Маңғыстау облысының туристік әлуеті.



МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛУЕТІ.
1.1 МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК . РЕКРАЦИЯЛЫҚ ӘЛУЕТІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ОРЫНДАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
ІІ БӨЛІМ. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗІМДІ ДАМЫТУ.
2.1 МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘУЛИЕЛЕР МЕН ЗИРАТ ЕТУ ОРЫНДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 КЕНДІРЛІ ЖАҒАЖАЙЫНЫҢ ТУРИСТІК БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3 «АҚТАУ . СИТИ ЖАҒАЖАЙЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНШІЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Туризмнің ел экономикасының дамуына да тигізер пайдасы мол. Туризм қазіргі таңда Қазақстанда да өте тез қарқынмен даму үстінде. Кең байтақ қазақ жерінің табиғатының сан қырлы сұлулығын көріп таң қалмау мүмкін емес. Қазақ жерінің сұлу табиғаты, туризмі туралы айтқанда еріксіз мына өлең жолдары ойға оралады: « Әттең, сен сиятын көрме жоқ жер бетінде...». Сол кең байтақ Қазақ жерінің бір бөлшегі, табиғатының сұлулығының бір көрінісі ретінде Маңғыстау табиғаты өзінше бір ерекше. Маңғыстау- 362 әулие қоныс тепкен киелі мекен. Маңғыстауды «аспан астындағы мұражайға» теңесе, сол аспан асты мұражайын көруге келген туристерді Маңғыстау жері,жұрты құшақ жая қарсы алады. Мұнда аты әлемге паш етілген пирамида да, шыңдары аспанмен таласқан биік тау да, йен даласыз қаңырап жатқан шөлде жоқ. Есесіне осыншама үш бөлек дүниені ұштастырып, ымдастырып тұрған бір бүтін ағза бар. Ол- Маңғыстау даласы. Маңғыстауда аңызға толы тарихи ескерткіштер, естігенді таң қалдырып, көргенді тамсандырған Бекет ата, Шопан ата, Сұлтан Үпі, Қараман ата секілді жер асты мешіттері, Тамшалы, Самал, Саура, Сығынды сияқты әсем жерлері, Отпан тау, Шерқаладай тарихи орындары қоныс тепкен. Осындай Маңғыстаудың жазып сипаттайтын, шумақтап өлең шығартатындай аймағы қаншама. Оларды жазып отыру бір кітаппен ғана шектеліп те қалмас еді... Туризмді дамытып, әлемге паш ететін Маңғыстауымыздың туристік потенциялы мол... Соның ішінде зиратшылық туризмнің алар орны ерекше. Маңғыстаудың әр тасы – тұнған тарих және сырға толы. Бұл мекеннің 500 мыңжыл¬дық тарихы бар деседі. Адамзаттың кез келген ұлы істері ұлы даладан айналып өтпеді десек артық айтпаймыз. VI ғасырдың ортасында Ұлы Жібек жолы маңғаз даланы тіліп өткен. Шығыс пен Батысты байланыстырған керуен жолының бір тармағы осы жердің үстінен өтіп, Еуропаға қарай тең-тең жүк артқан саудагерлер Күйкен қорғаны, Белдеулі, Қақпақты, Тұрыш сияқты құдықтарға аялдаған екен.Ұлы Жібек жолының бойында көптеген бекіністер, керуен-сарайлар, ежелгі қалашықтар пайда болды. Маңғыстау – көне тарихи ескерткіштерге бай. Бүгінде ата-бабамыздың мәдени мұрасы, руханияты ұрпаққа аманат болып қалды. Бірі ескерткіштің сәулетті көркіне, ондағы шеберлікке тамсанса, екіншісі рух алады. Сонымен қатар кешегі патшалық Ресей мен кеңестік кезеңнің де Маңғыстау жерінде қалдырған таңбасы – бүгінгінің адамы үшін ұмытылмас тарих. Ол да бірқыдыру әңгіме болары сөзсіз. Қарт Каспийдің көкшіл суы мен шексіз құмды жағажайын, шөл даланың керемет ландшафтарының барлық түрін еліміздің басқа жерінен тіпті таппайсыз. Сондықтан Маңғыстау-Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытуда үлкен мүмкіндігі бар аймақ. Өлкенің туризмі дамыса, өлке экономикасына күш қосылары анық.
Курстық жұмыстың мақсаты: Маңғыстау облысының туристік–рекреациялық ресурстарының инвентаризациясын өткізілді;
туристік рекреациялық ресурстар мүмкіншілігін жаңа әдістермен бағалланды. Маңғыстау облысының туристік болашығының айқын болары анықталды.Маңғыстау облысының жағажайларын болашақ пайдалану мүмкіншілігің арттыру болжамдары жасалды.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы: Маңғыстау облысында туризмді дамытудың жолдары анықталды. Біздің өлкемізде су, экологиялық, тарихи туриізімді дамытуға болады.Қалалықтар мен қала қонақтары басқа жақта демалғаннан гөрі, теңіз жағалауында орналасқан демалыс кешенінде, емдеу-сауықтыру орындарында, балалар лагерінде демалғанды қалайды. Сонымен айтарымыз, біріншіден Маңғыстау облысында туризімді дамыту жолдарын қарастыру. Екіншіден, жинақталған материалдарға сай табиғат және мәдениет ескерткіш-объектілеріне маңызын анықтау.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Академия рынка: маркетинг/пер. с фр. (Дайан А., Букерель Ф., Ланкар
2. Багиев Г.Л., Тарасевич В.М. Маркетинг. СПб: СПБУЭФ, 1996. — 74 б.
3.Бейжанова А.Т. ҚРтуризм саласындағы маркетингтің дамуы.
4. Голубков Е.П. Маркетинпстратегии, планы, структуры. — М.: Дело, 1995.
5. Кондыбаев С. «Эстетика ландшафтов Мангистау»
6.Герасименко О. Полуостров сокровищ. – А-А.: Казахстан, 1968.
7. Жамалбеков Е.У. Казыналы тубек. – А-А.: Кайнар, 1990.
8.Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және
9. « Проблемы устойчивого развития
10. Қожахметов Б.Т. Қарағанды облысының экологиялық проблемалары
11. «Маңғыстау энциклопедия», Алматы, Атамұра – 2000
12. Ж. Аланов, "Егемен Қазақстан", 12.05.2007 г.
13. Вестник Налоговой службы Республики Казахстан: Журнал.
14. Нәдіров.М.Н., Қалыбекова.Д.Б. Шет мемлекеттер қаржылары: Оқу құрал – Алматы.: Экономика, 2006. – 131 б,;

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І БӨЛІМ. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛУЕТІ.
1.1 МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..4
1.2 МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК - РЕКРАЦИЯЛЫҚ ӘЛУЕТІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ОРЫНДАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
ІІ БӨЛІМ. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗІМДІ ДАМЫТУ.
2.1 МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘУЛИЕЛЕР МЕН ЗИРАТ ЕТУ ОРЫНДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 КЕНДІРЛІ ЖАҒАЖАЙЫНЫҢ ТУРИСТІК БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.3 АҚТАУ - СИТИ ЖАҒАЖАЙЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНШІЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Туризмнің ел экономикасының дамуына да тигізер пайдасы мол. Туризм қазіргі таңда Қазақстанда да өте тез қарқынмен даму үстінде. Кең байтақ қазақ жерінің табиғатының сан қырлы сұлулығын көріп таң қалмау мүмкін емес. Қазақ жерінің сұлу табиғаты, туризмі туралы айтқанда еріксіз мына өлең жолдары ойға оралады: Әттең, сен сиятын көрме жоқ жер бетінде.... Сол кең байтақ Қазақ жерінің бір бөлшегі, табиғатының сұлулығының бір көрінісі ретінде Маңғыстау табиғаты өзінше бір ерекше. Маңғыстау- 362 әулие қоныс тепкен киелі мекен. Маңғыстауды аспан астындағы мұражайға теңесе, сол аспан асты мұражайын көруге келген туристерді Маңғыстау жері,жұрты құшақ жая қарсы алады. Мұнда аты әлемге паш етілген пирамида да, шыңдары аспанмен таласқан биік тау да, йен даласыз қаңырап жатқан шөлде жоқ. Есесіне осыншама үш бөлек дүниені ұштастырып, ымдастырып тұрған бір бүтін ағза бар. Ол- Маңғыстау даласы. Маңғыстауда аңызға толы тарихи ескерткіштер, естігенді таң қалдырып, көргенді тамсандырған Бекет ата, Шопан ата, Сұлтан Үпі, Қараман ата секілді жер асты мешіттері, Тамшалы, Самал, Саура, Сығынды сияқты әсем жерлері, Отпан тау, Шерқаладай тарихи орындары қоныс тепкен. Осындай Маңғыстаудың жазып сипаттайтын, шумақтап өлең шығартатындай аймағы қаншама. Оларды жазып отыру бір кітаппен ғана шектеліп те қалмас еді... Туризмді дамытып, әлемге паш ететін Маңғыстауымыздың туристік потенциялы мол... Соның ішінде зиратшылық туризмнің алар орны ерекше. Маңғыстаудың әр тасы - тұнған тарих және сырға толы. Бұл мекеннің 500 мыңжыл - дық тарихы бар деседі. Адамзаттың кез келген ұлы істері ұлы даладан айналып өтпеді десек артық айтпаймыз. VI ғасырдың ортасында Ұлы Жібек жолы маңғаз даланы тіліп өткен. Шығыс пен Батысты байланыстырған керуен жолының бір тармағы осы жердің үстінен өтіп, Еуропаға қарай тең-тең жүк артқан саудагерлер Күйкен қорғаны, Белдеулі, Қақпақты, Тұрыш сияқты құдықтарға аялдаған екен.Ұлы Жібек жолының бойында көптеген бекіністер, керуен-сарайлар, ежелгі қалашықтар пайда болды. Маңғыстау - көне тарихи ескерткіштерге бай. Бүгінде ата-бабамыздың мәдени мұрасы, руханияты ұрпаққа аманат болып қалды. Бірі ескерткіштің сәулетті көркіне, ондағы шеберлікке тамсанса, екіншісі рух алады. Сонымен қатар кешегі патшалық Ресей мен кеңестік кезеңнің де Маңғыстау жерінде қалдырған таңбасы - бүгінгінің адамы үшін ұмытылмас тарих. Ол да бірқыдыру әңгіме болары сөзсіз. Қарт Каспийдің көкшіл суы мен шексіз құмды жағажайын, шөл даланың керемет ландшафтарының барлық түрін еліміздің басқа жерінен тіпті таппайсыз. Сондықтан Маңғыстау-Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытуда үлкен мүмкіндігі бар аймақ. Өлкенің туризмі дамыса, өлке экономикасына күш қосылары анық.
Курстық жұмыстың мақсаты: Маңғыстау облысының туристік - рекреациялық ресурстарының инвентаризациясын өткізілді;
туристік рекреациялық ресурстар мүмкіншілігін жаңа әдістермен бағалланды. Маңғыстау облысының туристік болашығының айқын болары анықталды.Маңғыстау облысының жағажайларын болашақ пайдалану мүмкіншілігің арттыру болжамдары жасалды.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы: Маңғыстау облысында туризмді дамытудың жолдары анықталды. Біздің өлкемізде су, экологиялық, тарихи туриізімді дамытуға болады.Қалалықтар мен қала қонақтары басқа жақта демалғаннан гөрі, теңіз жағалауында орналасқан демалыс кешенінде, емдеу-сауықтыру орындарында, балалар лагерінде демалғанды қалайды. Сонымен айтарымыз, біріншіден Маңғыстау облысында туризімді дамыту жолдарын қарастыру. Екіншіден, жинақталған материалдарға сай табиғат және мәдениет ескерткіш-объектілеріне маңызын анықтау.

І БӨЛІМ. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛУЕТІ.
1.1 МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА СИПАТТАМА
Маңғыстау облысы - Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстік-батысында орналасқан ірі әкімшілік бірлігі.Маңғыстау Түркіменстан Республикасымен және Каспий теңізі арқылыӘзірбайжан, Иран елдерімен шектеседі. Облыс 1973 жылы 20 наурызда құрылды. 1988 жылдың 2 маусымында таратылып 1990 жылдың 17 тамызында тарихи "Маңғыстау" деген атпен қайта облыс болып құрылды. Облыс орталығы - Ақтау қаласы.Қазақстанның теңізбен байланыстыратын жалғыз су бекеті Ақтау халықаралық теңіз сауда порты бар. Маңғыстау жерінің тумасы жазушы Әбіш Кекілбайұлы Маңғыстауды "Ұйқыдағы аруға" теңеген. Сонымен қатар ғарыштан түсірілген сурттерде Маңғыстау түбегінің контуры жас келіншектің профиліне ұқсайды.Маңғыстау аймағы ежелгі кезеңдерден бері мал ш-мен айналысады. Топырағы сортаң, өсімдігі бұталы, ащылы, қысы ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғырықты, ылғалы аз, көктемі созылмалы, континентті шөл далаға жатады.
Этимологиясы
Маңғыстау сөзінің шығу тегіне қатысты сан түрлі пікірлер бар. Соның бірі көшпелілердің құтты мекен, мың ауыл немесе мың қыстау дегені халық арасында кең таралған. 1985 жылы жарық көрген Е.Қойшыбаевтың"Қазақстанның жер-су атаулары атты сөздігі" кітабында Маңғыстау атауының шығу тегі туралы төрт болжам келтірілген. Біріншісі, өлке аты "мың" және "қыстау" тіркесінен шыққан.
Географиясы
Маңғыстау өңірі - Қазақстанның оңтүстік -батыс бөлігінде орналасқан. Облыстың батысы мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түрікменстан, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстан, солтүстігі мен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектеседі.

Өсімдік жамылғысы
Маңғыстау өлкесінің дүниесін зерттеу жұмыстары ерте кезден басталып, 150 жыл бұрын ботаник және әуесқой табиғат зерттеушілері: А. Шренк, И.Борщов, П. Семенов-Тянь-Шаньский, И. Северцов, Эйхвальдтардың еңбектері арқылы ғылымға белгілі бола бастады. Оның ішінде 1825-26 ж.ж. жарық көрген Эйхвальдтың - Каспий теңізінің Маңғыстаудан Шағадамға дейінгі жағалауындағы өсімдіктер дүниесі туралы еңбегі айрықша маңызды. Г.С. Карелин 1832 ж. Каспий теңізінің терістік шығысынан қамал салу үшін қолайлы орын іздей жүріп, Маңғыстаудың өсімдіктер дүниесі жөнінде құнды пікірлер қалдырды. И.Г. Борщовтың 1965 ж. жарық көрген Арал-Каспий аймағының ботаникалық географиясына материалдар атты еңбегінде Маңғыстау жарты аралының өсімдіктер дүниесі жөнінде көптеген ескертпелер жасалды. Маңғыстау жерін зерттеген атақты геологтар Барбот де Марин, Баярунас, Андрусов, Алексейчиктердің еңбектерінен де бұл аймақтың өсімдіктердүниесі туралы көптеген мағлұматтар алуға болады. Маңғыстаудың құмды аймақтары мен Үстірт жонындағы түйелер де, сондай-ақ, Сам, Матай құмадарында: сексеуіл, жүзген, жыңғыл, қоянсүйек, ақшаотау, шағыр, құсқанбас, Орталық Үстірт жонының шығыс, терістік шығыс бөлігінде баялыш; тау бойы мен Түпқараған аймағында және Оңтүстік Маңғыстау жазығының ойпаң тұстарында қарағаш, қаттықара, қараған, түйесіңір өседі.
Жануарлар дүниесі
Маңғыстау өңірінің миллиондаған жылдармен өлшенетін тарихы, соған сәйкес, сан алуан табиғат жаратылыстары мен жануарлар дүниесінің болғаны белгілі. Қазіргі кезеңде Маңғыстаудың қай түпкірінен болса да тіршіліктің маусымдық ерекшеліктеріне байланысты:хайуанаттардың, бауырымен жорғалаушылардың, сүтқоректілердің, кемірушілердің, жыртқыш аңдар мен құстардың шөл далаға тән өкілдерін кездестіруге болады. Олардың ішінде: кірпі, дала тасбақалары, кесірткелер, жыланбас пен улы қарашұбар жылан, оқ жылан, су жылан, құм жылан, сарыүйек, ешкіемерден бастап, дала тышқандары: қосаяқ, сарышұнақ, күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр т.б. жиі кездеседі. Ал, мәлін, борсық, қарақұлақ өте сирек, оларды шалғайдағы қалыңдықтар мен мемлекеттік корықтардан ғана кездестіруге болады. Сондай-ақ, көктем шыға келетін кішкентай көк және сары шымшықтар мен күзгі салқындықтың хабаршысы суықторғайдан бастап, дала құстарының үйреншікті түрлері: қарға, бозторғай, қараторғай, қарабауыр, шыл, жек, қарлығаш, көкек пен кептер, жыртқыш құстар: қаршыға мен әр түрлі қарақұстар, дала бүркіттері кездессе, теңіз жағалауы мен аралдарда: қасқалдақ, шағала, үйрек, торалақаз, қоқиқаз, аққу сияқты су құстары мекен етеді.
Климаты
Маңғыстау облысының климаттық жағдайы өңірдің Еуразия материгінің орталығында, әлемдік теңіз және мұхиттан алыс қашықтықта орналасуына байланысты қалыптасады.Аймаққа тән сипаттама: жазы өте ыстық, осы ендік бойынша қысы суық; жылдық және тәуліктік температураның күрт ауытқуы; жауын-шашыны аз және жыл мезгілі бойынша тең таралмаған, ауасы қүрғақ; бүлтты аспаннан гөрі, ашық күндері мол. Осының бәрі аймақтың қиыр солтүстігінде және солтүстік-батысында дала, орталығында шөлейт және оңтүстігінде нағыз шөлді өңірлердің қалыптасуына әкеліп соқтырады
Жыл бойы ауа ағымының негізгі үш түрі әсер етеді:
арктикалық,
полюстік (немесе қоңыржай белдеулік)
1.2 МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК - РЕКРАЦИЯЛЫҚ ӘЛУЕТІ
Тарихи - мәдени ескерткіштерден өзге Маңғыстау жерінде таңғажайып жерлер көп: шөлдегі салқын бұлақты, жасыл шөпті оазистер. Бұл жердің көркі көптеген экзотика әуесқойларының назарын аудартпай қоймайды. Маңғышлақ жерінде тақырлар гүлденген жазықтармен, жазықтар жыралар мен тауларға, ал құмдар - теңіздің тұзды салқын желімен ауысып отырады.Туған өлкенің балалық шақтан бері таныс та сүйікті көріністері, соның ішінде: жыра қабырғаларынан тамшылаған өзіне тән әуені бар Тамшалы биосфералы қорығы, Саураның тұщы сулы көлшігі мен жап- жасыл бағы және Ұлы Шерқала тауы да бар.Маңғыстау өз қорықтарымен танымал. Бұлар Үстірт қорығы, Кендірлі - Қаясан қорықтың аймағы, Ақтау - Бозашы және Қарағия - Қарагөл мемлекеттік қорықтары. Бұл жерлерде Қызыл кітапқа енген Қазақстандағы 450 құс түрінен 70% - ы, сүтқоректілердің 13 - і бар. Маңғыстау жануарлары сақталуға тиіс республика сұлулығы мен мақтанышы, өте бағалытектік қор және ұлттық игілік. Бұларды жойылып кетуден сақтау үшін қолдан келер барлық шараларды орындауымыз қажет. Бұл табиғат кереметтерінің тағдыры біздің қолымызда.Орыс жазушысы Пришвин айтқандай: Балыққа - су, құсқа - ауа, жануарға - орман, жазық пен таулар. Ал адамға ең қажеті Отан. Демек, қоршаған ортаны қорғау - Отанды қорғау.
Халық Маңғыстаудың Қазақстанның басқа шөлді аймақтарынан артықшылығы − теңізбен шектес болуы, жер бедерінің көп түрлілігі және тарихи ескерткіштердің көптігі. Қазақстанда тіркелген 25 мың ескерткіштің 10 мыңға жуығы Маңғыстауда, олар өте көп өзгеріске де түспеген. Маңғыстау мәдени жертарабының (культурный ландшафт) табиғи қабаты шөл даланың элементтерінен: өсімдіксіз жалаңаш жер бетіндегі шоқылардың, ойпаттардың, сорлар мен құмдардың, тік қабырғалы шыңдардың, сонымен қатар теңіз жағалауынан, үңгірлерден, төрткүлдерден, бұлақтардан тұрады. Ал мәдени қабатының негізін зираттар мен құдықтар, мешіттер мен ескі қорғандар, тас обалар, жеке молалар, археологиялық ескі қоныстар құрайды.Маңғыстау - қазына түбегі. Менделеев кестесіндегі барлық пайдалы қазбалар осы өңірде бар деуге болады. Маңғыстау тас көмірге, мыс және марганец кеніне, фосфорий және құрылыс материалдарына бай. Өлкенің ең басты байлығы - мұнай және газ. Қазақстан кен өндіруден және мұнай және газ қорынан ТМД елдері арасында Ресейден кейінгі 2 - орында. 30 - дан астам кен орнындағы мұнай қоры санап есептелген. Алғашқы рет мұнай 1961 жылдың 5 - шілдесінде Жетібай кентінде табылған. Жаңа Өзен қаласы Маңғыстау облысындағы мұнай өндіру астанасы болып табылады. Геологтардың пайымдауы бойынша Каспий қайраңындағы мұнай - газ қоры Әзірбайжан мұнай қорынан 4 есе көп. Жаңа Өзен аумағында теңіз жағалауында әлемдік стандартқа сай Кендірлі демалыс кешені орналасқан, бұл жерге Қазақстанның бүкіл аймағынан жазғы демалысқа туристер көптеп келеді. Ақтау қаласы облыс орталығы, Каспий теңізі бойында орналасқан егемен Қазақстанның теңізге жол ашар қақпасы. Бүгінде Ақтау Ұлы Жібек Жолы кезеңіндегідей географиялық тиімді жерде орналасқандықтан солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа көлік жолдарымен қамтамасыз етуде.Иә, шындығында да, Маңғыстау уақыт көшін сезінетін жер мәдениет іздері ғана емес, әлі күнге дейін бейбіт өмір сүріп келе жатқан халқы бар десек те қателеспейміз. Маңғыстау өз тарихын айтар зерттеушілерді күтуде. Орыс тарихшысы Василий Ключевский айтқандай: Артқа қарамай алға басуға болмайды.Н.Назарбаев өз жолдауында айтқан: Өткенді ой елегінен өткізіп, қазіргі мәдениетті жан-жақты дамыту қажет.Шынында да, өткен кезең мен қазіргі кезең өзара тығыз байланысты. Сондықтан да біз тарихқа қамқорлықпен қарауымыз керек.

1.3 МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ОРЫНДАР
Шерқала
Маңғыстау өлкесін шын мәнінде білгісі келген адам, міндетті түрде сұлу Шерқаламен көркемделетін тамаша таулы арнаға аяғын басып көрді. Кейбіреулер оны шөлін қандырған жолаушының төңкерген кесесіне ұқсайтындығын айтады. Басқа біреулер тауды бір жағынан киіз үйге, екінші жағынан жасырынып тұрған жануарға ұқсастырады. Бетпақ даланың ортасында тәкаппар жұмбақ мүсінді тау Шерқала биіктен көрініп тұрШерқала Қаратаудың орталық және батыс жоталарының ортасында ор.аласқан тау түзілісі. Әйгілі жібек жолының қызып жатқан кезінде талайларға көлеңке, пана болған деседі. Кейбір аңыздар бойынша, бұрынырақта Шерқаланың төбесінде кішкене қалашық болған. Халық сол жерде өмір сүріп, дұшпандардың шабуылынан қорғанған екен. Таудың солтүстік бөлігі үздіксіз соққан желдің әсерінен қажалып, өзгеріске ұшыраған. Осы желдің әсерінен оның жан жағынан пайда болған жеке түзілістерді де байқауға болады. Ал оңтүстік бөлігі мен шығыс жағы тік жарлы. Жоғарғы жағы тегіс, адамның жүріп-тұруына ыңғайлы. Таудың етегінде төбесіне апаратын үңгір бар. Бірақ жергілікті қариялардың айтуынша, онда адамның кіруі қауіпті. Аңыз бойынша ол жерде өлген адамдардың жандары өмір сүреді екен.
Саура
Маңғыстаудың көне көз қариялары Саура шатқалынан елу метрдей жердегі Саура өзенінің екінші жартысы бар екендігін біледі. Кішкене төбешіктен өткен соң, жаңа жолдар мен әсерлі көріністерге қызығушылар жарылған тостағанның екінші жартысын тамашалай алады. Табиғат-ананың сыйлығы тек бұл ғана емес. Көз алдыңызда тұщы көлге жақын жерде тұзды теңіз! Теңіз жағалауы жібектей қайыр топырақпен төселген. Теңіз түбі құм қайраңды, мінсіз тегіс. Ең таң қаларлығы, мұнда өркениет дөңгелегімен және адамзат аяғымен бұзылмаған көптеген ірі ұлу қабыршағын кездестіруге болады. Теңіз тасқынымен пайда болған шағын көлшіктер күн сәулесіне күмістей шағылысуда. Кішкентай тамшылары жалғыз көлге әр жақтан ағын су болып құйылып, оның өмірін жалғастыруда.Маңғыстау тарихи-мәдени қорығының археологиялық экспедициясы табиғат ескерткіші болып табылатын Түпқарағай ауданының Саура шатқалындағы күзетілетін аймақта қола дәуіріне жататын бекініс пен мекенді анықтады.Өлке тарихындағы бұған дейін белгісіз болып келген ежелгі дәйектерді анықтау және археологиялық тұрғыдан бағалы болып табылатын мәліметтерді толық жинақтау мақсатында бекініс қабырғасының қалдықтарын археологиялық зерттеуден өткізіп, кейін оны толығымен қалыпқа келтіру керек. Саура шатқалының аумағында табиғи материалдарды қолдану арқылы ертеде бұзылған қамалдың қабырғасын толығымен қалпына келтіру облыстағы ашық аспан астындағы алғашқы мұражайдың ашылуына септігін тигізеді. Жобаның құны 8,3 млн. теңге шамасында.
Отпантау - тарихи-мәдени кешен, кесене. 2007 ж. 25 қазанда ашылды. Кешен С.Адайдың бастамасымен 2004 ж. қолға алынған. Әуелі кешен жобасына байқау жарияланып, оған бірнеше үміткерлер қатысты; сарапшылар алқасының ұйғарымымен К.Демесіновтің жобасы кешен негізіне таңдалып алынды. Осы жоба бойынша Отпан таудың басында салынған 12 құлпытас ортасынан қос күмбез көтеріліп, ол алтынмен апталынды. Үш құлпытастың ортасындағысының қас бетіне алтын әріппен Адай ата деген сөз жазылды. Отпантау кесенесіне кірер есік екеу: олар қасиетті қос босаға деп аталады. Күмбезді көтеріп тұрған құлпытастарға Адайдың сегіз арысының аттары, ал күмбездің ішкі бетіне Адай ұрпақтарының аты мен рулық шежірелері алтын әріппен жазылған. Кіреберістегі керегелер биік мұнараларға бекітілген. 12 қанат керегенің ішкі беті гранитпен қапталып, оған әр түрлі тілдерде Адай туралы дерек-жазбалар ойылып түсірілген. Кесененің диаметрі 7 м, биіктігі 13 м. Кесене және оның шығысындағы төбе басында көк бөрілер мүсіні орнатылған. Тау басына көтерілетін айналма тепкішекті қоршай жаяу және көлік жолдарына тас төселген. Күмбез төбесіне сәуле шашып тұратын қуатты шырақ жағылған; газ, электр желісі мен тұщы су құбыры тартылған. Кесененің негізгі материалдары жергілікті орындардан алынған; гранит пен мәрмәр тастар шетелден әкелінген; ал көк бөрі мүсіндері мен алтын аптаулар шет ел зауыттарында құйылып жасалған
Жығылған каньоны
Жығылған құпия оры Маңғыстау табиғатының қайталанбас құбылысы. 3 сағат жолсыз жермен жүргеннен кейін саяхатшылар орға түсе алады. Маршрут қазбалардың жанынан өтеді. Сәулет ескерткіштерімен танысу осы маршруттың тағы бір ерекшелігі болып табылады. Саяхатшылардың Ежелгі Каспи жағалауында дем алатын мүмкіндігі бар, қалаулары бойынша маршрут екікүндік бола алады. От жағып, жанында шатыр құрып қонуға болады.Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы жерінде орналасқан. Ойыс табаны мұхит деңгейінен 132 м төмен жатыр. Ұзындығы 85 км, ені 10-25 км, түбі жазық. Ойыстың шығыс кемері негізінен түрлі түсті ұлутастар мен бор жыныстардан тұрады. Олар мыңдаған жылдар бойы ұдайы күнге тотығу салдарынан қоңырқай тартқан. Сондықтан бұл бөлігі алыстан қарағанда қара түсті тік жарқабақ (биіктігі 10-15 м және одан да биік) тәріздес болып көрінеді. Осыған байланысты ойыстың аты "Қарқия" деп аталған. Ойпаттың жоғарғы жағы сарматтық берік ізбестен, орталық жағы - жұмсақ балшық, тез қирайтын тау жыныстарынан құралған. Жаңбыр суының ағындары, жел, өзеннің бұзылған жылғалары ойпаттың жер бедерін қалыптастырады. Ойпаттың биік басынан айналаны тамашалауға - алыста мұнарланған тұман, төселген көкжиек, ал жаныңда деміңді шығармайтындай тұңғиық шыңырау. Қарақия түрік тілінен аударғанда қара аңның араны дегенді аңғартуы тегіннен емес. Айналаның барқыт жамылған адыр төбесі жол-жөнекей өтетін жолаушылардың көзін тамсандыратындай. Қарақия ойпаты өткен алыс жылдарда Каспий теңізінің бір бөлігі болған, теңіз иірімімен толып Қарақия шығанағында бөлініп шығатын болған. Міне, осы күйінде Қарақия шығанағы Шығыс Каспийді зерттеуші-ғалым Александр Бекович-Черкасский құрастырған картаға түсірілген. Қарақия ойпатының солтүстік-шығыс ұшпасында тарихи ескерткіштер, ежелгі адамдардың қоныстанған мекені болған.Маңғыстауда сұлу үңгірлер мен таулы бұлақтар толып жатыр.
Самал каньоны
Ең сұлу демалыс орындарының бірі. Батыс қаратау жотасының биіктігі 400 метр. Жотаның үстінен екінші Ақмыш-сай көрінеді. Саяхатшыларға демалыс каньонның төменгі жағынан ұсынылады.
Қаратау етегіндегі табиғи шарлар
Маңғыстау табиғаттағы қайталанбас құбылыс. Маңғыстау табиғаты пішіні мен өлшемі жағынан таң-қаларлық шарлар сыйлады. Ойлы-қырлы жолдар саяхатшыларды Жемсен-сай каньонына апарады.
Ақ таулар патшалығы
Бұл маршрутта саяхатшылар алдында табиғаттың ғажайып көрінісі, Ақтау тауының аппақ жоталары ашылады. Маршрут Маңғыстау шөлі арқылы өтетін мүмкіндік береді.
Ұлы Жібек жолы
Маршрут Қарақия ойысы арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы
Қазақстан Республикасындағы туристік кластердің қалыптасуы: мәселелері мен болашағы
Алматы облысында туристік кластерді дамыту
ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кендірлі демалыс кешені туристік база ретінде дамыту
Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясат
Маңғыстау облысы ресурстарының рекреациялық әлеуеті
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Туризмді дамытуға барынша қолайлы аудандар шығыс аймақта
Пәндер