Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І . тарау. Ы.Алтынсарин ағартушы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Ы Алтынсариннің өмір жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.3 Орыс .қазақ мектептерінің кейінгі халі Алтынсарин қызметінің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
ІІ . тарау. Ы. Алтынсаринның «Қазақ хрестоматиясы» ... ... ... ... ... ..20
2.1 Ы.Алтынсарин мұғалімнің ролі туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.2 Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Кіріспе.
Жұмыстың өзектілігі:
Қазақ балаларының орыс тілін, орыс ғылымын жеңіл де тез меңгеруіне мүмкіндік беретін орыс – қазақ мектептеріне де Ы.Алтынсарин зор маңыз берді.
Тақырыптың мақсаты: Қазақ халқы мәдениетінің тарихынан көрнекті орын алатын қайраткерлерінің бірі, халқымыздың мақтанышы, демократиялық бағыттағы ағартушы, тұңғыш педагог, ақын – жазушы Ыбырай Алтынсарин орыс халқының кең арналы білім бұлағынан сусындады. Өзінің алған білімін туған халқына тарту етіп, қазақ елі үшін оқу – ағарту саласында игі еңбек сіңірді. Ол ағартушылық алғашқы қадамынан-ақ қазақ халқының келешегі ұлы орыс халқының өмірімен, оның мәдениетімен тығыз байланысты екенін ашып айтты.
Тақырыптың міндеттері:
1) Деректерді салыстыра отырып зерттеу
2) Осы тақырыпты кеңінен ашу.
3) Сол кездегі Қазақ халқының саяси әлеуметтік жағдайын толық
ашып көрсету.
4) Тақырыптың өзектілігін көрсету.
5) Тақырыптың тарихи маңыздылығын кеңінен ашу.
Тарихнамасы:
Қазақ халқының дарынды перзенті Ы.алтынсарин аса күрделі тарихи кезеңде, патша үкіметі Шығыс халықтары арасында қатаң отарлау саясатын жүргізіп жатқан кезеңде өмір сүрді.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі:
Қазақ халқының тарихында Ыбырай Алтынсарин ерекше роль атқарады. Ол қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ұйымдастырып, қазақ жастарына білімнің есігін ашты.
Кезінде қазақ халқының болашақ тағдырын орыс мәдениетімен бірлікте алып қараған Шоқан, Абай және Ыбырай секілді ұлы ағартушы - демократтар тарихымызда өшпестей із қалдырды. Осы орайда Ыбырай Алтынсариннің қоскан үлесі мен еңбегі орасан зор. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел-жұртын көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапка сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Ыбырай жасаған окулық ең алдымен, орыстың қала берді Европа оқымыстыларының педагогикалық көзқарастары мен оқыту, тәрбиелеу әдіс - тәсілдеріне негізделіп жасалды, бірақ ұстаз оларды талғам-талдаусыз, сол күйінше ала салған жоқ керісінше, оған енетін материалдарды қазақ балаларының түсінік -танымына сәйкес етіп алды, өзі де осы талапқа орай әңгіме, өлеңдер жазып қарастырған хрестоматиясына косты. Сөйтіп, ұлы ағартушы-ұстаз халқымызды білім бұлағынан сусындатып, өзге мәдениетті елдердің қатарына қосуға бойыңдағы бар күш-қуатын, білімін сарқа жұмсады. Бұл бағьпта тыңнан жол салып, соған бүкіл саналы өмірін арнады. Ыбырай ауылшаруашылық, қолөнер мектептерін ұйымдастырады. Ол қазақ жерінде алғаш қыздар мектебін ашқан. Бұл қыздар мектебі Ырғыздағы қыздар мектеп-интернаты деп аталды. Ыбырай бұл істері нәтижесінде патша үкіметі тарапынан қуғынға ұшырайды.

Пайдаланылған әдебиеттер :
1. Ә. Сыдықов «Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі» Алматы, 1969ж.
2. Ә. Дербісәлиев « қазақ даласының жұлдыздары»
Алматы, 1995ж.
3. Мұхамедрахым Жармұхамедов «Ыбрай Алтынсарин
тағлымы» Алматы, 1991ж.
4. Қ. Жарықбаев., С.Қалиев «Қазақ тәлім – тәрбиесі»
Алматы, 1995ж.
5. Ә. Ламешов. Ы.Алтынсарин Алматы, 1991 ж.
6. Ә. Ламешов. Ы.Алтынсарин және оның орыс достары мен
ізбасарлары. Алматы, 1988 ж.
7. Ахметов., Р.Бердібаев., С.Қирабаев., Ш.Сәтбаева., Ж.Тлепов.,
М.Жармұхаметов. Ы.Алтынсарин таңдамалы шығармалар
жинағы. Алматы, 1994 ж.
8. Ә.Ж.Дербісәлин Ы.Алтынсарин жазушылық қызметі туралы.
Алматы, 1988 ж.
9. М.Ақынжанов Қазақстан ағартушыларының қоғамдық саяси
көзқарастарының қалыптасуы Алматы , 1955 ж.
10. Ы. Алтынсарин «Таңдамалы шығармалар», Алматы 1988 ж.
11. Педагогика тарихы. Ж. Әбиев. Алматы 2006 ж.
12. Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен
ағартушылық қызметі. Ә. Сыдықов. Алматы 1969 ж.
13. Педагогика тарихы. Қ.Бержанов., С.Мусин. Алматы 1984 ж .
14. Ы.Алтынсарин. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы.
Қазғұрт 2003 ж.
15. Этические воззрения Ибрая Алтынсарина. Уразбеков. Алматы 1974 г.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3
І – тарау. Ы.Алтынсарин
ағартушы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Ы Алтынсариннің өмір
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.3 Орыс -қазақ мектептерінің кейінгі халі Алтынсарин қызметінің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
ІІ – тарау. Ы. Алтынсаринның Қазақ хрестоматиясы
... ... ... ... ... ..20
2.1 Ы.Алтынсарин мұғалімнің ролі
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .23
2.2 Алтынсариннің педагогикалық
көзқарасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...26
Қорытынды

... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Кіріспе.
Жұмыстың өзектілігі:
Қазақ балаларының орыс тілін, орыс ғылымын жеңіл де тез меңгеруіне
мүмкіндік беретін орыс – қазақ мектептеріне де Ы.Алтынсарин зор маңыз
берді.
Тақырыптың мақсаты: Қазақ халқы мәдениетінің тарихынан көрнекті орын
алатын қайраткерлерінің бірі, халқымыздың мақтанышы, демократиялық
бағыттағы ағартушы, тұңғыш педагог, ақын – жазушы Ыбырай Алтынсарин орыс
халқының кең арналы білім бұлағынан сусындады. Өзінің алған білімін туған
халқына тарту етіп, қазақ елі үшін оқу – ағарту саласында игі еңбек
сіңірді. Ол ағартушылық алғашқы қадамынан-ақ қазақ халқының келешегі ұлы
орыс халқының өмірімен, оның мәдениетімен тығыз байланысты екенін ашып
айтты.
Тақырыптың міндеттері:
1) Деректерді салыстыра отырып зерттеу
2) Осы тақырыпты кеңінен ашу.
3) Сол кездегі Қазақ халқының саяси әлеуметтік жағдайын толық
ашып көрсету.
4) Тақырыптың өзектілігін көрсету.
5) Тақырыптың тарихи маңыздылығын кеңінен ашу.
Тарихнамасы:
Қазақ халқының дарынды перзенті Ы.алтынсарин аса күрделі тарихи
кезеңде, патша үкіметі Шығыс халықтары арасында қатаң отарлау саясатын
жүргізіп жатқан кезеңде өмір сүрді.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі:
Қазақ халқының тарихында Ыбырай Алтынсарин ерекше роль атқарады. Ол
қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ұйымдастырып,
қазақ жастарына білімнің есігін ашты.
Кезінде қазақ халқының болашақ тағдырын орыс мәдениетімен бірлікте
алып қараған Шоқан, Абай және Ыбырай секілді ұлы ағартушы - демократтар
тарихымызда өшпестей із қалдырды. Осы орайда Ыбырай Алтынсариннің қоскан
үлесі мен еңбегі орасан зор. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел-
жұртын көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай,
сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазақ
даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып,
оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапка
сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Ыбырай жасаған окулық ең
алдымен, орыстың қала берді Европа оқымыстыларының педагогикалық
көзқарастары мен оқыту, тәрбиелеу әдіс - тәсілдеріне негізделіп жасалды,
бірақ ұстаз оларды талғам-талдаусыз, сол күйінше ала салған жоқ
керісінше, оған енетін материалдарды қазақ балаларының түсінік -танымына
сәйкес етіп алды, өзі де осы талапқа орай әңгіме, өлеңдер жазып қарастырған
хрестоматиясына косты. Сөйтіп, ұлы ағартушы-ұстаз халқымызды білім
бұлағынан сусындатып, өзге мәдениетті елдердің қатарына қосуға
бойыңдағы бар күш-қуатын, білімін сарқа жұмсады. Бұл бағьпта тыңнан жол
салып, соған бүкіл саналы өмірін арнады. Ыбырай ауылшаруашылық, қолөнер
мектептерін ұйымдастырады. Ол қазақ жерінде алғаш қыздар мектебін ашқан.
Бұл қыздар мектебі Ырғыздағы қыздар мектеп-интернаты деп аталды. Ыбырай бұл
істері нәтижесінде патша үкіметі тарапынан қуғынға ұшырайды.
Ы.Алтынсарин ағартушы
Қазақстан мен Орта Азия халықтарының басында болған деспотизмді,
мейлінше артта қалғандықты, ілгері даму нышаны жоқтықты, діни фанатизмді
Россиянин, бұл халықтарға не бере алатындығымен салыстыра келіп, XIX
ғасырдың 50-жылдарында Ф. Энгельс: ...Россия өмірінің шындығы Шығыс
халықтары үшін прогресшіл роль атқарды. Россияның мемлекеті Қара теңіз бен
Каспий теңізі және Орталық Азия үшін, башқұрттар мен татарлар үшін
цивилизацияландырушы роль ойнайды — деп жазған болатын.
Патшалық құрылыстың отарлау саясатындағы басып алушылық, тонаушылық
сипаттарға қарамастан, Қазақстанның Россияға қосылуының әлеуметтік-
экономикалық тұрғыдан, мәдени тұрғыдан объективті түрде прогресшіл мәні
болды.
Елді отарлауға байланысты жүргізіле бастаған жұмыстар үстінде қазақ
даласына орыс интеллигенциясының келуіне жағдай жасалды. Бұл жаққа келген
алғашқы орыс ғалымдары, прогресшіл бағыттағы қайраткерлер қазақ халқын
қараңғылық пен надандықтан құтқаруға, оның сана-сезімін оятып, мәдениетке,
жаңа өмірге аяқ басуына қызу жәрдемдесу тілегінде болды[1].
Орыстың прогресшіл педагогикасында тәрбие мен білім беру мәселесін
елдің жалпы өмірімен байланыстыру қажеттігі туралы принциптік позиция
нығайды. Россиядағы орыс емес барлық халықтың балаларын өздерінің ана
тілінде оқытуды талап етудің өзі шын мәнісіндегі халық ағарту ісін дамытуға
мұрындық болды.
ХІХ ғасырдың соңғы ширегіне дейін Қазақстанда білім беру ісінің
формасы діни мектептер мен медреселер болды. Олар балаларға керекті пайдалы
білім де, дағды да бере алған жоқ. Алайда балаларды азды-көпті сауаттылыққа
үйрету, пайдаға асатындай білім беру міндеті мектептерге жүктелуге тиісті
екендігін халық бұқарасы сол кездің өзінде-ақ сезген болатын. Оқу-білім
мәселесіне қызыға қарап, құрмет тұтушылық сол өткен заманның көптеген
ақын, әншілерінің, шешендерінің сөздерінен кең орын алған.
Мектептен сабақ алсаңыз,
Алуан, шекер, балмен тең.
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді,—
деген, халық шын мәнісіндегі білім беретін жаңа типті мектептердің
қажеттігін айқын аңғарды. Бұл тұрғыда орыстың өнер, біліміне деген халықтың
сол заманда қалыптасқан көзқарасы мейлінше тамаша.
Орысша ғылым білмесе,
Еш пайдаға аспайды
Мұсылманша молданың. (Әубәкір).
деп мойындады.
Өмір, тіршілік шындығын бейнелейтін кітаптарды қазақ тілінде басып
шығару жұмыстары XIX ғасырдың басында-ақ кездесті[2]. Олар Москваның,
Петербургтың, Қазанның баспаханаларында басылды, кейінірек, XIX ғасырдың
екінші жартысында, қазақ тілінде газеттер, сауат ашуға керекті жетекші оқу
құралдары, сөздіктер, жеке жинақтар, этнография жөніндегі шығармалар жарық
көрді; Ы. Алтынсариннің оқулығынан басқа балаларға арналған қолтума,
аударма кітапшалар дүниеге келді. Осының бәрі қазақ тілін, оның жазуын
дамытуға орыс мәдениетінің игі әсері тигенін дәлелдейді[3].
Отар аймақтардағы, соның ішінде Қазақстандағы, халық ағарту ісіне
патша өкіметі діни-адамгершілікті уағыздау мақсаты тұрғысынан ғана қарады.
Россияны мекендеген бұратана халықтардың білім алуы туралы шаралар (1870)
атты патша бекіткен документте мынадай түсініктер берілген: әрбір тайпалар
мен топтардағы халық ағарту ісі сол тайпаның немесе топтың өзіне тән ішкі
сапа-қасиеттеріне — дініне және оқи алу дәрежесіне сай жүргізілуге тиіс
делінді. Сонымен қатар мектептің типі, оқыту тәртібі, өтілетін сабақ
курсының ұзақтығы тағы басқа мәселелерді анықтау ең жақын жердегі
жергілікті училищенің басшыларына тапсырылатын болды. Осы сияқты ағартудың
орнына қараңғылыққа бастайтын саясат ұзақ жылдар бойы өмір сүрді. Патша
өкіметі қазақ даласында да халық мүддесіне жат мұсылмандық діни оқу
формасын мәңгі сақтап қалу мақсатын көздеді. Бірақ ондай мектептерді халық
жұмсалған қаржының құнына тұрмайтын және артқан үмітті ақтамайтын мектеп
деп қарады, Ы. Алтынсарин ондай діни мектептерге мүлде теріс қарады: Қа-
зақтардың қазіргі материалдық жағдайында түтін басынан тіпті бір сомнан
жинаудың өзі де оларға ауыртпалық болып табылмайды, бірақ соны осынау
қабілетті де ақыл-ойы алғыр халықты қоғамдық дамудың дұрыс жолымен ілгері
апара алатын анағұрлым жетілдірілген мектептерге жұмсаған орынды болар еді
Ы. Алтынсариннің өмір жолы.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның 20-шы жұлдызында (қарашаның 1-ші
жұлдызы) Орта жүздің қыпшақ руында дүниеге келген (Қостанай облысының
Затобол ауданы). Әкесі 1844 жылы Кенесары шапқыншылығы кезінде қаза табады
да жас Ыбырайды атасы, белгілі би Балғожа Жаңбыршыұлы тәрбиелейді[4].
1844 жылы патша өкіметі Орынбор Шекаралық комиссиясының жанынан қазақ
балаларын оқытып песірлер мен тілмаштар дайындайтын арнаулы мектеп ашу
туралы шешім қабылдайды.
1846 жылы наурыздың 5-ші жұлдызында Балғожа Жаңбыршыұлы ашылмақ
мектепке немересі Ыбырайды кандидат етіп қабылдау жөнінде Орынбор
Шекаралық комимсияның председателі генерал - майор М.В.
Ладыженскийге өтініш жасайды. Орынбор шекаралық комиссиясының сол жылғы
наурыздың 5-ші жұлдызындағы журналдағы қарары бойынша Ыбырай Алтынсарыұлы
жаңадан ашылмақ мектепке кандидат болып қабылданады. [1]
1850 жылдың көкектің 19 жұлдызында генерал - майор М.В.Ладыженский
сұлтан - правительдерге бұйрық хаттарын жібереді, онда қазақ балаларына
арналған мектептің ашылар уақыты таянғанын, сондықтан да мектептің ашылу
күніне дейін оның болашақ шәкірттеріне қажетті киім мен аяқ киім тігіліп
дайын болуы үшін оларды алдын ала жеткізу қажет делінген. Сұлтан -
правительдер мектепке түсетін кандидаттар комиссияға шілденің І-ші
жұлдызына дейін келуі керек деп хабарлайды. Кейін бұл мерзім тамыздың 1-ші
жұлдызына дейін шегеріледі.
Мектепке 8—12 жас аралығындағы балалар қабылданатын Ыбырай 9 жаста
еді. Атасы Балғожа Шығыс бөліктің сұлтан - правителі арқылы Шекаралық
комиссиядан жол шығының өтейтін қаржы алдырады. 1850 жылы шілденің 21—23
жұлдызы аралығында көп халықты жыйнап той жасап, сүйікті немересі әрі
мұрагері Ыбырайға батасын беріп, өзінің сенімді көмекшісі Жетібай
Өтемісұлымен (Кенесары шапқыны кезінде ол бесікте жатқан Ыбырайды өлімнен
арашалап қалған) бірге Орынборға аттандырады. Бұлармен бірге аттанған 10
баланың ішінде Жанбайұлы Жұмағұл, Байлымын, Амангелдіұлы Жақып, Айтоқаұлы
Еділ ұлы Жолмұқанбет, Мұңсызбайұлы Нұрым, Сегізбай, Қаржасұлы Кұлжан,
Көпбергенұлі Көшербайұлы Шамұрат бар еді.
Оқуға түсушілер Орынборға белгіленген жетіп, алдын ала дайындалған
жеке меншік пәтерге жайғасады. Мектеп ісінің қамқоршысы, колледж ассесоры
Плотниковтың қатысуымен 1850 жылы тамыздың 1-ші жұлдызында медициналық
тексеруден өткізген шекаралық комиссияның дәрігері Майдел оларды оқуға
жарамды деп табады.
Мектептің ашылу салтанатына үш бөлікті шалғай жатқан адайлардың да ру
басылары да келеді. Ашылу салтанатының программасына сай тамыздың 20
жұлдызы күні күндізгі сағат 12-де генератор бастаған әскери және
азаматтық мекемелердің шенеуніктері мектеп үйін аралап, сол жерде Спас-
Преображен шіркеуінің дін қызметкерлерімен бірге дұға оқиды. Бұдан соң
олар мектептің ішін жатақхана, асхана, аурухананы (изолятор) аралайды. Ал
тамыздың 22-ші жұлдызында салтанатқа келген генералдар, штаб офицерлері,
азаматтық шенеуніктер көпестер және азиялықтар мектепті тағы да Орынбор
күмбезді мешітінің ахуны Мұсаұл бастаған азиялықтар намаз оқып,
артына, бақылаушысы кеңесші Қукляшев орыс және татар (татар тілінде ахун)
тілдерінде оқушылар мен туыс-туғандарын мектептің ашылуымен құттықтайды.
Бұдан соң унтер-офицер мен мектеп бақылаушысының қадағалауымен екі-екіден
сапқа тұрған оқушылар мектеп асханасына барып мерекелік дастарқаннан
түстік ішеді, ал көпшілік жатақхана үйінде дайындалған дастарқанға
шақырылады. Сөз сөйленіп, оркестр гимн ойнайды[5].
Ертеңінде қала сыртындағы татар слобо, алыстан келген қазақтарға
арнайы мереке ұйымдастырылып, түрлі ұлттық ойындар мен рәсімдерге жалғасқан
үлкен қонакасы беріледі.
Орынбор өлкесінің отаршыл әкімшілігі мен қазақтың салт-дәстүрлері
мен рәсімдерін сақтау үшін барлық жағдайды жасайды. Осыған байланыс
оқушыларды көшпенді тұрмыстан аулақтатуға қайта дала өмірінің қатаң
жағдайында оларды шынықтыруға бейімделді. Осыдан келіп оқу процесі де
қазақ) 2—аулының көшпенді тұрмысына мейлінше жақындатылады.
Осы мақсатпен Орынбор шекаралық комиссиясы мектеп ашылар жылдың (1850
ж.) жазында оқушыларға арнап ішінде керек-жарақтың бәрі бар, ұлттық киім-
кешек, көйлек-дамбал, аяқ киім, кітапханасы, денені шынықтырумен
айналысатын кұралдары, мал дәрігерлік құралдары бар 4 ак киізден жасалған 1
коңыр үй (ас үй) және де бұларға арнап бір үйір сауын биелері мен керемет
ер-тұрманы бар мініс аттарын сатып алды, бұл оларды салт атқа мінуге
үйрететін әрі қымызбен қамтамасыз ету үшіп керек болды.
Екі ай бойы олар Орынбор маңындағы далалы жерлерде (көшпелі тұрмыс
жағдайында) оқитын; ал мектепте оқыған кездерінде оларға қазақтың ұлттық
тағамдарын беруге барынша назар аударылатын.
Ыбырай мектепке қабылданған соң оның жанына еріп еріп келген
қамқоршысы Жетібай Өтемісұлының аулына қайтуына рұқсат етіледі. Алайда
Ыбырай Шекаралық комиссияның төрағасынан оның қала тұруын аса өтінеді. Оның
бұл тілегі қанағаттандырылады. (Орынбор шекаралық комиссиясының мәжіліс
журнәлы 1850 жыл, тамыздың 9-шы жұлдызы).
Орынбор әкімшілігінің Өтемісұлын үйіне қайтаруға жасаған кезекті
әрекеттеріне қарамастан Алтынсарин үсті-үстіне асқан табандылықпен оны
қайтармауын өтінумен болды, нәтижесінде әкімшілік Өтемісұлын әуелінде бір
жылға, кейін оқу аяқталғанша, Шекаралық комиссиясының мәжіліс журналында
жазылғандай, тұрмыс ақысын төлеп қалдыруға мәжбүр болады.
Мектеп оқушыларына (басқа пәндермен қатар) орыс, араб, татар және
парсы тілдерін оқытатын. Бұл мектепті тәмамдаған қазақ баласы тәртіп
бойынша аталмыш тілдермен қатар мұсылман дінінің кағидаларын да біліп
шығатын. Мектеп бақылаушысының жылдық есебіндегі оқушылар бүкіл оқу
кезеңінде грамматикалық ережелерді қатаң сақтай отырып ауызша айтылғандарды
жатқа жазумен айналысатын. Олар шығыстың яғни, татар, араб, парсы
тілдерінде көркем жазу үлгісі бойынша жазатын. Мұсылман дінінің
шариғаттарын Орынбор мешітінің ахуны Ғұсман Мұсаұлы үйрететін де, ал араб,
парсы, татар тілдерін белгілі шығыстанушы Мірсалық Бекшораұлы оқытатын.
Шәкірттер мұсылман дінінің иман-шарт пен сүреге енген барлық қағидалар мен
заңдарын өтетін. Құранды бүкіл оқылу ережелерін сақтай отырып жатқа
оқитын— делінген есептердің бірінде ...олар (шәкірттер — Б. С.) қасиетті
кітап Мұқтасарға дейін оқитын және құранның сүрелерін түсіндіре
алатын...—деп көрсетілген тағы бір есепте.
Бүкіл оқу кезеңінде Алтынсарин тек қана үздік деген бағалармен
оқиды, сол үшін оған әлден алғыс та жарияланады. 1853 жылы мамырдың 31
жұлдызында жазылған Сынақ актісінде—үздік үлгерімі мен көргенділігі үшін
барлық оқушылар Алтынсаринге алғыс жарияланады. Сол жылғы мамырдың 31-
жұлдызындағы Бітірушінің сынақ актісінде былай делінген: Сынаққа
қатысушылардың қорытындысы бойынша, үздік үлгерім мен көргенділігі үшін
мақтау қағазымен III кластан Құлыбеков, Қоспақов, Мұңсызбаев, Алтынсарин
және Көшербаев, II клас Саматов наградталады. Мектепті алғаш бітіруші
оқушы болса, оның 8-і келесі жылға қалдырылады.
Мектепті тәмамдаған соң Ы. Алтынсарин пәндері мен олардан алған
бағалары қойылған, Орынбор шекаралық комиссиясының председателі мен мектеп
қамқоршысы әрі бақылаушысының тиісті қолдары қойылып, Орынбор шекаралық
комиссиясы мен мектеп қоршысының мөрлерімен бекітілген куәлікті алады.
Қуәлікпен бірге 1857 жылы тамыздың 31 де куәлікті алғаны жөнінде Мұхамеджан
Жантөринге Алтынсариннің өз қолымен жазған колхаты жетіп отыр.
Мектеп бітірушілерді шығарып салудың ресми салтанатында сұлтан-
правительдерге олардың қандай қызметке пайдаланылатыны жөніндегі бұйрық
тапсырылып, салтанаттың аяғы тойға ұласады. Туған ауылдарында олар арнайы
үлгімен тігілген киімдермен оралалады[6].
Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен
ағартушылық қызметі.
Ы. Алтынсарин мектепті тәмамдағаннан соң үш жылға таяу (957 - 1859
жыл аралығында) Орынбор шекаралық комиссиясы тағайындаған қыпшақтардың ұзын
әскери старшыны атасы Балғожа Жаңбыршыұлына тілмаштық қызмет атқарады.
Кейіннен, 1859 жылғы тамыздың І-ші жұлдызынан бастап Орынбор облыстық
басқармасында кіші тілмаш қызметінде болады. І960 жылы облыстық басқарма
оған Орынбор бекінісінде (Торғай қаласында) қазақ балаларын оқытатын
бастауыш мектеп ашуды жүктейді әрі өзі сол мектепте орыс тілі пәнінің
мұғалімі болып тағайындалады.
Шалғай жатқан қалашықта мектеп ашу ісі оқайға түспейді: қаражат,
мектеп үйі, оқулық дегендер атымен жоқ еді. Бұл маңызды іске облыстық
басқарма да, жергілікті орындар да салғырт қарайды. Алайда бұл кедергілер
Алтынсаринге тосқауыл бола алмайды. Ағарту ісіне жан-тәнімен құлшына
кіріскен ол ауыл-ауылды аралап халыққа білім берудін, маңызын түсіндіреді.
Әрі қолдау да табады. Жергілікті халықтан қаржы жинап алған соң мектеп үйін
салуға шұғыл кірісіп, көп ұзамай салынып бітеді. Бұл ғимарат күні бүгінге
дейін сақталған. Құрылыс ісі жүріп жатқан кезде бекініс комендан-тына
тілмаштық қызмет атқара жүріп, Ыбырай ауылдан 4 бала алдырып өз үйінде
оқыта бастайды. 1864 жылы каңтардың 8-ші жұлдызында көп халық жиналып
салтанатты түрде мектеп ашылады. Ақындар айтысып, той жасалған бұл мерекеде
14 бала мектепке жазылады. Біраз уақыт өткен соң тағы да екі бала қосылады.
Халықтан жиналған қаржы есебінен мектеп жанынан балаларға интернат
ашылады[7].
1864 жылы наурыздың 16-шы жұлдызында Ильминскийге жазған хатында
былай дейді: Балаларды оқыту ісіне мен құлшына кірістім, мені ерекше
таңдандырған нәрсе — бұл балалар не бары үш айдың ішінде оқуды тіпті
орысша, татарша жазуды да үйреніп алды.
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылык қызметі осылайша басталған еді. Ы.
Алтынсарин дүниетанымының қалыптасуы помещиктердің езгісіне қарсы өрістей
түскен шаруалар көтерілісінен сескенген патша өкіметінің крепостниктік
тәртіпті жоюға мәжбүр болып отырған кезеңіне тұспа-тұс келеді. Россиядағы
крепостниктік правоның жойылуы капиталистік өндірістіқ жылдам дамуына,
революциялық демократиялық қозғалыстың күшеюіне әкеліп соқты. Н.Г.
Чернышевский, И.А. Добролюбов, А.И.Герцен және басқа да
Россияның түрлі демократиялық интеллигенциясы орыс халқын самодержавиеге
қарсы күреске үндеді; экономикалық демократиялық мәдеииет пен өнердің даму
жолдарын нұсқады. Белинскийдің, Гогольге хаттары, Чернышевскийдің
Не істеу керек романы, Некрасовтың Орыс әйелдері поэмасы алдыңғы
қатарлы интеллигенция арасында кеңінен танылып зор беделге ие болды.
Санкт-Петербург университетінің оқытушы, татар оқымыстысы Құсайын
Фаизхановтың Н. И. Ильминскийге жазған екі хаты бізге белгілі.
Алғашқысында, қазанның 4-де жазған хатында ол, сол жылы жазда
Орынборда болған кезінде Орынбор шекаралық комиссия тілмашы Ыбырай
Алтынсарин мен танысқанын айта келіп, Ильминскийден Алтынсаринге жазған
хатын табыстауын өтінеді. Н. И. Ильминскийге жазған хатында келесі бір
(1862, қаңтар) Қ. Фаизханов өзінің қазақ досы Ыбырай Алтынсарин жайында аса
жылы лебіз білдіреді. Ы.Алтынсарин мен Фаизхановтың танысуы Уалихановтың
Петербургте болған кезеңімен тұспа-тұс келеді екен. Ол осы Ильминскийге
жазған екінші Петербургте Ш. Уәлихановпен болған кездесуі жайында жазады.
Уәлиханов туралы жылы лебіз білдіре отырып, Қазан гимназиясындағы оқитын
оның кіші інісіне қамкор болуын өтінеді. Бұл деректерден Ш. Уәлиханов, Ы.
Алтынсарин бір-бірін сөзсіз білді деген қорытынды жасауға болады[8].
Сондай-ақ Ы. Алтынсарин мен А. Құнанбаевтың таныстығы да күдік
тудырмайды. Олардың творчестволық толысу кезеңдері хронологиялық жағынан
тұспа - тұс келеді. Бұл қазақ ағартушыларының екеуі де қазақ жерінің
түкпір-түкпірінде танымал болатын. Ы. Алтынсарин болса Торғай облысы
мсктептерінің инспекторы сынды аса жауапты кызметте болды, оның Қазақ
хрестоматиясы мен Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастапкы құралы
тәрізді кітаптары бүкіл казақ жеріндегі орыс-қазақ мектептеріндегі оқу
құралына айналған. Бұл екі жайттың Абай назарына ілікпеуі мүмкін емес.
Сондай-ақ Қарқаралыға көршілес Торғай уезінде өмір сүріп, қызмет еткен
Ыбырай да Абай сынды атақты ақын әрі төбебиді білмеуі мүмкін емес. Оның
үстіне олардың поэзиялық шығармалары сюжеттік әрі стильдік жағынан көп
жағдайда ұксас болып келеді. 1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облысы
мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Ол кезде облыс Елек,
Ырғыз, Торғай және Николаев (Қостанай) болып 4 уезге бөлінетін. Торғай
облысы қазіргі Қостанай және Торғай облыстарының едәуір бөлігін, Ақтөбе
облысын және РСФСР құрамындағы Орынбор облысының тсрриторияларын қамтитын.
Алтынсарин ол кезде Орынбор губерниясынын, құрамына енген Троицк
қаласындағы халық ағарту ісін де тікелей өзі басқаратын еді.
Ы. Алтынсариннің тікелей өз инициативасымен қазақ жерінде жұртшылыққа
арналған бүтін бір мектептер жүйесін құруы — оның тендесі жоқ тарихи
қызметі болып табылады.
Орыс-қазақ мектептерінің кейінгі халі.
Ы. Алтынсарин қызметінің маңызы
1897 жылғы санақ бойынша шығыс аймақтардағы орыстан басқа ұлттардың
арасындағы сауаттылық бар болғаны 1—2 процент еді. Егерде сол кезде болған
орыс-қазақ мектептерінің жалпы санын алатын болсақ, онда қазақ халқы бар
әрбір әкімшілік болысқа бір мектептен де келмейді.
Бірақ, осындай жағдай бола тұрса да, патшалық оқу әкімшілігі
қазақтардың мәдени тілектеріне бұратаналар деп менсінбей қарауын
тоқтатқан емес. Облыстардың губернаторлары өздерінің есеп берулерінде
мектептердің жоқтығын қазақ халқының білім алудың қажет екендігін
ұғынбағандығынан деп түсіндірген, осы есеп берулерінде халықтың өздері
ашқан жазғы мектептердегі оқушы балалардың саны туралы болыстық
старшындардан жиналған (өте асырып айтылса да) цифрлы мәліметтер келтірген.
Губернаторлардың есеп беру мәлімдемелері бойынша, Торғай уезінің бір
өзінде 887 оқушысы бар 76 мектеп, Қостанай уезінде 85, Ақтөбе уезінде 73
мектеп көрсетілген. Ырғыз уезінде бұл мектептерге 659 бала тартылған.
Фальборк пен Чернолусский жинаған ресми мәліметтері бойынша 1896
жылы:
Ақмола облысында 14 мектеп 607 оқушы
Семей „ 16 „ 1164 „
Жетісу „ 316 „ 6952 „
Орал „ 206 „ 4926 „
болды.
Бірінші орыс революциясы кезінде шет аймақтарды қамтыған ұлт-азаттық
қозғалысы халықтың басты мүддесінің бірі — мектеп мәселелерін қозғамай тұра
алмады.
Қазақ ауылдарында жаңа методты мектептер (әсіресе жазғы уақытта)
ашыла бастады. Бұл мектептерде оқу ана тілінде өткізілді, сауаттылыққа
үйрету, жаңа (дыбыс) методпен жүргізілді, жалпы білім беретін пәндер
жөнінде кейбір мәліметтер беріліп отырды. Осындай 100 шақты стационар
типтес мектептер ашылды (қалаларда мектеп оқушыларының құрамында қазақ,
татар балалары аралас болды); бұл мектептер иесінің атымен аталды. Мысалы,
Семей облысындағы Қарқаралыда Якубия мектебі, Қатонқарағай болысында
Ережеповтар мектебі (мұнда Торайғыров мұғалім болған), Жетісуда — Қапалдағы
Мамановтар мектебі.
Қазақтардан шыққан мұғалім кадрларының аздығына және оқулықтардың
жоқтығына байланысты жұртшылық татар мұғалімдерін шақыратын (олар
Троицкідегі — Расулие, Орынбордағы — Хұсаиние, Уфадағы — Ғалие
медреселерінің оқушылары). Оқу кітаптары ретінде жаңа методты мектептер
татар тіліндегі құралдарды пайдаланатын. Бұл жаңа методты мектептер
молдалардың оқытуымен салыстырғанда бірталай алға басқандық еді.
Көбінесе татар тілінде оқытатын жаңа методты мектептер әлі халық
тілегіне сай ана тілі типтес мектеп бола қойған жоқ еді.
Сонымен халықтың мектеп құрылысына деген ынтасы орасан зор бола тұрса
да, халық тарапынан молдалар ұстауға және жаңа методты мектептер мен орыс-
қазақ мектептеріне көп қаражат жұмсалғанына қарамастан, қазақ балалары
олардан болмашы ғана білім алды, оның өзінде де ана тілінде емес.
Реакцияның күшеюі салдарынан, орыс-қазақ мектептері бұрынғы оқу
жоспарлары мен программаларын едәуір өзгертті; мектепте ана ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz