Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарында грамматикалық ойындарды қолданудың әдістемесі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарында грамматикалық ойындарды қолданудың әдістемесі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010200 мамандығы - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . .
4
: І бөлім.
Кіріспе. . .: ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
4: 7
: І. 1
Кіріспе. . .: Оқу процесінде ойынды қолданудың маңыздылығы . . .
4: 7
: І. 2
Кіріспе. . .: Ойындар жүйесін қолданудың педагогикалық-психологиялық сипаты . . .
4: 14
: І. 3
Кіріспе. . .: Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолданудың тәрбиелік мәні . . .
4: 26
: ІІ бөлім.
Кіріспе. . .: ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ …… . . .
4: 30
: ІІ. 1
Кіріспе. . .: Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын дидактикалық ойындар және оларды қолдану жолдары . . .
4: 30
: ІІ. 2
Кіріспе. . .: Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындар, оларды іріктеу белгілері . . .
4: 45
: ІІ. 3
Кіріспе. . .: Эксперименттік зерттеу жұмысының қорытындысы . . .
4: 54
:
Кіріспе. . .: Қорытынды . . .
4: 63
:
Кіріспе. . .: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
4: 66

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің ертеңі болатын жасөспірімдерді қоғам талабына сай білімді де, саналы, тәрбиелі азамат етіп дайындау қажеттілігі білім беру жүйесіне жаңа да күрделі талаптар қоюда. Сондықтан да білім негізі қаланатын бастауыш сыныптарда оқу мен тәрбие сапасын арттыру қашан да назардан шыққан емес. Оқу үрдісінде білім берудегі дәстүрлі сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын кемітіп, білімді игеру қабілеттерін төмендетеді. Әсіресе, бастауыш сыныптарда оқыту барысында әртүрлі оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керектігі жөнінде педагог ғалымдар өз еңбектерінде баса көңіл бөлген еді. Сондықтан, әрбір сабақта оқушыларды қызықтыратын, белсенділігін арттыратын түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану ұтымды.

Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау және еркін шығармашылыққа жетелейтін, осы пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі - дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойындар - оқушылардың білімін пысықтап, бекітудің, танымын кеңейтіп, шығармашылықпен жұмыстану мен тіл дамытудың бірден - бір жолы. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, шапшаңдығын, тез тапқыштығын қалыптастыруда және грамматикадан алған теориялық білімдерін есте берік сақтап, тәжірибеде қолдана алуда және ұйымшылдыққа, адамгершіліке тәрбиелеуде маңызы зор.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында тұрған басты талап - жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеп, келешек өмірге жан-жақты даярлап шығару. Мұндай талапты орындау барысында мұғалімге әр сабаққа шығармашылық жұмыстар атқаруды, ұтымды және орынды әдіс-тәсілдерді пайдалануды және оқытудың жаңа технологияларын қолдануды жүктейді. Сондықтан, оқыту үрдісінде қандай әдістерді пайдалану арқылы балаларды дамыта аламыз және оны қалай жетілдіреміз деген келелі мәселелер жалпы қоғамды, әсіресе мұғалімдерді толғандырмай қоймайды. Мұндай мәселе қазақ тілін оқыту әдістемесін де айналып өтпейді. Осыған орай, бүгінгі күні оқыту үрдісінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ойлау мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сай келетін білім сапасын арттыратын дидактикалық ойындарды пайдалануды қажет етеді.

Оқушы бойында асқақ адамшылдық адамгершілік қадір қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыруда ойын сабақтарының алатын орны ерекше екені Ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» жолдауында жан-жақты негізделген. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.

Дегенмен, оқушылардың білімін берік меңгертуде ойынның қажеттілігі бұл мәселенің ғылыми әдістемелік жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі арасында қайшылық орын алып отырғандығы байқалады. Бұл мәселе біздің зерттеуіміздің өзектілігін анықтап, тақырыбын «Ойын - кіші мектеп жасындағы оқушылардың білімін берік меңгерту құралы» деп таңдауға негіз болды.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі.

Зерттеудің басты теориялық негізі қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы, педагогика, психология сияқты ғылымдардың зерттеу нәтижелеріне сүйенуге құрылады. Осы бағыттағы шетел, орыс, қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдерінің тың бағыттағы зерттеулерінде басшылыққа алынған қағидалар зерттеудің бастау алар негізі болып саналады. Атап айтсақ, Ы. Алтынсарин, Я. А. Коменский, Песталоцци, К. Д. Ушинский, А. Макаренко, В. А. Сухомлинский, Д. Б. Эльконин, С. Б. Бабаев, Р. М. Қоянбаев, Т. Сабыров, М. М. Мұқанов, С. Рахметова, Б. Нарқұлова т. т. оқу-тәрбие мәселесімен айналысқан ғалымдардың ұсынған пікірлері басшылыққа алынады. Зерттеудегі теориялық негізі бүгіндегі оқыту педагогикасының қол жеткен табыстарын толық пайдалана отырып, озық ғылыми зерттеулердің практикалық нәтижелеріне сүйену болып табылады.

Зерттеудің мақсаты. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың білімін арттыруда дидактикалық ойындарды қолдану жүйесін негіздеу және тәжірибелік тұрғыдан тексеру.

Зерттеудің міндеттері:

  • қазақ тілі сабақтарында оқушыларға сапалы білім беруде дидактикалық ойындарды қолдануды теориялық тұрғыда негіздеу;
  • дидактикалық ойындардың бала дамуындағы мүмкіндіктері мен жолдарын анықтау;
  • дидактикалық ойындардың түрлерін сұрыптап, оларға түсініктеме беру;
  • дидактикалық ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын арттыру;
  • зерттеу бойынша тәжірибелік - эксперименттік жұмыстар жүргізу.

Зерттеу нысаны. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың білімін арттыруда дидактикалық ойындарды қолдану үрдісі.

Зерттеу пәні. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың білімін арттыруда дидактикалық ойындарды қолдану.

Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық және педагогикалық, т. б. ғылыми еңбектерге талдау жасау, нормативтік құжаттарды және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені талдау және баяндау, салыстыру, жинақтау, қорыту және жүргізілген іс-тәжірибені сараптау, эксперимент нәтижесіне баға беру.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы.

- қазақ тілі сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін арттыруда ойындарды қолдануды теориялық тұрғыда негіздеу;

- танымдық (дидактикалық) ойындардың бала дамуындағы мүмкіндіктері мен жолдарын анықтау;

- ойындардың түрлерін сұрыптап, оларға түсініктеме беру;

- оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын арттыру;

- қазақ тілі сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар, оларды іріктеу белгілері;

- ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейлерін арттыру;

- зерттеу бойынша тәжірибелік - эксперименттік жұмыстар жүргізу.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

- танымдық (дидактикалық) ойындар бала дамуындағы мүмкіндіктерді анықтайды;

- оқушылардың ой-өрісін кеңейтетін, шығармашылық, танымдық қабілетін дамытатын, білім сапасын арттыратын ойындар жүйесі;

- қазақ тілі сабағында қолданылатын дидактикалық ойындарды іріктеу белгілері бойынша бөлуге болады;

- оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың бірден-бір жолы -танымдық ойындар;

- танымдық ойындар оқушы белсенділігін арттырады және пәнге қызығушылық тудырады;

- ойын - баланың дүниетанымын кеңейтеді;

- оқушылардың ойлау, есте сақтау, зейін, қиял қабілеттері дамиды.

- ойын бала тәрбиесіне әсер етеді.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.

Бұл зерттеудің басты қағидаларын тәрбие мен оқыту үдерісінде кәдеге жаратуға болады. Жалпы білім беретін орта мектептерде, шағын қамтылған мектептердің бастауыш сатыларында толық пайдалануға болады. Сонымен бірге, бастауыш сатысында жұмыс істеуші мамандар, студанттер, тәлімгерлер мен педагогикалық сараманнан өтуші болашақ мамандарға зерттеу нәтижелеріне сүйенуіне болады.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І бөлім. ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Оқу процесінде ойынды қолданудың маңыздылығы

Өз алдымызға егеменді ел болғалы қазақ тілінің қоғамдық қызметі күн санап артуда. Қоғамның дамуы, ғылым мен техниканың алға шарықтауы мектептегі оқыту үрдісін жаңа әдістер мен технологиялар арқылы ұйымдастыруға алып келді. Білім беру жүйесіндегі өзгеріс оқушының білімін арттырып қана қоймай, оның сана - сезімін, ойлау қабілетін, тұлғалық қасиеттерін жан - жақты дамытып, сол арқылы ертеңгі еліміздің даму деңгейіне де әсер етеді. Осының бәрі бастауыш білімінің стандарттарында берілген [1] .

Бүгінгі күнде қазақ тілі сабақтарын тиімді ұйымдастырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін, ізденімпаздығын, танымын, білімді саналы түрде игеруін қалыптастыруға қатысты көптеген зерттеулер жүргізіліп, тәжірибеде қолданысқа енуде [2-3] .

Бұл салада Ж. Қараев, Б. Барсай, Н. Оралбаева, Б. Баймұратова сынды т. б. ғалымдардың ғылыми жұмыстарының маңызы зор. Аталған ғалымдардың еңбектерінің барлығы да оқушыларға теориялық білімді терең сіңіруге, жеке тұлға қалыптастыруға, тіл заңдылықтарын орынды пайдалануына, жан-жақты дамуына, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеуге бағытталған.

Оқытудың мәні мен мазмұны оқушы қызығушылықтары негізінде құрылуы тиіс. Әр сабақта мұғалім қай әдісті тиімді деп есептейді - ол өз еркінде. Ұстаз үшін ең тиімді әдіс - жақсы меңгерген, жетік білетін әдіс. Әрине, мұғалім тек бір әдісті ғана меңгеріп, басқасына көңіл қоймасын деген ұғым тумаса керек. Белгілі бір тақырыпты әр мұғалім әр түрлі әдіспен жеткізеді. Бұдан ұстаздың өзіндік әдістемелік икемі, білімі, талғамы, өзіне тән педагогикалық шеберлігі байқалады. Ал ойын арқылы оқыту бастауыш сыныптарда оқытудың ең басты әдістерінің бірі болып табылады.

К. Ушинский: «Бастауыш сыныптарда оқымайды, ойнайды, бірақ ойнау арқылы ой-өрісін дамытады», - деген екен [4] .

Көптеген педагогтар оқыту үрдісінде ойын элементтерін көне заманнан бері пайдаланып келеді. Ойынды оқу үрдісінде тиімді қолдану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын арттырып, оқушылардың танымдық белсенділігін, ынтасын күшейтеді.

Ойын көптеген философтар мен педагогтарды, психологтарды қызықтырып келген.

Қазақ халқының алғашқы педагогі Ы. Алтынсарин қазақ еліне мектептің қажет екенін заманынан бұрын түсінген. Ы. Алтынсарин: «Мектеп - қазақтарға білім берудің басты құралы, біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы, тек қана осы мектептерде», - деп, мектептегі оқыту үрдісін ғылыми негізде ұйымдастырылуына баса көңіл аударды [5] .

Ы. Алтынсарин еңбектерінде грамматикалық ойындар жөнінде ешқандай мәлімет берілмесе де, ол оқуға оқушыларды қызықтыруда халық ауыз әдебиеті үлгілерінен жаңылтпаштарды, жұмбақтарды кеңінен қолданған.

Қазақ тілін оқыту ісіне көңіл бөлген педагогтардың бірі - М. Жұмабаев. Ол: «Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады, ойын - балаға бір жұмыс», - десе [6], С. Торайғыров: «Балықтың қанына ойын азық», - деп мұғалімдердің назарын грамматикалық ойындарға аударуға тырысқан. Ұлы Абайдың: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деген пікірлерінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. К. Ушинскийдің: «Ойын баласын, ойын үстінде үйрет» деген сөзін де айта кеткен орынды [4] .

Қазіргі әдіскер ғалымдар грамматикалық ойындарды «оқушыларды өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландырады. Ойланғыштық, ізденімпаздық қабілеттерін арттырады. Оқушылардың сабақтағы қызметін бір арнаға бағыттап, ұйымшылдандыра түседі», - деп есептейді.

Ғалым Н. Оралбаева да: «Қазақ тілі сабағында бірыңғай жаттығу жұмыстары оқушыларды жалықтырады. Сондықтан сабақта сергіту жаттығуларымен қатар тақырыпты меңгерту, пысықтау мақсатында грамматикалық ойын түрлерін кең қолдану керек. Оқушы тілінің даму дәрежесі де осы ойын арқылы көрінеді», - деп ойындар арқылы оқушылардың пікірлесім, сөйлесім дағдыларын жетілдіруге болатынын көрсетеді. Сонымен қатар, «Сабақта орынды қолданылған ойын элементтері оқушылардың ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді», - деп ойынның мақсатына қарай тілдік ойындарды лексикалық, фонетикалық және грамматикалық деп үшке бөледі [7] .

Бастауыш сынып оқушыларына грамматикадан сапалы білім беруде грамматикалық ойындардың орны ерекше. Грамматикалық ойындар - берілген білімді бекіту мен тіл дамытудың бірден-бір жолы. Оқушылардың ойлау динамикасын дамытуда, шапшаңдығын, тез тапқыштығын қалыптастыруда грамматикалық ойындардың маңызы зор. Грамматикалық ойындар арқылы қазақ тілін меңгерту барысында оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, тілдік қарым - қатынасқа еркін түсуін дамытуға басты назар аударады. Мұның себебі, оқушыларға тілдің грамматикалық, фонетикалық және лексикалық заңдылықтары мен ережелерін үйретумен қатар, олардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру мақсатында туындап отыр.

Сондықтан, бастауышта қазақ тілін ойындар арқылы меңгерту барысында мынадай негізгі талаптар ескерілуі қажет:

- оқу жоспарына сай оқыту процесінде ойындардың әртүрлі жолдарын қолдану жолдары;

- танымдық ойындардың оқушыларға дамытушылық әсерінің себептері;

- оқушылардың мұғаліммен және өзара қарым-қатынасқа түсу формалары;

- ойындар жүйесі арқылы оқушыларға тілдік материалдарды игерту әдіс-тәсілдері;

- ойындарды оқушылардың танымдық, білімдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру дәрежесіне қарай дұрыс таңдай білу жолдары;

- оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру жолдары;

- ойындар жүйесі арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын туғызу жолдары;

- қазақ тілі заңдылықтары мен ережелерін грамматикалық ойындар арқылы меңгерту оқушылардың білімін тереңдетуге, тіл мәдениетін жетілдіруге септігін тигізетіндігі.

Сабақ барысында алған білімдерін практика жүзінде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ойланғыштық, ізденімпаздық қабілеттерін дамытады.

Тілді оқытуда ойындардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ойындар әртүрлі ситуациялар арқылы жүзеге асады.

Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруге, өткенді қайталауға, пысықтау сабақтарында падаланылады. Оқушыларды өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жүргізуге үйретуде, қазақша тілін дамытуда, мәселен, грамматикалық лото ойыны оқушыларды сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібін, құрылысын меңгеруге дағдыландырады. Ал рөлдік ойындарды сабақта қолдану үшін мұғалім жете дайындық жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін терең ойластыруы керек. Олар:

а) қажетті лексика;

б) ойынның мақсаты мен шарты;

в) ойынға қажетті заттардың өзі немесе суреттері әзірленеді.

Рөлдік ойындар сабақтың қалыптасқан дәстүрін өзгертеді. Мұғалімнің де ұйымдастырушы ретіндегі орны анықталып, кәсіби беделі артады.

Ситуациялық ойындарға әртүрлі тақырыптар алынады. Бұл ойынның басты мақсаты - оқушыларды әр түрлі ситуацияларда өздерінің білімдерін сынау, қисынды ойлау қабілетін дамыту, өз көзқарастарын білдіру, қиын сәттерден шығу мүмкіндіктерін байқатады, тіл байлығын дамытады.

Оқушылардың грамматикалық дағдысын қалыптастырып, қазақша тілін дамытуда халық ойыны санамақ, жаңылтпаш, мақалдарды ұтымды пайдалануға болады.

Сол сияқты қазақтың ұлттық ойындары «Бәйге», «Қыз қуу», «Қоржын», «Ханталапай» ойындарын салт-дәстүр, ғұрыпқа байланыстырып, мағынасын, мазмұнын жете түсіндіріп, түрлендіріп қызықты өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты, баланың ақыл-ойының дамуына, сөздік қорының баюына, қисынды ойлау қабілетінің дамуына қазақ халық педагогикасының қоржынында жұмбақ, жаңылтпаш, санамақтар бар. Осы барымызды баланың психологиясына, жас шамасына және жеке басының ерекшеліктерімен санаса отырып оқу үрдісінде ойындарды шебер пайдалану әрбір мұғалімнің үлесінде.

Абай Құнанбаев он тоғызыншы қара сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады дейді: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» [8, 114] . Сондықтан балаға жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет. Себебі, «халықтың даналық ойлары халық педагогикасының шамшырағы болған.

Халық даналығы - мақал-мәтел, ертегі, өлең-жыр түрінде, ақын-жазушылардың, шешендердің сөздері, толғау, өсиет сөздері арқылы баяндалып отырған. Осы тұрғыдан халық педагогикасының кең өрісі, қайнар көзі - ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәні зор». Сондықтан қазақ тілін грамматикалық ойындар арқылы меңгертуде халық педагогикасының тәрбиелік мәні басым элементтерін де кеңінен қолдану қажет. Осы арқылы оқушылардың рухани дүниесі парасаттылық пен бауырмалдылыққа, адалдық пен кішіпейілділікке, ибалық пен үлкенді сыйлауға тәрбиеленеді.

Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар-құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір - бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А. С. Макаренко өте жақсы көрсетті. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу қандай орын алатын болса, - деп жазды ол, балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады» [9] .

Қазақ тілі сабақтарында ойындар жүйесін көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. Көркем әдебиеттерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық, адамгершілік қасиеттері дамиды. Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмтылады.

Ж. Б. Қоянбаев халық педагогикасының мақсатына мыналарды жатқызады: «Халық педагогикасының мақсаты бірнеше ғасырға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты өмірге дайындау, өнер - білімге баулу, бүкіл елдің қамын ойлау сияқты ең жоғары адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу . . . Халық педагогикасының негізіне халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, үйелмен тәжірибелері т. б. » жататындығын атап көрсете келе, халық педагогикасының оқушыларды тәрбиелеудегі рөліне айрықша тоқталады: « . . . халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сыннан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қасиеттерді олардың бойына екті» [10] .

Сондықтан, сабақты меңгерту барысында ойындардың әртүрлі жүйесін тиімді қолдана отырып, оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіру, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру қажет. Себебі ойындар кезінде оқушылар өздерін еркін сезініп, ұжымды сыйлауға, өз ой-пікірін дәлелдеуге үйренеді.

Ұлттық педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйретеді. Бұл оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілдікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады, нәтижеде балалардың тіл мәдениеті жетіледі. Сондықтан, халық педагогикасына негізделген грамматикалық ойындардың оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор.

Ойынның түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын сюжетті - рөлдік ойындар, дидактикалық ойындар, ұлттық ойындар, қимыл-қозғалыс ойындары, т. б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлілік танымдылығын күшейтеді. Оқушының сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

Ойынның педагогикада, оқыту үрдісінде алатын орны Платон заманынан белгілі болған. Ойынның оқу үрдісіндегі маңыздылығы жөнінде Я. А. Коменский былай деген екен: «мектепке - ойынға асыққандай бар, ол сондай ғанибет» [11] . Ал ХVІІІ ғасырда Ж. Ж. Руссо мен И. Г. Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.

Ойынның теориясы мен маңыздылығы К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лесгафт та өз үлестерін қосқан. Тәрбиеде және оқыту барысында ойынның өз алатын орнын В. А. Сухомлинский, С. П. Шацкий және Н. К. Крупская да атап көрсеткен.

Сабақ барысында ойынның басты мақсаты - білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды.

Ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры баийды. Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып, грамматикалық, лексико-фонетикалық материалды берік меңгерту. Сондай-ақ, ойын үстінде балалардың ойлау қабілеті, назары, байқампаздық әрекеті, зейіні жетіледі. Ойын үстінде оқушының түрлі қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын көрнекті педагог А. С. Макаренко кезінде атап көрсеткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын грамматикалық ойындар
Сын - пікір беруші педагогика, психология
Бастауыш сыныпта тіл дамыту жұмыстары
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда дидактикалық ойындарды пайдаланудың тиімділігі
Бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы оқыту әдістемесі
Қысқа мерзімді сабақ жоспарына жалпы шолу
Ойынның сабақтың тәрбиелік мақсатына сәйкестігі
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану жайлы
Бастауыш сынып оқушыларына сөйлем мүшелері туралы түсінік беруде атқарылатын жұмыстарды анықтау
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында ойын технологияларын қолдану әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz