Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың әдістемесі (мектепалды даярлық топтары)


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың әдістемесі (мектепалды даярлық топтары)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
4
Кіріспе: 1
4: Мектепалды даярлық тобында байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері
7
Кіріспе: 1. 1
4: Мектепалды даярлық тобында байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың тәжірибесінің зерттелу жайы . . .
7
Кіріспе: 1. 2
4: Мектепалды даярлық тобында байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың лингвистикалық негіздері . . .
11
Кіріспе: 1. 3
4: Мектепалды даярлық тобында байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытуда балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру . . .
15
Кіріспе: 1. 4
4: Мектепалды даярлық тобында байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың педагогикалық негіздері…… . . .
22
Кіріспе: 2
4: Мектепалды даярлық тобында байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері
28
Кіріспе: 2. 1
4: Баланың тілін дамытуда сөздік қордың алатын орны
28
Кіріспе: 2. 2
4: Сөздік жұмысы бойынша байланыстырып сөйлеуге үйрету
36
Кіріспе: 2. 3
4: Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері
44
Кіріспе: 2. 4
4: Рөлдік ойындар арқылы балаларды диалогтік, монологтік сөйлеуге үйрету
46
Кіріспе: 2. 5
4: Мектепалды даярлық тобында байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқыту әдістемесінің тәжірибелік қорытындылары
67
Кіріспе: Қорытынды . . .
4: 72
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .
4: 74

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Адамның қалыптасуында оның балалық, жастық кезеңдерінде көрген тәрбиесі мен алған өнегесі маңызды орын алады. Қазіргі таңда баланың даму кезеңдерін анықтауда ортаның әлеуметтік жағдайы, жетекші әрекет түрі, әр кезеңдегі жаңа жетістік нәтижесі секілді негізгі өлшем басшылыққа алынатыны белгілі. «Дамудың әлеуметтік жағдайы» ұғымы баланың қоршаған ортамен әлеуметтік қарым-қатынасының ерекшелігіне сай анықталады.

Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында бірсыпыра шаралар жүзеге асырылып, жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар жасалып, мектеп пен балабақша өміріне енгізілді. Мұнда көзделген ең басты мәселелердің бірі - болашақта қоғам мүддесін өтеуге қабілетті, жан-жақты дамыған, өз еліне сүйіспеншілігі зор тұлғаны қалыптастыру.

Мектепке дейінгі мекемелерде баланы мектепке дайындау жалпы білім беру жүйесінің бастамасы ретінде бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірінен саналады. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 23 бабында [1] балаларды мектепке барар алдында даярлаудың міндетті екендігі және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылатыны және мемлекеттік ұйымдарда тегін жасалатыны атап көрсетілген.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» [2] бес жастағы балаларды мектепалды даярлығымен толық қамтамасыз ету қажеттігі, баланың бойында оқу қызметін меңгертуге қажетті жеке қасиеттерін тәрбиелеуге баса көңіл аудару керектігі көрсетіліп, бір жастан бес жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың бағдарламаларымен нашар қамтылғаны айтылған. Аталған кемшіліктерге орай Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында мектепке дейінгі баланың өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, тұлғаға бағдарлау негізінде оны бастауыш мектепке бейімдеу талабы көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметі 1999 жылы 22 қарашада «Балаларды мектеп алдындағы даярлаудың міндетті мәселелері» деген қаулы қабылдады [3] . Осы қаулыны жүзеге асыру үшін әзірленген тұжырымдамада мектепалды даярлықтың мақсаты 5-6 жасар балалардың ақыл-ой, дене тәрбиесін, тілін дамытып, олардың мектепке әзірлігін қамтамасыз ету деп көрсетілген. Жоғарыда келтірілген деректерге назар аударсақ, үкімет тарапынан жарық көрген құжаттарда балалардың тілін дамытуға баса көңіл бөлініп отырғанын көреміз.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне ие болғаннан кейін, оқу қазақша өтілетін мектептерде оқулықтарды жаңа талапқа сай шығару жұмысы да жандана түсті. Баланың ойлау дәрежесі мен тілінің дамуына ықпал ететін ана тілінің және оны оқыту әдістемесінің қазіргі заман талабына сәйкес болуы - бүгінгі уақыт талабы.

Ғалымдар тәрбиенің негізі мектепке дейінгі кезеңде қаланады деп санайды. Сол тәрбиенің бір түрі - тілдік тәрбие. Тіл - адам өміріндегі ең күшті құрал. Тілді мектеп жасына дейін және мектептің алғашқы сатысында меңгерту арқылы бала келешек өмірге жолдама алады, мектепте білім алуға дайындалады. Мектеп жасына дейін тілі дамымаған бала мектепте жақсы оқи алмайды. Ол баланың келешегіне жағымсыз әсер етеді. Бұл мектепалды даярлау тобы баласының тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйретудің мемлекеттік дәрежеде маңызды мәселе екенін дәлелдейді.

Мектепке дейінгі оқыту жүйесі қазіргі уақытта ТМД елдерінің бірқатарында, әсіресе Ресейде ғылыми-әдістемелік негізде жан-жақты зерттелгені белгілі. Ал қазақстандық мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жүйесінде бұл мәселе енді ғана қойылып, қолға алынуда. Осы жағдайлардың бәрі мектепалды даярлық тобында бала тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқыту мәселесін зерттеудің өзектілігін дәлелдейді.

Зерттеу нысаны: мектепалды даярлық тобында байланыстырып сөйлеу арқылы қазақ тілін оқыту үдерісі.

Зерттеудің мақсаты - мектепалды даярлық топтарында байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың ғылыми-теориялық, әдіснамалық негіздерін тұжырымдай отырып, әдістемелік жүйесін жасау, оның тиімділігі мен сапалылығын педагогикалық эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеудің міндеттері:

  • байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздерін тұжырымдау; мектепалды тобында балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуге байланысты тілдік материалдарды саралап, оқыту ұстанымдарын белгілеу. Байланыстырып сөйлеуге үйретудің ұтымды әдіс-тәсілдерін жүйелеу; мектепалды даярлық тобында байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың ғылыми негізделген әдістемелік жүйесінің тиімділігін эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының кезеңдері:

1. Бірінші кезең (қыркүйек-қазан, 2012 ж. ) . Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамытудың педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық, әдістемелік мәселелері, ғылыми зерттеу негіздері талданды. Отандық ғалымдардың зерттеу тақырыбына сәйкес еңбектерімен танысып, оларға талдау жасалып, болашақ зерттеудің негізгі бағыттары анықталды.

2. Екінші кезең (қараша, 2012 ж. - қаңтар, 2013 ж. ) . Зерттеу жұмысының өзегі етіп алынатын негізгі идеялар сараланды; мектепалды даярлық тобында байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың әдістемелік жолдары жүйеленіп, ол қалыптастырушы эксперимент материалдары түрінде сынақтан өткізілді. Дамудың әр кезеңіне сәйкес байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытуда қойылатын талаптар анықталды, эксперимент нәтижелері сарапталды.

3. Үшінші кезең (ақпан-сәуір, 2013 ж. ) . Зерттеу нәтижелері жинақталып, қорытындыланды. Мектепалды даярлық тобында байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың бағдарламасы жасалды. Зерттеу нәтижелерінде айқындалған ұстанымдар негізінде тәжірибеден өткізілді. Қалыптастыру және бақылау эксперименттерінің нәтижелеріне жан-жақты талдау жасалып, басты қорытындылар ғылыми-теориялық тұрғыда негізделді. Зерттеу жұмысының нәтижелері тұжырымдалды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  1. Мектепалды даярлық тобында байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың әдіснамалық-теориялық тұғырларының жан-жақтылықпен талдануы мектепалды даярлық тобында байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың сапалы білім жүйесі бола алатынына кепіл бола алады.
  2. Қатысымдық әдісті жүйелі қолдану баланың байланыстырып сөйлеуін дамыту мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
  3. Баланың байланыстырып сөйлеуін дамытуға бағытталған әдістемелік жүйе дидактиканың дәстүрлі ұстанымдарымен қатар байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқыту ұстанымдары негізінде жүзеге асырылғанда оң нәтиже береді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны . Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

1 МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНДА БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектепалды даярлық тобында байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың тәжірибесінің зерттелу жайы

Мектепалды даярлық топтарында тіл дамытудың бір бағыты ретінде байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудағы әдістемелік зерттеулерге шолу жасаудың өзіндік себебі бар. Мектепке дейінгі ұйымдарда байланыстырып сөйлеуге үйретудің өзімізге дейінгі әзірлеген жолы, дәстүрі, шеберліктер мен тәжірибелердің ерекшеліктері арнайы талдауды, соның негізінде алға қойылатын мақсатты айқындауды қажет етті.

Бала тәрбиесі - ата-бабадан келе жатқан қазыналы мұра іспетті қазақ халқының өмірінен кең орын алған басты мәселелердің бірі.

Қазақ елінде бұрын болмаған тәрбие орнының жұмысын ұйымдастыруда 1923 жылы Орынборда шыққан Н. Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» деген кітабы басшылыққа алынып келгені мәлім [4] . Бұл кітап алғашқы осы мәселе тұрғысынан құнды бағдарлама. Еңбекте мектепке дейінгі ұйымдардағы күрмелеуі күрделі мына мәселелерге ден қойылады:

Сөз басы.

1. Күллі жер жүзінде;

2. Мектеп жасына толмаған бала.

3. Мектеп жасына толмаған балаға тәрбие неге керек?

а) Мектеп жасына толмаған бала не үйренеді?

4. Үлкендердің мектеп жасына толмаған баланы таныған түрі.

5. Еңбекшілер баласының тұрмыс жағдайы.

6. Мектептен бұрынғы тәрбиенің Россиядағы түрі.

7. Балабақша деген не? [4] .

Балабақша еліміздің өте маңызды тәрбие орнына айналып, қалада да, ауылда да барлық жерде тәрбие қызметін атқарып, аналардың ерлермен бірдей еңбек етуіне жол ашты, тәрбие орнына айналды. Ол барған сайын дамып, жетілдірілген, көбейіп, отырды. С. Бәтібаеваның «Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы» (1946-2001 жж. ) тақырыбындағы диссертациясында мынадай дерек келтірілген: «Қазақстан Республикасында зерттеліп отырған (1946-1989 жж. ) кезеңдегі қазақ балабақшаларының дамуы тенденциясын қорытындыласақ: 1949 жылы - 21 (331 бала), 1950 жылы - 39 (696 бала), 1960 жылы - 89 (3547 бала), 1969 жылы - 197 (8690 бала), 1980 жылы - 651 (37384 бала), 1989 жылы - 1185 балабақшада 88686 бала ана тілінде тәлім-тәрбие алғанына көз жеткіздік. Бұл көрсеткіштерден ұлттық балабақшалардың 1960 жылдан бастап қанат жайып, 1970 жылдардан кейін көбейе түскенін көреміз» [5, 37 б. ] .

Бұл келтірілген деректен қоғамдағы өте маңызды құбылысқа айналған мектеп жасына дейінгі тәрбие мәселесі үкімет тарапынан да, зерттеушілер тарапынан да үнемі назарда болғаны байқалады. Зерттеушілер мектеп жасына дейінгі тәрбие жүйесін жетілдіріп, дамыту жолдарын іздеп, бағдарламаларын, әдістемесін ұсынып, тарихи даму деңгейін зерттеді. Сөйтіп, мектепке дейінгі тәрбие арнайы зерттеу нысанына айналды.

Мектепке дейінгі тәрбие мәселесін зерттеу ісінің көшбасшысы ғалым Б. Баймұратова мектеп жасына дейінгі тәрбие жүйесін жан-жақты зерттеп, әдістемелік және оқу құралдарын жарыққа шығарды. «Сәбилердің сөздік қоры мен сөз игеру ерекшеліктері жөніндегі» Б. Баймұратованың диссертациясы - қазақ балабақша мәселесі жөнінде қорғалған тұңғыш диссертация. Ғалымның мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі жөніндегі еңбектері Н. Құлжанованың мектеп жасына дейінгі тәрбие мәселесіне арналған кітабынан соң алғаш баспадан шыққан оқу-әдістемелік құралдар.

Ол осы зерттеу жұмысында қазақ даласында балабақша, мектеп болмаған кезде де баланы тәрбиелеуге аса көңіл бөлінгенін айта отырып, ол замандағы тәрбие құралын төмендегіше сипаттайды: «Ол кездегі тәрбие құралы - ауыз әдебиет нұсқалары, халық қазынасы - ертегі, жұмбақ, мақал-мәтелдер, өлең-тақпақтар ауызша жатталып, әжеден, атадан, анадан балаға жетіп, оның ой-сезімін дамыту, тілін ширату, айналадағы қоғамдық өмір шындығын таныту ісіне үлес қосты, қосып та келеді» - дейді [6, 2 б. ] .

Ғалым мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыстың бағдарлама бойынша жүргізілгенін жақтап, жергілікті жердің ерекшеліктерін (экономикалық, шаруашылық, табиғат т. б. ) ескере отырып жоспарлауды ұсынып, орыс тіліндегі бағдарламаны жалпы қостай отырып, оған көптеген жаңалықтар қосып, «Сәбилер тобына арналған тіл дамыту жұмыстарының бағдарламалық материалдарын жеке-жеке сабақ түрлеріне бөліп, баспасөз бетінде жариялау әдістерін» қолданған [6, 20 б. ] . Мектеп жасына дейінгі балалар тілінің дамуы мәселесі - диссертациядағы ғалымның негізгі зерттеу нысаны. Жұмыста ғалым баланың сөздік қорын байытып, тілін дамытуда психология, педагогика ғылымдарына сүйенген және Ресей ғалымы Е. Тихееваның еңбегін жоғары бағалаған [6, 22-26 б. ] . Аталған ғылыми негіздерге сүйене отырып, ғалым мынадай қорытындыға келеді: «Мектеп жасына дейінгі сәбилердің тілін дамыту үшін үш түрлі жағдайды ескеру керек:

Біріншіден: тілі даму үшін бала міндетті түрде үлкен адамдармен сөйлесу, қарым-қатынаста болуы шарт. Балалардың сөздік қорының баюына - үлкендердің сөздік қоры жақсы стимул…

Екіншіден, үлкендердің сөйлегенін түсіну баланың ауызша сөйлеуінен бұрын туады. Бұл кезде біреудің сөзіне бөбектің реакциясы эмоциялық түрде сөйлемнің интонациясын қабылдаумен байланысты болады.

Үшіншіден, басқа адамдардың сөзін түсінуден баланың өзінің сөйлеу үрдісі кеш қалыптасады.

Төртінші ерекшелігі - балалардың өздерінің сөйлеуінде тілдің грамматикалық және синтаксистік түрлерін дұрыс қолдана бастауы. Бұл кезең екі-үш жастан басталады да, мектепке дейінгі кезеңнің өзінде едәуір сатыға көтеріледі» [6, 28-29 б. ] .

Сонымен бірге ғалым тәрбие жұмысына да тоқталып, бала тілінде алғаш сөйлей бастағанда кездесетін ерекшеліктер туралы сөз қозғап, оған ата-ана да, тәрбиеші де дер кезінде көңіл бөліп, дұрыс сөйлеуіне көмектесу қажет екенін дәлелдеген.

«Мектеп жасына дейінгі сәбилердің тілін дамыту жолдары мен әдістемесі» деп аталатын 3-тарауды ғалым тәрбие жұмысынан бастап, мына мәселелерді көтерген:

  1. Тәрбиешінің мейірбандығы, баланы балабақша тәртібіне біртіндеп үйрету.
  2. Тіл дамыту жұмысын үйдегі сөздік қорды анықтаудан бастау.
  3. Тіл дамыту жұмысын бала ойыншықтармен ойнай бастағанда бастау.
  4. Тіл дамыту жұмысын бастау үшін, тәрбиеші керекті заттарды (ойыншық, сурет, көркем шығармалар) дайындап қою.
  5. 1-2 айда 7-8 минут, кейін 13-15 минут тіл дамытуға бөлу керек деп, мерзім белгілеген.
  6. Тәрбиешінің тіл дамыту жұмысына жоспары болуы керек.

Тіл дамыту жұмысының жоспары бағдарлама бойынша жасалу қажет деп көрсеткен.

Орыс тілді балабақшада қазақша сөйлеу мәселесіне арналған еңбек - А. Бакреденованың «Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақша сөйлеу тілін дамыту» жұмысы [8] . Бұл мәселе орыс тілді мектепке, жоғарғы оқу орындарындағы орыс тілді бөлім студенттеріне қатысты көп қарастырылғанмен балабақшадағы орыс тілді бөбектерге қатысты зерттелмеген болатын.

Ғалым ғылыми-зерттеу жұмысында басқа ұлт өкілдерінің балаларына да, ана тілінде шорқақ сөйлейтін жергілікті ұлт өкілдерінің балаларына да қазақ тілін екінші тіл ретінде үйретуді көздеп, дидактикалық-әдістемелік ұстанымдарға сүйенген. Ғалымның баса назар аударған мәселесі - қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйретудің мақсат-міндеттері мен әдіс-тәсілдерін айқындау.

Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруды (5-7 жас) зерттеген К. Метербаева оны мына үш мәселе негізінде шешуге тырысқан:

  1. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың теориялық негіздері.
  2. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру ерекшеліктері.
  3. Балабақша бағдарламасы мен оқу-әдістемелік құралдарындағы тіл дамыту мәселесі [9] .

Демек, мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту мәселесі зерттеуін күтіп тұрған өзекті мәселелер қатарында қалып отыр деуге толық болады. Ал, тіл дамытумен қатар жүргізілетін тәрбие жұмысы мүлдем қарастырылмаған. Олай болса, жаңа заманның талабына сай жас ұрпақты ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, мектепке дейінгі ұйымдардан бастап тәрбиелеуді зерттеу - кезегін күтіп тұрған өзекті мәселе деп санаймыз.

Белгілі педагог Х. Қожахметова мектеп жасына дейінгі балаларды мәнерлеп оқуға үйретудің әдістемесін ғылыми тұрғыда дәлелдей отырып, «Мәнерлеп оқу» оқу құралында мәнерлеп оқу, сөйлеу мен әңгімелеп беруге дағдыланудың негізгі тәсілдері жайлы теориялық түсініктер береді. Баланы қоршаған ортамен, өмір тіршілігімен таныстырып білім беруде, оның қай дәрежеде ұққанын, нені есінде сақтағанын байқау жалпы көрнекі құралмен: «ойыншықпен, түрлі затпен, оқу құралымен, суретпен көрсетіп, балаға үйретуде мұғалім-тәрбиешінің әбден төселген, сөйлеу дағдысы, сөйлеу мәнерінің қалыптасқан үлгісі - тілдік тәсілдері мен сөз шеберлегін дәл орнымен қолдану деген сөз», - деп тұжырымдайды [10] .

Профессор А. Меңжанованың «Балаларды көркем шығарма туындылары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу» атты монографиясында мектеп жасына дейінгі балаларды әдеби шығармалар арқылы адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу мәселелеріне қарай таңдап пайдалану ұстанымдары және оларды тәрбие жұмысында қолдану жолдары жөнінде ғылыми-тұжырымдар берілген [11] . А. Меңжанова «Мектепке дейінгі педагогика» оқу құралында ұлы ағартушы педагогтердің еңбектеріне тоқталып, мектепке дейінгі педагогиканың әдіснамасын ғылым ретінде зерттеген мәселелерін көтерген [12] .

Бүгін Қазақстанда бұл мәселелер де әлі толыққанды зерттелген жоқ, оған қоса қазіргі қоғам сұранысынан туындап отырған келелі ғылыми мәселелер де баршылық. Олай болса, Қазақстанда мектепке дейінгі педагогика ғылымы даму үстінде деген тұжырым жасауымызға болады.

Республикада тәрбие жұмысын қазақ тілінде жүргізетін балабақшалардың аздығынан балалардың басым көпшілігі (47%) мектепке отбасы тәрбиесінен келетін, мұның өзі баланы 6 жастан 1-сыныпқа оқыту барысында қиындық туғызды. Осы жылдары (1975-1980жж. ) шұғыл зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі 6 жастан балаларды мектепке дайындау еді, балаларды мектепке дайындау мазмұнын анықтау мәселесі бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді. М. Сәтімбекова « Алты жастағы оқушылардың математикалық білімін арнайы тапсырма жүйесі арқылы жетілдіру» тақырыбы бойынша оқу-әдістемелік құралдар кешенін жасады [13], бірінші рет ұлттық негізіндегі төл туынды «Балбөбек» бағдарламасы жарық көрді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда сөйлеу мәдениетіне ерекше мән беру қажет екені белгілі. Сондықтан да А. Қапенованың « Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру » (2004) атты зерттеу еңбегінде тіл мәдениетінің теориялық негізінде ұсынған сөйлеу мәдениетінің белгілерін көрсетуі - аса зор жетістік [14] . Атап айтқанда:

Тілдің тазалығы - сөйлеуші тілінде әдеби сөздерге жатпайтын, сөзді лайлап, шұбарлайтын мәні жоқ сөздер мен жаргондардың болмауы.

Тілдің нақтылығы - айтылатын құбылыс немесе жағдайдың шынайы екенін сөз арқылы нақты бейнелеу. Сөз қоры мол, тілі жан-жақты дамыған адам әр уақытта қажетті сөздерді қиналмай тауып, тілінде жеңіл қолдана алады.

Тіл логикасы - сөйлеушінің тілі мен ойының бірлігі. Тілдің логикалық құрылымына синтаксис белгілері, яғни қажетті жерде кідіріс жасап, акцентсіз сөйлеу.

Тілдің түсініктілігі - сөйлеуші тілінде қолданылған термин сөздердің тыңдаушы үшін түсінікті болуы.

Тіл мәнері - сөйлеушінің сөзді мәнеріне келтіре, көңіл-күйге сәйкес эмоционалды сөйлей білуі. Бұл көрсетілген сөйлеу мәдениеті дұрыс қалыптасқан жағдайда ғана балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруға болатынын атап өту қажет.

«Мектепалды дайындығында оқу тәрбие үрдісінде балалар әдебиетін пайдалануды » зерттеген Ғ. Таубаева [15] мектепке дейінгі ұйымдарда және мектеп жағдайында баланы мектепке дайындау барысында қолданылатын «Балбөбек», «Балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектепалды даярлау», «Мектепалды даярлық бағдарламасы», «Отбасында және балабақшада баланы мектепке дайындау» (5-6 жас) т. б. бағдарламаларындағы көркем әдебиет бөлімін жан-жақты қарастыра отырып, мазмұнын толықтыру мақсатында қосымша бағдарлама жасаған. Зерттеу тақырыбына байланысты қазіргі кезде пайдаланып жүрген оқу-әдістемелік құралдарды саралай келе, баланы мектепке дайындауда тәрбиешілер басшылыққа алатын оқытудың жаңа технологияларын пайдалану жолдарын көрсететін әдістемелік нұсқау дайындаған.

Сонымен мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тілін дамыту мәселелерімен Н. Құлжанова, Б. Баймұратова, А. Бақреденова, Х. Қожахметова, А. Меңжанова, Ә. Әмірова, К. Метербаева т. б. ғалымдардың айналысқанын байқадық. Әсіресе Б. Баймұратова ересектер тобындағы (5-6 жас) балалардың тілін ұстартудың, байланыстырып сөйлеуге үйретудің жолдарын көрсеткен.

Қазақ бастауыш сыныптары үшін тіл дамыту жұмысының тұтас ғылыми жүйесін жасаған ғалым С. Рахметова өз еңбектерінде ауызша, жазбаша сөйлеу тілін дамытудың ең жоғарғы деңгейі байланыстыра сөйлеуге (монологті түрде) үйрету екенін анықтап берген.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесін зерттеген Б. Баймұратованың ғылыми еңбегі мектепалды даярлық топтары балаларын байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістемелік негіздерін анықтауға, зерттеуге қажетті теориялық білімді іріктеуге мүмкіндік берді.

1. 2 Мектепалды даярлық тобында байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың лингвистикалық негіздері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл дамыту сабағында балалардың сөздік қорын проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамыту
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың сөздік қорын дамыту
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Сөйлеу дағдысын дамыту
Үйлесімді сөйлеуді дамыту балалардың сөйлеу тәрбиесінің басты міндеті
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ертегілерді пайдалану жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы
Мектепке дейінгі қазақ тілін оқыту үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлеуге үйрету
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz