XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды еуропа және орыс ғалымдарының зерттеуі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
КУРС ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды Еуропа және орыс ғалымдарының зерттеуі
Мазмұны
- XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы проблемаларының батыс тарихнамасынан көрініс табуы. Шетелдік зерттеушілердің қазақ жерін зерттеудегі саяси қырларына зейін қоюы. Қазақ қоғамының әлеуметтік - экономикалық және мәдени табиғатын анықтау проблемаларын зерттеу.
- Шет елдердегі Қазақстанды зерттеу орталықтары. Америка Құрама Штаттары. Соғыс, революция және бейбітшілік мәселелері жөніндегі институт. Батыс Еуропадағы басқа да зерттеу институттары.
- XVIII ғасырдың 20 - шы жылдарынан бастап қазақ жеріне келген орыс және батыс саяхатшылары. Кеңес империясы кезіндегі Қазақстан тарихының батыс тарихнамада зерттелген негізгі мәселелері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Тарих кешегіге емес бүгінгіге, келешек - бүгінгігі ұрпаққа керек. Қазақ халқының мыңдаған жылдар бойғы тарихына көз салып қарасақ, осынау көшпелі жұрттың мұқым тіршілігі тек қана өзінің тәуелсіздігі үшін жанталасқан күреспен өтіпті. Қазақстан тарихының өткен күндеріне зер сала қарасақ, тағдырдың таклай қысталаң шақтарында тапқанынан жоғалтқаны көп халқымыздың сан - қилы қиындықтарды бастан өткергенін көреміз.
Ресей империясының экономикасы мен саяси өмірі саласына Қазақстанның енуі оның ерекшеліктерін жан - жақты зерттеуді: оның тарихи өткеткенін ой елегінен өткізіп, тпбиғи ресурстарын, өндіргіш күштер деңгейін анықтауды қажет етті. Қазақстанды зерттеумен Ресейдің және Еуропаның толып жатқан ведомстволары - Ғылым академиясы, Географиялық қоғамы, Тау - кен ведомствосы, Қатынас жолдар министрлігі, Мемлекеттік мүлік министрлігі, Қазан университеті жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамы және басқа да ұйымдар айналысты.
Өлкеде қалыптасып келе жатқан зиялылар, мұғалімдер, дәрігерлер, саяси айдаудағылар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазақстан аумағында құрылуы немесе қызметі халықшылдар есімдерімен байланысыты емес ғылыми экспедиция, қоғам, мұражай жоқтың қасы. Олардың көбісі мұнда саяси айдауда болды немесе қызмет бабымен келді. Өлкеде . Өлкеде ғылыми жұмыспен айналысу орыс революционерлерінің Қазақстандағы өмірінің сәулелі шақтары болып табылады.
XVIII ғасырда батыс еуропалық шығыстануда Қазақстанды зерттеу онша қомақты орын алған жоқ, мұны ішінара зерттеушілер қолында болған деректемелердің аз екендігімен түсіндіруге болады. Алайда, XIX ғасыр ішінде көптеген саяхатшылардың, дипломаттардың, көпестер мен миссионерлердің күш - жігері арқасында ортаазиялық аймақ халықтарының әлеуметтік - экономикалық және саяси тарихы туралы алуан түрлі фактологиялық материал жинақталды. Мысалға келтірсек, белгілі тарихшы және мемлекет қайраткері А. И. Левшин (1797 - 1879) «Қырғыз - қазақ немесе қырғыз - қайсақ далаларының сипаттамасы» деген іргелі еңбегінде еуропалықтарға қазақтардың географиясын, тарихы мен этнографиясын бір жүйеге түсіріп, суреттеп берді және Ш. Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ тарихы үшін Геродот даңқына лайық еңбек сіңірді.
Отаршылдық пиғылдағы патша өкіметі XIX ғасырдың екінші жартысында көптеген жергілікті өлкетану қоғамдары мен бөлімшелерін ашады. Жергілікті өлкетані қоғамдарының міндеттері «географиялық, статистикалық, этнографиялық және жаратылыс - тарихи материалдар жинап, өңдеу және тарату ғылыми экспедицияларды жарақтандыру» боды.
Патша өкіметінің отралау саясатына деген қарсылыққа қарамастан, өлкетану қоғамдарының жұмысында айқын екі ағымның өкілдері болды. Бір жағында - патша өкіметінің отарлау идеологиясын жүргізушілер: генералдар, губернаторлар, дін қызметкерлерінің бір бөлігі мен шенеуніктер тұрса, оларға қарама - қарсы жақта прогресшіл пиғылдағы зиялылар: мұғалімдер, дәрігерлер, агрномдар, табиғаттанушылар, саяси жер аударылғандар тұрды.
Ғылыми қоғамдарды қызықтырған тағы бір мәселе қазақ халқының тарихы болды. Қазақстан тарихы көптеген ғалымдардың зерттеу нысанасына айналды. Қазақ халқының өзіндік ерекшелігін зерттеушілер білімнің әр түрлі салалары бойынша жұмыс істеді. Саяси жер аударылғандардың назарын Қазақстан археологиясы аударып, Н. Коншин, Д. Кастанье, А. Харузин, Л. Чермак, Д. А. Клеменц, Л. Каллаур, Д. И. Ивановтар Қазақстандағы бірқатар обьектілер туралы еңбектер жариялады. Қазақтардың этнографиясы жөнінде де көптеген мөлшерде мақалалар жарық көрді. Осы сипаттағы барынша қызықты еңбектердің бірі Ф. Зобниннің «Қазақ даласындағы еріксіздер, құлдар және төлеңгіттер туралы мәселе жөнінде» деген еңбегі еді.
Қазақстанды басқару саласындағы әкімшілік реформаларға байланысты қазақтардың дағдылы құқығы зерделеп, жүйеге келтіру керек болды. XIX ғасырдың 40 - шы жылдарынан бастап әр түрлі мекемелер қазақтардың дағдылы құқығы жазбаларын жинауға кірісті. Қазақтардың дағдылы құқығы бойынша Д. Андре, А. Леонтьев, И. И. Крафт, Г. С. Загряжский, Н. Гродеков және басқа зерттеушілер көп жұмыс істеді. Мәселен сот ісін жүргізу, отбасы, жер құқығы жөніндегі халықтық ғұрыптар жазбасы Семей комитетінің назарын аударды.
Өткен ғасырда еуропалықтар білімнің негізгі көзі эволюционистердің теориялық сұлбалары шеңберінде жасалған нарративтік әдебиет болатын. Халықтар тарихының, әдет - ғұрпының, материялдық және рухани мәдениетінің өзі тұратын табиғи ортамен байланысты екені туралы идея барлық жолжазбалардың, күнделіктер мен есептердің өзегі деуге болады. Түркістан мен Дала өлкесінің тарихы жөніндегі қорытындылаушы еңбектер де географиялық факторлардың басты рөл атқару үрдістеріне құрылған. XX ғасырдың басынан бастап шығыс қоғамдары зерттеушілерінің методологиялық көзқарастарында түбегейлі өзгерістер болды. Эволюционзмнің дағдарысы, атап айтқанда, адамзат қоғамының, соның ішінде түркі - монғол халықтарының көшпелі қоғамдарының да тарихын айқындайтын көптеген факторларды тануға негізделген әр түрлі мектептер мен бағыттардағы тарихи және этнографиялық ғылым салаларының пайда болуынан көрініс тапты.
XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ даласында болып кеткен шетелдіктер өз еңбектерінде Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүздегі көшпелі мал шаруашылығын, көші - қон бағыттары мен жер қашықтығын егжей - тегжейлі суреттеп, сауда мен егіншіліктің дамуына назар аударған.
Қазақтар туралы, олардың тарихынан әлеуметтік құрылымынан, тұрмысынан, рухани өмірінен, салық төлеуі мен әдет - ғұрпынан бастап алуан түрлі мәліметтер бар жалпы еңбектермен қатар қазақ қоғамының саяси, экономикалық, құқықтық жақтары мен мәдениетінің түрлі тақырыптарының жекелеген мәселелерін арнайы және тереңдетіп көрсететін еңбектер аз емес. Олардың бір бөлігі мерзімді басылымда жарияланған, ал басылымдар ауқымы қазақ халқына деген ынта - ықыласты және ол жөнінде көбірек те, кеңрек білуге құштарлықты көрсетеді. Мұндағы ерекшелік қазақ қоғамы өмірінің әр түрлі жақтары туралы назар аударарлық материалдарды басылымдарға жариялаған орыс және еуропа зиялылары өкілдерінің тартылуы болды. Бұл зиялылырдың Қазақ жерін зерттеуі туралы еңбектерді қарастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Соның негізінде, XVIII ғаырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Еуропа және орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеу жұмыстары мәселесі бойынша жазылған ғылыми еңбектерді, деректерді талдау тың тақырыптардың бірі.
Негізгі мақсаты мен міндеттері. XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Еуропа және орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеу жұмыстары тақырыптарына, жаңа деректер мен ғылыми еңбектер негізінде сыни көзқарас арқылы жан - жақты ашып көрсету - жұмыстың мақсаты болып табылады. Осыдан келіп жұмыстың негізгі міндеттері туындайды:
1) Қазақстанды зерттеу жұмыстары мәселелеріне арналған, көрсетілген кезеңдерде жарық көрген еңбектердегі авторлардың берген бағаларын топтастырып, оған сипаттама беру.
2) Тақырып төңірегінде жазылған Кеңес дәуіріндегі авторлардың еңбектерін қарастырып, ашылмаған қырларын назарға ашып көрсету.
3) Қазақстанның егемендік кезеңдерінде жарық көрген еңбектердегі авторлардың тұжырымдарына талдау жасап, оны салыстыру.
Жұмыстың тарихнамасы. Курс жұмысын жазу барысында баспасөз материалдары, ғылыми - зерттеу мәліметтер пайдаланылды. М. Қозыбаевтың «Актуальные проблемы изучения отечественной истории» атты еңбегінде тақырып аясында тың материалдар қарастырылады. А. Бөкейхановтың «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи» таңдамалы еңбегінде орыс және еуропа ғалымдарының қозғаған мәселелері жөнінде мағлұмат беріледі. Ә. Әбдәкімұлының «Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін) . » оқу құралында, шетелдегі Қазақстанды зерттеу орталықтары мен ғалымдардың зерттеу еңбектерінің атауларынан деректер келтіреді. Е. Бекмаханов өзінің «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында» атты оқу құралында орыс ғалымдарының әр түрлі тақырыптардағы қозғаған өзекті тақырыптар жайында ақпарат береді. В. З. Галиевтің «Медицинская деятельность ссыльных революционеров в Казахстане (вторая половина XIX века) . » деген еңбегінде Қазақстанға жер аударылғандардың медицина саласы бойынша жұмыстар атқарып, өздерінің еңбектерін ашу мақсатында жүргізген зерттеулері мен еңбектерінің атаулары жөнінде толық мәлімет келтіреді. А. Күзембайұлы, Е. Абилевтің «История Казахстана (с древнейших времен до 20 - х годов XXв. ) . » еңбегінде Қазақстанда болған шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сараптама мен салыстырулар жүргізеді.
XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Еуропа және орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеу жұмыстары мәселесін қамтиды.
Жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы проблемаларының батыс тарихнамасынан көрініс табуы.
1. 1 XVIII ғасырда батыс еуропалық шығыстануда Қазақстанды зерттеу онша қомақты орын алған жоқ; мұны ішінара зерттеушілер қолында болған деректемелердің аз екендігімен түсіндіруге болады. Бірақ XIX ғасыр ішінде көптеген саяхатшылардың, дипломаттардың, көпестер мен миссионерлердің күш-жігері арқасында ортаазиялық аймақ халыктарының әлеуметгік-экономикалық және саяси тарихы туралы алуан түрлі фактологиялық материал жинақталды.
Қазіргі авторлар Э. Бэкон. Л. Кралер, Дж. Уилер, Ш. Акинер, М. Олкотт, Э. Саркисяниц, А. Бенигсендер мен басқалардың монографиялары қазақ халқының тарихи өткен кезеңдеріне жаңа концептуалдық көзқарас (жаңғыртушылық концепция, құрылымдық-функционалдық талдау, диффузионизм мектебі және тағы басқалар) арнасында жасалған [1. 454 - б] .
С. Гедин Орынбордан, Мәскеуден, Нижний Новгородтан тауарлар әкелінген Қарабұтақтағы, Ырғыздағы, Қазалыдағы, Түркістан мен Шымкенттегі сауданың жай-күйін көрсете келіп: «Ең кызу айырбас сауда Троицк мен Оралда жасалады, өйткені ең бай қырғыздардың (қазақтардың. ) ауылдары сол жерде» деп жазған.
Шетелдіктер саяхаты, әдетте, елді мекендер арқылы жасалған, сондықтан олар Қазақстандағы кала өмірі туралы едәуір көп материал жинаған, ол материал Верныйда, Шымкентге, Әулиеатада, Перовскіде, Қапалда, Аягөзде, Семейде, Ақмолада, Гурьевте, Оралда, Ырғызда. Өскеменде және баска да елді мекендерде тұрғындар саны өсуінің сипаты, қала тұрғындарының этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер, саяси қыры туралы хабардар болуға мүмкіндік береді.
Қазіргі батыс тарихнамасы XIX ғасырдан белгілі әлеуметтік және саяси дәлелдемелер бар бірқатар идеялар мен тұжырымдарды мұраға алып калды. Американ тарихшысы Марк Раефф «Сібір және 1822 жылғы реформа» деген кітабында Орта Орданың атақты адамдары (сұлтандар, билер мен батырлар) жөнінде патша әкімшілігінің оларды Ресейге «өз еркімен бодан болуға көндіру үшін едәуір көлемде сатып алу саясатын жүргізгенін көрсетеді.
«Орыс империялық саясатының ұлттар жөніндегі модельдері» деген мақаласында ол Қазақстанды оның халкының «өзіндік ерекшелігіне қастандық жасау» болған жаулап алушылықты әскери-стратегиялық (мемлекеттің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы шекараның қауіпсіздігін камтамасыз ету) және экономикалық (өңдеуге арналған бос жер іздестіру) дәлелдермен түсіндіреді. Неміс тарихшысы Отто Гётч Қазақстан мен Орта Азияны «иемденуді» әскери-стратегиялық және одан кемірек дәрежеде, экономикалық қажетгерге байланысты оқиға деп қарастырады. Ресейдің географиялық жағдайының өзі-ак, - деп жазады автор, - оны «амал жоқтыктан» шығыс бағытына баруға мәжбүр етгі. Кингстон қаласындағы (Канада) Королева Университетінің тарих ғылымының профессоры Ричард Пирс бірінші қатарға - экономикалық, екінші қатарға әскери-стратегиялық дәлелдерді кояды. Калифорния (Беркли) университетінің профессоры Николас Рязановскидің пікірінше, Орта Азия аумағын Ресейге қосып алудың себептері «орыстардың ұлттық болмысында» жатыр. Э. Саркисянц (ГФР) «1917 жылға дейінгі Ресейдің шығыстағы халықтарының тарихы», «Орыстардың Орта Азияны жаулап алуы» деген еңбектерінде орыс-қаза қ катынастарының тарихын еуразиялық тұжырым д амалар тұрғысынан түсіндіруге ұмтылады. Оның пікірінше, мұсылман көшпелілер мен орыстар ешкашанда нәсілдік ұнатпаушылыққа бөлінген емес. Осы жағдай, сондай-ақ орыстардың Қазақстанды біртіндеп отарлау үрдісі «орыстар мен жергілікті халық арасындағы шыңыраудың тарылуына жеткізді, сонымен катар оларды еуразиялық кеңістіктер халықтарының тағдыры деп аталатынмен байланыстырып, бұл өлкеге орыстардың кіруін жеңілдетті». Ол Қазақстанның Ресейге қосылуының, қазақтардың жоңғарлармен және еділ қалмақтарымен, Орта Азия хандықтарымен, башкұрттармен және жайық қазақтарымен өзара қатынастарының негізгі кезеңдерін жаза келіп, орыс-қазақ қатынастарының ауқымды көрінісін, оның айтуына қарағанда. «орталықтандырылған монархия кұруға, қазақтарды отырықшылыққа көшіруге ұмтылған» Абылай ханның саясатын ашып көрсетеді. Нейстегі (ГФР) Дюссельдорф университетінің приват-доценті Франк Гольчевски сауда-саттық саясат және стратегиялық жәйттер «орыс экспансиясында» әрқашанда елеулі рөл атқарып келді деп есептейді және мұны орыстардың Сібірдегі сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақ даласына «басып кіруі» мысалымен, сондай-ақ Ресейдің «жылы теңіздерге» жол ашуға ұмтылуымен түсіндіреді.
Батыс зерттеушілері, кандай да болсын факторлар мен себептерді (қазақтарға жоңғарлардың кауіп төндіруі, Ресейдің сауда-экономикалық, әскери-саяси мүдделері, орыстардың өзіндік мінез ерекшеліктері, олардың менменшілдігі, онтүстік теңіздерге шығуға ұмтылысы, қазақ хандарының саясаты, жайылымдардың тарылуы және тағы басқа) көрсетсе де, Қазақстан мен Орта Азияны қосу жаулап алушылық сипатта болды дегенге келіп саяды. Жалпы алғанда, XVIII ғасырдың басына дейін орыс-қазақ қатынастары азды-көпті бейбіт сипатта болды, олардың арасында сауда, дипломатиялық байланыстар жасалды деп керсететін авторлар да Қазақ даласы бекініс шептермен қоршалып, «бөлшектеліп жаулап алынды» деп санайды. Колумбия университетінің (АҚШ) профессоры Э. Олуорд қазақтардың Ресей бодандығын қабылдауын «күш көрсету жағдайында мәжбүр болып қабылданған әрекет» деп қарастырады. Сондықтан 1731 және 1734 жылдары Әбілқайыр, Сәмеке және олардың ізбасарлары берген антты «олардын бодандары өздері үшін міндетті деп сезінген жок». Қазақтардың XIX ғасырдың ортасына дейін жартылай тәуелсіз болғаны, олардың Ресеймен қатынастары вассалдық сипат алғаны және олардың қатер төндірген сыртқы саяси жағдайлар себебінен ғана Ресейдің «қамқорлығында» болғаны атап өтіледі. Тек кейіннен, «әскери, бейбіт құралдардың ұштасуы» салдарынан ғана «вассалдық қатынастар жойылды».
Кейінгі уақытга батыс тарихнамасында Кіші жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы үрдісіндегі қазақтардың рөлі мен жоңғар-қалмақ факторына назар аударылуда. Егер 1970 жылдардың басына дейін бұл проблемалар Р. Пирс пен Г. Ланцевтің бірлескен еңбегінде ғана козғалса, 10-15 жыл өткен соң Чарльз Риесстің, Михаил Ходарковскийдін. - қалмақтар және орыс-қалмақ қатынастары туралы, Э. Соколдың - еділ және жайық қазақтары туралы, Э. Ситон мен X. Макнилдің патша өкіметінің Шығыстағы, соның ішінде қазақ даласындағы отарлау саясатының да қаруы ретіндегі қазақтар туралы зерттеулері жарияланды.
I Петрдің Азия елдеріне «қақпаны ашатын кілт» ретінде Қазақ даласын «иелену» жөніндегі жоспарын іске асырудың бастапқы кезеңін Э. Донелли, Д. Коллинз, Д. Б. Ярошевски, А. Вуд және басқа тарихшылар Ресейдің Башқұртстан мен Сібірді жаулап алуымен байланыстырады.
Ағылшын тарихшысы Алэн Боджер 1980 жылы «The Slavonic and East European Revieur»-де жарияланған «Қазақтардың Кіші ордасының ханы
Әбілқайыр және оның 1731 жылғы қазанда Ресейге адалдыққа берген анты»
деген мақаласында көп ауқымдағы деректемелер мен әдебиетке сүйене отырып, проблемаға өз көзқарасын айтуға тырысады.
Кіші жүз қазақтары бодандығының сипатын А. Боджер Ресей қамқорлығында болуға келісе отырып, олар қажет болған кезде орыс шекарасын қорғауға; Орта Азияға баратын орыс сауда керуендеріне көмек көрсетуге және қорғауға уәде берді деп анықұтайды. Алайда «қазақтар үшін, - деп жазады ол, - ант түгелдей формальды сипатта болды, қолайлы кезде бір жақты тәртіппен бас тартуға болатын, өз еркімен қабылданған ерікті қамқоршы мәртебесін білдірді. Қазақтар Ресей егемендігін қабылдаудың есесіне өздерінің сыртқы жауларына қарсы күресте одан қолдау табу, орыс шекарасын бойлай жатқан жайылымдарды пайдалануда артықшылықтар мен мүмкіндіктер алу үмітінде болды. Патша екіметі казактардың етінішіне аса мән бергені сондай, оларды өз еркімен Ресей бодандары қатарына қабылдады». Орыс және кеңес тарихнамасында, - деп пайымдайды автор, - осы оқиғаның сипаты мен қазақ халкының тарихындағы рөлі жөнінде қарама-қайшы көзқарастар бар. Патшалық Ресей тарихшыларының басым көпшілігі қазақтар шынында да өз көршілерінің қысымы өсе түскенімен, Әбілқайыр мен Сәмеке сияқты көшбасшыларының приниипті дәлелдері ең алдымен олардың билік жолындағы ішкі күресіне байланысты деген пікір ұстанды. “Олар (орыс тарихшылары. ) мінез-құлқы жағынан Әбілкайырдың өз уәдесін орындауға күші де, ниеті де жоқ ку, айлакер адам болғанына, оның ант беруі “шығыстық айла-шарғы” екеніне, ал патша үкіметінің онымен одақты қазақтарға ықпал ету үшін пайдалану саясатының босқа кеткеніне көз жеткізді” -деп жазады А. Боджер. С. Асфендияров пен В. Лебедевтің еңбектеріне сілтеме жасай отырып, ол кеңес тарихшыларының да Әбілқайыр мен қазақ феодалдары билік басындағыларының Ресеймен одақ жасауға барғанда тек өз пайдаларын, қазақ еңбеккеріне өз билігін нығайту жолдарын іздестірді деп санағандығын керсетеді .
Бұдан әрі А. Боджер тарихнама дамуының негізгі кезеңдерін, оның проблемаларын, атап айтқанда, Қазақстан тарихына қатысты «ең аз зұлымдық» дейтін теорияның пайдаланылуын баяндайды. Осы формуланы пайдалана отырып, - деп жазады ол, - кеңес ғалымы М. П. Вяткин XVIII ғасырдың басында қазақтардың еңбекші бұқара үшін азапты да ауыр болғанымен, оларға Жоңғарияға бағынудан гөрі неғұрлым перспективалы орыс бодандығын таңдаудын қиын жағдайында тұрды деп пайымдады. А. Боджер бұл тұжырымның көпке шыдамағанын керсеткенімен, өз сынының өткір жүзін нақ М. П. Вяткиннің тезисін теріске шығаруға бағыттайды. А. Боджер былай деп жазады: «Қазақ жүздерінің билігі Жәнібек ханны (1460-1480) мұрагерлерінің қолында болды; Ұлы орда мен Орта орданы - үлкен ұлы Жәдіктің (Dzadig) ұрпақтары, Кіші орданы Жәнібектің кіші ұлы Өзектің (Osek) ұрпақтары биледі . . . Әбілқайыр қазақ хандарының генеалогиялық жас жағынан кіші тармағынан шыққан, бұл оның үстем болуына мүмкіндік бермеді. Алайда жеке басының қасиеттері мен ықпалды феодалдық топтардың қолдауы шешуші фактор болды. Жоңғарларға карсы күресте Әбілқайыр өзінің осындай артықшылықтары бар екенін көрсетті. Ол Кіші жүздің аса мықты қол бастаушылары Бөгенбай батырмен, Есет батырмен жөне Жәнібек батырмен одақ жасасты».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz