Туризмдегі жарнаманың ролі


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І БӨЛІМ. ЖАРНАМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1. ЖАРНАМАНЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ . . . 5

1. 2. ТУРИСТІК ЖАРНАМАНЫҢ МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ . . . 9

1. 3. ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ . . . 12

ІІ БӨЛІМ. ТУРИСТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ДАМУЫНА

ЖАРНАМАНЫҢ ӘСЕРІ

2. 1. ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДА ЖАРНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 16

2. 2. ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДА ЖАРНАМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ . . . 18

2. 3. ЖАРНАМА ҚЫЗМЕТІНДЕ ИНТЕРНЕТ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Жарнама ерекшелiктерi: қоғамдық сипатта болады, үгiттеуге қаражат қаблеттiлiгi бар сатушы жарнама арқылы өзiнiң хабарландыруын бiрнеше рет қайталай алады, мәнерлiк - түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге болады, иесiз жарнама монолог ретiнде ғана жасалады. Жарнама дегенiмiз белгiлi тапсырыс берген демеушiнiң атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы әрекет.

АҚШ Маркетинг Ассоциациясының анықтамасы бойынша, жарнама дегенiмiз тауарларды, қызметтердi, идеяларды тұтынушыларға қарай жылжытуына арналған кез - келген әрекеттер нысандары және нақтылы жағдайды есепке ала отырып, анағұрлым тиiмдi тәсiлдер мен әдiстердi қолдана отырып, әлеуеттi тұтынушылардың назарларын жарнамалау. Жарнама науқаны мен құралдарының тиiмдiлiгiн нақты абсолюттi санмен анықтау мүмкiн емес. Осы туралы американдық кәсiпкер Джон Ванемейкер былай дейдi: Менiң жарнамаға жұмсаған ақшаларымның бiрталайы бекерге кететiнiң бiлемiн. Бiрақ оның нақты мөлшерiн анықтай алмайдым. Салыстырмалы есеп бойынша жарнама өзiн сонда да ақтайды. Мұнда жарнаманың экономикалық тиiмдiлiгi жарнаманың сату көлемiне тигiзетiн әсерiмен анықталады. Жарнаманың психологиялық әсер ету тиiмдiлiгi әлуеттi тұтынушылардың назарын тарту деңгейiмен және жарнамалық жариялауды тындаушылар қаншалықты еске сақтау деңгейiмен анықталады. Бұны тұтынушылар қимылдарының өзгерiстерiнiң шамалап бiлуге болады. Ал оны нақты есептеу шығару қиындау.

Курстық жұмыстың мақсаты: Туризімдегі жарнаманың рөлін анықтау. Туристік жарнаманы анықтау мен оны туристік фирмаларда дамытудағы кемшіліктерді, және сонымен қатар ұлттық туристік өнімдерді жарнамалауда кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдары. Жарнама туристік кәсіпорындағы маркетингте ерекше орын алады, оны сондықтан жиі өзара тәуелсіз бағытта қарастырады. Әлемдік нарықта жарнама кешенді толық пайдаланғанда ғана жоғарғы тиімділікке ие болады. Осы мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды орындау қажет:

  • туристік фирмадағы жарнаманың түрлері мен жарнамалық қызметтер.
  • Қазақстан Республикасындағы туристік жарнаманың дамуы.
  • Жарнаманы дамытуда туындайтын мәселелер мен оны шешу жолдары.

Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы: Қазақстан Республикасында туристік саладағы жарнаманың сферасы қазіргі таңда өте актуальді және даму стадиясында орналасқан. Туристік жарнаманы анықтау мен оны туристік фирмаларда дамытудағы кемшіліктерді, және сонымен қатар ұлттық туристік өнімдерді жарнамалауда кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдары.

Жарнама туристік кәсіпорындағы маркетингте ерекше орын алады, оны сондықтан жиі өзара тәуелсіз бағытта қарастырады. Әлемдік нарықта жарнама кешенді толық пайдаланғанда ғана жоғарғы тиімділікке ие болады.

І БӨЛІМ. ЖАРНАМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

  1. . ЖАРНАМАНЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ

Туризм қазіргі уақытта сыртқы экономикалық қызметтің жақсы серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады . Туризмнің ұдайы өсуі біртұтас әлемдік экономикаға әсер етуі сияқты бөлек елдер мен аймақтар экономикасына әсер етуі дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы мен құрылымына жалғасатын күрделі, тұрақты ұзақ мерзімді беталыстардың бірі болып табылады. Қызметі халықтың өзгеше қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған туризмнің ұлттық экономикадағы ірі өз алдына салаға айналуы осыдан байқалады. Осы қажеттіліктердің алуан түрлілігі туристік кәсіпорындармен ғана қанғаттандырылып қоймайды, сонымен қатар экономика дамуына мултипликаттық әсері факторларының бірі ретінде туризм мәнісін себепші ететін басқа салалардағы кәсіпорындармен қанағаттандырады. Туризм әлемдік интеграциялық просцестер факторланың бірі болып табылады, ал туристік бизнес қазіргі уақытта экономиканың маңызды секторы болып табылуда. Өте сирек табиғи ресурстармен көшпелі халықтың ерекше мәдениетіне ие болып отырған Қазақстан халықаралық және аймақтық нарықтарда туризмнің даму үшін үлкен іске асырылмайтын әлуетке ие болуда. Рекреациялық ресурстармен тарихи-мәдени мұралардың туристік әлуеті Қазақстан мемлекетіне халықаралық туризм нарығына үйлесімді біріктірілуге және елде туризмнің интенсивті дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл халықтың жұмыспен қамтылуның тұрақты өсімін және табыстарын туризм салаларымен шектес дамуын ынталандыруын және ұлттық экономикаға инвестиция түсімінің артуын қамтамасыз етеді. Қазақстанда туризм индустриясы мемлекеттік деңгейде экономиканың басымды салаларының бірі болып таңылды. Статистикалық және империкалық көрсеткіштер анализі қазақстандық туристік өнімге деген қызығушылықтың өсуін және туристер көлемінің өсуінің қолайлы беталысы және өткізу нарығының ұлғайғандығын куәландырады. Республикамыз кәсіпкерлер, спортсмендер, ғалымдар экстрималдық демалыстарды ұнататындар үшін аса тартымды болуда . Қазақстан территориясының көп бөлігін таулар алып жатқандықтан, дәл солай алыс шетелдік туристер үшін аса тартымды ресурс болып табылады. Оқиғалы туризм әлемдік туристік нарықта жоғары сұраныста . Нарықтық экономикада жарнама әр түрлi қызметтi атқарады. Жарнаманың әрекетiнен барлық кәсiпорыннын болашағы тәуелдi. Нарықтық экономикада жарнаманың атқаратын қызметтi төмендегiдей:Экономикалық бернесi - сұранысты қалыптастыру, өтiмдi ынталандыру, тұтынушыларға тауарды алғызуды тездету арқылы сату мен алу үдерiсiн тездетедi. Ақпараттық бернесi - тұтынушыларды өндiрушiлер туралы және олардың тауарлары туралы ақпарат ағымдарымен қамтамасыз етедi.

- Коммуникациялық бернесi - маркетингтiк зерттеулерi кезiнде қолданатын сауалдама, тұтынушылар пiкiрлерiн жинау.

- Бақылау бернесi - нарықтағы өнiмдердiң жылжыун бақылауға мүмкiндiк бередi.

- Түзетiм бернесi - өткiзу саясатын және жарнама қызметiң ұтымды жағынан өзгертуге мүмкiндiк жасайды

- Сұранысты басқару бернесi - нақты тұтынушылар топтарына көзделген әсерiн тигiзу жолдарын табуға мүмкiндiк ашады.

- Жарнама мақсатты кәсiпорын қабылдаған жалпы маркетингтiк және коммуникациялық стратегияларына сәйкес анықталады. Ол мақсаттарды екi үлкен топқа бөлуге болады:

- Тауарды өткiзу саласына байланысты мақсаттар - сату көлемiн ұлғайту және тұтынушылардың тауарды сатып алуын ынталандыруға арналады:

- Коммуникация саласына байланысты мақсаттар - нақты идеяларды хабарлауға, кәсiпорынның бейнесiн қалыптастыруға, тұтыну әдетiне ыңғайлы өзгертуге бағытталды.

Жарнама мақсаты негiзiнде жарнамалық жариялық шешiмдерiн қабылдау тәсiлдерi анықталады. Алдымен ұсынатын тауардың ерекше қасиеттерi талданып, соның iшiндегi тұтынушыларға аса маңыздыларының тiзiмi жасалады. Одан кейiн жарнамалық жариялаудың қандай мақсатты аудиторияға арналуын нақты анықтау керекЖарнамалық жариялауды дайындаған кезде мына мәселелердi шешу қажет:

- Жарнамалық жариялаудың құрылымын

- Жарнамалық жариялаудың түрiн

- Жарнамалық жариялаудың бет - бейнесiн.

Жарнамалық жариялаудың құрлымы AIDA (Attention - назар, interect - қызығушылық, desire - ықылас, action - әрекет), талаптарына сәйкес болуы қажет. Дұрыс қарастырылған хабарландыру тартымды да қызықты болады. Ол хабарландыруды адам қайтара оқуы немесе көруi мүмкiн. Хабарландырумен түгел танысып, жарнама объектiнiң дәлелдiгiне толық сенсе, тұтынушы тауарды сатып алуы мүмкiн. Жарнамалық жариялаудың түрi тауарды тұтынушыға көрсету әдiсiне байланысты. Көрсету әдiстерiнiң бiрнешесi болады. Олар: тауардың ұнатымды жақтарымен клиенттердiң пiкiрлерiн игеру мен қажеттiлiктердi қанағаттандыратын тауардың жағымды қасиеттерiн анық және дәлелдi көрсету, нақты жағдайда тауарды қолдану тәсiлдерiн көрсету, тұтынушының көңiлiң көтеру үшiн әзiл - ысқақ тағы басқа жағдай жасау. Жарнамалық жариялаудың бет - бейнесi көзделген ойды тұтынушыға ауызша не жазбаша түрде жеткiзу керек. Жарнамада бес түрлi атқарымдық бет - бейнесiн айыруға болады:

- Ресми iскерлiк:

- Ғылыми түрде кәсiбилiк:

- Жариялымдық:

- Әдеби тiлмен сөйлесу:

- Дөрекi тiлмен сөйлесу.

Жарнамалық жариялауды дайындаумен бiрге жарнама тарату құралдарын таңдау кезiнде мына сұрақтарға жауап табуы керек:

- Кiмнiң қажетiң қамту? Бұл сұраққа жауап беру үшiн мақсатты және әлуеттi, тұтынушыларды нақты табу керек. Ол үшiн нарықты сегменттеу жүргiзiледi.

- Әлуеттi тұтынушылар қай жерде орналасқан? Тұтынушылардың көбi орналасқан жерде жарнама берiлуi тиiс.

- Қашан және қайсы кезде жарнама берiлуi керек. Демек жарнама жүргiзiлетiн уақыты берiлуi керек.

Жарнаманы тарату құралдары таңдауына мынандай факторлар әсер етедi:

- жарнаманың мақсаты:

- жарнамалайтын тауардың ерекшелiктерi:

- нарықты қамту көлемi:

- жарнама тарату арнасының мақсатты аудиториясының сипатына сәйкестiгi

- бәсекелестердiң жарнамалық әрекетi

- керектi құралдардың қолда болуы

- жарнаманың әрекет ету нарқы.

Жарнама тарату құралдары анықталғаннан кейiн жарнамаға қажет қаржы көлемi есептеледi.

Жарнама қаржы көлемi анықталғанда келесi факторлар есепке алынады:

- болжаған өткiзу нарығының көлемi мен мөлшерi.

- кәсiпорынның маркетингтiк кешенiңдегi жарнаманың ролi.

-тауардың өмiрлiк циклы

- бәсекелестердiң жарнама шығындары

- кәсiпорынның қаржы мүмкiндiгi.

Жарнама қаржысы коммуникация кешенiнiң жалпы шығындар сиетасына еңгiзiлуi тиiс.

1. 2. ТУРИСТІК ЖАРНАМАНЫҢ МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ

Тауар жарнамасы - туристік өнімге сұранысты қалыптастыратын және оған ынталандыратын жарнама. Бұндай жарнама клиенттерге өнім туралы толық ақпарат беріп тұрады.

  • Престижді жарнама немесе имидж-жарнамасы (фирма беделі жарнамасы) - фирманың артықшылықтарын көрсететін, оны бәсекелестерден айыратын жарнама. Жарнаманың мақсаты - әлуетті клиенттерді өзіне тарту.
  • Фирманың мүмкіндіктері туралы жарнама - бұндай жарнама фирманың мүмкіндіктері туралы мақсатты аудиторияны керекті ақпараттармен қамтамасыз етеді.
  • Қажеттілік жарнама - фирма туралы серіктестерді ақпараттау үшін берілетін жарнама. Бұндай жарнама арқылы фирма жұмысшыларды, делдалдарды өзіне тартады, сонымен қатар материалды-техникалық ресурстарды іздестіреді немесе сатады (мысалы, офистерді, көлікті, жиһаздарды, оргтехниканы) .
  • Ақпараттық жарнама - тұтынушыларды жаңа қызметтер мен жаңа фирмалармен таныстыратын жарнама.
  • Сендірушілік - жарияланатын өнімнің басқа бәсекелестік өнімнен артықшылығын көрсететін жарнаманың түрі.
  • Ескерту жарнамасы - тұтынушылар есіне тауар (фирма) туралы ақпаратты сақтауға арналған жарнама.
  • Тиімді жарнама - әлуетті тұтынушының өнім (фирма) туралы керекті ақпарат беріп, оларды дәлелдеп тұратын жарнама.
  • Эмоционалды жарнама - тұтынушылардың сезіміне, эмоциясына әсер ететін жарнама (мысалы, брошюра, журнал, иллюстрация арқылы) .
  • Селективтік (таңдамалы) жарнама - тұтынушылардың белгілі бір тобына, яғни нақты нарық сегментіне арналған жарнама.
  • Жалпылама жарнама - тұтынушылардың барлығына, яғни жалпы нарыққа арналған жарнама.
  • Жергілікті - белгіленген жердегі ғана жарнама.
  • Аймақтық - елдің белгілі бір аймағындағы жарнама.
  • Жалпы ұлттық - мемлекет ішіндегі жарнама.
  • Халықаралық жарнама.
  • Жеке туристік фирманың атынан жарнама
  • Бірлескен жарнама - көлденең және тікелей болуы мүмкін. Көлденең бірлескен жарнама деген - бұл белгілі бір өнімді жариялау үшін бірқатар туристік мекемелер бірлеседі. Тікелей бірлескен жарнама деген - бұл туристік фирманың және туристік қызметті өңдеушінің (қонақ үй, ресторан, көлік) бірлесуі. Бірлескен жарнаманың артықшылықтары бар: жарнама бюджетің көбейту, жарнама ақпаратты таратудың бірнеше құралдарының пайдалану және т. б.
  • Баспасөз жарнамасы - газеталар, журналдар.
  • Баспа жарнамасы - анықтамалар, каталогтар, пресс-релиз, буклет.
  • Тікелей пошта жарнамасы - пошта хаттары, пошта арқылы видеокассеталар, видеодисктер.
  • Сыртқы жарнама - үлкен габариттік плакаттар, газжарығы құрылымдар.
  • Транспорт жарнамасы - транспорт сыртындағы жарнама, транспорт салонындағы плакаттар және хабарландырулар.

Жарнаманың жоғарыдағы айтылған көптеген бернесi оның әмбебап сипатын көрсетедi және оның жеке түрлерiн бөлiп талдауды қажет етедi. Жарнама келесi белгiлiр арқылы жiктеледi:

  1. Жарнаманы жеткiзу әдiстерiне қарай:

- қатаңжарнама- қысқамерзiмде, агресияшылжарнама.

Жайлы жарнама - тауар айналысында қолайлы жағдай құратын жарнама.

  1. Мияткер түрiне қарай:

- өндiрушiнiң атынан жүргiзiлген жарнама көбiнесе коммерциялық әрекетке байланысты.

- жеке адамдар атынан жүргiзiлген жарнама көбiнесе хабарландыру сипатын алады.

  1. Тұтынушыға әсерету әдiсiнеқарай:

- оңтайлыжарнама - әлуеттi тұтынушыныңақыл - ойына әсерететiнжарнама.

- Эмоционалдыжарнама - , әсерететiнжарнама.

  1. Мақсатты аудиторияның түрiне қарай:

- Бизнес саласына арналған жарнама - тауарды өндiрiс үдерiсiңде қолдану үшiн сатып алатын тұтынушыларға және делдалдарға арналған жарнама. Жеке тұтынушыға арналған жарнама.

  1. Коммуникация стратегиясына қарай:

- Таңдамалы жарнама - нақты нарық сегментiне арналған жарнама.

- Жалпылама жарнама - жалпы нарыққа арналған жарнама.

  1. Компания мақсатына қарай:

- Ақпаратты жарнама - тұтынушыларды жаңа тауар мен жаңа фирма мен таныстыратын жарнама.

- Ескерту жарнама - тұтынушылар есiне тауар туралы ақпаратты сақтауға арналған және тауарды қай жерде сатып алуын еске түсiретiн жарнама.

- Кеңесшi жарнама - таңдамалы сұранысты қалыптастыруға арналған жарнама.

  1. Жарнама затына қарай:

- Тауар жарнамасы - тауарға сұранысты қалыптастыратын және оған ынталандыратын жарнама.

- Фирма беделiң жоғарлатуға арналған жарнама - кәсiпорынның жұмысын жағымды көрсетуге арналған жарнама.

  1. Тигiзетiн әсерiне қарай:

- Тiкелей жарнама - жеке тұлғаға арналған жарнама, мысалы директ - мейл

- Жанама жарнама - көпшiлiкке арналған жарнама

  1. Әсер ету жолына қарай:

- Көз жарнамасы

- Акустикалық жарнама

- .

1. 3. ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАРНАМАНЫҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ

Саяхатты туризм түрлеріне бөлуге, мотивациялық факторларды қолдануға болады. Бұлай түрге бөлуден адамды саяхатқа итермелеген негізгі себепті білеміз. Алайда саяхатқа бару себептері толық анықталмаса да, туризмді басқару жүйесіндегі 6 түрді айтуға болады. Демалу мақсатындағы туризм. Берілген түр ағзаның физикалық пен психикалық демалуына негізделген. Сонымен қатар бұл топқа емделу және күш жинау үшін қолданылатын теңіз суы мен жағымды климаты бар курортты жерлер жатады.

Мәдениетпен танысу мақсатындағы туризм. Басқа елдің мәдениетімен танысу туризмі танымдық және діни (поломнический) болып бөлінеді. Танымдық туризмге тарихи, мәдени және географиялық көркемділіктер жатады. Танымдық туризм мақсатында саяхаттаушы туристер, көбінесе баратын елдің әлеуметтік пен экономикалық жағдайы қызықтырады. Діни (поломнический) туризмге ерекше дәстүрлі құндылықтары жатады.

Бұқаралық туризмі. Көпшілік туризм ретінде туыстарына, достарына, таныстарына бару мақсатындағы саяхат жатады. (Халықаралық терминалогияда visiting friends and relatives - VFR сөзімен таныс), сонымен қатар клубтық туризм. Клубтық туризм әдейі топпен саяхаттаушылармен ерекше. Топ құрушы адамдарды оқиғалы немесе спорттық туризм қызықтырады.

Спорттық туризм. Спорттық туризмге спорттық шараларға белсенді қатысушылар мен спорттық сайыстарда пассивті сипаттағы қатынас жатады. Спортқа белсенді қатысушыға мысал: Л ханым Карпатқа шаңғы спортымен айналысу үшін барады; пассивті қатынас: футбол фанаты өзінің футболдық клубының барлық ісі сайыстарына барады.

Экономикалық туризм - кєсіби жєне коммерциялық мақсаттағы саясат; биржа, жәрмеңке жєне тағы басқа.

Саяси туризм - конгресстерге қатысушы дипломатиялық туризм жєне саяси жағдайлар мен іс-шаралар байланысты туризм. Кейде туризмді формалары арқылы анықтау, саяхаттың ұзақтығының әртүрлілігімен байланысты (ұзақ жєне қысқа мерзімді саяхат) . Егер саяхатты ұзақтығы арқылы бөлсек, онда бұл саяхаттар туризмнің формаларына жатқызуға болады. Туризмді ішкі критериялар арқылы формалаудың бірнеше мүмкіндігі бар.

  • туристер түрі;
  • ұйымдастыру формасы;
  • саяхатта болу ұзақтығы;
  • жасы;
  • көлік;
  • жыл уақыты немесе мезгілі бойынша;

Келесі кестеде туристік жарнаманы шығындар бойынша бөлу берілген.

Кесте 1

Туристік жарнаманы шығындары бойынша бөлу

Жарнаманы тарату құралы
Жалпы шығын, пайызбен
Жарнаманы тарату құралы:

Пресса:

- туризм бойынша арнайы пресса

- қоғамдық - жарнама

- Ақпаратты - серпілту

- Қоғамдық - саяси - әлеуметтік

- іскерлік

- элиталық

Жалпы шығын, пайызбен:

17, 2

9, 5

9, 4

9, 3

8, 2

4, 1

Жарнаманы тарату құралы: Радио
Жалпы шығын, пайызбен: 11, 2
Жарнаманы тарату құралы: Телевидение
Жалпы шығын, пайызбен: 10, 3
Жарнаманы тарату құралы: Наружная реклама
Жалпы шығын, пайызбен: 8, 9
Жарнаманы тарату құралы: Басқа да шаралар
Жалпы шығын, пайызбен: 12, 0

Осы кестеден ең қымбат немесе шығыны көп жарнама құралы басқа да шаралар, оған дегустация, презентация, жәрмеңке және көрме жатады. Туристер түріне байланысты туризм формалары. Саяхаттаушылардың түріне қарай туризм ішкі жєне халықаралық болып бөлінеді. Берілген жағдайда «турист түрі» сөзі оның ұлты немесе туған жеріне қатысты емес, бұл сөз оның тұрақты орны мен жұмысына байланысты. Ұйымдастыруына қатысты туризм форма (ұйымдастыру формасын) . Ұйымдастыру формасына байланысты паушальды (комплексті қызмет түрінің бір бағаға қосу) жєне жеке туризм болып бөлінеді. Паушальды тур - бұл стандартталған, алдын ала ұйымдастырылған туристік қызмет коплексі. Жеке тур дегеніміз, турист өзі турды ұйымдастырады жєне оны іске асырады.

ІІ БӨЛІМ. ТУРИСТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ДАМУЫНА

ЖАРНАМАНЫҢ ӘСЕРІ

2. 1. ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДА ЖАРНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Қазір туризм индустриясы халықаралық сауда қызметі сегментінде жоғарғы денгейдегі ірі және динамикалық дамудағы салалардың бірі. 2002 жылы халықаралық туризмнің еншісіне экспорттағы әлемдік кірістін 8% мен қызмет көрсету секторы экспортындағы 37% тиді. Туризм деңгейі жаңа көркем территориялардың пайда болу арқасында көтерілуі керек, себебі әлем туристік нарықындағы дәстүрлі аудандардың рекреационды сыйымдылығы шегіне жетті. Осыған байланысты қазақстан әлемдегі туристік нарығында өзінің орның алуға үлкен мүмкіндігі бар. Қазіргі туризм әр жыл сайын еңбек етушілерге берілетін демалысқа байланысты туған, ол бір жағынан адамның демалысқа хұқығың мойындау болып табылады. Ол адамдар мен ұлттар арасындағы түсінiсу факторының дамуына септігін тигізеді. Әлемдік Туристік Ұйымның зерттеу анализіне, мамандандырылған халықаралық туризм ұйымдары мен мемлекеттің туризмді дамыту саясатына сүйенсек, туризді мемлекеттің әлеуметтік, мәдени экономикасына әсер ететін іс-әрекет ретінде түсінеді. Қазіргі кездегі туризм бұл әлем экономикасында құлдырауға берілмейтін сала. Мамандандардың есебінше, орта есеппен алғанда бір шет елдік туристтен түсетін кірісті алу үшін, әлемдік нарыққа шамамен 9 тонна тас көмір, 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғарғы сортты бидай өнімін шығару керек. Бұл жерде әр шикізатты сатқанда мемлекеттің энерго сақтаушы орындары азаяды, ал туристік индустрия қалпына келу ресурстарында жұмыс істейді. Шетел экономисттерінің есебінше 100 000 турист қалада болған 2 сағаттың ішінде 350 000 доллар жұмсайды немесе әр адам 17, 5 доллардан сағатта. Көріп отырғанымыздай шикізатты сату-бұл экономикалық тоқырауға алып келсе, туризм ресурсы азаймайтын ұзақ уақыт бойы қызмет ететін экономикалық тиімді сала.

Туризм экономикаға үш пайдалы әсерін тигізеді:

1. Шетел валютасының ағымы, төлем балансы мен экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң септігін тигізеді.

2. Тұрғылықты жерді жұмыспен қамтамасыз етеді. Әлемдік Туристік Ұйым мен Әлемдік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша әр тоғызыншы жұмыс орны мен туризм индустриясында 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны тиеді. Туризм тікелей және жанама түрде экономиканың дамуының 32 саласына ‰сер етеді.

3. Елде инфра құрылымды дамытады.

Туризм елдегі бүтін аудандардың экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм облысындағы шаруашылық субъектілерді құрып оны іске асыру транспорты, сауда, коммуналды-тұрмыстық, мәдениет, медицина қызметінің дамуымен тығыз байланысты. Туризм индустриясында басқа экономикалық салалардан гөрі, неғұрлым күшті мультипликатор эффектісі бар. Туризм -демалыс, спорт, мәдениет және табиғатпен, таныстыратын жоспарланып индивидуальды түрде тәжірбиеленуі тиіс іс-әрекет. Мұндай жағдайда ол өзін-өзі оқыту толеранттылығы мен халық арасындағы мәдениеттін әр түрлілігімен танысу факторы болып табылады . Туризмнің тез iрі тұрақты өсуін, оның айналадағы ортаға күшті әсерін экономиканың барлық секторы мен қоғамның жағдайына септігін ескере отырып Қазақстан Үкіметінің ұзақ мерзімді бағдарламасы туристтік саланы тиімді деп анықтады. Берілген концепция туризм сферасындағы бүтін мемлекеттік саясатының пайда болуын, хұқықтық, ұйымдық және Қазақстандағы қазіргі туризм индустриясындағы бәсекелестікке бейімділіктің формалануының экономикалық негізін ұсынады. Қазақстанда туристiк индустрияның дамымаған себебi онымен мақсатты түрде, мемлекеттiк деңгейде экономиканың саласы ретiнде айналыспағанында. Мемлекеттiк емес туристiк құрылымдар мен туризмнiң территориалды ұйымдарына, ұзақ мерзiмдi жоспарлауға, комплекстi болжамдарға көнiл бөлiнбедi. Саланың дамуын тежеген фактор бюджетке кiрiстiң көп бөлiгi туризмнен түскенiне қарамастан жергiлiктi басқару органдарының оны тиiмдi әрi болашағы бар екенiң мойындамауы. Тәуелсiздiк алынуы мен қатар елiмiзде халқымыздың тарихи және мәдени құндылықтарың дамыту жұмыстары басталды.

2. 2. ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДА ЖАРНАМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Жарнама беруші -жарнамалық агенттерге жарнама берушіжәне оның ақысын төлеуші бұл заңды және физикалық тұлға.

Жарнама берушінің негізгі қызметтері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік жарнама тұтынушылары
Туристік жарнама қызметінің ерекшелігі
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR - технологиялар
Туристік салада маркетингтік және жарнама қызметін ұйымдастыру
Туристік кәсіпорындарда жарнама қызметінің жетілдіру жолдары
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын pr-технологиялар туралы
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR-технологиялар туралы ақпарат
Туристік сақтандыру қызметтері нарығындағы қалыптасқан жағдайлары
Туризмдегі жарнама
Тауарлардың қызметтердің материалдық емес түрінің жарнамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz