Сұйық дәрiлiк түрлер


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Сұйық дәрілік түрлердің сипаттамасы. Жіктелуі.
  2. Концентрация. Сұйық дәрілік түрлерге рецепт жазу әдістері.
  3. Сұйық дәрілік түрлерді дайындау үшін қолданылатын еріткіштер. Оларға қойылатын талаптар. Аппаратура.
  4. Ерітудің ерекше жағдайлары.

5. Сұйық дәрiлiк түрлердi дайындау салмақтық және салмақтық-көлемдiк тәсiлдерiмен

жүргiзiледi.

6. Iшке және сырт тәнге қолданылатын сұйық дәрiлiк түрлердi дайындау тәсiлi дәрiлiк түрге

және дисперстiк ортаның табиғатына байланысты.

7. Ерітінділердің сапасын бағалау.

Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Сұйық дәрiлiк түрлердi дайындауға қолданылатын ерiткiштер белгiлi бiр талаптарға сай болуы керек, соның iшiнде: ерiткiштердiң ерiткiштiк қасиетi жоғары болуы керек; ерiткiштер химиялық және фармакологиялық индифференттi болуы керек; ерiткiштер микроорганизмдердiң өсуiне тұрақты болуы керек; жағымсыз иiсi мен дәмiнiң болмауы; ерiткiштер арзан және қол жетерлiк болуы керек. Ерiткiштер: сулы - тазартылған су; бейсу - ұшқыш және ұшқыш емес еріткіштер болып бөлiнедi.

Су булары конденсаторға өтiп, сұйықтыққа айналады және дистиллят күйiнде қабылдағышта жиналады. Судағы барлық ұшпайтын қоспалар аквадистилляторда қалады. Кейiнгi кезде дистилденген судың орнына минералсыздандырылған суды қолдануға көңiл аударылып отыр. Суды тұзсыздандыру (минералсыздандыру) үшiн әртүрлi қондырғылар қолданылады. Жұмыс iстеу принципi: суды ион алмастырғыш шайырлары арқылы өткiзiп тұздардан тазартады. Қондырғылардың негiзгi бөлiгi катиониттермен және аниониттермен толтырылған колонкалар.

Сұйық дәрiлiк түрлердiң жалпы сипаттамасы. Жiктелуi. Сұйық дәрiлiк түрлер - дәрiлiк зат сұйық дисперстiк ортада ерiген жүйе. Дисперсологиялық жiктелуi бойынша сұйық дәрiлiк түрлер еркiн дисперстiк жүйеге жатады. Сұйық дәрiлiк түрлердiң келесi белгiлерi бойынша бiрнеше топқа жiктеледі: қолдану тәсiлi бойынша; дисперстi фазаның ұнтақталу дәрежесi және оның дисперстiк ортамен байланысы бойынша; ерiткiштiң құрамы мен табиғаты бойынша.

Концентрация. Сұйық дәрілік түрлерге рецепт жазу әдістері. Ерiтiндiлердi сұйық дәрiiк түр ретiнде белгiлеген кезде, рецепттердi әртүрлi тәсiлмен құрастырады: пайыз түрiнде; еритiн зат пен ерiткiштi бөлек көрсету арқылы; ерiтiндi көлемiн қажеттi көлемге дейiн жеткiзу арқылы; зат мөлшерiнiң ерiткiш мөлшерiне қатынасы арқылы.

Сұйық дәрілік түрлерді дайындау үшін қолданылатын еріткіштер. Оларға қойылатын талаптар. Аппаратура . Сұйық дәрiлiк түрлердi дайындаған кезде ерiткiш ретiнде табиғаты әртүрлi заттар қолданылуы мүмкiн: полярлы: су, спирт; полярсыз: көмiрсутектер. Сұйық дәрiлiк түрлердi дайындауға қолданылатын ерiткiштер белгiлi бiр талаптарға сай болуы керек, соның iшiнде: ерiткiштердiң ерiткiштiк қасиетi жоғары болуы керек; ерiткiштер химиялық және фармакологиялық индифференттi болуы керек; ерiткiштер микроорганизмдердiң өсуiне тұрақты болуы керек; жағымсыз иiсi мен дәмiнiң болмауы; ерiткiштер арзан және қол жетерлiк болуы керек. Ерiткiштер: сулы - тазартылған су; бейсу - ұшқыш және ұшқыш емес еріткіштер болып бөлiнедi. Ұшқыш ерiткiштерге этил спиртi (этанол), эфир, хлороформ жатады. Ұшқыш емес ерiткiштерге өсiмдiк майлары, глицерин, этиленгликоль, пропиленгликоль, кремний органикалық қосылыстар жатады.

Дәрiханада дистилденген (тазартылған) суды алу бөлек бөлмеде арнайы қондырғыларды қолдану арқылы ҚР ДСМ 25. 03. 02 ж. № 9 «Дәрiхана ұйымдарын орналастыру, жабдықтау және пайдаланудың санитарлық ережелерi мен нормалары» бұйрығының 9 бөлiгiнде көрсетiлген (16-18 беттер) талаптары бойынша құбырдағы судан айдау тәсiлiмен жүргiзiледi. Бұл бөлмеде басқа жұмыстарды жүргiзуге болмайды. Дәрiханада дистилляцияны дұрыс жүргiзудi, аквадистилляторларды және оның бөлшектерiн өңдеудi, сонымен бiрге суды жинайтын және сақтайтын жауапты қызметкер тағайындалады. Тазартылған судың сапасына бастапқы құбырдағы ауыз суының құрамы, дистилляторлардың конструкциясының ерекшелiктерi әсер етедi. Әр қондырғы негiзгі үш элементтен құралады: буландыру камерасы, конденсатор, қабылдағыш. Буландырғышта (буландыру камерасы) суды қайнағанға дейiн қыздырады. Су булары конденсаторға өтiп, сұйықтыққа айналады және дистиллят күйiнде қабылдағышта жиналады. Судағы барлық ұшпайтын қоспалар аквадистилляторда қалады. Кейiнгi кезде дистилденген судың орнына минералсыздандырылған суды қолдануға көңiл аударылып отыр. Суды тұзсыздандыру (минералсыздандыру) үшiн әртүрлi қондырғылар қолданылады. Жұмыс iстеу принципi: суды ион алмастырғыш шайырлары арқылы өткiзiп тұздардан тазартады. Қондырғылардың негiзгi бөлiгi катиониттермен және аниониттермен толтырылған колонкалар. Катиониттердiң активтiлiгi, сутек иондарының сiлтiлi және сiлтiлi-жерлi металлдардың иондарына алмасу қабiлетi бар карбоксил немесе сульфон топтарының болуына тәуелдi.

Ерітудің ерекше жағдайлары.

  • егер дәрiлiк заттың мөлшерi 3%-ға дейiн болса, онда тазартылған су мөлшерiн рецептте қанша жазылса, сонша көлемде алу керек, себебi, ұнтақтың мөлшерi оны ерiткен кездегi ерiтiндi көлемiнiң өзгеруi (ҚР ДСМ 2. 06. 2003 ж. N 85 бұйрығындағы ауытқу нормаларына кiредi) ;
  • егер ерiтiндi құрамында улы, күштi әсер ететiн заттар жазылған болса, онда ең алдымен осы заттардың дозаларының дұрыстығын тексередi;
  • аса гигроскопиялық заттардың (кальций хлориді, кальций ацетаты) сұйық дәрiлiк түрлерiн дайындау кезiнде олардың концентраттарын қолданады, мысалы, кальций хлоридi ерiтiндiлерiнiң технологиясында 50%-дық немесе 20%-дық концентрлi ерiтiндiлерi қолданылады;
  • ерітінділерді дайындау кезінде дәрілік заттардың қасиеттерін ескеру қажет: баяу және аз еритiн дәрiлiк заттар; ірі кристалды заттар; тотықтырғыш қасиетi бар заттар; жеңiл еритiн комплекстi қосылыс түзетiн заттар және т. б.

Салмақтық тәсiлмен:

  • қатты және сұйық дәрiлiк заттардың, салмақпен дозаланатын тұтқыр және ұшқыш ерiткiштердегi ерiтiндiлерi;
  • дисперстiк орта табиғатына байланыссыз (сулы, спирттi-сулы, бейсу), дисперстiк фаза концентрациясы 3% және одан жоғары суспензиялар;
  • дисперстiк фазасының концентрациясына байланыссыз эмульсиялар;
  • сұйық гомеопатиялық дәрiлiк құралдар.

Салмақтық-көлемдiк тәсiлмен:

  • сулы ерiтiндiлер;
  • сулы-спирттi ерiтiндiлер;
  • галендi, жаңа галендi дәрiлiк құралдар (тұндырмалар, сұйық экстракттар, адонизид және басқалар) дайындалады.

Салмақтық-көлемдiк тәсiлмен дәрiханада сұйық дәрiлiк түрлердi (микстураларды) дайындау үшiн: өлшегiш құралдар комплектiсi; бюреткалық қондырғылар үшiн арнайы концентрлi ерiтiндiлер; микстураларды дайындау үшiн арнайы есептеулер жүргiзу қажет.

Микстураларды концентрлi ерiтiндiлермен және құрғак заттарды ерiту арқылы дайындау. ҚР ДСМ 15. 12. 2004 ж. N 142 «Дәрiлiк құралдарды дайындау Ережелерi туралы» бұйрығының 1 бөлiмiнде жалпы сұйық дәрiлiк түрлердi, соның iшiнде микстураларды да салмақтық-көлемдiк әдiспен дайындау ережелерi келтiрiлген.

Бұл нұсқау 2 бөлiмнен тұрады:

1 бөлiм - сұйық дәрiлiк түрлердi дайындау ережелерi;

2 бөлiм - қосымшалар.

«Сұйық дәрiлiк түрлердi салмақтық-көлемдiк әдiспен дайындау» бөлiмi 26 тармақтан тұрады.

Дәрiлiк заттарды ерiту және араластыру реттiлiгi, жалпы дайындау ережелерi осы бұйрықтың 15 тармағында келтiрiлген. Сулы дисперстiк ортасы бар сұйық дәрiлiк түрлердi дайындаған кезде, ең алдымен есептелген, өлшенген (тазартылған, шаншуға арналған немесе хош иiстi) суда, ерiгiштiгiн және өзара әрекеттесуiн ескере отырып, қатты дәрiлiк және қосымша заттарды ерiтедi.

ҚР ДСМ 15. 12. 2004 ж. N 142 бұйрығының 16-тармағы. 1) Сұйық дәрiлiк түрлердiң жалпы көлемi жазылу тәсiлiне (рецептте «дейiн» деген көрсеткiштiң барына немесе жоқтығына байланысты), ерiткiш ретiнде хош иiстi сулардың, пертуссиннiң, тұндырмалардың және басқа галендiк препараттардың рецептте болуына байланысты анықталады.

2) Егер рецепте «белгiлi» көлемге дейiн деп жазылса, онда рецептте жазылған сұйық ингредиенттердiң көлемiн сулы ерiтiндi көлемiне енгiзедi, микстураның жалпы көлемi рецептте көрсетiледi.

Сұйық дәрiлiк түрлердi салмақтық-көлемдiк әдiспен еритiн қатты дәрiлiк заттармен және концентрлi ерiтiндiлермен дайындаған кезде ерiтiндi көлемiнiң өзгеруi осы бұйрықтың 18 тармағымен реттеледi.

Дәрiлiк түр құрамына кiретiн ұнтақ заттардың қосындысы 3%-ға дейiн болса және олардың концентрлi ерiтiндiлерi болмаса, онда дәрiлiк заттарды жазылымда көрсетiлген су мөлшерiнде немесе басқа сұйықтықта ерiтедi. Бұл кезде қатты дәрiлiк затты ерiткенде, ерiтiндiнiң жалпы көлемiнiң өзгеруiн ескермеуге болады, себебi, қатты заттардың мөлшерi ерiтiндiнiң жалпы көлемiне әсер етпейдi және ауытқулар көрсетiлген нормаларға сәйкес болады.

Дәрiлiк түр құрамына кiретiн ұнтақ заттардың қосындысы 3%-ға тең және одан жоғары болса, онда ол заттардың концентрлi ерiтiндiлерi қолданылады немесе ерiтiндi қатты заттар қолдана дайындалатын болса, бұл кезде 1 г затты 20 0 С температурада ерiткендегi ерiтiндi көлемiнiң ұлғаюын (көлем ұлғаю коэффициентiн -КҰК) ескередi.

Егер дәрiханада көрсетiлген дәрiлiк заттардың концентрлi ерiтiндiлерi жоқ болса, онда дәрiлiк түрдi өлшегiш ыдыста немесе дәрiлiк заттарды ерітуге қажеттi су көлемiн, олардың көлем ұлғаю коэффициентiн (КҰК) ескерiп дайындайды. Бұл жағдайда дәрiлiк заттарды жазылымда көрсетiлген су көлемiнде ерiтуге болмайды, себебi, құрғақ заттарды ерiткенде микстура көлемiнiң ұлғаюы, сұйық дәрiлiк түрлердiң жалпы көлемiнде жiберiлетiн ауытқу нормасына кiрмейдi. Құрғақ заттардың мөлшерi ерiтiндi көлемiн ұлғайтып жiбередi.

ҚР ДСМ 15. 12. 2004 ж. N 142 бұйрығының 20 тармағы. Құрамында хош иiстi сулары бар сұйық дәрiлiк түрлердi (микстураларды) дайындау.

Хош иiстi сулар (жалбыз, аскөк және т. б. ) нормативтiк құжаттардың талаптарына сай дайындалады және көлем бойынша дозаланады. (ҚР ДСМ 15. 12. 2004 ж. N 142 бұйрығының 14 қосымшасы) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік түрлердің агрегаттық күйі
Суспензия түзетін дәрілік заттар
Жағар майлар дәрілік түр ретінде. Дәрілік заттарды жағар майға енгізудің негізгі ережелері.
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы ақпарат
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Малға беру
Бюреткалық қондырғыны қолданып сұйық дәрілік түрлерді дайындау
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
Дәрілік заттарды рецептімен босатуға жатқызу қағидалары
Суспензияларды дайындау техналогиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz