ЖМҚ ерітінділері. Анықтамасы. Сипаттамасы.



ЖОСПАР :
1. ЖМҚ ерітінділері. Анықтамасы. Сипаттамасы.
2. Шексіз ісінетін ЖМҚ ерітінділері.
3. Шекті ісінетін ЖМҚ ерітінділері.
4. Коллоидты ерітінділер. Анықтамасы. Сипттамасы. Қасиеттері.
5. Қорғалған коллоидты ерітінділер. Жеке технологиясы.
6. Жартылай коллоидты ерітінділер.
КІРІСПЕ
Қазiргi кезде медицинада және фармацияда 3000 астам жоғары молекулалы қосылыстар қолданылады. Ерiткiш диффузиялы түрде молекула жiптерiнiң арасына енедi. Бұл сатыда ерiткiштiң көп мөлшерi жұтылып, iсiнген ЖМҚ көлемi 10-15 есеге бiрден ұлғаяды. Бiрақ iсiну процессi әрқашан толық ерумен бiтпейдi, iсiну шектi немесе шексiз болады. Iсiну көлемiне әртүрлi факторлар әсер етедi. Коллоидты ерiтiндiлер - құрылымдық бiрлiгi мицелла деп аталатын молекулалар мен атомдар комплексi болып табылатын ультра- микрогетерогендi дәрiлiк түр. Коллоидты ерiтiндiлер дисперстiк фаза мен дисперстiк ортадан тұрады. Фармацевттiк iс-тәжiрибеде қорғалған коллоидты ерiтiндiлер қолданылады. Қорғалған коллоидтар - гидрофильдi қасиетi бар ЖМҚ және гидрофобты коллоидты заттан тұратын жасанды препарат.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Государственная Фармакопея Республики Казахстан. Т.1. – Алматы: Издательский дом «Жибек жолы», 2008. – 591 с.
2. Государственная Фармакопея Республики Казахстан. Т. 2. – Алматы: Издательский дом «Жибек жолы», 2009 – 804 с.
3. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р. М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы: оқулық. Шымкент, 2008.- 436 бет.
4. Р.М. Анарбаева. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы.– Шымкент.– 2013.– 329 б.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар :
1. ЖМҚ ерітінділері. Анықтамасы. Сипаттамасы.
2. Шексіз ісінетін ЖМҚ ерітінділері.
3. Шекті ісінетін ЖМҚ ерітінділері.
4. Коллоидты ерітінділер. Анықтамасы. Сипттамасы. Қасиеттері.
5. Қорғалған коллоидты ерітінділер. Жеке технологиясы.
6. Жартылай коллоидты ерітінділер.

КІРІСПЕ
Қазiргi кезде медицинада және фармацияда 3000 астам жоғары молекулалы қосылыстар қолданылады. Ерiткiш диффузиялы түрде молекула жiптерiнiң арасына енедi. Бұл сатыда ерiткiштiң көп мөлшерi жұтылып, iсiнген ЖМҚ көлемi 10-15 есеге бiрден ұлғаяды. Бiрақ iсiну процессi әрқашан толық ерумен бiтпейдi, iсiну шектi немесе шексiз болады. Iсiну көлемiне әртүрлi факторлар әсер етедi. Коллоидты ерiтiндiлер - құрылымдық бiрлiгi мицелла деп аталатын молекулалар мен атомдар комплексi болып табылатын ультра- микрогетерогендi дәрiлiк түр. Коллоидты ерiтiндiлер дисперстiк фаза мен дисперстiк ортадан тұрады. Фармацевттiк iс-тәжiрибеде қорғалған коллоидты ерiтiндiлер қолданылады. Қорғалған коллоидтар - гидрофильдi қасиетi бар ЖМҚ және гидрофобты коллоидты заттан тұратын жасанды препарат.

1. ЖМҚ ерітінділері. Анықтамасы. Сипаттамасы. Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ) - бұл молекулалық салмағы бiрнеше мыңнан миллионға дейiн және одан да жоғары болатын заттар. Қазiргi кезде медицинада және фармацияда 3000 астам жоғары молекулалы қосылыстар қолданылады. Жоғары молекулалық қосылыстардың жiктелуi: алыну әдiсiне байланысты (табиғи жоғары молекулалық қосылыстар, синтетикалық және жартылай синтетикалық жоғары молекулалық қосылыстар); жоғары молекулалық қосылыстар қолданылуы бойынша (дәрiлiк заттар; көмекшi заттар (негiздер немесе жағар майлар мен суппозиторийлер үшiн негiз компонентi, эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар, консерванттар, орамдаушы және тығындаушы материалдар және т.б.); ісiну қабiлетi бойынша (шексiз iсiнетiн; шектi iсiнетiн); жоғары молекулалық қосылыстарды молекула түрiне қарай екi топқа бөледi (сфералық (ақ уыздар) және тiзбектi (крахмал, целлюлоза туындылары) құрылысты). ЖМҚ еруi алдын-ала жүретiн iсiну процессiмен сипатталады. Iсiну - төмен молекула ерiткiштi сiңiру арқылы, жоғары молекулалы заттың көлемiнiң ұлғаюымен өздiгiнен жүретiн процесс. Ісiну процессiн екi сатыда өтетiн процесс ретiнде қарастыруға болады:бірінші саты - сольватация-гидратация (жылу бөле) жүредi; екінші саты - iсiну (сұйықтық жылу бөлiнусiз жұтылады). Ерiткiш диффузиялы түрде молекула жiптерiнiң арасына енедi. Бұл сатыда ерiткiштiң көп мөлшерi жұтылып, iсiнген ЖМҚ көлемi 10-15 есеге бiрден ұлғаяды. Бiрақ iсiну процессi әрқашан толық ерумен бiтпейдi, iсiну шектi немесе шексiз болады. Iсiну көлемiне әртүрлi факторлар әсер етедi. ЖМҚ ерiтiндiлерiнiң технологиясының сатылары: ерiту, сүзу, орамдау, безендiру.
2. Шексiз iсiнетiн ЖМҚ ерiтiндiлерi: пепсин және фермент топтарының ерiтiндiлерi, шайыр, шырыш ерiтiндiлерi, экстракт ерiтiндiлерi (құрғақ, қою экстракттар).
3. Шектi iсiнетiн ЖМҚ ерiтiндiлерi. Шектi iсiнетiн ЖМҚ желатин, крахмал, метилцеллюлоза, карбоксиметилцеллюлоза (КМЦ), поливинилпирралидон (ПВП) және т.б. жатады.
4. Коллоидты ерітінділер. Анықтамасы. Сипттамасы. Қасиеттері. Коллоидты ерiтiндiлер - құрылымдық бiрлiгi мицелла деп аталатын молекулалар мен атомдар комплексi болып табылатын ультра- микрогетерогендi дәрiлiк түр. Коллоидты ерiтiндiлер дисперстiк фаза мен дисперстiк ортадан тұрады. Дисперстiк фаза бөлшектерiнiң өлшемдерi 1 нм-ден 100 нм-ге дейiн (0,1 мкм - 0,001 мкм) болады. Коллоидты ерiтiндiлердiң ерекшелiктерi: агрегаттық және термодинамикалық тұрақсыз; коллоидты ерiтiндiлердiң керi қайту қасиетi жоқ; коллоидты ерiтiндiлердiң бөлшектерi кәдiмгi микроскопта емес, ультрамикроскопта байқалады. Көлденең бөлшектерi едәуiр үлкен болғандықтан, олар арқылы жарық өтпейдi. Осыған орай коллоидты ерiтiндiлер шашыраған жарықта лайлы болып көрiнедi; коллоидты ерiтiндiлердiң осмостық қысымы төмен; бөлшектерiнiң мөлшерiнiң үлкендiгiнен коллоидты ерiтiндiлер ЖМҚ ерiтiндiлерi сияқты әлсiз диффузияланады; коллоидты ерiтiндiлер - лабильдi, бұл олардың сезiмталдығының жоғары болуымен түсiндiрiледi; коллоидты ерiтiндiлердiң сақталу мерзiмi шектеулi.
5. Қорғалған коллоидты ерітінділер. Жеке технологиясы. Фармацевттiк iс-тәжiрибеде қорғалған коллоидты ерiтiндiлер қолданылады. Қорғалған коллоидтар - гидрофильдi қасиетi бар ЖМҚ және гидрофобты коллоидты заттан тұратын жасанды препарат. Қорғалған коллоидтардың ерiгiштiгi ЖМҚ секiлдi шексiз. Медициналық iс-тәжiрибеде үш коллоидты препарат кеңiнен қолданылады - колларгол, протаргол (жасанды түрде алынған коллоидты заттар) және ихтиол (табиғи қорғалған коллоид). Протаргол - ақ уыздардың сiлтiлi гидролиз өнiмдерiмен - натрий альбуминаттарымен қорғалған күмiс тотығының коллоидты заты. Күмiс тотығы - 8%, қалған мөлшерi - ЖМҚ қорғанысы. Протаргол ерiтiндiсiн дайындаған кезде пептизация, яғни ерiту сатысы, колларголдағы iсiну сатысына қарағанда ұзақ жүреді. Келесi коллоидты қорғалған препарат - колларгол жасылдау немесе көкшiл-қара пластинкалар, металдық жылтыры бар, коллоидты ерiтiндi түзе суда еридi. Колларголда 70% күмiс тотығы және 30%-ға дейiн лизальбин ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суспензия түзетін дәрілік заттар
Атомның массасы ядроның массасына тең
Дәрілік түрлердің агрегаттық күйі
ЖМҚ ерітінділерінің қасиеттері
Ерітінділерінің қасиеттері
Дәрілік заттар дайындауда қосымша заттар
КРИОГЕЛЬДЕРДІ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
ПОЛИМЕРЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ
Сұйық дәрілік формалар
Дисперстік жүйелер. Заттардың коллоидтық күйі
Пәндер