Комерциялық банктердегі депозиттік операциялардың қалыптасуы


Жоспар
Кіріспе.
2. 1. Қазақстан депозит нарығы.
2. 2. Комерциялық банктердегі депозиттік операциялардың қалыптасуы.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе.
Банктер жүйесі - ұлттық экономикалық басқа секторлармен салыстырғанда, нарық талабына сай өзгерістерді жедел қабылдайтын және экономикалық базистегі өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің даму заңдылықтарына тез сыңай танытып, салыстырмалы дербестігі бар ақша секторы. Банктер жүйесінің инфляцияны тежеуде нақты секторды инвестициялауда, ақша айналымын ұйымдастыруда және экономиканы макродеңгейде реттеуде атқаратын ролі өте маңызды.
Қазіргі кездегі коммерциялық банктер - клиенттерге әртүрлі қызметтер, яғни, несие беретін, валюталық және депозиттік операциялармен айналысатын, кассалық есеп айырысу қызметін жүргізетін шаруашылық субьектілермен үзеңгіле, әрі серіктес ерекше кәсіпорын.
Нарықтық эканомика жағдайында ролі өте жоғары қаржы делдалы ретінде банктердің жалпы экономикалық процестерді реттеу ісінде алатын маңызы зор.
2. 1. Қазақстан депозит нарығы.
Еліміздің банктер жүйесінің дамып кележатқандығына еш күмән жоқ. Бірақ, банктер өздерінің операциялырын жүргіссе де, халықтың сенімділік дәрежесінің төменділігімен сипатталады. Коммерциялық банктер осы сенімділік дәрежесін арттыру үшін барлық шараларды қолданып, арнайы операциялар жасауда. Әйгілі экономист К. Маркстың айтуынша “Банктер біреуге несие беріп қана қоятын ерекше ұйым емес, басқадай ақша қаражаттарын тартатын және солардың сақталуына жауап беретін ұйым”. Осы әйгілі экономистің сөздерінен депозиттік банктер үшін қаншалықты қажет екенін көруге болады.
Депозиттік операциялар банктердің негізгі ресурс көзі болып табылады. Депозит (латын тілінен аударғанда depositium - сақтауға берілген зат дегенді білдіреді) - клиенттердің банктерге өз қаражаттарын уақытша сақтауға бергенде туындайтын экономикалық қатынастар.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың және депозит шоттарының әр түрі кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- зинақ салымдар.
Талап етуіне дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әртүрлі шоттардағы қаражаттар;
Мерзімді депозит - бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында арпаластырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
- меншікті мерзімді депозиттер;
- алдын ала мерзімді депозиттер.
Меншікті мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
30 күнге дейінгі;
30-90 күнге дейінгі;
90-180 күнге дейінгі;
180-360 күнге дейінгі;
360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісімді және депозит бойынша соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте, алдын -ала алуы хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.
Жинақ алымдары олардың белгіленген мерзімі жоқ қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.
2. 2. Комерциялық банктердегі депозиттік операциялардың қалыптасуы.
Қазақстан республикасындағы 2 -деңгейлі банктердің орындайтын депозиттік операциялары оның жалпы қызмет етуіне негіз болады. Себебі, депозиттер - ресурстардың бірден бір қайнар көзі болып табылады. Депозит көлемінің көп болуы банк қызметінің жақсы жүріп жатқандығын айқындайды. Жалпы Қазақстан Республикасындағы депозиттер нарығының банктердегі құрылымын келесі суреттеп көруге болады:
Казкоммерцбанк - 26%; БанкЦентрКредит - 6%; АТФ банк - 3%; Халықбанкі - 23%; Альянс банк - 3%; ТұранӘлемБанкі - 21%; Каспийский банк - 2%; Нұрбанк - 3%; басқалары 13%.
Көріп тұрғанымыздай ең көп үлесті Казкаммерцбанк алады екен. 2-орында Халықбанкі, ал 3-ші орында ТұранӘлембанкі тұр. Бұл жердегі депозитер көлемінен банктің сенімділігі мен тұрақтылығын көруге болады. Себебі, депозиттерді тарту кезінде клиенттер, ең алдымен банктің сенімділігі мен пайыздың мөлшерлемесіне көңіл аударады. Салымшы депозиттегі қаражатын жоғалтып алмайтындай сенімді болуы шарт.
Банк депозиттерінің портфелі келесі факторларға тікелей байланысты:
- клиенттердің депозиттер бойынша қызметке сұранысы;
- пайыздың сыйақы түріндегі қаржы табу тәсілі;
- клиенттерді татуға кететін уақыт пен ресурстар;
- балансталмаған өтімділік тәуекелінің деңгейін реттеу;
- банктік депозиттердің жалпы санасындағы бір салымшының үлесін белгілеу;
- пайыздық тәуекелді басқару.
Депозиттік базаны қалыптастырудағы негізгі міндет - аз шығынмен қаражат тарту. Клиенттерді депозитке тарту кезінде келесі шартты артықшылықтар есепке алынады:
Жеке тұлғалар (ағымдағы шоттар) : 1. Орналасқан жерінің жақсы болуы; 2. Бірнеше қызмет түрінің болуы; 3. Сенімділігі; 4. Қызмет көрсетуге алынатын төлем ақы; 5. Пайыздық мөлшерлеме.
Жеке тұлғалар (мерзімдік шоттар) : 1. Қарым-қатынастың сенімділігі; 2. Пайыздық мөлшерлеме; 3. Мәміле жасалуының тиімділігі; 4. Орналасқан жері; 5. Қызметке төленетін төлемақы.
Заңды тұлғалар: 1. Сенімділі; 2. Банк қызметкерлерінің біліктілігі; 3. Қаржы сұрақтары бойынша сапалы кеңес беру; 4. Қолма-қол ақшамен қызмет ету.
Депозиттердің жаңа түрін құру кезінде клиенттердің тек ақшалай потенциалы ғана емес, сондай-ақ аймақтық орналасуы да есепке алынады. Салымдарды қабылдағанда олардың қайтарылуының мүмкіндігі де анықталады. Ол үшін балансталмаған өтімділік тәуекелі, депозиттерді жинақтау тәуекелі, пайыздық мөлшерлеме тәуекелі есептеледі.
Депозиттердің қаншалықты көп мөлшерде жиналуына байланысты банктің қызмет ету қарқыны ұлғайып алатын пайдасы көп болмақ. Осыған байланысты депозиттік операциялардың банк қызметіндегі ролін айқындауға болады. Соңғы жылдардағы депозит нарығының өзгеруін келесі суреттеп көруге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz