Антикалық философияның даму кезеңдері
Жоспар:
Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Антикалық философияның даму кезеңдері
2.2 Алғашқы философиялық мектептер
2.3 Парменид философиясы
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер

Біздің дәуірімізге дейінгі VІІ-VІ ғасырларда Эллада полистерінде (қала-мемлекет) қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, осы себептердің негізінде өзіндік талап-мүдделері ерекшеленген әлеуметтік топтар пайда болды.Евпатридтердің билігінің орнына мемлекеттік тирандық, кейінірек келе, құлдық демократия түрлері дүниеге келді.Азаматтардың қоғам сатысында алатын орны шығу тегіне байланысты болмай, олардың мүліктік жағдайымен байланыстырылды.Осы себептер ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне, осы негізде таза зиялылар қауымының пайда болуына, әртүрлі әлеуметтік топтардың талап-мүдделеріне сай саяси- әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына әкеліп соқты.
Сонымен қатар, антика философиясының қалыптасуына Крит-микен, Гомерлік Греция кезеңдеріндегі әдеби-діни-мифологиялық көзқарастар және күнделікті өмір тұрғысынан тұжырымдалған данышпандық ой-пікірлер (жеті данышпан кезеңі) негізінде дамыған грек мәдениетінің сол кездегі Көне Шығыс мәдениетінің озық үлгілерін өз бойына сіңіруі (мысалы, сол кездегі афро-азия елдерінде жақсы дамыған математика негізінде грек ғұламалары дедуктивтік тәсілді дамытты) арқасында қалыптасқан әлемнің субстанционалдық негізін іздеген, рационалданған көзқарастар зор әсер етті.Демек, антикалық дүниетанымдық көзқарас өз кезеңіндегі ғылыми жетістіктерге сүйене, өзінің логикалық, категориялық аппараттарын жетілдіре отырып, философияның көзқарастық және рационалдық-жүйелік жақтарын тығыз байланыстыра қарастырып,алғашқы философиялық ой -пікірдің қалыптасып, кейінірек келе оның классикалық деңгейге дейін көтерілуіне мүмкіндік туғызды.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Спиркин А.Г. Философия. Оқулық. М., 2000.
2. Философия. Оқулық. Губин В.Д. М., 1996.
3. Философиялық сөздік. М., 1996.
4. Кішібеков Д., Сыдыков Ү. Философия. А., 2000.
5. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. А., 1999.

І Кіріспе
Біздің дәуірімізге дейінгі VІІ-VІ ғасырларда Эллада полистерінде (қала-мемлекет) қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, осы себептердің негізінде өзіндік талап-мүдделері ерекшеленген әлеуметтік топтар пайда болды.Евпатридтердің билігінің орнына мемлекеттік тирандық, кейінірек келе, құлдық демократия түрлері дүниеге келді.Азаматтардың қоғам сатысында алатын орны шығу тегіне байланысты болмай, олардың мүліктік жағдайымен байланыстырылды.Осы себептер ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне, осы негізде таза зиялылар қауымының пайда болуына, әртүрлі әлеуметтік топтардың талап-мүдделеріне сай саяси- әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына әкеліп соқты.
Сонымен қатар, антика философиясының қалыптасуына Крит-микен, Гомерлік Греция кезеңдеріндегі әдеби-діни-мифологиялық көзқарастар және күнделікті өмір тұрғысынан тұжырымдалған данышпандық ой-пікірлер (жеті данышпан кезеңі) негізінде дамыған грек мәдениетінің сол кездегі Көне Шығыс мәдениетінің озық үлгілерін өз бойына сіңіруі (мысалы, сол кездегі афро-азия елдерінде жақсы дамыған математика негізінде грек ғұламалары дедуктивтік тәсілді дамытты) арқасында қалыптасқан әлемнің субстанционалдық негізін іздеген, рационалданған көзқарастар зор әсер етті.Демек, антикалық дүниетанымдық көзқарас өз кезеңіндегі ғылыми жетістіктерге сүйене, өзінің логикалық, категориялық аппараттарын жетілдіре отырып, философияның көзқарастық және рационалдық-жүйелік жақтарын тығыз байланыстыра қарастырып,алғашқы философиялық ой -пікірдің қалыптасып, кейінірек келе оның классикалық деңгейге дейін көтерілуіне мүмкіндік туғызды.
2.1 Антикалық философияның даму кезеңдері
Б.д.д. VІІ антикалық рухани даму мифологиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық философия тарихында Сократқа дейінгі, ал б.д.д. ІІІ ғасыр ойшылардың мәнділіктің генетикалық бастамасын,түпнегізін жалпы дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп алып,оны өзінің категориялық аппараты тұрғысынын түсіндіріп философиялық ойлауды биік деңгейге көтеруіне байланысты кезеңді -Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп екіге бөлінеді.
Сократқа дейінгі кезеңде дүниеге келген алғашқы философиялық мектеп Кіші Азияда шыққан Милет мектебі болды.Оның негізін қалаушы Милет қаласында өмір сүрген, жеті данышпандар қатарына жататын солардың ішінде ең сыйлысы Фалес болды (шамамен б.д.д. 625-547жж.).Ол Бастама туралы, Күн туралы, Күн мен түннің теңесуі туралы, Теңіз астрологиясы деген еңбектер жазған, бірақ олар біздің заманымызға жетпеген.
Аристотельдің өзінің Метафизика деген еңбегінде заттардың генетикалық бастамасын іздеген, олардың сол бастамадан қалай пайда болғанын және содан қалай қайтып келетінін, басқаша айтқанда, денелердің өзгеруіне қарамастан, жалпы табиғаттың жойылмайтынын мәселе етіп көтергендердің ішіндегі біріншісі Фалес болды деп көрсетеді.
Фалестің ілімінше, барлық денелердің генетикалық бастамасы - су.Бұл жерде су-мұхит (нун), Абзулардың (Апсулардың) философиялық жиынтықталған ұғым.Фалес, бір жағынан, барлық денелер суда қалқып жүреді десе, екінші жағынан, ол жай су емес, ол ақыл-ой, осы тұрғыдан ол құдай тектес дейді.Ол әлемдегі барлық заттардың өмір сүруінің алғы шарты-мыс.Күн және басқа әлемдік денелер судың буымен қоректенеді.Әлем құдайға толы, құдайлар әлемдегі болып жатқан құбылыстардың, іс-әрекеттің негізгі күші, сонымен қатар, сол денелердің өзіндік қозғалыстарының қайнар көзі ретінде - солардың жаны.Мысалы, магниттің жаны бар, себебі, ол өзіне темірді тарта алады.
Фалестің таным процесінде танып-білу бір бастамадан басталып, соның төңірегінде ой қозғалуы керектігіне баса көңіл аударады.
Фалестің философиялық көзқарасы тұрпайы, балаң болғанымен, табиғат құбылыстарын, олардың пайда болу, даму заңдылықтарын табиғи тұрғыдан танып-білуге ұмтылған алғашқы талпыныс болды. Оның ілімі өзінен кейінгі талай ғұламаларға сара жол сияқты бастама болып, философиялық ой-пікірдің одан әрі қарай дамуына үлкен үлес қосты.
Фалестің ілімін әрі қарай оның шәкірті және жолын қуушы Анаксимандр (шамамен б.д.д. 611-545 жж.)жалғастырды. Негізгі еңбектері: Табиғат туралы (бұл еңбектің кейбір фрагменттері сақталған), Жер картасы, Глобус (бұл еңбектер сақталмаған). Анаксимандр барлық денелердің бастамасын сол денелердің түпнегізі (субстанция) сатысына дейін көтерді. Бастаманы ол заттардың түпнегізі - апейронмен теңестірді. Олай болса, апейрон бастама да, түпнегіз де. Симпликийдің айтуынша, Анаксимандрдың апейроны генетикалық бастама ретінде де, түпнегіз ретінде де таусылмайтын шексіз және төрт дүлей күштің негізі ретінде шексіз, көмескі және мәңгі. Ол ешуақатта да қартаймайды, өлмейді және жойылмайды. Ол мәңгі белсенділікте және қозғалыста болады. Ол өзінің осы қасиетінің арқасында өзінен қарама-қарсы құбылыстар - ылғал мен құрғақтық, салқындық пен жылылық шығарады. Олар екі-екіден қосылып, жер (құрғақтық пен салқындық), су (ылғалдық пен жылылық),от (құрғақтық пен жылылық) түзейді. Осы төртеуі арақатынасқа түсіп, олардың ортасында ең ауыр жер орналасады да, қалғандары оны сумен, ауамен, жарықпен (от) қоршайды. Аспан отының әсерімен судың біраз бөлігі буланады да, мұхиттардан жер көріне бастайды, сөйтіп, құрлықтар пайда болады. Демек, апейрон космостың генетикалық бастамасы ретінде ондағы денелерді дүниеге әкеледі. Аспан әлемі соғыс арбасы дөңгелегінің шеңбері сияқты үш сақинадан (шығыршақ) тұрады. Бұл сақиналар көзге көрінбейді. Төменгі сақинаның көптеген тесіктері бар, сол тесіктер арқылы аспандағы оттар көрініп тұрады. Ортадағы сақинада бір ғана тесік бар -ол Ай. Жоғары сақинада да бір тесік бар -ол Күн.Тесіктер толық, немесе аздап бітулері мүмкін, онда күн мен ай тұтылады. Сақиналар Жерді айналып жүреді, олармен қоса тесіктер де қозғалыста болады. Анаксимандр осылай жұлдыздардың, күннің, айдың қозғалыстарын түсіндіреді.
Анаксимандр ілімінше, тіршілік теңіз бен құрлықтың шекарасы айда, аспан отының әсерімен пайда болады. Алғашқы тірі жәндіктер теңізде өмір сүрді, кейін олардың кейбіреулері өздерінің қабыршықтарын тастап, құрлыққа шығып, тіршілік етті, сөйтіп, жануарлар пайда болды. Ал адам теңіз жануарларының бір түрінің ішінде өсіп, өрбіп, ер жеткеннен (есейгеннен) кейін құрлыққа шығып, өмір сүрді.
Анаксимандр ілімінің аңғалдығына қарамастан, онда табиғаттың даму заңдылықтарын табиғаттың өз логикасымен түсіндіруі. Табиғаттың диалекттикасының алғашқы қадамдары болды.
Анаксимандр ілімін әрі қарай оның шәкірті Анаксимен (б.д.д^Іғ. ортасы) жалғастырды. Негізгі еңбегі - Табиғат туралы. Анаксимен барлық денелердің негізі деп ауаны айтады. Ауа - шексіз (апейрос). Сөйтіп, Анаксимандрдің апейроны түпнегізден ауаның қасиетіне айналды. Ауа үнемі қозғалыста болады да, бірде қоюланып, бірде сұйылып, алуан түрлі заттар мен құбылыстарды түзеді. Ауа сұйылғанда алдымен отқа, содан кейін эфирге айналса, қоюланғанда - желге, бұлтқа, суға, жерге және тасқа айналады. Ауаның сұйылуы жылылыққа байланысты да, қоюлануы салқынға байланысты.
Анаксименнің ілімінше, жер және басқа аспан денелері ауада қалқып жүреді. Жер қозғалмайды, ал басқа денелер ауаның әсерінен ылғи да қозғалыста болады. Күн де - жер , бірақ өзінің жылдам қозғалуының себебінен ыстық шоққа айналған.
2.2 Алғашқы философиялық мектептер
Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен барлық заттардың, денелердің генетикалық бастамасын, түпнегізін құдайлардың құдіретінен іздемейді, олардың өзіндік ішкі мазмұнынан іздейді. Генетикалық бастаманың, түпнегіздің табиғаты, бір жағынан, зат тәріздес болса, екінші жағынан, ақыл-ойдан да қашық емес, сондықтан ол құдайлармен пара-пар құбылыс.
Милет мектебінде қалыптасқан философиялық дәстүрді ілгері қарай дамытқан Эфес қаласынан шыққан саяси қайраткер, ғұлама ойшыл Гераклит (шамамен б.д.д. 544-483жж.) болды. Оны іліміндегі терең ойлары үшін тұңғиық деп атаған. Негізгі еңбегі: Табиғат туралы. Бұл еңбектің 130-дай фргменттері ғана сақталып, бізге дейін жеткен.
Гераклит заттардың түпнегіздік-генетикалық бастамасын от деп есептеген. От мәңгі және құдай тектес деген. Әлемді құдай да, адам да жаратқан жоқ, ол өз заңдылығымен бірде лапылдап жанып, бірде сөніп тұратын, әр уақытта болған, бар және болатын тірі от. Оттан Ғарыштың пайда болуын Гераклит оттың жетіспеушілігінен болатын төмен қарай жол десе, оттың молдылығынан Ғарыштың кері отқа айналуын, өзінің түпнегізіне қайтып келуін жоғарыға қарай жол деп атаған. Сөйтіп, төмен-жоғары қарай мәңгі қозғалыстың нәтижесінде жалқыдан барлық заттар, керісінше, заттардан жалқы жаратылады. Әлемнің өзгеру тәртібі мен өлшемі, оның объективті заңы - логосқа байланысты. Логостың өзі от сияқты. Бірақ, сезім үшін - от сияқты болып көрінсе, ақыл-ой үшін - ол логос, объективті заңдылық. Логос тек қана ғарышқа тән заңдылық емес, ол адам жанына да тән. Адамның жанына тән логос ылғалдың булануынан пайда болады, ал, керісінше, жан өлшегенде, ол суға айналады. Жан тек ылғалды ғана емес, сонымен бірге, құрғақ та болуы мүмкін. Сонымен, жан қарама-қарсы екі құбылысты - ылғалды және құрғақ жаннан тұрады. Ылғалдық жаман жандарға тән. Мысалы, ылғалды жан маскүнемдерге, ауруларға, күнделікті ләззат іздеген адамдарда кездеседі. Ал құрғақ жан - данышпан, ақылды адамдарда кездеседі. Жанның құрғақтығы - оның логосы. Мұндай логос ғарышты билейтін объективтік логос сияқты шексіз, терең келеді. Сондықтан жанның шегіне жетемін деп талпынсақ, жан логосының тереңдігі соншама - оған жете алмайсың.
Пифагор (б.д.д. 580-500жж.) Біздің дәуірімізге дейінгі УІ ғасырдың аяғында философиялық ілімдер Кіші Азиядан Ұлы Элладаға көше бастады. Осы кезеңде оңтүстік Италия мен сицилияда пифагоршылар мектебі деп аталатын одақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz