Материализмнің және идеализмнің тарихи формалары


Жоспар.
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
- Материализмнің және идеализмнің тарихи формалары.
- Ғылыми-философиялық көзқарас ұғымы
ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Философиялық көзқарас адамдардын санасында бір-бірімен тығыз байланысты да қарама-қарсы екі ұғым -"материалдық" және идеалдық", "объект" және "субъект" деген ұғымдар қалыптасқаннан кейін пайда болды. Философиялық ойлау бұларды қарама-қарсы қарастырмай, оларды әрдайым белгілі бір қарым-қатынаста қарастырды, атап айтқанда идеяның, сананың материяға, руханилықтың болмысқа қатынасын қарастырды. Бұл философияның негізгі мәселесі (сұрағы) деп аталды.
Философтардың, жеке адамның дүниеге көзқарасы қандай болсын, ол бұл мәселеден аттап кете алмайды, өйткені олардың философиялық көзқарастарының мазмұны мен сипаты осы мәселеге қарай шешіледі. "Бүкіл философияның, әсіресе ең жаңа философияның ұлы негізгі мәселесі - ойлаудың болмысқа қатынасы жайындағы мәселе" - деп атап көрсетті Ф. Энгельс.
Философияның негізгі мәселесінің мәні шындықтың екі негізгі типінің-объективтік, материалдық және субъективтік, идеялық жақтары бар екенін және олардың қайсысы алғашқы, қайсысы кейінгі екенін мойындауда: материя санадан бұрын пайда болған ба, әлде сана материядан бұрын пайда болған ба?-деген сұраққа жауап беруде. Философиялық көзқарастың өзі де осы сұраққа жауап іздеудің барысында пайда болды.
Сананың материяға қатынасы қандай деген сұрақка жауап берулеріне қарай философтар үлкен екі топқа, екі лагерьге бөлінді, - деп жазды Ф. Энгельс. - Олардың ішінен рух табиғаттан бұрын болған дегендері, сөйтіп, сайып келгенде, дүниенің жаратылуын кайткенде де мойындағандары идеалистік лагерьді құрды. Ал енді табиғат негізгі бастама деп есептегендер материализмнің түрлі мектептеріне қосылды.
Философияның негізгі мәселесі материялылық пен руханилықтың қайсысы алғашқы деумен ғана шектелмейді. Ол сонымен қатар материалдық деп нені, руханилық деп нені түсіну керек деген сұрақты да қамтиды. Осыған байланысты материализмнің ішінде де, идеализмнің ішінде де негізгі философиялық мәселені қоюына, шешуіне қарай түрліше жеке тармақтар пайда болады. Мәселен, Гегель алғашқы бастама деп адамнан тыс ойлауды („абсолюттік идеяны") түсінсе, Дж. Беркли дүниеде бардың бәрінің негізі түйсік деп санайды.
Көптеген марксизмге дейінгі және марксистік емес кейінгі философтар сананың материяға қатынасын философияның негізгі мәселесі емес деп есептейді. Ф. Бэкон үшін, мәселен, табиғаттың дүлей күштерін игеру философияның негізгі мәселесі болып табылса, XX ғ. француз философы А. Камю үшін ол негізгі мәселе - өмір сүру қажет пе әлде жоқ па? - деген меселе болды. Марксизмге дейінгі ойшылдардың ішінде негізгі философиялық мәселенің мәні мен мазмұнын дұрыс түсінуге бәрінен де жуығырақ келгені неміс философы-материалист Л. Фейербах болды. Философияның негізгі мәселесін дұрыс тұжырымдап қоя білген және оны ғылыми тұрғыдан дәйекті түрде шешіп берген Ф. Энгельс болды. Ол бұл мәселені қоғамдық-тарихи практиканың шешуші ролін негізге ала отырып қарастырды.
Материализмнің және идеализмнің тарихи формалары.
Ғылыми-философиялық көзқарас ұғымы
Философия тарихында материализмнің мынадан негізгі формалары болды:
- антик заманының тұрпайы материализмі (басты өкілдері Гераклид, Демокрит және басқалар) ;
- XVII-XVIII ғасырлардағы метафизикалық материализм (басты өкілдері Ф. Бэкон, Т. Гоббс, Ж. Ламетри, Д. Дидрот. б. ) ;
- диалектикалық материализм (Маркс, Энгельс, снин т. б. )
Материализмнің бұл формалары негізінен өз тұсындағы ғылымның даму сипатымен анықталады, өйткені, жоғарыда айтқандай, атериализм - ғылыммен бірлікте.
Идеализм негізінен объективтік және субьективтік идеализм болып екіге бөлінеді. Идеализмнің бұлайша бөлінуінің басты белгісі - қандай идеяны негізге алатындығында: субъектінің (адамның) идеясын ба, әлде адамнан, табиғаттан тыс объективтік идеяны ма?
Объективтік идеализм (Платон, Гегель және басқалар) адамнан тыс шындық дүниенің бар екенін мойындайды, бірақ ол дүниенің негізін, бастауын құратын идея деп ссептейді. Мұндай объективтік-идеалистік философия тұрғысынан алғанда, шындық дүниедегі барлық материалдық құбылыстарды, процестерді айқындап беретін "дүнисжүзілік ақыл-ой", "дүниежүзілік санасыз рух" сияқты рухани күш болып шығады. Ол күш адамдардың санасынан тыс және тәуелсіз, материяға, табиғатқа тәуелсіз, одан бұрыннан өмір сүретін нәрсс болып табылады-мыс.
Субъективтік идеализмнің (Дж. Беркли, Э. Мах, Р. Авенариус т. б. ) дәлелдеуінше, объективтік дүние адамнан тыс өмір сүре алмайды, біздің көретін, иісің дәмін сезетін т. б. нәрселеріміз субъектінің түйсіну, қабылдау процестерінің нәтижесі, түйсіктердің жай қосындысы, комбинациясы болып табылады) . Субъективтік идеализмнің негізге алатын басты қағидасы: мен және менің түйсігім ғана бар, қалған дүниенің бәрі менің түйсігімде ғана өмір сүреді. Солипсизм деп аталатын бұл субъективтік-идеалистік концепцияны, принципті дәйекті түрде ұстанатын болсақ, онда менен басқа адамдар жоқ, өйткені олар да басқа нәрселер сияқты менің түйсігімде ғана өмір сүре алады деген қисынсыз қорытынды жасауға мәжбүр болар едік. Субъективтік идеализмнің бұл қисынсыз қағидасын басшылыққа алатын идеалисті төрт қабырғасымен бірге төбесі де, едені де сиқырлы айнамен көмкерілген бөлмеге қамап қойылған адаммен салыстырып қарауға болар еді: ол адам бөлменің қай жағына қараса да, өзінен басқа ешкімді көре алмай, бөлмеден шығатын есікті де таба алмас еді.
Егер материализм ғылым мен практиканың жетістіктеріне сүйенетін болса, ал идеализм әдетте дінге, діни сенімге сүйенеді, не тікелей немесе жанама жолмен діни көзқарасты уағыздайды, діннің теориялық жағынан тура немесе жанама түрде бейнеленуі, негізі болып табылады: сезім мүшелері аркылы қабылданатын заттарды жеке адамның түйсігінің жиынтығы деп санайтын субъсктивтік идсализм дүниенің алғашқы негізі болып табылатын ол түйсіктердің түпкі себебі құдай деп дәлелдесе, ал объективтік идеализмнің "дүниежүзілік ақыл-ой", "абсолюттік идея" дегені, шын мәніне келгенде, құдайдың философиялық бүркеншік аты екен. Міне сондықтан да, жалпы алғаңда, материализмді ғылыми-философиялық көзқарасқа, ал идеализмді ғылыми емес философияға жатқызуға болады. Бірақ идеализм мен дінді бір нәрсе деп, оларды тепе-тең қою дұрыс болмайды, өйткені идеализм дегеніміз, теориялық тұрғыдан алғанда, танымның қайшылықты даму барысында қалыптасқан қате көзқарастардың жүйесі болып табылады. Оның тууының гносеологиялық (танымдық-теориялық) және ә леуметтік түп-тамырлары бар.
Идеализмнің гносеологиялық түп-тамыры таным процееінің аса күрделі де қайшылықты процесс екенінде жатыр. Дүниені танып білудің жолы түп-түзу, теп-тегіс даңғыл жол емес, ой-шұңқыры мен бұлтарыс-қалтарысы мол қайшылықты жол. Дүние танудың жолы - жеке-дараны танып білуден жалпы қасиет, заңдылықтарды қорытып шығару, заттардың сырт құбылысынан ішкі мәніне, бірінші деңгейлі мәнінен одан тереңірек мәнге өту жолы. Осындай әр тарапты байланысты, күрделі де іштей қайшылықты процссті сыңаржақтық тұрғыдан түсіну, яғни шындықтың сезімдік бейнесін (түйсіктерді) немесе абстракциялық ойлау формаларын (жалпы ұғым, идеяларды) дүниенің алғашқы бастамасы деп ұғыну қателіктер мен бұрмалаушылықтарды тудырады. Философиялық идеализм дәл сондай бұрмалаушылықтар мен қателіктердің нәтижесі болып табылады: субъективтік идеализм біздің дүние тануымыздың бір жағын - түйсіктерді асыра бағалап, дүниенің бірден-бір алғашкы бастамасы деп түсіндіреді, заттар мен нәрселер сол түйсіктердің жиыны ретінде түйсіктерде ғана өмір сүреді деп дәріптейді. Мысалы, жасыл жапырақты көргенде біз "жасыл" түс жапырақтың өзіне ғана тән норес деп ойлаймыз. Ал кез келген биофизик ''жасылдық" дегеніміз толқындарының жиілігі мен ұзындығы белгілі бір мөлшердегі электр магниттері тербелістердің көзге көрінетін спектрлерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер деп түсіндірер еді, ал ол толқындар өздігінше "жасыл" емес. Сондықтан объективтік нәрсені оның біздің түйсігімізде бейнеленетін субъективтік бейнесінен айыра білу қажет.
Сөйтіп, егер субъективтік идеализм жеке адамның танымының субъективтік формасын негізге алса, объективтік идеализм, керісінше, адамзаттың ойлауының бүкіл рухани мәдениетінің нәтижесі болып табылатын жалпы идеяларды, ұғымдарды өз бетінше әрекет ететін дербес белсенді күш, дүниенің алғашқы бастамасы сол деп түсініп, оны абсолютті дербес күшке айналдырады. Объективтік идеализм, шынына келгенде, абстракциялық ойлаудың, адамның рухани қызметінің жасампаздық рөлін дұрыс байқады. Бірақ оның қателігі сол, ол адамның ақыл-ой қызметінің нәтижесін оның өзінен мүлдем бөліп алып, оны оған қарама-қарсы қойды, адамнан тәуелсіз, адамның өзін қоса алғанда бүкіл табиғатты жасаушы ғаламат дербес күшке айналдырды. Сөйтіп, адам ойлауының логикасы бүкіл дүниенің жаратушысына, болмыстың өз логикасына айналады.
Қашан және қай жерде заттың идеясы оның санадағы бейнесі деп қарастырылмай, керісінше, санадан бұрын бар, дүниедегі барлық нәрселердің себепшісі деп қарастырылса, сол жерде объектиптік идеализм дүниеге келеді.
Демек, объективтік идсализмнің гносеологиялық түп-тамыры өте ертеде, тереңде жатыр. Ол жалпы ұғымдардың қалыптасуымен, адамның дүниетануының тереңдеуімен, қысқасы, ақыл-ойының дамуымен байланысты туды - жалпы мен жекенің, мән мен оның сырт көрінісінің арақатынасын дұрыс ұғынудың киындығына байланысты туды. Мәселен, математиканың негізін салған Пифагор дүниені басқарушы дербес күш "сан" деп түсінді, ал Платон дүниенің алғашқы бастамасы жалпы ұғымдар, идеяларр деді.
Философиялық идеализмнің пайда болуының гносеологиялық мүмкіндіктері шындыққа айналуы үшін, таным процесіндсгі кейбір адасушылықтар түтас философиялық жүйе болуы үшін белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар кажет, өйткені философиялық адасушылықтар белгілі бір қоғамдық таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделеріне сай келіп, олар қолдаған кезде ғана солай болады. Идеализмнің тууына негіз болған әлеуметтік жағдайларға мыналарды жатқызуға болады; қоғамда антагонистік таптардың шығуына және адамды адамның қанауының пайда болуына байланысты ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегінің арасында карама-қарсылықтың пайда болуы, сөйтіп ақыл-ой еңбегінің үстем таптар мен топтардын игілігіне айналуы. Бұл таптар мен топтардың өкілдері (идеологтары) дене еңбегіне жирене қарап, ақыл-ой еңбегінің маңызын асыра бағалап, дәріптей бастады, ақыл-ой еңбегі ғана қоғамның өмір сүруі мен дамуының шешуші күші деп түсіндірді.
Үстем таптардың идеологтарының идеализмді жақтауының тағы бір себебі сол, олар еңбекші бұқараны қанаудың рухани құралы ретінде дінді қорғауға мүдделі, ал идеалистік философияны олар діни сенімді теориялық жағынан негіздеу, дәлелдеу үшін пайдаланады. Міне, сондықтан да ғылымның дамуы мен қоғамның прогрессивтік дамуы идеализмнің гносеологиялық және әлеуметтік түп-тамырларын жоюдың алғышарты болып табылады.
Дүниеге ғылыми-философиялық көзқарас мәселесін философияның өзіне тарихи-материалистік тұрғыдан талдау жасау арқылы ғана анықтауға болады. Осы тұрғыдан талдау философия мен ғылым белгілі бір тарихи қалыптасқан нақты мәдениеттің негізінде туын, өмір сүретінін және сол мәдениеттің түрлі жақтарының әсерінен дамитынын көрсетеді. Философия мен ғылымның атқаратын қызметің олардың бірлігі мен айырмашылығын олардың нақты болмысын жалпылау түрлі тарихи кезеңдерде атқарған роліне қарай түсінуге болады. Тарихи талдауға жүгінсек, мәселен, философия мен ғылым бір-бірімен күндес емес екенін, мәдениеттің дамуында олардың әрқайсысының атқаратын өз қызметі болғанын және бар екенін көреміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz