Суспензиялар және ішуге арналған эмульсиялар. Дайындау әдістері.


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Суспензиялар және ішуге арналған эмульсиялар. Дайындау әдістері.

Жоспар

1. Дәрілік түрдің сипаттамасы. Анықтамасы.

2. Суспензияның түзілу жағдайлары. Қасиеттері.

3. Суспензияларды дайындау әдістері: дисперсиялық, конденсациялық. . Суспензия түзетін

дәрілік заттар.

4. Эмульгаторлардың сипаттамасы және жіктелуі.

5. Эмульсияға дәрiлiк заттарды енгiзу

6. Дәнді және майлы эмульсиялар.

7. Суспензиялардың және эмульсиялардың сапасын бағалау.

КІРІСПЕ

Суспензия технологиясында қолданылатын дәрiлiк заттар гидрофобты және гидрофильдi болып бөлiнедi. Гидрофильдi-iсiнбейтiн заттарға: висмуттың негiзгi нитраты, ақ балшық, тальк, мырыш тотығы, магний тотығы, крахмал, кальций карбонаты, кальций глицерофосфаты жатады. Бұл заттар суда ерiмейдi, бiрақ сумен жеңiл шыланады. Сондықтан осы препараттармен суспензия дайындау кезiнде тұрақтандырғыштар қолданылмайды. Гидрофобты заттар - бетi сумен қиын шыланатын заттар. Олар: гидрофобты қасиеттерi айқын байқалатын және айқын байқалмайтын болып екi топқа бөлiнедi. Суспензияның түзiлу жағдайлары: дәрiлiк түр құрамына дисперстiк ортада ерiмейтiн заттар енгенде (күкiрт, камфора, ментол, мырыш тотығы және т. б. - суспензия физикалық әдiспен дайындалады) ; егер дәрiлiк заттың мөлшерi ерiгiштiк шекарасынан асып кетсе, (суспензиялар физико-химиялық әдiспен дайындалады) ; ерiткiштi алмастырғанда суспензияның түзiлуi. (физико-химиялық әдiс) ; жеке еритiн дәрiлiк заттарды бiр дисперстiк ортада ерiткен кезде, әрекеттесiп ерiмейтiн қоспа түзiледi (химиялық әдiс) . Суспензиялардың сапасын бағалау басқа сұйық дәрiлiк түрлер секiлдi, сыртқы түрi мен органолептiк қасиеттерi, дұрыс орамдалуы және безендiрiлуi бойынша жүргiзiледi. Сонымен қатар суспензияларға тән ерекше қасиеттерiн талдайды: бiркелкiлiгiн және ресуспендирлiгiн. Жалпы мөлшерiндегi ауытқулар қатты фазаның мөлшерiне байланысты анықталады.

1. Дәрілік түрдің сипаттамасы. Анықтамасы. Суспензия - сұйық дисперстiк ортада ерiмейтiн қатты дисперстiк фазадан тұратын iшуге, сыртқа, шаншуға қолданылатын микрогетерогендi сұйық дәрiлiк түр.

2. Артықшылықтары: суспензия түрiнде ерiткiштерде ерiмейтiн дәрiлiк заттарды босатуға болады, әсер ету эффективтiлiгi бойынша суспензиялар ерiтiндiлер мен майда ұнтақтар арасынан орын алады. Ұнтақтармен салыстырғанда суспензиялардағы бөлшектердiң жоғары дисперстiлiгiнен дәрiлiк заттар тез терапевтiк әсер көрсетедi. Суда ерiтiлген дәрiлiк заттардың сулы ерiтiндiлерi ағзадан тез шығарылады, ал суспензиялар ұзақ әсер етедi.

3. Кемшiлiктерi: технологиясы қиын, тұрақсыз, сақтау мерзiмi қысқа дәл дозаланбайды.

Сондықтан суспензия түрiнде улы және күштi әсер ететiн дәрiлiк заттарды босату мүмкiндiгi жоқ.

Құрамына және дайындау тәсiлiне байланысты суспензиялар: Iрi суспензиялар (бөлшектерiнiң өлшемдерi 1-100 мкм аралығында), майда суспензиялар (бөлшектерiнiң өлшемдерi 0, 1-1 мкм аралығында) болып бөлiнедi.

4. Суспензияларға қойылатын талаптар: бөлшектердiң өлшемдерi 50-100 мкм болуы, суспензиялар термодинамикалық тұрақты болуы керек, ол дәрiлiк заттың жеткiлiктi дәл дозалауын қамтамасыз етедi. Ресуспендирлену қасиетін - суспензияны қатты шайқау жолымен анықтайды. 24 сағат сақталған суспензияны 15-20 секунд шайқағаннан соң, ал 3 тәулiк сақталған суспензияны 40-60 секунд шайқағаннан соң бөлшектерi дисперстiк ортада бiртектi таралуы.

ҚР ДСМ 15. 12. 04 жылғы «Дәрiлiк құралдарды дайындау Ережелерi туралы» бұйрығының 1 бөлiмiнiң 8 тармағына сәйкес суспензиялар дисперстiк фазаның концентрациясы 3% төмен және дисперстiк ортаның табиғатына (сулы, спирттi-сулы) байланыссыз салмақ-көлемдiк әдiспен дайындалады. Дисперстiк фазаның концентрациясы 3% және одан жоғары болса, суспензиялар салмақтық әдiспен дайындалады.

Суспензияларды түссiз құтыда босатады. Ескерту «Қолданар алдында шайқа» этикеткасымен безендiредi.

5. Суспензияның түзілу жағдайлары. Қасиеттері . Суспензияның түзiлу жағдайлары: дәрiлiк түр құрамына дисперстiк ортада ерiмейтiн заттар енгенде (күкiрт, камфора, ментол, мырыш тотығы және т. б. - суспензия физикалық әдiспен дайындалады) ; егер дәрiлiк заттың мөлшерi ерiгiштiк шекарасынан асып кетсе, (суспензиялар физико-химиялық әдiспен дайындалады) ; ерiткiштi алмастырғанда суспензияның түзiлуi. (физико-химиялық әдiс) ; жеке еритiн дәрiлiк заттарды бiр дисперстiк ортада ерiткен кезде, әрекеттесiп ерiмейтiн қоспа түзiледi (химиялық әдiс) . Суспензияның қасиеттері: суспензиялардың осмостық қысымы жоқ; бөлшектер мөлшерiнiң үлкендiгiнен жартылай өткiзгiш мембранадан диффузия құбылысы жүрмейдi; сондықтан сүзу немесе фильтрлеу процессi жүргiзiлмейдi; кинетикалық тұрақсыз, суспензияларға седиментация құбылысы тән, ауырлық күшi әсерiнен бөлшектер тұнбаға түседi, егер бөлшектер бiр-бiрiне жабыспай еркiн тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақты деп атайды, ал егер бөлшектер молекулалық iлiнiсу күшi әсерiнен жабысып үлпектер түзiп тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақсыз деп атайды.

Суспензия технологиясында қолданылатын дәрiлiк заттар гидрофобты және гидрофильдi болып бөлiнедi. Гидрофильдi-iсiнбейтiн заттарға: висмуттың негiзгi нитраты, ақ балшық, тальк, мырыш тотығы, магний тотығы, крахмал, кальций карбонаты, кальций глицерофосфаты жатады. Бұл заттар суда ерiмейдi, бiрақ сумен жеңiл шыланады. Сондықтан осы препараттармен суспензия дайындау кезiнде тұрақтандырғыштар қолданылмайды. Гидрофобты заттар - бетi сумен қиын шыланатын заттар. Олар: гидрофобты қасиеттерi айқын байқалатын және айқын байқалмайтын болып екi топқа бөлiнедi. Гидрофобты заттармен суспензиялар дайындаған кезде тұрақтандырғыштар қосады - желатоза (Gelatosae), өрiк шайыры (Gummi armeniacae), аравия шайыры (Gummi arabica) . Ал декстрин, крахмал шырышы, метилцеллюлоза, натрий тұзы, поливинилпирролидон сирек қолданылады. Гидрофобты қасиетi айқын байқалмайтын заттарға терпингидрат, бензонафтол, фенилсалицилат, сульфодиметоксин, сульфомонометоксин, сульфадимезин жатады. Бұл препараттармен суспензия дайындаған кезде 1, 0 г препаратқа: 0, 25 г өрiк шайыры, 0, 5 г аравия шайыры немесе желатоза қосылады. Гидрофобты қасиетi айқын байқалатын заттарға: камфора, ментол, тимол, бромкамфора, күкiрт жатады. Олардың суспензияларын тұрақтандыру үшiн 1, 0 г препаратқа: 0, 5 г өрiк шайыры, 1, 0 г аравия шайыры немесе желатоза қосылады. Гидрофобты қасиетi айқын байқалатын препараттардың майдалануы 90%-дық этил спиртi (қиын ұнтақталатын заттар) 1:1 қатынаста қосу арқылы жүргiзiледi. Олар спиртте жеңiл еридi, спирт буланып кеткен соң рекристаллизация жүредi, нәтижесiнде зат жеңiл майдаланады.

6. Суспензияларды дайындау әдістері: дисперсиялық, конденсациялық. Дисперсиялық тәсiлдің мәні механикалық диспергирлеу, ерiмейтiн iрi заттарды сұйық ортада майдалау процессi. Технологиясы келесi сатылардан тұрады: дисперстiк фазаны майдалау (дәрiлiк зат), дисперстiк ортаға енгiзу (ерiткiшпен араластыру), тығындау және безендiру. Сүзу немесе фильтрлеу сатысы жүргiзiлмейдi. I-шi саты. Майдалау. Дисперсиялық тәсiлде пульпа алу қажет. Ол үшiн дәрiлiк затты судың аз мөлшерiмен ысқылайды. Ысқылау кезiнде дәрiлiк заттың бетiнде микрожарықтар түзiледi, микрожарықтарға су кiреді де ажыратқыш әсер көрсетедi, бөлшектер майдаланады. Академик Б. В. Дерягин, сұйық ортада 1 г қатты затқа 0, 4-0, 6 мл су қосқанда, диспергирлеу эффектiсi байқалатындығын дәлелдедi. Осы қатынас Дерягин ережесi деп аталады. II-шi сатысы. Араластыру. Дисперстiк ортамен араластыру үшiн, лайлау тәсiлiн қолданады. Майдаланған жұқа пульпаға 5-10 есе мөлшерде су қосады, мұқият араластырады. Қоспаны 1-2 минутқа тұндырады, жүйе екi қабатқа бөлiнедi: iрi дисперстi және майда дисперстi. Iрi, жеткiлiксiз диспергирленген бөлшектер тез тұнады, ал майда бөлшектер қалқыған күйiнде қалады. Суспензияның майда дисперстi қабатын босататын құтыға құяды, қалған тұнбаны қайтадан осындай көлемдегi сұйықтықпен ысқылайды. Тұндырады. Тағыда беткi қабатын құтыға бөлiп алады. Осындай операция тұнба түгелiмен лайлы күйге өткенше жүргiзiледi. Дерягин ережесiн және лайлау тәсiлiн осы дәрiлiк түрдiң технологиясында қолдану, жұқа дисперстi суспензия алуға мүмкiндiк бередi. Сонда: суспензияның тұрақтылығы артады, дәл дозалануы қамтамасыз етiледi, дәрiлердiң ағзаға сiңiрілуi және терапевтiк әсерi артады

7. Конденсациялық тәсiлмен суспензиялар екi жағдайда түзіледі:

  • ерiткiштi ауыстырған кезде;
  • химиялық тәсiл - суда жеке еритiн дәрiлiк заттар бiр дәрiлiк түрде бiрiккен кезде, нәтижесiнде әрекеттесiп, ерiмейтiн тұнба түзiледi.

Конденсация тәсiлімен суспензия технологиясы келесi сатылардан тұрады: араластыру, орамдау және безендiру

а) Ерiткiштi ауыстыру сулы ерiтiндiлерге экстракттар, тұндырмалар және басқа спиртте дайындалған галендi препараттарды қосқанда түзіледi.

Спирттiң және заттың концентрациясы төмендейдi, суда ерiмейтiн заттар (эфир майы, шайыр) жұқа суспензия түрде бөлiнiп шығады. Мысалы, микстуралар. Ол күрделi жүйеге жатады.

б) Құрамына жеке-жеке суда еритiн, бір дисперстік ортада әрекеттесiп тұнба түзетiн, заттары бар суспензияны дайындау.

Орамдау және безендiру суспензиялардың құрамындағы дәрiлiк заттардың қасиеттерiне сәйкес жүргiзiледi. Суспензияларды олардың көлемiне сәйкес келетiн түссiз флаконда босатады. Флаконды (құтыны) полиэтилен тығынымен тығыз жабады. Флакон негiзгi және ескерту этикеткаларымен «Қолданар алдында шайқа», «Салқын жерде сақта» безендiрiледi.

Суспензиялардың сапасын бағалау. Суспензиялардың сапасын бағалау басқа сұйық дәрiлiк түрлер секiлдi, сыртқы түрi мен органолептiк қасиеттерi, дұрыс орамдалуы және безендiрiлуi бойынша жүргiзiледi. Сонымен қатар суспензияларға тән ерекше қасиеттерiн талдайды: бiркелкiлiгiн және ресуспендирлiгiн. Жалпы мөлшерiндегi ауытқулар қатты фазаның мөлшерiне байланысты анықталады. Суспензиялардың теориялық негiздерi - суспензиялық линименттер, жағар майлар, суппозиторийлер технологиясында қолданылады. Мұндай жағдайда Дерягин ережесiн қолданады. Ал лайлау әдiсi қолданылмайды. Себебi қолданылатын негiз тұтқыр немесе тығыз зат, олар суспензия тұрақтылығын қамтамасыз етедi.

Дәрiханада суспензия технологиясын жетiлдiру:

  • кiшi механизациялық құралдар, майдалағыштар (электрлiк араластырғыштар) енгiзу, өнiмдiлiгi төмен қол енбегiн жеңiлдету, суспензия сапасын жақсарту;
  • тұрақтандырғыштар ассортиментiн кеңейту. Дәрiлiк заттардың тұрақтылығын жоғарылату;
  • суспензиялар сапасын бағалауға инструменталды әдiстер енгiзу. Дисперстiк фазаның бөлшектерiнiң мөлшерiн микроскоп көмегiмен (МФ ГДР) анықтау;
  • суспензиялық дәрiлiк түрдiң перспективтi дамуы «құрғақ суспензия» дайындау болып табылады, ол - дәрiлiк заттар мен тұрақтандырғыштар қоспасы, кейде оған консерванттар қосылады, көбiнесе түйiршiктер түрiнде дайындалады. Қолданар алдында құрғақ суспензияларға тазартылған су қосылады. Құрғақ суспензиялар тасымалдауға ыңғайлы және ұзақ уақыт сақталады.

8. Эмульсиялардың дәрілік түр ретінде сипаттамасы. Анықтамасы. Iшуге арналған эмульсиялар - Emulsa ad usum internum . Дисперстiк фазасы және дисперстiк ортасы бiр бiрiнде ерiмейтiн немесе аз еритiн сұйықтықтардан тұратын микрогетерогендi жүйенi эмульсия деп атайды. ССРО МФ ХI басылымында эмульсияларға келесi анықтама берiледi: Эмульсиялар - бiр бiрiнде ерiмейтiн майда дисперстi жүйеден тұратын iшуге, сырт тәнге және парентералды қолдануға арналған сыртқы түрi бойынша бiртектi дәрiлiк түр. Дисперстiк фазаны түзетiн сұйықтықтың табиғаты бойынша эмульсияларды екi типке бөлуге болады: 1-типті судағы май (М/С), 2-типті майдағы су (С/М) . Дайындау әдiсiне және бастапқы шикiзаттарға байланысты эмульсиялар екi түрге бөлiнедi: дәннен жасалынған эмульсиялар; майдан жасалынған эмульсиялар.

9. Эмульгаторлардың сипаттамасы және жіктелуі. Эмульгаторларға қойылатын талаптар: дифильдiк, беттiк тартылысты төмендету қабiлетi, дәрiлiк заттармен әрекеттеспеуi қажет, фармакологиялық индифференттi болуы керек. Эмульгаторлар және олардың жiктелуi. Барлық эмульгаторлар құрылысы және қасиеттерi бойынша ионогендi және ионогендi емес болып бөлiнедi. Ионогендi эмульгаторларға жататын анионактивтi және катионактивтi БАЗ-дар, линименттер және жағар майлар технологиясында қолданылады. Дәрiханада эмульсиялар дайындау үшiн шайырлар, пектиндi және шырышты заттар кеңiнен қолданылады. Шайырлар - фаза-аралық шекарада шайырлардан түзiлген адсорбциялық пленкалар жоғары серпiндiлiгiмен және берiктiгiмен сипатталынады. Аравиялық шайыр, гуммиарабик (Gummi arabicum ) - импорттық өнiм, африкалық акациядан алынады. Жақсы сорттары сарғыштау, жартылай мөлдiр бөлшектер. Тұрақтандыру үшін 10 бөлiк майға 5 бөлiк шайыр алынады. Өрiк шайыры (Gummi armeniaca ) - өрiк ағашы бұтақтарының дiңгектерiнен кесiлген және жарылған жерiнен алынады. Көп мөлшерде Орта Азияда әзiрлейдi. 10 бөлiк майға 5 бөлiк шайыр алынады. Қасиетi бойынша гуммиарабиктi толық алмастырады. Амфотерлi эмульгаторлар. Желатоза - Gelatosae. Желатиннiң судағы жартылай гидролизiнiң өнiмi (1:2) . 10, 0 г майға 5, 0 г желатоза алынады. Сонымен қатар казеин, натрий казеинаты, құрғақ сүт қолданылады. Жұмыртқаның сарысы. Құрамында эмульгирленген түрде болатын 29-36% майлары және липоидтары бар 17%-дық ақ уыздың ерiтiндiсi болып табылады. Бiр жұмыртқаның сарысымен 15-20 г майды эмульгирлеуге болады. Жұмыртқа сарысындағы эмульгирлеушi агент - фосфопротеид вителлин болып табылады. Ионогендi емес эмульгаторлар. Крахмал - Amylum. Дәрiханалық эмульсияларда крахмал шырышы түрiнде қолданылады (Mucilago Amyli) . 10, 0 г майды эмульгирлеу үшiн 5, 0 г крахмал керек (10%-дық шырыш дайындалады) .

Дәнндік эмульсиялар. Дәнді эмульсиялар майдаланған тұқымдардан ондағы суда еритiн компоненттердi және майларды сiрiндiлеу арқылы дайындалады. Егер жазылымда тұқымдардың мөлшерi көрсетiлмесе, онда 100, 0 г эмульсия дайындау үшiн 10, 0 г тұқым (1:10) алынады. Эмульсияны дайындаған кезде тазартылған тұқымдарды фарфор келiге салып, алынған шикiзаттың салмағының 1/10 бөлiгiндей сумен бiртектi ботқа тәрiздi масса түзiлгенше ысқылайды, содан соң бiртiндеп судың қалған мөлшерiн косады. Құтыны алдын-ала тарирлеп, эмульсияны екi қабат дәке арқылы сүзедi (эмульсия салмақпен дозаланады) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суспензия және эмульсияны дәрілік түр ретінде тұрақтандыру үшін қолданылатын ЖМҚ және БАЗ
Суспензия түзетін дәрілік заттар
Араластыру фазасы
Дәрілік формалардың классификациясы
Суспензияларды дайындау техналогиясы
Дәрілік түрлердің агрегаттық күйі
Негізгі дәрілік қалыптар
Дәрілік құралдарды дайындаудың тиісті тәжірибесі
Бюреткалық қондырғыны қолданып сұйық дәрілік түрлерді дайындау
Бюретқалық жүйені қолдана отырып сұйық дәрілік препараттарды (микстуралардың) даярлау технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz