WEB беттері және онда қолданбалы программаларды оқытуды ұйымдастыру


МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ . . .І-БӨЛІМ. ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫАВТОМАТТАНДЫРУ ІСТЕРІНДЕ ПАЙДАЛАНУМӘСЕЛЕЛЕРІ.. . .1. 1. Жаңа ақпараттық технологиялар және олардың маңызы . . .1. 2 Электронды оқытудың маңыздылығы мен ерекшеліктері . . .1. 3. Электронды оқулықтардың құрылымы туралы . . .ІІ-БӨЛІМ. WEB БЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОНДА ҚОЛДАНБАЛЫПРОГРАММАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ. . .2. 1 Internet желісі . . .2. 2 Web-бет. Гиперсілтеме . . .2. 3. Web Server Apache . . .2. 4. НTML тілі . . .2. 5. WEB беттерінде дайындалған “Қолданбалы программалардыоқыту” программасының қосымшасы. . .ҚОРЫТЫНДЫ . . .ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .:

КIРIСПЕ . . .

І-БӨЛІМ. ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ

АВТОМАТТАНДЫРУ ІСТЕРІНДЕ ПАЙДАЛАНУ

МӘСЕЛЕЛЕРІ. . . .

1. 1. Жаңа ақпараттық технологиялар және олардың маңызы . . .

1. 2 Электронды оқытудың маңыздылығы мен ерекшеліктері . . .

1. 3. Электронды оқулықтардың құрылымы туралы . . .

ІІ-БӨЛІМ. WEB БЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОНДА ҚОЛДАНБАЛЫ

ПРОГРАММАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ . . .

2. 1 Internet желісі . . .

2. 2 Web-бет. Гиперсілтеме . . .

2. 3. Web Server Apache . . .

2. 4. НTML тілі . . .

2. 5. WEB беттерінде дайындалған “Қолданбалы программаларды

оқыту” программасының қосымшасы . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

3558131919212223285051:

3

5

5

8

13

19

19

21

22

23

28

50

51

КIРIСПЕ . . .І-БӨЛІМ. ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫАВТОМАТТАНДЫРУ ІСТЕРІНДЕ ПАЙДАЛАНУМӘСЕЛЕЛЕРІ.. . .1. 1. Жаңа ақпараттық технологиялар және олардың маңызы . . .1. 2 Электронды оқытудың маңыздылығы мен ерекшеліктері . . .1. 3. Электронды оқулықтардың құрылымы туралы . . .ІІ-БӨЛІМ. WEB БЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОНДА ҚОЛДАНБАЛЫПРОГРАММАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ. . .2. 1 Internet желісі . . .2. 2 Web-бет. Гиперсілтеме . . .2. 3. Web Server Apache . . .2. 4. НTML тілі . . .2. 5. WEB беттерінде дайындалған “Қолданбалы программалардыоқыту” программасының қосымшасы. . .ҚОРЫТЫНДЫ . . .ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .:
3558131919212223285051:

КІРІСПЕ

Бүгінгі күнде қоғамның дамуы адамзатқа қажетті информацияны жедел және нақты түрде бере алатын информациялық процестердің дамуына байланысты болады. Информацияның қоғамдық өнім ретінде қарастырылуы экономикалық салаларының тиімділігін арттыруға, ғылыми - техникалық прогрестің алға жылжуына себебін тигізуде. Адамзаттың қатысуымен жүзеге асырылатын барлық қоғамдық жұмыстарда информацияны сақтау, өңдеу, беру үлкен маңызға ие болады.

Қазақстанның тәуелсіздік және егемендік алуына байланысты, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін қоғам дамуының қазіргі кезеңінің талаптарынан туындап отырған міндет және мақсаттарға орай жан-жақты жетілдіру қажет болып отыр.

Жоғары бiлiм беру қажеттiлiгi туған кезде ең негiзгi мәселе оқытудың мазмұны мен әдiстерiн, оқытуды ұйымдастырудың түрлерiн жетiлдiру болған болса, қазiргi кезде ең негiзгi мәселе-студентке тек қана ғылыми бiлiмдер жүйесiн беру ғана емес, оларды танымдылық және практикалық сипаттағы iскерлiк және дағды мен қаруландыру болып табылады.

Олай болса, оқыту процесiн жетiлдiру жолдарын iздестiруде тек қана жаңа бiлiмдер беру әдiстерiн жетiлдiрудi ғана емес, сонымен қатар оқушыларда iскерлiк пен дағдыны қалыптастыру әдiсiн жетiлдiру iсiн де ескеру қажет.

Соңғы кездері баспаханалық өнімдерді дайындауда, фотомонтаж жасауда көптеп қолданылып жүрген Page Maker, Photo Shop, Corel Draw программалары жоғары білім беру жүйесіне енгізілгеніне көп бола қойған жоқ. Ал, бұл программалардың әрбіріне қысқаша тоқталып кетер болсақ:

Page Maker - баспаханалық өнiм даярлауға арналған программалық орта. Оның негiзгi қызметi баспаханалық өнiмдi макеттеу, баспаның барлық элементтерiн ( растрлiк немесе векторлық суреттер, мәтiндер, сызбалар, кестелер және т. б. ) даярлау, жинақтау, оларды баспа бетiне орналастыру, элементтердi форматтаудың соңғы параметрлерiн беру және баспаның оригинал макетiн дайындау, оны баспадан шығару. Бұл программалық орта полиграфиялық дизайн жасауға, электрондық публикация жасауға көптеген мүмкiндiктер бередi.

Adobe Photo shop программасы графикалық бейнелерiн өңдеуге арналған бағдарлама болып табылады. Бұл программа пакеттi сканерге (енгiзушi құрылғы) түсiрiлген фото суреттердi, журнал бетiне шығарылатын суреттердi өңдеуге арналған. Adobe Photo Shop программасы бұл мүмкiндiктерден басқа интернет желiлерiндегi жарнамалардағы бейнелердi дайындау үшiнде қажет.

Corel Draw графикалық редакторы текстердi (мәтiндердi) өңдеу үшiн арнай құрал-жабдықтардан тұрады. Бұл програманың мүмкiншiлiгi аз және жұмыс iсеуге қолайсыз, бiрақ көптеген мәселелердi аз алдына орындайды.

Жоғары аталған қолданбалы программаларды оқытуда білім беру жүйесінің жаңа технологиясын пайдалану, яғни компьютерлік оқыту маңызды деп есептейміз.

Осы мәселелерді ескере отырып, “Қолданбалы программаларды оқытуды WEB беттерінде ұйымдастыру” тақырыбында диплом жобасын жасауды ұйғардық.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қолданбалы программаларды оқытуды автоматтандыруды WEB беттерінде ұйымдастыру болып табылады.

Зерттеу жұмысының теориялық негізі - информациялық қызмет көрсету жүйелерін қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар көмегімен құру және олардың тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I-БӨЛІМ. ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ

АВТОМАТТАНДЫРУ ІСТЕРІНДЕ ПАЙДАЛАНУ

МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жаңа ақпараттық технологиялар және олардың маңызы

ХХ ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды.

Жаңа технологияның маңыздылығы - оның көптүрлілігінде және барлық саланы қамту сипатында.

“Информациялық жаңа әлемде” бәрінен бұрын екі кезең нақты болып шықты.

Біріншіден, қоғамның бұрын болмаған дәрежеде информациялық техникаға қол жеткізуі. Бұл қозғалыс барлық салада: өкіметтік мекемелерде жеке іскерлік кеңселерде, аурухана мен кітапханаларда, зауыттар мен ғылыми-зерттеу институттарында, мектептер мен университеттерде, банктер мен дүкендерде, аэропорт пен полиция бөлімшелерінде жүріп жатыр.

Екіншіден, мұның қызмет етушілері мен адаптерлердің саны көп есе өсіп кетті. Дерек көздердің көрсетуінше, 1975-ші жылдан бастап-ақ жалданып істеген американдық азаматтардың жартысынан көбі негізінен информацияны өңдеумен немесе соған байланысты жұмыстармен айналысады.

Информациялық қоғамға көшу перспективалары әлеуметтік, құқықтық және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салуда. Мысалы, өндірістік роботты пайдалану адамның қатысуна бағдарланған бүгінгі технологияны толық өзгертуге әкеледі. Мұндай технологияны жасау ісі басталып та кетті. Жаңа қоғам мүшесін өз бетінше өмір сүруге дайындау да күрт өзгерді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да басталып келеді. Олар келешекте бүгінгі дәстүрлі түрлердің орнын баспақ. Мамандар, кәсіпкер номенклатурасы мен еңбекті ұйымдастыру әдістері де толығынан өзгерістерге ұшырамақ.

Информациялық қызмет көрсету жүйесі - қойылған мақсатқа жету үшін қажетті ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер мен олардың жұмыстарын үйлестіріп отыратын пайдаланушылардың жиынтығы.

Қазіргі информациялық қызмет көрсету жүйесінің негізгі техникалық құралы ретінде дербес компьютерді қолданады. Ірі ұйымдарда информациялық қызмет көрсету жүйесінің техникалық базасына дербес компьютерлермен бірге майнфрейм немесе суперЭЕМ енеді. Сондай-ақ, информациялық қызмет көрсету жүйесі адамның рөлінсіз іске аспайды.

Информациялық қызмет көрсету жүйелерінде компьютерді пайдалану салалары көп. Мысалы,

электронды оқулықтар жасап шығару;

кітапханалар жұмысын автоматтандыру (кітаптарды жылдам іздеп табу, олар жайлы мәліметтер беру т. с. с. ) ;

абоненттік телефор номері сұралған кезде компьютерде жазулы телефондар анықтамалығын пайдаланып жауап беру;

қалааралық транспорт билеттерін сатуды ұйымдастыру (әр рейске сатылған және бос орындар компьютерге тіркелгендіктен, оларды пайдаланып, билет сатуды ұйымдастыру қиын емес) ;

Жалпы информацияны ЭЕМ-де өңдеп, нәтижесін талдауды ұйымдастыру үшін орындалатын әрекеттер мынадай:

информация талдап, оны өңдеуге мүмкіндік туғызатын үлгісін дайындау;

информацияны тиімді өңдеу үшін нұсқаулар тізбегін (алгоритмін) жинақты түрде құру;

мәшине түсіне алатын командаларды (командалар жүйесін) пайдаланып программалау тілдерінің бірінде алгоритмнің программасын жазып шығу;

программаны ЭЕМ-де орындап, нәтижені алу;

нәтижені зерттеу. Егер құрылған үлгіде, алгоритмде не программада қате кеткен болса, оны дұрыстау;

дұрысталған программаны сақтау;

пайдаланушыға программаны пайдалану жайлы нұсқаулар беру.

Күрделі информацияны әмбебап компьютерде ғана өңдеуге мүмкіндік бар. Сондықтан информатикаға қатысты мәселелер информацияны өңдеу тәсілдерін зерттеу мен компьютерде түрлі есептерді шешу ғана емес. ИҚК үшін ЭЕМ-ді тиімді түрде пайдаланудың жаңа жолдарын іздестіру, осыған сәйкес компьютердің дамытылған үлгілерін құрастыру және ИҚК дамуының алғышарттары болып табылады.

Компьютерлер мен информациялық қызмет көрсету жүйесі арасындағы айырмашылықты дұрыс түсіну қажет. Арнайы бағытқа негізделіп құрылған программалармен жабдықталған компьютерлер информациялық қызмет көрсету жүйесінің техникалық базасы және құралы болып табылады. Информациялық қызмет көрсету жүйесі компьютермен және телекоммуникациямен бірлесіп әрекет қылатын пайдаланушысыз жұмыс жасай алмайды.

Кез-келген информациялық қызмет көрсету жүйесінің өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Олар:

қажетті информацияны пайдаланушыға жалдап, ыңғайлы түрде жеткізеді;

информацияның нақтылығын, дәлдігін қамтамасыз етеді;

үлкен көлемдегі мәліметтерді ұзақ мерзімге сақтайды;

қағаз бетіндегі құжат көлемін кемітеді;

информацияны қайта өңдеуді ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік береді;

пайдаланушыны күрделі есептеулерден босатады;

қызмет көрсету мен өнім өндіру шығынын қысқартады және т. б.

Информациялық жүйесі пайдаланушы қолданатын бағдарламамен қамтамасыз етілген терминалдар тобынан құралған электронды машинадан тұрады. Терминалдар мамандардың жұмыс орнында орналасып, машинадан кез-келген қашықтықта болуы мүмкін.

Үлкен немесе орташа информациялық қызмет көрсету жүйесінің негізгі қызметі тұтынушы белгілі бір информациялық сервиспен қамтамасыз етіп, басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады.

Қазіргі кезеңдегі информациялық қызмет көрсету жүйелері тұтынушылармен екі режимде жұмыс істей алады:

Біріншісі тапсырманы орындау режимі, оның мәні тұтынушы машинаға тапсырыс береді. Онда берілген мәліметтерді өңдеу процесіне нұсқаумен қолданбалы бағдарламаны қолдану қажеттілігі туралы түсінік беріледі.

Екіншісі қолданбалы бағдарламаның өзімен жұмыс тәсілдері.

Осы заманғы информациялық жүйелер жоғарғы тез әрекетті, әрі үлкен жады көлемін иемденеді. Олардың әрқайсысы бір мезетте жергілікті және терминалдың бірталай бөлігімен жұмыс істейді.

Осының арқасында информациялық жүйе:

әртүрлі тектес жұмысты автоматтандырады;

жүйедегі информацияны бақылау және қателіктерді жою;

тұтынушылардың жүйеде сақталынатын информацияларды әрдайым жаңарту;

тұтынушылардың тапсырмасын тез орындау және т. б. жұмыстарды істей алады.

1. 2 Электронды оқытудың маңыздылығы мен ерекшеліктері

Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық және инструменталды құралдары, оқу процесіндегі есептеуіш техника құралдарының ролі және орны туралы ғылыми білімнің жүйесі және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деп анықтама беруге болады. Ал бұл анықтаманы бастауыш білім беру жүйесіне қатысты басқаша анықтауға болады: білім беру мекемесінің мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші (дамыту, оқыту, диагностика және т. б. ) құрал.

Компьютер адам іс-әрекетінің құралы қатарында жаңа, әмбебап ақпараттық құрылғы. Компьютер барлық мүмкін формаларда (мәтін, сан, дыбыс, графика, бейне) ақпаратты қабылдай, сақтай, өңдей және шығара алатын қабілеттілігі арқасында адамның барлық қызмет аймағында қолданылады. Жаңа ақпараттық технология көмегімен орындалатын қызмет өзінің кез-келген нақты формасында тиімділігін көрсетеді, адам өркениетті бола бастайды, қоғамға, оның материалды және рухани жақтарына зор көңілмен қарай бастайды.

Оқытуды компьютерлендіру қазіргі дидактика мен нақты әдіс-тәсілді дамыту тенденциясы ретінде қарастырылады.

Әлемді компьютер жайлаған бүгінгі күнде есептегіш техникаларды тиімді де нәтижелі пайдалану үшін біріншіден, жалпы білімділік және кәсіби сауаттылық қажет. Олай дейтініміз, ЭЕМ-мен жұмыс жасағанда, қандай да болсын (табиғи тіл қатынасында да) сөйлем қателіктерін түсінбейтінін ескеру керек. Машина көмегімен бұл міндеттерді дұрыс шешу үшін көрініс моделін не үрдісін дұрыс құра білу керек.

Оқыту технологиясын оқу үрдісіне лайықтап ұйымдастыруға ғылыми амал таппаса болмайды. Сондай-ақ мектептің материалдық-техникалық базасын ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін ескере отырып жаңарту шарт.

Электронды оқыту ғылыми-техникалық прогресс дамуының нәтижесінде туды. Электронды оқыту жүйесі рецептивті (біржақты, оған телекөрініс - толқын мен кабельді пайдалану кіреді) және интерактивті (бұл жүйе оқушы мен техника құралдары арасындағы екі жақты қарым-қатынасын қамтамасыз етеді) болып екіге бөлінеді. Интерактивті жүйе жеке компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейнемагнитофон, бейне дискілі құрал және теледидар кешендері негізінде құрылады. Мұндай қазіргі заманғы кешендер интерактивті оқытуда аса қымбат тұрғанымен, көрекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді.

Компьютерлік оқыту интерактивті электронды оқытудың бір бөлігі болып табылады және ол техникалық құралдардың бірі ретінде есептегіш машинаны пайдалануды қамтиды. Демек, оқытудың мұндай жүйесінің құралы - компьютер болып саналады.

Есептеуіш техникаларды пайдалану оқушылардың сабаққа ынта-ықыласын арттырып, ерекше танымдық қызығуын тудыратыны сөзсіз. Ал бірінші тоқсанның соңына қарай олардың бастапқы талпынысы төмендейді, ЭЕМ құралынсыз сабақ қызықсыз көрінетін болады. Сабақта ЭЕМ техникасын пайдалану оқушылардың күшті не әлсіз даму деңгейін талғамайды, өйткені, ол бәрін бірдей дамытуға бейім және оған мүмкіндік жағдайы да тең.

Электронды есептегіш машиналарды оқу үрдісіне енгізу оқушылардың қызығуын арттыратыны соншалық, олар сабақтан тыс уақытта да құлшыныс танытатын болады. Себебі, ЭЕМ-мен жұмыс жасау оқушының даярлық деңгейін аса талап ете бермейді. Ал электронды машинаны толық меңгерген соң оқушының оған қызығуы бұрынғыдан да арта түседі, әсіресе ойын элементтерін орындағанда. Ойын оқушыны еркіндікке, төзімділікке, мақсаткерлікке баулиды. Өйткені, ойын тапсырмаларында мақсат айқын болғанымен, оған жетудің нақты жолдары көрсетілмейді. Сондықтан, оқушының қиялдау мүмкіндігіне жол ашады, ақыл-ой белсенділігін дамытуға көмектеседі.

Есептегіш машинаны оқып үйренуші қандай режимде жұмыс істесін оның іс-әрекеті мұғалімнің бақылауында болуы тиіс. Олай деуіміз негіз, бүкіл сыныптың қабылдау қабілеттеріне байланысты, оқушының оны игеріп кетуінде мұғалімнің ролі үлкен. Ал оқу үрдісіне, жалпы сабақ түрлерін, кері байланыс көрсеткіштеріне байланысты оқытудың әдіс-тәсілдерін, т. б. ауыстырып отыруы тиіс. Сондай-ақ қажет болған жағдайда оқушының назарын экран мен пернетақтадан басқа жаққа аудара білуі де үлкен маңызға ие.

Білім беру мақсатын жүзеге асыру нәтижесінде балалар оқу материалдарының жаңа көлемін игереді, оның сапасын арттырады, деңгейін өсіреді. Бұл мақсат екі топқа бөлінеді:

-оқушыларды білім негіздерімен, нақты фактілермен, түсініктермен, заңдармен, теориялармен таныстыру;

-жалпы әлеуметтік пәндік және пәнаралық біліктілікті, соларды игеруді қалыптастыру, яғни алынған білімді қолдану тәсілдерін меңгеру.

Оқыту программасы қаншалықты тиімді екендігін оны тек сабақта қолданып болған соң, талай отырып айтуға болады .

Электрондық оқыту программасын жасайтын программалаушылардың қолданбалы программалар жасау принциптерін оқу программаларына механикалық түрде енгізбеуін қадағалау керек, ол кейбір кезде зиянын тигізуі мүмкін. Мұнда программалардың нақты адамдардың әрекеттеріне әсер ететінін ұмытпау керек, олардың ынтасы, қызығуы, ұмтылысы компьютердегі оқу процесінде ескерілуі қажет.

Компьютер арқылы оқыту үшін даярланған сабақты программалау кезеңі алдымен қабылданған сценарийдің орындалуын қамтамасыз ететін алгоритмді құрудан тұрады. Ал, алгоритмдерді сипаттау оны түсінуге, оқуға жеңіл болуы тиіс, оған қоса алған бағыттан ауытқымайтын дәл әрі анық болуы керек. Алгоритмдер, бір жағынан программалаушы есптерге де түсінікті болса, екінші жағынан - программа дұрыстығын тексеру үлгісіндей бола алуы да керек. Алгоритмді сипаттау үшін олардың функционалдық ерекшеліктері мен сөздер арқылы жазылуын байланыстыратын жартылай жасанды тіл қажет, оған қоса оның объектілерін негізгі графикалық түрде бейнелеуге арналған мүмкіндіктердің қарастырылуы тиіс.

Одан әрі компьютер арқылы жүргізуге дайындалған сабақтың программасын жасау - берілген алгоритмді компьютер программасына аударуға барып тіреледі. Мұндай жоғары деңгейдегі программалау тілдері немесе электрондық сабақтарды жасаудың жүйелік құралдары қолданылады.

Мұнан соң даяр болған оқыту программалық жабдықтамалары әдістемелік нұсқаулармен және пайдалануға қажетті ұсыныстармен толықтырылды .

Қазіргі таңда дайындалған электрондық оқулықтардың көпшілігі білім берудің стандартына сәйкес келмейді. Электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек сияқты :

- Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сайкес болуын ;

- Электрондық оқулықтар курста оқылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі; зертханалық және практикалық, тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші; барлық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуын;

- Электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұны қайталамауын, яғни, берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;

- Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса, онда экранда пайда болатын оң жақ тік, төмендегі көлденең жылжыту сызықтарын электрондық, оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына және мәтінді жоғары-төмен, оңға-солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді.

- бір қатардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі материалды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей болуы керек.

Оқулықты шектен тыс илльюстрациялық, анимациялық тұрғыдан көркемдеу пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ кейбір пәндерге атап айтқанда, физика, химия, биология сияқты пәндерге қатысты процестерді анимациялап көрсету, тіпті, кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін MPEG, AVI типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтінді формат арқылы электрондық оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік, әдістемелік деңгейін арттырады

1. 3. Электронды оқулықтардың құрылымы туралы

Электронды оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейiн сынақ не емтихан тапсырылуы тиiс пәннен болса, онда бiр материалды ұш тұрлi құрылымда берген жөн:

Мазмұндау мәтiн, сурет, кескiн, схема, кесте, график т. с. с. тұрiнде берiледi. Сонымен қатар мұнда, қарапайым оқулықта мұмкiн емес, анимация, видео, дыбыстық эффектiлер сияқты компьютерге тән элементтер орын алуы мұмкiн.

Схемокурс - оқулықтың мазмұнын қысқартылған мәтiн - график тұрiнде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негiзгi идеяларды түсiнуге септiгiн тигiзедi. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнлеу мазмұнды ассоциативтi тұрде есте сақтауда ұлкен көмек бередi.

Өзiн өзi бақылаудың тестiк жүйесi - оқу материалының мазмұны арнайы интерактивтi жүйенi пайдалану арқылы сұрақтар мен жа-уаптар тұрiнде берiледi. Тестiк жүйе көбiне алынған бiлiм дең-ге-йiн тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы ұшiн оқулықтың ең қызықты бөлiгi болып табылуы да мұмкiн. Жүйе оқулықтың ав-торлары құрған тест сұрақтар қорынан тұрады. Бұл тестер қорын сынақ және емтихан қабылдау кезiнде де пайдалануға болады.

Оқу материалының бұлай үш түрде берiлуi, пайдаланушының бiр оқу материалын бiрнеше рет қайталап шығуына мұмкiндiк туғызады. Бұл оқу материалын есте сақтауды жақсартады.

Қазiргi ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негiзiнде жаңа педагогикалық әдiстердi қалыптастыруға бағытталған бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыруды зерттеу iстерi оқулықтар шығарумен қатарласа немесе оның алдында атқарылуы керек.

Педагогикалық мәселелердi шешу мүмкiндiгiне қарай КОҚ-рi келесi топтарға жiктеледi:

теориялық және техникалық дайындық құралдары;

практикалық дайындық;

көмекшi құралдар;

кешендi құралдар.

Бiрiншi топқа келесi КОҚ-рi кiредi:

Компьютерлiк оқулық (КО) - баспа оқулық негiзiнде жасалған, белгiлi бiр курс бойынша базалық ұғымдар мен процесстер жайлы мейлiнше толық материалдар қамтылған КОҚ;

Бiлiмдi тексерудiң компьютерлiк құралы (БТКҚ) - белгiлi пән бойынша студенттiң теориялық бiлiмiн тексеруге арналған көпнұсқалы, көпдеңгейлi тапсырмалар жүйесi.

Практикалық дайындық КОҚ-рi:

Компьютерлiк практикум (КП) - пәннiң типтiк есептерiн шығаруға және есептер арасындағы байланыстарды анықтуға арналған тапсырмалар жинағы; Компьютерлiк тренажер (КТ) - iс-әрекет дағдысын қалыптастыруға және оған қатысты қабiлеттi дамытуға арналған құрал.

Көмекшi КОҚ-рi:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
JSP динамикалық Web бет технологиясы
Компьютерлік графиканың түрлері
Полиграфиядағы дизайн элективтік курсын оқытудың әдістемелік негіздері
Орта мектепте информатика пәнін оқытудың негіздері
Интернет желісінің ақпараттық қорларын білім беруде қолдану ерекшеліктері
“ВАКУУМДЫҚ ТЕХНИКА” БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ҚҰРАЛЫН ЖАСАҚТАУ
Желілік технология енгізу пані бойынша электронды оқулық
8 сыныптың бағдарламасына сай MS Windows-тың стандартты бағдарламаларын оқыту барысында қолданылатын оқыту бағдарламасын жасау
Компьютерлерді программалық қамсыздандыру курсын оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz