Word редакторы


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
- WORD
- ФАЙЛ меню пункті
- Құжатты баспаға шығару
- Өрістерді жаңарту
- Байланыстарды жаңарту
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Компьютерлендіру-қазіргі кездегі қоғамдық прогрестің өзекті мәселелерінің бірі болып. Адам өміріндегі маңызды оқиғалардың шешімін табу үшін белгіленген есептеу машинасы мен дамыған бағдарламалық жабдықтардың қажеттілігі осында екені даусыз.
Қазіргі кездегі ЭЕМ оның бағдарламалық қамтамасыздандыру жүйесі жалпы алғанда аппараттық жабдықтардың жұмыстарын қамтамасыз ететін компоненттер болып табылады.
Бағдарламалық қамтамасыздандыру үш компоненттен тұрады:
жүйелер бағдарламалық қамтамасы, құрал-жабдықтар бағдарламалық қамтамасы және қолданбалы бағдарламалық қамтама.
Жүйелер бағдарламалық қамтамасы - ЭЕМ-нің барлық ресурстарын басқарумен қатар мәліметтерді өңдеу үрдісін басқарады.
Құрал-жабдықтар бағдарламалық қамтамасы - жекелеген бағдарламалар кітапханасы, редакциялау жабдықтары, жөндеу(откладка), тестілеу және жіктеу жабдықтары, бағдарламалау жүйелері де кіреді.
Қолданбалы бағдарламалық қамтама - әртүрлі саладағы арнайы бір тапсырманы шешу үшін белгіленген қолданбалы бағдарламаны құрады.
Компьютерлік ақпараттану саласында дайындығы жоқ қолданушылардың жұмысын жеңілдету үшін арнайы графикалық оперцаиялық қоршаулар, мәтіндік редакторлар пакеттері, кесте түрінде (электронды кестелер) берілген мәліметтерді өңдеуші пакеттер құрылған.
Құжатты баспаға жіберу алдында оның қағаз бетінде қалай көрінетінін алдын ала қарап шығу керек. Бұл біраз уақытты және қағазды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Word редакторында бірден құжаттың бірнеше дана көшірмесін баспаға шығаруға мүмкіндік бар, сондай-ақ, құжаттың тек кейбір беттерін ғана баспаға шығаруға болады. Кез келген құжатты Word экранында орналасқан “Қасиеттер” сұқбат терезесіндегі ол жайлы мәліметтерімен бірге басып алуға болады. Бұдан өзге де баспаға шығарудың толып жатқан қосымша мүмкіндіктерін қарастырамыз.
1-сурет Word редакторының басты терзесі.
1 WORD
WORD редакторы - мәтіндік құжаттарды өңдеуге, оны түзету мен қағазға басып шығаруға мүмкіндік беретін WІNDOWS операциялық жүйесінің қосымша бағдарламасы болып табылады. Сонымен қатар ол мәтіндік құжаттарды ғана өңдеп қоймай, графикалық әлпіде де жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
WORD редакторы Іске қосу (Пуск) батырмасын басқан кезде пайда болатын Бағдарламалар менюінде көрінетін Стандартты ішкі менюде жұмысқа қосылады. Бағдарламаны жұмысқа қосқан кезде ақпаралғы бетінде WORD редакторының терезесі шығады. Терезенің жоғары жағында WORD редакторының менюлері көрінеді. Меню мынадай пункттерден тұрады. Файл, Түзету (правка), Түрі (вид), Формат, Сервис, Кесте (таблица), Терезе (окно), Анықтама (справка) .
Төменде менюдің жекелеген пункттерінің ярлыктарына ие құралдар сызығы (линейка инструментов) орналасқан. Құралдар сызығының құрамы мен орналасуын қолданушының қалауы бойынша өзгертуге болады. WORD редакторымен жұмыс жасаған кезде құралдар сызығының ярлыктарын пайдаланумен қатар оның орнына атқаратын функциялары ұқсас болғандықтан, негізгі менюді де қолдануға болады. Меню пунктінен таңдау қажет болған жағдайда тышқан көрсеткішін қажетті менюге апарып, басқан кезде шығатын ішкі менюдерді таңдап, тышқан батырмасын басуға немесе сол ішкі меню қатарларындағы қажеттінің ішіндегі ерекше белгіленген әріпті кілтжиыннан теруге болады.
Одан төменіректе WORD редакторының негізгі терезесі орналасқан. Бұл терезеде сіз ақпараттарды жазып, жұмыс жасауға мүмкіндік аласыз. Таза қағазға жазу жазған жазған кезде сіз көз мөлшерімен екі жақ шеттен бірдей орын қалдыруға тырысасыз (қызыл сызық) . Жаңа жолдан басталатын сөздің дұрыс орналасуын қадағалайсыз. Әрбір қатардың арасының арақашықтығы бірдей болатындай шамамен мөлшерлеп жазуға тырысасыз.
Бұл терезені де сол таза қағаз түрінде елестетіп, ақпаралғыда көрініп тұрған мүмкіндіктерді ярлыктарды, меню пункттерін, өлшеу сызықтарын, жүгірткіштерді (Бегунки) пайдаланып, ақпаратты жазуға болады. Өлшем сызықтары терезенің жоғарғы және сол жақтарында орналасқан. Жоғарғы өлшем сызығының бас жағында тұрған жүгірткіштердің жоғарғысы арқылы сөйлемнің жаңа жолдан басталғантүрін белгілеуге болады. Төменгі жүгірткіш парақтың сол жақ шекарасынын қалдырылып отыратын бос жерді белгілеп береді. Оң жақтағы төменгі жүгірткіш оң жақ шекарадан қалатын парақтың бос аумағының өлшемін белгілейді.
Құжат параметрлерін тышқан көрсеткішін қажетті жүгірткішке апарып басқаннан кейін басқан қолды алмастан, жүгірткішті жылжытып отырып өзгертуге болады. WORD терезесінің оң жақ қапталы айналдыру сызығымен шектелген. Құжатты қарау кезінде курсорды жылжыту үшін PgUp, PgDn пернелерімен қатар осы жылжыту сызығы пайдалануға болады.
WORD ақпаралғысының төменгі жағанда күй қатары (Строка состояния) орналасқан, онда ағымдағы беттің нөмірін, тарау нөмірін құжаттағы парақтар саны және т. б. параметрлерді көруге болады. Құралдар сызығы мен күй қатарын қолданушы қалаушы бойынша алып тастауға да болады.
2 ФАЙЛ меню пункті
Құжаттармен жұмыс жасау үшін Сіз алдымен құжатты ашып ақпаралғы бетіне шығаруыңыз керек. Сонан соң оны редакциялап, өңдеп жаза бастауға болады. егер Сіз өзіңіз жұмысыңызды сақтағыңыз келсе, оны дискіге сақтай аласыз.
WORD жүйесін жұмысқа қосқаннан кейін ақпаралғы бетіне автоматты түрде - Құжат 1 деген атпен бос құжат пайда болады. Сол құжатқа мәтіндер жазып, бірден жұмыс істей беруге болады.
Жаңа құжатты ашқаннан кейін жұмысты жаңа үйренген адам сияқты сенімсіздік көрсету міндетті емес. Есеп беру немесе шаблондарының бірін қолданып уақытты тиімді пайдалануға мол мүмкіндік болады. Шебер (Мастер) арқылы құжатты құру және сонымен жұмыс жасау ұрдістерін бірінен соң бірін қарап, алдағы жұмысыңыздың ыңғайын біліп алуыңызға үлкен мүмкіндік бар. Бұрыннан бар құжатты ашу үшін Ашу (Открыть) командасын қолдануға болады. Оны Файл менюінен таңдауға (2-сурет) немесе стандартты құралдар панелінің батырмасын тышқан арқылы басып ашуға болады.
Әрі қарай сіздің құжатпен жұмысыңыз сақталады да, оны файл менюінің төменгі жағындағы тізімдер ішінен таңдап ала аласыз.
Бірнеше файлдарды бірден жұмыс жасау кезінде олардың орындарын ауыстыру және т. с. с. түрлі жұмыстар жасауға болады.
Егер Сіз құжаттың атын немесе оның сақталған орнын ұмытып қалған болсаіыз Іздеу (Поиск) командасын файл менюінен табыңыз Файл іздеу командасын бірнеше құжаттарды бір мезгілде ашып, басу көшіру, орындарын ауыстыру кезінде қолдануға болады. Бұл туралы Іздеу (Поиск) және құжаттарды басқару бөлімінде толық айтылған.
Құжатты ашқаннан кейін ол көшіріледі де, құжаттар терезесінде бейнеленеді. Жұмыс жасау кезінде бұл көшірме өзгеріп отырады. Жұмысты сақтау үшін, құжатты жискіде жиі сақтап отырған жөн. Бұл үшін Сақтау (Сохранить) командасын немесе құралдар панеліндегі батырманы басу керек немесе автоматты түрде сақтау мүмкіндігін қолданған дұрыс.
Құжатты сақтағаннан кейін ол ақпаралғы бетінде қалып қояды, сіздің онымен әрі қарай жұмыс жасай беруіңізге болады.
Егер сіздің құжаттармен жұмыс тоқтатқыңыз келсе оны жабасыз.
WORD редакторында меню пункттерімен тышқаннан бөтен, кілтжиын арқылы да көптеген командаларды орындауға болады.
Файл [Alt+Ф] негізгі меню пункті
Файл меню пінкті файлдармен жұмыс жасау үшін белгіленген. Бұл менюге кіру үшін [Alt+Ф] пернелерін басып немесе тышқан көрсеткіші арқылы меню пунктіндегі Файлға әкеліп сол жақ батырмасын басу керек (2-сурет) . Сіздің алдыңызда мынадай ішкі менюлер ашылады:
1) Құру (Создать) - [Alt+Ф], [A] немесе [Сtrl+[T] пернелері WORD құжатын құрады. Сіздің алдыңызда құралатын құжаттың түрін таңдау үшін қажетті диалогты терезелерден тұратын шаблондарды қарау бөлігі бар және құжат/шаблон құруды ауыстырып-қосуға мүмкіндік беретін көріністер шығады [Сtrl+[T] пернелерін басқан кезде құжат құрылады.
1. 1. Жалпы (Общие) пункті де құжат құрады. Оның анықталған стандарттары (өрістері, өлшемі, шрифтері және т. б. ) болады, ал Жаңа (новый) - құжатты арнайы жасырын параметрлердің көмегімен құрылады.
1. 2. Хат пен факстар - бұл пункт хаттар мен факсимильдік құжаттардың түр-түрлерін құруға мүмкіндік береді. Белгілі бір форматта хат немесе факс жазу үшін соған сәйкес шеберді (Мастер) қосу керек, ол қажетті қойылымдарды сұрайды (адресттың аты-жөні, фамилиясы, мекені және т. б. ) және Сізге қажетті құжатты автоматты түрде қалыптастырады, сонымен қатар Сіз өзіңізге қажетті құжаттың бланкісін толтыруыңыз қажет.
1. 3. Жазбалар (Записки) әртүрлі форматтағы жазбаларды құрады. Жазбаны құруда 1. 2. пунктке ұқсас.
1. 4. Есептер (Отсчет) пункті дайын шаблон арқылы әртүрлі форматтар есебін құрайды. Есепті жазу кезінде Есеп беру (Отсчет) бланкісін редакциялау керек.
2) Ашу (открыть) [Alt+Ф], [О] немесе [Сtrl+[Ш] бұрын құрылған құжатты ашады. Алдыңғыға ұқсас терезе ашылып, сол арқылы қажетті файлды таңдап алуға болады. Ашылатын файл түрі тізімен таңдалады. WORD құжаттардың мынандай тұрлерін анықтап береді.
WORD құжаттары - құжаттар шаблондары
RTF форматтындағы файлдар
Мәтіндік файлдар
WORD (Asіan versіon) 6. 0 - 7. 0.
WІNDOWS Wrіte
WORD Perfect 5. x
WORD Perfect 6. x
MІCROSOFT EXCEL кітабы
WІNDOWS үшін Works 4. 0
Егер ашылатын файлдың типі танымал болмаса, оны ашу үшін қолмен таңдау керек. Файлды іздеуді жеңлдету үшін оның құрамындағы мәтінді таңдап немесе құрылған күні арқылы іздеу керек. Ашу (Открыть) пункті өзгертілген құжатты қалпына келтіреді. Файлды іздеу ыңғайлы болу үшін (диалогтық терезеде) файлды ашу мақсатында каталогты жылжытып қарауға болады.
3) Жабу (Закрыть ) - [Alt+Ф], [З] құрылған файлды жауып, ақпаралғыдан алып тастайды.
4) Сақтау (Сохранить) [Alt+Ф], [С] немесе [Shіft] +[F2] - бар файлды, яғни бұрынырақ сақталған және сақталғаннан кейін өзгеріске ұшыраған файлдарды сақтайды. Егер файл алдыңғыдай жолмен сақталмаса, онда Қалай сақтау керек… (Сохранить как) пунктін іске қосу керек.
5) Қалай сақтау керек… (Сохранить как) - [Alt+Ф], [К] алдыңғыда сақталған немесе редакцияланған файлдың құрамын өзгертей, жаңа файл құра отырып сақтайды. Қолданушының алдында сақтау үшін қажетті файлды таңдауға мүмкіндік жасалады. Бұрын сақталған файлға жаңа ат беріп сақтауға да осы команда ыңғайлы Файлды WORD құжаты ретінде жасырын сақтау мүмкіндігі бар Оларды параметрлерімен сақтауға да болады.
Параметрлер (параметры) - бұл пунктке кіру үшін Қалай сақтау керек… (Сохранить как) терезесіне кіріп, [Alt+А] пернелерін басу керек. Файлдарды сақтаудың параметрлер терезесі ашылады.
Төменде сақтау параметрлері келтірілген:
Әрдайым резервті көшірмені құру - [Alt] +[О] ;
Жылдам сақтауға рұқсат - [Alt] +[Р] ;
Құжат құрылымын толтыруды ұсыну - [Alt] +[З] ;
Жай (Обычный) шаблонын сақтауға сұраныс - [Alt] +[Х] ;
WІNDOWS форматында суреттерді сақтау - [Alt] +[Ф] ;
True Type шрифтін енгізу - [Alt] +[Ш] ;
Тек Форма үшін ғана деректерді сақтау - [Alt] +[Д] ;
Минут сайын автосақтау (автосохранения) - [Alt] +[А] ;
Сонымен қатар файлдармен қатынас жасау параметрлері:
Файлды ашу паролі - [Alt] +[П] ;
Жазуға рұқсат паролі - [Alt] +[6] ;
Оқуға кеңес - [Alt] +[r] ;
Параметрлерді таңдау үшін параметрлер терезесіне кіру керек.
6) Барлығын сақтау (Сохранить все) - [Alt] +[Ф], [Х] - барлық ашық файлдарды сақтайды. Егер осы жағдайда белгісіз бір файл сақталатын болса, ол үшін Қалай сақтау керек… (Сохранить как) пінкті ашылады.
7) Қасиеттері (Свойства) - [Alt] +[Ф], [Й] - бұл ішкі пункт менюінде файл туралы толық мәліметтер беріледі. Бұл пунктке кірер кезде ішкі меню ашылады.
7. 1. Жалпы (Общий) - пункттерден тұратын файлға жалпы сипаттама береді:
Файлдың аты:
Түрі:
Папка:
Өлшемі:
MS DOS аты
құрылды: (уақыты және күні)
өзгертіледі: (уақыты және күні)
ашылады: (күні)
атрибуттар
7. 2. Құжат (Документ) - төмендегі пункттерге сипаттама береді:
Аталуы - [Alt] +[Н] ;
Тақырыбы - [Alt] +[Т] ;
Авторы - [Alt] +[А] ;
Қызметі - [Alt] +[Д] ;
Ұйым - [Alt] +[О] ;
Тобы (группа) - [Alt] +[Г] ;
Кілт сөз - [Alt] +[К] ;
Шаблон түрлері:
Алдын ала қарау үшін сурет құру - [Alt] +[С] ;
7. 3. Стаистика. Мұнда файлдың бүкіл статистикалық деректері суреттеледі:
құрылды: (күні)
өзгертіледі: (күні)
басылды: (күні)
сақталды: (күні сақталған)
версиясы: (соңғы сақталу нөмірі)
жөндеудің жалпы уақыты: (минут)
Статистика - [Alt] +[С] - кестеден тұратын құжаттардың ішкі күйі туралы ақпарат береді:
Сипаттама: саны:
Беттер
Абзацтар:
қатар:
сөздер:
символдар:
байт:
7. 4. Құрамы (состав) . Бұл пунктте құжаттардың құрамы туралы мағлұматтар болады. Осы пункттегі құжат құрамы (состав документа) [Alt] +[С] пуктінде тақырыпшалар шығаруға, көшіруге және т. б. операцияларды орындауға болады.
7. 5. Басқалар (Прочие) . Мұнда мынадай пункттер қарастырылады:
аты - [Alt] +[И] ;
Файлдың түрі - [Alt] +[Т] ;
Мәні: - [Alt] +[З] ; сонымен қатар жоғарыда келтірілген параметрлерді қарастыруға мүмкіндік беретін тізімдермен - [Alt] +[С] жұмыс істеуге болады.
8) Шаблондар - [Alt] +[Ф], [Ш] - осы пунктті таңдау арқылы шаблондармен жұмыс жасауға мүмкіндік аламыз: Ақпаралғыда құжаттар шаблонын таңдап, атын өзгертуге болатын диалогты терезесе ашылады.
[Alt+А] - пернелерінің көмегімен Құжат стилін автоматты түрде жаңарту функциясын таңдауға болады. Құжаттың жаңа шаблондарын [Alt+Б] үстемелеуге (Добавить) немесе [Alt+Н] біріктіруге (Присоединить) болады. [Alt+О] пернелерін басқан кезде Ұйымдастырушы (Организатор) жұмысқа қосылады да, бір немесе екі файлмен қатар жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ұйымдастырушының көмегімен макростарды, стилін, автоматын тізімнің элементтерін немесе құралдар панелін көшіруге, атын өзгертуге немесе өшіруге болады.
9. Парақтар параметрлері (Параметры страницы) [Alt+Ф, М] - парақтың өлшемін, өрісін өзгерту үшін қолданылады, сонымен қатар барлық құжат үшін бағдар жүргізуге арналған. Бұл пунктте 4 ішкі пункт бар:
9. 1. Өріс (поля) - [Alt+П] - редакцияланатын құжатта өрісті орнату
- [Alt+Ф] - жоғарғы;
- [Alt+Н] - төменгі;
- [Alt+А] - оң жақ үшін;
- [Alt+Е] - сол жақ үшін;
Сонымен қатар [Alt+Х] - жоғарғы колонтитулды және [Alt+Ж] - төменгі колонтитулды орнату пернелері боп белгіленген. Сол сияқты [Alt+З] - пернелерінің көмегімен айналық өрісті (зеркальные поля) таңдауға да болады.
9. 2. Қағаздың өлшемі (Размер бумаги) [Alt+Р] - мұнда [Alt+Б] - қағаздың өлшемін таңдауға болады. Таңдалынған қағаз өлшемі стандартты болуы да, бейстандартты болуы да мүмкін. Егер қағаздың өлшемі бейстандартты болса, онда оның [Alt+Ш] - енін, [Alt+В] - биіктігін көрсету керек. WORD- та жұмыс жасағанда қағаз форматын [Alt+К] - кітаптық форматта немесе [Alt+А] - қағазды баспа құрылғысына беруді орнату мүмкіндігін анықтайды. Екі түрлі варианты қарастырылады: қағазды қолдан беру және автоматты түрде беру. Осы пунктте сонымен қатар қағазды біртіндеп беру мен бәрін бірден беруге болатын мүмкіндіктер де қарастырылады. Бірінші бетті беру [Alt+Е] - және қалған парақтарды баспа құрылғысына жіберу [Alt+О] - пернелерінің көмегімен жүзеге асады.
9. 4 Макет [Alt+М] - құжат парақтарының макеті орнатылады. Тараудың басы (начала раздела) [Alt+Н] - пернелері арқылы таңдалса, жұп тақ парақтардың колонтитулдарының айырмашылықтарын [Alt+Е] пернелерімен, бірінші парақты таңдау [Alt+О] пернелері арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар жоғарғы шеті, ортасы және биіктігі бойынша вертикалды теңестірілуде (вертикального выравнивания) [Alt+В] орындалатын пернелер жиынын қолдануға мүмкіндік бар.
Жоғарыда келтірілген параметрлерді [Alt+Ь] - пернелері арқылы ағымдағы тарауға, құжаттың аяғына дейін немесе барлық құжатқа пайдалануға болады. Айналық өрісті (зеркальных полей) [Alt+З] орнату мүмкіндігі де бар. Сонымен қатар енгізілген парметрлерін стандартты түрде сақтап жасырын түрде [Alt+Ч] барлық құжатқа пайдалануға болады.
10. Алдын-ала қарау (предваритальный просмотр) [Alt+Ф, В] баспа құрылғысынан шыққаннан кейінгі түрдегідей беріледі.
11. Басу (Печать) [Alt+Ф, [П] [Ctrl+З] - құжатты баспаға жіберер алдындағы басу параметрлерін бейнелеу үшін қолданылатын пернелер. Бұл пунктте диалогты терезе шығады:
- Баспа құрылғысы (принтер) туралы ақпарат. Аты (Имя) -[Alt+И] :Күйі (Состояние) бос/бос емес; Түрі (тип) ; Порт(қандай портқа жалғанған) ; Белгілер (Заметки) ; Файлға жазу үшін сұраным [Alt+Е] -баспа құрылғысына емес, файлға басу үшін белгіленген. Қасиеттері (Свойства) [Alt+Й] -баспа құрылғысының күйін келтіретін диспетчерін жұмысқа қосады.
- Парақтар (Старница) туралы ақпарат. Барлығы (Все) [Alt+В] -баспаға құжаттың барлық парақтары түгел жіберіледі. Ағымдағы (Текущая) [Alt+Т] -ағымдағы парақ баспаға жіберіледі, яғни курсор қайсы бетте тұрса, сол бет басуға жіберіледі. Реттік саны (Номера) [Alt+Н] -құжаттың бетінің саны көрсетіліп баспаға сол реттік саны көрсетілген парақ жіберіледі.
- Көшірме туралы ақпарат. Көшірме саны (Число копии) [Alt+К] -қажетті көшірме саны беріледі. Көшірме бойынша реттеу (Разобрать по копиям) [Alt+Р] -бірнеше көшірмелер жиынын басу кезінде реттілікті сақтау (бірінші, екінші және т. б. ) .
- Жалпы ақпарат (Общая информация) .
Баспа құрылғысына шығару (Вывести на печать) [Alt+П] - құжаттың барлық парақтарын баспа құрылғысына жіберу.
Басу (напечатать) [Alt+Ч] - құжат, мағлұматтар, ескертпелер және т. б.
5. Параметрлері (Параметры) [Alt+А] - құжатты баспа құрылғысына жіберу параметрлері орнатылады.
5. 1. Әлпі (Режим) .
Алғашқы (черновой) [Alt] +[Ч] - минималды форматпен мәтінді баспаға шығару.
Керісінше реттілік (в обратном порядке) [Alt] +[О] - парақтарды соңғы бетінен бастап баспаға шығару.
Өрісті жаңарту (обновлять поля) [Alt] +[Н] - баспаға шығарудан бұрын құжат өрісіне жаңарту енгізу.
Байланысты жаңарту (обновлять связи) [Alt] +[Б] - құжатты баспаға шығарар алдында кез-келген байланысқан мағлұматтады жаңарту.
Фондық басу (фоновая печать) [Alt] +[Ф] - құжатты баспа құрылғысында басу кезінде WORD редакторында жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
5. 2. Басын шығару (Печатать) .
Мағлұматтар (сведения) [Alt] +[В] - жеке параққа құжат туралы мағлұматтарды басып шығару үшін қызмет етеді.
Өріс шартбелгісі (Коды полей) [Alt+К] - өріс мәнінің орнына өріс шартбелгісін баспаға шығару.
Ескерту (примечания) [Alt] +[И] - құжат соңында жаңа беттен бастап ескертулерді баспаға шығару.
Жасырын мәтін (скрытый текст) [Alt] +[Ы] - құжаттағы жасырын мәтінді баспаға шығару.
Графикалық объекті (графические объекты) [Alt] +[Ъ] - құжатқа салынған баспаға шығару.
5. 3. Ағымдағы (Текущий) құжат үшін.
Тек форма үшін берілген деректерді басу (Печатать только данные для форм) [Alt] +[Е] - баспаға тек интерактивті формадағы деректерді шығарады, ол форманың өзі баспаға шығарылмайды.
Сонымен қатар қағ азды автоматты түрде немесе қолдан беру (подача бумаги) [Alt] +[П] және баспа құрылғысының күйін келтіру жағдайлары да қарастырылған.
12. WORD редакторы файлдармен жұмыс жасауға ыңғайлы болу үшін осы редакторда қолданылған соңғы 4 файлды ашып бере алады.
Осы 4 файлдың біреуін табу үшін каталогтарға шығып іздеу қажет емес.
Ашу үшін [Alt] +[Ф], [Х] пернелерін басса жетіп жатыр. Х - ашылатын файлдардың реттік саны.
Шығу (выход) - [Alt] +[Ф], [Ы] немесе [Alt] +[F4] - MІCROSOFT WORD редакторынан шығу.
ЖӨНДЕУ (правка) негізгі менюінің пункті
Жөндеу (правка) [Alt+П] - негізгі менюінің пункті келесі пунктілерден тұрады (3-сурет) .
Енгізуді алып тастау (отменить ввод) [Alt+Backspace] - соңғы жүзеге асырылған немесе соңғы енгізілген мәтінді алып тастау.
Егер бұл жүзеге аспаса, Алып тастау (Отменить) командасын Алып тастауға болмайды (Нельзя отменить) командасымен ауыстыруға болады. Алып тастау командасы орындалғаннан кейін, Қайталау (Повторить) командасындағы Қайтару (Вернуть) командасына ауысады бұл алып тасталған әрекетті қайталау үшін қолданылады. Бұл командалар құралдар панеліндегі Стандартты бөлімінде болады.
Енгізуді қайталау (повторить ввод) [F4] -соңғы жүзеге асырған әрекетті қайталайды. Егер олай жасауға мүмкіндік болмай қалса, онда Қайталау (Повторить) командасы Қайталауғы болмайды (Нельзя повторить) командасына ауысады. Бұл командалар да Стандарттық құралдар панелінде тіркелген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz