Сақтандыру шартының жекелеген түрлері



ЖОСПАР
Кіріспе
1. Сақтандыру шартының құқықтық табиғаты
1.1. Сақтандырудың түсінігі

1.2. Сақтандырудың даму тарихы
2. Сақтандыру шартын құқықтық реттеудің жалпы сипаттамасы
2.1. Сақтандыру шартының түсінігі және заңдық табиғаты

2.2. Сақтандыру шартының жасалу тәртібі
2.3 Сақтандыру шартының субъектілері мен объектілері
2.4. Сақтандыру шартын орындау
2.5.Сақтандыру шартының мазмұны мен нысаны
2.6. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру шартының қолданылу аясы
2.7. Сақтандыру шартын тоқтату және жарамсыздық жағдайлары
3. Сақтандыру шарты бойынша жауапкершіліктің кейбір мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Жұмысымның мақсаты:Адам баласының басына түскен бақытсыз жағдай туындаған кезде азаматтарға материалдық жағынан көмек көрсету болып табылады.
Жұмысымның міндеттері:Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде азаматтардың сақтандыру шартына жүйелі түрде қызмет ету механизмі құқықтық қатынастар арқылы реттеліп отырады. Сақтандыру шарты сақтандыру құқық қатынасының пайда болу негізі болып табылатын заңды факт. Шарт болып екі немесе одан көп адамдардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтатылуы танылады. Сақтандыру шарты негізінен ақша құрайтын шарттың түріне жатады. Сақтандыру сыйақысы, сақтандыру төлемдері ақшалай нысанда төленеді.
Сақтандыру шарты мынадай пункттерден тұрады: Сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты және тұрған жері немесе оның атауы, орналасқан жері болуға тиіс, сақтандыру объектісін көрсету, сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі.
Жұмысымның өзектілігі: Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздікке ие болу заңдылығы егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын құқықтық негізін қайта құрып ғана емес, тіптен мемлекетті басқару, экономика, мәдениет, тәртіпті сақтау, елді қорғау т.б. заңдар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар демократия және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына негізделген құқықтық мемлекеттің азаматтардың құқықтық сауаттылығының кепілдемесі немесе кепілдігі қандай да болмасын қоғамдық өмірдің маңызды жақтарының бірі заң актілерімен жүзеге асырылатын сақтандыру болып табылады. Сақтандырудың түрлеріне, тәртібіне, талаптарына сәйкес заң актілерін Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті сақтандыру жүйесінің нормативтік актілерін белгілесе, ал Қазақстан Республикасының Үкіметі осы қабылданған сақтандыру жүйесінің заңды-нормативтік актілерінің жүзеге асырылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі қадағалап, бақылап отырады.
Жоғарыда айтылған мәселелерден менің осы тақырыпты таңдау себептері ретінде және сақтандыру шартының жекелеген түрлері атты тақырыптың өзектілігін көруге болады.
Жұмысымның құрылымы:жұмыс үлкен 3 бөлімнен, сондай – ақ кіріспе, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Нормативтік – құқықтық актілер тізімі

1.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы бөлім 1994ж. 27 желтоқсан.(2014ж. өзгертулер мен толықтырулармен)
2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі Ерекше бөлім 1999ж. 1 шілде.(өзгертулер мен толықтырулар 2011ж. 25 наурыз)
3. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» заңы 2000ж. 18 желтоқсан.(өзгертулер мен толықтырулар 2014ж. 6 қазан)

Арнайы әдебиеттер

1. Страховое право РК //под ред. А.И. Худякова. – Алматы, 1997.
2. Советское страховое право //под ред. В.А. Тархов. – Саратов, 1978.
3. Страхование: принципы и практика //под ред. Д. Бланд. – Москва, 2000.
4. Актуальные вопросы коммерческого законодательства в РК и практика его применения: страхование. Высшая школа “Әділет”. – Алматы, 1997.
5. Введение страховое право //под ред. Ю.Фогельсон. – Москва, 2001.
6. Права и обязанности граждан по договору страхования М.А. Шиминова. – Москва, 1981.
7. Страхования: история, действующая законодательством, перспективы //под ред. М.Я.Шиминова. – Москва, 1989.
8. Страховое возмещение при гибели и повреждений имущества //под ред. А.А.Матылева. – Москва, 1971.
9. Имущественное и личное страхование М.Я.Шиминова. – Москва, 1985.
10. Гражданское право ч. ІІ //под ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого. – Москва, 1999.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе
1. Сақтандыру шартының құқықтық табиғаты
1.1. Сақтандырудың түсінігі

1.2. Сақтандырудың даму тарихы
2. Сақтандыру шартын құқықтық реттеудің жалпы сипаттамасы
2.1. Сақтандыру шартының түсінігі және заңдық табиғаты

2.2. Сақтандыру шартының жасалу тәртібі
2.3 Сақтандыру шартының субъектілері мен объектілері
2.4. Сақтандыру шартын орындау
2.5.Сақтандыру шартының мазмұны мен нысаны
2.6. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру шартының қолданылу аясы
2.7. Сақтандыру шартын тоқтату және жарамсыздық жағдайлары
3. Сақтандыру шарты бойынша жауапкершіліктің кейбір мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жұмысымның мақсаты:Адам баласының басына түскен бақытсыз жағдай туындаған кезде азаматтарға материалдық жағынан көмек көрсету болып табылады.
Жұмысымның міндеттері:Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде азаматтардың сақтандыру шартына жүйелі түрде қызмет ету механизмі құқықтық қатынастар арқылы реттеліп отырады. Сақтандыру шарты сақтандыру құқық қатынасының пайда болу негізі болып табылатын заңды факт. Шарт болып екі немесе одан көп адамдардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтатылуы танылады. Сақтандыру шарты негізінен ақша құрайтын шарттың түріне жатады. Сақтандыру сыйақысы, сақтандыру төлемдері ақшалай нысанда төленеді.
Сақтандыру шарты мынадай пункттерден тұрады: Сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты және тұрған жері немесе оның атауы, орналасқан жері болуға тиіс, сақтандыру объектісін көрсету, сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі.
Жұмысымның өзектілігі: Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздікке ие болу заңдылығы егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын құқықтық негізін қайта құрып ғана емес, тіптен мемлекетті басқару, экономика, мәдениет, тәртіпті сақтау, елді қорғау т.б. заңдар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар демократия және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына негізделген құқықтық мемлекеттің азаматтардың құқықтық сауаттылығының кепілдемесі немесе кепілдігі қандай да болмасын қоғамдық өмірдің маңызды жақтарының бірі заң актілерімен жүзеге асырылатын сақтандыру болып табылады. Сақтандырудың түрлеріне, тәртібіне, талаптарына сәйкес заң актілерін Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті сақтандыру жүйесінің нормативтік актілерін белгілесе, ал Қазақстан Республикасының Үкіметі осы қабылданған сақтандыру жүйесінің заңды-нормативтік актілерінің жүзеге асырылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі қадағалап, бақылап отырады.
Жоғарыда айтылған мәселелерден менің осы тақырыпты таңдау себептері ретінде және сақтандыру шартының жекелеген түрлері атты тақырыптың өзектілігін көруге болады.
Жұмысымның құрылымы:жұмыс үлкен 3 бөлімнен, сондай - ақ кіріспе, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттен тұрады.

1. Сақтандыру шартының құқықтық табиғаты
1.1. Сақтандырудың түсінігі

Сақтандыру белгілі бір мүдделерге келген шығынның орнын толықтыруда маңызды орын алады. Сақтандыру бұл сыртқы немесе ішкі факторлар әсерінен адамға немесе мекемеге келетін залалдардан қорғау болып табылады. Сақтандыру экономикалық категория ретінде белгілі бір шаруашылық іс қималдарының нәтижесінде, арнайы мекеменің басқаруындағы, қаржының жинақталуы мен оның жұмсалуын қамтамасыз ету, сол мекеменің құрылуына мүдделі мекемелер мен азаматтардың өзгеше бір жағдайлар туындағанда мүлікті және басқада шығындардың орнын толтырылуын реттеп отыру. Мұндай мекемелерді құру мен оған қаржы аудару адам өмір сүру процессінде табиғатқа және қоршаған ортаға келетін қауіп қатерлерден, яғни су тасқыны, қуаңшылық жер сілкінуі тағы басқалай апаттардан келетін зияндардың орнын толтыру үшін қажет болып отырған. Сақтандыру қандай да бір мүліктік шығындардың орнын толықтай және тез қайтарудың тиімді тәсілі болып табылады. Сақтандыру аясында кенеттен келетін оқиғалардың зардабы мен күресу, одан келген шығындарды толықтай қайтару және оны есептеу заңда белгіленген мөлшерде жүргізіледі. Сақтандыру әртүрлі негіздерге байланысты белгілі бір түрлерге жіктеледі. Қазақстан Республикасының заң актілері мынадай түрлерге: 1.Міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті; 2.Сақтандыру объектісі бойынша жеке және мүліктік.
Осыдан басқа заңды техникалық сипатына байланысты көпше (қос және топтың сақтандыру) болып бөлінеді.
Міндетті сақтандыру Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 806-бабына сәйкес (ерекше бөлім) заң актілері талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру болып табылады. Міндетті сақтандырудың түрлері; тәртібі мен талаптары заң актілерімен (яғни Қазақстан Республикасының Парламенті актілерімен) белгіленеді. Осыған сәйкес міндетті сақтандыруды құқықтық реттеудің 2 деңгейлі жүйесі қарастырылған: Қазақстан Республикасының Парламенті міндетті сақтандырудың белгілі бір түрлері туралы деректі белгілейді, ал Қазақстан Республикасының Үкіметі оның жүзеге асуын қадағалайды. Мұндай тәртіп міндетті сақтандырудың негізсіз даму шеңберін болдырмау мақсатында қолданылады, себебі сақтандырудың бұл түрінен жеке және заңды тұлғаға қатысты зорлық-зомбылық туындауы мүмкін және бұл тек демократиялық мемлекет жағдайында әлеуметтік қажеттілік негізінде мәжбүрлеу шарасы ретінде қолданылуы мүмкін. Кейбір мемлекеттерде міндетті сақтандыру шартсыз нысанда жүзеге асырылады және қатысушы тараптар заңмен белгіленген өзіне тиесілі міндеттемелерін орындауға міндеттенеді. Қазақстан Республикасының заң актілері міндетті және ерікті сақтандыру шарт түрінде жүзеге асуын белгіленді. Сонымен қатар шартпен құқықтық актінің арақатынасы келесідей тәртіпте белгіленген: сақтанушы сақтандырушымен заң актілерінде белгіленген мөлшерде шарт жасасуға міндетті; сақтандырушы сақтанушыға заңда белгіленген жағдайдан пайдалырақ жағын ұсынуға міндетті. Мысалға: міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде белгілі бір объектіні сақтандыруға 50 теңге мөлшерде сақтандыру сыйақысы белгіленген, егер ол жоғалған жағдайда сақтандыру төлемі 1000 теңге мөлшерде құрайды. Сақтандырушы сақтанушымен сол берілген объекті бойынша сақтандыру сыйақысы 45 теңгені құраса, ал сақтандыру төлемі 1100 теңге құрайтын мөлшерде сақтандыру шартын жасасуға құқылы.
Міндетті сақтандыру берілген негіздерге байланысты келесі белгілерге бөлінеді:
ол заң актілерімен және парламент актілерімен белгіленеді;
міндетті сақтандырудың жағдайы осы сақтандырудың түрін реттейтін заң актілерімен белгіленеді;
міндетті сақтандырудан сақтанушы жалтарған жағдайда заңда көрсетілген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылады;
Ерікті сақтандыруға келетін болсақ ерікті сақтандыру деп тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыруды айтамыз. Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Яғни ерікті сақтандырудың қатынастарын реттейтін негізгі қайнар көзі болып шарт танылады.
Азаматтың өмірін, денсаулығын еңбекке қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін сақтандыру жеке сақтандыруға жатады. Сонымен жеке сақтандырудың объектісі болып:
өмірді сақтандырған кезде - адам биологиялық тіршілік етуші ретінде.
денсаулықты сақтандыру кезінде-организмнің физиологиялық қабілеті ескеріледі.
адамның еңбекке жарамдылығын сақтандыру кезінде - организмнің қызмет ету қабілеті ескеріледі.
адамның жеке басына қатысты басқа да мүддесін сақтандыру кезінде - адамның жұмыс істеу қабілеті және адамның мәртебесі немесе сақтандыру жағдайы туындаған кезде адамның организмі күрделі өзгерістерге ұшырамауы тиіс.
Ең басты мысал ретінде қосымша зейнетақыны сақтандыру, кәмелетке толмағандарды сақтандыру, үйлену тойын сақтандыру. Кейбір жағдайларда сақтандыру кәсіби еңбек қабілеттілігін қорғаудың тәсілі ретінде саналады. Мысалға: топ модельдің дене-бітімін сақтандыру, әншінің даусын сақтандыру, пианистің саусақтарын сақтандыру, балетмейстердің аяқтарын сақтандыру. Сақтандыру қызметінің дамуына байланысты сақтандыру түрлері мынадай деңгейге дейін көтерілді, яғни маскүнемдіктен сақтандыру, жүктіліктен сақтандыру, спид вирусының жағдайынан сақтандыру.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдермен азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру мүліктік сақтандыруға жатады. Мүлікті сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) тәуекелі, жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады. Сақтандырушының немесе пайда алушының мүліктерді сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болып табылады.
Менің ойымша жеке және мүліктік сақтандырудың негізгі мақсаты - бақытсыз жағдай туындаған кезде азаматтарға материалдық жағынан көмек көрсету болып табылады. Сонымен қатар сақтандыру топтық түріне қарай қос (көпше) сақтандыру-белгілі бір объектіні бірнеше сақтандырушыда әрқайсысы мен дербес шарт бойынша сактандыру Қазақтан Республикасының заң актілері қос (көпше) сақтандыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, себебі кейбір жағдайларда сақтандырушы белгілі бір себептерге байланысты сақтандырушыға сақтандыру төлемдерін төлемесе, екінші бір сақтандырушыдан өзіне тиесілі сақтандыру төлемдерін қайтарып алуға мүмкіндігі туады.
Мүлікті қос сақтандыру кезінде әрбір сақтандырушы сақтанушының алдында онымен жасалған шарттың шегінде жауапты болады, алайда сақтанушының барлық сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемінің жалпы сомасы нақты зияннан аспауы тиіс. Бұл ретте сақтанушы кез келген сақтандырушыдан онымен жасалған шартта көзделген сақтандыру сомасының көлемінде сақтандыру төлемін алуға құқылы. Егер алынған сақтандыру төлемі нақты зиянды жаппайтын болса сақтанушы жетпеген соманы басқа сақтандырушыдан алуға құқылы. Келтірілген зиянды басқа сақтандырушылар өтегендіктен сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара босатылған сақтандырушы сақтанушыға шыққан шығындарды ескере отырып, сақтандыру сыйақыларының тиісті бөлігін қайтаруға міндетті.
Жеке өзін қос (көпше) сақтандыру кезінде әрбір сақтандырушы өзінің сақтанушы алдындағы сақтандыру міндеттемелерін, оларды басқа сақтандырушылардың орындағанына қарамастан, өз бетінше атқарады.
Келесі сақтандырудың күрделі түріне топтық сақтандыру жатады. Топтық сақтандыру кезінде бір сақтандыру шартымен бір мезгілде өздері пайда алушы болып табылатын бірнеше сақтандырылған адамдар қамтиды. Мысалы: тұтынушы кооператив саяжай құрылысын, кооператив мүшелерінің саяжайларын өрттен және басқада төтенше жағдайлардан сақтандырады. Бұл жерде сақтанушы ретінде кооператив танылады және ол өз атынан сақтандырушымен шартқа отырады және сақтандыру төлемдерін төлейді. Сақтандыру объектісі болып кооператив мүшелерінің саяжай учаскілері кіреді. Әрбір кооператив мүшелерінің жеке мүлкі есебінде саяжай учаскелері сақтандырылады. Егерде саяжай құрылысына сақтандыру жағдайы туындап сақтандырушы сақтандыру төлемдерін төлеген жағдайда кооператив мүшелері пайда алушылар болып есептеледі.
Топтық сақтандыру адамдардың белгілі бір санаттарын қамтитын жеке де, мүліктік те, дербестендірілген де, иесіздендірілген де болуы мүмкін. Иесіздендірілген сақтандыру кезінде сақтандырылған адамдар тобы сақтандыру шартында бұл оның әрбір сақтандырылған адамға қатысты зардабын және оған тиесілі сақтандыру төлемінің мөлшерін дараландыру үшін қажетті шамада нақтылануға тиіс.
Топтық сақтандырудың көп тараған түріне адам өмірін ұжымдық сақтандыру, яғни бұл жерде сақтанушы болып әкімшілік (жұмыс беруші) немесе кәсіподақ ұйымы танылады, ал сақтандырылған адам есебінде мекеме қызметкерлері немесе мекеме жұмысшылары жатады.
Қазіргі кезде мемлекеттік қызметкерлердің белгілі бір топтары атқаратын қызметтерінің қауіптілігіне байланысты сақтандырылады. Мысалға: әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарының қызметкерлері, соттар, прокурорлар. Топтық сақтандырудың тағы бір түріне жанұялық сақтандыру жатады. Жанұялық сақтандыру бұл бір уақытта сақтанушы және сақтандырылған адам болып жанұя мүшелері танылатын жеке сақтандыру. Бұл жерде сақтанушылар қайтыс болу жағдайын және денсаулығын сақтандырады. Топтық сақтандырудың тағы бір түріне қоғамдық өзара сақтандыру жатады және оның әрбір қатысушылары бір мезгілде сақтанушы да, сақтандырушыда да бола алады.
Тағы бір сақтандырудың аралас түріне ортақ сақтандыру жатады. Сақтандыру объектісі бірнеше сақтандырушы (ортақ сақтандыру) бірлескен бір шарт бойынша сақтандырылуы мүмкін. Бұл орайда шартта әрбір сақтандырушының келісілген үлестердегі құқықтары мен міндеттерін айқындайтын талаптары болуы тиіс. Мысалға: жеке меншік үй иесі өз үйін өрт қауіпсіздігінен сақтандыру үшін бір уақытта үш сақтандырушымен шарт жасасқан.Үш сақтандырушыортақ сақтанушы адаммен өзара келісімге келгенжәне осы келісімдерді шартта көрсеткен, яғни сақтанушыға сақтандыру жағдайы туындаған кезде бірінші сақтандырушы 50%-ін, екінші сақтандырушы 30%-ін, үшінші сақтандырушы 20%-ін төлеуге міндеттелген.
Ортақ сақтандыру бұл сақтанушының мүддесін қорғауды жақсартуды көздейді. Бір сақтандырушының қолынан келмегенін олар қосыла отырып атқарады. Ортақ сақтандыру сақтандырушылар арасындағы сақтандыру жүйесін дамуын және Қазақстанда сақтандыру қатынасын жетілдіру мен сақтанушылардың мүдделерін қорғауға және дамытуға негізделген.
Тағы бір сақтандырудың күрделі түріне қайта сақтандыру жатады. Қайта сақтандыру сақтандырушының қаржылық жағдайын қамтамасыз етумен қатар оның сақтандыру төлемдерін төлеуіне кепілдік береді. Сақтандырушы өзі шартпен қабылдаған сақтандыру тәуекелін екінші сақтандырушыға өткізген кезде, ол қайта сақтанушы болып табылады. Ал осы тәуекелді қабылдаған сақтандырушы қайта сақтандырушы болып табылады. Өз кезегінде қайта сақтандырушы өзі қабылдаған сақтандыру тәуекелін басқа бір сақтандырушыға өткізе алады (екінші қайтара сақтандыру). Мұндай операция ретроцессия деген атауға ие. Сақтандырушы өз тәуекелін ретроцессияға берген жағдайда ол ретроцессионер деп аталады. Қайта сақтандыру талаптары қайта сақтанушының және қайта сақтандырушының шартымен айқындалады. Қайта сақтандыруды ұйымдастыру үшін қайта сақтандырушылар бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде жай серіктестікке біріге алады. Екі немесе бірнеше қайта сақтандыру шарттарын біртіндеп жасауға жол беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағында қайта сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызмет "Сақтандыру қызметі туралы" заңында көзделген тәртіппен лицензиялануға тиіс.

1.2. Сақтандырудың даму тарихы

Сақтандыру негізінен адам баласы пайда бола бастағаннан бастап жүргізіліп келген. Яғни алғашқы қауымда-ақ адамдар өздерінен ауысқан тағамдарын жерге көміп отырған, себебі ол ертеңгі күні бұғыны немесе мамонтты атып алуына көзі жетпегендіктен, аштан өліп қалмау үшін өзін-өзі сақтандырып отырған. Осыдан келе өзін-өзі сақтандырудың негізі пайда бола бастаған. Мысалы: шаруашылықтар төтенше бір жағдайлардың әсерінен жұмыстың тоқтауына алып келетін шығындардың орнын толтыру үшін өзін-өзі сақтандырып қаржылай немесе материалдай қорлар сақтап отырған. Сақтандырудың заңды негіздері б.э.д. 3,5 мың жыл бұрын өткен Вавилон патшасы Хамурапидің заңдарында көрініс тапқан, өз елінің керуен басыларын, саяхатшыларын тонаушылардан немесе басқа да кездесетін шығындардан өзара сақтандырып отырған. Көне Египетте де діни негізде өзара сақтандыру қорлары құрылған, өздерінің арасынан қайтыс болған адамдардың отбасыларына өз араларынан көмек беріліп отырған. Осыған ұқсас қорлар ертедегі Римде "collegіa tenuіrum" деген атпен серіктестік құрылған, серіктестік қатысушылардың арасынан бір кісі қайтыс болса, оны көму үшін, оның отбасына, не туысқандарына белгілі бір қаржы бөлініп отырған, бұл қаржы серіктестіктегі барлық қатысушылардан взнос есебінде жиналып отырылған. Келе-келе сақтандыру қоғамның маңызды бір саласына айналды, яғни сақтандыру үшін арнайы кәсіби мамандар бөлініп, сақтандыру қорлары мен мекемелері ашылды және олар тікелей заңдармен қорғалып және реттеліп отырды.
Г.Д. Шершеновтың жазуы бойынша сақтандыру алғаш теңіз саудасында қолданыла бастаған, жалпы теңіз сақтандыруы XІІІ -ғасырда Жерорта теңізінде пайда болған. Мысалы: егерде кеме апатқа ұшыраған жағдайда және басқада қауіп - қатерлерден келген зиянды кемешілер өзара толтырып отырған.
Сауда саласындағы сақтандыру XІІІ ғасырда украиндық Чумактарда кездескен. Украиндық чумактар Қара және Азов теңізі жағалауларынан балық және тұз өнімдерін алып келіп жәрмеңкелерде сатып, оның орнына басқа тауар алып, оны басқа жерлерге апарып сатып отырған. Олар өздерінің саяхаттарын керуендермен, өгізге жеккен арбамен жасап отырған. Осы саяхат барысында белгілі бір зардап болған жағдайда, мысалы өгіздердің өлуі т.б., келген шығынның орнын бірлестік ақшасымен толтырып отырған.ХIX ғасырдың басында экономикалық идеялардың үстемдік етуіне байланысты жеке акционерлік сақтандыру басымдыққа ие бола бастады.
2. Сақтандыру шартын құқықтық реттеудің жалпы сипаттамасы
2.1. Сақтандыру шартының түсінігі және заңдық табиғаты

Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында сақтандыру шарт жасасу арқылы жүзеге асады. Сақтандыру шарты сақтандыру құқық қатынасының пайда болу негізі болып табылатын заңды факт. Шарт болып екі немесе одан көп адамдардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы келісімі танылады.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандыру төлемдерін төлеуге міндеттенеді.
Сақтандыру шарты қайтарымды шарт болып есептеледі. Мысалға сақтандыру шартының қайтарымсыз түріне сыйға тарту шарты жатады. Сақтандыру шарты негізін ақша құрайтын шарттың түріне жатады. Сақтандыру сыйақысы, сақтандыру төлемдері ақшалай нысанда төленеді.
Сақтандыру шартында мыналар болуы тиіс:
сақтандырушының атауы, орналасқан жері мен банктік реквизиттері;
сақтанушының (егер ол жеке адам болса) тегі, аты, әкесінің аты және тұрған жері немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттері;
сақтандыру объектісін көрсету;
сақтандыру жағдайын көрсету;
сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі мен мерзімдері;
сақтандыру сыйақысының мөлшері, оларды төлеудің тәртібі мен мерзімдері;
шарттың жасалу күні және қолданылу мерзімі;
егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету.
Тараптардың келісімі бойынша шартқа өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
Кез-келген шарттың жағдайын елеулі және елеусіз деп бөлуге жатады. Шарттың мәні туралы ережелер, заңдарды елеулі деп танылған немесе шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер, сондай-ақ бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық ережелер елеулі ережелер болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі сақтандыру шартының елеулі түрін бөліп көрсетпейді. Мүлікті сақтандыру шарты кезінде тараптар: 1) сақтандыру объектісі, 2) сақтандыру жағдайы, 3) сақтандыру сомасы, 4) сақтандыру төлемі, 5) сақтандыру сыйақысы, 6) шарттың орындалу мерзімі жөнінде келісімге келуге тиіс.
Жеке сақтандыру шартын жүргізген кезде сақтанушы мен сақтандырушының арасында : 1) сақтандырылған адам жөнінде, 2) сақтандыру жағдайы жөнінде, 3) сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемінің мөлшері жөнінде, 4) сақтандыру шартының орындалу мерзімі жөнінде келісімге келуге тиіс.
Сақтандыру шарты жағдайына қарай екіге бөлінеді:
тараптардың келісімімен белгіленген;
заң актілерімен белгіленген;
Бірінші жағдайда тараптар өзара келісімімен, ерік білдіруіне байланысты шешіледі және олар өздеріне қажетті қандай да бір шешімді қабылдауға құқылы. Мысалы: тараптар сақтанушының заңға қайшы келмейтін бар мүддесін сақтандыруға құқылы. Егер сақтандыру шартында, заң актілерінде көзделгендермен салыстырғанда сақтанушының жағдайын нашарлататындай талаптар болса, онда сақтанушыға заң актілерінде көрсетілген ережелер қолданылады. Осыдан кем дегенде үш жағдай туындайды.
Біріншіден егер де белгілі бір себептермен сақтандыру жағдайында құқықтық актілер алғы шарт ретінде жүргізілсе, онда шарттың жағдайы осы алғы шартқа негізделеді.
Екіншіден егер сақтандыру шарты құқықтық актінің алғышартымен салыстырғанда сақтанушының жағдайын нашарлататын болса, онда келісілген жағдай жарамсыз деп есептеледі де, құқықтық актінің тікелей әрекеті арқылы жүзеге асады.
Үшіншіден егерде сақтандыру шарты өзіне тиесілі сұрақты реттей алмаса, онда ол заң актілерімен және құқықтық нормалар алғышартымен реттеледі. Жалпы бұл жерде шарттың мазмұны мен мәні заң актілерінде көрсетілген талаптарға негізделуі тиіс.
Бірақта міндетті сақтандыру бөлімінде мынадай ереже қолданылуы мүмкін: сақтандырушы сақтанушыға заң актілерінде көрсетілген талаптардан пайдалырақ жағын көрсетуге құқылы. Осыдан үш жағдай туындауы мүмкін.
Біріншіден сақтандыру жағдайы міндетті сақтандыру туралы заң актілерінің талаптарына сәйкес келуі керек.
Екіншіден егер сақтандыру шарты көрсетілген жағдайларға қарағанда сақтанушының мүддесін жақсартатын болса, бұл жағдай заңды деп есептеліп сақтандыру шартында қолданылады.
Үшіншіден егер сақтандыру шартында көрсетілген жағдай заң актілерінде көрсетілген жағдайға қарағанда сақтанушының жағдайын нашарлататын болса, бұл жағдай заңсыз деп есептеліп заң актілерінде көрсетілген жағдайлар қолданылады.

2.2. Сақтандыру шартының жасалу тәртібі

Сақтандыру тараптардың келісімі бойынша шарт жасау жолымен жүзеге асырылады. Өзара келісімдерінің негізгі бастауы болып сақтанушының ауызша немесе жазбаша арызы танылады. Келіссөздер жүргізу кезінде сақтандырушы сақтанушыны сақтандыру ұйымы ұсынған барлық сақтандыру жағдайымен таныстыруы керек. Келіссөздер нәтижесінде тараптар шарттың барлық елеулі жағдайлары бойынша келісімге келуі тиіс. Бұл жерде елеулі жағдайлар болып:
* оқиғаның яғни оның туындауына байланысты сақтандыру төлемін төлеуге міндетті;
* сақтандыру шартының әрекет ету аумағы;
* сақтандыру объектісі жөнінде;
* сақтандыру төлемін төлеу тәртібі мен мерзімі;
* сақтандыру шартының жасалу мерзімі;
* сақтандырушының міндеттеме жөніндегі жауаптылық кезеңі;
* сақтандыру сыйақысының мөлшері мен тәртібі;
* шарттың мазмұнына өзгертулер енгізу тәртібі, тараптардың шартта көрсетілген міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда құқықтық салдар.
Барлық келіссөздер жүргізіліп, сақтанушының ұсынысын қабылдағаннан кейін тараптар сақтандыру шартын жазбаша түрде жасайды және жасалғанын растайтын сақтанушыға ерекше сақтандыру құжаты - сақтандыру куәлігін береді. Куәлік - бұл құқық қатынасының маңызды деректері мен негіздерін куәландыратын заңды құжат. Сақтандыру куәлігі белгілі бір заңды құжаттардың түрі сияқты тек сақтандыруда қолданылатын, сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы сақтандыру шартының жасалғанын дәлелдейтін дерек. Сақтандыру куәлігінің мазмұнында:
1. тараптардың - сақтанушы мен сақтандырушының атауы;
2. қандай жағдай туындағанда сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуге міндетті;
3. шарттың жасалған күні мен тоқтатылу уақыты;
4. сақтандыру төлемдерінің мөлшері және т.б. көрсетілуі мүмкін.
Сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөліп-бөліп төлеген кезде, егер шартта немесе міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, бірінші сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.

2.3 Сақтандыру шартының субъектілері мен объектілері

Сақтандыру қатынасында субъектілер мен объектілер маңызды орын алады.
Сақтандыру қатынасының субъектісі болып сақтандырушы және сақтанушы танылады. Сақтанушы - қандай да бір мүддесін сақтандырғаны үшін сақтанушыға сақтандыру сыйақысын төлейтін тұлға. Басқаша айтқанда сақтанушы сақтандырушы көрсететін қызмет түрлеріне тапсырыс беруші болып табылады. Сақтанушы барлық жағдайда сақтандыру құқық қатынасының субъектісі болып табылады. Егерде сақтандыру келісім шарт түрінде жасалса, онда сақтанушы сақтандыру шартының бір тарабы болып есептеледі. Сақтандыру міндеттемесі екі жақты міндеттеме болғандықтан сақтанушы сақтандыру төлемін төлеу кезінде борышкер болып есептеледі де, ал сақтандыру төлемі кезінде кредитор болып есептеледі. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады. Сақтанушы сақтандырудың ерікті де, міндетті де нысандары бойынша сақтандырушыны таңдап алуға ерікті.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 33-бабына сәйкес заңды тұлға деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып,оларды жүзеге асыра алатын,сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Заңды тұлға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар болып бөлінеді. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға негізгі мақсаты пайда табуды көздейді, ал коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға негізгі мақсаты пайда табуды көздемейді, алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін заңды тұлға. Сақтандыру кезінде заңды тұлғаның былай бөлінуі маңызды орын алмайды, тек міндетті сақтандыру кезінде сақтандыру төлемін қандай көздерден төлеу туралы сұрақ туындаған жағдайда маңызды орын алуы мүмкін. Мысалы: міндетті сақтандыру кезінде заңды тұлға өз қызметкерлеріне тиесілі сақтандыру сыйақыларын төлеу үшін оның бюджеттен қаржыланып отырғанмен де ақшаны қайдан алатыны туралы сұрақты шешуі керек.
Азаматқа сақтанушы болу қабілеті ол туған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқтатылады. Бірақта азамат сақтанушы ретінде құқықтар мен міндеттер атқару үшін кәмелетке толмағандар үшін сақтандыру шартын, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың ата-аналары, асырап алушылары мен қорғаншылары жасайды. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейін кәмелетке толмағандар сақтандыру шартын ата-анасының асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Әрекет қабілеті жоқ деп танылған азаматтың атынан сақтандыру шартын оның қорғаншысы жасайды.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және заңды тұлғаның құқықтарын пайдалана алмайтын субъектілер (мысалы: филиалдар мен өкілдіктер, жәй серіктестіктер, фермерлік шаруашылықтар) сақтанушы бола алмайды.
Сақтанушы сақтандыру шартының бір тарабы болып есептеледі және сақтандыру шарты сақтанушының ерік білдіруіне байланысты жасалады. Сақтанушы (егерде азамат болса) қайтыс болса және таратылса (заңды тұлға болған жағдайда) сақтандыру міндеттемесі тоқтатылады. Міндеттемені тараптардың біреуінің талабы бойынша тек заңда көзделген жағдайларда ғана тоқтатуға жол беріледі. Бірақта кейбір жағдайларда сақтандыру туралы заң актілерінде сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтандыру шарты тоқтатылмай, оның орнына сақтандыру шартының бір тарабы ретінде танылатын басқа тұлғамен ауыстырылады. Мүліктік сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда, оның құқықтары мен міндеттері мұрагерлік тәртіппен мұрагерге өтеді. Басқа жағдайда меншік құқығы (мысалға сақтандырылған мүлік сатылған жағдайда немесе оны сыйлық ретінде берген жағдайда) сақтанушының құқықтары мен міндеттері, егер шартта немесе заң актілерінде өзгеше көрсетілмесе, сақтанушының келісімімен жаңа меншік иесіне ауысады. Жеке сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда, заңда белгіленген тәртіппен сақтандырылған адамның келісімімен сақтанушының құқықтары мен міндеттері сақтандырылған адамға өтеді. Осы берілген ережені түсіну үшін сақтандырылған адам тек қана сақтандыру төлемдерін алуға құқылы, ал сақтанушы сақтандыру сыйақыларын төлеуге міндетті. Сондықтан сақтандырылған адамға сақтанушының міндеті ауысуы, оған материалдық жағынан пайдалы болмауы мүмкін. Егер сақтандыру шартының ауысуы кезінде сақтанушы соттың шешімімен әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылса, оның құқықтары мен міндеттерін қорғаншысы атқарады. Бұл жағдайда сақтандыру тарабы ретінде сақтанушыны ауыстыру емес, оның құқықтары мен міндеттерін басқа бір тұлғаның орындауы болып табылады.
Заңды тұлға болып табылатын сақтанушыны қайта ұйымдастырған кезде, сақтандыру шарты қолданылу кезеңіндегі оның осы шарт бойынша құқықтары мен міндеттері сақтандырушының келісуімен, азаматтық кодексте айқындалған тәртіппен тиісті құқықтық мирасқорға ауысады. Заңды тұлға қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту) оның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесі уәкілдік берген органның шешімі бойынша, не заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі. Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуі мүмкін. Қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Заң құжаттарында көзделген реттерде ықтиярсыз қайта құру сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Заңды тұлға, біріктіру нысанында қайта құрылатын реттерді қоспағанда жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледі. Заңды тұлға оған екінші бір заңды тұлғаны біріктіру жолымен қайта құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне біріктірілген заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап олардың біріншісі қайта құрылған деп есептеледі. Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады. Заңды тұлғаны екінші бір заңды тұлғаға біріктірген кезде біріктірілген заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес соңғысына ауысады. Заңды тұлғаны бөлген кезде оның құқықтары мен міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады. Заңды тұлғаның құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығарғанда, бөлу балансына сәйкес олардың әрқайсысына қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады. Заңды тұлғаның бір түрін екінші бір түрдегі заңды тұлғаға өзгерткен кезде (ұйымдық құқықтық нысанда өзгерткенде) қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.
Сақтандыру қатынасына қатысушы екінші негізгі тұлға болып сақтандырушы танылады. Сақтанушы сияқты сақтандырушы да сақтандыру қатынасының субъектісі болып табылады. Яғни Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру барлық жағдайда шарттық негізде жүзеге асатындықтан, сақтандырушы сақтандыру шартында негізгі тұлғаның бірі болып есептеледі. Сонымен сақтандырушы сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлға. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға ғана сақтандырушы бола алады.
Сонымен сақтандырушы келесі ұйымдық белгілерге ие болуы тиіс:
Сақтандыру қызметімен айналысу үшін құрылған заңды ұйым болуы тиіс.
Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелуге тиіс (сақтандыру ұйымының фирмалық атауының ішінде сақтандыру деген сөз болуы тиіс)
Сақтандыру қызметімен айналысу үшін лицензиясы болуы керек.
Кәсіпкерлік қызмет түрі ретінде сақтандыру қызметін жүзеге асыратын заңды білімі жоқ тұлғалар және жеке тұлғалар сақтандырушы бола алмайды, яғни атап айтсақ сақтандырушы болып тек сақтандыру қызметімен айналысу үшін құрылған және тіркелген заңды тұлғалар танылады.
Сақтандыру қатынасының қатысушылары ретінде сақтандырылған адам, пайда алушы және сонымен қатар сақтандырудың іс жүргізуіне қатысатын ерекше (специфический) тұлғалар ретінде сақтандыру агенті және сақтандыру брокері қатысады.
Сақтандырылған адам бұл өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылған адам болып табылады. Міндетті сақтандыру туралы заң актілерінен сақтанушыға үшінші тұлғаны сақтандыруды жүзеге асыру міндеті жүктелуі мүмкін. Өз еркімен сақтандыру кезінде сақтанушы 3-ші тұлғаны сақтандыру шартында сақтандырылған адам ретінде айқындай алады. Бұл жағдайда сақтандырылған адамның жеке басы және соған байланысты оның мүдделері (сақтандырылған адамды жеке сақтандыру) не сақтандырылған адамның мүлкі және мүліктік мүдделері (сақтандырылған адамның мүліктік сақтандырылуы) сақтандыру объектісі болады.
Мүлікті сақтандыру кезінде сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адам бұл мүліктің сақталуына мүдделі болуға тиіс. Егер шарттың талаптары бойынша сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адамға белгілі бір міндеттер жүктелген болса, сақтанушы осы шартты жасауға сақтандырылған адамның келісімін алуы тиіс. Өз еркімен сақтандыру кезінде адамдардың оның жеке басын немесе мүлкін сақтандыру жөніндегі қарсылығы шарт жасаудың мүмкін еместігіне, ал егер ол жасалып қойса-шарттың бұзылуына әкеп соғады.
Сақтанушы үшінші тұлғаны сақтандыру міндеті жүктелген жағдайда аталған тұлға сақтанушыдан бұл міндеттің орындалуы туралы есеп талап етуге, ал заң актілерінде көзделген жағдайларда - оның сақтандырылған адам болып табылатындығын дәлелдейтін құжатты алуға құқылы.
Үшінші адамды сақтандыру сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Сақтанушы болып табылмайтын оған қатысты мұндай жағдайды көздемейтін жеке басты сақтандыру шарты жасалған сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта сақтандырылған адамды ауыстыру көзделмесе бұл шарт тоқтатылуға жатады. Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы сақтандыру шартында көзделген сақтандыру жағдайы болса, бұл шарт онда көзделген талаптармен орындалады. Сақтанушы болып табылмайтын, оған қатысты мүліктік сақтандыру шарты жасалған сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда сақтандырылған адамның құқықтары мен міндеттері сақтанушының келісуімен, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, сол мүліктің және сақтандырылған адамның мүліктік құқықтарының мұрагерлеріне ауысады. Егер сақтанушы қайтыс болған сақтандырылған адамды ауыстыруға келіспесе немесе мұрагерлер оның сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен міндеттерін қабылдауға келіспесе, бұл шарт тоқтатылуға жатады.
Міндетті жеке сақтандыру шартына сәйкес сақтандырылған адамдар болып:
* соттар, прокурорлар, сот орындаушылары, тергеушілер;
* әскери қызметкерлер (оның ішінде әскери шекара қызметкерлері, ішкі әскери қызметкерлер және Қазақстан Республикасының республикалық гвардиясының қызметкерлері) және әскери жиындарға шақырылған қызметкерлер, әскери міндеттілер;
* жедел іздестіру тобының қызметкерлері және жедел іздестіру тобының қызметтеріне көмектесуші азаматтар;
* салық және кеден қызметкерлері танылады. Бұл берілген сақтандыру мемлекеттік сақтандыруға жатады, себебі ол республикалық бюджеттен қаржыландырылып отырады.
Тағы бір сақтандыру қатынасының қатысушысы болып пайда алушы танылады. Пайда алушы бұл сақтандыру шартына немесе міндетті сақтандыру туралы заң актілеріне сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға.
Пайда алушы ретінде заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады. Пайда алушы жеке де, мүліктік де сақтандыру бойынша тағайындала алады. Сақтандырудың міндетті түрі бойынша пайда алушы сақтандыруды реттейтін заң актілерімен айқындалады, ерікті түрі бойынша оны сақтанушы тағайындайды. Егер міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде немесе өз еркімен сақтандыру туралы шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы пайда алушы болып табылады. Егер сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, пайда алушы сақтандырылған адам болуы тиіс не ол сақтандырылған адамның жазбаша келісімі бойынша тағайындалады. Егер пайда алушы сақтандыру шартында көрсетілмесе, ол сақтандырылған адам деп ұйғарылады, сақтандырылған адам болып саналмайтын пайда алушы қайтыс болған жағдайда не ол пайда алушының құқықтарынан бас тартса, соңғысының құқығы сақтанушыға ауысады. Сақтандырылған болып табылатын пайда алушы қайтыс бола қалған жағдайда пайда алушы ретінде өзінің жұбайын, баласын, басқа да жақын туысқандарын тағайындайды.
Мүліктік сақтандыру кезінде пайда алушы мүліктік арендаға берген кезде пайда алушы болып арендатордың өзі есептеледі. Көлікті сақтандыру кезінде сыртқы сауда жүйесінде сатушы пайда алушы есебінде сатып алушыны есептейді және сақтандыру полисі жазылған адамды сатушы пайда табушы деп есептейді.
Сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушы тікелей сақтандырушыға сақтандыру шартында көзделген сақтандыру төлемдерін төлеу туралы талап қоюға құқылы.
Сақтандыру қатынасының арнайы қатысушыларының қатарына сақтандыру агенті де жатады. Сақтандыру агенті - сақтандырушының нұсқауы бойынша және сақтандырушының атынан сақтандыру шартына қатысатын тұлға. Сонымен сақтандыру агенті сақтандырушының тікелей өкілі болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес басқа адамның (өкіл берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне немесе әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
Өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады. Сақтандыру агенті үнемі және дербес сақтандырушының атынан шарт жасасқан кезде, ол сақтандырушының коммерциялық өкілі болып есептеледі. Сақтандырушының атынан шарт жасасқан кезде сақтандыру агентінің өкілеттілігін білдіретін сенімхаты болуы керек. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 163-бабына сәйкес бір адамның өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады. Сақтандыру ұйымы атынан сенімхат оның басшысы немесе бұған оның құрылтай құжаттарымен уәкілдік берілген өзге де адамның қолы қойылып беріледі және сол ұйымның мөрімен бекітіледі. Сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап 1 жыл бойы жарамды болады. Берілген күні көрсетілмеген сенімхат жарамсыз болады.
Сенімхат мынадай жағдайда тоқтатылады:
сенімхат мерзімінің өтуі.
Сақтандырушының сақтандыру агентіне берген сенімхатының күшін жоюы.
Сақтандыру агентінің берілген сенімхаттан бас тартуы.
Сенімхат берілген сақтандыру ұйымының қызметінің тоқтатылуы.
Атына сенімхат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтау шартының мерзімі
Жалға алу шарты
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Сақтау шарты бойынша жауапкершілік
Азаматтық құқық (Ерекше бөлім)
Сақтандыру шартының ұғымы
Сақтандыру шартының ұғымы элементтері мен мазмұны
Сақтандыру шартының қолданылуы
Сақтандыру шарты
Мәміленің жекелеген түрлерінің ерекшеліктері
Пәндер