Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлер. Шаншуға арналған ерітінділер технологиясы.


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

1. Тақырыбы: Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлер. Шаншуға арналған ерітінділер технологиясы.

ЖОСПАР

  1. Шаншуға арналған ерітінділер. Жіктелуі. Қойылатын талаптар.
  2. Шаншуға арналған ерітінділерді дайындау сатылары.
  3. Шаншуға арналған ерітінділерді тұрақтандыру.
  4. Жеңіл тотығатын заттардың ерітінділерін дайындау.
  5. Изотонды ертітінділер. Оларға қойылатын талаптар.
  6. Изотондықты есептеу тәсілдері.
  7. Физиологиялық, қан алмастырғыш, шоққа қарсы шаншуға арналған ерітінділер.
  8. Шаншуға арналған ерітінділерді жетілдіру.

КІРІСПЕ

Дәрілік препараттарды енгізу жеріне байланысты инъекцияның әр түрі (тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, қан тамырға, жұлын-милы, ми сауыт ішілік, құрсақ ішілік, плевра ішілік, буын ішілік) қолданылады.

Дәріханалардағы шаншуға арналған ерітінділерді дайындаудың технологиялық схемасы келесі сатылардан тұрады: бөлмені-асептикалық блокты дайындау; фармацевт-технологты дайындау; ыдыстарды және қосымша материалдарды дайындау; дәрілік заттар мен еріткіштерді дайындау; дәрілік заттарды еріту; тұрақтандыру; фильтрлеу; ерітінді құрамындағы әсер етуші заттарды химиялық талдау; флаконды тығындап, механикалық қоспалардың болмауын бақылау; тығынды бекітіп, маркалау; ерітіндіні стерильдеу; ерітіндінің мөлдірлігін анықтау, түстілігін, механикалық қоспаларын болмауын анықтап, химиялық талдау жасау; безендіру және босату.

Шаншуға арналған ерітінділерді стерильдеу процесінде және сақтаған кезде, кейбір дәрілік заттар ыдырап, оларды тұрақтандыру қажеттілігін тудырады. Ерітінділердегі дәрілік заттардың ыдырау себебі - гидролиз және тотығу-тотықсыздану реакциялары есебінен жүреді. Бұл реакциялар көрінбейтін өзгерістер түрінде, сонымен қатар боялу немесе түсінің, иісінің өзгеруі, тұнба түзілуі сияқты өзгерістермен өтуі мүмкін. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар ерітінділерін тұрақтандыру. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздарды хлорсутек қышқылының ерітіндісін қосу арқылы (0, 1 моль/л) тұрақтандырады.

1. Шаншуға арналған ерітінділер. Жіктелуі. Қойылатын талаптар . Шаншуға арналған дәрілік түрлер ағзаға шприц арқылы тері немесе кілегей қабаттарын бүтіндігін (іnjectіo-впрыскивание) бұзу арқылы енгізілетін дәрілік түрлердің ерекше тобына жатады. Көлемі 100 мл және одан көп болатын шаншуға арналған ерітінділер инфузиялық (лат. іnfusіo - құю) деп аталады. Дәрілік препараттарды енгізу жеріне байланысты инъекцияның әр түрі (тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, қан тамырға, жұлын-милы, ми сауыт ішілік, құрсақ ішілік, плевра ішілік, буын ішілік) қолданылады. Шаншуға арналған ерітінділерді ұлпаларға және ағза сұйықтарына енгізу терінің және шырышты қабаттардың табиғи қорғаныс баръерлерін бұзып енгізетіндіктен оларға МФ XІ басылымында жалпы «Инъекционные лекарственные формы» мақалаға сәйкес келесі талаптар қойылады: стерильділік, апирогендік, тұрақтылық, механикалық қоспаларының болмауы, кейбір ерітінділер фармакопеялық мақалалардағы нұсқауларға сәйкес изотонды, изогидрлі және изоионды болуы керек.

2. Шаншуға арналған ерітінділерді дайындау сатылары. Дәріханалардағы шаншуға арналған ерітінділерді дайындаудың технологиялық схемасы келесі сатылардан тұрады: бөлмені-асептикалық блокты дайындау; фармацевт-технологты дайындау; ыдыстарды және қосымша материалдарды дайындау; дәрілік заттар мен еріткіштерді дайындау; дәрілік заттарды еріту; тұрақтандыру; фильтрлеу; ерітінді құрамындағы әсер етуші заттарды химиялық талдау; флаконды тығындап, механикалық қоспалардың болмауын бақылау; тығынды бекітіп, маркалау; ерітіндіні стерильдеу; ерітіндінің мөлдірлігін анықтау, түстілігін, механикалық қоспаларын болмауын анықтап, химиялық талдау жасау; безендіру және босату.

3. Шаншуға арналған ерітінділерді тұрақтандыру. Шаншуға арналған ерітінділерді стерильдеу процесінде және сақтаған кезде, кейбір дәрілік заттар ыдырап, оларды тұрақтандыру қажеттілігін тудырады. Ерітінділердегі дәрілік заттардың ыдырау себебі - гидролиз және тотығу-тотықсыздану реакциялары есебінен жүреді. Бұл реакциялар көрінбейтін өзгерістер түрінде, сонымен қатар боялу немесе түсінің, иісінің өзгеруі, тұнба түзілуі сияқты өзгерістермен өтуі мүмкін. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар ерітінділерін тұрақтандыру. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздарды хлорсутек қышқылының ерітіндісін қосу арқылы (0, 1 моль/л) тұрақтандырады. Ерітіндіні тұрақтандыру үшін қажет қышқыл мөлшері препараттың қасиетіне байланысты анықталады. Жиі шығын нормасы 1л тұрақтандыратын ерітіндіге 10 мл қышқыл ерітіндісі құрайды, осыған байланысты хлорсутек қышқылының (0, 001 моль/л) рН=3, 0-4, 0 болатын ерітіндісі түзіледі. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар ерітінділерін тұрақтандыру. Гидролизді бәсеңдету үшін, натрий гидроксидін (0, 1 моль/л) немесе натрий гидрокарбонатын қосып, әлсіз сілтілі орта жасау қажет. Күшті негіз және әлсіз қышқылдан түзілген тұздарға: натрий нитриті, натрий тиосульфаты, кофеин-натрий бензоаты жатады. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар ерітінділерін тұрақтандыру. Мұндай тұздар гидролизін болдырмау тек БАЗ қосу арқылы мүмкін болады, өте сирек кездеседі.

4. Жеңіл тотығатын заттардың ерітінділерін дайындау. Жеңіл тотығатын заттар ерітінділерін тұрақтандыру. Жеңіл тотығатын заттарға аскорбин қышқылы, адреналин гидротартраты, этилморфин гидрохлориды, викасол, новокаинамид, фенотиазин туындылары, құрамында жеңіл қозғалғыш сутек атомдары бар карбонильді, фенолды, спиртті, амин топтары бар кейбір басқа препараттар жатады. Жеңіл тотығатын заттардың ерітінділерін тұрақтандыру үшін антиоксиданттар қосылады. Жеңіл тотығатын заттар және оларды тұрақтандыру:

- адреналин гидрохлориды, адреналин гидротартраты, норадреналин гидротартраты, 1 л ерітіндіге 1 г натрий метабисульфитін қосып тұрақтандырады;

- 5% аскорбин қышқылының ерітіндісіне 2 г сусыз натрий сульфитін немесе 1 г натрий метабисульфитін қосып тұрақтандырады. Аскорбин қышқылының ерітіндісі қышқылды орта (рН 2, 6 - 2, 8) болғандықтан және енгізген кезде ауыртатындықтан, нейтралдау үшін, 1 л 23, 85 г мөлшерде натрий гидрокарбонатын қосады;

- фенотиазин туындылары - аминазин, дипразин, имизин және пропазин, 1 л ерітіндісіне 1 г натрий сульфитін, 1 г натрий метабисульфитін, 2, 0 г аскорбин қышқылын қосып тұрақтандырады;

- новокаинамид 1л ерітіндіге 5г натрий метабисульфитін қосып тұрақтандырады. Еритін стрептоцид ерітіндісінің 1л 2 г натрий сульфитін қосады;

- кейбір жеңіл тотығатын заттарды тұрақтандыру үшін ронгалит қолданылады. Мысалы, парааминосалицилат, этазол-натрий 1 л ерітіндісіне 5 г ронгалит қосады;

- глюкоза ерітінділерін тұрақтандыру. Стерильдеу кезінде глюкоза ерітінділері, әсіресе сілтілі шыныда, тотығады және карамелизицияланады. Бұл кезде ерітінді сары түске боялады. Глюкоза ерітінділерін тұрақтандыру үшін оның полифункционалды қасиетін ескеру қажет. Сілтілі ортада глюкоза тұрақсыз, оттегі әсерінен оксиқышқылдар: гликоль, левулин, құмырсқа және басқа қышқылдар және оксиметилфурфурол түзіледі. Бұл процестерді болдырмау үшін глюкоза ерітінділерін МФ XІ басылымына сәйкес 1 л ерітіндіге 0, 26 г натрий хлоридын және 0, 1 н. хлорсутек қышқылынан рН мәні 3, 0 - 4, 0 болғанға дейін қосып тұрақтандырады. Глюкоза ерітінділерін дайындаған кезде, олардың концентрациясына байланыссыз, тұрақтандырғышты ерітінді көлемінен 5% мөлшерде қосады.

5. Изотонды ертітінділер. Оларға қойылатын талаптар. Шаншуға арналған ерітінділердің ішінде изотондық ерітінділер ерекше топ құрайды, яғни бұл ерітінділердің осмостық қысымы ағза сұйықтықтары: қан плазмасы, жас сұйықтығы, лимфа және т. б. осмостық қысымына тең болады. Бұл сұйықтықтардың осмостық қысымы бір қалыпта, 7, 4 атм деңгейде болады. Осмостық қысымы төмен ерітінділер гипотонды, ал жоғары - гипертонды деп аталады. Осмостық қысымы жоғары (гипертонды) ерітіндіні қанға енгізген кезде, эритроциттер ішіндегі және оларды қоршаған плазманың осмостық қысымдардың айырмашылығы нәтижесінде, осмостық қысымдарды теңестіруге әкелетін эритроциттерде су қозғалысы басталады. Бұл кезде эритроциттер суынан айырылып, жыйырылады, бұл құбылыс-плазмолиз деп аталады. Егер гипотоникалық ерітінді енгізілсе, сұйықтық жасуша ішіне кіреді де, эритроцит ісініп, клетка қабырғасы жарылып, ал клетка - өлуі немесе жойылуы мүмкін, бұл құбылыс - гемолиз деп аталады. Осы айтылған осмостық ауытқуларды болдырмау үшін, шаншуға арналған ерітінділердің осмостық қысымын ағзаның биологиялық сұйықтығының осмостық қысымына жеткізу мақсатында изотондау қажеттігі туады. Бұл ерітінділерді - изотонды ерітінділер деп атайды. (грек сөзі іsotonos - напряжение - кернеу) .

6. Изотондықты есептеу тәсілдері. Ерітінділердегі дәрілік заттардың изотондық концентрацияларын әртүрлі тәсілдермен есептеуге болады: Вант-Гофф заңын қолдану арқылы, криоскопиялық әдіспен (Рауль заңы), дәрілік заттардың натрий хлориды бойынша эквиваленттерін қолдану арқылы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәріхана жағдайында дайындалатын офтальмологиялық дәрілік түрлер.
Суспензия түзетін дәрілік заттар
Көздің дәрілік формалары
Дәрілік заттардың жіктелуі
Дәрілік түрлердің агрегаттық күйі
Еңбек гигиенасында кәсіби ауруларды алдан алуды зерттеу әдістері
Дәрілік түрлер технологиясында стерильдеу әдістері
Дәріхана ішін қадағалау түрлері
Дәрілерді сынауды метрологиялық қамтамасыз ету
Изотонды ерітінділер, изогидрлеу, иизоиондау талаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz