Құндылықтар философиясы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Құндылықтар философиясы түсінігі

2. 3. Құндылықтар адамды неге үйретеді?

2. 4. Құндылық қасиеттері

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

І. Кіріспе

Әлем өзінің байлығымен жэне алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Әлемді рухани - практикалық игеру процесі барысында адам болмысты өз құндылықтары арқылы қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар тұлғаның сезімдері және ұмтылыстарымен сәйкес келетін әлемге деген ерекше эмоционалдық реңге ие болатын қатынасты білдіреді. Адамның әлемге қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзге адамдарды, қоршаған дүниедегі заттарды, құбылыстарды, процестерді қайырымдылық, әділеттілік, сұлулық, пайдалылық және т. б. тұрғысынан бағалап, құндылықтар арқылы қарастырумен сипатталады.

Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының елшеуіші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Құндылықтар философиясы түсінігі

Құндылықтық қатынас әрқашанда Субъектінің бойында белгілі бір эмоциялары - қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т. б. туғызады. Оның ішіндегі ең жоғарғысы - қасиеттерге табыну. Адамға қасиеттер қажет, мейлі ол дін болсын немесе діни емес қасиеттер болсын. Бұл мәселе, әсіресе, қоғамның адамгершілік тұғырлары мен мәдени дәстүрлерінің құнсыздануы мен деградациясы кезінде өзінің өзектілігін байқатады. Құндылықтар - қасиеттер. Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді. Оларға деген табынушылық қатынас бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы моральдың негіздері ретінде өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игерудің нәтижесінде орнатылады. Қасиеттер адамның бойында моральдық жауапкершіліктер жүктейді, сезімін айқындай түседі. Құндылықтық эмоцияның ең жоғарғы формасы - "жамандықтан" тазаруды білдіретін катарсис болып табылады. Әдетте катарсис термині Аристотельдің "Поэтикасындағы" трагедия теориясымен байланыстырылады. Антикалық философияда катарсис мәселесі Аристотельге дейін-ақ қойылған болатын. Әдебиеттерде айтылғандай "катарсис" терминінің көпмәнділігі эстетика тарихында оның әртүрлі түсіндірмелерінің пайда болуына әкелді. Шындығында бұл термин антикалық әдебиетте эстетикалық, психологиялық, этикалық, тіпті діни мағыналарда да қолданылады. Бұл көпмәнділік кездейсоқ емес, ол антикалық эстетиканың ерекше сипаты болып табылады. Антикалық эстетиканың үйрететін катарсисі немесе тазалануы тек эстетикалық ұғым емес, ол моральға да, интеллектке де, психологияға да қатысты, яғни бүтіндей алғанда адамның барлық қырына қатысты (Лосев А. Ф., Шестаков В. П. История эстетических категории. М., 1965, 89-бет) .

Жалтырағанның барлығы алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе - нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу. Ол тек теориялық жағынан алғанда ғана қиын. Біз қайырымдылық пен зұлымдықты ешқайсысына анықтама бермей-ақ ажырата аламыз. Бұл жерде барлығын "таза суға" шығарып, күмәнсіз ететін гумандылықтың өлшемі қызмет етеді. Тіпті барлығы зұлым болғанда да зұлымдықтың аты зұлымдық, ешкім қайырымды болмаса да қайырымдылықтың аты қайырымдылық. Тек қайырымдылық пен адамға қызмет ететін нәрсе ғана нағыз құндылық болып табылады.

Құндылықтар әлемі - сөздің кең мағынасында мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығының өлшемін білдіретін оның адамгершілік санасының, басымдылықтарының саласы. Әрбір мәдениеттің өз құндылықтар кешені бар. Құндылықтар адам болмысының әртүрлі формаларына деген қатынасты білдіретін адамзат мәдениеті болып табылады. Құндылықтар - өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адамгершілік насихаттарға, еркек пен әйел арасындағы байланысқа, адам өмірінің мәніне деген бағалаушы қатынас. Құндылықтар - материалдық жэне рухани қажеттіліктерді өтеу процесіндегі қалыпты нәрселер. Қалыпты мәнге қайырымдылық, сұлулық, әділеттілік идеалдары ие болуы мүмкін.

Құндылықтар дүниетанымның ықпалымен қалыптасады, өйткені адам әрқашан өзінің әлеуметтік тәжірибесі барысында эр алуан көзқарастарды біріктіруге ұмтылады. Біз құндылықтық бағдарлардың қайта бағаланып жатқан өзгерістер дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Құндылықтардың алмасу процесі әдетте ұзаққа созылады. Құндылықтық бағдарлар, идеалдар жаңа мәнге ие бола отырып, қайта түлеуі мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда мәдениеттің өз нормалар, рәміздер, стандарттар қоры бар. Алайда мұнан адамзаттың рухани тарихында тек бір идеалдар ғана үнемі қайталанып келіп отырады деген ой туындамауы тиіс. Мәдениет, әрине өркениетті, өйткені ол үнемі белгілі бір құндылықтық бағдарларды өндіріп отырады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптардың, нормалар мен мағыналардың қызметін өзіне бағындыра отырып, оны реттейді. Құндылықтар адамға қоршаған нақтылықты тануға мүмкіндік беретін мағыналар жүйесін толығымен қайта құрып отырады.

2. 3. Құндылықтар адамды неге үйретеді?

Заттар мен құбылыстардың сипаттамалары табиғаттағы, қоғамдағы, адамдағы процестердің бүтіндігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Адамның өз өмірлік әлеміне деген қатынасын өзіндік тиесілік пен өзіндік бекітілудің құндылықтық құрылымы айқындайды. Адамдардың, дәуірлердің, мәдениеттердің, адам қоғамдарының арасында қаншалықты айырмашылық болғанымен, олардың барлығы құңцылықты-мәңці диспозициялардың жекелеген жағдайларынан туындайды және оны өз бойында тасымалцайцы. Бұл ментальдылықтың барлық деңгейлерінен көрінеді: жеке тұлғалық және ұжымцық бейсаналылықтан дүниетаным жүйелерінің ішкі мәнді ұйымдасқан күрцелілігі мен институционалданған этностық нормалар мен ерекшеліктеріне дейін. Құндылықтар мәселесі қоғамның ицеологиялық тұғырлары цискрецитацияға ұшырап, мәдени цәстүрлері құнсызданған кезце, әрбір халық өзін мазалаған сансыз сұрақтың ең болмағанда бір бөлігіне жауап табу үшін өзінің өткен тарихы мен мәдениетіне бет бұрған кезце, тарихтың өтпелі, цағцарыстық кезеңцерінде өткір қойылацы. Өткен ғасырцың өзінде ғылымда "аномия" түсінігі қалыптасты. Бұл - өмірлік идеалдар түбірімен өзгеріп, қалыптасқан құндылықтар жүйесі қайта пайымдалатын өзгермелі ахуалда сананың шарасыздық жағдайын білдіретін түсінік. Бұл тек жекелеген адам үшін ғана емес, бүкіл қоғамға да ауыр сын. Афины демократиясының дағдарысы Сократқа мынадай сұрақты қоюға мәжбүр етті: "Игілік дегеніміз не?" Бұл жалпы құндылықтық теорияның негізгі сұрағы болып табылады. Антикалық және ортағасырлық философияда ойшылдар құндылықтық сипаттамаларды, дәлірек айтқанда этикалық, эстетикалық, діни сипаттамаларды нақтылық, шынайы болмыс ұғымының өзіне енгізді. Бұл ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін ойшылдарды мазалап келген сұрақтардың бірі. Бір қарағанда бәрі түсінікті сияқты. Құндылық - бұл құнды нәрсе. Алайда, адам үшін не құнды және неге құнды? Кейде біреу үшін құнды нәрсе өзгелер үшін құнсыз болатын кездері де кездеседі. Бірақ онымен ешкімнің келіскісі келмейді және әрқайсысы өзі үшін құнды нәрсені нағыз құндылық деп есептейді. Кімдікі дұрыс?

Бұл мәселені құндылықтар теориясы немесе аксиология (грек тілінде "ахіа" - құндылық және "logos" - ілім) шешуге ұмтылады. Аксиология - құндылықтардың жаратылысы туралы, оның нақтылықтағы орны мен құндылықтық әлемдегі құрылымы туралы, яғни әлеуметтік және мәдени факторлар мен тұлға құрылымы арасындағы әртүрлі құндылықтардың байланысы туралы ілім. Философиялық білімнің арнайы бөлімі ретінде аксиология XIX ғасырдың екінші жартысында ғана қалыптасты.

Құндылықтар проблематикасы ежелгі Шығыс және антикалық философияларда қарастырылғанымен "аксиология" терминін тұңғыш рет Э. Гартман қолданды. Ойшылдар үнемі сұлулық, береке, қайырымдылық және т. б. түсініктердің мәнін ұғынуға ұмтылды, кейінірек мұның бәрі "құндылық" ұғымына біріктірілді. Философия тарихында "игілік деген не?" деген сұрақты алғаш қойғандардың бірі Платон. Ол болмысты "заттар әлеміне" және "идеялар әлеміне" бөле отырып, заттар әлемінде ақиқат, әсемдік, әділеттілік және т. б. жоғары игіліктерге сәйкес келетіндей ешнәрсе жоқ деп есептейді. Және сыртқы әлемнің өткіншілігі мен салыстырмалылығын ескере отырып адамдардағы ақиқат, әсемдік т. б. ұғымдарды уақыттан тыс, мәңгі идеялар кеңістігіне орналастырды. "Егер кім әсемдікті дұрыс пайымдаса, ол бұл жолдың ақырына жетіп, тосыннан жаратылысы жағынан таңқаларлықтай әсем нәрсені көреді . . . бұл нәрсе, ең алдымен мәңгі, яғни ол туылуды да, күйреуді де, өсуді де, шөгуді де білмейді, екіншіден ол ешбір жағынан тұрпайы болмайды, қашан да, қай жерде де өзгелермен салыстырғанда әдемі, ал басқа уақытта, басқа жерде өзгелермен салыстырғанда тұрпайы. Әсемдік - бұл бет, қол немесе қандай да бір дене бөлігі түрінде емес, қандай да бір сөз немесе білім түрінде емес өзінен-өзі әрқашан да өзінде тұтас бейне ретінде көрінеді: әсемдіктің өзге түрлерінің барлығы оған қатысында туылатын және күйрейтін болса, ал ол артып та, кеміп те кетпейді, ешқандай ықпалды сезінбейді" (Платон. Соч. в 3-х т. М., 1970, 142-бет) .

Құндылықтар мәселесінің XIX ғасырдың ортасына дейін философиялық талдаудың дербес объектісіне айналмағанын айта кетуіміз керек. Антикалық философияда ғана емес, онан кейінгі орта ғасырлар мен жаңа заман философиясында да құндылықтық сипаттамалар нақтылық, болмыстың шынайылығы ұғымдарына енгізілді. Классикалық философияда құндылықтар болмыспен тұтас күйінде қарастырылды және сондықтан аксиология дербес философиялық пән ретінде бөлініп шыққан жоқ. Аксиология философиялық зерттеудің дербес аймағы ретінде болмыс ұғымы екі элементке ыдырағанда ғана пайда болды: нақтылық пен құндылық әртүрлі талап пен ұмтылыстардың объекті ретінде қарастырылғанда аксиологияның басты мақсаты болмыстың жалпы құрылымындағы құндылықтың мүмкіндігін және оның нақтылық айғақтарына деген қатынасын көрсету. Мәдениеттің маңызды компоненті ретіндегі, адамның нақтылықты рухани-практикалық игеруінің негізі және реттеушісі ретіндегі құндылықтардың теориялық талдануы философиялық ой тарихында әртүрлі бағыттармен сипатталады. Бұл бағыттардың арасында мынадай типтерді атап өтуге болады: натуралистік психологизм, трансцендентализм, мәдени-тарихи релятивизм жэне социологизм.

2. 4. Құндылық қасиеттері

Құндылық - объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым. Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р. Лотце мен Г. Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Ол пәндік және субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пәндік және субъективтік құндылық - адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі - оның объектісі, екіншісі - субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық баға берудің объектісі, ал субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі болып табылады. Пәндік құндылыққа заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы маңызы мен тәжірибелік пайдасы, адамдардың іс-әрекетіндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылық ұғымына қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін түрлі нормалар жатады. құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне, т. б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Оның шынайы өмірге құндылықтық қатынасы тек сана негізінде болуы мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның құндылығы неде екенін зерттейді.

Шынайы және алдамшы құндылықтар

Адамның өзінің солай деп таңдауына орай, құндылық қашанда белгілі бір қанағаттанарлық нәрсені білдіреді. Ал материалдық және рухани қажеттіктердің өтелуі тұрғысынан құндылықтардың бәрін қанағаттанарлық категорияға жатқызуға болмайды.

Адамдардың немесе әлеуметтік топтардың қажеттіліктері, мүдделері жөне талғамдары әр түрлі болады. Сондықтан барлық құндылықтар салыстырмалы. Құндылық қатынас қанағаттанарлық немесе қанағаттанғысыз болып келуі мүмкін. Біреу үшін мынау, екінші үшін анау құнды. Олардың қайсысынікі дұрыс, қайсысы қателесіп тұрғанын релятивистік тұрғыдан оны ажыратып жатуда мағына болмайды. Шынайы деп - адамға пайда әкелетін, оның санасына жоғары адамдық қасиеттерді сіңіретін, адамдардың бақыты мен игіліктілігін қамтамасыз ететін, адамның тұрғасын ажарландыратын, адаммен қоғамның ілгерілей дамуын қамтамасыз ететін құндылықтарды айтқан жөн. Алдамшы құндылықтарға жеке индивидтер құндылық деп қабылдағанымен, шынында, қоғамның дамуына септігін тигізбейтін, оны кері кетіретін, адамды аздыратындарды айтамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру құндылық ретінде
Қазақ философиясының төл тарихы
Ғылымның философиялық мәселелері
Өнер философиясы. Қоғам және мәдениет
Педагогика әдіснамасы
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Философидағы сана мәселесі
Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі
Әлеуметтік философия және мәдениет философиясы. Қазіргі әлемдегі өркениет және Қазақстан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz