Бюджеттің кірістері, шығыстары және бюджеттік құқықтық қатынастар 7 3. Мемлекеттік борыш 13



ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3
1. Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы 4
2. Бюджеттің кірістері, шығыстары және бюджеттік құқықтық қатынастар 7
3. Мемлекеттік борыш 13
ҚОРЫТЫНДЫ 15
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 16

КІРІСПЕ

Соңғы жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының экономикалық стратегиясы макроэкономикалық жағдайдың тұрақтануына қол жеткізу болып табылды, бұл мемлекеттік бюджет тапшылығының азаюын және қатаң монетарлық және кредиттік саясатты іске асыруды білдірді. Бұл міндетті шешуде Республика елеулі табыстарға қол жеткізді: атап айтқанда, 2004 жылы Бюджет кодексі қабылданды, бағдарламалық-мақсатты және орта мерзімді бюджеттік жоспарлау әдістері белсенді түрде қолданыла бастады. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді Стратегиясы мемлекеттік қаржыны басқаруды жетілдіруді реформалардың басым бағыттарының бірі ретінде айқындады. Бұл міндетті орындауда Республика маңызды жетістіктерге жетті: соның ішінде 2004 жылы Бюджеттік кодекс қабылданды, бюджеттендіру мен орта мерзімді бюджеттік жоспарлау бағдарламалы-мақсаттық әдістері белсенді қолданыла бастады. 2007 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне бюджеттің жоспарланған шығыстарын тиісті саладағы бюджеттік қаржыландыру есебінен күтілетін нақты нәтижелермен байланысын қамтамасыз етуге ықпал ететін мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа тәсілдерді енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Әкімшілік реформаны бір мезгілде жүргізу Қазақстан Республикасы министрліктерінің жұмысына бағдарламалық сипат енгізуге, айқын жолға қойылған ведомствоаралық үйлестіруді, министрліктердің өкілеттіктері мен жауапкершілігін, олардың есеп берушілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. «Қазақстан - 2030» Даму стратегиясы
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына Жолдауы – Казахстанская правда, 2008
3. «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 194 Заңы
4. «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсанындағы № 96-IV Заңы
5. Мемлекеттік бюджет туралы заңдарға қосымша 2006, 2007, 2008 жылдар //www.minfin.kz
6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары. Астана, 2008 жыл.
7. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары. Астана, 2008 жыл.
8. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі. 2008 жылғы 25 шілдедегі экспресс-ақпарат № 4-3б/16. «Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар туралы».
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің статистика

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қазақстандық қазіргі заманғы Болашақ академиясының колледжі

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

Пәні: Қаржы құқығы
Тақырыбы: Бюджеттің кірістері, шығыстары және бюджеттік құқықтық қатынастар

Орындаған: Шодырова А.
Тобы: П - 092
Тексерген: Бейнеубаева Д.

Ақтау - 2011 ж

жоспар
Кіріспе
3
1. Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы
4
2. Бюджеттің кірістері, шығыстары және бюджеттік құқықтық қатынастар
7
3. Мемлекеттік борыш
13
ҚОРЫТЫНДЫ
15
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
16

Кіріспе
Соңғы жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының экономикалық стратегиясы макроэкономикалық жағдайдың тұрақтануына қол жеткізу болып табылды, бұл мемлекеттік бюджет тапшылығының азаюын және қатаң монетарлық және кредиттік саясатты іске асыруды білдірді. Бұл міндетті шешуде Республика елеулі табыстарға қол жеткізді: атап айтқанда, 2004 жылы Бюджет кодексі қабылданды, бағдарламалық-мақсатты және орта мерзімді бюджеттік жоспарлау әдістері белсенді түрде қолданыла бастады. 1997 жылы қабылданған Қазақстан-2030 ұзақ мерзімді Стратегиясы мемлекеттік қаржыны басқаруды жетілдіруді реформалардың басым бағыттарының бірі ретінде айқындады. Бұл міндетті орындауда Республика маңызды жетістіктерге жетті: соның ішінде 2004 жылы Бюджеттік кодекс қабылданды, бюджеттендіру мен орта мерзімді бюджеттік жоспарлау бағдарламалы-мақсаттық әдістері белсенді қолданыла бастады. 2007 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне бюджеттің жоспарланған шығыстарын тиісті саладағы бюджеттік қаржыландыру есебінен күтілетін нақты нәтижелермен байланысын қамтамасыз етуге ықпал ететін мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа тәсілдерді енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Әкімшілік реформаны бір мезгілде жүргізу Қазақстан Республикасы министрліктерінің жұмысына бағдарламалық сипат енгізуге, айқын жолға қойылған ведомствоаралық үйлестіруді, министрліктердің өкілеттіктері мен жауапкершілігін, олардың есеп берушілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

1. Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы

Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры. Бюджет деген сөз сөзбе-сөз алғанда ақша сақтауға арналған ақшалы сөмке, былғары қапшық дегенді білдіреді.
Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін негіз құрайды.
Бюджеттік құрылыс деп экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады. Бұған мемлекеттік бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық, өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс - бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабында айқындалған қағидаттарға негізделеді. Оларға бірлік, толықтық, шынайылық, транспаренттілік, сабақтастық, нәтижелілік, дәйектілік, негізділік, уақтылылық, кассалардың бірлігі, бюджеттердің дербестігі, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты сияқты қағидаттар жатады.
Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне мемлекеттік билік пен басқару деңгейлері сәйкес келеді, бұл өзара байланысқан және бірыңғай бюджет жүйесіне біріктірілген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді де алдын ала айқындайды.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы 6-суретте ұсынылған.
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы 6-суретте ұсынылған.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
Төтенше және мемлекеттік бюджет (ерекше жағдайларда әрекет етеді)
Республикалық
бюджет

Жергілікті бюджеттер
Ауданның (облыстық мәні бар қаланың) бюджеті
Республикалық мәні бар қаланың, астананың бюджеті

Облыстық
бюджет

1-сурет. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қаражатын жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін азайту үшін құрылды.
Мемлекеттік бюджет олардың арасындағы өзара өтеу операцияларын ескермегенде, республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Республикалық бюджет - бұл Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қор. Республикалық бюджет орталық мемлекеттік органдардың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыру үшін арналған. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Қазақстандағы қаржы жылы күнтізбелік жылға сәйкес келеді, яғни 1 қаңтарда басталады және 31 желтоқсанда аяқталады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті де Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қорды білдіреді. Ол облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналады. Тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Ерекше жағдайларда төтенше мемелекеттік бюджет әрекет етеді - Қазақстан Республикасында төтенше немесе әскери жағдай болған кезде республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде құрылатын төтенше мемлекеттік бюджет енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу және оны тоқтату үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің республиканың бүкіл аумағында төтенше немесе әскери жағдай енгізу немесе оның күшін жою туралы Жарлығы болып табылады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің әрекет етуі кезінде республикалық бюджет туралы заңның және мәслихаттардың жергілікті бюджеттің барлық деңгейлеріндегі бюджеттер туралы шешімінің қолданысы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Республика Парламенті жедел хабардар етіледі.
Шоғырландырылған бюджет - республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін және олардың арасындағы өзара өтелетін операцияларды ескерместен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры. Шоғырландырылған бюджетті заңнамалық билік органдары бекітпейді және талдамалық мақсаттарда пайдаланылады.
Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
- республикалық бюджет;
- облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсімдер мен олардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударымдары.

2. Бюджеттің кірістері, шығыстары және бюджеттік құқықтық қатынастар

Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістері әр түрлі құрауыштардан қалыптастырылады, олардың ішінде салықтық және салықтық емес түсімдер, трансферттер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және т.б. Бұл құрауыштар бюджеттің құрылымына арналған бөлімде неғұрлым егжей-тегжейлі қарастырылады. Барынша елеулі үлесті, әрине, салықтық құрауыш енгізеді.
Салықтар - бұл заңды және жеке тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу - мемлекетпен бірге дүниеге келген аса ежелгі экономикалық тетіктердің бірі. Өзінің әскері жоқ мемлекеттер бар, бірақ салықсыз мемлекет жоқ. Салықтар туралы мәселе қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін қозғайды және сондықтан да тоқталмайтын пікірталастардың нысанасы болып табылады. Даулар салық салудың жалпы деңгейі туралы, салықтардың әр түрінің қатынастары туралы, оларды жинау тәсілдері туралы жүреді. Қорытындысында салықтар жүйесі қоғамның, сондай-ақ тұтастай алғанда, елдің және оның жекелеген өңірлерінің арасындағы бітімгершілік болып табылады.
Салықтардың көмегімен мемлекет елде өндірілетін өнімнің бір бөлігін жинайды, және содан соң оны мемлекеттік шығыстар арқылы қайта бөледі. Ішкі жалпы өнімнің көрсеткіші жоғары болған сайын бюджеттің мүмкін болатын жиынтық кірістері мен шығыстары да жоғары болады. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) сөйтіп, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджеттерін қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
ЖІӨ пайдаланылған өндіріс факторларының ұлттық тиістілігіне қарамастан, мемлекеттің аумағындағы экономиканың барлық салаларында бір жыл ішінде тұтыну, экспортқа шығару және жинақтау үшін өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің (яғни түпкілікті тұтынуға арналған) нарықтық құнын білдіреді. Бүгінгі күні ЖІӨ ұлттық экономиканың басты индикаторы болып табылады. Қазақстан Республикасының ішкі жалпы өнімі абсолюттік шамасы бойынша салыстырмалы түрде жоғары емес, алайда даму қарқыны әсер алуға тұрарлық.
Бүгінгі күні экономикалық дамудың негізгі көрсеткіші жан басына шаққандағы ЖІӨ болып табылады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан дамыған елдердің көпшілігінен артта қалып тұрғанымен, алайда Қытай мен Бразилияны қоса алғанда, көптеген дамушы елдерді басып озады.
Бюджеттік үдерісті көрсететін тағы бір маңызды экономикалық көрсеткіш елдің экономикасына фискальдық жүктеме болып табылады. Экономикаға іс жүзіндегі салық жүктемесі деп мемлекеттің пайдасына елдің ЖІӨ-сіне шынайы түрде төленген міндетті төлемдердің үлесі түсініледі, басқаша айтқанда, бұл мемлекеттің салық алымдарынан түсетін кірістері шамасының ішкі жалпы өнімнің шамасына қатынасы. Фискальдық жүктеменің шамасы жоғары болған сайын пайданың елеусіздігіне байланысты экономикаға инвестиция құюға деген ынталылық та төмен. Басқа жағынан алғанда, жүктеменің жоғары емес көрсеткіші мемлекеттің жеткілікті дәрежедегі күшті әлеуметтік саясатты жүргізе алмайтындығы туралы айтады.
Қазақстан Республикасының кеңейтілген үкіметі бюджетінің кірістері Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша 2006 жылы ЖІӨ мөлшерінің 22,4 %-ын құрады. Бұл шамамен алғанда Еуропа Одағының елдері немесе Украина бойынша орта есеппен екі есеге аз, алайда бірқатар дамушы елдерге қарағанда біршама жоғары. Осындай көрсеткіштер Қазақстанның экономикасына салыстырмалы түрдегі көп емес фискальдық жүктеме және тиісінше республика экономикасының қаражатты инвестициялау үшін жеткілікті жоғары тартымдылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Және бір мезгілде азаматтардың салыстырмалы түрдегі төменгі мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз етілуі туралы куәландырады.
Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджеті, өкінішке орай, талдамалық құрал ретінде салыстырмалы түрде жақында енгізілді, сондықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны жайында
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Жергілікті бюджет. Республикалық бюджет
ҚР мемлекеттік бюджеті және оның құрылымы
Қаржы пәнінен оқу құралы
Елдің әлеуметтік экономикалық дамуындағы жергілікті бюджеттің рөлі
Экономикалық қатынастардағы мемлекеттік бюджет
Мемлекет бюджетінің шығыстары
Бюджеттік көрсеткіштерді экономикалық талдау
Мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қоры
Пәндер