Махмұд Қашқари өмірі
I.бөлім: Махмұд Қашқари өмірі ... ... ... ... ... ... ... ...4 бет
II.бөлім: Ебектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5 бет
II.1 . Түркі жерінің дөңгелек картасы ... ... ... ...5 бет
II.2 . Түркі тілдерінің сөздігі ... ... ... ... ... ... ... .6 бет
II.2.1 . жазылу тарихы мен мақсаты
(З.Әуезова пікірлері) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 бет
II.2.2 . еңбекке сараптама (құрамына шолу) ... ..7 бет
II2.2.1 . тәрбие мәселесі ... ... ... ... ... ...8 бет
II2.2.2 .аспан әлемі түркі түсінігінде..8 бет
II2.2.3 . түркіше жыл санау ... ... ... ... ..9 бет
II2.2.4 . ғұлама қазақ жері туралы ... .10 бет
III.бөлім: Түркі өркениетіне әлемнің көзімен
(түркітанудағы өзгерістер; ғалымдардың пікірлері мен еңбекті бағалап, сараптауы) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11 бет
III.1 . Қорытынды (Кононов сөздерімен) ... ... ... ... ... ... 12 бет
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13 бет

Махмұд Қашқари (толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед) (1029-1101) – түркі тілдерін дүние жүзінде тұңғыш зерттегеп, ең алғаш сөздігін құрастырушы – энциклопедист-ғалым. Туған жері Қарахан мемлекеті Қашқар қаласы. Әкесі Барысқан٭ қаласынан саяси жағдайларға (бәлкім қудалауларға) байланысты Қашқарға көшкендіктен, Махмұд Барысқанда туылуы мүмкін деген пікірлер бар. Қарахандар ақсүйектері ортасынан (династиясынан) шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мауреннахрды жаулаушы Боғраханның (Бурахан٭) немересі – шамасы, Барысқан қаласының әскербасы қызметін атқарған. Заманында алыс аймақтарға әйгілі болып, саяси-шаруашылық және қоғамдық-әкімгершіліктің үлкен орталығына айналған Қашқарда оқып (әлде, жан-жақты дамып, ғарышқа құлаш ұрған сол тұстағы Орта Азияның небір мықты басқа да шаһарлары мен кенттерінде – Бұқара, Нишапур, Самарқанд, Бағдад, Мерв٭ т.б. тұрып) білім алған Махмұд өз дәуірінің теңдесі жоқ атақты ғұламасы еді. Махмұдтың ана тілі – Қарахан мемлекеті қағандарының, яғни Шығыс Түркістан түркілерінің тілі (ғалым оны «таза тіл» деп санайды). Ол тілде Іле бойын жайлайтын яғма, тухси, чығыл сияқты тайпалар сөйлеген.
Бізге мәлім түркітану түсінігінің егізін алушы Махмұд Қашқари, тілдерді меңгеріп зерттеу саласында алғаш салыстыру әдісін қолданып, зерттеуді тек лингвистика тұрғысынан ғана емес, тарихи, салт-дәстүрлік тұрғыдан да жүргізуді қолға алған. Ғұламаның мұндай талғамда жұмыстануына, өмірге көзқарасының қалыптасуына, бұдан алдыңғы буындағы шоқ жұлдыз - Жүсіп Баласағұнидың ықпалы мол болды. Жалпы ойға салсақ, әкесі қаланың әмірі, лауазымды әскербасы болған Махмұдқа кез келген қаладағы кез келген кітапхананың есігі ашық еді. Бұл тұстың Құнанбай бидің ұлы Абайдың жастық, іздену шағымен ұқсастығы барын көреміз.
Білуімізше, 960 ж. Қарахан мемлекеті түркі мемлекеттерінің арасында алғаш боп ислам дінін қабылдаған болатын. Ислам діні, оған қоса, араб тілі билеушілер мен лауазымды тұлғалар арасында кең тарай бастады. Осыған орай, Қашқаридың бойында тамаша арабша филологиялық білімнің жинақталуымен қатар, тұғырлы орта ғасырлық ислам ілімінің сан қилы тұстары да көрініс тапты. Классикалық араб, парсы тілі мен әдебиетін, тарихы мен мәдениетін, олардың жалпы зерттелу дәрежесін өте жетік білген. Шығыс елдерінің (Қытай, Иран, Түркістан, Орта Азия, Рум, Еділ бойы, т.б.) әлеуметтік өмірі мен әдебиетін түбегейлі меңгерген.
Ғалым тегі түркі халықтар мекен еткен барлық жерлерді шарлап, түрлі тайпаларды кезіктірген.

Әдебиеттер:
ӘБІЛОВА, Қ.ҚАЛИЕВАЛАРДЫҢ «ЭТНОПЕДАГОГИКА ОҚУЛЫҒЫНАН»
Құрышжанов Ә. М.Қашқари еңбегінің зерттелу тарихынан (қысқаша шолу) // Қазақ Ғылым академиясы Тіл білімі институтының еңбектері. Алматы, 1963, 3 том, 182–189-б Кононов А.Н. Махмұд Кашгарский и его “Дивану Лугат ит-турк” //Советская тюркология. Баку, 1972, № 1, 3–17-б.
Құрышжанұлы Ә. Ескі түркі жазба ескерткіштері. А., “Қайнар”, 2001, 297-326-б.
Муталлибов С.М. Махмұд Кошғарий. Туркий сузлар девони (Девону луғотит турк). Уч томлик, І том. Тошкент, 1950.
Махмұд Кашгарынын созлуги ве туркмен дили, Ашгабат, 1958; Brockelmann К
Ahmet (Kіlіslі) Rіf’at. Dіvanь Lыgat іt-Tьrk. Іstanbul. Cіlt І, 1333 (1915), cіlt ІІ, 1333 (1915), cіlt ІІІ, 1335 (1917).
Besіm Atalay. Dіvanь Lыgat іt-Tьrk Tercьmesі. Ankara, cіlt І, 1939, cіlt ІІ, 1940, cіlt ІІІ, 1941.
Besіm Atalay. Dіvanь Lыgat іt-Tьrk. Tıpkı baslımı (Faksіmіle). Ankara, 1941.
Brockelmann C. Mіtteltьrkіsher Wortschatz nach Mahmud al-Kasgarіs, Dіvan Lыgat at-Tьrk. Bіblіotheca Orіentalіs Hungarіca, І. Budapest-Leіpzіg, 1928.
Мәхмүтов X. Тугыз гасыр кичкән мәкальләр // Мирас – 1992. – № 5. – 91 – 99 б.
Стеблева И. В. Развитие тюркских поэтических форм в XI веке. – М.: Наука, 1971.
Малов С. Е., Памятники древнетюркской письменности, М. — Л., 1951; Ахаллы С.,., Altturkestanische Volkspoesie, Bd 1—2, Asia Major, 1923—24; его же, Mitteltürkischer Wortschatz nach Mahmud al-Kašgaris «Divan lugat atturk», Bdpst — Lpz., 1928.

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім
министрлігі
Реферат
Махмұд Қашқари
Астана-2011
Жоспар:
I-бөлім: Махмұд Қашқари өмірі ... ... ... ... ... ... ... .. .4 бет
II-бөлім:
Ебектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5 бет
II.1 – Түркі жерінің дөңгелек картасы ... ... ... ...5 бет
II.2 – Түркі тілдерінің сөздігі ... ... ... ... ... ... ... .6
бет
II.2.1 – жазылу тарихы мен мақсаты
(З.Әуезова
пікірлері) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .6
бет
II.2.2 – еңбекке сараптама (құрамына шолу) ... ..7 бет
II2.2.1 – тәрбие мәселесі ... ... ... ... ... ...8 бет
II2.2.2 -аспан әлемі түркі түсінігінде..8 бет
II2.2.3 – түркіше жыл санау ... ... ... ... ..9 бет
II2.2.4 – ғұлама қазақ жері туралы ... .10 бет
III-бөлім: Түркі өркениетіне әлемнің көзімен
(түркітанудағы өзгерістер; ғалымдардың пікірлері мен еңбекті бағалап,
сараптауы) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .11 бет
III.1 – Қорытынды (Кононов сөздерімен) ... ... ... ... ... ... 12 бет
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
бет
I-бөлім
Махмұд Қашқари (толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед)
(1029-1101) – түркі тілдерін дүние жүзінде тұңғыш зерттегеп, ең алғаш
сөздігін құрастырушы – энциклопедист-ғалым. Туған жері Қарахан мемлекеті
Қашқар қаласы. Әкесі Барысқан٭ қаласынан саяси жағдайларға (бәлкім
қудалауларға) байланысты Қашқарға көшкендіктен, Махмұд Барысқанда туылуы
мүмкін деген пікірлер бар. Қарахандар ақсүйектері ортасынан
(династиясынан) шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мауреннахрды жаулаушы
Боғраханның (Бурахан٭) немересі – шамасы, Барысқан қаласының әскербасы
қызметін атқарған. Заманында алыс аймақтарға әйгілі болып, саяси-
шаруашылық және қоғамдық-әкімгершіліктің үлкен орталығына айналған
Қашқарда оқып (әлде, жан-жақты дамып, ғарышқа құлаш ұрған сол тұстағы Орта
Азияның небір мықты басқа да шаһарлары мен кенттерінде – Бұқара, Нишапур,
Самарқанд, Бағдад, Мерв٭ т.б. тұрып) білім алған Махмұд өз дәуірінің
теңдесі жоқ атақты ғұламасы еді. Махмұдтың ана тілі – Қарахан мемлекеті
қағандарының, яғни Шығыс Түркістан түркілерінің тілі (ғалым оны таза тіл
деп санайды). Ол тілде Іле бойын жайлайтын яғма, тухси, чығыл сияқты
тайпалар сөйлеген.
Бізге мәлім түркітану түсінігінің егізін алушы Махмұд Қашқари,
тілдерді меңгеріп зерттеу саласында алғаш салыстыру әдісін қолданып,
зерттеуді тек лингвистика тұрғысынан ғана емес, тарихи, салт-дәстүрлік
тұрғыдан да жүргізуді қолға алған. Ғұламаның мұндай талғамда жұмыстануына,
өмірге көзқарасының қалыптасуына, бұдан алдыңғы буындағы шоқ жұлдыз -
Жүсіп Баласағұнидың ықпалы мол болды. Жалпы ойға салсақ, әкесі қаланың
әмірі, лауазымды әскербасы болған Махмұдқа кез келген қаладағы кез келген
кітапхананың есігі ашық еді. Бұл тұстың Құнанбай бидің ұлы Абайдың жастық,
іздену шағымен ұқсастығы барын көреміз.
Білуімізше, 960 ж. Қарахан мемлекеті түркі мемлекеттерінің арасында
алғаш боп ислам дінін қабылдаған болатын. Ислам діні, оған қоса, араб тілі
билеушілер мен лауазымды тұлғалар арасында кең тарай бастады. Осыған орай,
Қашқаридың бойында тамаша арабша филологиялық білімнің жинақталуымен қатар,
тұғырлы орта ғасырлық ислам ілімінің сан қилы тұстары да көрініс тапты.
Классикалық араб, парсы тілі мен әдебиетін, тарихы мен мәдениетін, олардың
жалпы зерттелу дәрежесін өте жетік білген. Шығыс елдерінің (Қытай, Иран,
Түркістан, Орта Азия, Рум, Еділ бойы, т.б.) әлеуметтік өмірі мен әдебиетін
түбегейлі меңгерген.
Ғалым тегі түркі халықтар мекен еткен барлық жерлерді шарлап, түрлі
тайпаларды кезіктірген.
٭ Барысқан - қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей
деректе Шу бойындағы) қала.
٭ Боғра хан – ягма тайпасынан тараған Қарахан әулеті билеушілерінің
лауазымы. Бұл тайпа түйені қасиетті жануар деп білуіне байланысты, тайпа
билеушілері өз аттарына боғра лауазымын қоса айтатын болған.
٭ Мерв – Түркменстанның оңт. шығ. бөлігінде, Мүргәб өзенінің бойында
орналасқан Орта Азияның ежелгі қаласы. Санджар сұлтан тұсындағы Селжұтардың
астанасы. Қалада он кітапхана болған.
Сан қилы қызықты әңгімелерді, әр тайпаның пайда болуы туралы аңыз-
ертегілерін, этнологияық ерекшеліктерін, шаруашылығын, мақал-мәтелдер мен
ғибратлы сөздерін, әдеби мұраларын, әр тайпаның менталитеті мен исламға
дейінгі наным сенімдерін қызыға зерттеген. Әсіресе ғалым филологияға баса
зер салып, әр түркі тілдес тайпалардың сөйлеуін бақылай отырып, салыстыру
жасап, тілдік ерекшеліктерін, диалекттік сөз орамдарын мағынасымен қоса
қағазға түсірген. Мықты географ ретінде тайпалардың орналасқан орындары
мен көші-қон жолдарын қағазға түсірген (бұл еңбегі жөнінде сәл кейінірек).
В.В.Радлов М.Қашқариды түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи әдіспен
зерттеушілердің алғашқысы болды деп көрсеткен еді. Осы оймен жалғас
мынадай бір жағдайды да айта кеткен орынды: қазіргі жалпы білімнің
салыстырмалы-тарихи әдісі дейтін саланың негізгі түп қазығы болып
табылатын неміс ғалымы Франц Бопп٭ екен.Оның ісін жалғастырушылар көп
болды. Соның ішіндегі аса көрнектісі – неміс Якоб Гримм (1785-1863 ж.). Ол
Неміс грамматикасың (1819 ж.) деген еңбегінде неміс тілін герман тіліне
жататын басқа тілдермен салыстырып зерттеген. Сол үшін Ф.Энгельс Я.Гриммді
герман тілдері-салыстырмалы грамматикасының негізін салушы данышпан ғалым
деп бағалаған.
Мәселенің ең бір өкінішті жері – осы салада тер төккен мамандар
салыстырмалы-тарихи әдістің ХІ ғасырдың ортасында-ақ М.Қашқари сияқты
данышпан алыптың қаламынан туғанын білмеген еді.
II-бөлім
II.1.
Махмұд ибн әл-Құсайын сол кездегі (кейін өзі әңгіме ететін) түркі
тілдерін жалпы бағдарлап шығу үшін оларды Румнан (Рим) бастап шығысқа қарай
санап өтеді: печенег, қыпшақ, оғыз, йемек, башқұрт, басмыл, қай, йабғу,
татар, қырғыз. Орналасу тәртібі жағынан қырғыздар Шын мемлекетімен көрші
отырған. Одан әрі (күншығысқа қарай) чығыл, тухси, яғма, танут, қытай
елдері орналасқан. Одан әрі табғаштар тұрады – олар Машын елі болып
есептеледі.
Түркі тайпаларының орналасу тәртібін көрсету үшін М.Қашқари өзі карта
жасаған (бұл – түркі халықтарының тарихындағы бірінші карта). Бірақ күні
бүгінге дейін ол картаның сыры ашылмай келеді. М.Қашқари әкесінің туған
жері Барысқан көрсетілген, дәл ортадағы ішкі төрт бұрыштың оң жағында
жеке жазылған.
٭ Франц Бопп (1791-1867 ж.) - 1816 жылдан бастап еңбектер жаза бастаған
еді (Үнді-еуропа тілдерінің салыстырмалы гарамматикасы т.б.).
Азды-көпті әңгіме болып жүрген еңбектерге қарағанда, ол картаның жүрек
тұсы мен екі өкпесіне қазіргі Қазақстан аймағы түгел сыйған, оның бірсыпыра
қалалары мен өзен-сулары атап көрсетілген.
II.2. Түркі тілдерінің сөздігі
***
II.2.1. (жазылу тарихы мен мақсаты)
Еңбек Диуану луғат-ит-түрк деп аталады. (1070–1074 ж. Бағдатта
жазылған). Бұл ат орыс тіліне де, қазақ тіліне де (басқа түркі тілдеріне
де) Түркі тілдерінің жинағы (Диуан – жинақ деген сөз), Түркі
тілдерінің сөздігі (еңбектің мазмұны сондай), тағы басқа аттармен әр қилы
аударылып жүр. Кітаптың негізгі түпнұсқасы жоғалған. Махмұд ибн Құсайын
бұдан бұрын Түркі тілдері синтаксисінің асыл қазынасы жайындағы кітап
деген тағы бір еңбек жазған сияқты (автор оны Диуанда атап өтеді), бірақ
ол әзір табылған жоқ.
М.Қашқари Диуану луғат-ит-түрк еңбегін Бағдат қаласында хижра
есебімен 464 жылғы бесінші айдың алғашқы күнінде (қазіргі есебіміз бойынша
1072 жылдың 25 қаңтарында) жазыла бастаған да, 466 жылғы алтыншы айдың 10
күні (1074 жылдың 10 ақпанында) аяқталған. Дайын тұрған Диуани луғат-ит
түрк жазбасының бірінші нұсқасын ирандық Мұхаммед ибн Абулфатх екі ғасыр
өткен соң, 1266 жылдың 1 авгусында көшіріп алса керек. Ол туралы көшірменің
соңында былай деп жазылған: Әуелі Саве, кейінірек Шам, яғни Дамаск
қаласының тұрғыны Мұхаммед ибн Әбубәкір ибни Әбилфатих (оны тәңір
жарылқасын!) осы кітапты түпнұсқасынан көшіріп, оны 664 жылы оныншы айдың
жиырма жетінші жексенбі күні бітірді.
Бұл көшірмені алғаш рет 1914-15 жылдары түрік ғалымы Али Амири
Стамбул базарында көне жәдігерлер сатушысының жүк салған арбасынан тауып,
оны сатып алады. Ол Киласли Рифатқа қолжазбаны тәртіпке келтіруді
табыстайды. Рифат еңбектің көшірмесін жасап 1915 жылы бірнішісі мен
екіншісін, ал 1917 жылы үшінші кітапты Стамбулда басып шығарады. Ал алғашқы
көшірме бүгінгі таңда Стамбул қаласында Фатих кітапханасында сақтаулы тұр.
Кітапты Махмұд классикалық араб филологиясының үлгісімен араб тілінде
жазған. Ол өзі кітаптың жазу тәртібін Халил ибн Ахметтің٭
Китабу-л ‘айн деген еңбегінің ізімен түздім деп атап өтеді.
Өз еңбегін қалай жазғандығы туралы ғұлама былай дейді: мен түріктер,
түрікмендер, оғыздар, яғмалар, қырғыздардың қалаларын, қыстаулары мен
жайлауларын көп жылдар бойы аралап шықтым, сөз жинадым, әр алуан тіл
ерекшеліктерін үйреніп, оларды анықтап отырдым. Мен бұл істерді тіл
білмегендігімнен емес, сол тілдердегі әрбір жеке айырым белгілерді бақылау
үшін істедім. Әйтпесе, мен тілдерді өте жақсы, жетік білетін мамандардың
санатынанмын, жіті аңғарып, ескі мен жаңаны жыға танитын білімпаздардың
бірімін, – дейді. Еңбек түрік халықтарының мәднеиеті, шаруашылығы,
этнонимдері, топонимдері٭, халықтық календары, географиялық терминологиясы
және көптеген басқа да мәліметтер алуға болатын, өзінше бір энциклопедиясы
іспеттес.
Диуанидың алғашқы жолдарынан-ақ оның авторының кең дүниетанымында
ислам мен араб мәдениетінің үлкен орын алатынын байқауға болады.
Алғысөзінде кітаптың Әл-Мұхтадидың аббасидтік халифына арнап жазылганы
айтылады.
Мен бұл кітапты құдіретті Алладан жәрдем сұрай отырып, ұлы
мәртебелінің {ұрпақ жалғастырушысы}, елшілердің, имамдардың, Хашимидтер мен
Аббастардың қасиеттісі, халивтың әміршісі, біздің жарылқаушымыз - Абу-л-
Касим Абдаллах ибн Мухаммад би-Амриллахқа мәңгілік естелік және сарқылмас
қазына болсын деп жаздым...
Диуаниды осылай халифқа арнай отырып, ғалым өзінің еңбегін ерекше
рухани мәртебеге бөледі. Себебі, осы тұрғыдан қарағанда түркі тілдерін
зерттеу жалпы мұсылмандық дәрежеге шарықтайтын болады. Қашқаридың
еңбегінің мақсат бағдары да осы. И. А. Кононовтың айтуынша: қашқаридың
бұны жазудағы мақсаты – түркі тілінің мәртебесін көтеріп, араб тілінен еш
кем түспейтінін дәлелдеу...
***
II.2.2. (құрамына шолу)
Махмұд Қашқари мынандай мақсат қойды: тек түрік тіліне тиісті сөздерді
ғана қарастыру. Сондықтан сөздікте: киімді, үй жабдықтарын, ауыл шаруашылық
٭ Топонимика - географиялық атау, олардың тегi, мағыналы мәні, дамуы,
қазiргi күйі, жазылуы және айтылуын зерттейтін ғылым. Топонимика белгілі
бір жерде болатын және география, тарих және лингвистика аяларының
мәлiметтерін пайдаланатын интегралды ғылыми пән болып табылады.
٭ Әбу Абдур Рахман әл-Халил ибн Ахмет٭ ибн Аир Тамим әл-Азди әл-
Фарагиди әл-Яхмади әл-Басри (717-791 ж.) Зерттеушілердің мәліметтеріне
қарағанда, талантты ақын, дарынды ғалым, араб метрикасының негізін салған
әдебиетші болған. Тіл өнері мен өлең құрылысы жайында бірнеше кітап жазған.
Китабу-л ‘айн деген еңбегі арқылы ол өзінің үлкен лексиколог ғұлама
екендігін танытқан. Кітаптың бұлай аталу себебі – ондағы сөздік ‘айн
әрпінен басталған.
өнімдерін, қаруды, музыкалық аспаптарды, рулық және тайпалық атауларды,
тамақ аттарын, аңдарды, өсімдіктерді, күн, ай, жыл аттауларын, қалаларды,
ауру атарын, ойындарды білдіретін сөздерді кездестіреміз. 29 тайпаның
этноним, топонимдерін٭, туыстық атаулары мен киім-кешек, тағам аттарын,
салт-дәстүр ерекшеліктерін атап көрсетіп, ұсақ рулардың таңбаларына дейін
сипаттайды. Сол кездегі түркі халықтарының дүниені қабылдауы, этникалық
нормалары мен құндылықтары, өзін-өзі ұстау әдеті тілге тиек етіледі.
Әртүрлі тайпалар арасындағы тарихи-мәдени байланыстар, Қазақстан мен Орта
Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар жайында (Мәселен, Ескендір
Зұлқарнайын жорығы туралы) құнды мәліметтер келтіріледі. М. Қашқаридің
картасы бойынша олар Румнан Шығысқа қарай: бегемен, кыфган, огуз, иемен,
башқұрт, басмыл, кай, йабаку, катар, хырғыз, ары қарай чигель, тухси,
йагма, уграк, чарук, чомыл, уйгур, хытай, тагут, табгаш.
Ұлы ғалым 3 томнан, 8 кітаптан тұратын кітапта 6800 түрік сөзін
жинақтап (110 жер-су атауы, 40 түрлі халық пен тайпалар), араб тілінде
түсіндірме береді. Кітапта 242 өлең жолдары, 262 мақал мен мәтел
келтірілген. "Диуанидегі" 875 сөз бен 60 мақал-мәтел ешқандай өзгеріссіз
қазақ тілінде кездесетіні ғажап. Айтылғандай, қолжазба үш томнан тұрады.
Оның ішінде 8 тарау бар, әр тарауды бір кітап деп атаған. 1-кітап әліп
әрпінен басталатын сөздерді талдап зерттеуге арналған. 2-кітап дауысты
дыбыстары (әліп, уау, йай, әріптерімен берілетін дыбыстары) жоқ сөздерді
қарастырады. 3-кітап бір әріпті екі рет қайталанып келетін сөздерді
зерттейді. 4-кітап йай әрпінен басталатын сөздер туралы баяндайды. 5-кітап
үш әріптен тұратын сөздерді, 6-кітап төрт әріптен құралған сөздерді, 7-
кітап мұрын жолымен айтылатын дыбыстарды, 8-кітап екі дауыссыз дыбысы бар
сөздерді талдауды ниет еткен. Әр кітапты Махмұд ибн Құсайын есім сөздер
және етістік сөздер деп екі топқа бөлген. Олардың әрқайсысы өзара тағы да
талай жіктерге бөлініп отырған. Әр адам оңай түсіну үшін – деп жазады
М.Қашқари, – мен араб тілінде қолданылып жүрген терминдерді пайдаландым.
Түркі тілінің араб тілінен ешқандай кемдігі жоқ деген пікірін де автор
осы жерде айтып кетеді.
Бұл кітапты – деп жазады Махмұд – мен алфавиттік ретепен жаздым, оны
мақалдармен, саджалармен, мәтелдермен, өлеңдермен, раджаздармен (әскери
өлеңдермен) және прозалық үзінділермен өрнектедім. Мен қиындарды
жеңілдеттім, түсініксіздерді түсіндірдім, жылдар бойы жұмыс істедім: (Кітап
оқушыларын) олардың (түріктердің) әдет-ғұрпымен және білімімен таныстыру
үшін, оған олардың оқитын өлеңдерін, бақытты және бақытсыз күндері
данышпандық әңгімелер айту үшін қолданатын мақалдарын шешен, айтушыға, ал
ол келесі айтушыға жеткізу үшін төгілте жаздым. Сонымен (сөздермен) қатар
аталған пәндерді және белгілі (жиі қолданылатын) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz