Сөйлем мүшелерін оқытудың әдістемелік негізі



МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.тарау. Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесінің зерттелуі ... ... ... ... ... .. 4
1.1 Тілді оқыту мәселесінің зерттелуіне шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
1.2 Синтаксисті оқыту мәселесі турасында бірер сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6

2.тарау. Сөйлем мүшелерін оқытудың әдістемелік негізі ... ... ... ... ... 9
2.1 Сөйлем мүшелерін оқытудағы әдістеме мен әдіс ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
2.2 Сөйлем мүшелерін оқытуда қолданылатын тестік тапсырмалар ... ... ... 13
2.3 Сөйлем мүшелерін оқытуда көрнекі, техникалық және электрондық құралдарды пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша әлі де тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселелер аз емес. Солардың бірі – сөйлем мүшелерін оқытудың жолдарын айқындап көрсету.
Сөйлем мүшелері синтаксистің күрделі мәселелерінің бірі. Синтаксистік талдау жасауда негізгі рөлді атқаратын – сөйлем мүшелері. Сондықтан да «сөйлем мүшелерін оқытуда бүгінгі күні қандай әдіс-тәсілдер қолданылып жүр? Олар сөйлем мүшелерін оқытуда тиімді ме?» деген сұрақтар өзінен өзі туындайтыны сөзсіз. Демек, осы мәселелерді шешу барысында, сөйлем мүшелерін оқытудың тиімді жолдарын анықтау – тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінде өзіндік орны бар сөйлем мүшелерін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді айқындау жұмысымыздың мақсаты болмақ. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді орындауға ұмтылыс жасалды:
• Сөйлем мүшелерін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтап көрсету және оны мысалдармен дәлелдеу;
• Сөйлем мүшелерін оқытуда жаңаша технологияны қолданудың өзіндік сипатын ашу;
• Сөйлем мүшелерін оқытудағы тест жұмыстарына тоқталу;
Жұмысты орындау әдістері. Жұмысты жазу барысында ғылыми сипаттама, талдау жасау әдістері қолданылды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Құрманова Н.Ж. Сын есімді оқыту барысында тіл дамыту әдістемесі. Ақтөбе, 1999.
2. Байтұрсынов А. Шығармалар. Алматы: Жазушы, 1989.
3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1966.
4. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. Алматы, 2000.
5. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. Алматы, 2001.
6. Құрманбаева Г., Дүйсебаева С. Дарыту, дамыту, интеграция. Алматы, 1998.
7. Қараев Ж.А. Педагогическая технология обучения. Алматы, 1999.
8. Өмірбаева К.О. Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер. Ақтөбе, 2001.
9. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Мұрагер, 2005.
10. Құлмағамбетова Б., Исанова А., т.б. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Білім, 2000.
11. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы: Ана тілі, 1991.
12. Досмырзаева А. Техникалық құралдарды пайдалану жөніндегі іс-тәжірибелерден // Қазақ тілі мен әдебиеті, 1995, № 2, 35-беттер.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1-тарау. Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесінің зерттелуі
... ... ... ... ... .. 4
1.1 Тілді оқыту мәселесінің зерттелуіне шолу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.2 Синтаксисті оқыту мәселесі турасында бірер сөз
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

2-тарау. Сөйлем мүшелерін оқытудың әдістемелік негізі ... ... ... ... ...
9
2.1 Сөйлем мүшелерін оқытудағы әдістеме мен әдіс
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
2.2 Сөйлем мүшелерін оқытуда қолданылатын тестік тапсырмалар ... ... ...
13
2.3 Сөйлем мүшелерін оқытуда көрнекі, техникалық және электрондық
құралдарды пайдалану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 16
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.21

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша әлі де
тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселелер аз емес. Солардың бірі – сөйлем
мүшелерін оқытудың жолдарын айқындап көрсету.
Сөйлем мүшелері синтаксистің күрделі мәселелерінің бірі. Синтаксистік
талдау жасауда негізгі рөлді атқаратын – сөйлем мүшелері. Сондықтан да
сөйлем мүшелерін оқытуда бүгінгі күні қандай әдіс-тәсілдер қолданылып жүр?
Олар сөйлем мүшелерін оқытуда тиімді ме? деген сұрақтар өзінен өзі
туындайтыны сөзсіз. Демек, осы мәселелерді шешу барысында, сөйлем мүшелерін
оқытудың тиімді жолдарын анықтау – тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінде
өзіндік орны бар сөйлем мүшелерін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-
тәсілдерді айқындау жұмысымыздың мақсаты болмақ. Осы мақсатқа жету үшін
төмендегідей міндеттерді орындауға ұмтылыс жасалды:
• Сөйлем мүшелерін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтап көрсету және
оны мысалдармен дәлелдеу;
• Сөйлем мүшелерін оқытуда жаңаша технологияны қолданудың өзіндік
сипатын ашу;
• Сөйлем мүшелерін оқытудағы тест жұмыстарына тоқталу;
Жұмысты орындау әдістері. Жұмысты жазу барысында ғылыми сипаттама,
талдау жасау әдістері қолданылды.

1-тарау. Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесінің зерттелуі
1.1 Тілді оқыту мәселесінің зерттелуіне шолу

Қазақтың тұңғыш педагог-ғалымы Ы.Алтынсарин қазақ балаларына тіл
игертудің әдістемесінің негізін қалады. Ол ... сондай бай, өткір ана тілін
елемеуді қою керек деп ақыл айтатын. Ол қазақ сөздерінің, мысалдарының,
жұмбақтары мен ертегілерінің өткірлігін, шеберлігін көрсете өрістетіп,
меңгеру керек дейтін [1, 7]. Ы.Алтынсарин қазақ тілін оқытуда тым
теориялық жағын ұстамауды, ауызекі сөйлесу әдісін көбірек қолдануды өз
мұғалімдеріне ескертіп отырған.
Бұл ойдың үндестігін біз қазақ тілі терминологиясының негізін қалаған
А.Байтұрсынов еңбектерінен де кездестіреміз: Тілдің міндеті – ақылдың
аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше
айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама қадырынша
жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын, - дейді ғалым [2,
141]. А.Байтұрсыновтың балаға сөз өнерін тіл заңдылықтары мен әдебиет
заңдылықтарын қатар бірлікте үйрету керек деген пікірі өте құнды.
30-жылдарда қазақ тілінің теориясы мен оны әдістеме саласына
Құдайберген Жұбанов көш басы болған бір ғалымдар келген еді. Олардың
қатарында С.Аманжолов, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, Ғ.Бегалиев, К.Басымов,
С.Кеңесбаев, Ә,Садуақасов бар еді.
Қазақтың тұңғыш лингвист профессоры Қ.Жұбанов қазақ тілін теория
жағынан ғана емес, әдістемесі жағынан да негізін қалаған ғалым. Оның 5-
класқа арнап жазған Қазақ тілінің грамматикасы оқулығында автордың
әдіскерлік шеберлігі айқын көрінеді [3].
Әдістеме ғылымында сөздік қорды дамыту мәселесі Т.Шонанов, Ш.Сарыбаев,
С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев сияқты ғалымдар еңбегінен бастау алған болатын. Сәл
кейінірек Ж.Адамбаева, Ы.Мамановтар қазақ тілін оқыту барысында сөздік
қорды байыту мәселесі жөніндегі өзіндік ой-пікірлерін айта келіп, тиімді
әдіс-тәсілдерін ұсынды.
Қазақ тілі әдістемесінде дамыта оқыту мәселесі туралы кейінгі кездері
айтылып жүр. Ж.Нұржанова, Г.Серікбаева, С.Дүйсебаева, Г.Құрманбаева,
Б.Мешімбаева т.б. ғалымдар өздерінің еңбектерінде дамыта оқыту мәселесі
жөнінде аз да болса өз ойларын қосады [1-3].
Дамыта оқыту – жас мөлшері бірдей оқушының жеке басын жан-жақты
жетілдіру, оның болашағына пайдалы, терең білім беру, біліктілігін көтеру,
озық біліммен қамту.
Қазіргі кезде ана тілінен білім берудегі талап оқушылардың таным
мүшелерін (ақыл, ес, ойлау, қабілет, сөйлеу т.б.) дамыта отырып, олардың
тілін байыту, сөйлеу мәдениетін көтеру, сауаттылығын арттыру. Қазақ тілін
дамыта отырып оқыту арқылы оқушыға тиянақты, сапалы білім бере аламыз,
қазақ тілін оқытуда тақырыптың мазмұнына сәйкес білім, тәрбие беру мен жеке
тұлғаны ақыл-ой жағынан дамыту жағы көзделеді. Бұл кезде оқытушы әрбір
оқушының ақыл, ес, ойлау, қабілетіне тікелей әсер етіп, дамыта оқытуда
әртүрлі әдіс-тәсілді қолданады.
Оқытудың жаңа технологиясы бойынша деңгейлік жұмыстарды іске асыру
ғалым Ж.А.Қараевтың еңбегінде қарастырылып келді [4]. Ғалым Ж.А.Қараевтың
Педагогическая технология обучения атты еңбегі оқытудың деңгейлік жүйесі
туралы ой-пікірлерді тереңдете келіп, оқушылардың білігі мен білімін,
танымы мен белсенділігін дамытатын бірден-бір тиімді әдістеме – әр түрлі
деңгейдегі тапсырмалар жүйесі екенін дәлелдейді. Деңгейлік тапсырмалар
оқушылардың өз бетімен ізденіп жұмыс істеуіне жетелейді, тілдік
жағдайларды, тестік бақылауларды, мәтіндерді дұрыс сұрыптап, таңдап алуға
мүмкіндік береді.
К.Өмірбаева өзінің еңбегінде оқыту процесіндегі инновациялық
мәселелерге тоқталып, жаңаша оқыту технологиясы туралы айтып өтеді. Еңбекте
инновацияны төмендегіше түсндіреді: Инновация сөзі латын сөзінен
аударғанда жаңалықты ендіру деген ұғымды білдіреді. Ал инновациялық оқыту
дегеніміз – жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу [5, 4].

1.2 Синтаксисті оқыту мәселесі турасында бірер сөз

Қазақ тілінің синтаксис саласында дамыта оқыту мәселесі тілдік
қатынасқа байланысты ауызша және жазбаша жұмыстар арқылы іске асады. Осыған
орай сөйлесім әрекетінің 5 түрі бар:
1. Оқылым. 2. Жазылым. 3. Тыңдалым. 4. Айтылым. 5. Тілдесім.
Ғалым Ф.Оразбаева өз еңбегінде: Жазылым термині жазу деген мағынаны
емес жаза білу, ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетіне
сауатты жеткізе білу дегенді білдіреді дейді [1].
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы грамматикалық таңбалардың тізбегі
мен мағыналық жүйесі арқылы, яғни жазылым әрекеті арқылы іске асады. Адам
өз ойын біреуге жеткізу үшін жазуды үйренеді.
Қазақ тілінің синтаксис саласынан жазылым әрекеті арқылы дамыта оқыту
мынадай жазба жұмыстары арқылы іске асады: 1. Жаттығу жұмыстары. 2. Шағын
мәтіндер. 3. Жүйелі жазба жұмыстары. 4. Бақылау жұмыстары. 5. Диктант. 6.
Жазбаша ойын түрлері. 7. Іс қағаздары. Қазақ тілін үйретуде бұл жазба
жұмыстарының барлық түрі арнайы зерттеуді қажет етеді.
Синтаксис саласын оқытуда кейде анықтамаларда айтылмаған белгілердің
өзін жаттығу барысында байқатуға тура келеді. Мысалы, кітапта: Аяқталған
ойды білдіретін сөздер тобын сөйлем дейміз деген анықтама берілген. Бұл –
сөйлемнің мағыналық қана белгісі. Ал басқа белгілері (сөйлемдегі сөздер бір-
бірімен байланысты болады. Әр сөйлемнің аяқталғанын дауыс ырғағынан
байқауға болады) анықтамада көрсетілмейді. Бірақ оқушылар сөйлемдермен
танысу, оларды талдау барысында сөйлемнің қалған (айтылмаған) белгілерін де
меңгереді. Олар сөйлемдегі баяндауыштың маңына топталатынын, сондай-ақ
сұраулы, хабарлы, лепті сөйлемдерде белгілі бір дауыс ырғағы болатынын
біледі.
Ендеше, сөйлем туралы түсінікті қорытындылау барысында оқушылардың
көңілін тек анықтамада көрсетілген белгіге ғана аударып қою жеткіліксіз,
сонымен қатар сөйлем жөнінде олардың алған мағлұматтарын толық жинақтап
нақтылау бала ұғымының айқындала түсуіне мүмкіндік береді.
Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру үшін мұғалім:
1. Оқушының грамматика оқулықтарынан ғана мысал келтіріп қоюымен
қанағаттанбай, өз ойынан немесе оқыған көркем шығармаларынан
ойланып, мысал айтуын талап етеді.
2. Анықтама өтілгеннен кейін дайын мәтін береді де, соның ішінде
анықтама бойынша қажетті сөзді немесе сөз тіркестерін тапқызады.
Кей балалардың өздері ойлап тапқан мысалдарын талдату арқылы
пікірлерін дәлелдеуді талап етуге де болады.
3. Анықтама бойынша берілген ұғымның негізгі белілерін санап көруді
ұсынады.
4. Анықтамалар мен ережелерді дәл, анық, толық айтуға үйретеді.
Тіл білімінің синтаксис саласын өткен кезде оқушылардың алған білімін
бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға жалпы мына сияқты талаптар
қойылады:
1. Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуды
орындарлық білімі болуы шарт.
2. Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынына, оның қандай пайдасы
барлығына түсінсе ғана, оны саналы орындайды. Жаттығуларды
түсініп орындағанда ғана белгілі бір дағды қалыптасады.
3. Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс. Ол
үшін жаттығу түрлендіріліп берілуі шарт, өйткені бір сарынды
жаттығу оқушылардың зейінін, қабылдауын, белсенділігін
нашарлатады.
4. Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып
отырылуы шарт.
5. Жаттығу жұмыстары тек таяуда ғана өтілген материалдарға
негізделмей, бұрын өтілген кейбір материалдарды да қамтуы керек.
6. Бір жаттығу ұзақ уақытқа созылмауға тиіс. Әсіресе, балалардың
жасы неғұрлым кіші болған сайын жаттығу да қысқа уақытқа
мөлшерленеді де, үнемі жиі-жиі қайталауға негізделеді.
7. Творчестволық жаттығулар көбірек болуы қажет.
8. Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.
9. Жаттығулар оқушы ойына әсер етуі жағынан аналитико-синтетикалық
болғаны жөн: яғни грамматикалық талдау, сөздер, сөз тіркестері,
сөйлемдер мен мәтіндер құрастыру; салыстыру арқылы ұқсастық пен
ерекшеліктерді табу, топтау; өз пікірлерін дәлелдей алып,
білгендерінен жалпы қорытынды шығара білу.
10. Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың оқудан алған білімдері
бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.
Синтаксис бойынша жүргізілетін жаттығулардың ішінде кең тарағаны
грамматикалық талдау болып табылады. Грамматикалық талдау жалпы түрде де,
белгілі бір тақырыпқа байланысты жеке де, сондай-ақ ауызша да, жазбаша да
жүргізіледі. Ауызша талдауда оқушылар бұрын оқылғандарына тоқталады,
сөйлемдегі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді көрсетеді, оқытушының сұрауларына
жауап береді, өз бетімен мысалдар келтіреді. Жазбаша талдауда оқушылар
сөйлем мүшелерін талдай отырып, олардың астын сызады немесе оларды айырып
жазады, сұраулар қояды.
Грамматикалық талдау мазмұны жағынан морфологиялық, синтаксистік немесе
аралас талдау болып бөлінеді. Көлемі жағынан толық немесе ішінара талдау
болады.
Сонымен, қорыта келсек синтаксисті оқытуда оқушыларға сөйлем мүшелерін
меңгерту маңызды орын алады. Ал бұл мәселені сөз ету үшін сөйлем мүшелерін
оқытудың дұрыс әдістемесін ұсыну қажет. Оқушыға сөйлем мүшелері жүйелі
оқытылған жағдайда ғана ол синтаксистік талдауды сауатты жасай алады.
Келесі тарауда сөйлем мүшелерін оқытудың педагогикалық негізі туралы сөз
еттік.

2-тарау. Сөйлем мүшелерінің оқытудың әдістемелік негізі
2.1. Сөйлем мүшелерін оқытудағы әдістеме мен әдіс

Әдістеме ғылымы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Оқыту әдістемесі –
оқытудың мазмұнын, мақсатын, міндетін, әдісін, сондай-ақ үйрету амалдары
мен тәрбиені зерттейді. Ал әдіс білім алу мақсатындағы оқытушы мен оқушының
іс-әрекетінің өзара байланысын қарастырады. Әрбір әдісте өзіндік
лингвистикалық, психологиялық, дидактикалық тұжырымдама бар. Әдіс – оқытуға
арналған бағыт, яғни ол сөйлеу әрекетін тудыратын оқыту стратегиясы. Әдіс –
оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің амалы.
Соның ішінде біз тоқталғалы отырған сала – сөйлем мүшелерін оқытудың
әдістемесі мен әдісі. Сөйлем мүшелерін оқыту мазмұны оқу материалдарын
сұрыптау, іріктеу, ұйымдастыру, жаттығу түрлері арқылы, ал оқу үдерісінің
мазмұны дағды мен біліктілікті қалыптастырудағы оқушы мен оқытушының
байланысы арқылы анықталады. Әдіс түсінігі белгілі бір міндетті жүзеге
асыру жолындағы шындықты теориялық және практикалық жолмен шешудегі амалдар
мен тәсілдердің жиынтығы дейді А.Н.Щукин, ал Сейіл Жиенбаев: ...мұғалім
сабақты біреудің көрсетіп бергенін айнытпай орындауға міндетті емес, өз
білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті. Әдістеме рецепт те емес, тек
педагогикалық кеңес, жол-жоба, - деп әдістеменің көптеген проблемаларына
тоқталды, ол қазір де мәнін жойған жоқ. Мұғалімдерге ұсынылатын
әдіс,тәсілдер ретінде дәріс сабағы, әңгіме, жаттығу орындау, тест және т.б.

Сөйлем мүшелерін оқыту кезінде мұғалім мынадай негізгі кешенді
әдістерді ұтымды пайдаланғаны жөн: оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру әдісі,
үйретудегі мотивацияны тудыру әдісі және үйретудің тиімділігін арттыратын
бақылау әдісі. Бұл әдістер негізінде оқыту ұстанымдары қарастырылады.
Мысалы, ана тілін есепке алу, коммуникативтік бағыт, сапалылық, сөйлеу
жағдаяттық, ауызекі сөйлеу алға шығады, жинақтау, әдістемелік ұстаным,
тілдік, лингвистикалық материалдарды іріктеу, сабақта оқу материалдарын
өлшеммен беру, бекіту.
Сонымен бірге тілді оқыту әдісі – жаңа материалды түсіндіру, үйрету,
меңгеруді ұйымдастыру мен бақылау; білім беру әдісі – оқушының үйрену
процесіндегі танымдық және практикалық әрекетінде қолдану; яғни оқыту әдісі
екі жүйеде: үйрету әдісі мен білім беру әдісінің негізінде практикада
жүзеге асады.
Үйрету әдісі: көрсету, түсіндіру, ойландыру, жаттығуды ұйымдастыру,
бағалау; ал білім беру әдісі: танысу, ұғыну, машықтану, өзі түзету, өзіне
баға беру.
Көрсету әдісі бойынша оқытушы оқу материалдарын (дыбыс, сөз, сөйлем,
мәтіндерді) таныстыру кезеңінде қолданады. Көрсету әдісін қолданғанда әр
түрлі әдістемелік амалдар қолданылады. Мысалы, аудиовизуалды оқыту
әдістемесі арқылы көөріп-байқау қолданылады.
Таныстыру әдісі таныс емес материалды меңгеруде қолданылады. Оқушы
оқытушының материалды таныстыру кезеңінде әр түрлі амалдарды қолданады.
Мысалы, түсіну және есінде сақтауы үшін суреттерді, техникалық құралдарды
пайдаланады.
Түсіндіру әдісі бойынша оқытушы жаңа материалдарды түсіндіруде
оқушының сапаға жететіндей деңгейінде басшылық жасайды. Материалды талдап,
дәлелдеп, оқушының сапалы түрде ұғынуына әрекет жасайды. Түсіндіру кезінде
қажжетіне қарай таныстыру, салыстыру тәсілдері мен көрнекілік, суреттер
қолданылады.
Ойландыру әдісі бойынша оқушы тарапынан ойлау әрекетіне қатысты
кешенді амалдарды біріктіреді (анализ, синтез, салыстыру, біріктіру),
сонымен бірге таныс емес материалдарды меңгеруге бағытталады, тапсырмалар
орындалады, нәтижесінде түсінік, ұғым, жаңа білім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Модульді - интерактивтік технология арқылы оқыту мәселесінің зерттелуіне шолу
Бастауыш сынып оқушыларына сөйлем мүшелері туралы түсінік беруде атқарылатын жұмыстарды анықтау
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Негізгі мектепте тұрлаусыз мүшелерді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері
Бастауыш сыныптардың 4-сыныбында синтаксистік материалдарды оқыту
Тұрлаулы мүшелердің тіл біліміндегі зерттелуі
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелерін оқыту
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
Ғалымның Қазақ тілі методикасы
Жай сөйлемді оқыту
Пәндер