Халықтық наным-сенімдердің этнолингвистикалық сипаты


Халықтық наным-сенімдердің этнолингвистикалық сипаты
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011700 мамандығы - « Қазақ тілі мен әдебиеті»
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезеңде діни, халықтық наным-сенім мәселесіне қатысты тіл біліміндегі көптеген зерттеу жұмыстары тілдегі ұлттық сипатты, ұлттық танымды, ұлттық рухты тануға, танытуға негізделген. Дегенмен мәдениеттің дерегі ретінде тіл әлі де жеткіліксіз қарастырылуда. Осыған сай діни, халықтық наным-сенімдердің тілдегі айқын үлгілері, әсем өрнектері ажарланған ұлттық символдар болмысын тіл арқылы ашуды «тіл - мәдениет - ойлау» үштағанының айналасындағы зерттеулердің жалғасы деуге болады. Ғылыми жұмысымдағы тілдік көріністер ретіндегі діни, халықтық наным-сенімдер рухани мәдениет шегінде қаралады. Этнолингвистика ғылымының негізгі міндетіне сәйкес тіл байлығы негізінде халықтың рухани, мәдени өмірінің тарихын, салт-дәстүрі мен ұлттық дүние танымын жан-жақты ашып көрсетіп, ол халыққа түсіндіріледі.
Зерттеу нысаны. Діни, халықтық наным-сенімдерді білдіретін тілдік бірліктердің табиғатын ашу.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Діни, халықтық наным-сенімдерді нақты материалдар арқылы жан-жақты қарастырып, діни, халықтық наным- сенімдердің тілдік көріністерін (жеке сөздер, сөз тіркестері, фразеологизмдердің), олардың табиғаты мен уәждерін саралау. Осы мақсатты айқындауда мынадай міндеттер туындайды:
- Зерттеуші ғалымдардың этнолингвистиканы зерттеудегі пікірлеріне, талдауларына сүйене отырып талдау жасау;
- Тілдік көріністер арқылы халықтың ертедегі рухани байлығын жан-жақты қарастыру;
- Қазақ халқының ертедегі ру-тайпаларының қандай наным- сенімдердің ықпалында болғандығын дәлелдеп, осыған байланысты тілімізде қандай сөз тіркестері, тұрақты тіркестер қалыптасқандығын қарастыру;
- Аң-құстар, ислам дініне байланысты қалыптасқан тұрақты теңеулер мен тұрақты тіркестердің тілдік қорымызда сақталғандығын айқындау;
- Жеті санының көптік мағынасына байланысты тілімізде қалыптасқан мақал-мәтелдердің қолданылуына тоқталу.
Зерттеудің дереккөздері. Зерттеу материалдары көркем әдебиеттен, қазақ этнолингвистикасын зерттеуші ғалымдардың еңбектері, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1-10), «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен» (І. Кеңесбаев, 1977), «Қазақ мақал- мәтелдері» жинағынан алынды.
Зерттеу әдістері. Сипаттау, этнолингвистикалық талдау, топтау, жүйелеу әдістері қолданылды.
Жұмыстың теориялық маңызы. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары қазақ тіл біліміндегі этнолингвистика, когнитивтік зерттеулердің ғылыми-теориялық негіздерін нақтылай түсуге белгілі бір дәрежеде өз үлесін қосады.
Жұмыстың практикалық маңызы. Жоғары оқу орындарындағы қазіргі қазақ тілінің лексикология, когнитивтік лингвистика салалары бойынша жүргізілетін курстарда, студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауда пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І бөлім. Этнолингвистика және діни, халықтық наным-сенімдерді білдіретін лексиканың зерттелуі
1. 1 Этнолингвистика - қазақ тіл білімінің дербес саласы
Тіл білімі мен оның салаларын тілші қауым бірнеше ғасырдан бері фонетика, лексикология, грамматика, семантика, диалектология, салыстырмалы лингвистика, тарихи лингвистика, сипаттамалық (компаративтік) лингвистика, құрылымдық (структуралық) лингвистика, жалпы теориялық лингвистика т. б. тармақтарға таратып, таза тілдік тұрғыда қарастырып келді.
Алайда XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басынан бастап зерттеуші ғалымдар тілдік құбылыстарды дәстүрлі бағытта ғана қарастырып қоймай, оны басқа да қоғамдық ғылымдармен (тарих, дін, география, социология, культурология, археология, психология т. б. ) салыстыра отырып, ауқымды зерттеулер жүргізді. Осының нәтижесінде психолингвистика, социолингвистика, лингвомәдениеттану т. б. тәрізді гуманитарлық ғылым салалары пайда болса, кейін келе жаратылыстану, техникалык ғылымдар, оның ішіндегі практикалық, эксперименттік және математикалық тәсілдемелердің тіл ғылымымен байланысынан қолданбалы лингвистиканың салалары болып есептелетін статистикалық лингвистика, компьютерлік лингвистика, инженерлік лингвистика, автоматты лингвистика, есептеу лингвистикасы т. б. жарыққа шықты. Қазірде тіл ғылымы өзге қоғамдық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар арасында орны айқындалып бекемделіп, өмірдің барлық саласында маңыздылығын танытып отыр. Адамдар тіл ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, өзге ғылымдар саласында көрнекті табыстарға қол жеткізуде. Мұның басты себебі тілдің өзіне тән сәйкестік, жалпылық қасиеттерінен деуге болады. Демек, қазір көпшілік қауым "тіл деген не?" деген сауалына бұрынғыдай "тіл- адамдардың қатынас құралы" деген біржақты ұғымнан гөрі оның нақты, күрделі құбылыс екенін тани бастады. Солардың қатарына қазақ тіл ғылымында енді-енді қалыптасып келе жатқан этнолингвистика саласы да жатады.
Дүниедегі барлық қоғамдық құбылыстар мен табиғи құбылыстар ішінде тіл мен тұқым (нәсілдік белгі, қан) - әр ұлыстың ата-бабаларынан өзінен кейінгі ұрпақтарға жалғасатын, оңайлықпен өзгермейтін негізгі белгілер саналады. Тіл тарихы ұлт тарихынан да ұзақ. Белгілі халық немесе оны құраған ру-тайпалар тарихта ортақ тіл, территория, экономика, психикалық жақтардан бірлікке келіп, ұлт болып қалыптасып, тарих сахнасында өзіндік орнын иеленуде тілдің орны ерекше болды. Ұлттық тіл болмайынша, ұлттық мәдениеттің қалыптасуы, оның ғасырлар көшіне ілесіп, бүгінгі күнге дейін жетуі мүмкін емес дейміз.
Бүгінде "мәдениет" сөзіне мынадай екі түрлі анықтама беріліп жүр: мәдениет - адамзаттың өзіндік даму тарихында жаратқан барлық рухани және заттық байлығының жиынтығы. Әрине, бұл ұғым - бүгінгідей дамыған өркениетті мәдениетті емес, адамзаттың ең ертедегі мифологиялық, аңыздық ертегілерінен бастап, оның қазіргідей озық ғылыми-техникалық жетістіктері мен мәдениеттерін тұтастай қамтиды. Бұл - "мәдениет" сөзінің кең мағынадағы анықтамасы. Мәдениет жөніндегі келесі бір ұғым: мәдениет дегеніміз - қоғам дамуының әрбір басқышы мен кезендеріндегі адамдардың идеологиясы және соған сәйкес заңдары, тәртібі мен ұйымдық құрылымы. Бұл - оның тар көлемдегі анықтамасы.
Жоғарыда мәдениетке берілген анықтаманың қай тұрғысынан қарағанда да, мәдениет тілге қатыссыз болмайды. Бір қырынан алғанда, мәдениет пен тілдің байланысы мазмұн мен форманың байланысы тәрізді. Тіл - мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдениет - оның ішкі мәні. Осы тұрғыдан алғанда тіл мен мәдениетті бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын тұтас бір дүние деуге болады.
Тіл - қоғамдық өмірдің сәулесі. Одан қоғамдық өмірдің кез келген өзгерістері айқын көрініс табады. Әсіресе тілдегі лексика бұл жағында өте сезімтал болып, қоғамның саяси, экономика, мәдениет, ағарту, өнер, идеология, мораль т. б. жақтарындағы өзгерістер сөз жоқ лексикада бейнеленеді. Демек, ұлттық тіл, халықтық лексикаға талдау жасау арқылы халықтың өткені мен бүгіні, қоғам даму тарихынан, жалпы мәдениетінен мағлұмат ала аламыз.
Тіл мен мәдениеттің байланысы, тілдің мәдениетті сақтау, сипаттау, жарыққа шығарудағы ролі туралы белгілі ғалымдар әр кездері өз бағаларын беріп келеді. Германиялық Jakob Grimm өзінің "Гримнің балалар ертегісі" деген танымал еңбегінде: "Біздің тіліміз - біздің тарихымыз" [1], - дейді. Ол практикалық тіл ғылымында тарихи-салыстырмалы зерттеу әдісін қолдана отырып, ұлт тілі - ұлт тарихының жанды суреті, дәлел-айғағы болады, бір ұлттың тілінде сол ұлттың экономикалық құрылымы, заңы, салт-дәстүр, материалдық мәдениеті, тарихта басқа ұлттармен болған түрлі байланыстары көрініп тұратындығын дәлелдейді. Сонымен бірге "Неміс тілінің тарихы" деген еңбегінде де " . . . қаңқа сүйек, ескерткіш мұра, мола-қабірден де артық, ұлттың тарихын әсерлі де жанды, нақ бейнелейтін, сипаттап беретін нәрсе бар, ол - сол ұлттың тілі, тіл - адамзат өмірінің айнасы" [2], - деп жазады.
Американдық ғалым Wilfred Funk "Сөздің этимологиясы және олардың аңыздық ертегісі" деген еңбегінде: "Тілдегі лексика құдды айна тәрізді, ол арқылы бір ұлттың өткен өмірімен танысып білуге болады" [3], - десе, Е. Sapir "Тіл" деген еңбегінде: "Тілдің бір тұғыры бар . . . ол мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Атап айтқанда, ол дәстүр болып жалғасқан, біздің тыныс-тіршілігімізбен мүлде қабысып кеткен салт-дәстүрлер мен наным-сенімдерден айырыла алмайды". "Тілдегі лексика өзі қызмет етіп отырған ұлттың мәдениетін сол қалпында көрсетіп береді, осы тұрғысынан алғанда, тіл тарихы мен мәдениет тарихы параллель, қатар дамиды" [4], - дейді.
Л. Р. Палмер болса, "Тіл тарихы мен мәдениет тарихы тығыз байланысты, олар бірі-біріне дәлел-сипат болып, бірін-бірі түсіндіреді" [5], - дегенді айтады.
Академик Ә. Қайдаров: "Кез келген тілдің қоғамда өзара байланысты үш түрлі қызметі бар. Оның басты қызметі - коммуникативтік, яғни қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірін түсінуі, пікір алысуы үшін қажеттігі. Екінші - көркем шығарма тіліне тән, адам баласына образ арқылы ерекше әсер ететін, ләззат сыйлайтын эстетикалық қызметі. Тілдің бұл қызметі, әрине, қаламгердің шеберлігіне, сөз саптау мәдениетіне тікелей байланысты. Ал тілдің үшінші қызметі, ғылыми терминмен айтқанда - аккумулятивтік деп аталады. Яғни ол - тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп, қалыптасқан барлық сөз байлығын өз бойына жиып, сақтап, оны келешек ұрпақка асыл мұра ретінде түгел жеткізіл отырған игілікті қасиеті.
" . . . Тіл фактілері мен деректері - тұла бойы тұнып тұрған тарих. Сондықтан этностың өткендегі тарихы мен этнографиялық байлығын біз ең алдымен содан іздеуіміз керек" [6, 19-21], - дейді.
Қытай ғалымы Луо Чаңпи: "Тіл- жазу дегеніміз бір ұлттың мәдениетінің өзегі, түп қазығы ұлттың өткендегі мәдениеті тіл-жазуға сүйеніп тарайды, болашаққа да сонымен жетеді", - дейді [7] . Демек, қандай тілде болмасын онда сол халықтың бүкіл тыныс-тіршілігі, оның шын мәніндегі болмысы мен дүние танымы сақталған.
Халықтың ертедегі мәдениетін зерттеу, білу әрі бүгінгі күнгі мәдениетті игеру үшін ең алдымен тілдің табиғатын білу, оның құдіретін түсіну керек. Этнолингвистика ғылымының негізгі міндеті - тіл байлығы негізінде халықтың рухани, мәдени өмірінің тарихын, салт-дәстүрі мен ұлттың дүние танымын жан-жақты ашып көрсетіп, оны халыққа түсіндіру.
Сөз байлығын этнолингвистика тұрғысынан зерттеудің жалпы тіл ғылымында екі ғасыр мөлшерінде тарихы бар. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында жасалған И. Г. Гердер, В. Гумбольдт, М. Брэал, Ж. Гримм еңбектерінен этнолингвистикалық зерттеу әдістері мен нәтижелерін көреміз. Жоғарыда аты аталған ғалымдардың идеяларын ХХ ғасырдың басында Э. Сепир (Е. Sаріг) бастаған ғалымдар одан әрі дамытты.
Дегенмен де этнолингвистиканың тіл ғылымының ішінде жеке сала ретінде қарастырылып, қалыптаса бастауы XX ғасырдың 20-30-жылдарынан кейінгі кезең. Бұл кездерде англиялық Л. Р. Палмер, швециялық Ф. де Соссюр, польшалық В. Маленовский, американдық Ф. Боас, Б. Уорф, т. б. ғалымдардың үлкен үлес қосуының нәтижесінде этнолингвистика дербес ғылымға айналды.
Қазақ тіл білімінде 70-жылдардан бастап Ә. Қайдаровтың [8] басшылығымен этнолингвистиканы зерттеу қолға алынды. Қазірге дейін біршама жұмыстар қарастырылып, өзіндік нәтижесін берді. Атап айтсақ, академик Ә. Қайдаровтың жасап жатқан «Қазақтар: ана тілі әлемінде» атты 4 томдық этнолингвистикалық сөздігі өз алдына бір төбе, сонымен бірге ғалымның жетекшілігімен жазылып, қорғалған диссертациялар да бір шама. Бұлардың қатарына Ә. Ахметов, Р. Н. Шойбеков, Ж. А. Манкеева, Р. Б. Иманалиева, А. Ж. Мұқатаева, С. К. Сәтенова, А. Ш. Жылқыбаева, Қ. Аронов, Б. Уызбаева, М. Мұсабаева т. б. еңбектерін атауға болады.
Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдердің этнолингвистикалық және этномәдени жүйесі, негіздері, классификациясы, жасалу жолдары, тіл байлығын дамытудағы орны, тіл мәдениетіне тигізетін әсері баяндалған Ә. Ахметовтің еңбегі [9] ; Халық ауыз әдебиеті мен XV-XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар тіліндегі деректерге тарихи-лингвистикалық талдау жасау арқылы қазақ халқының материалдық мәдениетін бейнелейтін лексика-семантикалық топтарға этнолингвистикалық зерттеу жүргізген Ж. Манкееваның [10] еңбегі; Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдерге жан-жақты этнолингвистикалық талдау жүргізген. С. Сәтенованың [11] зерттеулері мен басқа да жұмыстар қазақ этнолингвистикасына қосылған олардың өзіндік үлестері деуге болады.
Қазақ этнолингвистикасын зерттеуде ғалым Е. Жанпейісов [12] пен М. М. Копыленконың [13] еңбектерінің орны айрықша екенін атап өту керек. Е. Жанпейісов қазақтың этнокультурологиялық лексикасын алғаш рет зерттеп, монография жазса, М. М. Копыленко этнолингвистикаға қатысты ұғым-түсініктерді жүйелеп, бір ізге түсіруде еңбек етті.
Бүгінде қазақ тіл білімінің осы саласынан еңбектер жазып, ізденушілер қатары да қауырт өсіп келеді. Демек этнолингвистика қазақ тіл білімінде дербес сала ретінде қалыптасып үлгерді деуге болады.
Этнолингвистика сипаттамалы тіл ғылымы мен құрылымдық тіл ғылымы сияқты, таза тілдік фактілердің өзін ғана зерттеуді мақсат етпейді. Ол тілдік фактілерді тіл және халықтық мәдениетпен байланыстыра қарастыруды мақсат етеді.
Қазақ халқының әр дәуірдегі рухани мұраларын әр қырынан зерттеу Ш. Уәлихановтан басталып, Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, С. Аманжолов, М. Әуезов, Р. Сыздық, Н. Мыңжани, Су Бихай, К. Байпақов, Т. Жанұзақов, Х. Арғылбаев, Р. Бердібаев, С. Қасқабасов, Ө. Жәнібеков, С. Қасимов, Т. Машанов, С. Ақатаев т. б. еңбектерінде өз жалғасын тауып, өзіндік мақсатқа қарай (этнографиялық, археологиялық, тарихи, фразеологиялық, өнертану т. б. ) жан-жақты талданады.
Этнолингвистика өзінің бітім-болмысы, табиғаты жөнінен алғанда тарихи категория болып табылады. Себебі, ол халықтың қазіргі қалпын емес, көбінесе өткенін зерттейді. Ал халықтың өткені - оның көне мәдени лексикасынан анық көрінеді. Ол үшін лексиканың бәріне емес, оның ішінде де қазіргі түрлі тіл материалдарының ішінен тарихи, мәдени мәні бар, осы негізде жүйелеуге келетіндеріне баса назар аударады. Қазақ тіліндегі діни наным-сенімге байланысты лексика оның ең шұрайлы саласы. Бұл, негізінен, сол халық және сол халықты құраған ру-тайпалар мекен еткен аймақтағы рухани мәдени лексикасын қамтиды. Мұндай лексиканы этнолингвистикалық зерттеудің ғылыми жолы - тарихи-салыстырмалы әдіс және этимология.
Әрине, бұл үшін тілдік деректерді мифология, фольклористика, этнология, диалектология, этнография, тарих, дін т. б. салалардағы зерттеу нәтижелеріне, олардың материалдарына сүйеніп, пайдаланып, қарастыру керек. Бұл туралы этнолингвист-ғалым Е. Жанпейісов: "Этнолингвистика этносқа қатысты культурологиялық, этнологиялық, мифологиялық, лингвистикалық және фольклористикалық зерттеулердің синтезі іспетті. Этнолингвистика бұл зерттеулерді өзара байланыстыра, сабақтастыра қатар алып жүруді, үйлестіре жүргізуді талап етеді" [14], - дейді. Осы тұрғыдан алғанда этнолингвистиканы тіл ғылымының өзге ғылымдармен тоғысатын саласы деуге болады. Ал қазақ тіліндегі діни наным-сенімге байланысты лексиканы этнолингвистикалық тұрғыдан талдауда да жоғарыда аталған зерттеу тәсілдері қолданылады. Діни лексиканы зерттеу - дінді зерттеу емес, ол тіл арқылы халықтың ертедегі рухани байлығын жан-жақты қарастыру, байымдау болып табылады.
1. 2 Діни, халықтық наным-сенімдерді білдіретін лексиканың этнолингвистикалық аспектілері
«Лингвомәдениет» және «лингвомәдениеттану» терминдері мен оған қатысты мәселелер бұрыннан бергі ғылыми дәстүрге ие болғанмен, ғылыми ой дамуының әрбір кезеңінде жаңадан өзекті болып отырады. Тіл қай дәуірде болмасын этностың мінезқұлқын анық сипаттайтын құрал болып табылады. Этникалық тәжірибе қалыптасу мен дүниені қабылдау процесіндегі тілдің іргетасты рөлін көрсетуде философ, тілші Вильгелм фон Гумбольдттың тұрғаны белгілі, оның тұжырымдамасында тіл мен мәдениеттің байланысы мойындалады.
В. А. Маслова лингвомәдениеттану туралы жазған сүбелі еңбегінде оның қалыптасу тарихы, пәні мен зерттеу объектісі, мақсаты мен міндеті, оның базалық түсініктері мен тілдік (языковые сущности) мәндерге лингвомәдениетанымдық талдау жасау жайында толығымен тоқталып өткен [15] .
Осы зерттеуде лингвомәдениеттанудың зерттеу объектісін тоғызға бөліп, оның әрқайсысына жекелей тоқталып өткен. Осы негізді басшылыққа ала отырып қазақ тіл білімінде Г. Н. Смағұлова да лингвомәдениеттану объектілерін саралап өткен.
- Лингвомәдениеттанудың зерттеу сипаттау тәсіліне айналған сөздер мен айтылымдарда жатады, өйткені, лингвоелтану лингвомәдениеттанудың құрамдас бөлігі болып табылады. В. А. Маслова: баклуши (бить баклуши), щи, каша, баня (задавать баню) т. б. сөздерді жатұызады, сонымен қатар, ол тілдің кумулятивті қызметін атқаратын, сол мәдениетке тән құбылысты сипаттайтынбаламасыз лексиканы(гармошка, бить челомт. б. ) және өзге тілде бар, ал өз тілінде жоқтілдік ақтаңдақтардыда осы қатарға жатқызған.
В. А. Маслова лингвомәдениеттанудың зерттеу нысандарын бөліп қарастырғанда, Е. М. Верещагин мен В. Г. Костамаровқа сүйене отырып, баламасыз лексиканы да лингвомәдениеттанудың бір нысанына жатқызған.
- Тілдің мифтелген бірліктері: тілде қалыптасқан архетип пен мифологема, әдетғұрып, нанымсенімін білдіретін сөздер. Мифологема - это важный для мифа персонаж или ситуация, это как бы «главный герой» мифа, который может переходить из мифа в миф. В основе мифа, как правило, лежит архетип. Архетип - это устойчивый образ, повсеместно возникающий в индивидуальных сознаниях и имеющий распространение в культуре. Мысалы, қазақ тілінде біреудің ал жібін аттамау деген түрақты тіркес бар, яғни мұның архетипі біреуге кесірін тигізбеу, біреуді даттамау. Ала жіп ұғымы жаманшылық, қастандық ұғымдарымен сәйкес келеді. Атабабамыз біреудің алдынан кескестеп өтпе, ала жібін аттама деген, оның мағынасында өзге адамның дүниесіне қол сұқпа, оның ырысын өзіңе тартпа жанды уағыз жатыр. Әдетғұрып пен наным сенімін білдіретін сөздерге Г. Н. Смағұлова құда түсу рәсімдері, үйлену тойы, ас беру т. б. толып жатқан ұлттық дәстүр, әдетғұрып түрлерінің атауларын, сол сияқты сауын айту, жылу жинау, асар салу, байғазы беру, түсау кесер т. б. тіркестерді жатқызады.
- Қандай да бір ұлттың, халықтың ғасырдан ғасырға жалғасын тауып, тілдік қолданысынан ерекше орын алып, сол халықтың өзіне тән ақылойын, парасат танымын, тіршілігіне тән ұйғарымдарын білдіретін тілдіңпаремиологиялық объектісіне жатқызуға болады. Қазақ тіл білімінде мақалмәтел жанжақты сараланып зерттелгенмен, лингвомәдениеттану саласында әлі де зерттеуді қажет ететін тың тақырыптардың бірі.
- Халықтың мәдениеті мен оның менталитеті туралы бағалы мәліметтер жиынтығынтілдің фразеологиялық қорыбереді. Фразеологиялық тіркестердің мәдени ақпаратқа қанықтығын орыс тіл білімінде де, қазақ тіл білімінде де сүбелі түрде зерттелген (В. Н. Телия, Г. Н. Смағұлова) .
- Эталондар, стереотип пен символ. Тілде эталондар көбінесе тұрақты теңеулер түрінде кездеседі. «Теңеу дегеніміз - құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі. әр нәрсені салыстыру негізінде жасалатын бейнелі сөздер, туынды мағыналы сөздер, құбылту түрлері аз емес. Олардан теңеудің айырмасы - мұнда салыстыру тура, айқын көрінеді. Нені және немен салыстырылғаны анық болады.
Әрбір тілдің көрнекі сөздері сол тілдің бітім-болмысына, мәдениетіне тән өзіндік ерешеліктері болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz