Си бағдарламалау тілі


Мазмұны

КIРIСПЕ . . . 3

1 бөлім. Си программалау тіліне кіріспе

1. 1. Си бағдарламау тілінің мүмкіндіктері мен кемшіліктері . . . 5

1. 2. Бағдарлама құрылымы . . . 8

1. 3. Си тіліндегі негізгі операциялар . . . 12

2 бөлім. Си тіліндегі өрнектер және меншіктеу операторы

2. 1. Си тілінің операторлары. Меншіктеу операторы . . . 14

2. 2. Меншіктеу операторлары және шартты өрнек . . . 17

Қорытынды . . . 21

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 23

КIРIСПЕ

С++ тiлi BCPL және B тiлдердiң негiзiнде құралған және Си тiлiнен дамыған. BCPL тiлi компилятордан жазуға және операциялық жүйенi бағдарламамен қамтамасыз етуге арналған. Бұл тiлдi 1967 жылы Мартин Ричард ойлап тапқан. Кен Томпсон В тiлiнiң көптеген мүмкiндiктерiн BCPL дубликатында және В тiлiн UNIX операциялық жүйелерiнiң алғашқы версияларын құру үшiн 1970 жылы Bell Laboratories-те DEC PDP-7 компьютерiнде қолданылды. BCPL және В тiлдерi қолдануға тиiмсiз болды. Онда мәлiметтiң әрбiр элементi жадыда бiр сөздiң орнын алады және мәлiмет элементтерiн өңдеуде бағдарламашыларға ауыртпалығын тигiздi.

Си тiлi В тiлiнiң негiзiнде дамыды. Си тiлiн Bell Laboratories-те 1972 жылы Деннис Ритчи DEC PDP-11 компьютерiнде жасады. Си BCPL және В тiлдерiнiң көптеген маңызды концепцияларын және мәлiмет типтерiн және басқа да қасиеттерiн қолданды. Си тiлi UNIX операциялық жүйесiн өңдеудегi тiл ретiнде кеңiнен танымал болды. Қазiргi таңда барлық операциялық жүйелер Си және Си++ тiлдерiнде жазылған. Соңғы он жылдықта Си тiлi көптеген компьютерлерде қолайлы болды.

Си++ Си тiлiнiң кеңейтiлген түрi. Оны 1980 жылдың басында Бъерн Строустроп Bell Laboratories-сында өңдеп шығарған. Си++ тiлi Си тiлiнiң бiрқатар қасиеттерiн реттеудi қамтамасыз етедi және ең маңыздысы объектi-бағдарланған бағдарламалық мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. Бұл бағдарламамен қамтамасыздандыру әлемiндегi революциялық идея болып табылады.

Басқада бағдарламалық тiлдер көптеген қажеттi эффект бере алмағандықтан, Си++ алғашқыда ең жоғарғы деңгейдегi нақтылы оқиғалар үлгiлерiн өңдеу мақсаты үшiн құрылған тiл болды.

Си++ тiлiн құруда Си тiлiнiң сәйкестiгiн сақтап қалуға ерекше көңiл бөлiндi. Си++ тiлiнiң көмегiмен кең көлемдi бағдарламалық проектiлер құруға болады. Си++ тiлiнiң арқасында берiлген мәлiметтер типтерiне бақылауды күшейтуге және көптеген қосымша эффектiлердi жеңе алатын болдық. Си++ тiлiнiң ең маңызды табысы объектi-бағдарланған бағдарламалау болып табылады. Си++-тiң барлық жеңiлдiктерiн пайдалану үшiн негiзгi объектiлердi және олармен байланысқан операцияларды анықтап алу керек.

1 бөлім. Си программалау тіліне кіріспе

1. 1. Си бағдарламау тілінің мүмкіндіктері мен кемшіліктері

Программалу тілдері және негізгі классификациясы

Қазіргі кезде 3500-ден жоғары әр түрлі программалау тілдері бар және осылардың ішінен шектелген саны ғана программалық бөлімді құруға жаппай қолданылады. Программалау тілдерінің саны көп болуына байланысты олардың біршене классификациясы бар. Оның ішінде негізгі 2 түрге: фукционалдық мәніне (қызметі) және қолданылатын программалау технологиясына байланысты бөлінеді. Программалау тілдері фукнционалдық мәніне байланысты 4 үлкен классқа бөлінеді:

1) программалауға үйретуші;

2) жалпы мәнді;

3) проблемалық-бағытталған;

4) параллель программалаушы.

Қазіргі жоғары деңгейлі тілдерді осы классикацияға сәйкес қарастырамыз.

Программалауға үйретуші тілдер қатарына жататын жоғарғы деңгейлі тілдердің негізгілері Logo, Basic және Pascal. Logo тілі 60-шы жылдардың аяғында С. Пейперттің басшылығымен құрылды және ЭЕМ жаңа қолданушыларға, балаларға программалаудың негізін үйретуге бағытталған. Үйретуге арналған жоғары деңгейлі тілдердің ішіндегі кең тарағаны 1965 жылы Д. Кемени мен Т. Курц құрған Basic тілі. Дербес компьютерлерге бірінші қолданылған жоғарғы деңгейлі тіл және операциялық ортасы - Basic тілі. 60-жылдардың ортасынан бастап мамандар арасында құрылымдық программалау мәселесі көтеріле бастады. 1971 жылы Н. Вирт құрылымдық технологияға үйретуші Pascal тілін құрды.

Жалпы мәнді жоғары деңгейлі тілдер қатарына әр түрлі класс есептерін тиімді программалауға бағытталған тілдер жатады. Бұл классқа жататын тілдердің негізгілері C, Modula, Ada тілдері. Бұл тілдердің негізі 1966 жылы құрылған, ғылыми, пәндік облыстағы есептерді программалауға мүмкіндік беретін PL/1 тілі. PL/1 тілі ЖС ЭЕМ сериялы модельдерде кеңінен қолданылды. Си тілін 1972 жылы Д. Ритчи құрды және Unix операциялық жүйесі осы тілде жазылды. Си тілі ассемблер тілінің де және жоғары деңгейлі тілдің де мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін болғандықтан орта деңгейлі тіл деп атайды. Pascal тілінің идеологиясын тарату мақсатымен Н. Вирт 1980 жылы Modula-2 тілін құрды. Бұл программалау тілінің негізі - программа бір-біріне тәуелсіз модульдерден тұрады.

1978 жылы қазіргі АҚШ-та әскери қаруды басқаруға қолданылатын қосымшаларды программалуға арналған Ada тілі құрылды. Ada тілі құрылымды программалау тілі болып табылады және параллель программалау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

Проблемалық-бағытталған жоғары деңгейлі тілдер деп нақты пәндік облыс есептерінің мәселесін түгел қамтитын тілдерді атаймыз. Бұл классқа жататын бірінші жоғары деңгейлі тіл - Fortran тілі. Fortran-I тілін 1956 жылы IBM фирмасы құрды және ғылыми-техникалық есептерді шешуге арналған.

Жасанды интеллект символдық информацияларын және тізімдерін өңдеуге арналған есептерді программалауға Lisp, Prolog тілдері қолданылады. Lisp тілін 50-жылдары Д. Макартни құрды. 70-жылдары Lisp тілінің негізінде құрылған Prolog тілі логикалық программалау тілі болып табылады және 5 буынның ЭЕМ жапон проектісінде негізгі тіл болып таңдалған. Әр Prolog программа жәй тұжырымдар немесе импликациялардан тұратын сөйлемдерден тұрады, инструкция қолданылмайды.

Дәстүрлі неймандық архитектурадан ЭЕМ дәстүрлі емес параллель архитектуралы есептеу машиналарына көшуіне байланысты параллель алгоритмдерді сипаттаушы инстументальды құрылғылар пайда бола бастады. Параллель программалау тілдерінің негізі - параллель есептеулерді программалау процесін ықшамдау, параллель архитектуралы есептеу машиналарына арналған параллель программалық жүйелердің тиімдісін алу. Параллель программалауды жабдықтаудың қиындығы тиімді параллель жөндеушілерді құру. Қазіргі кезде қолданылып жүрген интерактивті параллель жөндеушілер IPSC (Intel фирмасының дербес компьютерлеріне арналған) және PDBX (мультипроцессорлы ЭЕМ арналған) . Жиі қолданылатын векторлы матрицалық есептерге параллель программалар кітапханасы құрылған, BLAS- сызықтық алгебра программаларының кітапханасы, NAG - сандық алгоритмдер кітапханасы. Бұл есептерге белгілі матрицалы параллельдеушілер ProSolvar (Intel фирмасы) және жалпы мәнді параллельдеуші Parafrace (Д. Кук құрған) қолданылады.

Программалау технологиялары

Программалау процесін жақсартатын және кең қолданылатын әдістердің бірі - құрылымдық программалау. Құрылымдық программалаудың 3 бөлігі (құраушысы) бар:

1. Модульдік программалау

2. Құрылымдық кодтау

3. Жоғарыдан төменге қарай жобалау

Модульдік программалау дегеніміз - программаны логикалық бөліктерге бөлу процесі. Программа бірнеше модульдерге бөлінеді және мына 2 мақсат орындалуы тиіс:

1) Модулдің дұрыс болуы және оның контекстерден тәуелсіз болуы қажет;

2) Модулдің ішкі жұмыстарын білмей тұра әр түрлі модулдерден программа құру мүмкіндігінің болуы қажет.

Мысал ретінде стандарт математикалық функциялардың есептелу программасын қарастыруға болады. Программист sin(x) функциясын программаның кез-келген жерінде қолдана алады және оған функцияның есептелуіне қай әдістің қолданып тұрғанын білудің қажеттілігі жоқ. Модуль өлшемі 60 жолдан аспауы керек және модульдер өзара тәуелсіз болуы керек. Байланысқан элементтерді бір модульге, байланыспаған элементтерді әр түрлі модульге жинау керек. Модульдерді қолдана отырып программа күрделілігін төмендетуге болады.

Pascal тілінде модуль процедуралар мен функциялардың көмегімен құрылады, Cи тілінде функциялардың көмегімен құрылады.

Құрылымдық кодтау деп программада басқарушы конструкциялардың-шартты операторлардың, циклдің (параметрлі, цикл-әзір, цикл-дейін) қолданылуын айтады. Шартсыз көшу операторы программада сирек қолданылуы керек немесе шартты оператордың, циклдің көмегімен өзгертілуі керек.

Программаны жоғарыдан төмен қарай жобалаудың өз иерархиялық құрылымы бар және қысқа есеп қойылымынан басталады. Одан кейін есеп бірнеше ұсақ ішкі есептерге бөлінеді. Ішкі есептердің өзі де ішкі есептерге бөлінуі мүмкін. Әр қадамда ішкі есептің орындайтын негізгі функциялары анықталуы керек. Бөлу процесі әр ішкі есеп қарапайым болғанға дейін, яғни әр ішкі есепке бір модуль сәйкес келгенше созылады.

Объекті-бағытталған программалау

Объекті-бағытталған программалау тілдерінің негізгі концепциясы- құрылатын қосымша өзара байланысқан негізгі объектілерден тұрады. Объекті-бағытталған технологияда қолданушы үш базалық элементпен: объектілер, хабар және класстармен жұмыс істейді.

Объектілер дегеніміз бірнеше рет қолданылатын программалық модулдерден, яғни байланысқан мәліметтер мен процедуралардан тұрады. Объект құрылымы екі бөліктен тұрады: айнымалылар және әдістер. Әдістер объект функциясының алгоритмін анықтайтын процедуралар мен функциялар жиынынан тұрады. Объектілі айнымалылар жәй мәліметтерден (сан, массив, текст) және күрделі құрылымды информациялардан (график, дыбыс т. б. ) тұрады.

Объектілердің өзара байланысуына хабарлар қолданылады және үш бөлімнен тұрады: объект идентификаторы, ағымдағы объектіде қолданылатын әдіс аттары және таңдалған әдіс режимін қалпына келтіретін қосымша информациялар. Күрделі программалар бірнеше біртипті объектілерді қолдануы мүмкін. Бұл жағдайда әр объект үшін әдістер мен айнымалылар туралы информацияны жазу тиімсіз. Бұл мақсатқа объектілер класы деген түсінік енгізілген. Класс дегеніміз біртипті объектілерге арналған шаблон және объектілі айнымалылар типтері мен әдістерін анықтайтын информациялардан тұрады.

Объекті-бағытталған технологияға негізделген программалау тілдері: SmallTalk/v, Object Pascal, ACT++, C++, Simula, Actor, Classic-Aga және т. б.

Объекті-бағытталған программалаудың негізгі үш принципі бар: инкапсуляция, тұқымқуалау, полиморфизм.

Логикалық программалау

Логикалық программалау тілдері PROLOG және LISP жасанды интеллект проблемаларының есептерін шешуге арналған. LISP тілін 50-інші жылы Д. Макартни символдық информацияларды өңдеуге арнап құрды. LISP тілінің мәліменттерінің негізгі құрылымы тізімдер, тізімнің элементтері атомдар. Lisp тілінің бір ерекшелігі динамикалық жаңа объектілерді құру мүмкіндігі, объект есебінде программаның өзі де қатыса алады.

LISP тілі және оның модификациялары символды өңдеуге арналған бағытталған программалық бөлімді құруға кең қолданады және қазіргі кезде көптеген тиімді компиляторлары бар.

70-жылдары Lisp тілінің негізінде құрылған Prolog тілі логикалық программалау тілі болып табылады. Prolog программасының негізгі элементі атом болып табылады және жеке объектілер арасындағы қарапайым қатынастарды көрсетеді, басқа программалау тілдеріне қарағанда атом түсінігінің мағыналық мәні басқа. Тіл тек сипаттамадан тұрады және инструкциялары жоқ, яғни процедуралы емес. Әр Prolog программа сөйлемдер жиынынан тұрады, яғни жәй тұжырымдар немесе импликациялар. Prolog тілінің базасында эксперттік жүйелер, білімді көрсететін жүйелер, білім базасы және жаратылыс тілдерін өңдейтін жүйелер құрылады. Prolog тілінің негізіне математикалық логика элементтері қолданылады. Программа объектілер арасындағы қатынас терминдері арқылы сипатталады. Логикалық программалау тілдерінің жетістігі параллель программалау принципі қолданылады. Prolog тілінің көптеген танымал модификациялары бар, оның ішінде ең көп тарағаны - Borland фирмасының Turbo Prolog программалау жүйесі. Жасанды интеллект проблемасына арналған жаңа логикалық және функционалды программалау тілдері құрылуда, мысалы, DURAL, VALID тілдері.

Қазіргі кездегі программалау тілінің арасында ең көп тараған тілдердің бірі Си универсалды программалау тілі. Бірақ оны системалық программаларда, транслятор, операциялық системаларды жазуда қолдану жақсы жетістіктер береді. Си программалау тілін 1972 жылы Bell laboratories фирмасының қызметкері Денис Ритчи ойлап тапты. Тіл системалық программаларға арналған деп саналғанымен оның мүмкіндігінің өте үлкен болғандықтан оны қолданады, программаларды жазуға да пайдалануға болады.

Си тілі (1972 жылы Деннис Ритчи ұсынған) әдетте тек Ассемблер тілінде бағдарламалағанда қол

жеткізген компьютер ресурстарын тиімді қолдану мүмкіндіктері бар жоғары дәрежелі тілдің қасиеттерін

біріктіреді. Си тілін үйрену қарапайым емес және бағдарламалауда мұқияттылық қажет, бірақ ол ас тиімді және күрделі бағдарламаларды құруға ерік береді.

Си тіліндегі бағдарлама:

#include <stdio. h>

Main () {

Float a[100], s;

Int I, n=100;

For (i=0; i<=n; i++)

Get (a[i] ) ;

For (i=0; i<=n; i++)

S=s+a[i] ;

Printf (“s=f/n”, s) ;

}

Баідарламалық құрал-жабдықтар дегеніміз басқа қолданбалы немесе жүйелік бағдарламалаудың дамуы

немесе оларды түзету, өңдеу кезеңдерінде қолданылатын бағдарламалар. Олар өздерінің міндеттері

бойынша бағдарламалау жүйелеріне жақын. Бағдарламалық құрал-жабдықтарға мысалы мыналар жатады:

- редактор;

- бағдарламаларды құрастыру жабдықтары;

- жөндейтін бағдарламалар, яғни бағдарламалардағы қателерді табуға және жоюға көмектесетін

бағдарламалар;

- жиі қолданылатын жүйелік амалдарды жүзеге асыратын көмекші бағдарламалар;

- графикалық бағдарламалар пакеті және т. с. с.

Бағдарлама - нақтылы алгоритмге арналған ақпаратты өңдеу жүйесінің (АӨЖ) жекелеген белгілі

бөліктерін басқаруға арнайыдайындалған мәліметтер.

Бағдарламалардың да мәліметтердің де бір түрде, яғни мәлімет түрінде бір жадыда қатар сақталуы

Фон Нейман машинасының негізгі қағидасы. Мәлімет те, бағдарлама да белгілі кодтар түрінде жады да

орналасады. Әрине, бағдарлама - белгілі мәліметтердің ішіндегі белгілі әрекеттерді орындау мақсатына

арналған екпінді бөлігі. Процессор үшін бағдарламаның командалары оқылып, коды анықталатын, ерекше

бөліктері бойынша командаға айналатын мәлімет. Басқа бір жағдайларда, мысалы, жоғары деңгейлі тілдерді

(ЖДТ) өңдейтін компилятор үшін кірмесіндегі мәліметтер машина кодындағы командаларға аударылуға

қажетті мәтіндер болады.

Бағдарламалық қамтамасыздандыру (БҚ) - АӨЖ бағдарламалары және оларды пайдалануға қажетті

бағдарламалық құжаттар.

Негізінде, ПҚ - әр түрлі қолданушылар үшін көп қайталап пайдалануға арналған бағдарлама. БҚ-ның

қасиеттеріне көңіл аударайық.

Бағдарламаның қолданыс мүмкіндігі

Қолданыстың мүмкін мақсаттары - БҚ-дың белгілі жағдайларға бейімделе алуы (адаптация), кателіктерінің

жөндетілетіндігі, өзгертіле алатындығыц (модификация)

Барлық жағдайларда БҚ-дың құрылымдылығына қатаң талап қойылады және БҚ-мен бірге ол туралы толық

ақпараттың құжаты болуыф қажет.

БҚ-ды бейімдендіру ісін құжатта және көрсетілген тағайындау сценарилерінің арнаулы баптау

нұсқауларының көмегімен пайдаланушы да жүргізе алады.

Туындап отыратын қателіктерді түзету үшін оларды жин, ақтап және түзетуші пакеттердіі қалыптастырып,

толықтырып отыратын дамыған сервистік қызмет көрсетуші қажет. Модификация БҚ-дың

спецификацияларын өзгерту мақсаттарына қажет. Бұл ретте бұрынғы спецификациялар да сақталынады. Бқ-

дың осылай эволюциялық даму қасиеттері пайдаланушыға тиімді.

Бағдарламалау жүйесі - бағдарлама тілінен, компьютерден немесе интернеттен тиісті құжаттардан

бағдарламаны қажетті формада дайындауға, орындауға көмектесетін бағдарламалардан тұратын жүйе.

Бағдарламаны дайындау кезеңдері.

Бағдарламаны, әсіресе күрделі бағдарламаларды дайындау кезінде модульдік принцип

сақталатындықтан, бағдарлама көбінесе бірнеше бөліктерден тұратын қадамды бағдарлама болады. Әрбір

құрамдық бөлік жеке дайындалып, тексеріледі. Модульдік принцип бағдарлама құрастыру жұмысын, оны

түзетуді, пайдалануды жеңілдетеді де, бағдарламаға құрылымдық қасиет береді.

Бағдарламалық модуль - сақтауға, трансляциялауға, басқа да бағдарламалық модульдермен

біріктіруге арналған бағдарлама немесе функция түріндегі дайын бағдарламалық фрагмент.

Модульдық құрылымды таңдағанда ескерілетін жағдайлар:

- Функционалдық - модуль анықталып және аяқталған функцияны орындауы қажет.

- Байланыссыздық - модульдің басқа модульдермен байланысы аз болуы, ал глобальды

айнымалылар арқылы байланыс және жады арқылы байланыс болмағаны тіпті жақсы.

- Арнайылылықтың - модульдің кіріс және шығыс параметрлері анықталған болуы қажет.

Бағдарламалау парадигмалары. Бағдарламалау парадигмасы - бұл бағдарлама жазу стилін анықтайтын

идеялар мен түсініктер жиыны. Бірінші кезекте парадигма негізгі бағдарламалық бірлікпен және бағдарламалық модулділігіне жету принципінің өзімен анықталады. Бұл бірлік ретінде анықтама

(декларативті, функционалды бағдарламалау), әрекет (императивті бағдарламалау), ереже (продуктивті

бағдарламалау), өтулер диаграмасы (автоматты бағдарламалау) және басқа да мәндер орындалады. Қазіргі

заман бағдарламалау индустриясында бағдарламалау парадигмасы өте жиі бағдарламалаушы құрал-

жабдықтармен, әсіресе бағдарламалау тілімен және қолданылатын кітапханалармен анықталады.

Бағдарламалау парадигмасы бағдарламалаушы бағдарлама логикасын қандай терминдерге

сипаттайтынын анықтайды. Мысалы, императивті бағдарлмалауда бағдарлама әрекеттер реттілігі сияқты

сипатталады, ал функционалды бағдарламалауда өрнек және функцияны анықтау жиыны түрінде болады.

Белгілі объектіге бағытталған бағдарламалауда (ОББ) бағдарламаны өзара әрекеттескен объектілер

жиынтығы ретінде қарау қабылданған. ОББ негізінен мәнісі бойынша объектіге деректер және әдістер

инкасуляция принципімен және қайталанушылықпен толықтырылған императивті бағдарламалау.

Деннис Ритчи жазған Си тілінің таралу себебі: салыстырмалы түрде «төмен деңгейлі» тіл, сондықтан алгоритм жұмысының әрбір бөлімін бақылау мүмкіндігі бар және жоғары деңгейлі тілдер принцптері енгізілгендіктен, нақты бір компьютердің архитиктурасы ерекшелітерінен тәуелсіздігін қамтамасыз ету мүмкін болды.

Си тілінде жазылған программаның архитиктуралары әр түрлі компьютерлердің бірінен бірін ауыстыруға бір операциялық системаның екінші операторлық системаға ауыстыруға жеңіл. Сонымен қатар Си тіліндегі программалардың орындалу жылдамдығы ассемблер тіліндегі программалардан кем емес. Си тілінің компиляторы қазіргі кездегі барлық операциялық жүйеде жұмыс істей береді. Unix, MSDOS, WINDOWS. Барлық объектілі бағытталған программалау тілдерінің ішінде ең кең таралған С++ тілі. Осы бағытта соңғы пайда болған Java тілінің С++ тілімен салыстырылғанда келесі кемшіліктері бар: көрсеткіштер, шаблондар, бірнеше қайтара мұрагерлік Java тілінде қарастырылмаған. Барлық синтаксис жағынан бұл тілдер ұқсас.

Жоғарғы деңгейлі тілдерден Си тілінің ерекшелігі:

- операторлар түрі өзгеше;

- көрсеткіштер жиі қолданылады;

- басқа тілдерге қарағанда синтаксикалық ережелері аз, нәтижесінде компилятор тиімді жұмыс жасау үшін 256 Кб оперативті жады жеткілікті;

- қызметші сөздерге қарағанда операторлар мен олардың комбинациялары көп;

- алғашқыда Си тілінде 27 қызметші сөз ғана болған. Кейін ANSI Си тіліне және Microsoft C тіліне қызметші сөз қосылды, жалпы саны шамамен 50;

- Көп программалау тілдерінде бар функциялар Си тілінде жоқ;

- Си тілінде қосалқы енгізу шығару функциялары, математикалық функциялары және жолдармен жұмыс жасау функциялары жоқ, бірақ сол функциялардан және басқа функциялардан тұратын жеке кітапханалардан алу мүмкіндігі қарастырылған;

- мәліметтер типін бақылау жеңіл, яғни программаның бір жерінде айнымалыны символ түрінде, екінші бір жерінде осы символдың ASCII коды ретінде қарастыруға болады;

- Си тілінде қазіргі тілдері секілді барлық басқарушы конструкциялары бар(For, if / else, …. ) ;

- Cи тілінде модулдік программалауға болады, яғни программаның әртүрлі бөлігін жеке копиляциялауға болады;

- Ассемблер тілінде жазылған ішкі программаларды шақыруға болады;

- көрсеткіштер яғни жады аймақтарынан берілген адрес бойынша қарау программаны орындау жылдамдығын арттырады. Көрсеткіштер көп тілде қолданылады, ал көрсеткіштерге арифметикалық амалдар тек Си тілінде қолданылады.

- Си тілінде барлық массивтер бір өлшемді, бірақ Си тілінде бір өлшемді массивтерден тұратын конструкциялар бар, яғни көп өлшемді массивтер құрылады;

- тек қажетті кітапханалар шақырылатын болғандықтан жады тиімді қолданылады;

- басқа тілдердегідей қосалқы функциялар;

- көптеге мамандандырылған функциялар кітапханаларының жинытығы бар.

Кемшілігі: Си тілінде мәліметтер типі қатаң қадағаланбайды, сондықтан Си тілінде тәжірибелі программист байқағанмен жаңа үйренуші байқамайтын айнымалы мәндеріне өзгерістер болуы мүмкін.

Мысалы, бір өрнекте (=) меншіктеу операторы бірнеше рет қолданылуы мүмкін. Сондықтан нәтижесінің типі түсініксіз және қиын анықталады. Бірақ оны қолдану арқылы тілдің қуаты арттырылған.

С++ тілі Си тілінің толықтырылған, яғни объектілі бағытталған программалау(ОБП) құралдарымен толықтырылған жиыны деуге болады.

Си және С++ тілдерінің айырмашылығы:

-құрылымдар мен класстар аттары мәләметтер типтерінің аттары болып табылады. С- де класс түсінігі жоқ.

Компьютер жұмыс істеу үшін оған керекті программаларды программалаушы адам жасайды.

Программалаушы мамандығы дүние жүзіндегі ең тапшы мамандқтардың бірі. программалау мамандығын таңдаған адам өмір бойы үйренеді. Оқып шығып бірден программалаушы бола салатын ешқандай оқу құралы жоқ.

Программалаушының дайындығ негізгі ұғымдарды оқып үйренуден және қарапайым программалау тәсілдерін меңгеруден басталады. Компьютер командаларға бағынып жұмыс істейді. Біздер бұл командаларды пернетактаның көмегімен жазу машинасымен жазу жазғандай теріп ендіреміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі бағдарламалар
СИ бағдарламалау тілі және жобалануы туралы
СИ бағдарламалау тілі және жобалануы
Төменгі деңгейлі бағдарламалау тілдері
СИ бағдарламалау тілінде жадыны басқару
TIBOE индексі (2022) бойынша бастапқы үш бағдарламалау тілдері
СИ тіліндегі файлдар және мәтіндік файлдар
Java кең таралған программалау тілі
Файлында желісін жазу
Таңдау арқылы сұрыптау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz