Қонақ үй номерлері жайғастыру қызметінің негізгі элементі



ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. Қонақ үй номерлері жайғастыру қызметінің негізгі элементі
2. Қонақ үй шаруашылығын басқару құрылымы
3. Қонақ үйдегі номерлерді брондау және қонақтарды тіркеу мен орналастыру тәртібі
4. Стандарт бойынша номерлерді жинастыру технологиясы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Номерлік қордың негізгі құрамына мыналар: портье қызметі, брондау қызметі, қонақтарды қабылдау және горничный қызметі.
Портые қызметі бұл қонақ үй басқару жүйесінің барлық өзегі ең басты мақсаты келуші қонақтарды қабылдау және тіркеу брондалғанбөлмелерге орналастыру және дайын бөлмелерге қонақ кіргізу жатады.
Тіркеу реті, қонақтарды қабылдау және бөлмелерді дайындау, автоматтандыру және механизациялау дәрежесі, сонымен қатар компьютерлік жүйе көптеген кәсіпорын көлеміне тәуелді болады.
Қонақ үйге қонақ қабылдау, қызмет көрсету де ең бірінші әсер портье қызметіне тәуелді болады. Жоғары білімді қызметші дауларды оңай шешуге және оған жол бермеуге қабілетті, ол қонақ үй мәртебесін жоғары көтеруге аса тиімді. Қонақтарға әдепті жіне силастықпен қамқорлақпен қарау ол қызметкерлердің ең басты міндеттегінің бірі болып саналады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қонақ үй номерлері жайғастыру қызметінің негізгі элементі болып табылады. Бұл тұрып жатқан қонақтардың жұмысына, ұйқысына, демалуына арналған көпқызметті орындар. Қонақ үй номерлерінің қонақтармен кешкі және түнгі уақытта артығырақ қолдануы салдарынан, олардың маңызды қызметі ұйықтау мүмкіндігімен қамтамасыз ету болып табылады. Қонақ үй номерлерінің басқа қызметтерінің маңызы, ең алдымен қонақүйдің белгіленуіне және қонақтар сұранысына байланысты.
Қонақ үйге келгендерге сервистік және номерліе қызмет түрлері көрсетіледі.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства / Пер. с англ. — М.: Аспект-Пресс, 1995.
2. Джанджугазова Е.А. Маркетинг в индустрии гостеприимства / М.: Academia, 2003. – 185 б.
3. Исмаев Д.К. Международное гостиничное хозяйство: по материалам зарубежных публикаций.- М.: ВШТГ, 1998. – 86 б.
4. Кәсіби практиканың негізгі құжаттары. Ақпан – наурыз, 2006.
5. Куатова Р. Отельный бизнес: искуство продовать «сервис» /
6. Ляпина И.Ю. Организация и технология гостиничного обслуживания. М.: ПрофОбрИздат, 2001. – 187 б.
7. Международный стандарт ИСО 9004-2:1991. Общее руководство качеством и элементы системы качества. Ч. 2: Руководящие указания по услугам /
8. Раева Р.А. Гостиничный бизнес: пути становления и развития. Практическое пособие – Алматы: Университет «Туран».

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. Қонақ үй номерлері жайғастыру қызметінің негізгі элементі
2. Қонақ үй шаруашылығын басқару құрылымы
3. Қонақ үйдегі номерлерді брондау және қонақтарды тіркеу мен орналастыру тәртібі
4. Стандарт бойынша номерлерді жинастыру технологиясы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Номерлік қордың негізгі құрамына мыналар: портье қызметі, брондау қызметі, қонақтарды қабылдау және горничный қызметі.
Портые қызметі бұл қонақ үй басқару жүйесінің барлық өзегі ең басты мақсаты келуші қонақтарды қабылдау және тіркеу брондалғанбөлмелерге орналастыру және дайын бөлмелерге қонақ кіргізу жатады.
Тіркеу реті, қонақтарды қабылдау және бөлмелерді дайындау, автоматтандыру және механизациялау дәрежесі, сонымен қатар компьютерлік жүйе көптеген кәсіпорын көлеміне тәуелді болады.
Қонақ үйге қонақ қабылдау, қызмет көрсету де ең бірінші әсер портье қызметіне тәуелді болады. Жоғары білімді қызметші дауларды оңай шешуге және оған жол бермеуге қабілетті, ол қонақ үй мәртебесін жоғары көтеруге аса тиімді. Қонақтарға әдепті жіне силастықпен қамқорлақпен қарау ол қызметкерлердің ең басты міндеттегінің бірі болып саналады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қонақ үй номерлері жайғастыру қызметінің негізгі элементі болып табылады. Бұл тұрып жатқан қонақтардың жұмысына, ұйқысына, демалуына арналған көпқызметті орындар. Қонақ үй номерлерінің қонақтармен кешкі және түнгі уақытта артығырақ қолдануы салдарынан, олардың маңызды қызметі ұйықтау мүмкіндігімен қамтамасыз ету болып табылады. Қонақ үй номерлерінің басқа қызметтерінің маңызы, ең алдымен қонақүйдің белгіленуіне және қонақтар сұранысына байланысты.
Қонақ үйге келгендерге сервистік және номерліе қызмет түрлері көрсетіледі.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ҚОНАҚ ҮЙ НОМЕРЛЕРІ ЖАЙҒАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ
Қонақ үйлердің негізгі белгісі онда номерлердің бар болуы болып табылады.
Номер - бір немесе бірнеше орындардан тұратын бөлме, номердің көлемі және белгіленуі туристік жолдамада келтіріледі. Қонақ үй ұғым (латын сөзінен hospitalis) - қонақжайлық деген мағынаны білдіреді. Қонақжайлық көне француздық hospice деген сөзден шыққан, ол ерекше қабылдайтын үй деген мағынаны білдіреді. Бұндай мекеме түрінің көнесі Бургундиядағы Hospice de Beaune (Оспис-де-Бон) болып табылады, сондай-ақ ол Hotel Diev (Отель Дье) - Құдай Үйі ретінде әйгілі. Оның негізі 1443 жылы қайырымдылық емхана және кедейлерге арналған баспана ретінде қаланды.
Қонақжайлық индустриясы деп, келген адамдарды тұрғын үй, ас және тамақпен, сондай-ақ олардың демалуын ұйымдастыруға бағытталған бизнес түрін атайды.
Қонақжайлық индустриясы - бұл қонақжайлық ұстанымдарға сүйенер қызмет түрлерінен тұратын кәсіпкерліктің өрісі, қонақтарға деген қатынас жомарт және достық көзқараспен мінезделеді.
Қонақ үй сөзінің кең мағынасында - бұл жиһаздалған бөлмелері бар, қысқа мерзімді уақытта тұруға арналған үй.
Қонақ үй - бұл үйлерінен тыс жерде орналасқан адамдарға қызмет кешенін ұсынатын кәсіпорын, олардың арасында тең дәрежеде маңызды болып табылатын орналастыру және тамақтандыру қызмет түрлері.
Туристік қонақ үй - бұл қонақ үйдің ерекше үлгісі, саяхатпен байланысты туристерге қызмет кешенін ұсынуға арналған орын.
Әлемдік Туристік Ұйымының (ӘТҰ) анықтауы бойынша қонақ үйлер - бұл ұжымды жайғастыру құралы, номерлердің белгілі көлемінен тұратын, бір басшылығы бар, қызмет жиынтығын ұсынатын (кем дегенде - төсек орынды дайындау, номер және санузел жүйесін тазалау) және ұсынылатын қызметтермен номерлердің жабдықталуына сәйкес таптармен санаттарға топтастырылған мекемелер.
Басқару ерекшелігіне қарай қонақ үйлер өзінің тұрысымен ерекшелендірілген қонақ үйлерді немесе қонақ үйлер тізбегін көрсетуі мүмкін.
Барлық қонақ үйлерде қызмет көрсетудің негізгі төрт тобы қарастырылған:
-- жайғастыру;
-- тамақтандыру;
-- демалыс;
-- тұрмыстық қызмет көрсету.
Олар өзіне негізгі, қосымша және жолдамалы қызмет түрлерін қосады.
Кез келген қонақүйдің қажетті жағдайы басты екі қызмет: орналастыру және тамақтандыру болып табылады. Осының өзінде олардың ара-қатынасы әртүрлі, мысалы бұл -
а) жайғастыру және таңғы асты номерде немесе арнайы орында ұсынатын қонақүй, соңғысы континентальді болуы мүмкін, сондай-ақ ағылшыды;
б) жайғастыру және тамақтандыру мейрамханада, кафе немесе барда;
г) жайғастыру және тамақтандыру қызметтерінің толық кешенін ұсынатын кәсіпорын (тамақтандыру еуропалық және ұлттық тағамдар мейрамханаларында, барларда, пиццерияларда, тамақтандыру қызметін қабаттарда ұйымдастыру).
Жайғастыру қызметінің мағынасы мынада: біріншіден, қолдануға арнайы орындар ұсынылады (қонақүй номерлері), екіншіден, қонақүй қызметкерлерімен атқарылатын қызметтер ұсынылады: қонақтарды қабылдау және рәсімдеу бойынша портье, қонақүй номерлерін тазалау бойынша үй жинағыштармен және т.б
Қонақ үй номерлері жайғастыру қызметінің негізгі элементі болып табылады. Бұл тұрып жатқан қонақтардың жұмысына, ұйқысына, демалуына арналған көпқызметті орындар. Қонақ үй номерлерінің қонақтармен кешкі және түнгі уақытта артығырақ қолдануы салдарынан, олардың маңызды қызметі ұйықтау мүмкіндігімен қамтамасыз ету болып табылады. Қонақ үй номерлерінің басқа қызметтерінің маңызы, ең алдымен қонақүйдің белгіленуіне және қонақтар сұранысына байланысты. Мысалы іскерлікке белгіленген қонақ үйлерде номерлердің өте маңызды қызметі ретінде қонақты жұмыс істеу мүмкіндігімен қамтамасыз ету болып табылады, ол дегеніміз мұнда қажетті заттардың бар болуы тиіс, жазбалы стол, телефон, факс, компьютер және т.б.
Қонақ үйлерде көлемі жағынан, жиһаздалуымен, жабдықталуымен, жарақтануымен ерекшеленетін әртүрлі номерлер санаты бар. Қонақ үй санатына қарамастан әрбір қонақүйлік номерде келесі жиһаз және жабдық түрлері болуы керек:
-- төсек;
-- орындық немесе кресло, бір орынға есептегенде;
-- түнгі стол немесе тумба, бір төсекке есептегенде;
-- киімге арналған шкаф;
-- ортақ жарықтандыру;
-- қоқыс көрзеңкесі;
-- қонақ үй жайлы ақпарат және өрт болған жағдайда көшу жоспары.
Қонақтарға тамақ беру қызметтері әртүрлі үдерістердің қиыстыруынан тұрады: өндірістік (тамақтарды ас бөлмесінде дайындау), саудалық (тұтынуға дайын азық-түліктерді сату, алкогольді және алкогольсіз ішімдіктер), қызметтік (қонақтарға даяшымен мейрамханаларда, барда, кафеде, қонақ үй номерлерінде қызмет көрсету).

2. ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ

Негізгі бөлімшелердің функциялары жалпы басқару жоғары басқарудың жауапкершілікпен шешім шығару буынына жатады. Басқару сатысында көрсетілгендей келушілерді жылдам шешім қабылдап, келушілердің мүддесімен қажеттілігін қамтамасыз ету. Әр бір бөлімше өздерінің технологиялық ерекшеліктерін қолдана отырып функционалдық тізбектерге бөлінеді.
Бөлімшелер өндірілген өнімнен, ас үй немесе кір жуатын бөлме, тасымалдау қызметі, мейрамхана немесе жинастыру қызметі немесе ақпараттық қызмет көрсету портье қызметі, брондау қызметінен хабардар болуы тиіс.
Қонақ үйдің ұйымдастыру құрылымы (барлық кәсіпорын) ол кәсіпорындардың барлық функцияларымен бірлескен құрылымдарының жүйеленген үлгісі.
Әр түрлі типтегі қонақ үйлерді ұйымдастыру тәсілдерін қолдану, бөлімшелерге кіру сипаты және кәсіпорын көлемімен танысу, философиялық басқару қонақ үй иесінің (мүддесін қорғау) назарында болады.
Негізгі бөлімшелердің функционалдық құрылысын қысқаша қарап шығатын, портье сияқты бөлімшелер қонақ бөлме жинау қызметі біріккен сербимтік топ бөлімшелері нөмерлік қор бөлімшелерінен түзіледі. Нөмерлік қор бөлімінің бастығы маңызды қонақ үй қызметіне жауапкешілікпен және кәсіпорын стандартына лайықты қабылданған нөмерлік қор қызметіне сүйенеді.
Жалпы тамақтану бөлімшелері қонақ үй категорияларына тәуелді, келушілер үшін мейрамхана, кафе,немесе қабаттық бар, банкеттік және мәжіліс бөлімшелерінің қызметін қосады. Тамақтану қорының директоры ас мәзірін құруға, негізгі тағам қорын тапсырыс беруді қамтамасыздандаруға, қызмет көрсетуші қызметкерлерге жер телімін үлестіру, дайын өнімдердің сапасын тексеруді жүзеге асыру және қызмет көрсету, сонымен қатар үнемдеу тәртібін сақтауды өз қарамағына алады. Әр бір отелдің жалпы тамақтандыру бөлімшелерінің өз басқарушылары, бөлмелерде қызмет көрсетумен қосылады. Сондай-ақ әрбір сауда нүктелерінің өз басқарушылары, қызмет көрсету сапасын басқару және жалпы қолайла атмосфераны сақтауды қамтамасыз етеді.
Жұмыстың өте маңызды бағыттары сауда және маркетингтік қызметтен келеді. Қонақ үй қызметіндегі маңызды міндет келушілерге дайын бөлмелерді сату орналастыру, қонақ үйде байланысу қызметін көрсетеді. Маркетинг қонақ үй өндірістік ерекше қажеттіліктерін лайықты байқалып болжамдап жүзеге асырады, тұтынушылардың категорияларына қарай және кәсіпорын дәрежесі көзделе отырып құрылады.
Маркетинг бөлімінің директоры сауда қызметі тобының жұмысын қызметін бақылайды. Мысалы: туристік сондай-ақ банкет бөлімшесінің қызметін бақылайды.
Бастапқы брондау жүйесі қонақ үйдің пайдалық деңгейін қамтамасыз етуге көмектеседі. Сондықтан сауда бөлімінің өкілдерінің ұйымдастырушыларымен конгрестік, контактілерді жөндеуге, симпозиум, өз кәсіпорынының жұмысшыларын қамтамасыз етуге арналған мәжілістер мен қамтылады. Сондай-ақ номерлік қор қызметін басқаруда көзделген.
Қонақ үй шаруашылығын туристік шаруашылықтан бөліп қарауға болмайды. Ал соңғысымен біздің елдің жағдайы тамаша емес. Әрине сыртқы туризм бізде біршама жақсы дамыған: қазақстандықтар үшін шетелде демалуды әдетке айналдырған - 45,8%, ішкі туризм бойынша - 37,9% көрсетсе, туристердің Қазақстанға келу көрсеткіші небәрі 16,3%-ке ғана жетеді. Мемлекет осылардың соңғысына мұқтаж, себебеі оның арқасында елге шетелдік валютаның көп келуімен, өндіріс салаларының қарқынды дамуына бастау алады. Қазақстанға туристерді келтіру үшін бірқатар жұмыстар атқарып, оның ішінде қонақ үй инфраструктурасын қолға алу керек. Еліміз қарқынды дамудың нарықтық жолына түскендіктен Қазақстан көптеген шетелдік әріптестерімен жұмыс жасап, әр қаладағы біріккен өнеркәсіптермен және шетел өкілеттіліктерімен қатар әр қаланың қонақ үй өмірі біршама қайта жанданды. Жаңа қонақ үйлер пайда болып, ескілері жаңартылып немесе қайта күрделі жөндеуден өткізілді. Алматының Еуразия орталығы ретіндегі деңгейі өсуде, сонымен қалада көптеген самиттер, халықаралық конференциялар, семинарлар, көрмелер, яғни конгресті және іскер туризмді дамытуға әсерін тигізетінбірнеше бас қосулар өткізіледі. Конгресті туризмнің де өз маусымдылығы бар, ол көктем күз айларына келеді. Қысқы әсіресе жазғы кезде бизнес туризмдердің жұмыс белсенділігі төмендейді. Сонымен қатар Қазақстанға іскерлік мақсатпен келетін туристердің арасындағы түрлі деңгейдегі қонақтар бар. Бірақ іскер адамдармен бизнес туристердің қонақ үй мен отельдерге деген нақты талаптары бар - ол сервистің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай әрі комфортабельді орналастыру орындары болуы керек. Ал 5 жұлдызды қонақ үйге келетін болсақ, онда қонақ үй бизнесі мамандардың айтуынша, бір орында нөмірге тәулігіне 290 доллар төлейтін туристердің арқасында Алматыдағы әлемдік құрылымдағы The Rejent Ankara және Hyatt Rejency қонақ үйлері Қазақстанға жетіп жатыр. Бірақ алғашқы бекітілген баға көп жағдайда қалыпта баға болып саналмайды да, номерлер түрлі жеңілдіктер бойынша да өткізілуі мүмкін.

3. ҚОНАҚ ҮЙДЕГІ НОМЕРЛЕРДІ БРОНДАУ ЖӘНЕ ҚОНАҚТАРДЫ ТІРКЕУ МЕН ОРНАЛАСТЫРУ ТӘРТІБІ

Қонақ үй тарапынан демалушылардың алғашқы пікірі қабылдау және орналастыру кезінде қалыптасады.
Қонақтарды қонақ үйге орналастырудағы қызмет көрсетудің барлық түрін мынадай бөліктерге бөлуге болады:
- алдын-ала қонақ үйден орын дайындау (брондау);
- қабылдау, қонақтарды тіркеу және орналастыру;
- қонақжайлылық және тамақтану қызметін ұйымдастыру, өткізу;
- тұратын орнына, тамағына (бөлмені жинау ақысына) ақша төлеу және қосымша қызмет көрсету түрлеріне;
- қайтар кездегі қызмет түрлерімен есеп жасау.
Осы айтылғандар кешенді түрде ұйымдастырылса тұтынушы тарапынан айтылатын кемшіліктер болмаған жағдайда қызмет көрсету дәрежесінің жоғарғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үй қызметінің жетілдірілуі, негізгі бағыттары
Халықаралық қонақ үй ісін ұйымдастырудың теориялық – әдістемелік негізі
Қонақ үйдің шығу тарихы
Қонақ үйлік қызметтер
Қонақ үй қызметтері мен олардың мінездемесі
Қонақ үйлердегі қызмет көрсету сапасын ұйымдастыру
Қонақ үй қызметінің тиімділігін арттыру, қонақ үйдің қызмет көрсету сапасын арттыру жолдары
МИМАНХАНЕНЫҢ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУ ҚЫЗМЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Отель қызметінің ұйымдастыру мәселелерін талқылау
Қонақ үй қызметтері нарығының мәні және артықшылықтары
Пәндер