Динамикалық массивтер
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 бөлім. Деректердің негізгі тұрпаты
1.1.Айнымалыларды жариялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Локальды айнымалылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3. Ауқымды айнымалылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2 бөлім. Динамикалық массивтер
2.1 Динамикалық массивтертерді құру және жою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2. Динамикалық тұрақты объектілерді құру және жою ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Си тiлi В тiлiнiң негiзiнде дамыды. Си тiлiн Bell Laboratories-те 1972 жылы Деннис Ритчи DEC PDP-11 компьютерiнде жасады. Си BCPL және В тiлдерiнiң көптеген маңызды концепцияларын және мәлiмет типтерiн және басқа да қасиеттерiн қолданды. Си тiлi UNIX операциялық жүйесiн өңдеудегi тiл ретiнде кеңiнен танымал болды. Қазiргi таңда барлық операциялық жүйелер Си және Си++ тiлдерiнде жазылған. Соңғы он жылдықта Си тiлi көптеген компьютерлерде қолайлы болды.
Си++ Си тiлiнiң кеңейтiлген түрi. Оны 1980 жылдың басында Бъерн Строустроп Bell Laboratories-сында өңдеп шығарған. Си++ тiлi Си тiлiнiң бiрқатар қасиеттерiн реттеудi қамтамасыз етедi және ең маңыздысы объектi-бағдарланған бағдарламалық мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. Бұл бағдарламамен қамтамасыздандыру әлемiндегi революциялық идея болып табылады.
Басқада бағдарламалық тiлдер көптеген қажеттi эффект бере алмағандықтан, Си++ алғашқыда ең жоғарғы деңгейдегi нақтылы оқиғалар үлгiлерiн өңдеу мақсаты үшiн құрылған тiл болды.
Меншіктеу операторы, барлық тілде пайдаланылатын негізгі оператор. Математикадағы қарапайым теңдеу тәрізді айнымалыларға сандық немесе символдық мән беру бұл жағдайда меншіктеу операторы деп аталады. Ол жазылған өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалыға меншіктеу үшін қолданылады.
Ең жалпы операция меншіктеу болып табылады. Си тілінде меншіктеу операторы V=A деп жазылады, мұндағы V - айнымалы, А - өрнек. Тағы да тізбекті меншіктеуді қолдануға болады, келесі түрдегі мысалдағыдай: sum=a=b.
Меншіктеу операторында оң жағындағы өрнек орындалғаннан кейінгі соңғы нəтиже осы мəн тең болатын айнымалының типіне түрленеді. Бұндай процесс типтің “жоғарылауына” немесе “төмендеуіне” əкеледі (екінші жағдайда шама төмен үстемдіктегі мəліметтер типіне түрленуі мүмкін). Типтің “жоғарылауы”, əдетте, жұмсақ өтеді, ал “төмендетуді” жадыдағы мəліметтерді білу арқылы орындау қажет.

1. Н. Культин , С/С++ в задачах и примерах-БХБ-Петербург; 2002 г
2. Крис Паппас, Уильям Мюррей Программирование на С и С++;-К: изд группа BHV, 2000.-320 с
3. Дэвис , Срефан , Р. С ++ для «чайников», Москва, Киев, 2005
4. Ален И. Голуб Правила программирования на С и С++: Мир,1992
5. Практическое руководство по программированию / Пер. с англ. Б. Мик, П. Хит, Н. Рашби и др.; под ред. Б. Мика, П. Хит, Н. Рашби. — М.: Радио и связь, 1986. — 168 с., ил.
6. Фокс Дж. Программное обеспечение и его разработка / Пер. с англ. — М.: Мир, 1985. - 368 с., ил.
7. Язык компьютера. Пер. с англ, под ред. и с предисл. В. М. Курочки-на. — М.: Мир, 1989. ~ 240 с., ил.
8. Компьютерная технология обучения:словарь-справочник/Под редакцией В. Ю. Гриценко, А. М. Довгялло, А. Я. Савельева-К.: «Накова думка», 1992
9. Нұрғалиева Г. Қ. Электрондық оқулықтар – мұғалім мен оқушы арасындағы әрекетттестікті гуманизациялау құралы// «Информатика негіздері» республикалық журналы, №2, 2002.- 2-3 б.
10. Тажигулова А. И. Конструирование электронных учебников//Научно-практический журнал «Информационные технологии в Казахстане», №1, 2000.- С. 42-43.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 бөлім. Деректердің негізгі тұрпаты
1.1.Айнымалыларды жариялау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1.2. Локальды
айнымалылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..8
1.3. Ауқымды

... ... ... ...12
2 бөлім. Динамикалық массивтер
2.1 Динамикалық массивтертерді құру және
жою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2. Динамикалық тұрақты объектілерді құру және
жою ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..23
КIРIСПЕ
Си тiлi В тiлiнiң негiзiнде дамыды. Си тiлiн Bell Laboratories-те 1972 жылы
Деннис Ритчи DEC PDP-11 компьютерiнде жасады. Си BCPL және В тiлдерiнiң
көптеген маңызды концепцияларын және мәлiмет типтерiн және басқа да
қасиеттерiн қолданды. Си тiлi UNIX операциялық жүйесiн өңдеудегi тiл
ретiнде кеңiнен танымал болды. Қазiргi таңда барлық операциялық жүйелер Си
және Си++ тiлдерiнде жазылған. Соңғы он жылдықта Си тiлi көптеген
компьютерлерде қолайлы болды.
Си++ Си тiлiнiң кеңейтiлген түрi. Оны 1980 жылдың басында Бъерн Строустроп
Bell Laboratories-сында өңдеп шығарған. Си++ тiлi Си тiлiнiң бiрқатар
қасиеттерiн реттеудi қамтамасыз етедi және ең маңыздысы объектi-
бағдарланған бағдарламалық мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. Бұл бағдарламамен
қамтамасыздандыру әлемiндегi революциялық идея болып табылады.
Басқада бағдарламалық тiлдер көптеген қажеттi эффект бере алмағандықтан,
Си++ алғашқыда ең жоғарғы деңгейдегi нақтылы оқиғалар үлгiлерiн өңдеу
мақсаты үшiн құрылған тiл болды.
Меншіктеу операторы, барлық тілде пайдаланылатын негізгі оператор.
Математикадағы қарапайым теңдеу тәрізді айнымалыларға сандық немесе
символдық мән беру бұл жағдайда меншіктеу операторы деп аталады. Ол
жазылған өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалыға меншіктеу үшін
қолданылады.
Ең жалпы операция меншіктеу болып табылады. Си тілінде меншіктеу операторы
V=A деп жазылады, мұндағы V - айнымалы, А - өрнек. Тағы да тізбекті
меншіктеуді қолдануға болады, келесі түрдегі мысалдағыдай: sum=a=b.
Меншіктеу операторында оң жағындағы өрнек орындалғаннан кейінгі соңғы
нəтиже осы мəн тең болатын айнымалының типіне түрленеді. Бұндай процесс
типтің “жоғарылауына” немесе “төмендеуіне” əкеледі (екінші жағдайда шама
төмен үстемдіктегі мəліметтер типіне түрленуі мүмкін). Типтің “жоғарылауы”,
əдетте, жұмсақ өтеді, ал “төмендетуді” жадыдағы мəліметтерді білу арқылы
орындау қажет.
1 БӨЛІМ. ДЕРЕКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТҰРПАТЫ
1.1.Айнымалыларды жариялау
Қазіргі электрондық есептеуіш машиналарын программалық жабдықтау барысында
негізгі орын программалау жүйелеріне тиесілі. Ал, программалау жүйелері
–ақпараттармен жұмыс жасауға арналған универсал құрал. Программалардың
көмегімен есептеулер жүргізуге , мәтіндерді өңдеу , графикалық бейнелер
тұрғызу, мәліметтерді сақтау және іздеу т б әрекеттерді жүзеге асыруға
болады.
Өз кезегінде бұл құралдардың өзі –программалау тілдерінде жазылған
программа.
Ал, программалау тілдерінің өзгеру қарқыны өте жылдам,қазіргі таңда
программалау тілдерінің саны көп және жыл сайын жаңа бір тілдер пайда
болуда.
Си тілі өткен ғасырдың 70-жылдары басында АҚШ-та Bell Telephon Laboratories
компаниясының қызметкері Дэннис Ритчидің бастауымен дүниеге келді. Бұл
тілдің негізі Алголдан басталып, Си және ПЛ1 тілдерімен қатар пайда болды.
Си тілінің шығуы UNIX операциялық жүйесінде программалаумен тығыз
байланысты, өйткені бұл жүйе ассемлерде және осы Си тілінде жазылып шыққан
болатын. Бұл тілде жазылған программаны компьютерде орындау кезінде ол
алдымен трансляция сатысынан өтіп (машина тіліне аударылып), объектілік
программа түріне ауысады да, сонан кейін барып орындалады. Осы сәтте
компьютерде программаның екі нұсқасы болады,
оның біріншісі – Cи тіліндегі алғашқы нұсқасы, ал екіншісі – объектілік
кодтағы машина тілінде жазылған программа. Есептің нәтижесін тек машиналық
кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет
болғанда оның алғашқы нұсқасы өңделіп, оны қайта түрлендіру сатысы жүзеге
асырылады.
Жалпы Си тілінің даму жолына қарасақ:
1. Алгол-60 - 1960-ж. халықаралық комитет жасап шығарды
2. CPL - (Combined Programming Language) Кембриджде және Лондон
университетінде 1963 ж. қатарласа жасалды
3. BCPL - (Basic Combined Programming Language) Кембриджде Мартин
Ричардс 1967 ж. жасап шығарды
4. B - Bell Labs қызметкері Кен Томпсон 1970 ж. жасады
5. С - Bell Labs қызметкері Дэннис Ритчи 1972 ж. Жасады
6. Сонымен, 1983 ж. Си тілі стандартын жасау үшін (ANSI C) Америка
ұлттық стандарттар институты (ANSI) құрылды.
Си тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету
арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программа қатарларының
алдындағы азат жол немесе бос орындар саны өз қалауымызша алынады.
Бір қатарға бірнеше командалар немесе операторлар орналаса алады, олар
бір бірінен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда
бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, әрі түзетуге жеңіл, әрі ыңғайлы болып
саналады.
Программалар мысалы:
* х-тің оң және мәндері үшін төмендегі функцияны есептеу
y = sqrt(x*x+1)+abs(x), егер x y = 3*x+4, егер x=0 *
#include * экранмен жұмыс істеу директивасы*
#include * енгізу-шығару директивасы *
#include * матем. функциялар директивасы* main() {
int x; float y;
textcolor(GREEN); * жасыл мәтін*
textbackground(BLACK); * қара фон*
clrscr(); * экранды тазалау*
printf("\nx,y енгіз: ");
scanf("%d",&x);
if (x else y=3*x+4;
printf("Нәтиже=%f\n",y);
printf("Аяқтау үшін Enter басу керек");
getch(); * нәтиже экранын көрсету * return 0; }
Си тілінің алфавиті
Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын
символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер
кіреді. Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі
топтарға жіктеуге болады, олар
• атау (идентификатор) ретінде қолданылатын
• символдар ( a,b,c,...,z және цифрлар );
• цифрлар ( 0,1,2,...,9 ) ; айыру белгілері ( , . : ; “ _ );
• арнайы символдар ( #, &, *...).
• а) Әріп ретінде латын алфавитінің бас және кіші әріптері қолданылады,
олар: A B C D E F G H І J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z
a b c d e f g h і j k l m n o p q r s t u v w x y z және астын сызу таңбасы
(_) әріпке саналады;
Бас әріптер мен кіші әріптер бірдей болып саналмайды, мысалы, Х пен х екі
айнымалы атауы, дәл сол сияқты ALFA1, aLfA1 және alfa1 де әр түрлі атаулар
түрлері болып саналады. Атауларда әріптер цифрлармен араласып жазыла
береді, бірақ атаудың алғашқы символы міндетті түрде әріп болуы тиіс,
мысалы, VES1, SALMAK2, Baga_5, cena7, T7S25, ART25var8,т.с.с.
Ұлттық әріптер (қазақ, орыс, араб т.с.с.) атау ретінде қолданылмайды, олар
тек тырнақшаға (“) алынған тұрақты сөз тіркестері немесе * және *
таңбаларымен қоршалған түсініктеме ретінде ғана кездеседі * бұл
түсініктеме *.
ә) Ондық цифрлар: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 тәрізді сан таңбалары. Он
алтылық цифрлар ондық цифрлардан және A-дан F-қа (немесе a-дан f-қа)
дейінгі латын әріптерінен тұрады.
Арнайы символдарға пунктуациялау және операциялар (амалдар) белгілері
жатады.
б) Арифметикалық амалдардың белгілері:
❖ + - қосу;
❖ * - көбейту;
❖ – - алу;
❖ - бөлу;
❖ % - қалдық табу;
❖ 10 % 3 - нәтижесі 1;
в)Логикалық амалдардың белгілері:
&& - және (екі шарт қатар орындалады A && B);
- немесе (екі шарттың бірі орындалады A B);
! - емес (шартқа кері - терістеу амалы !A);
г) Айыру белгілеріне бос орын, ЕNTER (келесі жолға көшіру) пернесін басу
белгісі және үтір, нүктелі үтір таңбалары жатады. Айыру белгілері
атауларды, сандарды, түйінді сөздерді бір-бірінен бөліп тұрады.
Түсініктеме таңбасынан кейін жол соңына немесе * және *
белгілерімен қоршалып, солардың ішіне жазылады, соңғысы – бір немесе
бірнеше жолдар-дан тұруы мүмкін. Сонымен, айыру белгілері:
_ (бос орын
) , (үтір)
. (нүкте)
: (қос нүкте)
; (нүктелі үтір)
' (апостроф)
“ (қостырнақша)
(, ), [ , ] , { , } таңбалары.
д) Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері:
= = (тең),
!= (тең емес), (үлкен),
= (кіші емес таңбасының орнына)
Әрбір символдың өзінің реттік нөміріне сәйкес белгіленген коды болады,
ол стандарт түрінде бекітілген. Әр елдің стандарттары негізінде
америкалық кодтар стандарты жатады (Amerіcan Standart Code for
Іnformatіon Іnterchange - ASCІІ), компьютерде жұмыс істеу кезеңінде
оларды да білген абзал.
Си тілінің түйінді сөздері – программада алдын ала анықталған белгілі
бір мағынасы бар сөз тіркестері. Си тілінің түйінді сөздері (служебные
или ключевые слова) мәліметтер типтері, операторлар мен стандартты
функциялар атаулары, жады кластары, модификаторлар (толықтырғыштар),
т.с.с., олардың тіл-дің әр түрлі нұсқаларында аздап айырмашылықтары болуы
мүмкін.
Қордағы (резервтегі) сөздер:
auto double int struct break else long switch register tupedef char
extern return void case float unsigned default for signed union do if
sizeof volatile continue enum short while, т.б.
Бұл келтірілген түйінді сөздерді айнымалы аттары немесе тұтынушы
қойған бейстандарт атаулар ретінде қолдануға болмайды.
Cи тілінің қарапайым объектілері
Тілдің қарапайым объектілеріне тип, сан, идентифи-катор, константа,
айнымалы және функция, өрнек ұғымдары кіреді.
Тілдің ары қарай бөлінбейтін ең қарапайым бірлігі лексем (token деп
те айтады) деп аталады.
Лексемнің 5 типі бар:
операциялар (operator),
айыру таңбалары (separator),
идентификаторлар (identifier),
түйінді сөздер (keyword) және константалар (constant).
Біз лексемдерді дұрыс жазуға мүмкіндік беретін объектілерді
қарастырып, программаның жалпы құрылымынан мәліметтер берейік.
Константалар және кез келген айнымалылар бүтін саннан, нақты саннан,
символдан немесе сөз тіркестерінен құралады.
1. Мәліметтер типтері. Мұнда мәліметтердің бірнеше негізгі типтері
қолданылады.
Олар: char – символдық, яғни таңбалық тип,
short – қысқа бүтін сан,
int – бүтін сан типі,
long – екі еселенген бүтін сан,
float – нақты (жылжымалы нүктелі) сан типі,
double – екі еселенген нақты сан типі.
unsigned – таңбасыз бүтін сан,
Көрсетілген типтердің ең үлкен ұзындықтары әр түрлі компиляторларда бірдей
болуы қажет емес. Олар компьютерлердің аппараттық мүмкіндіктеріне қарай
тағайындалады.
Бірақ оларға мынадай талаптар қойылады:
int =short; short пен int типтерінің ұзындығы = 16 бит;
Int типін стандарт бекітпеген, ол компьютерге немесе компиляторға
байланысты өзгеріп отырады. 16-разряд-ты процессорде ол 2 байт (32768), ал
32-разрядтысында – 4 байт (2 147 483 647 ).
ТурбоСи-де int = short (32768)
long = int; long типінің ұзындығы = 32 бит;
(ТурбоСи-дегі long 2 147 483 647 )
Signed және unsigned модификаторлары да сандар шамасына әсер етеді, олар:
unsigned short int – 2 байт, оның диапазоны 0 ..65536;
unsigned long int – 4 байт, диапазоны 0..+4 294 967 295.
Unsigned типі int, long, short түйінді сөздерімен сипатталатын типтердің
модификаторы ретінде қолданылады.
Char типін 0–255 аралығындағы таңбасыз бүтін сан-дарды сипаттауға қолдануға
болады, ДК жадында бұларға бір байт орын бөлінген.
Мысалы: char c1;
char ck=’k’;
Нақты сандар компьютерде 2 бөліктен – дәреже мен мантисса-дан тұрады. IBM-
РС компьютерлерінде float типінің ені – 4 байт, оның бір разряды – сан
таңбасы, 7 разряды – дәреже, 24 бит – мантисса.
Егер double типі аты алдында long сөзі тұрса, онда оған 10 байт орын
беріледі. Программалау практикасында көбінесе жылжымалы нүктелі нақты
(аралас) сандар пайдаланылады.
Double типті сандар екі еселенген дәлдікпен 64 бит арқылы өрнектеледі.
Double типінің ені – 8 байт, 1 бит – таңба, 11 бит – дәреже және 52 разряд
– мантисса. Мантисса ені – санның дәлдігін, ал дәреже ені – оның диапазонын
анықтайды. Си тілінде объектілердің мәндерін байт арқылы анықтау үшін
sizeof стандартты операторы қолданылады.
Мысалы: printf(“Данные типа double занимают %d байт\n", sizeof(double));
Литерал Сипатамасы Мысал
таңба апострофпен қоршалған 'W', '&', 'Ф'
бір таңба
жол Қостырнақшамен қоршалған"Бұл жол \n"
таңбалар тізімі
бүтін ондық — нөлден 123, -1999
басталмайтын цифрлар
қатары
сегіздік — нөлден 0 11, 0177
басталатын, 0 мен 7 ОХ9А,
арасындығы цифрлар Oxffff
қатары оналтылық
—оналтылық цифрлар
қатары (0 – 9 және А -
F), алдында 0X немесе Оx
жазылған
нақты ондық — 123., 3.14, .99
[цифрлар].[цифрлар]
Экспоненциальдық — Зе-10,
[цифрлар]Ее[+-] 1.17е6
цифрлар
2.Сандар.
Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып екіге бөлінеді. Бүтін сандар:
+4, -100, 15743, 0 , т.с.с.
Дербес ЭЕМ-дер үшін қолданылатын бүтін сандар (ағылшынша іnteger) бұрын
-32768 бен +32767 аралығында ғана жазылған еді, қазір компьютер типіне
байланысты ол басқаша да бола береді.
Мұнда ондық, сегіздік және он алтылық бүтін сандар да пайдаланылады. Он
алтылық сандардың алдына 0х белгісі қойылады. Мысалы, 0хA12 немесе 0х8B2.
Сегіздік сандар алдына 0 қойылады: 0556, 07012, т.с.с.
Нақты сандар (ағылшынша float) кәдімгі табиғи аралас сандар тәрізді санның
бүтіні мен бөлшегін нүкте арқылы бөлген күйде жазылады.
Мысалы: 2.65, 0.5, -0.862, -6.0.
Ал өте үлкен немесе өте кіші нақты сандар көрсеткіші бар экспоненциал
сандар ретінде mЕ±р түрінде жазылады да, олардың диапазоны әлде қайда кең
болады, мұндағы m-санның мантиссасы деп аталады, Е-онның дәрежесі дегенді
білдіреді, ал р- дәреженің өз мәні.
Мысалы: 1,25•106 1.25Е+6 0,0005 0.5Е-3
-5,2 • 10-12 - 5.2Е-12 -180000 -1.8Е+5
3. Атау – идентификатор (іdentіfіеr – объектіге қойылған ат) программаны
және программадағы тұрақтыларды, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды
және тағы басқаларды белгілеп жазу үшін қажет.
Идентификатор – міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің
тізбегі. Оның ұзындығын өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені атауларды теру
және кейіннен сақтау біраз уақыт керек етеді. Бірақ оларды өте қысқартпай,
мағынасына сәкес атау беру қалыптасқан. Мыса-лы: X, x_2, cymka, bec,
p23ps6, dt54as, ALFA, baga2, salmak, Omega2, т.с.с.
Бас әріп пен кіші әріп бірдей болып саналмайды.
4. Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәндері
өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады.
Тұрақтыға программа басындағы директива арқылы мән берсек те немесе оны
программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән
берсек те болады. Олар сандық, символдық және тіркестік (іnt, float, char,
strіng) мәндерді қабылдай алады.
Символдық және тіркестік (строковый – strіng) мәндер үшін орыс, қазақ
әріптерін және кез келген символдарды пайдалануға болады. Олар тырнақша
ішіндегі таңбалармен жазылады, мысалы: “S=“ , “сумма” , “функцияның мәні”,
“y=“ және т.б.
Тұрақтыларды анықтау мысалдары:
a) Атау арқылы:
const типi тұрақты = мәні
const float m=99999999;
const F=765; типі int болады
const char s=‘B’; символдық тип
const Menіng_atjm = “Ақметов Болат” ;
const C=”Turbo С”;
const float Pi = 3.14159;
const float Pi2 =2 * Pi;
Егер const Pi = 3.14159; (типі көрсетілмесе) деп сипаттасақ, онда Pi
мәні 3 тең болады
b) Директива арқылы: #define тұрақты мәні
#define pi 3.14159 pi=3.14159 болады
#define EULER 2.718282 EULER=2.718282
#define директивасының форматы (параметрлері бар макросты анықтаушы)
#define макрос_ идентификаторы(аргументері) алмастыратын_мәтін
Макрос идентификаторы мен аргументтер арасында бос орын болмау керек.
Макросты шақыруды келесі өрнекпен орындауға болады:
макрос_идентификаторы(аргументтер)
Мысалы: #define CIRC(x) (3.14159 * (х) * (х)) макорсы шеңбер ауданын
есептеуге мүмкіндік береді.
Егер программада S = CIRC(4); операторы кездессе, онда аргументі
тұрақты болғандықтан (3.14159 * (4) * (4) ) өрнек мәні компиляция
кезінде есептеліп S-ке меншіктеледі.
Егер макросты шақыру келесі түрде жазылса
S = CIRC(a + b);
Онда макрос кеңейтілгеннен кейін мәтін түрі:
S = (3.14159* (a+b) * (а + b) ) ; болады.
Макрос аргументі айнымалы болғантықтан өрнек мәні компиляция кезінде
емес программа орындалған уақытта есептеледі.
Егер макросты жақша қоймай сипаттасақ онда келесі өрнек
есепетеледіде 3.14159 * а + b * а + b нәтижесі қате болады.
Екінші мысал, эллипс ауданын есептеу:
#define Еll(х,у) (3.14159 * (х) * (у))
Макросты шақыру келесі түрде жазылуы мүмкін:
S = Ell(Rl, R2);
Есептеулердің алынған нәтижелеріне қарағанда макростар функцияларға
эквивалентті . Мысалы , шеңбер ауданын есептеу функциясын келесі
формаға келтіруге болады :
double circ(double x)
{ return 3.14159 * х * х; }
Және оны шақыру операторы:
S = circ(a + b);
Егер макросты шақыру операторы келесі түре болса S = circ(а++);
S = (3.14159 * (а++) * (а++));
онда шеңбер ауданы дұрыс есептелінеде, ал а-ның мәні 1 орнына 2 тең
болады.
Егер шеңбер радиусын 1 өсіріп алып ауданын есептемек болсақ
макросты келесі түре шақырғанда S = circ(++a); макрос келесі түрде
кеңейтіледіде S=(3.14159 *(++а)*(++а)); радиусы екі рет 1-ге өседіде
келесі нәтижеге әкеледі S = (3.14159 * (а + 1) * (а + 2) ) ; Егер
макрос орнына жоғрыда келтірілген функцияны қолдансақ, мұндай
эффекттер болдмайды.
5. Айнымалылар деп программаның орындалу бары-сында әр түрлі
мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Айнымалы – компьютер
жадының ат қойылған аймағы. Оған мән берілгенде, сол аймаққа мәннің
екілік коды жазылады. Айнымалы мәнін қолдану үшін оның атын –
идентификаторын және мән орналасқан аймақтың адресін білу керек.
Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр уақытта әр түрлі мәнге ие
бола алады. Айнымалылардың белгіленулері: alfa, y, x_3, summa, baga,
a1b8, т.с.с. Айнымалы атауы оның орындайтын міндетіне сәйкес,
түсінікті және қарапайым болғаны жөн. Айнымалыларды сипаттау оларды
пайдалану алдында кез келген жерде орналасады да, алдында олардың типі
көрсетіледі.
Оның жазылу форматы: , ..., ;
Мысалы: іnt a, b=5, d, D;
float c, alfa=2.15, b4=1.336e2;
char symbol, cc;
string coz, coilem;
Айнымалыларды сипттау үшін алдында сипатталған тұрақтылар мен мәні
анықталған айнымалыларды қолануға болды: int xl = 1, х2 = 2 * xl;
Айнымалыларды жариялау бөлек оператор болуы мүмкін немесе ол кейбір
операторлар ішінде істелінеді , мысалы , цикл операторында :
for ( int i = 0; i
Сипаттау кезінде бірден бастапқы мән меншіктеуге болады, оны
айнымалыны инициалдау дейді. Си тілі-нде символдық тіркестерді
сипаттау үшін арнайы тип жоқ, олар көбінесе char типтегі элементтерден
тұра-тын массив (жиым) ретінде қарастырылады. Жолдық немесе тіркестік
символдар ЭЕМ жадында көршілес ұяшықтарда сақталады да, олардың
соңында ‘\0’ символы тұрады. Символдар қатарының ұзындығын анықтау
үшін strlen сөзі қолданылады.
char m1[]=”Таңбалар жолы”;
char m[44]=”Только ограничтесь одной строкой”;
Сілемді жариялау үшін сілем атынан кейін квадраттарды жақшаларда
элементтердің саны көрсетіледі.
Мысалы, float mas[20];
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген
айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар (массивтер) тізбегі өрнек
деп аталады.
Математикадағы формулалар, арифметикалық өрнектер, алгебрадағы
көпмүшеліктер программалау тілінде тек осы өрнек ұғымы арқылы
беріледі.
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын
тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі оператор деп аталады.
Стандартты функциялар
Си тілінде математикадағы тәрізді стандартты функциялар бар. Олар
жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін
қолданылады. Стандартты функцияны жазу үшін міндетті түрде функцияның
аты және жақшаның ішінде аргументі көрсетілуі қажет. Функцияны есептеу
барысында аргумент пен функция типтерінің әр уақытта сәйкес келе
бермейтінін есте сақтаған жөн.
Енді программаларда жиі пайдаланылатын өрнектерді мысал ретінде
қарастырайық.
x fabs(x) Аргументтік нақты
абсолюттік шамасы
x abs(x) Аргументтік бүтін
абсолюттік шамасы
tg x tan(x) Аргументтің нақты
тангенсы
arctg x atan(x) Аргументтің нақты
арктангенсы
arccos x acos(x) Аргументтің нақты
арккосинусы
arcsin x asin(x) Аргументтің нақты
арксинусы
cos x cos(x) Аргументтің нақты
косинусы
sіn x sіn(x) Аргументтің синусынақты
ex exp(x) е-нің (2,71828) х нақты
дәрежесі
lnx log(x) х-санының натурал нақты
логарифмі
lg x l og10(x) х-санының ондық нақты
логарифмі
Pi M_PI (p-дің мәні
pі=3.14159265)
e M_E (e-нің мәні
е=2.718281828)
xn pow(x,n) х-тің n дәрежесі нақты
sqrt(x) х-тің квадрат нақты
түбірі
ceil(x) х санын бүтінге нақты
дейін жоғары
дөңгелектейді
Math. hpp Сeil(x) х санын бүтінге бүтін
дейін жоғары
дөңгелектейді
fmod(x,y) қалдық нақты
Math.hpp Floor(x) х санын бүтінге бүтін
дейін төмен
дөңгелектейді
Stdlib.h randomize
кездейсоқ
сандардың
генераторы
Stdlib.h rand 0... 37767 бүтін
аралығындағы
кездейсоқ сан
Stdlib.h random(num) 0... num-1 бүтін
аралығындағы
кездейсоқ сан
Операциялар Операциялар классификациясы Операцияларда қатысатын операндалар
саны бойынша операциялар былай бөлінеді: унарлы операциялар,
немесе бір операндты операциялар,
бинарлы операциялар, немесе екі операндты операциялар,
тернарлы операциялар, немесе үш операндты (бұл шартты операция Меншіктеу
операциясы да унарлы жөне бинарлы бола алады. Унарлы операцияларды талдау
оңнан солға карай жүргізіледі. Бинарлы операциялар солдан оңға карай
талданады
Унарлы операциялар тобы
Мөлшер
Операция белгісі Операция Операциялар тобы
- Арифметикалық терістеу Терістеу және толықтауыш
~ Разрядты логикалық
терістеу (толықтауыш)
! Логикалық терістеу
Адрестеуді алып тастау Адрестеуді алып тастау
және адрес
* & Адрес
+ Унарлы плюс Унарлы плюс sizeof
Мөлшер
Бинарлы операциялар топтары

* Көбейту Мультипликативті
Бөлу
% Бөлуден калган қаддық
+ Қосу Аддитивтік
Солға жылжу Жылжу операциясы
Оңға жылжу
Аз Қатынас опеоапиялар
Көп
Аз немесе тең
= Көп немесе тен
= Тең
!= Тең емес Қатынас опеРапиялар
& Разрядты логикалық ЖӘНЕ
Разрядты
Разрядты логикалық
НЕМЕСЕ Логикалык
&& Логикалық ЖӘНЕ Қатынас
опеРаЦиялар
ЛогикалықНЕМЕСЕ Қатынас
опеоапиялар
Үтір (тезбектеліп есептеу)
Тізбектеп есептеу
Төменде меншіктеу операциялары келтірілген. Меншіктеу операциясы оң
операнданың мәні сол операндамен берілген жад облысына меншіктелуін айтады.
Сондықтан меншіктеу операциясының сол операндасы немесе меншіктеудің унарлы
өрнегінін жалғыз операндасын жад облысына сілтейтін өрнек болуы керек.
Меншіктеу операциялары
Операция белгісі Операция аты
++ Көбею (унарлы инкремент)
-- Азаю (унарлы декремент)
= Қарапайым меншіктеу
*= Меншіктеумен көбейту
= Меншіктеумен бөлу
%= Меншіктеумен бөлуден калған қаддық
+= Меншіктеумен косу
-= Меншіктеумен алу
= Меншіктеумен солға жылжу
= Меншіктеумен оңға жылжу
&= Меншіктеумен разрядты ЖӘНЕ
= Меншікгеумен разрядты НЕМЕСЕ
^= Меншіктеумен разрядты шығарып тастайтын НЕМЕСЕ
Жад облысына сілтейтін өрнек атайтын өрнек деп немесе 1-мәнді деп аталады.
Мынадай өрнектер атайтын өрнектер бола алады: берілгендердің бүтін және
жылжымалы типті, сілтемелер типті,кұрылым және қоспа типті
идентификаторлары; массив немесе функция тәрізді есептелетін индекстік
өрнектерден басқа индекстік өрнектер ([ ]); элемент таңдау өрнегі (-
немесе .) егер таңдалатын элемент жоғарыдағы өрнектердің бірі болса;
адрестеуді алып тастау операциясының унарлы өрнегі (*), бұнда массив немесе
функцияға сілтейтін өрнек болмауы керек; дөңгелек жакша ішіндегі атайтын
өрнектері (1-мән). Ескерту. const кілтті сөзімен сипатталған объект
меншіктеу операциясының сол операндасы бола алмайды (мәнін өзгертуге
болмайды). Қарапайым арифметикалық түрлендірулер
Операциялар орындалу барысында өрнектер операндаларын бір типке келтіру
немесе қысқа шамаларды бүтін шамалардың өлшеміне дейін кеңейту үшін
типтерді автоматты түрлендіреді. Орындалатын түрлендірулер операциялар
спецификасынан және операндалар немесе операнда типіне байланысты. Көп
операциялар бүтін жөне жылжымалы типтерге ұқсас түрлендірулер орындайды.
Бүл түрлендірулер арифметикалық түрлендірулер. Төменде келтірілген
арифметикалық түрлендірулер қарапайым арифметикалық түрлендірулер деп
аталады.
Қарапайым арифметикалық түрлендірулер мынадай ережелер бойынша жүргізіледі:
1. float типті операндалар double типті операндаға түрленеді.
2. Егер бір операнд long double типті болса, екінші операнд long double
типіне түрленеді.
3. Егер бір операнд double типті болса, екінші операнд double типіне
түрленеді.
4. char немесе short типті кез-келген операнда int типіне тұрленеді.
5. unsigned char немесе unsigned short типті кез келген операнда unsigned
int типіне түрленеді.
6. Егер бір операнд unsigned long типті, онда екіншісі unsigned long
типіне түрленеді.
7. Егер бір операнд long типті болса, онда екінші операнд long типіне
түрленеді.
8. Егер бір операнд unsigned int типті, онда екінші операнд unsigned int
типіне түрленеді.
Сонымен, өрнектер есептеу барысында операндалар кай операнда үлкен өлшемді
болса, соған түрленеді.
Мысалы, мынадай айнымалылар сипатталған болса:
double fl;
unsigned char ch;
unsigned long m;
int i;
Онда fl*(i+chm) өрнекті есептеу барысында түрлендіру былай орындалады. сһ
операндасы әуелі unsigned int типіне түрленеді (5 ереже). Содан соң
unsigned long типіне түрленеді (6 ереже). Осы ереже бойыніи unsigned long
түріне түрленіп, дөңгелек жакшаға алынған өрі корытындысы unsigned long
типін алады. Сосын ол double типіне (ереже 3 түрленеді және бүкіл өрнек
корытындысы double типін алады Терістеу және толыктауыш операциялары
Арифметикалық терістеу операциясы ("-") өз операндасын терісеуінв табады.
Операнд бүтін немесе жылжымалы (яғни нақты) шама болуы керек. Орындалу
барысында қарапайым арифметикалық түрлендірулер орындалады.
М ы с а л:
int stat=5;
stat=-stat;
* Значение stat является отрицанием 5*
stat=-12; * stat присваивается отрицание к 12*
EMEC ("!") логикалык терістеу операциясы егер операнд ақиқат болса (ноль
емес), онда 0 мәнін алады, және егер операнд жалған болса (0), онда 1 мәнін
алады. Қорытындысы int типті болады. Операнд бүтін немесе I ылжымалы типті
немесе сілтеме типті болуы керек. Мысал: int x=0; !x өрнегінің корытындысы
1-ге тең (акиқат). Екілік толықтау операциясы ("~") өз операндасының екілік
толықтауын алады. Операнд бүтін типті болуы керек. Қарапайым арифметикалық
түрлендірулер жүргізіледі де, қорытынды түрлендіруден кейін операнда типін
алады.
М ы с а л:
main () { сhar c='9';
unsigned char cc;
cc=~c;
рrintf("с(символ)=%с\tс(оналтылық) = %x\n",c,c);
рrintf("~с(символ)=%с\t~с(оналтылық ) = %x\n",cc,cc); )
Программа орындалу қорытындысы:
с(символ)=9
с(оналтылык)=39
~с(символ)=Ц ~с(оналтылык)=с6 Көбейту операциясы ("*") операндтар көбейтуді
шақырады.
М ы с а л д а р:
int a = 5;
float у = 0.2;
double x, z; х = у * a;
Белу операциясы ("") бірінші операндты екінші операндқа бөлуді шақырады.
Егер екі бүтін сан бүтін бөлінбесе, нәтиже келесі тәртіп бойынша
анықталады: егер операндтар оң мәнді және unsigned типті болса, нәтиже ең
жақын кішкентай бүтін санға теңестіріледі; егер операндтардың біреуі теріс
мәнді болса, нөтиже бағыты (нольден немесе нольге) әр компьютерге сәйкес
анықталады (берілген қарастыруда нольге). Нольге бөлу кезінде қате деген
дерек беріледі.
Мысал:
main () int с = 49;
int cc = 10;
printf (%d%d = %d\n",c,cc,c(cc));
printf (%d-%d = %d\n",c,cc,c(-cc)); }
Программа орындалу корытындысы:
4910 = 4
49. 10 = -4
"Бөлуден қалдық" операциясы ("%") бірінші операндты екіншісіне бөлгендегі
қалдық нәтижесін береді.
Нәтиже таңбасы белгілі компьютерге тәуелді. Берілген қарастыруда нәтиже
таңбасы бірінші операндтың таңбасына сәйкес келеді. Егере екінші операнд
нольге тең болса, хабар беріледі.
М ы с а л:
main ( )
{ int с = 49;
int cc = 10;
printf ("остаток от деления %d на %d = %d\n",c,cc,c% (cc));
printf ("остаток от деления %d на -%d = %d\n",c,cc,c% (-cc));
printf ("остаток от деления -%d на %d = %d\n",c,cc,(-c)% (cc));
printf ("остаток от деления -%d на -%d = %d\n",c,cc,(-c)% (-cc)); }
Адрестеуді алып тастау және адрестер операциялары
Бұл операциялар сілтеме типті айнымалылармен жұмыс үшін қолданылады. *
адрестеуді алып тастау операциясы адрестелген шамаға сілтеме ылы жанама
жетуді қамтамасыз етеді. Операнд сілтеме болу керек. перация нәтижесі
операнд көрсеткен өлшем болып табылады. Нөтиже типі теме адрестеген шаманың
типі болып табылады. Егер сілтемеде кате адрес болса, нәтиже анықталмайды.
Сілтемеде кате адрес болғандағы кейбір жалпы жағдайларға мыналар жатады: •
сілтеме нольдік болады; нүсқау кезінде белсенді емес жергілікті объект
адресін анықтайтын сілтеме;
printf және scanf функциялары
Си тілінде сыртқы ортамен мәліметтер алмасу енгізу-шығару функциялары
кітапханасын пайдалану арқылы орындалады. Ол тақырып файлы ретінде былай
жазылады:
#include
Printf() функциясы мәліметтерді экранға шығару үшін қолданылады. Оның жалпы
жазылу түрі: printf(,);
( – қостырнақшамен (”) шектеліп, аргументтердің қалай бейнеленетінін
көрсетіп тұрады, экранға (баспаға) шығару алдында барлық аргументтер формат
спецификациясына сәйкес түрлендіріледі, специфи-кация % символымен
басталады және мәліметтер типін, оларды түрлендіру тәсілін көрсететін бір
әріп жазылады. ретінде айнымалылар, константалар, өрнектер қолданылуы
мүмкін.
Мысалы:
printf (“Пи санының мәні = %f\n”, pi);
Формат тіркесінде мыналар болады:
1) мәтін ретінде шығарылатын символдар тіркесі;
2) түрлендіру спецификациялары;
3) басқару символдары.
2. Спецификациялардың түрлері. Әрбір аргументке өз спецификациясы сәйкес
келуі тиіс,
олар: %d – бүтін ондық сан шығарылуы тиіс,
%i – бүтін ондық сан шығарылуы тиіс,
%f – жылжымалы нүктелі нақты ондық сан
(-dddd.dddd ) жазылып шығады,
%e – жылжымалы нүктелі экспоненциалды сан
(-d.dddde±dd) шығарылады,
%E – жоғарыдағы сияқты, тек е орнына Е
(-d.ddddE±dd) шығарылады,
%c – бір символ, яғни таңба (char) шығарылуы тиіс,
%s – символдар тіркесі (қатары) шығарылуы тиіс,
%g – нақты сан, сан ұзындығына қарай
%e немесе %f қолданыла алады,
%u – таңбасыз ондық бүтін сан жазылып шығады,
%o – таңбасыз бүтін сегіздік сан шығады,
%x – таңбасыз бүтін он алтылық сан шығады.
\n – келесі жаңа жолға көшуді атқаратын басқару символы.
Мысалы: %9i – бүтін сан ені 9 цифрдан тұрады, сан ені аз болса, оның сол
жағында бос орындар орналасады.
%9.3f – нақты сан ені 9 цифрдан тұрады, оның 3 таңбасы бөлшекке беріледі,
сан ені аз болса, оның сол жағында бос орындар орналасады.
Әрбір спецификация % символынан басталып, түрлендіру символымен аяқталады.
Ол екеуінің ортасында мыналар тұруы мүмкін:
минус таңбасы, аргумент мәні сол жақ шетке ығыстырылып жазылады.
цифрлар, бүтін санның жалпы орналасу енін анықтайды.
Сан осы енге немесе одан артық болып шығарылады. Егер аргумент ені
көрсетілген еннен аз болса, онда ол бос орындармен толтырылып жазылады.
2) Scanf() енгізу функциясы жоғарыда қарастырылған түрлендіру
спецификациясының көбін пайдаланады.
scanf (,); Аргументтер ретінде адрес нұсқауыштары пайдаланылады.
Мысалы: scanf("%d%f", &x,&y);
Кейбір айырмашылықтарын атап өтейік.
%е және %f спецификациялары енгізу кезінде бірдей болып табылады; short
типті бүтін санды енгізу кезінде %h спецификациясы қолданылады.
ЕСКЕРТУ. Айнымалы адресін беру үшін адрестерді жазғанда, айнымалы адресін
анықтау үшін & символы қолданылады. Ал тіркестік (жолдық) айнымалыны
енгізгенде, & символы жазылмайды.
Жол енгізуден бір мысал келтірейік.
* Жол енгізу мысалы *
main()
{ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz