Жеке тұлға


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Жеке тұлға қалыптасуының философиялық әдіснамалық негіздері
2. 2. Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы
2. 3. Жеке тұлғаға тән қасиеттер
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Әлеуметтік болмыс деңгейде және әлеуметтік теория тұрғысынан адам проблемасы жеке адам және тұлға ұғымдары арасындағы қарым-қатынас проблемасына айналады, яғни биологиялық жаратылысы жағынан адам ең алдымен жеке адам, ал әлеуметтік жаратылысы жағынан тұлға болып табылады.
Жеке адам туралы әңгіме болғанда, адамзат тегінің жеке бір өкілін түсіну қажет. Жеке адам- көптің бірі, ол әлі тұлға емес. Осы мағынада алғанда «жеке адам” және «тұлға” ұғымдары көлем жағынан да, мазмұны жағынан да бір-біріне қарама-қарсы болып табылады. Жеке адам ұғымында адамның ешбір жекеше ерекше әлеуметтік белгі, сапасы бейнеленбейді, сондықтан оның мазмұны аса кедей болады, бірақ көлемі кең, өйткені әрбір адам- индивид. Егер біз жеке адам десек, онда ақыл-ойлы адамның жеке бір түрін ғана, адам тегінің бір өкілін ғана алып отырмыз. Ал егер оның қайсы бір ерекше белгісін, сапасын атап көрсетсек, онда ол ұғымның көлемін кішірейтіп, бір әлеуметтік тобын бөліп аламыз. Бірдеде формальдық логиканың ұғымының мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас заңын көреміз. Мысалы бай адам немесе кедей адам десек біз адамдардың белгілі бір тобын басқаларынан бөліп көрсетеміз, сөйтіп ұғымның көлемін азайтып, нақтылаған сайвн оның айырмаылық белгілері көбейіп, мазмұны баии түседі. Сөйтіп адам көлемінің мазмұнын азайтып, жекелеген сайын бір ғана жеке адамды білдіретін ұғымға жетеміз. Осылайша шегіне жеткізе жекеклендірген адам тұлға деп аталады.
Сонымен, тұлға дегеніміз әлеуметтендірілген жеке адам деуге болады. Мұнда адам тек жалпы және ерекше әлеуметтік қасиеттері тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ өзіндік әлеуметтік рухани сапасы жағынан да қарастырылады.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Жеке тұлға қалыптасуының философиялық әдіснамалық негіздері
Тұлғаның адамдық құрылысы аса күрделі, сондықтан оны түрліше тұлғадан қарастыруға болады. Мәселен, жалпы психология ғылымы тұлға деп түрлі психикалық процестердің адам бойындағы біртұтас біріккен, сөйтіп оның мінез-құлқына қажетті смпат беретін жиынтығын түсінеді. Тұлғаны социологиялық тұрғыдан зерттеудің бастама принципі адамның жеке басының ерекшеліктерін зерттеу емес, ол орындайтын әлеуметтік міндеттерді, іс-әрекеттерді зерттеу болуы тиіс. Бұл міндеттер мен іс-әрекеттердің сипатын анықтаушы қоғамның әлеуметтік құрылымы, сол тұлға жататын әлеуметтік топ болып құрылады.
Адамға тән ең жалпы белгі- оны басқа дүниеден ажыратып тұратын әлеуметтік іс-әрекет, еңбек. Адам дегеніміз ең алдымен белсенді түрде әрекет етуші, өзінің өмір сүру жағдайларын өзгертуші әлеуметтік субъект, әлеуметтік ақыл-ой және әлеуметтік сезім иесі- мұның бәрі өзара іштей бірлікте болатын және іске асатын сапалық белгілер. Адамның бұл сапалары оны әлеуметтендірудің негізін құрады, ал әлеуметтендірудің негізінде адам тұлғасы қалыптасады. Әлеуметтендіру адам қоғамдық тәжірибені меңгерген сайын, белгілі бір қоғамдық қатынастарға және іс-әрекеттерге араласқан сайын тездей түседі.
Әлеуметтендіру филогенезде де және онтогенезде жүзеге асады. Бұл екі процестің екуіндеде тұлға жеке адамның әлеуметтенуінің нәтижесі болып табылады. Бұл жөнінде белгілі психолог А. И. Леонтьев адам тұлға болып тумайды, тұлға болып қалыптасады деген болатын. Әлеуметтену үздіксіз жүріп отыратын, процес болғандықтан, тұлғада үздіксіз қалыптасушы әрекет. Қалыптасуы тоқтап қалған тұлға, тоқыраушы тұлға. Жекек адам басқа біреудің ырқынан шыға алмай аған толық бағынса, өзіндік еркі болсада, тұлғаның тоқырауы болады. Бөтенің ырқына толық бойұсынған, өз ой-пікірі, дүниеге көзқарасы жоқадам тұлға болудан қалады.
Тұлғаны сипатаушы аса бір сапасы - оның рухани адамгершілік мәні. Тұлғаның маңызын құратын маңызды бір құрамдас бөлігі- санасының алған бағыты, саналық деңгейіне, дүнеге көзқарасына және адамгершілік түсініктері мен жауап кершілік сезіміне байланысты тұлғалық бағдары. Тұлғаның қалыптасуы мен мінез-құлқына әлеуметтік ортаның күші әсер ететіні сөзсіз. Бірақ тұлғаның мінез құлқымен адамгершілік бағдарына адамның ішкі рухани дүниесінің тигізетін әсері де аз емес. Әркім өзінің бақытымен тағдырының жасаушысы деген сөздің айтылуы тегін емес.
Адамның ақыл-парасатымен адамгерщілік ерік күші неғұрлым айцқын көрінсе, оның өмір бағдары жалпы адамдық мораль талаптарымен неғұрлым толығырақ болса, және олар адамгершілік сапаларының дамуымен нығаюына неғұрлым игі әсер етсе, оның адамдық тұлғасыда соғұрлым айқын көрініс табады. Бұл жағдайда адамның тұлғалық бейнесі рухани және ерік күшінен көрінеді. Ал ерік күші мен рухани күш, тұлғаның адамгершілігі мен адалдығы сөзінен емес, белгілі бір әлеуметтік жағдайлардағы нақты практикалық іс-әректтерінен айқын көрінеді.
Олай болса, адамның тұлғалығын сипаттайтын ең маңызды факторсөз емес, нақты іс, яғни сөзбен істің табиғи бірлігі. Көптеген адамдардың сөзі мен ісінің арасындағы алшақтық, яғни сөзінің жалғандығы, оның тұлғалық қасиеттерінің төмендігінің, керек десе екіжүзділігінің көрінісі деседе болды. Өйткені, егер адам өзін тұлға санаса немесе тұлға болғысы келсе, онда ол жауапкршілікті сөз жүзінде ғана сезінбей, оны ең алдымен іс-жүзінде, мінез-құлқында көрсетуі тиіс, ал бұл көп жағдайда оңай бола бермейді.
Сонымен тұлғаға еркіндік тұрғысынан мінездеме беру қажетті екені сөзсіз, өйткені еркін тұлғаны сипаттайтын бірінші қасиет. Алайда жауапкершілікті сезінбейтін еркіндік-бейбірекеттік.
Сондықтан жаупкершілік сезімі тұлға үшін еркіндіктен маңызы артық болмаса кем қасиет емес, өйткені тек еркін болғаннан гөрі әрі еркін, әрі жауапты болу әлдеқайда қиын . Бұл үшін жауапкершілікті ақыл-санамен сезіну қажет.
2. 2. Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы
Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, тарих т. б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейтесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П. И. Подласыйдың, М. Ф. Харламовтың “Педагогика” (М. 1995-1997) атты еңбектері, Н. Козлованың “Тәрбие теориясына кіріспе” (М. 1990), В. М. Гинецинскийдің “Педагогика теориясының негіздері” (М. 1994), Б. С. Гершунскийдің “XXI ғ. білім берудің философиясы” (1998), В. А. Сухаевтың “Біз әр түрлі тілде сөйлейміз” (1998), А. Ф. Малышевский, В. А. Корпунин, К. С. Пироговтардың “Философияға кіріспе” (1995), А. С. Арсеньевтің “Жеткіншектер философтар көзқарасымен”, А. М. Қасабеков пен Ж. Алтаевтың “Қазақ философиясының тарихына кіріспе”, Д. Кішібековтың “Философия” (1994), Г. К. Нүрғалиеваның “Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудың методологиясы, практикасы” (Алматы, 1995) секілді ондаған монографиялық аса құнды ғылыми еңбектер жарық көрді.
Бұл еңбектердің бәрінде де жеке тұлға мен қоғамдық қарым-қатынас, жаңа қоғам мүшелерін тәрбиелеудің өзеісгі мәселелері сөз болады. Әсіресе, Д. Кішібековтың “Философия” атты еңбегінде: “Жеке тұлға деген не? Тұлғаның қоршаған ортаны танып білу механизмі қандай? Таным процесіндегі қарым-қатынастың маңызы қандай? Жеке тұлғаның ұжымдағы орны деген не?” - деген мәселелер философиялық тұрғыда жан-жақты талданған.
Осы еңбектерге сүйене отырып, жеке тұлға деген не, оның тұлғалық ерекшеліктері неге байланысты, әр адамның айналасын танып білуінің сыры неде деген мәселелерге тоқталамыз.
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ бірк мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.
Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігі бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайды қарайтын кейбір қоғам мүшелері басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстанғанымен, шын мәнінде өмірде олай емес.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіңдік ой-пікірі көзқарасының болуы, олардың өзі көріп білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі занды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа тандана тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарап, қорытуы, сын-пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына физиологиялық, психологиялық, биология. ерекшеліктеріне байланысты. Мәселен, біреулердің нәрсені жасауға іскерлік қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы, біреудің ұйымдастырушылық қабілеті күшті болса, екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы, біреуі білімді тез қабылдаса, екі адамның білімді сылбыр, баяу қабылдауы, біреудің дене күші дамыған болып келсе, екінші адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы, біреулеі сурет салуға немесе ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктері адамдардың басқалар ұжымдық қарым-қатынасында байқалады.
Сонымен бірге, адамның өмірде үздіксіз тәрбие құшағында болатынын, бұрынғы игерген білім, білік, дағдылары біртіндеп көмескіленіп, оның орнына ” білім, білік, дағдыларды меңгерумен шұғылданатын ескеруге де тура келеді. Жеке тұлғаның ой-санасын білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Бұған қоса, әлеуметтік ортаның, отбасы мүшелерінің, жолдас-жораларының, таныстары достарының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ескерсек, жеке тұлғаның ерекшелігінің басым болуына оның да ықпалының зор болатынын байқаймыз. Міне, осы жағдайлардың бәрін ескере келіп, К. Маркс жеке тұлғаның ерекшелігі жөнінде “Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуын оның өзінің мінез-құлқы жағынан белсенді әрекетіне және әр түрлі әсерленуіне қарамастан, саяси-экономикалық, идеологиялық, адамгершілік-эстетикалық, діни т. б. қоғамдық қатынастардың бірлігінде қарастыру керек” деген қорытындыға келді. Оның себебі, ол қатынастардың өзара байланысы, бір-біріне ықпалы қоғамдық ортада біркелкі болмайды да, ол адамдарға әр түрлі дәрежеде әсер етеді, сондай-ақ адамдардың басқалардың көзқарас, ой-пікірлерін қабылдау дәрежесі де түрліше болады.
Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болуы мүмкін. Ал олардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемдік, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше дараланған жеке тұлға деп қараймыз. Бір қоғамда өмір сүрушілерге ортақ әлеуметтік, моральдық-этикалық зандардың ортақтығына қарамастан, жеке тұлғалардың әлеуметтік қарым-қатынаста айна қатесіз бірдей болуы да мүмкін емес. Олай болса, “жеке тұлға” деген түсінікке не кіреді? Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерінің қандай түрлері жеке тұлғаны анықтай алады дегенге, ол сана мен өзін-өзі саналандыру қасиеттері деуге тура келеді. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бірін-бірі бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Олар көбінесе өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады. Абайдың өмірде “Көре алмас іші тар, несі артық менен” деушілердің көп болатынын дөп басып айтуы да осы ойға саяды. Сонымен бірге, жеке тұлға өзін-өзі бағалауға да, өзінің іс-әрекетін, оның нәтижелерін басқалардың бойындағы қасиеттермен салыстырып көре, тани білуге, соған теңелсем, сондай болсам екен деп ұмтылыс, іс-әрекет жасауға да қабілетті.
2. 3. Жеке тұлғаға тән қасиеттер
Жеке тұлғаға тән қасиет ақыл, ес, яғни өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу дегеніміз миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.
Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негіздследі. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады, толықтырады.
Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өз бойының жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы. Осы қасиетті көре білген Абай:
“Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз,
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз”, - деп текке айтпаса керек. Адамның есі оның ішкі ой-сезімімен тығыз байланысты.
“Сезімнің сыртқа шықпас әлі бар ма.
Оны ұғарлық адамда сана барда” - деген Абай сөзі де осыны растайды.
Мысалы, суретші алдымен өз ойында қорытылған ішкі сезімді жинақтап, қыл қаламмен, бояу құдіретімен айналасындағыларға сурет арқылы бейнелеп береді немесе ақын, жазушы өз замандастары туралы әссе жазу арқылы олардың жақсы, я жаман қасиеттерін оқырмандарға білдіреді.
Тұлға - жеке адамның мақсатының орындалуы ғана емес, оның ерік-жігерінің іске асуы, яғни өзі жөніндегі ойын, еркін іске асырудың дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі, көрінісі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән жеке басы қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нәрсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразасына салып, осы істі іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? - деген ойға қалады. Олай болса, ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz