартады.
Тіл біліміндегі зерттеулердің негізі бүгінгі таңдағы жаһандану процесіне төтеп берудің негізінде ұлттық тілдің табиғатын шынайы танып түсіну үшін, тілдік бірліктерді тіл мен танымның тұтастығы, тіл мен мәдениеттің сабақтастығы тұрғысында тілдік емес лингвофилософиялық мәнділіктермен өзара сабақтастықта «ғаламның тілдік бейнесі» деген күрделі теорияның ыңғайына сай негізделіп зерттеу ісін жүргізу кеңінен етек алуда. Ал, дүниенің белгісі дегеніміз адам баласының әлемді тануының негізі болып саналады. Г. В. Колшанскийдің сөзімен айтсақ «Дүниенің бейнесі дегеніміз жеке танымды, белгілі бір табиғи құбылысқа қатысты жағдай, эстетикалық құндылықтарды айқындайтын шексіз тұрмыс көріністері» - десе, дүние бейнесі жайлы проблема адамның елестетуі мен санасындағы әлемді көріп оны бейнеленуіне негізделеді. Осы жөнінде ғалым өз ойын « тіл адам санасының тыс әлемді бейнелейді. Тіл әрі объективті, және субъективті. Ол әлемге және адамзатқа да қатысты екі жақты субстанция» - дегенді айтады.
Аталған мәселелерге қатысты ғалымдардың тұжырымы мен жоғарыда айтқан ойларымызды тұздықтай түссек белгілі зерттеуші В. А. Маслова: «Ғаламның тілдік бейне көріністері әр тілдің өзіне ғана тән ерекшеліктеріне, әр халықтың дүние ғаламның түрлі-түсін өзінше мүшелей тануына, ол фрагменттерді өзінше бейнелеп атауына байланысты тіл-тілде өзгеше болып өріледі» десе, Г. Ж. Снасапова: «Дүниенің тілдік бейнесі әсіресе тұрақты тіркестерден, фразеологизмдерден, идиомалар мен мақал-мәтелдерден анық көрінеді. Өйткені, тілдің бұл қабатында халық даналығы, рухани құндылықтар жүйесі, қоғамдық мораль, ұлт өкілдернінің дүниеге, адамдарға және басқа ұлттарға даген қарым-қатынасы тәрізді маңызды ақпараттар жинақталған. Тіл өз халқының мәдениетін, өркениетін, әлеуметтік құрылысын, дүниетанымын бейнелеп қоймай, келер ұрпақты қалыптастыруда маңызды және шешуші роль атқарады.
1. 2. Тіл мен ойлау
Дүниені тіл арқылы танып білуде ең негізгі объект болып табылатын, сөздердің жасалуына негіз болатын логикалық заңдар туралы айтыла бермейді. Адамзат баласы айнала дүниедегі барша зат, құбылыс атаулыны белгілі бір ұғымдар арқылы тани алатынын мойындасақ, оның ойлау процесі арқылы жүзеге асатынын ұмытпауымыз керек.
Ойлау дегеніміз, ең алдымен, шындық дүниенің адам миында бейнеленуі болып табылады. Ол, біріншіден, ұғым арқылы бейнеленген дүниетанудың нәтижесі болса, екіншіден, дүниені тереңірек, толығырақ танып білудің құралы.
Шындық дүниедегі көрнекті бейнелерді жалпылап, нәрселердің ішкі қасиеттерін, табиғат пен қоғамның заңдылықтарын абстрактылы ойлау арқылы танып біледі. Абстрактылы ойлау дүниетанудың екінші, жоғары сатысы болып табылады. Сезімдік танымға қарағанда ойлау дүниені тереңірек және толығырақ танып білуге мүмкіндік береді. Мысалы, Әл- Фарабидің мына пікіріндегі:
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О жаратқан, көп күткен ақымағын,
Құм сияқты тез ысып, тез суынар [4, 32 ] .
Құмның ысып, суынуы күннің жылуына байланысты болатыны сияқты, адамның да көңілі жанды толқытар сәттерге байланысты болатындығын ойлау арқылы көз жеткізген. Ойлау сезім мүшелерінің көмегімен алынған мәліметтерге сүйенеді. Сезімдік танымның нәтижесі логикалық танымға өтудің алғышарты болып табылады. Мысалы, Жиреншенің :
Ағын судың өлгені -
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені -
Басын бұлт жапқаны.
Ай мен күннің өлгені -
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені -
Қар астында жатқаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді [5, 47], - деген шешендік сөздерінде ақиқат туралы білім сезімдік танымның қабылдауына ағын судың қатуы, ай мен күннің батуы, таудың басын бұлт басуы, т. б. негізделген абстрактылы ойлау, жинақтаудың арқасында шындықты барынша тереңірек танып біледі. Ойлаудың нәтижесінде сезім мүшелерімен алынған белгілі ұғымдардан ой қорытындыларын жасау арқылы жаңа пікір қорытып шығарылады.
Адамның миында қандай ой пайда болмасын, ол тілдік материалдың негізінде ғана туындап, іске асады. Тіл - ойды білдіретін таңбалар жүйесі. Тілдегі кез келген сөз дыбыстардың қосындысы немесе таңбалардың жиынтығы ретінде материалдық нәрселерге қолданғанда ғана мағынаға ие болады. Тілдік белгі кез келген заттың, нәрсенің мазмұнын білдіретін болғандықтан ғана қатынас құралы рөлін атқарады. «Шындығына жүгінсек, адамзат баласының бір-бірімен түсінісуіне сөздің сыртқы тұлғасынан гөрі оның мағынасы басты рөл атқарады» [6, 3] . Тілдік белгінің заттық мәні оның мазмұнымен, яғни қандай ойды білдіретінімен тығыз байланысты.
Тіл білімі мен тіл философиясына ортақ мәселе - тіл мен ойлаудың, мағына мен форманың байланысы екендігі «Жалпы тіл білімі», «Тіл білімінің негіздері» оқулықтарында айтылды. «Тіл - ойдың жемісі, ойды жарыққа шығаратын «форма», Тіл - ойлау құралы, ой - оның мазмұны», - десе Қордабаев [7, 188], «Тіл ойлаумен тығыз байланысты. Осыған орай, тіл білімінің ойлау категориялары мен ойлаудың заңдары туралы ғылым - логикамен, ойлау процестері және олардың тілде көрінуі туралы ғылым- психологиямен байланысы келіп туады», - дейді Аханов [8, 11] .
Ойлаудың тілсіз өмір сүре алмайтындығы сияқты, тілдің де ойлаусыз мүмкін еместігін шешендер сөзіндегі даналық ойлар да дәлелдейді. Даналық сөздер дұрыс ойлау мәдениетінен туындайды. « Даналық ең абзал нәрселерді мейлінше жақсы танып білу деген сөз ғой. Ал өз мәнін ақылмен пайымдауға және білуге қабілетті болса, онда ол ең абзал нәрселерді мейлінше жақсы танып біледі» [9, 75] .
Тіл мен ойлаудың ара қатысы жөніндегі мәселелер көптеген ғалымдарды ойландырады.
Мәселен, Б. В. Беляев «Очерки по психологии обучения иностранным языкам» деген еңбегінде тіл мен ойлауды қарастыра келіп, осы екі процесс бірлікте болу керек деп есептейді.
Б. В. Беляевтің пікірінше, барлық адамдардың ойлау жүйесі: ұғым, пайымдау, тұжырымдау мен ойлау процесі: салыстыру, қорыту, талдау - бірдей; тек ойлау мазмұны ғана әр халықта әр түрлі . Осыдан шығатын қорытынды: тілге үйрету қажет емес, керісінші, осы тілде ойлауға үйрету керек. Және ұғымды түсіндіру қажет.
В. А. Артемов ойлау мен тілдің айырмашылығы сөздердің семантикалық шеңберінің бір-бірімен сәйкессіздігінен, олардың мағыналарының түрліше қабылдануынан деп санайды. Ол адамдардың әр түрлі тілде сөйлеуі сөздердің түрліше аталуынан деген тұжырымға келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz