Үнді философиясы мәдениеті


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі

2. 1 Ерте Үнді философиясы

2. 2 Көне үнді мәденитінің қайнар көзі

2. 3 Жаинизмнің негізгі философиялық көзқарастары

ІІІ Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

І Кіріспе

Жалпы адамзат баласының тарихында қола дәуірінен темір дәуіріне өту өндіргіш күштердің ширақ дамуна ғана әкелген жоқ, сонымен қатар рулық, алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық қоғамның пайда болуына, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуіне, адамның белсенді іс-әрекеті арқасында өзінің табиғат құдіреттері алдындағы әлсіздігі, бағыныштылығы сияқты құбылыстарды жоюда алғышқы қадам жасауына, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің қалыптасуына осы негізде абстракциялы ойлау қабілетінің өсуіне мүмкіндіктер туды.

Ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайларды түсіндіретін тың көзқарас кең өріс ала бастады. Бұл көзқарас қияли заңдылықтарға сүйенген мифологиялық дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жатқан білім және ойлау қабілетінің арасындағы қайшылықтарды шешуге тырысады. Бірақ, мұндай көзқарас әліде болса философиялық деңгейге жете қойған жоқ еді. Себебі, Ежелгі Шығыста өндірістік тәсілдің баяу қалыптасуы, философиялық ой-пікірдің сол кездегі жетістіктерімен нашар байланыста болуы, шығыс философиясының діни-мифологиялық көзқарастан, күнделікті әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді.

2. 1 Ерте Үнді философиясы

Көне Үнді философиясы алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, оның ронына құлдық қоғам орныққан кезде дүниеге келді. Сол кездегі философиялық ойларының негізін діни мифологиялық жүйеленр құрды. Ой -пікірлерімен қоғамдағы күнделікті шарттарының себептері де бар. Себебі, Үнді қоғамы төрт варнадан ( «варна»- жамылғы, қабық, түрі- түсі мағынасын білдіреді. ) тұрды:

1) брахмандар: әулиелер

2) кшатрий: әскербасылар

3) вайшьи: ( купцы)

4) шудра: қызметкерлер мен шаруалар

Әр «варна» - адамдардың қауымдастық салт -санасын, жоралғысын мұқият орындайтын, соғаг орай қоғамдағы орыны анықталған, сол талаптармен шектелген топ. Әр варнаның мүшелерінің өзіндік атқаратын дәстүрлі қызметі болды.

«Брахман» - ертедегі үнді жерінде «құрметті, тақуалы өмір» сүрген, ақ түсті ұнататын беделді құдайдың атауын білдіреді. «Кши»- «иемдену, билік жүргізу, жойып жіберу» мағынасын білдіреді. Кшатрийлер қызыл түсті ұнатқан. «Вайшья» -«тиістілік, тәуелділік» мағынасында, сары түсті қабылдаған. «Шудра»- шаруалар- қара түстілер.

Үнді философиясының тарихы мына кезеңдерге бөлінеді.

· Ведалық кезең (б. д. д. ХY ғ- YII ) - өркениетті қалыптасу дәуірі

· Эпикалық кезең (б. д. д. YI-б. д. Iiғ) - ұлағатты поэмалар «Рамаяна» мен «Махабхаратаның» дүниеге келген аралықтары. Бұл кезеңдегі философиялық ойлар үш түрлі сатыдан өтті деседе болады.

1) веда беделін терістегендер. Б. д. д. УІғ мектептер Жайнизм, Буддизм, Чарвака- лакаята

Махабхарата кітабының алтыншы бөлімі - Бхагавадгитаның теориялық құрылымын қалыптастыру кезеңі (б. д. д. У-ІУғ)

2) Веда беделін қабылдаған, оның мәндерінде сүйенген санкхья, йога, миманса, веданта, ньяя секілді мектептер.

· Сутралар және олардың түсіндіру кезеңдері ( б. д. д. ІІІғ бастап)

Ерте Үнді философиясының қаклыптасуы мен дамуы әртүрлі мектептер, ағымдар, ілімдермен байланысты. Филиософиялық көзқарастар б. д. д. УІІ-УІ ғ. ғ. қалыптасты. Олар екі топқа бөлінеді:

1) Астика (ортодоксолды) бағыты- ведалардың беделін қабылдаған,

мойындаған мектептер жүйесі. Бұл ағымға Веданта, миманса, санкхья, ньяя, йога және вайшешика мектептері жатады.

2) Настика (ортодоксальды емес) -веда беделін мойындамай, қабылдамаған Жайнизм, Буддищм, чарвака- лакаята ілімдері

2. 2 Көне үнді мәденитінің қайнар көзі

Көне үнді мәденитінің қайнар көзі - вежалар. Ведалар (білім жүргізу мағынасын білдіреді) - ерте үнділердің мифологиясын, космологиясын, әлеуметтік қатынсатарын қамтитын діни және философиялық көзқарастарға толы, табынудың, жалбарынудың құрбандық шалу салты туралы гимндердің жиынтығы.

Ведалар (білу) -ертедегі үнділердің: Ригведаның, Атхарваведаның, Самаведаның, Яджурведаның қасиеттті кітаптарының жиынтығы. Аталған кітаптарға қатысты брахмандарда үнді ғұрпының мистикалық мағынасын түсіндіріп, ведалардың символикасы ашып көрсететін араньяктарда (орман кітабы), кейіннен жазылған упанишадтарда (ведаға табыну, мифолого- философиялық тұрғыда негізделетін құдай, адам, табиғат туралы жлпы пайымдау) «веда» сөзімен белгіленеді. «Веда» сөзі «қасиетті кітап, асқан даналық» мағынасымен де қолданылады.

Ведента («Ведтердің аяқталуы») - үнді философиясындағы Веда беделін қабылдаған жүйелердің бірі. Негізін салған Бадараяна- индивидті жанды сансарадан құтқару.

Бұл әлемнен басқа да әлем кеңістігінде еркінжағдайда және материалдық атомдармен байланысы бар сансыз көп жан өмір сүреді.

Ишнара құдайы ең жоғарғы жаратушы емес, бірақ атомдар үйлесімін жасап, жанды атомен байланыстырып, ажырата алады.

Иога - негізін салған Патанджали. Сана мен тінді біріктіре отырып, сыртқы әсерлерден алшақтау. Веданы қабылдағандар бұл процесті мокшаға жету, яғни азаптан құтылу деп түсінген.

Вайшешика (ерекшелік) - алғаш рет Канада жүйелі түрде түсндіріп берген. Дүние тоғыз субстанциядан: жер, су, жарық, ауа, эфир, уақыт, кеңістік, жан, ақылдан тұрады. Материалдық объектілердің бәрі алғашқы төрт субстанциялық атомдардан құралады. Атомдар мәңгі, көзге көрінбейді, бөлінбейді. Сол атомдардың бірігуін дүниежүзілік жан басқарады.

Ведалар адамдардың қалай өмір сүу керектігі туралы түсінік беретін заңдылықты - дхарма дейді. Әркімнің дхармасы құдай, жанұя, көршілер алдындағы парыздары, әрекеттері болып табылады. Әрине әркімнің дхармасы варнасына байланысты қалыптаспақ. Дхарманы орындаған адам қайта өмірге келуден құтылады.

Буддизм - талап-тілектен бас тарту жолы арқылы қасіреттен, азаптан арылып, Нирванаға («мәңгілік рахат») жетуді көздейтін діни ілім әрі философия. Үндістанда б. д. д. 6-5 ғ. ғ. дүниеге келді. Қазіргі кезде Цейлонда, Жапонияда, Қытайда, Непалда, Бирмада, Тибетте және т. б. елдерде ресми дін ретінде таралған. Негізін салушы «Будда» («нұрланған») деп аталған Сидхарта Гаутама. Ол қайғы-қасіреттен айырылу үшін имандылық, игі қасиеттерін жетілдіру жолдарын іздейді. өмірден баз кешіп, түлі рахаттардан бас тарту Нирванаға жеткізеді деп санады. Бірақ ол үшін «карма», яғни адам баласының қылығы дұрыстану керек. Сол бойынша адам қайта туудан («сансарадан») арылмақ. Будданың ілімінше адам баласы дүниедегі төрт ақиқатты түсінбей, сегіз игі жолды игермей сансарадан құтыла аомайды.

Нирвананың мокшадан айырмашылығы, мокша жанды қасіреттен о дүниеде азат етсе, нирвана - бұл дүниеде азат етеді. Нирвана жағдайына жеткен адам архат (қадірлі, құрметті, сыйлы адам) деп аталады. Нирвана - ең жоғарғы ләззат. Кейін келе, нирвана ұғымы адамның бойынан бүкіл әлемдік көрініске ауысады. Әлемдегі нирвана мәңгі, оны ешкім дүниеге әкелмейді және пайда болуының себебі жоқ. Әлемдік нирвананы сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, оны тек қана дұрыс жолмен жүрген, ақыл-ойы күнделікті қызықтан алшақ адам танып - біле алады. Б. д. д. III ғасырда буддизм Иңдияның ресми идеологиясы болды. Кейінірек келе, ол дінге айналып, екі ағымға бөлініп кетті. Хинаяна - "кіші шеңбер" деп аталатын ағым бастапқы буддизмге жақынырақ болса, макаяна-"үлкен шеңбер" деп аталатын ағым "бодхисаттваны" пір тұтып, одан алшақтап кетті. "Бодхисатхва толық білімге жетуге талпыньп жүрген адам. . Ол алғашқы буддизмдегі білгір адамнан гөрі, дін уағыздаушы адамға көбірек ұқсайды. Өзінің ерлігімен, батырлығымен ол тек өзін ғана құтқармайды, өз күшімен нирванаға жете алмайтындардың бәрін құтқаруға көмектеседі. Сөйтіп, нирвана өзінің бұрынғы мағынасынан айырылып, "жұмақ" деген ұғымға пара-пар болып шыға келеді. Буддизмге сүйенушілер Үндістанның өзінен гөрі одан тыс мемлекеттерде көп кездеседі (Қытай, Жапония, Бирма, Цейлон, т. б. ) . Ал Үндістанның өзінде буддизмнің орнын брахманизм басып, буддизмдегі Будда Вишну құдайдың бір көрінісі болып қалады. Локаята (Чарвака) . (Лока - "аймақ, ел, кеңістік, әлем, жер, өмір", Ал көптік түрде - "адамдар", "халық, адамзат" деген мағыналар берген) . Локаяттар веда ілімдерін жокқа шығарады. Осы тұрғыдан веда дінін, оның беделді ғұламаларын, ілімдерін сынға алады. (Мысалы, веда дінбасыларын халыкты алдап, соның арка-сында байып жүр, дене өлгеннен кейін жан да өмір сүрмейді) . Олардың пікірінше, әлемдегі барлық денелер, заттар махабхут деп аталатын 4 түпнегізден тұрады. Олар: ауа (ваю), от (агаи), су (ап) және жер (кшита) . Махабхуттар белсенді және әрекетшіл келеді. Олар өздеріне тән күштің, белсенділіктің аркасында өзара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайы келгенде, бұрын жеке алғанда өздерінде жоқ касиет-сананы дүниеге әкеледі. Ал жанды дене-лер өлгенде, олар қайтадан өздерін өмірге әкелген махабхуттарға бөлшектенеді, ал бөлшектенген махабхуттармен бірге сана да жойылады. Локаяттар өмірдің мәні бақытта, ал бақыттың өзі - ләззат деп түсінген. Ләззат пен қасірет байланысты, бірақ' қасірет буддизмдегі сияқты өмірдің мәні емес, сондықтан оны азайтуға, жеңіддетуге болады, ол өз қолымызда. Кейінірек келе, локаяттар сушикшит (нәзік) және дхурта (тұрпайы, дөрекі) деп аталатын екі салаға бөлінеді.

Сансара - өмірге қайта келу, қайта туу айналымы.

Карма - іс-әрекетіне байланысыты адамның болашағы анықталатын заңдылық. Буддизмнің енгізгі идеасы - «орташа жол»: «рахаттану жолы» мен «аскеттік жолдың» ортасы.

Буддизмнің төрт игі ақиқаты:

1. өмір - азапқа толы;

2. азаптың себептері бар;

3. азапты тоқтатуға болады;

4. азапты тоқтататын жолдар бар.

Ол азаптан құтылу үшін сегіз сатыдан тұратын жолдары:

1. дұрыс қабылдау (видение) ;

2. дұрыс ойлау;

3. дұрыс әрекет;

4. дұрыс өмір сүру салты;

5. дұрыс күш жұмсау;

6. ақылды дұрыс қолдану;

7. дұрыс ой шоғырландыру.

Аталған сегіз жолды дұрыс игерген адам «архат» деп аталады, яғни қайта туу тоталады.

Буддизмгің негізгі екі бағыты бар:

1. Хинаяна

2. Махаяна.

Махаяна - адамды азаптан құтқарудың кең және еркін жолдарын уағыздады. Басты қағидасы - әр адам Нирванаға жете алады, яғни өзін құтқара алады.

Хинаяна - Нирванаға тек әдіс пен данагөй әрекет қана жеткізеді. Ақиқаттың жоғарғы жолы әдіс пен даналық шеңберінде, бағытында.

Махаяна Үнді жерінің солтүстігінде, хинаяна оңтүстік және оңтүстің-шығысында басымырақ таралған.

2. 3 Жаинизмнің негізгі философиялық көзқарастары

Жаинизм ("жайна" - жеңімпаз) . Жаинизм сансарға, кармаға (әділ жаза заңдылығы) және мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жаинизмнің басты мақсаты - қасірет деп түсінген өмірден азат болу. Жаинизмнің ілімінше, карма заңын кұдайларға құрбандық шалу арқылы өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде сансардан құтылу арқылы жеңуге болады. Жайналықтар әлемді тіршілігі бар және тіршілігі жоқ деп екіге бөледі. Тіршілігі жоқ (аджива) әлем атомдардан (ану) тұратын материалдан (пудгала) кұралады. Олар бір-бірімен косылып бөліне алады. Тіршіліксіз әлемге сонымен катар кенестік (ақаша), уақыт (кала), орта және қозғалыс жатады. Тіршілігі бар әлемнің жаны бар. Керек десеңіз, жердің де жаны бар. Жанның өзі әр түрлі болады. Егер ауа, жер, от, өсім-діктер тек қана сезіне алса, құстарға, жануарларға, адамдарға сезім мүшелері арқылы түйсіну тән. Жалпы алғанда, тіршілік мәңгі, бірақ ол материалдық денелер түрін кабылдаған көптеген жандарға бөлініп кетеді де, бір денелерден екінші денеге ауысып отырады. Жаинизмде мокша тіршілігі бар және тіршіліксіз әлемдердің арасын толығымен алшақтатса, карма оларды біріктіреді. Карманың өзі көп түрлі. Оның бірі - денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген отбасын айқындаса, екіншісі - өмірдің ұзақтығын, үшіншісі - тіршілік пен тіршілігі жоқтарды біріктірудің негізі болып есептелетін құштарлыққа, ләззаттануға қатынасты анықтайды. Сансардан азат болу үшін "үшқазынаны" сақтау керек. Олар: дұрыс қылық, шынайы білім, дұрыс сенім. Дұрыс сенім - төрт ханкарлар деп аталатын 24 әулиенің іс-әрекетіне сену болса, дұрыс қылық - тазалыкты, шындықты, сабырлықты, т. б. сақтау. Ал шынайы білім-жанның сезім мүшелері мен ақыл-ойға сүйенбей алған білімі. Мұндай танып-білу процесінде жан қарастырып отырған заттармен тікелей байланысады. Ал түйсіктер, ақыл-ой болса мұндай байланысқа кедергі жасайды. Шынайы білім өз тарапынан үш сатыдан тұрады. Бірінші сатысында жан кашықтағы ұсақ заттарды түйсінеді, екінші сатысьнда. - өз бой-ындағы адамдарға деген қызғанышты, жек көрушілікті жёңген жан, адамдардың казіргі және өткен кездегі ойларын тікелей білуге мүмкіндік алады, ал үшінші сатысында сансардан азат болған жанға көрегендік қасиет, абсолюттік білім дариды. Жаинизм пікірінше, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан көп қабаттан тұрады. Төменгі екі қабатыңда - әзәзіл (перілер), ортаншы қабатта жер, келесі кабатта - құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта - құдайларға ұқсас жындар орналасқан. Шындап кел-генде, жаинизм пікірінше, құдайжоқ, оның бар екендігі туралы келтіріліп жүрген дәлелдердің бәрі негізсіз қате, сондықтан да құдайға емес, 24 тиртханкарға (әулиелер) және жындарға сену керек. Жаинизм кейінірек келе дигамбар және шветамбар деген екі сектаға бөлініп кетті. Жаинизмге Үндістанда қазірдің өзінде де көптеген адамдар сенеді. Буддизм. Бүл философиялык ағымның шығу тарихы принц Сиддхарта Гаутаманың (б. д. д. 563-483 жж. ) есімімен тығыз бай-ланысты. Будцизм ілімі бойынша, өмір - қасірет. Адам қандай әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан, кәріліктен, өлімнен кұтыла алмайды. Оған кұдайға шалған құрбандық та көмектесе алмайды. Қасіреттен кұтылудың бірден-бір жолы - сансардан толық азат болу. Ол үшін адам төрт түрлі ақиқатты білуі қажет:

1. Өмір - қасірет. Өмірге келу, кәрілік, ауру, өлім, жақсы көрген нәрсеңнен айырылу, кажетіңе жете алмау, т. б. осылар-дың бәрі - қасірет.

2. Касіреттің пайда болу себептері туралы ақиқатты білу Ол-өмірге, ләззатқа деген құштарлық.

3. Құштарлықтан құтылу арқылы оны жеңу.

4. Құштарлықтан құтылу жолдарын білу.

Құштарлықтан құтылу оңай емес. ол үшін сегіз қағиданы бұлжытпай орындау керек, Олар:

1. Дұрыс жол - төрт ақиқатты дүрыс түсіну.

2. Дұрыс шешім-төрт ақиқатқа сәйкес өз өмірін өзгертуге бағытталған ерік-жігер.

3. Дұрыс сөз - өтірік айтпау, біреуді босқа жамандамау, балағат сөз айтпау,

4. Дұрыс іс-әрекет- ешқаңдай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлық-қарлықтан қашық болу.

5. Дұрыс тұрмыс қалпы - адал еңбек етуді әдетке айналдыру.

6. Дұрыс күш жұмсау - қүмарлықпен, жаман оймен күресу

7. Дұрыс ой бағыты- дүниенің жалған, уақытша екенін түсіну.

8. Дұрыс жинақтала білу - өз денеңді сезінуден, ойлаудан, түйсінуден арылу.

Дұрыс жинақтала білудің өзі төрт сатыдан тұрады.

1. Ойды төрт акиқатты түсініп, пайымдауға бағыштау.

2. Осы төрт ақиқатка сену. Ол біздің жанымыздың тыныштықта және куаныш та болуына мүмкіндік береді.

3. Куаныш - қайғыдан, өзденеңді сезінуден арылу.

4. Толық сабырлылық және талғаусыздык жағдайға жету.

Вардхамана ( шамамен б. д. д. 599-527 ж. ж. ) кшатрия ортасынан шыққан, 28 жасынан ел кезген аскетке айналып, 12 жылғы үнемі діни жаттығулардан кейін «жоғары шындыққа» жетеді. Өмірінің басым көпшілігін өз монахтарының қауымдастығы қалыптастырған кзқарастады уағыздаумен өтеді.

Ол жаңа діни философияны 24 тирханкалармен («жолды ашушылармен») бірге жасайды.

Жайнизм ілімі үшін адам өмірінің негізгі мақсаты - «босатылу». Жайнистер дүниедегі заттадың барлығы жанды деп есептейді.

Құмырсқыны өлтірудің өзі күнаға жатады. Ал егер өлтіріп алса, кармасын төмендетіп алуы мүмкін. Ал жанның «босатылуы» тікелей карма заңына байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі үнді философиясы. Жайнизм және буддизм
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Упанишадтың басты тезисі брахман туралы
Ғылымның филоосфиялық мәселелері
Қытай тілінің морфологиялық құрылысы изоляциялы
Ежелгі Шығыс философиясы туралы
Мәдениеттану. Будда діні
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасуы және зерттеу обьектілері сипаттаңыз
Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz