Windows 95/98 бен Windows 2000 — ды салыстыру


МАЗМҮНЫ

Кіріспе

1. Windows 2000 - ң қысқаша тарихы. . 3

1. 1 Windows 98 немесе Windows 2000. 3

Негізгі бөлім

2. Windows 95/98 бен Windows 2000 - ды салыстыру4

2. 1 Windows 2000 файлдық жүйелері: FAT және NTFS . . . 4

2. 2 Windows 2000 файлдық жүйесіне шолу5

2. 3 Бірнеше файлдық жүйелермен жұмыс жасау . . . 8

3. FAT/VFAT жүйелері13

3. 1 Windows 3. 1 жүйесіндегі 32 разрядты жұмыс. 15

3. 2 Windows - ң DOS негізіндегі жұмысы. 16

3. 3 Windows 2000 32 разрядты жұмысқа альтернатива . . . 18

3. 4 Windows 2000 - де FAT 32 - ні қолдау . . . 18

3. 5 Windows 2000 жүйесіндс UDF - ті қолдау . . . 19

3. 6 DOS арқылы VFAT - пен жұмыс жасау . . . 20

4. NTFS файлдық жүйесі . . . 22

4. 1 NTFS 4 және NTFS 5 . . . 22

4. 2 Жасырын файлдар дәрежелері . . . 23

4. 3 Бөлік жасау . . . 23

5. Файлдың жаңа типі:LNК. 24

6. VxD жәнс DLL файлдары . . . 25

7. Қорытынды. 27

8. Қолданған әдебиеттер. . 28

Windows 2000-ң қысқаша тарихы

Алғашқыда Windows NT мәтіндік интерфейсі бар операциялық жүйе ретінде жоспарланған, бірақ оның негізгі өңдеушісі Дейв Катлер графикалық интерфейс қосу ойы үнамады да, ол кейінен Windows 95 ОЖ-ң интерфейсіне айналған Windows интерфейсін жасады.

Windows NT- жаңартылып, жетілдірілген Windows жүйесінің алғашқы версиясы. Алдымен Windows NT-ді Microsoft корпорациясы жасап шығарады. Көптеген қолданушылар Windows NT-ң қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкіндіктері оның бағасына сәйкес емес деген шағымдар келтірді, бірақ Windows NT Американың корпоративті клиенттері арасында Windows NT жақсы таралым тапты. Сонымен қатар Windows NT Windows 95-ке қарағанда тұрақтылығы мен қауіпсіздігі арқасында кеңірек таралды. Соңында Microsoft корпорациясы Windows NT-ң жаңа версиясып шығарды, оның құрал-жабдықтарға қоятын талабы төменірек және Windows 2000-ды жабдықталу дәрежесі төмен компыотерлер де орната алады.

Windows 98 немесе Windows 2000?

Windows 98 бен Windows 2000 өте ұқсас, графикалық мүмкіндіктерінде айырмашылық жоқ. Екі ОЖ-де де жұмыс үстеліне Web-парақтарын орналастыруға болады, терезелер өлшемін өзгертуге, белгілі уақыт бөлігінен кейін жаңартып тұруға болады. Фондық сурет ретінде ActiveX құралдарын не Java бағдарламасының құралдарын қосуға болады.

Бірақ екі ОЖ-ң тұрақтылық дәрежесінде айырмашылық бар. Windows 2000 үзіліссіз интернет пен интражүйелерді ұйымдастыру жұмыстары үшін жасалған, ал Windows 98 әдетте шағын кәсіпорындарда не үй жағдайында қолданылады.

Windows 95/98 бен Windows 2000-ды салыстыру

Windows жүйесі пайда болған кезде корпоративті қолданушылар мен шағын кәсіпорындардың айырмашылығы аз болады, ал қазір дербес компьютерлер қолданушылары мамандандырылған есептеу орталарында жұмыс істейді.

Windows 2000 Professional ОЖ-сы көп күш түсірілетін компьютерлер үшін жасалған. Оның қүрал-жабдықпен қамтамасыз етуге қоятын талабы Windows 95/98-ге қарағанда жоғары, дегенмен оның көптапсырмалылығы мен қауіпсіздік дәрежесі Windows 95/98-ден жоғары. Windows 2000 өте көп есептер шығаруға және сапалы есептеуге мүмкіндік береді. Ол Windows 95/98-дің программалық модульдерінің 16-разрядтылығына байланысты, ал Windows 2000-ң негізгі құралдарының барлығына жуығы 32-разрядты.

Үй жағдайындағы компьютерді қолданушы қосымшалардың Windows 95/98-ге қарағанда Windows 2000-да 2-3 секундқа тезірек жүктелетіндігін байқамайды. Ал корпоративті қолданушылар бір уақытта өте көп қосымшалармен жұмыс жасайды.

Windows 95/98-ң қауіпсіздік жөніндегі мүмкіндіктері төмен сондықтан кәсіпорындар үшін көптеген мәселелерді шешу үшін қауіпміздікті толық қамтамасыз ететін ОЖ керек. Сонымен, Windows 95/98-ге қарағанда Windows 2000 қауіпсіз және сенімдірек.

Windows 2000-ң файлдық жүйелері: ҒАТ және NТFS

Windows2000 үшін қандай файлдық жүйені таңдауға болады: NTFS(New Technology File System) не ескі және танымал FAT (File Allocation Table) ?

NTFS жүйесінің FAT-пен салыстырғанда көптегсн артықшылықтары бар, бірақ егер сіздің қатты дисктеріңіздің өлшемі 1ГБ-тан кіші бөлімдерге бөлінсе, онымен FAT жүйесі жылдамырақ жүмыс істейді. Онымен қоса FAT жүйесі NTFS-тен бөлім мөлшеріне қарамастан дисктен кездейсоқ оқу операцияларының өнімділігінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Жылдамдылықпен қоса тағы маңызды белгілер-тұрақтылық пен қауіпсіздік.

Windows2000 базалық файлдық жүйенің екі нұсқасын ұсынады: FAT/VFAT(Virtual File Allocation Table-файлдарды орналастырудың виртуальді кестесі) және NTFS. FAT жүйесінің қамтамасы екі құралдан тұрады: FAT16 және FAT32. Coл секілді, NTFS қамтамасының екі құраушысы бар: NTFS4 жәнс NTFS5.

Файлдық жүйе қамтамасына тағы бір фактор әсер етеді, Windows95/98-тегідей емес Windows200-да әртүрлі құрал-жабдықтар платформасында жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Осыған байланысты файлдар қамтамасының дәрежесі тандалған платформаға байланысты. Alpha процессорлы компьютерлерде FАТ-ты қамтамалау мүмкін емес, сондықтан NTFS-ті қолдану керек болады.

Windows2000-дa форматы FAT дискілерінде ғана емес, өзгелерінде де файлдардың аты ұзын болуы мүмкін. Мүндай үзын ат файлдармен DOS командалық қатарынан да Жолсерік терезесіндегідей қатынас жасауға болады. FAT файлдық жүйесіне Windows2000-дa қол жеткізу үшін Windows95/98-дe қолданылған DLL-кітапханаларының көбі пайдаланылады. Microsoft деректеме-сінде VFAT термині қолданылмайды, бірақ Windows2000-гі FAT файлдық жүйесінің қамтамасының дәрежесін солай атаған дұрыс болады. Windows2000-гі DOS командалық қатары термині DOS ортасын білдірмейді, сондықтан файлдың ұзын аттарын DOS терезесінде қолдануға болады. Егер нағыз DOS ортасын көргіңіз келсе, DOS жүктеуші дискімен компьютерді қайта жүктеңіз, бірақ бұл жағдайда ұзын аттар іске аспайды.

Windows2OOO файлдық жүйесіне шолу

Windows 2000-ң өзінің файлдық жүйесі -NTFS. Кез-келген файлдық жүйе өз кезінде белгілі бір мақсатпен жасалады. Сол секілді FAT файлдық жүйесі шын мәнінде Unix базасында жасалған. Microsoft корпорациясы DOS жүйесін жасағанда ол үшін файлдық жүйе керек болды, соңында FAT жүйесі дүниеге келді. Жасау кезінде 12-разрядты орналастыру сызбанұсқасы қолданылып, қатты диск мөлшері 32МБ-тан асқан кезде қиындықтар туды. FAT-тың келесі версиясында 16-разрядты кесте элементтері қолданылады да, қолданушы үлкенірек бөлімдер жасауға мүмкіндік алады, бірақ соңында 16-разрядты жолдар да тым кіші болып шықты, сондықтан FАТ16-дан FAT32-гe өту керек болды. Жаңа нұсқа OSR2(OEM Service Release 2) версиясында көрсетілген.

Wndows 98-де FАТ32-ні қамтамалау қалыпты жағдайға айналды. Сонымен FAT-тың З әртүрлі сызбанұсқалары бар:12-разрядты, 16- разрядты, 32-разрядты, ал қолданушыға үшеуі жалғыз болып көрінеді.

OS/2 жүйесі пайда болғанда Microsoft компаниясы жылдамырақ жұмыс істейтін жүйе керектігінен НРҒS(Өндіргіштігі жоғары файлдық жүйе) пайда болды. Диск жайындағы ақпараттың оның соңында ғана жиналатындығы қиындық тудырды. Дисктің бір жағындағы ақпаратқа қол жеткізу үшін дискілік құрал-жабдықты интенсивтірек қолдануға тура келді. Соның әсерінен жалпы өндіргіш күш әлсіреді. Сонымен қатар тізімнің сызықтық құрылымы разрядты FAT каталогтартары сондай болып табылады. Ақпарат іздеуге ыңғайлы eмec. HPFS файлдық жүйесі каталогтар құрылымы үшін бинарлы бұтақтар түрін қолданады. Осының арқасында қол жеткізу, іздестіру

жылдамдықтары артады. Бинарлы бұтақ-диспетчерлер мен деректер қоры файлдарында көп қолданылатын арнайы бағдарламалық құрылым. Сонымен қатар HPFS файлдық жүйесі жоғарғы дәрежелі сенімділігімен ерекшеленеді.

Wndows NT жүйесі(онан соң Windows2000) Microsoft компаниясының жаңа файлдық жүйе жасауына түрткі болды. НРFS-тен NTFS-файлдық жүйесі өте күрделі файлдар мен бөлімдерді қамтамалай алатындығымен ерекшеленеді.

Windows 95/98 жүйелері пайда болған кезде қолданушылар ұзын атты файлдармен жұмыс жасауға ынталы болды, бірақ Microsoft FAT жүйесін сақтамақшы болды, сондықтан жаңа VFAT файлдық жүйесі пайда болды. VFАТ аты ұзын файлдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Windows2000-ғы FAT жүйесінің жұмысы Windows95/98-ri VFAT жұмысына өте үқсас.

FAT жүйесінің бүгінгі күні де танымал файлдық жүйе болып қала беруінің себебі ол кез-келген ОЖ-мен қатынас жасай алады. Кез-келген IBM PC үшін ең қол жеткізу оңай файлдық жүйе- FAT. Компьютерде бірнеше ОЖ орнатып, олардың кез-келгені арқылы FAT-пен жұмыс жасауға болады.

FAT жүйесінің кемілігі-оның сенімсіздігі. Оның орналастыру кестесі жалғыз жерде, бөлімнің алғашқы бөлігінде орналасады. FAT кестесімен түпкі каталог дисктің белгілі бір аумағында орналасуы керек. Осыған байланысты әрдайым кестені жаңалап тұру қажеттілігі туады. Қазіргі кезде қатты дисктердің үлкен мөлшерлерін есепке алсақ(8-ден 20МБ дейін), мұндай әрекеттер аса көп күш түсіреді. Кіші дисктер үшін оның айырмашылығы жоқ, ал FAT жүйесі диск өлшемі бүгінгілерден 500 есе кіші кезде жасалған.

NTFS жүйесінде NTFS каталогы маңында кішірек файлдар болады. Бұл файлдарды сақтауды ұйымдастырудың интеллектуальді жолының мысалы. Каталог маңында көптеген кішкентай файлдарды жинау диск фрагментациясымен файлдардың өлшеміне қарамастан, бүкіл томға орналастырудан тиімдірек. NYFS файлдық жүйесі MFT(файлдардың негізгі кестесі) пайдаланады, ал MFT- FAT кестесінің эквиваленті. Деректер қоры секілді жазбаларға бөлінеді және әрбір файлмен папкаға рәміздер тізімі мен орналасқан орны бір қана рәмізі болып табылатын енуді басқару кестесі (Access Control List, АСL) меншіктеледі. Егер деректер мөлшері 2КБ-тан кіші болса, Windows 2000 оны файлдар мен папкалардың қалған рәміздерімен бірге МFТ-кестесінде сақтайды. Сонымен қатар диск өлшемімен ондағы файлдармен папкалардың санына қарамастан МFТдискте бірнеше рет көшіріледі.

FAT файлдар жүйесі файлдарды жеткіліксіз интеллектуальды орналастырады. Бұл жүйе дисктегі алғашқы бос орынды таңдап соны толтырады, яғни бұл орынның тым кішкентай болуы мүмкін екелігіне қарамайды. Бұл жағдайда ақпаратты бөліктерге бөлуге тура келеді, ол бөліктерді өзара байланыстыру керек. Өзге сөзбен айтқанда жалғыз фактор - жазбаның тиімділігі, ал файлдар жиынының тиімділігіне назар аударылмайды. фрагментациялау қиындықтары туады, жүйелік қосымша күш түсіріледі.

FAT және NTFS файлдық жүйелерінде үйымдастырудың базалық бірлігі, кластер, қабылданған. FAT кластерлары тым үлкен, файлда қанша ақпарат бар екендігіне қарамастан ол тек бір кластер болады. Егер сіз RАМ-сөзінен ғана тұратын мәтіндік файл жасасаңыз, ол дискте тек 3байт ғана алады деп ойламаңыз. Диск кеңестігін рационалды емес қолдану қиындығына жаңа фактор да әсер етеді. Ол фактор - қатты диск мөлшері өскен сайын оның кластерінің өлшемінің де өсуі. Төмендегі кестеден FAT 16 файлдық жүйесінің үлкен дисктерде қолданылғанда қаншалықты тиімсіз екендігі байқалады.

Таблицадан көрсетініміздей өте кіші файл FAT 16 жүйесінде ескі 127 МБ қатты дискте 2048 байт, ал қазіргі дискте 131072 байт орын алады.

Кластырдың размері, КБ Томның размері, МБ

4 0 - 5 (12 -разрядты схеманың орн)

2 16 - 127

4 128 - 255

8 256 - 511

16 512 - 1023

32 1024 - 2047

64 2048 - 4095

128 4096 - 8191

256 8192 - 16384

Сонымен қатар FAT дисксіндегі деректерге кез келген адам қол жеткізе алады, ал бұл жағдай көптеген компаниялар үшін ауыр қиындықтар туғызуы мүмкін. Дисктерде көп жағдайда қызметкерлер жайындағы құпия мәліметтер, патенттелген жобалар, бизнес - жобалар және көптеген тағы басқа ақпараттар сақталады да, дисктен жүктеліп, DOS командылық қатарында С:/ командасын жазған кез келген адам осы мәліметке қол жеткізе алады. NTFS файлдық жүйесі жоғарғы қауіпсіздік шараларын қолданады, ал FAT - тағы қауіпсіздік шаралары өте төмен дәрежелі. Онда жасырын файлдар мен тек оқуға арналған файлдар тәртібі қамтамасыз етіледі. NTFS файлдық жүйесі жоғарғы қауіпсіздігі мен қол жеткізу жылдамдығымен сипатталады.

Бірнеше файлдық жүйелермен жүмыс жасау

Егер бірнеше файлдық жүйелермен жұмыс жасау мәселесі шешілсе, әртүрлі файлдық жүйелердің барлық мүмкіндіктерін толығымен қолдануға болады. Ол үшін дискті бірнеше бөліктерге бөліп, оларды компьютерде орнатылған әрбір ОЖ - ға арнау керек. Бұл жүктелу дұрыс жүруі үшін қажет. Әрбір бөлік үшін белгілі ОЖ- ға сәйкес келетін арнайы файлдар пішіні қолданылады. Осының арқасында ОЖ және оның қосымша бағдарламалары жаңа файлдық жүйе ұсынатын жоғарғы дәрежелі өнімділік пен сенімділікті қолдана алады. Сонымен қатар әрбір ОЖ - ға тән қосымшалардың барлығын арнайы бөліктерге орналастыру керек.

Әрбір ОЖ үшін орын белгіленгеннен кейін орнату керек. Бір ОЖ - ны орнатып болған соң басқаларының қалай жүктелетінін тексеру керек. ОЖ - лар орнатылғаннан кейін, қалған бір бөлікке белгі меншіктеп оған барлық деректер мен қосымшаларды орналастыру керек. Бұл бөлік пішіні FAT болғандықтан, оған барлық ОЖ - лар қол жеткізе алады. Егер сіз Windows 2000, Windows 98 ОЖ - ларын қолдансаңыз, FAT 32 файлдық жүйесін таңдауға болады. Егер ұқыпты жұмыс істелген жағдайда Windows - тың System каталогынан қандай файлдарды қалған System каталогына көшіру керектігі анық болады (System каталогына DLL және VxD файлдарының көпшілігін көшіру керек, кері жағдайда Windows - оны таба алмайды) . Бұл шешім өте жақсы емес, дегенмен ол жұмыс істейді.

Мысалы, сізге қазіргі жүйелердің барлығын тексеру керек болса, яғни сіздің компьютеріңізде бірнеше ОЖ орнатылу керек болған жағдайда, жоғарыда көрсетілген нұсқа Windows 98 не Windows 2000 көмегімен тексеруге ыңғайлы болады.

Ескерту. Partition Magic бағдарламасы әртүрлі типті бөліктердің орнын жылдам ауыстыруға мүмкіндік береді Ал System Comander бағдарламасы бірнеше ОЖ жағдайындағы жүктелуді жақсы бақылайды.

Төменде әрбір архитектураның элементтерінің

әрқайсысының шолуы көрсетіледі.

  • OS/2қосымшасы мен ішкі жүйесі, РОSIХ қосымшасы мен ішкі жүйесі. Біраз уақыт бұрын Windows2000-ды OS/2 қолдамайтынын Microsoft мәлімдеді. Алайда OS/2 қолдаушысы Windows2000-ды бұрынғысынша символ тәртібінде қолдап тұр. Бірақ та сіз OS/2 жүйесі қолданатын HPFS файлдық жүйесінің қолдауын таппайсыз. Егер сізді мықты Unix қолдауы қызықтырса, Unix ішкі жүйесін қосатын, Unix-тің барлық құрамын: сұлбаларын, қызметтерін және Х11(Х Windows) қолдайтын OpenNT-гe назар аударыңыз.
  • Win32 ішкі жүйесі. Windows2000 өзінің қосымшаларын "клиент/сервер"сызбанұсқасы бойынша қызмет көрсететінін білеміз. Бұл қарым-қатынас Win32 ішкі жүйесі арқылы жасалады. POSIX ортасында файлдармен өзге элементтердің аттары белгілер регисторын есепке алып тракталады. Осы екі белгілік тәртіпте болса да 32 разрядтық ОЖ, осыған байланысты қосымшалардың жауап беруінің әртүрлілігі байқалады. Әртүрлі ОЖ-дың қосымшалардың арасындағы тым үлкен. Өзге жағынан, әртүрлі жүйелердің технологиялардың арасындағы айырмашылықты білген дұрыс.
  • DOS виртуальды машинасы (Virtual DOS Machine, VDM) . Windows2000 жүйесі DOS-ң әрбір қосымшасын өзінің меншікті VDM машинасына орналастырады. Сонымен жекеше орта қосымшалары түгелімен әртүрлі орта қосымшаларынан бөлінеді. Бұл жүйенің жоғарғы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін міндетті. Windows 16-разрядты қосымшасы бір VDM машинасын хабарлай қолданады. Windows 2000 жүйесі әрқашан VDM машинасымен бірге 16 разрядты Windows - қосымшаларға қызмет көрсететін Windows- тің 16 разрядтық версиясының көшірмесін жүктейді. Осылайша әрбір қарым - қатынас екі сатымен толықтырылады, оның біреуі VDM - ге сәйкес келеді, ал өзгесі Win32 ішкі жүйсінс сәйкес келеді. Бұл қосымша сатылар қолданушыға білінбейді, ол бұрынғыдай интерфейстерді қолдана алады.
  • . (Installable File System, IFS) Бұл файлдық жүйенің ең жоғарғы сатысы. IFS жүйесі қосымшалармен интерфейс құрайтын VxD файлы ретінде жүзеге асырылады. Қосымшада қандай интерфейс қолданылатынына қарамастан көрсетілген құрал қосымшаның барлық сұраныстарын қабылдайды. IFS басқаруды сәйкес файлдық жүйе драйверіне берілуін қамтамасыз етеді. (file system driver, FSD) Windows 2000 жүйесі файлдық жүйе драйверінің әртүрлі төрт түрін қолдайды.
  • Файлдық жүйе драйверінің дәрежесі (File System Driver, FSD) FSD дәрежесіндегі ең көп тараған құрал- NTFS FSD драйвері, бірақ Windows 2000 біріктірілген кез келген FSD драйверін қолдана беруте болады. Мысалы, VFAT, CDFS немесе Network. Бұл VxD файлдар (Network FSD- дан басқа драйверлер) локальді қатты диск сұраныстардың барлығына қызмет етеді. Сәйкес файлдық жүйенің мүмкіндіктерімен қоса, әрбір FSD драйвері қорғалған тәртіп мен файлдардың ұзақ аттарын қамтамалайды. Бұл факт - Windows 2000 - ның өзге ОЖ - ден ерекшелігі қолданылатын құрал - жабдықтарға байланысты сіздің компьютеріңізде бірнеше өзге FSD орнатуға болады. Солайша суреттегі блок - схемаға CDFS драйвері қосылған. Бұл DVD - дисктер мен компакт дисктерге арналған арнайы драйвер. CDFS драйвері негізінен үш жүйелік файлдан тұрады: CDROM. SYS, REDBOOK. SYS және STORPROP. DLL. Windows2000- бұл драйверді конфигурацияда диск орнатқыш табылса ғана іске қосады. Windows2000 жүйесінде CD - ROM және DVD-ROM қамтамасының айырмашылығы, қолданушы көзімен, DVD-ROM үшін арнайы декодер драйвері бар екендігіне негізделеді. Барлық FSD драйверлері IFS диспетчерімен байланысты сақтайды. Олар сонымен қатар құрылғылармен тікелей қарым - қатынаста болатын дәрежелерге сұраныс бере алады.

Eскepтy. Windows2000 - ғы CDFS драйвері ISO 13346 стандартында жасалған. Ал өзгелеріне ISO 9660 стандартында жасалған. Қамтамалаудың жаңа сатысы компакт - дискіге қызмет етумен қоса, DVD - дисктерді де қамтамалау үшін керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Windows 2000 файлдық жүйесіне шолу
Windows 2000
Windows 95, Windows 98, Windows 2000 тарихы
Операциялық жүйелер, оның дамуы және түрлері туралы ақпарат
Wіndows 2000-ң файлдық жүйелері: FAT және NTFS 1
Windows операциялық жүйесінің бір-бірінен артықшылығы
Ревизор программалар
Операциялық жүйелердің көбісінде
Операциялық жүйеге сипаттама
Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz