Учаскелік стансаның технологиялық процесі


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

1. Станса жұмысының жалпы сұрақтары . . .

1. 1 Станцияның техникалық - пайдалану сипаттамасы . . .

1. 2 Арнаулы орындар мен жолдар . . .

1. 3 Пойыздар мен вагондардың бағытын қарастыру . . .

1. 4 Станция жұмысын басқару . . .

2. Пойыз бен вагондардың өңдеу технологиясы . . .

2. 1 Ауысымды локомотивтің өңдеусіз транзитті пойызбен өтетін өңдеу технологиясы . . .

2. 2 Өңдеуге келген пойыздардың өңделу технологиясы . . .

2. 3 Өзін-өзі жинақтайтын транзитті пойыздардың өңдеу технологиясы. .

3 Станцияда маневр жұмыстарын ұйымдастыру . . .

3. 1 Тарту жолдарында пойыздарды тарату және құрастыруды ұйымдастыру . . .

3. 2 Құрамды таратуға кететін технологиялық уақытын анықтау . . .

3. 3 Телімдік пойыздардың құрастыруынан аяқталуына кететін техникалық уақытты анықтау . . .

3. 4 Құрама пойыздың құрастыруының аяқталуына кететін технологиялық уақытты анықтау . . .

3. 5 Маневр жұмысын ұйымдастыру . . .

4. Станцияның тәуліктік жоспар кестесін құру . . .

5. Станция жұмыс көрсеткішінің есебі . . .

5. 1 Станциядан өңдеусіз өткен өтпелі вагондардың орташа тұру уақыты

5. 2 Станциядан өңдеумен өтетін вагондардың орташа уақыты . . .

5. 2. 1 Келу және тарату операциясы астында(кесте бойынша) . . .

5. 2. 2 Жинау астында . . .

5. 3 Тұрғылықты вагондарды өңдеу мен қайта өңдеу графигін жасау . . .

6. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс шаралары . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Өндірістік ұйымдардың негізгі стадиясы өнімдерін шынайы ортадан қоршау, теміржол және автомобилъ жолдарының бұдан айырмашылығы табиғатпен үздіксіз түйісу шартынан құралады. Қазақстан Республикасы соңғы жылдары көптеген көлік түрлерімен көбейіп жатыр, көліктің функционалды қолдауы танылып өндірістің жаңа түрлері ұйымдастырылады.

Теміржол шындығына келгенде , экономикалық және өркениетінің дамуына үлкен септігін тигізіп, бұрынғы Совет одағының индустрионалды аграрлық өлкелердің бірі болып табылады. Болат магистралдар бүгінде егемен Қазақстанның басты өзіндік экономикасы болып қалады.

Бәрімізге мәлім, ХХ ғасырдың басында Орынбор-Ташкент магистралы салынған болатын. Соның негізгі бөлігі елімздің батыс аумағында орналасқан. Бұл жол аймақтың экономикалық игеруін қамтамасыз етіп, Ресейдің орталық бөлігімен тауар және шикізат алмасып, Қазақстанның кадрлық жұмыс класын жинауға себеп болды.

Теміржол құрылысындағы келесі маңызды қадам әлеуметтік мемлекеттің алғашқы үлкен құрылысы Сібір магистралінің іргетасы болатын. Түрксіб біздің мемлекетіміздің қазіргі экономикалық негізін құрап, қазақ халқының ынтасы мен құлшынысын көрсетті.

Транзитті пойыздарға қызмет көрсету, локомотивті ауыстыру және локомотивті депо, құрамды тарату және жинау, телімдік және жинақтық пойыздар, қозғалмалы құрамға қызмет көрсету операциясы бойынша, сондай-ақ жолаушылар, жүк және кәсіпкерлік операцияларды орындауы болып табылады. Телімдік станция өнеркәсіп ұйымдарының кірме жолдарын, қоймалар мен кеншілерге қызмет көрсетеді. Кейбір телімдік станцияда жолаушылар вагонын сумен және отынмен қамтамасыз етіп жылулық вагонымен жабдықтап, басқада операцияларды орындайды. Телімдік станция пойыздың тарту күші қызметінің рөліне байланысты станцияны негізгі айналма депосы немесе локомотивтердің оралым орны және локомотивті депоның кезекті орны деп бөледі.

Телімдік станцияда телімдік пойыздарға келетін вагондар 2 топқа тағайындалады: станцияға тиеу-түсіру және аралық станцияға жалғасқан телім.

Екінші топтың вагондарынан телімнің аралық станциясы бойынша жинақтық және іріктелген басқа көп топты пойыздарды жеке топқа жинайды. Жинақтық пойыздарға келген және станцияда тиелген вагондарды телімдік станцияда, кейбір жағдайда аялдаусыз пойыздарды жинайды.

Телімдік және жинақтық пойыздардың вагондарын жинау үшін реттеу орнының жолына жинайды. Құрамды тарату және жинау жұмыстарын реттеу орнының екі шетінде орналасқан тартылым жолында бір немесе екі локомотив жұмыс жасай алады. Жұмыс көлемі едәуір болғанда аз қуатты дөңес пайдаланылады.

Дайын құрамды реттеу орнының жолдарымен тікелей жөнелтеді немесе жөнелтуге арналған қабылдау-жөнелту паркінің жолдарына ауыстырады.

Аралық станцияға қарағанда телімдік станцияда жолаушылар және жүк операциясы әдетте үлкен өлшемде орындалады. Өтпелі жолаушылар пойызы телімдік станцияға келгенде басты жолға немесе қабылдау, жөнелту жолдарына қабылдайды. Өтпелі пойыздардың тоқтаған уақытында жолаушыларды отырғызу, түсіру және жүктермен поштаны тиеу-түсіру, құрамды техникалық тексеру, вагондарды ағытусыз жөндеу, кейбір станцияда құрамды сумен, ал қысқы уақытта отынмен жабдықтап, бір уақытта жүзеге асырады. Жолаушылар локомотивін ауыстыру, және локомотивті құрама осы уақытта жеке телімдік станцияларда ғана орын алады.

Телімдікстанцияның жүк жұмыстарына кіретіндер:жүк -түсіру, материалды қойма мен басқа да жүк фронттары; жолының қызметі; аралық меншікті тиеу вагондарының артығымен тиелген жүктерінвагонөлшейтін таразыға өлшеу. Кейбір операцияларжүктелген:ұсақжөнелтуді сұрыптау, , жануарлар таситын вагондарды сумен жабдықтау, босаған вагондарды жуып тазарту және тағыбасқа.

1 Станса жұмысының жалпы сұрақтары

1. 1 Станцияның техникалық - пайдалану сипаттамасы

Телімдік станция “Н” орындалу жұмысының сипаттамасына байланысты бойлық типті торабтық станция болып табылады. Берілген станцияға үш бағыттан қиылысады “М-Н”, “Н-О”, “Н-С”.

М-Н және Н-О телімі қос жолды, және автотосқауылымен жабдықталған.

Н-С телімі дара жолды, жартылай автотосқауылымен жабдықталған.

Н станциясы үш парктен тұрады:

  • ҚЖ-1 3 жолы тақ транзитті өңдеусіз пойыздарды қабылдап, жөнелтуіне және тақ пойыздардың өңдеуге түскен, сондай-ақ пойыздардың өзін-өзі жинауын қабылдауға арналған.
  • ҚЖ-2 3жолы жұп транзитті пойыздардың өңдеусіз қабылдап, жөнелтуіне және жұп пойыздарының өңдеуге түскенін қабылдап, сондай-ақ өзін-өзі жинау пойыздарының жөнелтілуіне арналған.
  • СП 8 жолы вагондарды толық құрамға дейін жинақтауға арналған.

Станциядағы бағыттағыштар мен дабылдар электрлі орталықпен жабдықталған.

Маневрлі жұмыс тартылым жолдарда кезеңдік итеріліммен орындалады. Беру және алу станция локомотивімен орындалады.

Еңіс тартылмалы жол СП қарай 30 тұрады.

Қабылдап жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы -1050м

Станцияға келеді:

  • Өтпелі өңдеу - 12 пойыз
  • Өтпелі өңдеусіз - 34 пойыз
  • Тұрғылықты-60вагон

1. 2 Арнаулы орындар мен жолдар

Арнаулы парктер станцияда қиылысу телімдеріне сәйкес шығарылады. “O”, “С” жағынан тақ парк, ал “М” жағынан жұп парк орналасады. Қабылдау-жөнелту паркінде өңдеусіз өткен өтпелі пойыздарды және өңдеуге түскен өтпелі пойыздарды қабылдауға, сонымен қатар өзін-өзі жинау пойыздарының жөнелтуіне арналған жолдар қарастырылуы тиіс.

Арнаулы сұрыптау жолдары пойыздардың жинау жоспарына сәйкес есеп-қисаптан бөлінген әр мақсатқа бір жолдан орнатылады. Бұдан басқа тұрғылықты вагондарға және ағытып жөндеуді талап ететін вагондарға арналған жеке жолдарды барынша ерекшелеу керек. Арнаулы парктер мен жолдарды ыңғайлы, орынды болуы үшін кесте 1 саламыз.

Кесте1 Арнаулы орындар мен жолдар

Парктер мен жолдардың аттары
Жол нөмірі
Арнаулы
Парктер мен жолдардың аттары: Басты жол
Жол нөмірі: I
Арнаулы: Тақ жолаушылар пойызын қабылдап жөнелтуге, сонымен қатар тақ өтпелі пойыздардың өтуіне арналған.
Парктер мен жолдардың аттары: Басты жол
Жол нөмірі: II
Арнаулы: Жұп жолаушылар пойызын қабылдап жөнелтуге, сонымен қатар жұп өтпелі пойыздардың өтуіне арналған
Парктер мен жолдардың аттары: Жолаушы жолы
Жол нөмірі: 3
Арнаулы: Жолаушылар пойызын қабылдауға және жолаушыларды түсіріп мінгізуге арналған.
Парктер мен жолдардың аттары: ҚЖ-1
Жол нөмірі: 5
Арнаулы: Жұп жолаушылар пойызын қабылдап жөнелтуге арналған.
Парктер мен жолдардың аттары: 7
Жол нөмірі: Тақ транзитті өңделген пойыздарды қабылдауға арналған.
Парктер мен жолдардың аттары: 9
Жол нөмірі: Тақ өзін-өзі жинау пойыздарын жөнелтуге арналған.
Парктер мен жолдардың аттары: ҚЖ-2
Жол нөмірі: 2
Арнаулы: Жұп транзитті өңдеусіз пойыздарды қабылдап жөнелтуге арналған.
Парктер мен жолдардың аттары: 4
Жол нөмірі: Жұп транзитті өңделген пойыздарды қабылдап жөнелтуге арналған.
Парктер мен жолдардың аттары: 6
Жол нөмірі: Жұп өзін-өзі жинау пойыздарын жөнелтуге арналған.
Парктер мен жолдардың аттары: Жүріс жолы
Жол нөмірі: 8
Арнаулы: Локомотивті қойымнан қойымға өткізуге арналған.
Парктер мен жолдардың аттары: СЖ
Жол нөмірі: 10
Арнаулы: Вагондарды М станциясына және одан әрі жинауға арналған
Парктер мен жолдардың аттары: 11
Жол нөмірі: ВагондардыМ-Н телімдеріне жинауға арналған.
Парктер мен жолдардың аттары: 12
Жол нөмірі: Вагондарды О станциясына және одан әрі жинауға арналған.
Парктер мен жолдардың аттары: 13
Жол нөмірі: Вагондарды О-С телімдеріне жинауға арналған.
Парктер мен жолдардың аттары: 14
Жол нөмірі: Вагондарды С станциясына және одан әрі жинауға арналған.
Парктер мен жолдардың аттары: 15
Жол нөмірі: Вагондарды С-Н телімдеріне жинауға арналған.
Парктер мен жолдардың аттары: 16
Жол нөмірі: Тұрғылықты вагондарды жинауға арналған.
Парктер мен жолдардың аттары: 17
Жол нөмірі: Жөнделмеген шөгінді вагондарға арналған.
Парктер мен жолдардың аттары: Тартылу жолы
Жол нөмірі: 1
Арнаулы: Пойыздарды таратуға арналған.
Парктер мен жолдардың аттары: 2
Жол нөмірі: Таратуға және жинауға арналған.

1. 3 Пойыздар мен вагондардың бағытын қарастыру

Қозғалыс бағдарын зерттеу кезінде пойыздар мен локомотивтердің ең аз жүрісін қамтамасыз етіп, қарсылас бағыттың атауы, өндіріс моневрі және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің шарттары, станция сағасы мен жолдардың біркелкі салынуы қарастырылады. Бағытты зерттеу орынды болуы үшін кесте 2 енгіземіз.

Кесте 2 Пойыздар мен вагондардың бағытын қарастыру

р/с

Бағдар атауы
Жол нөмірі
Бағдарға шығатын бағыттағыштар нөмірі
№р/с: 1
Бағдар атауы: Жұп жолаушылар пойыздарын қабылдап жөнелтуге арналған.
Жол нөмірі: 3
Бағдарға шығатын бағыттағыштар нөмірі: 2, 6, 12, 14, 20
№р/с: 2
Бағдар атауы: Тақ жолаушылар пойыздарын қабылдап жөнелтуге арналған.
Жол нөмірі: 3
Бағдарға шығатын бағыттағыштар нөмірі: 7, 9, 11
№р/с: 3
Бағдар атауы: Тақ транзитті өңдеусіз пойыздарды қабылдап жөнелтуге арналған.
Жол нөмірі: 5
Бағдарға шығатын бағыттағыштар нөмірі: 3, 5, 13, 15,
№р/с: 4
Бағдар атауы: Тақ транзитті өңделген пойыздарды қабылдауға арналған.
Жол нөмірі: 7
Бағдарға шығатын бағыттағыштар нөмірі: 3, 5, 13, 15, 17
№р/с: 5
Бағдар атауы: Тақ өзін-өзі жинау пойыздарын жөнелтуге арналған.
Жол нөмірі: 9
Бағдарға шығатын бағыттағыштар нөмірі: 3, 5, 13, 15, 17
№р/с: 6
Бағдар атауы: Жұп транзитті өңдеусіз пойыздарды қабылдап жөнелтуге арналған.
Жол нөмірі: 4
Бағдарға шығатын бағыттағыштар нөмірі: 8, 4, 10, 12, 14
№р/с: 7
Бағдар атауы: Жұп транзитті өңделген пойыздарды қабылдауға арналған.
Жол нөмірі: 6
Бағдарға шығатын бағыттағыштар нөмірі: 8, 4, 10, 12, 14, 16,
№р/с: 8
Бағдар атауы: Жұп өзін-өзі жинау пойыздарын жөнелтуге арналған.
Жол нөмірі: 8
Бағдарға шығатын бағыттағыштар нөмірі: 8, 4, 10, 12, 14, 16

1. 4 Станция жұмысын басқару

Станция басшысы барлық оған жүктелген міндеттерді орыдауға жауапты, техникалық процестің негізінде жұмысты, еңбектің алдыңғы қатарлы әдісін жарыстың кең дамуын ұйымдастырады, жолаушыларға, жүкті жіберушілер мен алушыларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, техникалық құралдардың дұрыс қолданылуын тексереді. Станция басшысы олардың барлық өндірістік және шаруашылық қызметін басқарып, еңбек өндірісін жоғалту, пойыз өндірісінің өзіндік құнын төмендету және енгізу, техникалық құрылғылардың жақсы пайдаланылуы үшін іс-шаралар ұйымдастырады.

Станция басшысының маңызды міндеті - кадрларды іріктеп, техникалық білімге үйретеді, жұмыс күшінің дұрыс орындалуы, мемлекеттік және еңбектік тәртіпті әрдайым нығайту, еңбектік заңның сақталуын қамтамасыз ету, техникалық қауіпсіздікті талап ету және жұмысшылардың мәдениеттік-тұрмыстық жағдайын жақсарту. Станция басшысы номенклатурағасәйкес қатынас жол министрлігінің бекітуімен, жұмысшыларды қабылдау және шығару, жұмысшының тәртіптелінген шарасын жақсы орындаса мадақтау құқығы берілген. Ол - станцияда істейтін жұмыскерлерге (жолдар мастеріне, электр механикаландырушылар, локомотив машинистары, вагон тексергіштер және басқалары) жұмыстың тұрақты болуына бұйрық бере алады.

Станция басшысының орынбасары, бас инженер қызметтері штат кестесімен жасалынған, штат кестесі нақтылы станция үшін жұмыстың көлемімен ерекшеліктеріне тәуелді. Сұрыптау, жолаушылар, ірі-жүктік, сонымен қатар ірі телімдік станция қатарына станция жұмысының диспетчерлік басшылығы жауапты. Барлық шұғыл жұмыстарды ауысымдық маневр диспетчері (АМД), бұл қызмет түрі қарастырылмаған жерде станция кезекшісі (СК) басшылық етеді. Маневрлік диспетчер барлық цехтің қызметтерін үйлестіреді, бөлімдер кезекшілерімен, вагондардың техникалық тексеру пунктіндегі ауысымды мастерімен, локомотив депосының кезекшісімен оперативтік жоспар құрады. Және осы жоспардың орындалуын қадағалайды. Екі жақты сұрыптау станциясында реттеу жұмысының жүйесін, жақын тұрған телімдер мен станция жұмысының қиылысуын, станция және локомотив депосын станциялық диспетчермен үйлестіреді, ал реттік жүйедегі маневрлік жұмысты маневрлік диспетчер ұйымдастырады.

1. 5 Пойыздар мен вагондардың келуі туралы мәліметтер

Телімдік станция жобалы және нақтылы мәлімет алуға тиіс. Жобалы мәліметпен кезекшілікке түсетін тапсырмада 12 сағат бұрын станцияға әр бағыттан келетін пойыздар саны және берілген станцияға түсірілімге келетін вагондар саны беріледі.

Әр бір 4-6 сағат сайын, жол бөлімшесі станцияға келесі берілген әр пойызға, өңделген мәлімет беріп отырады. Соның ішінде: нөмірі, индексі, келуге берілген уақыты, жалпы вагондар саны мен массасы. Жинау жоспарына арналған вагондар саны (арнайы өңделген пойыздар) және де аталған станцияға түсірілімге берген вагондар саны. Осы ақпараттарды жол бөлімшесінен анықтама орталығына немесе бөлім бойынша кезекші операторға жіберіледі.

Толық немесе жиілік өңдеуге түскен барлық пойыздардан (жинақтан басқа) нақты мәліметті телеграммалық анықтау парағы түрінде станция алуға тиіс. Одан басқа жөнелтілетін пойыздар (жөнелтілуден кейін 10 минут кешіктірілмей) жинақтау станциясы немесе жол ережесі орнатылған ақпарат беру станциясы жібереді. Пойыздарға жинақтау станциясынан тарату станциясына дейінгі кететін жүріс уақыты, арнайы тарату станцясына біріккен жеделхатта (телефонаграммада) нұсқалатын нөмірі, пойыз индексі, көрсетілген жөнелту уақыты, саны, шартты ұзындығы және вагон тобының массасын жібереді.

2 Пойыз бен вагондардың өңдеу технологиясы

2. 1 Ауысымды локомотивтің өңдеусіз транзитті пойызбен өтетін өңдеу технологиясы

Транзитті пойыздар учаскелік және реттеу станция өңдеуінің құрамына:

- құрамға техникалық қызмет көрсету, вагондарды ағытусыз жөндеу және автотежегіштерді тексеру;

- құрамның коммерциялық тексерілуі және коммерциялық ақауларды жою;

- локомотив пен локомотив бригадаларының ауысуы кіреді.

Құрамды тексергенде техникалық қызмет көрсету кезінде жоюға талап ететін вагондардың техникалық күйін, олардың тежегіш жабдықтарын, ақауларды айқындайды. Бұл жұмысты бірнеше топтан тұратын бригадалар орындайды. Топқа вагон байқаулары, автоматик байқауыштары және жөндеу слесарі кіреді. Бригада және топ санын пойыз құрамының көлемі мен ұзындығына, келу қарқыны мен өңдеудің уақыт нормасына байланысты анықтайды. Әдетте құрамды 1 бригаданың үш- төрт тобы бір уақытта өңдейді, әр-қайсысы сол бригадаға бекітілген бөлігі. Тексерген кезде айқындалған ақ-ауларды әдеттегідей құрамдағы вагондардың ағытуынсыз жояды.

Вагондарды тексерудегі техникалық пунктісі 3 топқа бөлінеді: негізгі, ірілендірілген өткенші жөндеу станциясында орналасқан жаппай жүк тиеу, вагондарды тиеуге дайындау кезінде тексеру; реттеу станциясындағы вагондарды тексеру және өтпелі жөндеу; өтпелі пойыздағы вагондардың күйін бақылайтын уческелік станациясында орналасқан техникалық бақылаудың қызмет көрсету пунктісі. Бұдан басқа, бақылау орны мен кірме жолындағы вагондардың техникалық пунктісін орнатады. Локомотивтің ұзартылған хабарласу бөлімшесінде техникалық тексеру мен вагондарды жөндеу - техникылық қызмет көрсету бөлімінде шоғырланады. Бұл ауыспалы локомотив пунктісінде құрамды техникалық тексеру бақылауы, ұзақтығы аз операциямен шектеуге мүмкіндік береді, ол пойыз жүруінің тездетуіне мүмкіндік туғызады.

Өңдеулерсіз ауысымды локомотивпен өтетін транзитті пойыздың өңделуі кесте 3 көрсетілген.

Кесте 3Ауысымды локомотивтің өңдеусіз транзитті пойызбен өтетін технологиясы

Операциялар
Пойыз келуінің алдында
Уақыт, мин.
Орындаушы
0 5 10 15 20
Операциялар: Пойыз диспетчерінен нөмір туралы қатынас қағазын алып, пойыз бен оның келу уақытын жазу
Пойыз келуінің алдында:
Уақыт, мин.:
Орындаушы:
Станция кезекшісі
Операциялар: Жұмысшыларға, ТТП, КТП-не хабарлау
Пойыз келуінің алдында:
Уақыт, мин.:

33

3

Орындаушы:
Станция кезекші операторы
Операциялар: Пойыз өңделуіне қатысатын жұмысш-дың қабылдау жолына шығу
Пойыз келуінің алдында:
Уақыт, мин.:
Орындаушы: 10
ТТП, КТП, ТК жұмысшылары
Операциялар: Пойыз локомотивінің ағытуы, автотежегіштерді жіберу және құрамды қоршау
Пойыз келуінің алдында:
Уақыт, мин.:
Орындаушы: 10
Локомотивтік бригада, ТТП жұмысшылары
Операциялар: Локомотивтік бригададан жүк құжаттарын қабылдау
Пойыз келуінің алдында:
Уақыт, мин.:
Орындаушы:

1

10

Станция кезекшісі
Операциялар: Құрамның техникалық тексерілуі
Пойыз келуінің алдында:
Уақыт, мин.:
Орындаушы:

220

2

ТТП жұмысшылары
Операциялар: Коммерциялық тексеру және ақауларды жою
Пойыз келуінің алдында:
Уақыт, мин.:
Орындаушы:

220

2

КТП жұмысшылары
Операциялар: Локомотив ілу, тежегіштерді сынау, құжаттар пакетін алу және оның жүруі
Пойыз келуінің алдында:
Уақыт, мин.:
Орындаушы:
10
Локомотивтік бригада, ТТП, ТК операторы, сигналистер
Операциялар: Жалпы ұзақтылығы
Пойыз келуінің алдында:
Уақыт, мин.:
Орындаушы: 330

2. 2 Өңдеуге келген пойыздардың өңделу технологиясы

Әрбір құрастырылған пойызға құру станциясы анықтауқағаз толтырады, ол жерде әр вагонның нақты орналасуы туралы мәлімет рет- ретімен жазылады.

Анықтауқағазы сонымен қатар құрам, пойыздың салмағы мен ұзындығына, құрамның бүкіл жол жүрісі туралы қорытынды мәлімет жиналып, қоса бірге жүреді. Анықтау қағаздың бір данасын жол есептеуші орталығына немесе келетін станцияға, жеделхатанықтау қағаздын жіберу үшін қолданады. Жеделхат анықтау қағаз бүкіл анықтау қағаздың мәліметінен тұрады. Егер жолда тасымал процессінің автоматтандырылған жедел жүйесінің басқарылуы қызметтендірілсе, онда жеделхат анықтау қағаз есептеуіш орталығындағы ақпараттық банкісіне қосылады. Сұрау салу бойынша жол есептуіш орталығы керекті ақпаратты станция мен жол бөлімшелерге, жеке алғанда пойыз келетін станцияға, жол жүру кезіндегі бағыттын өзгерісін анықтау қағазда есепке алады. Егер жол есептеуіш орталығында жедел ақпарат банкі әлі жасалмаса, пойыз баратын станцияға жеделхат анықтау қағазды тікелей жинау станциясынан немесе жол жөнеки станциясынан, яғни техникалық операциялар жасалған станциясынан жіберіледі. Басқаша жағдайда пойыз келетін станциядан тарату станциясына дейін жол жүру уақыты 4-5 сағаттан кем болмауы тиіс.

Реттеу станциясында телеграфтық аппараттарды біріктірілген техникалық кеңсемен қатты қарым қатынаста жұмыс істегендіктен, әдетте жеделхат анықтау қағазды қабылдап жіберу үшін ақпараттық орталықта орналастырады. Ақпараттық орталық пен біріктірілген техникалық кеңсе маневрлік диспетчердің бір ғимаратында орналасады. Ақпараттық орталықтың немесе техникалық кеңсенің операторлары жеделхат анықтау қағазды біркелкі желілер станция белгісінің негізінде белгі қойып, қалыптастыру жоспарының тағайымы бойынша вагон санын анықтайды. Таңбаланған жеделхат анықтау қағаздың екі данасын станция жұмысының ағымдалуын жоспарлау, құрамдағы вагондарды жинау, реттеу, таратату ушін маневрлік диспетчер алады. Станцияда автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ) болған жағдайда барлық есептік операциялар, вагондарды тағайымдау белгісін қоса отырып ЭЕМ орындайды, ол сұраныс бойынша басып шығаратын құралға немесе телевизиондық терминалға (дисплей) құрамдағы пойыз туралы мәлімет береді.

Станцияға дайындалып таратуға келген пойыздар келесіден тұрады:

  • Техникалық кеңсенің жұмысшылары локомотивтік бригададан құжаттарды қабылдау, олардың құрамға сәйкес келуін анықтау қағаздан және оның алдында келіп өңделген жеделхат анықтау қағазбен тексеру, реттеу қағазы мен жеделхат анықтау қағазының бір-бірімен сәйкестігін анықтау;
  • вагондардың техникалық және коммерциялық тексерілуі;
  • құрамдағы тежегіш жеңдерінің ілуін қоса отырып, оларды маневрге дайындау

Егер жеделхат анықтау қағаздың нақты жазғандарына жетпесе, онда әдетте құрамның мойындыққа келу тұсында тексеру үшін арнайы орындар немесе ЭЕМ құрады. Пойыз сол орынның жанынан 15-20 км/с өтсе, телетайп операторы бүкіл вагондардың номірін біріктірілген техникалық кеңсеге жібереді. Соның арқасында техникалық кеңсенің операторларына құрам пойызының жанынан өтуіне қажеті жоқ. Құрама және басқа пойыздарға жеделхат анықтау парағы келмеген жағдайда, техникалық кеңсенің жұмысшылары телетайптік есептен шығарылған мәліметтерін және алынғантасымал құжаттарын реттеу қағазына дайындайды. Құрамның жөнелту орнында қызмет көрсету кезінде, жөндеуге тұратын вагондарды табады.

Кесте 4Өңдеуге келген пойызардың өңделу технологиясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Станса жолдарының парктерінің мамандандыруы
Маманданған жүк стансасы
Телімдік стансаның жұмысының технологиялық үрдісі
Біржолды автоблокировка рельс тізбектерінің ауысып қосылуы
Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару мамандығы бойынша тәжірибе есебі
Құрама поездарды тазалау
Шымкент-Түркістан бағыты бойынша көліктік-экспедициялық қызмет көрсету технологиясын жетілдіру жобасы
Микропроцессорлық автоблокировка жүйелері
Шу-Отар телімінде ОРЦ мен XML құжаттарымен құжат алмасуы
Теміржол көлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz