Бәсекелестік туралы түсінік


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Бәсекелестік туралы түсінік
2. 2 Бәсекенің түрлері
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Қызметтерін жүйелендіру және бәсекелестікті дамыту мақсатында қазіргі кезде Қарағанды облысында кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылы субъектілерінің өзара тиімді әрекет Стратегиясы әзірленуде. Стратегияның мақсаты облыстың экономика жүйесін, жалпы мемлекетте шағын және орта бизнесті қолдауды әрі қарай дамыту кезеңін құру болып табылады.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі. Талдау және бағалау Бәсекелестердің тауар- лық саясатының фор малары мен әдістерін зерттеу бағаларының өзгерісін зертеу. Бәсекелестер өткізу торабының құралуынжәне олардың өтізуді ынталандыру құралдарын талдау. Бәсекелестердің қаржылық қуаты мен тұрақтылығын бағалау.
2. 1 Бәсекелестік туралы түсінік
Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл ретінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:
• өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру;
• өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;
• бәсекеге төзімді өнім өндіру;
• өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді;
• пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану.
Өнімнің «өмір сүру циклі» бәсекелік күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің «өмір сүру цикліне» оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі, «өмірі» жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:
• жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп орналастыру. Бұл арада сату көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады;
• өндірістің өсуі - өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары баға сақталады;
• кемелдену. Өндіріс көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс толық қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға төмендей бастайды;
• ескіру. Бұл фазада сұраныс төменгі шегіне жетеді, өндіру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің басым көбінің өндірілуі тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады.
Бәсекелік сайыста шаруашылық жүргізуші субъектер өз бәсекелесіне мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттерді «бейниетті бәсеке» деп атауға болады:
• бәсекелес туралы өтірік немесе қате мәліметтер тарату;
• тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы, жасау әдісі мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;
• бәсекелестің тауарлық белгісін, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;
• тауардың сапасы туралы дұрыс түсінік бермейтін жарнама жасау;
• бәсекелестің тауарын жамандап көрсететін салыстырмалар қолдану;
• келісім бойынша өздері ғана білуіне тиісті салаға жататын конфиденциялық ғылыми-техникалық өндірістік және басқадай информацияны таратып жіберу.
Аталған шартбұзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттік антимонополиялық агенттікке жүктелген. Бәсекелестік кәсіпкерліктің құрылуына жетекші рөлді шағын бизнестің көптеген даму факторлары атқарады, олар конструктивті келісімнің нарықтық механизмін құрады және әр түрлі субъектілер арсында өзара әрекетті - аймақтық маңызды жобалар қызметтерін іске асыруда ықтимал серіктестіктер. Атап айтқанда, қоғамдық ұйымдарды, бизнес-бірліктерді, мемлекеттік басқару органдарын, ғылыми, білім беру, консалтингтік және басқа құрылымдар өзара әрекет механизмін құру мен қамтамасыз ету. Қарағанды облысында әкімнің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 09/14 Қаулысымен бекітілген, бәсекелестік жөніндегі Кеңес құрылған. Кеңес қызметтерінің мақсаты Қарағанды облысы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар негізгі міндеттері бойынша ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан, жақын және шет ел нарығында тауарлар мен қызмет көрсетулерге жоғары қосымша құнмен жылжыту бағыты болып табылады. Кеңес мемлекеттік және жеке секторлар өкілдерінен тұрады. Кеңесті басқаруды Кеңес төрағасы - Қарағанды облысының әкімі іске асырады.
Бәсекелестікті дамыту үшін «Металлургия- метал өңдеу» және «Қарағанды қаласының фармацевтік кластері» кластерлер қызметтері іске асырады, солардың төңірегінде Үйлестіру Кеңестері құрылған және олардың жоспарларына техникалық және кәсіптік білімді кадрлар даярлау сапасын арттыру үшін оқу орталықтарын ашу дұрыстығының мәселелері, еңбек нарығында олардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру.
2. 2 Бәсекенің түрлері
Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалуына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады.
Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс - бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.
Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:
• жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді;
• әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;
• сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады;
• сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді;
• өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады.
Осындай сату-сатып алу шарттарының орындалуы өндірушілер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркіндік сипат береді. Жетілген бәсеке баға белгілену механизмнің және тепе-теңдік болмысы арқылы экономикалық жүйенің өзін-өзі реттеуінің қалыптасу шарты болып табылады. Осының нәтижесінде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістіктерге жол ашады.
Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Артықшылықтары:
• қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;
• тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез көмектесе алатындығы;
• тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
• өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.
Кемшіліктері:
• ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;
• қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады;
• ұжымдық тауарларға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;
• фундаментальдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;
• еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;
• әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ.
Нарық қатынастары қашанда жұп қатынастар болады: «сатушы-сатып алушы», т. б. Осы қатынас өндіріс пен тұтынудың байланысын сипаттайтын ұсыныс пен сұраныстың түрін алады.
Тұтынушы (сатып алушы) мен өндірушінің (сатушы) әрекеттерін екі заң болжайды:
-сұраныс заңы: сатып алушы баға кемігенде, басқа шарттар тұрақты болса, тауарларды көбірек алады, баға жоғарыласа - азырақ алады;
-ұсыныс заңы: басқа шарттар тұрақты болса, баға жоғарылағанда сатушы сату үшін тауарларды көп өндіреді де оны сатуға ұсынады, баға кемігенде аз ұсынады.
Мысал ретінде сұранысты сатуға дайындалған тауарлардың саны арқылы және олардың бағасы арқылы көрсетейік. Бұнда сұраныстың қисық сызығы мынадай қатаң байланысты көрсетеді: баға кеміген сайын сұраныс өсе түседі. Нарықтық сұраныс осы тауарды осы бағамен сатып алатын барлық сатып алушылардың болады. Осыны 2-кесте және 1-сурет арқылы байқауға болады. Баға өскенде сұраныс төмендейді, ұсыныс өседі. DD-сұраныс қисығы; SS-ұсыныс қисығы. Сұраныс қисық сызығымен ұсыныс қисық сызықтарын бетестіру арқылы нарықтық тепе-теңдікті белгілеугe болады. Ол DD мен SS қисық сызықтарының түйіскен Е нүктесінде болады. Е нүктесіндегі баға тепе-теңдік баға деп аталады. Осы нүктеде сұраныс пен ұсыныс арасында нарықтық тепе-теңдік орнайды. Баға 25 болғанда А1В1 көлемінде тапшылық пайда болады, баға 70 болғанда АВ көлемінде артықшылық туады. Осыдан қорытынды еркін бәсекеде нарықтың механизм, бағаның ауытқуы мен ұсынылған тауарлардың көлемінің өзгерулері арқылы сұраныс пен ұсыныс арасында сәйкестік орнатады, нарық тепе-теңдікке жетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz