Махамбет Өтемісұлы – бостандық жыршысы



МАЗМҰНЫ:

Кіріспе 3

Негізгі бөлім
1.тарау. М.Өтемісұлының өмірі мен өлеңдері туралы 5
1.1 М.Өтемісұлы өміріне шолу 5
1.2 Махамбет жырларының зерттелуі 9

2.тарау. Махамбет Өтемісұлы . бостандық жыршысы 14
2.1 Махамбет жырлары . ерлік симфониясы 14
2.2 Махамбет Өтемісұлы . бостандықты аңсаған дала жыршысы 18

Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер 30
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Музыкалық сүйемелдеуге келетін, өзінің тартымдылығымен, өзіндік сипатымен баурап алатын ауыз әдебиеті, оның ішінде поэзия көшпенділердің жанына жақын тұрды.
Түркілерге ортақ осы заңдылық қазақ поэзиясында, оның ішінде Махамбет поэзиясында тұтастай көрініс тапты. Ол оқи да, жаза да білетін, әйтсе де өзінен бұрын ғұмыр кешкен Асан Қайғы, Доспамбет жырау, Шалкиіз ақын шығармаларын арқау ете отырып, ауызша шығармашылыққа ден қойды.
Даланың батыр-сайыпкерлері бір мезгілде әрі өлең құрастырушы, әрі поэтикалық жыршы да бола білген. Халық осы сарбаздарды, ақындарды, композиторларды, ойшылдарды жақсы көрді, кездесуге құштар болып, оларды моральдық жағынан демеп, қошамет көрсетіп отырды. Осы дәстүрді жалғастыра отырып, Махамбет толығымен дала серісінің үлгісіне әрі идеалына сәйкес келді, ол тек сарбаз-ақын ғана емес, ол өз шығармаларын орындаушы музыкант-композитор да болды. Махамбет өзінің болмыс-бітімін ең алдымен ел мүддесіне қызмет етуге бағытталған ер-сарбаз ретінде тиянақтады; сөз құдіретін, өзінің поэтикалық дарынын біле әрі игере отырып, төңкерісшілердің қаруына, идеологиялық үніне бейімдеді.
Махамбет музасын соғыс, шайқас, күрес поэзиясы деп атауға болады. Бұл орайда ақын шайқас даласын біреуден естіген сыңайда, сырттай бақылаушы ретінде емес, осынау ұлағатты істі өзінің қаны мен тері арқылы бейнеледі. Махамбет поэзиясы музыка ретінде қабылданады. Ол - сөз жоқ ерлік симфониясы, онда арғымақтардың дүбірі, сынған қабырға мен опырылған найзаның сытыры, күңіренген күрсініс пен пәршеленген дененің соңғы ырсылы, жауынгерлік шақыру т.т. естіледі. Ақынның күллі жырлары біртұтас ритмикамен, бір желімен, бір екпінмен өрнектелген. Олар бейне бір суретке ғана емес, сериялы өнер туындыларына да сұранып тұрғандай.
Батыр әрі ақын ретінде Махамбет өзін ғана емес, бүкіл ұлтты асқақтатты. Махамбет феноменін Олжас Сүлейменовтың «Ұлтты оның ақынымен бағалау керек» деген тұжырымы дәл көрсетеді, яғни, ақындар - әлемнің әлі танылмаған заңгерлері. Демек, әдебиетте өзіндік із қалдырған ақын Махамбет Өтемісұлының мол мұрасына, соның ішінде бостандық тақырыбына арналған азаматтық әуендегі жырларына тоқталу, оларға талдау жасау және ерекшеліктері мен белгілерін көрсету – тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны бар ақын Махамбет Өтемісұлының азаматтық әуендегі жырларына талдау жасау мен шығармаларының тілін анықтау жұмысымыздың мақсаты болмақ. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді орындауға ұмтылыс жасалды:
• Ақын өлеңдерінің зерттелуіне шолу жасау;
• Махамбет жырларының азаматтық тақырыпта жазылғандарын топтап көрсету және оны мысалдармен дәлелдеу;
• Ақын поэзиясының өзіндік табиғатын анықтау, азаматтық әуендегі жырларының өзіндік сипатын ашу;
• Автор шығармаларының мазмұнына шолу жасау арқылы стильдік сипатын анықтау.
Жұмысты орындау әдістері. Жұмысты жазу барысында ғылыми сипаттама, талдау жасау әдістері қолданылды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. Алматы: Ана тілі, 1992.
2. Зиманов С. Россия и Букеевское ханство. Алма-Ата: Наука, 1980.
3. «Ана тілі» газеті, № 36-37, қыркүйек, 2003.
4. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Қазақ университеті, 1992.
5. Зайкенова Р. Қажымның Махамбеті // Қазақ әдебиеті. № 28(2814), шілде, 2003, 14-бет.
6. Әуезов М. От шашқан іші-тысы тұп-тұтас жыр // Ана тілі, № 36-37, қыркүйек, 2003, 6-бет.
7. Әбсадықов А. Ұлттық рух // Ана тілі, № 36-37, қыркүйек, 2003, 22-бет.
8. Мусин А. Махамбет және жаңа дәуір // Ана тілі, № 36-37, қыркүйек, 2003, 3-бет.
9. Махамбет. Жыр-жебе. Алматы: Дайк-Пресс, 2003.
10. Наурызғалиева Ө. Махамбет – егемен елдіктің өшпес рухы // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 3, 2003, 45-47 беттер.
11. Ибрайымқұлова Г. Махамбеттің «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 3, 2003, 47-49 беттер.
12. Махамбекқызы Ә. Ел қорғаған ер еді // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 3, 2003, 49-51 беттер.
13. Нұрғали Ә. Махамбет жырларына әдеби талдау // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 3, 2003, 36-41 беттер.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

Кіріспе 3

Негізгі бөлім
1-тарау. М.Өтемісұлының өмірі мен өлеңдері туралы 5
1.1 М.Өтемісұлы өміріне шолу 5
1.2 Махамбет жырларының зерттелуі 9

2-тарау. Махамбет Өтемісұлы – бостандық жыршысы 14
2.1 Махамбет жырлары – ерлік симфониясы 14
2.2 Махамбет Өтемісұлы – бостандықты аңсаған дала жыршысы
18

Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер 30

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Музыкалық сүйемелдеуге келетін, өзінің
тартымдылығымен, өзіндік сипатымен баурап алатын ауыз әдебиеті, оның ішінде
поэзия көшпенділердің жанына жақын тұрды.
Түркілерге ортақ осы заңдылық қазақ поэзиясында, оның ішінде Махамбет
поэзиясында тұтастай көрініс тапты. Ол оқи да, жаза да білетін, әйтсе де
өзінен бұрын ғұмыр кешкен Асан Қайғы, Доспамбет жырау, Шалкиіз ақын
шығармаларын арқау ете отырып, ауызша шығармашылыққа ден қойды.
Даланың батыр-сайыпкерлері бір мезгілде әрі өлең құрастырушы, әрі
поэтикалық жыршы да бола білген. Халық осы сарбаздарды, ақындарды,
композиторларды, ойшылдарды жақсы көрді, кездесуге құштар болып, оларды
моральдық жағынан демеп, қошамет көрсетіп отырды. Осы дәстүрді жалғастыра
отырып, Махамбет толығымен дала серісінің үлгісіне әрі идеалына сәйкес
келді, ол тек сарбаз-ақын ғана емес, ол өз шығармаларын орындаушы музыкант-
композитор да болды. Махамбет өзінің болмыс-бітімін ең алдымен ел мүддесіне
қызмет етуге бағытталған ер-сарбаз ретінде тиянақтады; сөз құдіретін,
өзінің поэтикалық дарынын біле әрі игере отырып, төңкерісшілердің қаруына,
идеологиялық үніне бейімдеді.
Махамбет музасын соғыс, шайқас, күрес поэзиясы деп атауға болады. Бұл
орайда ақын шайқас даласын біреуден естіген сыңайда, сырттай бақылаушы
ретінде емес, осынау ұлағатты істі өзінің қаны мен тері арқылы бейнеледі.
Махамбет поэзиясы музыка ретінде қабылданады. Ол - сөз жоқ ерлік
симфониясы, онда арғымақтардың дүбірі, сынған қабырға мен опырылған
найзаның сытыры, күңіренген күрсініс пен пәршеленген дененің соңғы ырсылы,
жауынгерлік шақыру т.т. естіледі. Ақынның күллі жырлары біртұтас
ритмикамен, бір желімен, бір екпінмен өрнектелген. Олар бейне бір суретке
ғана емес, сериялы өнер туындыларына да сұранып тұрғандай.
Батыр әрі ақын ретінде Махамбет өзін ғана емес, бүкіл ұлтты асқақтатты.
Махамбет феноменін Олжас Сүлейменовтың Ұлтты оның ақынымен бағалау керек
деген тұжырымы дәл көрсетеді, яғни, ақындар - әлемнің әлі танылмаған
заңгерлері. Демек, әдебиетте өзіндік із қалдырған ақын Махамбет
Өтемісұлының мол мұрасына, соның ішінде бостандық тақырыбына арналған
азаматтық әуендегі жырларына тоқталу, оларға талдау жасау және
ерекшеліктері мен белгілерін көрсету – тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны бар
ақын Махамбет Өтемісұлының азаматтық әуендегі жырларына талдау жасау мен
шығармаларының тілін анықтау жұмысымыздың мақсаты болмақ. Осы мақсатқа жету
үшін төмендегідей міндеттерді орындауға ұмтылыс жасалды:
• Ақын өлеңдерінің зерттелуіне шолу жасау;
• Махамбет жырларының азаматтық тақырыпта жазылғандарын топтап көрсету
және оны мысалдармен дәлелдеу;
• Ақын поэзиясының өзіндік табиғатын анықтау, азаматтық әуендегі
жырларының өзіндік сипатын ашу;
• Автор шығармаларының мазмұнына шолу жасау арқылы стильдік сипатын
анықтау.
Жұмысты орындау әдістері. Жұмысты жазу барысында ғылыми сипаттама,
талдау жасау әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тарау мен
қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

1-тарау. М.ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ӨЛЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ
1.1 М.Өтемісұлы өміріне шолу

Махамбет – езілген елдің жоғын жоқтап, ар-намысын қорғаған күрескер
ақын, Исатай Тайманов бастаған шаруалар қозғалысына бастан-аяқ қатынасқан,
сол қозғалыстың ең бір табанды сарбазы, жалынды үгітшісі, өз кезеңінің ірі
қоғам қайраткері. Еліне, халқына шын беріліп, сол үшін шыбын жанын пида
еткен асыл ер, қалың бұқара мақсатын жоғары ұстай білген азамат ақын.
Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы, қазіргі Атырау мен Орал облыстарына
қарасты Нарын құмында туған. Махамбеттің шыққан ортасы – шағын шаруа. Бірақ
бір ағасы – Бекмұхамбет хан сарайына жақын, Жәңгір ханның сенімді биі
болған. Ол хан жағында болып көтеріліске қарсы күрескен. Ал Махамбеттің
басқа ағайындары көтеріліс жағын жақтап, жау қолынан қаза тапқан. Ер жетіп,
ат жалын тартып мінгеннен бастап, Махамбет өмірдің жай-жапсарына ой
жіберіп, сын көзімен болжай білген озық ойлы албырт жас ретінде көзге
түседі. Қалың еңбекші қауымның ортасында өскен ол бұқара халықтың зары мен
мұңын жақсы білді, жігіт шағында хан ордасы маңында болып, өзгеше өктем
ортаға кездесіп, ондағы сән-салтанат, байлықтың сырын терең түсінді. Байлық
пен салтанатқа, сарайдың жалтырауық сыртқы сәніне қызыққан жоқ.
Көп үшін жаралған күн нұрын халық басынан қағып алып, ат төбеліндей
ғана үстем қауымға түсірмек болған хан ордасын күлталқан қылып, Махамбет
сол өмір нұрындай күн нұрын еңбек иесі, қалың ел басына түсіруді арман
етеді. Хан сарайының сырын болашақ батыр, жас ақын осылай түсініп, одан
жиреніп, бойын аулақ сала береді. Халқы үшін қызмет ету, ел өмірін ойлау
Махамбеттің үлкен бір мұраты ретінде жастай қалыптасты. Ол сыр кейін сыртқа
шығып, қарама-қарсы екі күш айқасқан кезде жалт етіп, жалын атты. Осылайша,
Махамбет халық қозғалысы тұсында өсіп, күрес-тартыста шынығып, әдебиет
майданына келген өршіл идеяның алып күшті, өрен ақыны болатын.
Махамбет ұл болып туған жастың мақсаты: Ереуіл атқа ер салу, егеулі
найза қолға алу,алты малтаны ас қылып, ат үстінде күн көріп, ашаршылық шөл
көріп жүріп, жаудан кек алу, халықтың арын, жерін қорғай білу деп
түсінеді. Міне, Махамбет жарқын ойлы, жалынды ақын ретінде тарихқа осылай
келген-ді.
Ақынның бүкіл өмірі мен ақындық қуаты түгелдей дерлік халық қамына
жұмсалды. Махамбеттің алып жүрегі халыққа атой салған қоңыраудай күмбірлеп,
тау құлатар тасқын толқынындай тулап, дамыл таппады. Кеудесін кернеп,
халқының мұңы мен зарын толғады.
Махамбет қалың көпшілік басындағы бақытсыздықты тек қана бір құдайдың
ісі деп, сол тәңірдің ғана рақымын тілеп, тағдырға бас ұруға жүгіндірген
қараңғылық торына қарсы болды. Ол езілген елдің өз күшіне сенімін молайтып,
жарқын болашаққа көзін жеткізуге күш салды. Еңбекші басындағы барлық
ауыртпалықтың түп тамыры хан-сұлтандардың таптық езгісінде екенін танытуды
көздеді. Осындай ізгі ниет ақындық зор шабытқа ұштасып, халық жүрегіндегі
қайғыны серпілтер, ел еңсесін көтерер жігерлі жыр туғызды.
Махамбеттің көтеріліске дейінгі өмірі мен ақындық қызметі әлі жете
зерттелмей келеді. Көпшілікке мәлімі тек оның өзі қатынасқан шаруалар
көтерілісі кезінде, өмірінің соңғы жылдарында айтқан өлеңдері мен
толғаулары ғана. Бұған қарап, ақын таланты тек көтеріліс кезінде немесе
содан кейін туа қалды деген тұжырым жасауға болмайды. Махамбеттің де басқа
ақындар сияқты қалыптасу, өсу кезеңдерін басынан кешкені даусыз. Ақынның
ілгергі кезінде айтқан, жас жүректің сырын шерткен терең сезімді
өлеңдерінің болғаны талассыз. Тек олар жинаусыз, ұмыт қалып келеді.
Кейбір қарттардың айтуы бойынша Махамбет көтеріліске дейін де айтысқа
түсіп жүріпті. Бір жиында ханның белгілі ақыны Байтоқты сөзден жығып, жеңіп
кетіпті. Жиылған жұрт Махамбеттің тапқырлығы мен өткірлігіне таң-тамаша
қалыпты. Бұл хабар көп кешікпей хан құлағына жетіпті. Содан кейін хан
Махамбетті жиі шақыртып алып, сөз тартып, ақыл салып, өзінше баулымақ
болыпты. Баласы Зұлқарнайынмен бірге ұстапты. Оған: мына балама ағалық
ақылыңды үйрет, қасыңда бол деп тапсырма беріпті. Кейін, өзін мақтап өлең
айтқызу ниетін де көздесе керек. Бірақ Махамбет ондай тұзаққа түспей, бойын
ханнан аулақ салыпты деседі [1, 33].
1925 жылы Халел Досмұхамедұлы жариялаған Исатай-Махамбет атты
кітаптағы пікірлер бойынша, Махамбеттің өзі де жас кезінде Жәңгірдің
нөкерінде болған екен. Исатай ханға қарсы бола бастағанда-ақ Исатайға еріп
кеткен. Махамбеттің өзі әрі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы; өте қызулы
адам екен... - делінген.
Сондай-ақ Махамбеттің орысша, мұсылманша сауатты адам болғаны туралы
деректі материалдар да бар екені мәлім. Олардың бірі тарихшы А.Ф.Рязанов
тауып мәлімдеген Махамбеттің 1839 жылғы елде қалған жолдастарына жазған
хаты; екіншісі 1845 жылғы Орынбор шекара комиссиясына баласы Нұрсұлтанды
оқуға алуын сұрап, өз қолымен жазып жолдаған арызы.
Н.Шаяхметов тауып жариялаған ақынның жаңа қолжазбасы мен мөрі Махамбет
өмірін анықтауда жаңа дерек болып отыр [1, 34].
Махамбеттің тергеушілерге берген жауабында да оның сауатты адам
болғанын растайтын деректер ұшырайды. Ал халық Махамбеттің ауыл молдасында
оқығаны туралы және оның көтеріліс кезінде Исатайдың хатшысы болып, хаттар
мен ұран, үндеулер жазып беріп отырғанын көп аңыз етеді. Ханға хат
жазыпты, Хиуа ханына жолдама жіберіпті, шекті, адай, әлімнің ру басыларына
хат жолдапты, кейін өздері барыпты дейтін сөздер көп. Бұларды жай айтыла
салған сөз деуге болмайды. Оның негізінде шындық жатыр.
Махамбет өз кезінің алдыңғы қатарлы, көзі ашық, білімді адамы болған.
Хан сарайы айналасында жүрген Махамбет жас кезінен оқуға мүмкіндік алған.
Ал осы сарай жанында бай, төре балаларын оқытатын арнаулы медреселер
болғаны да белгілі. Махамбеттің орысша сөйлей білгенін, өз ойын толық айтып
беруге тілі жетерлік орысшасы болғанын кезінде Махамбетті көрген адамдар да
растайды. Көтерілістен кейін, 1839 жылы орыстың белгілі ғалымы, қоғам
қайраткері, саяхатшы жазушысы Е.П.Ковалевский Махамбетпен кездеседі. Онымен
ұзақ әңгімелеседі. Е.П.Ковалевский өзінің еңбегінде осы кездесуден алған
әсерін сүйсіне баяндайды. Сонда ол Махамбетті орыс тілін білетін, ақылды,
білімі мол, батыр тұлғалы, халқын жанындай сүйетін сезімтал, ізденгіш,
нағыз патриот адам деп, оның сирек кездесетін әңгімешіл, сергек көңілді
кісі екенін ескертеді.
Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар қозғалысы туралы соңғы жылдары
жаңа деректер табылып, олар баспа бетін көре бастады. Сол деректердің ең
ұстамдысы деп біз Никита Савичев қалдырған еңбекті атай аламыз. Никита
Федорович Савичев ХІХ ғасырдың екінші жартысында Орал қаласында әскери
қызмет атқарған, тарихшы-этнограф, архив ісімен шұғылданушы, сурет
өнерімен, жазушылықпен әуес, жан-жақты талапкер адам болған. Исатай мен
Махамбет көтерілісі туралы алғаш тарихи шынайы пікір түйіндеген прогресшіл
зерттеуші. Ішкі Орда старшинасы – Исатай Тайманов атты тұңғыш еңбектің
авторы. Соған қоса Исатай мен Махамбеттің жоғары ұлықтарға жазған бірнеше
хаттары мен жолдамаларын сақтап, табыс етуші. Н.Савичев Исатайдың серіктері
ішінде Махамбетті ерекше еске алады. Ол көп жерде екеуін қатар атап, нағыз
пікірлес, мақсаттас, қайтпас қайсар батырлар санайды. Исатай қазасынан
кейін Махамбеттің жауына берілмей, батыр ісін қайта бастап, көтеріліс туын
жықпау жолында жан аямай күресіп, ат арқасынан түспегенін, ақыры қатыгез
жаулары оны да құтқармағанына аяныш білдіреді.
Н.Савичев Исатай Таймановтың көтерілісі туралы жазылған зерттеу кітабын
өз кезінде түгел жариялай алмаған. Тек 1876 жылы Уральские войсковые
ведомости газетінде ғана бір мақаласы, 1877 жылы үш санында 2 мақаласы
басылған екен. Ал Исатай Тайманов қолжазба күйінде көп жылдар бойы
Ленинград архивінде қозғаусыз жатқан. Белгілі ақын Берқайыр Аманшин ғана
оны кезіктіріп, фотокөшірмесін бізге қалдырып кетіпті. Оны жазушы Мақсұт
Неталиев 1989 жылы қазақ тіліне аударып, Жалын журналының 1-санында түгел
жариялады. Сөйтіп, Никита Савичевтің өте маңызды еңбегі тарихымыздың
табалдырығын аттады.

1. 2. Махамбет жырларының зерттелуі

Махамбет өлеңдері баспа бетін кейін көрді. Кейбір өлеңдері ХХ ғасыр
басында, Қазан төңкерісі алдында шыққан қазақ ақындарының жинақтарына
енеді. 1908 жылы Қазанда басылып шыққан Мұрат ақынның Ғұмар қажыға
айтқаны деген жинаққа Махамбеттің жүз жолдан астам екі толғауы енген. Бұл
басылымдағы өлең Борайда-борай қар жауса деп басталады. Беріш батырының
сұлтанға айтқаны деген атпен қазір бөлек басылып жүрген бірнеше өлеңі осы
жинақта біріктіріліп беріледі. Бұлардың Мұрат ақынның айтуы бойынша
басылғаны ескертіледі. Жалпы мазмұнында ерекше өзгешелік жоқ. Тек кейбір
жолдары ғана қазіргі басылуынан біраз бөлегірек.
Махамбет толғауларының кейбір үзінділері 1910 жылдары Орынборда шыққан
Шайыр жинағында да басылған. Осы жинақта Исатайдың әндесі Махамбет
жыраудың сөзі деген атпен ақынның Ереуіл атқа ер салмай, Мен, мен едім,
мен едім толғаулары берілген.
Махамбет өлеңдерінің тиянақты жиналып бастырылуы, оның өмірі мен
творчествосын зерттеу Қазан төңкерісінен кейін ғана құнттап қолға алынды.
Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар қозғалысы, ол туралы халықтың аңыз,
жырлары Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарынан бастап жиналып, жиырмасыншы
жылдар ішінде шыққан кіаптарға енгізіле бастады. Атап айтсақ, Халел
Досмұқамбетұлы құрастырған Исатай, Махамбет кітабында 1925 жылы, Аламан
жинақтарында 1926 жылы Ташкентте басылды және және осы тұста жарық көрген
Жаңа мектеп, Сәуле журналдарында Махамбет өлеңдері түгелге жақын
жарияланып, Исатай көтерілісі туралы мәліметтер, Ғылман ақын поэмасы және
басқалары шықты. Кейбір газеттерде осы қозғалыстың тарихи мәні баяндалып,
мақалалар жарияланды. 1927 жылы шыққан М.Әуезовтің Әдебиет тарихы атты
еңбегінде Махамбет творчествосына біріші рет талдау жасалды. Кейінірек,
Махамбеттің өмірі мен творчествосына бірінші рет талдау жасалды. Кейінірек,
Махамбеттің өмірі мен творчествосына М.О.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев,
И.Жолдыбаевтар оқулықтарында да (1933-1934) біршама орын берілді.
Жазушы С.Мұқанов Махамбет творчествосын өзінің ХVІІІ-ХІХ ғ. әдебиет
тарихының очеркінде кең талдады [1, 45].
1939 жылы Махамбет өлеңдерінің жинағы жеке кітап болып басылды. Бұл
жинақта профессор Қ.Жұмалиевтің Махамбеттің өмірбаяны туралы мақаласы
жарияланды. Кейін орта мектептерге арналған оқулықтарында ол Махамбет
творчествосына арналған бөлімдерді жазды. 1948, 1951, 1958, 1962 жылдарда
шыққан Махамбет өлеңдеріжинағының құрастырушысы да, оның творчествосы
туралы алғы, соңғы сөздер ретінде берілген зерттеу мақалаларды жазушы да
осы профессор – Қ.Жұмалиев, 1948, 1957 жылдары ақын өлеңдері орыс тіліне
аударылып та басылды (Махамбет өлеңдерін А.Б.Никольская аударған).
Махамбет творчествосы туралы басқа да авторлар жазған мақала, еңбектер
жоқ емес. Мысалы, С.Зимановтың Бөкей хандығы туралы ескертулерінің маңызы
атап көрсетерлік [2].
Әдебиетші-ғалым Х.Сүйіншәлиев өзінің ХІХ ғасыр әдебиеті атты
еңбегінде Махамбет өміріне қысқаша тоқтала кетіп, өлеңдеріне барынша
кеңірек талдау жасайды. Ақын өлеңдерінің тақырыбына, ерекшелігіне т.б.
әдеби тұрғыдан Махамбет поэзиясына тән өжеттік, өрлік, өткір сын, әр кезде
де кейінгі жастарға үлгі. Ақынның бітім тұлға-тұрпаты, ісі, сөзі – бәрі
ерліктің мәңгі символы деуге боларлық, - деп өзіндік бағасын береді [1].
Әдебиетіміздің белгілі ғалымдарының бірі де бірегейі З.Қабдолов
Махамбеттің ақындығы турасында: ... Абайдан кейінгі өлеңшілерді былай
қойғанда, Абайға дейін қазақ поэзиясында бұдан асқан ақын жоқ. Бұл шындықты
әр қазақ та, бар қазақ та мойындап болған, - дейді [3, 7]. Әдебиетші ғалым
да еңбектерінде Махамбет өлеңдеріне талдау жасап, өзіндік ой-қорытындыларын
шығарып отырады. Мәселен, ғалымның Сөз өнері атты еңбегінде : ...Бөкей
ордасындағы Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісі өткен ғасырдың
орта тұсындағы қазақ өмірінде болған құбылыс та, Махамбет поэзиясын өмірге
әкелген фактор – дәл осы тарихи жағдай... Бұл шындық Махамбет өлеңдерінің
жанрлық сипаттарын белгіледі. Махамбет шығармаларының бүкіл жанрлық
ерекшеліктерін, мазмұны мен пішінін, күллі ақындық машығын, өршіл
романтизмін, айрықша пафосын – бәрін де жоғарыда көрсетілген шешуші жайтқа
байланыстыра байыптаймыз..., - деген тәрізді талдауларды кездестіре аламыз
[4, 288].
Академик Қажым Жұмалиев еңбектері ішінде Махамбет мұрасына арналған
зерттеулері бір шоғыр деп айта аламыз. Белгілі ғалым Қ. Өмірәлиев: Қазақ
әдебиеттану ғылымында Махамбет творчествосын барынша көп, әрі барынша терең
зерттеген академик Қ.Жұмалиев болды, - деген еді.
Махамбет өлеңінің алғаш жариялануы 1908 жылы Қазан қаласынан шыққан
Мұрат ақынның Ғұмарқазы оғлына айтқаны деп аталатын жинақтан басталатыны
белгілі. Мұнда Махамбеттің жүз жолдан астам екі толғауы енген. Толғау
Беріш Мұхамед батырдың Сұлтанға айтқаны деп топтастырылып берілген. 1910-
12 жылдары Орынборда жарық көрген Шайыр яки қазақ ақындарының басты
жырлары атты жинаққа Исатайдың үндесі. Махамбет жыраудың сөзі деген
атпен Махамбет ақынның екі-үш өлеңі беріледі. Ал Махамбет өлеңдерін жүйелі
түрде жинап, жариялау, зерттеу жұмыстары 1925 жылғы Халел Досмұхамедов
еңбектерінен басталады. Ол Махамбет еңбектерін жинап 1925 жылы жеке жинақ
етіп бастырып шығарады. Ақын Ығылман Шөрековке Исатай-Махамбет дастанын
жазуына ықпал етеді.
Кеңес дәуірі тұсында Махамбет мұрасын түбегейлі зерттеп, халыққа
жеткізе білген ғалым – Қажым Жұмалиев. Ғалым 1937 жылдың бір өзінде Исатай-
Махамбет көтерілісі және Махамбет поэзиясы деген атпен мерзімді баспасөзде
оннан астам мақала жариялатты. Осы мақалаларынан бастап, орта мектепке
арналған оқулықтарында, қазақ әдебиетінің тарихына жазған монографиялық
тарауларында, жоғарғы оқу орнына арналған зерттеулерінде, жекелеген зерттеу
еңбектерінде Махамбет шығармашылығын талдап, оның қазақ әдебиеті тарихынан
алатын орнын белгілеп берді. Қалың оқырман қауым Махамбет мұрасымен 1937-
1967 жылдар аралығында тек Қ.Жұмалиев еңбектері арқылы ғана танысты.
Қ.Жұмалиев Махамбет шығармашылығын зерттеп қана қоймаған, оны ел аузынан
жинап, баспа бетіне жариялауда да қыруар іс тындырған. 1939 жылы ғалым
Махамбет өлеңдерін жеке жинақ етіп құрастырып алғы сөзін жазып шығарады.
1948, 1951, 1958, 1962 жылдары шыққан Махамбет өлеңдері жинағының толық
нұсқасын құрастырып, алғы сөзін жазды. 1948, 1958 жылдары ақын өлеңдерінің
орысша басылып шығуына ұйытқы болды әрі Махамбет өлеңдерінің орысша-қазақша
жинағын құрастырды.
Қ. Жұмалиев Айқас (1944), Махамбет Өтемісұлы (1948), Қазақ
әдебиетінің тарихы (1961, ІІ том 1-кітап), Қазақ эпосы мен әдебиет
тарихының мәселелері (1958), ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті
(1967) т.б. еңбектерінде Махамбет шығармашылығын ғылыми тұрғыдан талдап,
оның қазақ әдебиеті тарихынан алатын орнын айқындап, қанаттыға қақтырмай,
тұмсықтыға шоқыттырмай Махамбет шығармашылығын саф күйінде келер ұрпаққа
ұсынды [5, 14].
Бұл зерттеулер Исатай-Махамбет бастаған шаруалар көтерілісінің шығу
себебін, әлеуметтік маңызын, тарихи өміршеңдігін айқындауда, Махамбет
поэзиясының революцияшыл рухын танытуда алғашқы жазылған маңызды
материалдар еді.
Қажым Жұмалиев еңбектеріне көз жүгіртсек мынадай мәселелер бірден
көзге түседі. Ғалым Махамбеттің өмірбаяны туралы мол деректі:
Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде
Жер қайысқан қол едік,-
дейтін қазір афоризм сөзге айналып кеткен өлең жолдарынан бастайды.
Өтемістен туған он ұлдың кімдер болғандығын архив деректеріне сүйене отырып
шығарып береді. Сөйтіп ғалым тумысы бөлек Махамбет ақынның дүниеге
келгенінен бастап қазасына дейінгі өмір жолын кең қамтиды.
Қажым Жұмалиевтен дәріс алу бақытына ие болған қазіргі уақыттағы еліне
танымал көптеген адамдар оның Махамбет өлеңдерін түгелге жуық жатқа
айтатынын тамсана сөз етеді. Сонымен бірге, ұстаз Махамбет өлеңдерін жатқа
айтқан кезде желпініп, желдей есіп, екіленіп, әруақтанып кететіні сонша,
аудиторияны сілтідей тындырып, дария суындай ағындап кетеді екен.
М. Өтемісұлының Жәңгір ханмен басында жақсы қарым-қатынаста
болғандығын тарихи деректер растайды. Махамбеттің айтыскерлігін,
жыраулығын, домбырашылығын естіген Жәңгір хан Махамбетті баласы
Зұлхарнайынмен бірге ұстапты. Бірақ ханның жандайшаптары өзі өткір, өзі
алғыр, өзі ағып тұрған ақын, бетті, беделді, сөзі өтімді, орысша-қазақша
сауатты Махамбетті көре алмай хан мен ақын арасын араздастырып қоюы әбден
мүмкін. Хан ниетін байқаған Махамбет кейін Исатай бастаған көтеріліс тобына
қосылып кетеді. Бұл деректі Қажым Жұмалиев те өз еңбектерінде толық
келтіріп, жан жақты дәлелдейді.
Елдің де, ердің де, сөздің де тәуелсіздік алған тұсында қазақ
әдебиетінің үлкен діңгегінің бірі, академик Қ.Жұмалиевтің Махамбет туралы
зерттеулері кеңінен қарастырып, жарыққа шығаруды күтіп жатқан мол мұраның
бірі.

2-тарау. Махамбет Өтемісұлы – бостандық жыршысы
2.1 Махамбет жырлары – ерлік симфониясы

Махамбет бұрынғы, соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі деп
саналуға тиіс. Бұның сөзі деген сөздің кесектік ірілігінен басқа, молдығы
да жеткілікті екен. Бірақ көбі біздің тұсымызға жетпей, жоғалған,
ұмытылған.
Бұнікі сөз ғана емес, ұлы дүбір іс, аласапыран тартыс. Жырының бәрі
тұтасқан қимыл. Қан майдан үстінде көпті екілендіре сөйлеген: шабуыл, атой,
ұран жыры. Ылғи сезімге соғып, қанға шабатын қыздырма жыр. Тыңдаушысын
өзімен бірге рухтандырып, азаматтық атой салатын жыр. Демек, Махамбет жырын
белгілі жазушымыз Мұхтар Әуезов: От шашқан іші-тысы тұп-тұтас жыр деп
атауы тегін емес [6, 6].
Сонымен, Махамбет жырлары бір-ақ түйінге арналғанымен, ғасырлар
бойында көпшілікке ұдайы үлкен дерт боп тұрған үлкен жараның аузын
жұлғандай болатын. Бүкіл ХХ ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын
Махамбеттей ғып жырлаған өзгеше ақын болған емес. Алды да, арты да бір өзі
сияқты.
Сондағы бірінші жыр: Ереуіл атқа ер салмай. Бұл өлең Махамбеттің
барлық басқа өлеңдері сияқты ауызша айтылған, тыңдаушыға қолма-қол суырылы
беріліп отырған өлең. Сол ретіне қарай: сапылдатып бір-ақ желдіртіп өткен –
бір шумақ өлең. Мағына жағынан да барлық жыр бір-ақ ұзақ сөйлем есепті.
Неше алуан қатар жарысқан, жеке-жеке суреттердің байлауы ең аяққы жолда –
ерлердің ісі бітер ме? деген бір қайырмамен аяқтайды. Ауызша айтылған
желдірме болғандықтан, ұйқасы кейде келіп, кейде келмейді. Бір жерінде қат-
қабаттап кетіп, өзге бір жерінде шанжау-шанжау түсіп, тырағайлап отыратын
ұйқас – ауызша жырдың бір ерекшелігі. Және неғұрлым сөз ескек тартып,
борама ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махамбет жырлары-ерлік пен елдіктің өшпес рухы
Махамбет Өтемісұлы (1803 - 1846)
Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны
Ақын Махамбет Өтемісұлы
Жерім деп, елім деп қорғаған ер еді !
Махамбет шығармасындағы Исатай бейнесі
Көтерілістен кейінгі Махамбеттің өмірі
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Махамбет поэзиясы
Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісі
Пәндер