Көмірсулар жайлы



Жоспар.

І. Кіріспе.
1) Көмірсулар.
ІІ. Негізгі бөлім.
1) дисахаридтер.
2) полисахаридтер.
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Көмірсулар табиғатта өте көп тараған және адам тіршілігінде маңызды өте өор рөл атқарады. Олардың кейбіреулері, мысалы, крахмал негізгі қоректік заттардың қатарына қосылады; басқалары (жасунық-целлюлоза, яғни клетчатка) маталар, қағаздар, жасанды талшықтар және тағы басқа өндірісіне жұмсалады.
"Көмірсу" атауы тарихи қалыптасқан. Осы типтес
қосылыстардың алғашқы өкілдерін зерттеу, олардың көміртегі мен
судан тұратынын және жалпы формуласы Сn(Н2О)m екенін
көрсетті.
Кейіннен бұл формулаға сәйкес келмейтін, бірақ маңызды химиялық белгілері жағынан соларға жататын қосылыстар да табылды.
Көмірсуларды үлкен топтарға бөледі. Олардың бір өкілдері гидролиздегенде өзгермейді — оларды моиосахаридтер дейді. Егер гидролиздегенде көмірсу молекуласы екі моносахарид молекуласына ыдырайтын болса, ондай заттарды дисахаридтер деп атайды. Егер гидролиз нәтижесінде моносахаридтердің көп молекулалары түзілсе, ондай заттар полисахаридтер деп аталады. Көмірсулардың ең қарапайым түрі глюкоза. Бұдан әрі біз аталған көмірсулардың басты өкілдерін қарастырамыз.
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Л.А.Цветков. “Органикалық химия”. Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: “Мектеп баспасы”, 2002.
2. Э.Е.Нифантьев, Л.А.Цветков. “Органикалық химия”. Жалпы білім беретін мектептің 10-11 – сыныбына арналған оқулық. – Алматы: “Рауан”, 1998.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

І. Кіріспе.
1) Көмірсулар.
ІІ. Негізгі бөлім.
1) дисахаридтер.
2) полисахаридтер.
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

Көмірсулар.
Көмірсулар табиғатта өте көп тараған және адам тіршілігінде маңызды
өте өор рөл атқарады. Олардың кейбіреулері, мысалы, крахмал негізгі
қоректік заттардың қатарына қосылады; басқалары (жасунық-целлюлоза, яғни
клетчатка) маталар, қағаздар, жасанды талшықтар және тағы басқа өндірісіне
жұмсалады.
"Көмірсу" атауы тарихи қалыптасқан. Осы типтес
қосылыстардың алғашқы өкілдерін зерттеу, олардың көміртегі мен
судан тұратынын және жалпы формуласы Сn(Н2О)m екенін
көрсетті.
Кейіннен бұл формулаға сәйкес келмейтін, бірақ маңызды химиялық
белгілері жағынан соларға жататын қосылыстар да табылды.
Көмірсуларды үлкен топтарға бөледі. Олардың бір өкілдері
гидролиздегенде өзгермейді — оларды моиосахаридтер дейді. Егер
гидролиздегенде көмірсу молекуласы екі моносахарид молекуласына ыдырайтын
болса, ондай заттарды дисахаридтер деп атайды. Егер гидролиз нәтижесінде
моносахаридтердің көп молекулалары түзілсе, ондай заттар полисахаридтер деп
аталады. Көмірсулардың ең қарапайым түрі глюкоза. Бұдан әрі біз аталған
көмірсулардың басты өкілдерін қарастырамыз.

ДИСАХАРИДТЕР

Сахароза. Сахароза — дисахарядтердің аса маңызды өкілі. Ол бізге
кәдімгі қант түрінде белгілі, Бұл — тәтті дәмді, суда жақсы еритін, 185°С-
та балқитын, түссіз кристалл зат. Балқыған сахароза қатайған кезде аморфты
мөлдір масса пайда болады. Сахароза көптеген өсімдіктердің құрамына кіреді,
әсіресе, ол қант қызылшасы мен қант қамысында көп. Өнеркәсіпте сахарозаны
осы өсімдіктерден алады.

Сахароза көптеген өсімдіктердің: мысалы, қайыңның, үйеңкінің
шырындарында, сәбізде, қауында болады. Сахароза әсіресе қант қызылшасында
және қант қамысында көп болады.

Дисахаридтердің құрылысы мен химиялық қасиеттері.

Сахарозаның молекулалық формуласы С12Н22О11. Құрамы жағынан оның
молекуласы сусыз екі моносахарид С6Н12О6 молекуласына сәйкес келеді.
Мүмкіндігінше, сахарозаның құрылысын анықтап көрейік.
Алдымен, сахарозада глюкоза құрамындағы функционалдық топтар бола ма —
соны тексерейік.
Молекуладағы гидроксил топтарын металл гидроксидінің көмегімен оңай
анықтауға болады. Егер сахароза ерітіндісін мыс (II) гидроксидіне құйса,
ашық-көк түсті мыс сахаратының ерітіндісі түзіледі. (Мыс глицератын еске
түсіріңдер).
Сахарозада альдегид тобының барын анықтау мүмкін емес: күміс (I)
оксидінің аммиактағы ерітіндісімен қыздырғанда күміс айна реакциясын
бермейді, мыс (II) гидросидімен қыздырғанда қызыл түсті мыс (I) оксидін
түзбейді. Демек, сахарозаның глюкозадан айырмашылығы: ол — альдегид емес.
Сахарозаның құрылысы туралы маңызды деректі оның гидролизін, яғни
сумен реакцияларын зерттеу негізінде білуге болады. Сахарозаның ерітіндісін
бірнеше тамшы тұз немесе күкірт қышқылымен қайнатайық. Бұдан соң қышқылды
сілтімен бейтараптап, ерітіндіні мыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егде жастағы адамдардың тамақтануы
Өсімдік жасушасының химиялық құрамы
Тірі организмдегі қуат алмасуы
Органикалық заттардың алмасуы
Ұйқы безінің эндокриндік жасушаларының инсулинді жеткіліксіз өндіруі
Биологиялық макромолекула құрылысы және қызметі
Күрделі көмірсулар немесе күрделі қанттар
Белоктар мен витаминдер
Адам ағзасындағы макро және микроэлементтер
Физикалық еңбек кезіндегі тамақтану
Пәндер