Қонақ үй кәсіпкерлігіндегі бизнес-жоспардың құрылым


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

1. Қонақ үйдің теориялық аспектілері

1. 1 Қонақ үй түрлері және функциялары

1. 2 Қонақ үй қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері

1. 3 Қонақ үй классификациясы мен типологиясы

2. Қонақ үй кәсіпкерлігіндегі бизнес жоспардың құрылымы

2. 1 Қонақ үй кәсіпкерлігіндегі бизнес жоспардың мазмұны, ерекшелігі

2. 2 Қонақ үй кәсіпкерлігінің бизнес жоспары

3. Қонақ үй дамуының қазіргі жағдайы

3. 1 Қонақ үй индустриясының дамуына халықаралық және жергілікті туристік ұйымдардың тигізетін әсері

3. 2 Қазақстандағы қонақ үй бизнесінің қазіргі жағдайдағы даму деңгейі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымша а

Қосымша ә

Қосымша б

Қосымша в

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қонақ үй - мемлекеттік стандарт бойынша адамның уақытша тоқтауына мүмкіндік жасаған барлық объектілер. 18-19ғасырларда экспедицияның дамуына байланысты қонақ үй шаруашылығы өте дамыды. Негізгі даму тарихы ежелгі Римде, Грецияда б. э. д. 1700жылы Вавилондық Хаммурапи ханның құжаттарында «таверна»- тамақтану туралы алғашқы мәліметтер беріледі. Жалпы қонақ үй сөзі - «хостпис»- ерекше қабылданатын деген сөзден шыққан.

Қонақ үй қызметінің саласы - бұл адамдар арасындағы қарым - қатынас, нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс. Яғни, қызмет көрсетушілердің күш жігері демалушыларға арналып, қонақтардың ойын жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету. Туризм саласындағы қызметкерлердің нақты жұмыс барысы, жұмыс уақыты, демалыс уақыты тура белгіленсе, онда бұл салада үлкен жетістіктер, атақ абыройға ие бола алады.

Аз ғана уақытқа болса да туристер үшін қонақ үй - ақылы уақытша өз үйі. Ал үй ішінде адам өзін жақты сезіну, көтеріңкі көңілде болу, оны әрқашан көтеріңкі көңілмен күтіп алатындығына, оның барлық сұраныс түрлерін сенімді болу шарт. Осындай жолмен ғана қонақ үйлерді туристердің екінші үйі ретінде, осы үйге қайта - қайта келу тілегін қалыптастыру керек.

Жалпы қонақ үй шаруашылығы бизнесін туристік бизнестен қарастыру мүмкін емес. Өйткені, қонақ үй шаруашылығы халықты жұмыспен қамтамасыз етеді және пайда табу көзі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Қонақ үй түрлері мен функцияларын қарастыра келе, қонақ үй кәсіпкерлігіндегі бизнес жоспардың маңызы мен ерекшеліктеріне тоқталып, бизнес жоспардың құрылымын анықтау.

Курстық жұмыстың міндеті. Қонақ үй кәсіпкерлігіндегі бизнес жоспардың құрылымын анықтау.

Курстық жұмыстың нысаны. Қонақ үй және қонақ үй кәсіпкерлігіндегі бизнес жоспар.

Курстық жұмыстың әдістемелік негізі. Ғаламтор желісінің ақпараттары, зерттеушілер мен авторлардың еңбектері мен кітаптары, өз қорытындыларым мен ұсыныстарым.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімінде жалпы қонақ үй туралы, түрлері мен функциялары жөнінде қарастырамын, екінші бөлімінде қонақ үй кәсіпкерлігінің бизнес жоспарына толықтай тоқталамын, үшінші бөлімінде қонақ үй бизнесінің Қазақстандағы қазіргі жағдайын айтып, курстық жұмысымды қорытындылаймын.

І БӨЛІМ. ҚОНАҚ ҮЙ ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 ҚОНАҚ ҮЙ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Қонақжайлылық индустриясының бірден-бір құрамдас бөлігінің орналастыру құралы қонақ үй болып табылады.

Қонақ үй - ол жиһаздалған үй, қонақтарды қабылдау мен олардың қонуына арналған, келесі мақсаттардың біреуіне байланысты баруға болады: іскерлік, конгрестік, демалыс, ойын-сауық, тану, саудалық миссия, этникалық, діни-таным, емделу және спорттық мақсаттар.

Қонақ үй ғимаратының негізгі белгілері нөмірлердің болуы мен қосымша қызметтер көрсету болып табылады.

Қонақ үйдің негізгі атқаратын міндеттері:

  1. Қонақтарға жататын орын тауып беру;
  2. Қонақтарға тамақ тауып беру;
  3. Толыққанды демалу үшін жағдайлар жасау;
  4. Клиенттің тұруына байланысты қосымша қызметте көрсету.

Қонақ үйлерде қосымша қызметтерге спорттық залдар мен құралдар, сауықтыру кешендері, шаштараздық қызметтер, химиялық тазалау қызметтері, тұрмыстық, ойын-сауық қызметтері жатады.

Қонақ үйдің халықаралық тәжірибеде төмендегідей типтері жиі кездеседі:

1. Апортамент - сиымдылығы жағынан шағын және орташа болып келеді. Бұл ірі қалалар үшін тән. Сондықтанда ол пәтерлік типтегі қонақ үй болып табылады.

2. Эконом класты қонақ үй - сиымдылығы жағынан шағын немесе орташа мөлшердегі кәсіпорын болып табылады және магистралдарға жақын орналасады.

3. Отель - бұл сиымдылығы жағынан әр түрлі мөлшерде болып келетін қалалардың көрікті ыңғайлы жерлерінде орналасатын және де қонақ жайлылықтын барлық түрі ұсынылатын кәсіпорын.

4. Мотель - автобустерге арналған қонақ үйлер. Қаланың сыртында ірі автомобиль жолдарының бойында орналасады немесе туристік орта -

лықтар құрамына кіреді. Тұрақтары, автожағармайлары, техникалық қызмет орындары бар. Ғимараттын сиымдылығы орташа және шағын деңгейге тән. Ең бастысы бұнда клиенттер өз өзіне жұмыс жасайды.

5. Кемпинг - бұл авто, мото туристерге, вело туристерге арналған қаланың сыртында орналасатын кейде мотельдердің жанында орналасатын лагер типті қонақ үйлер. Туристер жазғы айларда палаткаларда түнеп шығу үшін ғана орналасады. Электрмен, сумен, автомашиналарды жуумен және жөндеумен қамтамасыз етіледі. Автомашиналар қоятын орындар бар. Бұл жерде қосымша қызметорындары болуы мүмкін. Кейбір кемпингтер қонақ үйлердің, турбазалардың, мотельдердің құрамына кіреді. Кемпингтер туристік маршруттар бойында, курорттық аудандар мен туристік орталықтарда салынады.

6. Түнеу және таңғы ас типіндегі жеке меншік қонақ үйлер - бұл АҚШ - та кең таралған. Сиымдылығы жағынан орташа болып келеді.

7. Пансион - бұл қарапайым стандартты қызметі шектеулі кәсіпорын. Бірақ бұнын басты ерекшелігінен қонақтарға толық пансион көрсетіледі, яғни 4 уақыттық ас береді.

Жұлдыздық жүйе - бұл қонақ үйлердің классификациясы француз ұлттық классификациясы болып табылады. Барлық қонақ үйлер комфорттылығына байланысты категорияларға бөлініп, жұлдыздық жүйемен белгіленеді, әрбір « жұлдыздар » саны да бірқатар көбейеді.

Жұлдыздық жүйе - қонақ үйлік қызметтер нарығын толық қамтуға мүмкіндік. Қонақ үйлік кәсіпорын категориясында міндетті түрде қойылатын шегі қарастырылады:

• бөлмелер саны;

• ғимараттың көлемі;

• отельдің құрал - жабдықтары;

• жайлылық;

• қызмет көрсетулері;

• мүгедектерге және қимыл қозғалысы шектеулі болған адамдарға жағдайдың болуы.

Жұлдызды қонақ үйлердің сипаттамасы мынандай:

1* қонақ үйлер - ғимараты ескі, 1 - 2 қабатты. Бөлмелерінде терезелері ашылмайды, тек қана барлығына да ортақ коридор, бөлмелердің кіре беріс жері жоқ, полы ағаштан жасалған, холы және сервистік қызмет түрлері жоқ, душы мен дәретханасы бірге орналасқан, саханасы бөлек ғимаратта орналасқан, барлығына да ортақ. Бөлмелері жиһаздалиаған, 1 - 2 төсек орны бар, үлкен столы, орындықтары, айнасы, кондиционері, телефоны, тоңазытқышы, радиосы жоқ, электор жүйесі ортақ, төсек орын 12 күнге 1 рет ауыстырылады. Қонақ үй ішінде кезекшілік тек қана күндіз, күнднлікті күзете тін күзеті жоқ.

2* қонақ үйлер - ғимараты бетоннан немесе кірпіштен салынған,

1- 2 қабатты ғимарат. Терезелері ашылады, лоджасы мен балконы жоқ, жалпы кішігірім холы бар. Холы телевизормен және жұмсақ жиһазбен жабдықталған, тек қана жүк тасуға арналған лифті бар. Бөлмелері кішігірім, жиһаздары стандартқа сай емес: төсек, қолдан жасалған гардероб, ванна бөлмесінде айнасы бар; душы дәретханасымен біргеорналасқан. Төсек орын келген мерзімнен бастап 2 рет ауыстырылады; климаты ыстық елдердегі қонақ үйлерде кондиционерлері бар; 1қол сүртетін орамал мен сабын беріледі; стол, орындықтар, тоңазытқыш, телевизор, қонақ үй ішіндегі телефон, қала бойынша телефон кезекшіде бар; электр жүйесі ортақ. Бөлмені жинау күнделікті жүргізілмейді, асханасы бөлек ғимаратта орналасқан, сервисі көп түрлі емес және ақылы түрде жүргізіледі, қонақ үй ішінде тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі.

3* қонақ үйлер - ғимараты бетоннан немесе кірпішен салынған;

2 - 7 қабатты ғимарат, қонақ үйдегі ортақ холы едәуір үлкен; холда бірнеше телевизоры, кішігірім журналды столдары, ыңғайлы жұмсақ креслолары бар. Қонақ үйде тәулік бойы бар жұмыс істейді. Холы және әрбір қабаты жақсы жарықпен қамтамасыз етілген; қабаттарында кілем төселген; жылдам лифті бар. Міндетті түрде қонақ үйдің сыртына аты жазылады. Бөлмелер кішігірім жиһаздармен жабдықталған; стандартты жиһаз, стол мен орындықтардың болмауы да мүмкін. Төсек орны бар; электр жүйесі бөлме бойынша барлығына да ортақ. Терезелері ашылады, балкон мен лоджы міндетті түрде емес, қонақ үйдің қабырғалары , потелевизоролпультпен; кондиционер, тоңазықыш, радиоапаратура бар; қонақ үй бойынша телефон тегін, ал қала бойынша ақылы, дәретхананың ішіне: дәретхана қағазы, орамал сабын. Бөлмені күнделікті жинайды, төсек орын күнделікті ауыстырылып отырылады; туристердің жеке құнды заттарына арналған сейф ұсынылады. Қонақ үйде тәулік бойғы кезекшілік және күзет жүргізіледі.

4* қонақ үйлер - ғимараиты міндетті түрде кірпіштен, бетоннан салынады. Міндетті түрде сыртқы бетінде қонақ үйдің аты жазылып және демеушілердің жарнамасы болуы шарт. Қонақ үйдің көп қабаттылығы 17 қабатқа дейін болуы мүмкін. Қонақ үйде жылдам лифті. Холы қазіргі заман талабына сай жиһаздалған, қабырғалары әдемі дизайынды, гүлдермен әсемделген, жалпы жақсы жарықпен және радио - видео - телеаппаратураларымен жабдықталған. Қонақ үйде кешкі мейрамхана, бөлек кафе және түнгі бар жұмыс істейді. Бассейні қонақ үйдің қасында и орналасқан және бильярд ойнайтын жері бар. Әр қабатта және холында кілем төселінген. Бөлмелері - үлкен кіреберісі жиһаздармен және толық жиһазбен жабдықталған. Міндетті түрде: телевизор, магнитола, кондиционер, тоңазытқыш және төсек асты кілемі бар. Қонақ үй ішінде және қала бойынша телефон соғуға болады. Душы дәретханасымен орналасқан, 2 орамал беріледі. Төсек орнын күнделікті ауыстырылады, бөлме күнделікті жинастырылып отырады. Қонақ үй бойынша кезекшілік пен күзет тәулік бойы жүргізіледі. Буклеттер, визиткалар, қала бойынша проспектілертегін таратылады.

5* қонақ үйлер - ғимараиты қазіргі заманға талабына сай, көп қабатты. Міндетті түрде сыртқы және ішкі бөлімшелері қымбат соңғы үлгідегі құрылыс материалдарынан салынған. Кіре - берісі есігінде міндетті түрде швейцар тұрады. Кіретін есікткрі бірнеше, территориясы қоршалған және өте жақсы күтілген, міндетті түрде туристердің және қонақ үйдің көліктері тұратын орын болады. Бір қабаты қызмет көрсетушілерге арналған орындардан, қызмет көрсетуге арналған құрал - жабдықтар ұратын бөлме кеңістіктері мен бөлмелерден тұрады. Егер де қонақ үйдің қасында теңіз болса, онда бассейн қонақ үйдің қасынан салынады және теңізге шыға алады. Төбесі жабылған бассейн қорғалмалы қақпамен салынады. Бассейн жағалауында көптеген столдар, тербелмелі креслолар, жатқыштар және тағы басқа нәрселер барлығы тегін. Бұл жерде солярий болуы мүмкін. Массаж және тағы басқа қызмет көрсету түрлері бөлек ақылы түрде жүргізіледі. Дүниежүзілік стандартқа сай, көп қабаттардың бірінде теннис корты, пинг - понг ойынына арналған корт салынады. Сонымен қатар, бильярд және гольф ойындарына арналған залдары бар. Міндетті түрде 2 концерттік залдары, біреуі - холдың қасында орналасқан, барлығына да ашық. Бұл концерттік залы едәуір үлкен, бірақ саханасыз, түнгі бағдарламасыз, орындықсыз, тегін, ал екінші концерттік залы ақылы. Орталық холл өте үлкен: қабырғаларының дизайны, жиһазы, жарықөпен қамтамасыз етілуі жақсы ойластырылған. Қонақ үйдің тұрғындары үшін би кештері тегін, әрбір қабатта барлар тәулік бойы жұмыс істейді. Бөлменің электронды карточкалары беріледі, үлкен каридор, кіре - беріс және нөмерлер дыбыстартқыш жүйесімен жабдықталған. Бөлмелерде әдемі кілемдер мен төсек асты кілемшелері төселген. Ванна, душ, дәретхана бөлек. Нөмірлер қымбат жиһаздармен жабдықталған. Теле - бейне апаратуралары, кондиционер, тоңазытқыш, телефон, сейф - дүниежүзіндегі ең жақсы деген фирмалардың өнімдері осы қонақ үйлерде бар. Кезекшілік пен күзетші қонақ үйде тәулік бойы жұмыс істейді. Бөлмені жинау мен төсек орын ауыстыру күнделікті. Ал « люкс » нөмерлерінде бөлмені жинау және төсекорын ауыстыру қонақтың сұрауы бойынша жүргізіледі.

Жалпы қонақ үйдің функциясын қажеттілік және маңыздылығына қарай үш деңгейге бөледі. Қонақ үйдің ең маңызды функциясына қону, тамақтану, тұру функциялары жатаынын көруге болады, қалған функциялары маңыздылық деңгейіне қарай екінші және үшінші деңгейлі болып саналады.

1. 2 ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қонақ үй қызметін ұйымдастыруда, кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымын дұрыс құру өте маңызды- ол менеджменттің әкімшілік иерарихялық жүйесі.

Ол келесілерді қамтиды: қонақ үй иеленушісі, бас директор, қабылдау қызметінің менеджері, маркетинг бөлімі, әкімшілік- шаруашылық бөлімінің менеджері, коммерциялық бөлімнің директоры, тамақтану қызметі бойынша директор, қаржы директоры, бас инженер, сатып алу бөлімінің директоры, жеке құрам бойынша менеджер және ІТ-бөлімінің менеджері.

Бас директор. Отельдің бірінші тұлғасы болып табылады және оның өз функцияларын орындау үшін талап етілетін барлық құзіреттері болады. Ол отельдің стилін анықтайды. Бас директордың алдында екі ауқымды міндеттер тұр:

  1. Қонақтардың барлық сұраныстарын толығымен қанағаттандыруға және осылайша олардың қонақ үйге екінші рет қайта келетіндей сенімге ие болу жолында бағытталған отельді іс-шаралары бар басқару.
  2. Отельдің пайдалылығын қамтамасыз ете отырып, оның иемденушілері алдында міндеттерін орындау.

Қаржы директоры. Үлкен қонақ үйлерде қаржы директорларының атқарымдық міндеттері ағымдық басқарудан бөлек болады. Қаржы директорының қарамағына бухгалтерия кіреді, оның міндетіне қаржылық жоспарды жасап шығару, бухгалтерия бөлімінің жұмыиын бақылау, отельдің барлық қаржылық есеп айысулары жатады.

Қабылдау және орналастыру қызметі. Бұл бөлімге консьерждер, швейцарлар, жұкті жеткізушілер, паждар, телефон операторлары, әкімші, қабылдау бойынша агент сияқты қызметкерлер кіреді. Бұл бөлімді Front office manager басқарады. «Front office»- бұл қонақ үйдің басты пункті, қонақты қабылдау және онымен қоштасу орны. Бұл бөлімнің қызметкерлері отель туралы, қаланың көрнекті жерлері мен қала бойынша қозғалыс туралы, театрлардың, мұражайлардың, концерт залдарының күнтізбектері туралы барлық ақпаратты білулері қажет.

Менеджер адамгершілік тұрғысынан қарағанда өте ақылды, жоғарғы мәдениетті, өз ісінің шебер маманы болуға тиіс. Ол өзіне басты мақсат етіп жеке басына табыс табуды қоймауға тиіс, оның басты мақсаты қонақ үйдің клиенттеріне жәрдемдесу. Оған жоғарғы сапалы қызмет көрсету менеджердің негізгі міндеті. Себебі қонақ үйдің негізгі табысы клиенттерден түседі. Егер клиент көп болса, табыс та көп болады. Ол үшін қонақүй қызметкерлері клиентке сапалы қызмет көрсетуге тиіс.

Менеджердің қызметі басқару қызметіне жатады. Ол үнемі қонақүй қызметкерлерінің жұмысын жоғарғы сапада ұйымдастыруға тиіс. Қонақүй қызметкерлері менеджердің ой пікірін толық түсінгенде ғана онымен бірлесіп жұмыс істей алады. Қонақүй қызметкерлері тұтас бір командаға айналып жұмыс істесе, сонда табысқа жете алады. Менеджерлердің барлығы бірдей мұндай команда құра алмайды. Менеджердің қызметін бірнеше саладан талдап көрелік. Олардың қызметіне ешуақытта қонақ үйдің типі және келіп жатқан клиенттердің немесе қонақтардың түрлері тікелей әсер етпеуге тиіс. Менеджердің басты қызметіне мыналарды жатқызсақ болады:

  1. басқару шешімін дайындау, қабылдау оны жүзеге асыру, бұл менеджердің басты қызметі. Менеджер шешім қабылдауға құқығы бар, бірақ қабылдаған шешімінің дұрыстығына жауап береді;
  2. хабарламалық қызметі бар. Дұрыс шешім қабылдау үшін менеджер үнемі өзінің кәсіптік білімін көтеріп, жан жақтан келіп жатқан түрлі хабарлармен жұмыс істеп отыруы керек. «Кім көп хабарға ие болса, сол әлемді билейді» деген қағида қонақүй менеджері үшін басты қағида. Егер менеджер өзі қабылдаған хабарды дұрыс талдай біліп, өзінің қонақ үйіне керектісін таңдай алса, онда оның жұмысы табысты болады;
  3. бүкіл қонақүй қызметкерлерінің жұмысқа деген ынтасын дұрыс жолға қою - бұл да қонақүй менеджерінің басты міндеттерінің бірі, себебі ол басшы.

Менеджер барлық уақытта адамдармен бірге болуы керек. Ол тек басқарушының деп есептеп өзін қонақүй қызметкерлерінің ұжымынан бөлек ұстаса, оның шешімдері жүзеге аспайды. Қызметкерлер менеджерлердің кәсіпкер - технократ болғанын жақтырмайды. Менеджер кәсіпкер-технократ бола отырып бәрібір өзінің адамгершілік бет пердесін ұстауға тиіс. Ол үшін менеджерде әлеуметтік психологиялық дайындық зор болуы керек. Себебі қонақүй индустриясының өзі «адамнан - адамға» деген принцип бойынша жұмыс істейді. Бүкіл саланың өзі адамның адамға қызмет етуінен барып құралады. Сол арқылы табыс табады.

Оған швейцалар, коридоршылар, жүк тасушылар, лифтерлар, консьерждер, таратушылар, жүргізушілер (жалға алынған көліктер қызмет көрсетеді және қонақтардың көліктерін орналастырады) бағынады.

Қонақ үй туралы клиенттің алғашқы әсерінің қажеттілігіне байланысты, қызмет көрсететін персоналдарға ерекше жауапкершілік жүктеледі. Қонақты ең бірінші қонақ үйдің кіре берісінде швейцар күтіп алады. Ол қонақты қарсы алып, көліктен түсуіне көмек береді. Швейцарлар қонақ үйдің қызметтері мен іс шаралары (банкет, конференция және т. б. ) туралы, қонақ үйдің оранласқан жері мен аймақтары туралы жай мәлімдейді.

Нөмірге қонақтарды шығарып салып, багаждарын жеткізушілер коридоршылар. Шығарып салған кезде қонақтармен әңгімелесу керек. Осы кезде ең қажеттісі қонақтарға қонақ үйдің қызметі туралы хабарлама беру керек: мейрамхананың, кафе, бар, прачечный, бассейн, спорт залдың және т. б. жұмыс тәртібі туралы.

Номерге келген кезде коридоршы қонаққа орналасуына көмек көрсетуі керек: ненің қалай жұмыс істейтіні туралы түсіндіру. Егерде қонақтың қосымша сұрақтары болмаса коридоршы сыпайлылықты көрсетіп қоштасып номерден шығып кетеді.

Консьерждер қонақтарға көп қажетті қызметтер көрсетеді. Оларды весибюльдегі арнайы столда немесе этаждарда көруге болады. Осы уақытқа дейін консьерждер қонақ үйдің қызметшілері болмаған. Олар қонақ үй клиенттеріне қызмет көрсетуге құқықты сатып алушы тәуелсіз кәсіпкерлер. Консьерждердің көбінесе көрсететін қызметтер:

  • театрға билеттерді тауып, жеткізушілер;
  • қалалық мейрамханаларда столға тапсырыс беру;
  • авиа-, темір жол, автобус билеттеріне тапсырыс беріп жеткізу, халықаралық, қалааралық және ішкі көліктердің жұмысы туралы анықтама жасау;
  • жергілікті назар аударарлық жерлер, мұражай жұмысы, дүкендер, көрмелер туралы хабарлама жасау;
  • экстренді жағдайда көмек көрсету (мысалы, дәрігерді, юристі, нотариусті шақыру) ;
  • клиенттердің аса жеке сұранысын орындау (визаны дайындау, сатып алу және т. б. )

Қабылдау қызметін отельдің «жүрегі» немесе «жүйке орталығы» деп жиі айтылады. Бұл қызметпен қонақ жиі қатынаста болады, себебі осы жерден хабарлама алады.

Қабылдау қызметінің қажетті функциясына қонақты қарсы алғанда және орналастырғанда қажетті формальдарды орындау жатады. Қабылдау қызметінің қызметшісі (портье) швейцардан кейін қонақ үйдің кіреберісінде тұратын қызметші қонақпен бірінші қарым-қатынаста болады. Осыдан, қонақты қалай қарсы алуы, формальдардың орындалуының тездігі (брондауды тексеру, анкета толтыру, алдын-ала есептесу) қонақ үй туралы әсерлі ой қалдырады. Осыған байланысты, қабылдау қызметіне келесі талаптар қойылады [25] :

  • қабылдау қызметі қонақ үйдің кіре берісіне жақын орналасу керек.

Егерде қонақ үйдің вестибюлінің көлемі үлкен болса, интерьері келген қонақты қабылдау қызметіне бағыт беретіндей орналастыру керек;

  • портье тіреуі керек емес заттардан, қағаздардан таза болу керек;
  • қабылдау қызметкерлерінің сырт киімдері мінсіз және жүріс тұрысы

сәйкес болу керек. Қонақтармен тек тұрып сәлемдесу керек. Қонақтарды күттіріп қоюға болмайды. Портьенің ең негізгі жұмысы қонақтарды күтіп алу.

Алдын - ала орынға сұраныс берумен, тұтынушыны орналастыру қабылдаумен кезекші администратор, портье, есеп айырысу кассирі, төлқұжат тіркеулер айналысады. Қабылдау және орналастыру қызметі көпшілік қонақ үйлерде ағылшынша «reception» деп аталады. Қабылдау және орналастыру қызметкерлерінің жұмысы кәсіби стандартқа, талапқа сай орындалуға тиісті.

Администратордың басты міндеті, тіркеу журналын тексере отырып сұраныс ақпаратын сұрыптау, басқа қызметкерлер жұмысын қадағалау. Қонақ үйдің нөмерлік қорының санын және оның қонақтармен қоныстану деңгейінің есебін біліп отыруы қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес жоспарын құру жолдары
Кәсіпорынның қызметінің мазмұны және жылдық жоспардың көрсеткіші жүзеге асыру
Қонақ үй маркетингі және қонақтарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында әйелдер кәсіпкерлігінің қалыптасуы
ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫ ТАЛДАУ
Aidana tour турфирмасы қызметтері
Басқару құрылымына қойылатын талаптар
Бизнес-жоспар кәсіпорын қаржысын стратегиялық жоспарлау мен басқарудың құралы ретінде
Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірбиелері
Қонақжайлық индустриясында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz