Кологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
1.1 Экологиялық туризм ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Экологиялық туризм ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Экологиялық туризмнің әлеуметтік.экономикалық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4 Қазіргі заманғы классификациядағы экологиялық туризмнің алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2 Экологиялық туризм және тұрақты даму ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Мемлекеттердің тұрақты даму концепциясы ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Экологиялық туризм тұрақты дамуға жету құралы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
2.3 Тұрақты дамудағы экологиялық туризм ролінің географиялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.4 Әлемнің кейбір мемлекеттеріндегі экологиялық туризмнің маңызы мен ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
2.5 Биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы экологиялық туризмнің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25
3 Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
3.1 Қазақстандағы экологиялық туризм дамуының жағдайы мен оның талғануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы республиканың ресурстық потенциалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
3.3 Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуының проблемалары мен перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 40
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 42

Туризмнің даму проблемалары әрқашан актуалды болатын, бірақ оларды қазіргі нарықтық жағдайда шешу үшін оларға ерекше бақылау керек, себебі жылдан жылға өсіп келе жатқан миграция қоршаған ортаға қауіп төндіреді, ол қауіпті, өндіріс, урбанизация және көлік құралдарының даму барысындағы келтіретін қауіптеріне тең деп айтуға болады. Бұл өте көп адамдардың бір жерде шоғырлануын кесірінен ландшафттың бұзылуы, қоқыс-қалдықтардың бір жерде жиналуы, музыкалық аппараттардың динамиктері шығаратын зиянды шу толқындары және көлік құралдарының төндіретін қауіпі. Су мен ауаның ластануына негізінен туризм моторизациясы үлкен үлесін қосты. Көпшілік туризмнің экологиялық талаптардың орындалмай дамуы табиғи кешендердің біртіндеп деградацияға ұшырауына әкеп соқтырды. Рекреациялық территориялардың деградацияға ұшырауының бір себебі ол туристік ұсыныстың туристік сұраныстан әлдеқайда төмен болуы, яғни рекреациялық саланың обьектілердің саны мен көптүрлілігі бойынша жеткіліксіз дамымағандығында, ал ол өз кезегінде адамдардың бір жерде, яғни өздерінің байырғы үіреніп қалған аумақтарында шектен тыс шоғырлануына әкеп соқтырады. Соған байланысты әлемнің көптеген елдерінде табиғи кешендердің бірқалыптылығын сақтайтын жоспарланған территориалды туризмнің түрі пайда болды. Ол туризм түрі әлемде «экологиялық туризм» атын алды.
Қазіргі қоршаған ортаның қарқынды деградациялауы кезінде экологиялық туризмнің басты маңызы әрі ролі, ол табиғи ресурстардың бірқалыпты рекреациялық пайдалануында.
Қазіргі заманғы туризм дамуының басты ерекшелігі, экологиялық туризм арқылы толық ашылады деп айтуға болады. «Экологиялық туризм» термині және «экотуризм» яғни оның қысқартылған түрі ағылшындардың «ecological tourism» және «ecotourism» сөздерінен шыққан. «Экологиялық» эпитеті әрине ағылшындардың, американдықтардың, канадалықтардың әдебиеттерінде және басқа да көптеген елдерде жалғыз емес, мысалы, тағы «табиғи туризм», «жасыл туризм», «жұмсақ туризм» терминдері кездеседі. Соңғысы негізінен неміс тілді елдерінде қолданылады. Оларда «экологиялық» анықтамасы өте сирек қолданылады.

Пайдаланылған әдеиеттер
1. Александрова А.Ю. Экономика и территориальная организация международного туризма. – М: МГУ, 1996. – 105 с.
2. Чижова В.П. Школа природы. – М: Всемирный Фонд дикой природы, 1997. – 160 с.
3. Панов И.Н. Экологический туризм и его роль в устойчивом развитий территорий. – Вестник МГУ. Серия 5. География. – 1998, № 6. – С. 13-18.
4. Румянцева Н.В. Проблемы развития экотуризма // Возможности развития туризма Сибирского региона и сопредельных территорий // Материалы третьей международной научно – учебно - практической конференции. Томск: 2001. – С. 72 – 74.
5. Штюрмер Ю.А. О проблемах туризма и защиты окружающей среды // Человек и природа. – М: Знание. 1978. № 6. – 95с.
6. Введение в бизнес туроперейтинга. – М: Российская международная академия туризма, 1996. – 104 с.
7. WTO news. -1997, may.
8. Мягков С.М ., Тикунов В.С. Переход к устойчивому развитию: географическое обоснование. Вестник МГУ. Серия 5. География. – 1998, №4. 9. Акимова Т.А. Батоян В.В., Хаскин В.В. Основные критерии экоразвития. – М: 1994. – 56с.
10. На пути к устойчивому развитию Росси //Бюллетень Центра Экологической политики России. – М.:1997. №1. – 45 с.
11. Проблемы, риоритеты и партнерство. Республиканская конференция по Национальному Плану действий по охране окружающей среды для устойчивого развития, г. Экокурьер. – 1996.
12. Наиболее серьезные социальные проблемы, волнующие людей // Бюллетень Информационной Сети по Устойчивому Развитию в Центральной Азии. Специальный выпуск, посвященный форуму ЭкоНПО Казахстана. – Алматы: 1998. –С.1.
13. Ластер Р., Кристофер Флэвин. Рисуя картину устойчивого общества // Доклад Института наблюдении за состоянием мира в 1990 году. -1990.
14. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030: Процветние, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента страны народу Казахстана. – Алматы: Билим. 1997. – 176б.
15. Александрова А.Ю. Международный туризм. М.: Аспект Пресс. 2001. – С. 29-31.
16. Whelan T. Nature Tourism: managing for the environment. – Washington, 1991.
17. World Resources 1994-95. (A report by the World Resources institutes in collaboration with UNEP and UNDP). – N-Y.; 1994.
18. Erlet Cater. Ecotourism in the Third World – Problems and Prospects for Sustainability. Ecotourism: A Sustainabable Option? – 1994.
19. Байзаков Т.Б., Дудукалова Л.Н., Глотов С.Е. Туристские ресурсы особо охраняемых территорий Казахстана // Актуальные вопросы теории и практики туризма. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. –С. 134-138.
20. Байзаков Т.Б., Дудукалова Л.Н., Устюгова К.В. Территориальные рекреационнные системы как основа развития экологического туризма // Актуальные вопросы теории и практики туризма. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. –С. 38-40.
21. Merkel Angela. Sustainabable tourism development / Naturopa 84. – 1997. – p.3.
22. Социально-экономическая география зарубежного мира / Под ред. В.В.Вольского. – М.: КРОН-ПРЕСС, 1998. – С. 272-283.
23. Алиева Ж.Н. Географические аспекты роли экологического туризма в устойчивом развитии. – Вестник КазГУ. – 2000, №1. – С. 172-178.
24. Горшков В.Г., Донченко В.К., Кондратьев К.Я., Лосев К.С. Экология, экономика, политика // Зеленый мир. – 1995. №31.
25. Королева Т.В. Сохранение природного потенциала для рекреации (методы, оценки и экотуризм) // Возможности развития туризма Сибирского региона и сопредельных территорий // Материалы третьей международной нучно-учебно-практической конференции. Томск: 2001. – С. 74-76.

1 Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Экологиялық туризм ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... . 4
1.2 Экологиялық туризм ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .. 7
1.3 Экологиялық туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4 Қазіргі заманғы классификациядағы экологиялық туризмнің алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
2 Экологиялық туризм және тұрақты даму ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Мемлекеттердің тұрақты даму концепциясы ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Экологиялық туризм тұрақты дамуға жету құралы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16
2.3 Тұрақты дамудағы экологиялық туризм ролінің географиялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.4 Әлемнің кейбір мемлекеттеріндегі экологиялық туризмнің маңызы мен ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 22
2.5 Биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы экологиялық туризмнің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
3 Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
3.1 Қазақстандағы экологиялық туризм дамуының жағдайы мен оның талғануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 31
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы республиканың ресурстық потенциалы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
3.3 Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуының проблемалары мен перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 40
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 42
Кіріспе
Туризм, өзінің бағыттарымен, соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінің шаруашылығының негізгі саласына яғни пайда көзіне айналды. Ал бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі - экологиялық туризм.
Экологиялық туризмнің пайда болу себептері көп, бірақ ең бастылары ол әлемнің жалпы экологиялық жағдайының күннен күнге нашарлауы яғни бүлінуі және техникалық прогресс пен урбанизациядан шаршаған адам баласының табиғатқа яғни таза ауамен демалып нерв жүйке салмағынан құтылуға ұмтылуы.
Туризмнің бұл түрінің пайда блуының басты ерекшелігі, ол осы экологиялық туризмнің тұрақты даму концепциясының арқасында әлемдегі табиғи ортаны қорғауға кететін шығын мөлшерінің бірнеше есе азаюы. Жер шарындағы экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар экологиялық орталықтар, туристтік фирмалар қоғамға қоршаған ортаға зиян келтіруіне төтеп беру жолдарын ізейді. Сонымен қатар жануарлар әлемін қорғау проблемасы туындайды. Осы проблемалардың шешу жолдарын біріктіретін экологиялық туризм болды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2002 жылды Халықаралық экотуризм жылы деп жариялады. Сол жылы мамыр айында Квебек провинциясында (Канада) Дүниежүзілік экотуризм саммиті өтті. Осы саммитқа дайындық барысында Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық конференциялар мен семинарлар өткізу инициативасын ұсынды. Соған байланысты Алматы қаласында (Қазақстан) Экотуризм - XXI ғасырдағы ТМД, Қытай және Моңғолия елдерінің өтпелі экономикаларының тұрақты даму құралы атты, 2001 жылы қазан айында, семинары өтті.
БҰҰ-ның Генералды ассамблеасы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды, халықаралық бірлестіктерді, даму агенттіктерін және әр туристті, экотуризм тұрақты дамудың маңызды факторына айналу үшін, қосымша көмегін тигізуге шақырады, себебі ол қоршаған ортаның биологиялық әртүрлілігі мен жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын сақтауға жағымды ықпалын тигізеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанды экологиялық туризмнің дамуы үшін жаңа құрылып келе жатқан нарық деп қарастыруға болады. Биологиялық және геологиялық әртүрлілік, халықтың минималды тығыздығы, бай тарихи және мәдени мұра республиканың өте зор экотуристтік потенциалын айқындайды.
0.1 Экологиялық туризм ұғымы
Туризмнің даму проблемалары әрқашан актуалды болатын, бірақ оларды қазіргі нарықтық жағдайда шешу үшін оларға ерекше бақылау керек, себебі жылдан жылға өсіп келе жатқан миграция қоршаған ортаға қауіп төндіреді, ол қауіпті, өндіріс, урбанизация және көлік құралдарының даму барысындағы келтіретін қауіптеріне тең деп айтуға болады. Бұл өте көп адамдардың бір жерде шоғырлануын кесірінен ландшафттың бұзылуы, қоқыс-қалдықтардың бір жерде жиналуы, музыкалық аппараттардың динамиктері шығаратын зиянды шу толқындары және көлік құралдарының төндіретін қауіпі. Су мен ауаның ластануына негізінен туризм моторизациясы үлкен үлесін қосты. Көпшілік туризмнің экологиялық талаптардың орындалмай дамуы табиғи кешендердің біртіндеп деградацияға ұшырауына әкеп соқтырды. Рекреациялық территориялардың деградацияға ұшырауының бір себебі ол туристік ұсыныстың туристік сұраныстан әлдеқайда төмен болуы, яғни рекреациялық саланың обьектілердің саны мен көптүрлілігі бойынша жеткіліксіз дамымағандығында, ал ол өз кезегінде адамдардың бір жерде, яғни өздерінің байырғы үіреніп қалған аумақтарында шектен тыс шоғырлануына әкеп соқтырады. Соған байланысты әлемнің көптеген елдерінде табиғи кешендердің бірқалыптылығын сақтайтын жоспарланған территориалды туризмнің түрі пайда болды. Ол туризм түрі әлемде экологиялық туризм атын алды.
Қазіргі қоршаған ортаның қарқынды деградациялауы кезінде экологиялық туризмнің басты маңызы әрі ролі, ол табиғи ресурстардың бірқалыпты рекреациялық пайдалануында.
Қазіргі заманғы туризм дамуының басты ерекшелігі, экологиялық туризм арқылы толық ашылады деп айтуға болады. Экологиялық туризм термині және экотуризм яғни оның қысқартылған түрі ағылшындардың ecological tourism және ecotourism сөздерінен шыққан. Экологиялық эпитеті әрине ағылшындардың, американдықтардың, канадалықтардың әдебиеттерінде және басқа да көптеген елдерде жалғыз емес, мысалы, тағы табиғи туризм, жасыл туризм, жұмсақ туризм терминдері кездеседі. Соңғысы негізінен неміс тілді елдерінде қолданылады. Оларда экологиялық анықтамасы өте сирек қолданылады.
Бұл саланың іс-әрекет сферасын ұғу үшін оның анықтамасының бірнеше айқындамаларын анықтау керек. Бірақ айта кететін бір жайт, ол экотуризм ұғымының қазіргі кезге дейін толықтырылып (өзгертіліп) және дамып келе жатқандығында. Бірақ осы анықтамалардың әрқайсысы экотуризмнің маңызды аспектілерін ашады. И. Криппендорф (J. Krippendorf) анықтамасына сәйкес, экологиялық туризмнің басты мақсаты, ол автор алдын ала айтып кеткендей тыныш немесе тыныштық туризмнің осы адамдардың, жергілікті халықтың және ландшафт талаптарына сай, ландшафтпен физикалық және мәдени байланысын қамтамасыз ету.
К.Х. Рохлитц (K.H. Rohlitz) басқа анықтама ұсынған. Осы автордың ойынша жұмсақ туризм - жергілікті халыққа экономикалық пайда түсіретін және келген қонақтар мен соңғылардың арасында қарым қатынасты қамтамасыз ететін және ландшафт пен жергілікті әлеуметтік-мәдени ортаға зиян келтірмейтін сандық біркелкі туризм.
Келесі кезекте Австралия Үкіметі мен туристік-табиғи ұйымдардың Экотуризмнің ұлттық стратегиясы құжатында келтірген анықтамасы. Анықтамада былай жазылған: Экотуризм - қоршаған ортамен таныстыратын және оны түсіндіретін, тірегі табиғат болып табылатын тұрақты экологиялық туризм
Кейбір мәліметтер бойынша экотуризм терминін күнделікті өмірге 1987 жылы Hector Ceballos-Lascurian енгізен. Ол мынадай анықтама ұсынды: Саяхат кезінде біршама бүлінбеген және ластанбаған, өзіне тән таңқалдырарлық, әдемі, зерттеу және ләззат алу ландшафттары, жануарлар, өсімдіктер әлемін өзіне қосатын туризмнің бір саласы.
Кейін, 1991 жылы АҚШ-та орналасқан Экотуризм қоғамымен оның өзгертілген анықтамасы ұсынылды. Соған сәйкес, экотуризм - табиғи ортасы жақсы сақталған жерлерге шынайы және мәдени-этнографиялық ақпарат алу мақсатымен жасалатын саяхат түрі. Сонымен қатар ол экожүйенің бірқалыптылығын бұзбайды және жергілікті табиғатты қорғауды табысты іске айналдырады. Бірақ 1993 жылы сол Қоғаммен ұсынылған анықтаманың тағы бір нұсқасы бар: Жергілікті халықтың көңіл күйін жақсартатын және қоршаған ортаны қорғайтын табиғи аймақтарға жауапты сапар.
Осы анықтамалардың қысқаша анализін қорытындылай келе экотуризмге қойылатын бес негізгі крийтерийлерді ерекшелеуге болады:
1. Экотуризм негізінен табиғатқа бағытталу керек және негізінен керек табиғи ресурстарды пайдалану;
2. Экологиялық тұрақты болу керек, яғни адамның тұрғылықты ортасына зиян келтірмеу немесе зиян келтіру дәрежесін минимизациялау;
3. Экологиялық білім беру мен танымдылыққа бағытталу керек және адам мен табиғат арасында толыққанды қарым-қатынастың құрылуына ықпалын тигізу керек;
4. Жергілікті әлеуметтік-мәдени ортаның сақталуын өз қарамағына алу керек;
5. Өзінің болған аймақтарында экономикалық эффективті және олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету керек.
Осы бес критерий экологиялық турларды басқа экологиялық емес турлардан айыру үшін жеткілікті.
Алдында айтылып кеткендей экотуризм термині жақында пайда болған, бірақ демалыс түрі ретінде көптеген жылдар бұрын, нақтырақ айта кететін болсақ XIX ғасырдың басында европалықтар Африка мен Үндістанда жабайы өмірді (сафари) көру мақсатымен саяхаттап жүрген кезде пайда болған. Ең бірінші американдық ұйымдастырылған орнитологиялық турлар XX ғасырдың басында пайда болған, ал Европада бірінші орнитологиялық сапарлар 1961 жылы пайда болды. Бүгінгі күні экологиялық туризм әр континент пен әрбір елге жеткен. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек экологиялық туризм әлемдік туристік нарықтың 23% алады, ал оның даму қарқыны туризм индустриясының басқа салаларынан әлдеқайда алда.
Экологиялық туризмнің құрылуы және дамуымен бірге оның басқа туризм жақындау процессі байқалады. Табиғатқа жақындау процессі көпшілік туризмде де байқалады. Жағажай демалысы , круиздер, іс-сапарлар және т.б. түрлеріне жиі табиғи және ұлттық-этнографиялық саябақтарға бару кіреді. Соған байланысты экологиялық туризмнің шекаралары анық емес және нақты сипаттауаға келмейді.
Бірақ менің ойымша экологиялық туризмді және жалпы оның секторын бүкіл туризм индустриясы салаларынан айыру үшін негізгі екі жолы бар.
Біріншісінде міндетті түрде сапардың ішінде жабайы табиғаттың болуы. Соған байланысты авторлардың көбі табиғат пен жергілікті мәдениет арасындағы шекара өткізу қиыншылығынан соңғысын табиғатпен бірге экотуризм обьектілеріне қосады. Бірақ бұл жағдайда да бұл анықтаманың сиымдылығы сарқылмайды. Антропогендік территорияларда демалу мақсатындағы туризм түрі кең тараған. Бұл негізінен дамыған мемлекеттерге тән. Оның ішіне агротуриз де кіреді.
Екінші жолында экотуризм бұл басқа дәстүрлі туризм түрлерінен ресурс сиымдылығы аз бола тұра, қолданылатын табиғи және басқа да ресурстарды деградацияға ұшыратпайды. Бұл жерде экологиялық термині - тұрақты сөзіне теңестіріледі.
Туризм тұрақтылығына, одан түскен табыстың (пайданың) белгілі бір бөлігін ресурстардың қайта қалпына келтіруіне, қорғауға және туристік ресурстардың сапасы мен қоршаған ортаға жағымсыз яғни зиян тигізетін процесстерді ликвидациялауға жұмсалғанда ғана жетеді.
Экологиялық туризмнің пайда болуы және оның дамуы адамдардың, ең бастысы табиғатпен тілдесуге, оның обьектілері мен құбылыстарымен танысуға және қоршаған ортада болатын өзгерістерді минимизациялауға талпынуымен түсіндіріледі.
Қоршаған орта мен жалпы туризм арасында екіжақты байлйныс бар. Экологиялық туризмде - табиғатты қорғауға туристтердің өзі де және туристік ұйымдар да талпынады; соңғылары өздерінің қызмет көрсетулерін алға жылжытуға байланысты, олардың ішіне сапалы қызмет көрсету, табиғи территориаларды жақсарту, жануарлар мен өсімдіктердің популяциасын қайта жаңғырту кіреді, себебі шынайы табиғи орта туристтердің арасында үлкен сұранысқа ие.
Экотуризм тұрақтылығына баға беру
Экотуризм
обьектілері
Туризм тұрақтылығының
градациялары
Жабайы табиғат
Жасандылар
тұрақты
жағымды
жағымдылығы аз
тұрақсыз
жағымдылығы аз
жағымсыз
0.2 Экологиялық туризм ерекшеліктері
Экологиялық туризм - бұл соңғы жылдары бүкіл әлемде кеңінен дамыған қазіргі туризмнің жаңа бағыттарының бірі. Бұл жөнінде экотуризмнің даму қызметіне белгілі. Оны Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры(WWF) және халықаралық табиғатты және табиғат ресурстарын қорғау одағы(IUCN) сияқты халықаралық ұйымдардың одағы растайды. Сонымен қатар, экотуризмнің халықаралық және аймақтық деңгейде дамуы үшін конгресстер, семинарлар өткізіледі, туризмнің барлық түрінен негізінен экологиялыққа көп көңіл бөлінетін фирмалар саны көбеюде.
ДТҰ экологиялық туризмді туризмнің тұрақты дамуының ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. Туризм тұрақтылығының иаңызды қағидаларына мыналар жатады: саланың тұрақты дамуы үшін құқық базасы мен экономикалық тұрақты жағдайды жасау; туристік қызметті жоспарлау мен жерді пайдалануды реттеу; халық арасында ағартушылық-агитациялық жұмыстардың жүргізілуі;шешім қабылдау процесіне жергілікті халықты кеңес беру арқылы тарту; туристік өкімді реализациялау; көлік жүйесін экологиялық тұрақтылықпен қамтамасыз ету; табиғи кешендердің туристік-рекреациялық жүктемелеріне тұрақтылық деңгейде баға беруі.
Әлемде экотуризмнің әйгілілігі тек қана қоршаған орта жағдайының нашарлауынан ғана емес, сонымен қатар адамның өмір сүру ортасының күрт өзгеруімен, яғни жүйке психологиялық ауырлықтың өсуіне де байланысты.
Экологиялық туризмнің жалпы туризмнен айырмашылығы неде?
Біріншіден, экотуризм - территориясы жақсы сақталған табиғи ортаға сапар шегу. Бұндай территорияларға қорықтар, табиғи ұлттық саябақтар, қорықшалар және басқа қорғалатын териториялар жатады.
Екіншіден, экотуризм - ең экологиялық табиғатты пайдаланушы болып саналады. Экотуристердің табиғатты эксплуатациялау технологиясы визуальды түрде өтеді, яғни көрікті жерлерді қарау, пейзажды тамашалау, өсімдік және жануарлар әлемін бақылау және тыңдау түрінде (құстардың ән айтуы, су сылдыры, жапырақтың сыбдыры), иіс сезімі (ормандар мен шалғындардың жұпар иісі) және сезіну арқылы (өзен суының мөлдірлігі). Дәл осы мақсатпен экологиялық туризм әлемдегі ерекше қорғалатын табиғи территориялар шегінде табиғи ресурстарды қолданудың бірден-бір жолы болып табылады.
Үшіншіден, экотуризм туристердің ЕҚТТ-да жүріс-тұрысын қадағалайды, соның ішінде қатаң тәртіп белгілеу арқылы (турист гид-жолаушыға еріп жүргенде арнайы жолды пайдалануы керек, өсімдіктерді жұлмау, шуламау, т.б.). Бұл ережелерді сақтау экологиялық туризм дамуының ұстанымды шарты болып табылады.
Төртіншіден, экотуризм жергілікті тұрғынның ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді, ұлттық-дәстүр мен әдет-ғұрыптың жаңғыруына әсер ететін дәстүрлі ұлттық өнер түрлерін дамыту жолымен. Бұның барлығы халыққа белгілі пайда келтіреді және әлеуметтік экономикалық дамуына әсер етеді.
Өзіндік ерекшелігі бар экотуризмнің бұқаралық туризмнен айырмпшылығындай, экотуристердің де жаппай туристерден айырмашылығы бар. Бұқаралық туристер ұйымдасқан және жеке түрде белгілі жерлердің шегінде үнемі саяхаттайды, көп жағдайда өз елінде. Оларға қарағанда, экотуристер адамдар аз өзгерткен табиғи территорияларда сапар шегеді, және олар саяхаттың шектелген жағдайлары мен ыңғайсыз шарттарына шыдамды болады.
Авторлар қатары экотуристерді олардың қызығушылық деңгейіне қарай бөледі. Мысалы, Lindberg экотуристердің төрт тобын бөліп көрсетеді.
* Бірінші топқа білім беру кеңселерінің мүшелері алғашқы табиғатты зерттеумен айналысатын ғылыми зерттеушілер;
* Екінше топқа жергілікті жердің тарихын білу мақсатымен қорғалатын табиғи территорияларға баратын адамдар;
* Үшінші топқа табиғаттың қашық бұрыштарына - ерекше саяхат үшін баратын адамдар;
* Төртінші топқа табиғатқа шығу өте үлкен саяхаттың ажырамайтын бөлігі деп есептейтін адамдар жатады.
Экологиялық туризмді тұрақты туризм деп қарастыруға болады, яғни бұл - жергілікті жердің шынайы түрде сақталуының тек табиғи, мәдени-тарихи көрікті жерлерімен танысу үшін ғана емес, өскелең жіне келешек жас ұрпақ үшін шынай ортаның алғашқы қалпында әрі қарай сақтау мақсатында сапар шегу. Экологиялық туризмнің басқа туризм түрлерінен негізгі айырмашылығы осыдан тұрады. Экологиялық туризм үнемі бұқаралық туризмнің баламасы ретінде қарастырылады.
Экологиялық туризм жиі көпшілік туризмнің альтернативасы ретінде қарастырылады, және қазіргі уақытта ол туристік қызметтің ең перспективалы және динамикалық түрде дамып келе жатқан формасы болып табылады.
0.3 Экологиялық туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызы
Экологиялық туризмнің Қазақстанда тұрақты дамуы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешеді, жергілікті және аймақтық деңгейде тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Экотуризмнің әлеуметтік салада дамуына келсек, халықаралық қатынастардың нығаюына себепкер бола тұра мәдениеттің өрлеуіне өз үлесін қосады, бастысы - тұрғындардың экологиялық сауатын аша отырып, әлеуметтік байланысты кеңейтуде маңызды фактор болып саналады.
Экологиялық туризмге экономикалық көзқараспен қарасақ, экологиялық бағыттарға жақын елді-мекендердің инфрақұрылымын жақсартады. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар экологиялық туризмнен күн көретіндей пацда табуы мүмкін, жекелеген туристер мен туристік топтарды күзету арқылы, туристерді қажетті азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету арқылы, сонымен бірге үйлерді жалға беру арқылы өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуына мүмкіндіктері бар. Экологиялық туризмді экономиканың бір саласы деп қарастыруға болады, шетелдік туристерді, шетелдік ақшаның белгілі бір мөлшерін елге кіргізу арқылы мемлекетке үлкен кіріс кіргізуге болады.
Қорытындылай келсек, экологиялық туризм адамдардың санасы мен әдеттерін өзгертуге мүмкіндік бере отырып, табиғи ортаны табиғи қалпында сақтау арқылы оларды табиғатқа үнемділікпен қарауға тәрбиелейді. Сонымен бірге, экологиялық туризм табиғи ортаны қорғауда нақтылы әсер ету үшін жергілікті тұрғындар мен жергілікті басқарма табиғи ресурстардың аумағын экологиялық туризмнің объектісі ретінде пайда көрумен бірге табиғи аумақтың сақталуымен тығыз байланысты болуы шарт. Сонымен қатар ынталы түрде табиғатты қорғау үшін бұл пайда белгілі мөлшерде бөлініп және пайдаланып отыруы тиіс. Егер табыс шағын ортада дұрыс бөлінбесе, тұрғылықты тұрғындарда қорғалатын аумақтың ресурсын рациональды түрде қолдану ынтасы болмайды. Сол себепті экологиялық уризмнің мүмкіншілігі толық табиғи ортаның жағдайына байланысты.
Көптеген мемлекеттерде туристерді қызықтыратын ерекше табиғи аумақтар ауылшаруашылық қажеттіліктер үшін қолданылуда. Әр жыл сайын өсіп бара жатқан жер өңдеу, ағаш дайындау, сонымен бірге халықтың күн санап өсуі, көші-қон және орналасу бұл аумақардың тек қана жерінің сапасын ғана емес, экожүйенің тұтастығын да бұзады. Осы мақсатта экологиялық туризм бұл аумақтар үшін неғұрлым күштірек экономикалық негіз бола отырып, неге басқаша жолмен ауылшаруашылығын және өнеркәсіпті дамытуға болмайды.
Қазіргі кезде экотуризмді республикада дамытудың тағы бір түрі - экономикалық даму мен табиғатты қорғау мақсаттарынан басқа адамның арқасынан физикалық және рухани жүкті түсіру. Белгілі болғандай, техникалық даму және урбандану адамның материалдық жағынан өмір сүруін жеңілдетті, екінші жағынан күйзелістер мен соққылар жүйкеге ауыр психологиялық салмақ күшейіп кетті. Американдық социологтардың зерттеуі бойынша зерттеуі бойынша ауқатты адамдар санының өсуімен экологиялық таза аумақтарға деген сұраныс, табиғат аясына шығу ғажайып пейзажды тамашалау мүмкіншілігі мен таза ауамен демалу бір-бірімен пропорционалды түрде.
Сонымен, экологилық туризмді дамыту бос уақытта қолдану мәселесіне жүйелік жақындаудың жолы салауатты өмір салтын жүргізу мүмкіншіліктерін тарату және құру.
0.4 Қазіргі заманғы классификациядағы экологиялық туризмнің алатын орны
Туристік саяхат адамның белгілі бір мөлшерде қажеттілігін қанағаттандырады. Бір нәрсені ескеруіміз қажет, адамның қоршаған ортаны зерттеуінің барлығы саяхатпен байланысты. Қозғалыс - туризмге тән ерекшелік. Тіпті бұрынғы уақытта сауда байланысын ұстау үшін адам көрмеген жаққа сапар шеге берген. Осындай саяхаттар тек қана сауданы дамытқан жоқ, терең түрде еңбекті, қоғамдық жағдайды бөлді және адамдардың қоршаған әлемді тануына кеңінен тануына мүмкіндік берді. Әлемдңік шаруашылықтың күшеюіне байланысты тұрғындардың қозғалысы аумақты масштабта ұлғайды және туризмнің дамуына себеп болды.
Миллиондаған адамдар саяхатқа жаңа жерлерді көру үшін, табиғаттың әдемілігіне сүйсіну үшін, таудың немесе орманның таза ауасымен демалу үшін, қала халқымен қарым-қатынасқа кенелу үшін, сонымен бірге көпғасырлық өнер мен мәдениетті тамашалау үшін аттанады. Осы күнде әр түрлі деңгейде туризм жауламаған ел қалмаған. Жыл сайын бүкіл әлемде 4 млрд.-тан астам адам 5-6 күннен кем емес уақытын өзінің тұрып жатқан жерінен тыс өткізеді. Жартысының көбі демалу мақсатымен сапар шегеді, төрттен бір бөлігінің көбі іс-сапармен, 5-6%-ы халықаралық конгресстердің, симпозиумдардың, жиналыстардың қатысушылары, 10-15%-ы туған-туысқандарына бару үшін саяхатқа шығады.
Сонымен туризм қазіргі заман адамының тұрмысына нық орналасып алды. Туризмге деген қызығушылық күн санап өсіп келеді. ДТҰ болжамы бойынша 2010 жылға қарай халықаралық туристік сапар 1 млрд. АҚШ долларын, ал 2020 жылға қарай-1,6 млрд. АҚШ долларына тең.
Туризмнің халықаралық даму динамикасының болжамы бойынша болашақта туризм осыдан да танымал болады. Қазіргі замандағы туризмнің жаңа динамикалық дамып келе жатқан бағыты - экологиялық туризм. Экотуризм, дәстүрлі туризмнің түрлеріне қарағанда мынадай белгілерімен сипатталады:
* Экотуризмнің негізгі объектісі ретінде керемет табиғи көріктілігімен;
* Туристік индустрияның жоспарлы түрде дамуында тасымалданбайтын табиғи және мәдени потенциалдар;
* Салыстырмалы түрде төмен капиталды күш сиымдылығы;
* Экотуризмнің негізгі мақсаты экологиялық білім беру ұйымдары және экологиялық ойды саралау;
* Жекелеген аумақтар мен тұтас мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық жағынан көтерілуіне көмек беру.
Сонымен қатар қазіргі заман туризмінің классификацияснан экологиялық туризмге орын тауып беру керек. Осы кезде туризм әр формада және байланыста өзін көрсетуде, сондықтан оның классификациясын құру шарт болды.
Қазіргі заманғы туризмді классификациялауда саяхатшының алға қойған мақсаты маңыздырау, ол өз кезегінде туристердің материалдық мүмкіндігін көрсетеді, оның денсаулық жағдайын, жасын, мамандығын, мәдениеттілік деңгейін және т.б. көрсетеді. Туристер саяхаттай отырып алдына алдына тек қана бір мақсат қоймайды.туристің жекелеген қажеттілігіне қарамастан оның бірі негізгі орында болады.
Қазіргі заманғы туризмнің классификациясында экотуризм экскурсиялық туризм ретінде қарастырылады. Экскурсиялық туризм бұл табиғаттың, мәдениет пен тарихтың көрнекі орындарында болу, яғни экологиялық туризмнің белгілеріне тән.
Жоғарыда көрсетілгендей, экологиялық туризм - бұл табиғи қалпында жақсы сақталған орындарға саяхат, бірақ көптеген жағдайда саяхаттың жеке түрін, яғни тек жабайы табиғатты бөліп-жару мүмкін болмайды. Сондықтан көптеген авторлар үшін экотуризм табиғаты бағдарлау туризмі болып қарастырылады. Қызығушылығына қаржылық көмекті, мәдениетті, сәулетті және тұрғылықты тұрғындардың дәстүрін қосып алады. Қорытындысында экотуризмнің бірнеше түрін аңғаруға болады: табиғи, жасыл, агротуризм. Фототехника мен фототехнологияның динамикалық дамуының арқасында фототуристердің қажеттіліктері қанағаттандырылуда. Егер де біз барлық саяхаттарды экологиялық туризм ретінде қарастырсақ қателеспейтін шығармыз:
* Алғашқы пайда болған табиғатты қарамағымызға алу және оған үнемділікпен қарау;
* Туризмнен түсіп жатқан пайдадан міндетті түрде табиғи экожүйені бірқалыпты деңгейде сақтауға қаржы бөліп тұру қажет.
2. Экологиялық туризм және тұрақты даму
2.1 Мемлекеттердің тұрақты даму концепциясы
ХХІ ғасыр қарсаңында адамзат бірқатар проблемаларға тап болды, бай мен кедей арасындағы теңсіздік, ашаршылық, әр түрлі аурулар, халық санасыздығы, бірақ ең бастысы - қоршаған орта проблемалары және экологиялық жүйе деградациясының күшеюі. Өркениет болашағы осы проблемаларға тәуелді болып келеді.
Бүкіл әлемде қоғам қоршаған ортаны бүлдіре отырып, өз болашағын жойып отырғанын түсіне бастады. Соған байланысты үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар, даму жөніндегі агенттіктер және жеке адамдар келе жатқан ғаламдық дағдарыс тудыратын жағдайдан шығу жолдарын іздей бастады. Олардың шаралары ақылдаспаушылық іс әрекеттерден тұрды, мысалы, бір жерде табиғатты қорғау заңдарын шығару, келесі жерде экологиялық ұйымдар жұмысшыларының санын көбейту. Бірақ бұл шаралардың барлығында соңғы нәтиженің нақтылығы болмады. Қазіргі заман жағдайы әлем саясатының жаңа бағытын, яғни экономикалық және экологиялық тұрақтылық арқылы адамзат қауіпсіздігіне жетуді қажет етеді.
Әлем қоғамының қоршаған орта жағдайына алаңдаушылығы 1972 жылы БҰҰ Стокгольм конференциясында арнайы құрылым - қоршаған орта жағдайы бойынша БҰҰ Бағдарламасының пайда болуына себеп болды.
1983 жылы - қоршаған орта және оның дамуы бойынша БҰҰ Халықаралық Комиссиясы құрылды, оның басшысы болып Норвегия премьер-минситрі Гру Харлем Брунтланд тағайындалды. Комиссия әлемнің әр аумағындағы экологиялық және әлеуметтік-экономикалық алаңдаушылықты тудыратын проблемаларды толық көлемде ашу және оларды шешу үшін шақырылған.
1987 жылы қоршаған орта және оның дамуы бойынша Халықаралық Комиссиясы Біздің ортақ болашағымыз атты баяндамасында өркениеттің жаңа моделі қажеттілігі туралы мәселесін көтерді. Осы баяндамада бірінші рет тұрақты даму ұғымы пайда болды және тұрақты даму концепциясын жасау жұмыстары басталды. Аз уақыт ішінде өркениет болашағын талқылаған уақытта бұл ұғым ең көп қолданысқа ие болды.
Бірегей жағдайда - тұрақты даму - бұл қоғамның табиғат ресурстарын дұрыс пайдалануы негізінде дамуы, ал ол өз кезегінде ұрпақтан-ұрпаққа адамдардың өмір сүру деңгейінің жоғарылауын қамтамасыз етеді (адам денсаулығы, жағымды қошаған орта, экологиялық қауіпсіздік, және т.б.).
Тұрақты даму адамзаттың ХХ ғасыр соңы - ХХІ ғасыр басындағы басты қарастыратын мәселесі болып саналды.
Қоршаған орта және оның дамуы бойынша Халықаралық Комиссияның тұрақты даму концепциясы өзіне мынадай басты мәселелерді қосады:
1. Адамзат болашақ ұрпақтарды өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігінен айырмай, қазіргі кезде тұрып жатқан адамдардың қажеттіліктеріне сай келетін даму процессіне тұрақтылық және көп уақыттылық мінездемесін бере алады. Ол үшін мынадай талаптар қойылады:
* Экологиялық қауіпсіздік және жағымды ортада тұру жөніндегі адам құқықтарын іске асырудағы әділдік.
* Ауыстыруға келмейтін табиғат ресурстарын эксплуатациялауды уақытша тоқтату
* қоршаған ортаның қажетті сапалығын сақтау және экологиялық регенерация мүмкіндігі
* қоршаған орта және адамзат генофондының азаюын тоқтату
2. Тұрақты даму негізінде өзімізде бар табиғи ресурстар мен ғаламшардың экологиялық потенциалы жатыр.
3. Тұрақты ғаламды даму үшін жеткілікті құралдары барлар өздерінің күнделікті өмірлерін Жердің экологиялық мүмкіншіліктерімен бірлестіру керек, мысалы, энергияны тұтыну
4. Тұрақты даму - ол гармонияның өзгерген түрі емес, ол қазіргі және болашақ қажеттіліктермен сәйкестенетін техникалық дамуға бағытталған өзгеру процессі. Нәтижесінде тұрақты даму негізінде саяси ынта болу керек.
1992 жылы жазда Рио-де-Жанейрода Қоршаған орта және оның дамуы бойынша БҰҰ Конференциясы өтті. Онда тұрақты даму жөнінде халықаралық келісімшарттар жасалды, маңызды құжаттар қабылданды:
* адамдардың өмір сүру жағдайының жақсаруы мен дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттердің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын қоршаған орта және оның дамуы туралы декларация
* ХХІ ғаыр күн тәртібі - экологиялық, әлеуметтік-экономикалық жағынан тұрақты дамуға ауысу бағдарламасы
* климаты өзгерулер туралы БҰҰ конвенциясы
* әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен технологиялардың қайта құрылуын іске асыруды қажет ететін биологиялық көптүрлілік БҰҰ конвенциясы
Соған байланысты соңғы уақытта тұрақты дамуға ауысудың теоретикалық базасы құрылды. Ауысудың негізгі талабы табиғат - қоғам жүйесі функциясын гармонизациялау болып табылады. Ол өз кезегінде функциясы мен компоненттерін бұзбайтындай, әлеуметтік-экономикалық жүйешенің функциясы мен компоненттерін өзгертеді. Табиғи жүйешенің құрылымын сақтау, адамның өмір сүру ортасының комфорттылығын сақтау және өміріндегі материалдық, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өте маңызды.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін, өзін әлемге ТМД аумағындағы саяси тұрақты даму көшбасшысы ретінде танытты - әлем тарихында бірінші рет ядерлік палигонды жауып, ядерлік полигоннан бас тартты. ТМД елдері арасында интеграциялық процестердің талапкері болды.
Қазақстан Рио-де-Жанейрода өткен Конференцияның қорытынды құжаттарына қосылды, онда ол өте маңызды конвенциялырға - биологиялық көптүрлілікті сақтау, климат өзгерулері, шөлденуге қарсы күреске қол қойды. Тұрақты даму мәселесін талқылауда БҰҰ шешімдерін қолдады.
Республиканың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға бағыты, қоршаған ортаны қрғау үшін жасалатын іс шаралар жоспары мен ХХІ ғасыр Күн тәртібі экологиялық қауіпсіздік Концепциясында бекітілген. Бұнда Қазақстанға экология жағынан әлсіз ел ретінде анықтама беріледі, себебі болып елдегі ғаламды түрдегі проблемалардың шоғарлануы айтылады (Арал, Каспий, Семей өңірі және т.б.).
ТАСИС жобасының Халақты қоршаған орта проблемалары туралы ақпараттандыру әлеуметтік зерттеулерінің мәліметтері бойынша тұрғындардың 89% қоршаған орта жағдайына алаңдаушылық білдірді.
Кез келген елдің тұрақты даму концепциясы экологиялық тұрақты болашақтың құрылыуын талап етеді. Мөлшерімен тұрақтылыққа 2030 жылы жету керек. Арнай зерттеулердің мәліметтері бойынша табиғи, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың жақсаруы болмаса, әлемде табиғи ресурстардың азғыруы мен экономикалық төмендеуі байқалады.
Әлем жағдайын бақылау Институтының ғалымдары Р. Лестер мен К. Флэвин зерттеулері бойынша 2030 жылы әлем экономикасы жанар-жағармай ретінде көмір, мұнай және табиғи газды қолданбайды. Қолдану негізіне күн және ядерлік энергия ие болады. Әрине, бұлардан басқа жаңа технологиялар жасалынады.
Ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың Казахстан - 2030: Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев кітабында Қазақстан болашағының барлық басты мәселелері қарастырылған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда тұрақты дамуға ауысу үшін әлеуметтік, саяси және экономикалық жағдайлар қалыптасты. Соңғы уақытта ел Президенті, саяси және ғылыми ағартушылар өздерінің еңбектерінде тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды сақтау мәселелеріне көп көңіл бөле бастады.
Қарым-қатынас және бірлесу процесі, 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму Ғаламдық конференциясында басталды. Ұлттық деңгейде Орталық және Шығыс Европа және ТМД елдері қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының Ұлттық жоспарын жаай бастады.
1992 жылы ТМД елдері Мемлекетаралық Экологиялық Бірлестік (МЭБ) құрды. 1997 жылы желтоқсан айында Алматы қаласында І Қазақстанның Ұлттық табиғат ұйымдарының (ҰТҰ) форумы өтті, бұл форум Қазақстанның экологиялық жүйесі және оның тұрақты даму жағдайындағы перспективалары туралы құнды ақпараттардың жиналуына зор үлесін тигізді.
Қазақстанның халықаралық форумдары мен жоғары деңгейдегі кездесулерге белсенді қатысуы республиканың әлем экономикасының саяси кеңістігіне енуіне зор ықпалын тигізеді.
Тұрақты даму концепциясы экономикалық даму экологиялық шаралар процесстерін біріктіру мүмкіншілігін бере алады: нарық механизмдері экологиялық таза және экономикалық жағынан тиімді өндірістің шығаруына мүмкіншіліктер береді.
Қысқа уақыт ішінде тұрақты даму ұғымы халық санасына республиканың экономикалық және саяси өміріне енді.
Бүгінгі таңда Қазақстан болашақ ұрпақ қажеттіліктерінің қауіпсіздігін сақтай отырып қазіргі өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жаңа тұрақты қоғам құру жолында.
Бізге, адамзаттың Жер ғаламшарының потенциалды экожүйе шекарасында ғана өмір сүру крек екенін мойындау керек. Оған нақты альтернатива жоқ. Сондықтан егер біз ғаламшарымыздың табиғи ресурстарын дұрыс әрі рационалды пайдаланбасақ адамзат өз болашағынан айырылады. Бүгін біз болашақ ұрпақтар өмірі үшін жауаптымыз. Ол туралы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев былай деген: Біз, қазіргі период мәселелерінен басқа болашақ ұрпақтар алдында мойнымызда үлкен жауапкершілік жатқанын әр күні есте сақтауымыз керек.
2.2 Экологиялық туризм тұрақты дамуға жету құралы ретінде
Туризмнің даму концепциясы әлемнің көптеген елдерінің назарын өзіне аударды. Туризмдегі тұрақтылық қағидалары ДТҰ және Дүниежүзілік саяхаттар және туризм бойынша бірлестікпен құрастырылған. Олар экологиялық, экономикалық, мәдени тұрақтылыққа және жергілікті халыққа арналған тұрақтылыққа әкеледі. Туризмдегі тұрақтылық мыналарды білдіреді: табиғат және мәдениет потенциалының сарқылмас қолданылуы; жергілікті халықты экотуризмді дамыту жобаларына тарту; туриз ұйымдарының ресурстарды сақтаушы технологияларына аусыуы, өндіріс қалдықтарының азаюы; қоғамдық және жеке секторлардың бірлесе жұмыс істеуі; туризмнің елдердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жоғарылауына өз үлесін тигізу.
Қазіргі кезде туризм негізінен экологиялық түрлеріне бағытталған. Себебі олар табиғи кешендердің бірқалыптылығын сақтайды.
Экологиялық туризм қоршаған ортаға ең жақын туризм секторы болып табылады. Экотуризмнің даму табиғатты пайдалану модельдерінің аусуына, мәдени және табиғи байлығымызды қорғауға, әлеуметтік және экономикалық дамуға зор ықпалын тигізеді. Осы элементтер жүйені құрайды және бір біріне әсер етеді.
Айта кету керек, тұрақтылыққа тек көп салалы экономикалық салаларының арасында тығыз байланыстар нығайғанда ғана жетеді. Экотуризмге келетін болсақ, ол тек қана өзінің даму нәтижелерімен ғана пайдалануымен шектелмей, сонымен қатар басқа да әлеуметтік-экономикалық сфера секторларына өз әсерін тигізеді.
Экологиялық туризм және тұрақты даму байланысы жолдарының ең маңыздыларын қарастырайық.
Экотуризмнің дамуы пайдалануды рационализациялайды. Көптеген территорияларды туристік мақсатта пайдалану, сол территорияларды ауыл шаруашылығы өндіріс салалары мақсаттарында пайдаланудан әлдеқайда көп табыс әкеледі. Мысалы, Кениядағы зерттеулер мынадай мәліметтер көрсетті, жердің жануарларды ұстау территориясынан туризм үшін қорғау территориясына ауысуы (айналуы), сол жердің өз бағасы құнының 50 есе өскенін көрсетті, 1 га - 40 АҚШ долларына жеткен.
Тұрақты дамудың маңызды проблемаларының бірі биологиялық ресурстарды пайдалану болып табылады. Экотуризмнің әсері тіпті барлық жағдайда олардың физикалық жойылуына әкеп соқтырмайды. Негізінен ол ағаш дайындау альтернативасы болады. Жыл сайын тропиктерде 17 млн га жуық орман шабылды. Экотуризмнің дамуы Бразилия, Кения, Коста-Рика және т.б. елдердің ормансыздану процесінің тоқтатылуына өз үлесін тигізеді. Жыл сайын осы табиғат шығындарын өтегісі келетін экотуристер саны көбейіп келеді. Мысалы, Кения ұлттық парктеріне жылына 650 мың адам келеді, ал олардан түсетін түсім шамамен 350 млн АҚШ долларын құрайды.
Кей жануарларды экотуризм объектілері ретінде пайдалануы, оларды утилитті түрде пайдаланудан әлдеқайда әсерлі әрі тиімді. Olindo (1998) есептеулері бойынша Кениядағы Амбоссели ұлттық паркіндегі бір піл жылына 14 мың доллардан астам немесе бүкіл өмірінде 900 мың доллар табыс әкеледі. Бұл олардың тұмсық сүйектері мен терлерінен түсетін пайдасынан әлдеқайда жоғары болып қана қоймай, осы жануарларды қрғау мен олардың популяциясының жандандыруына кететін шығындарды да ақтайды.
Экотуризмнің табиғатқа минимальді әсерін тигізуі, әсіресе құрылыста, яғни үлкен турбазалардың болмаумен ерекшеленеді. Экотуризмде күнделікті өмір сүру жағдайы табиғатқа ең жақын (басқа туризм салаларына қарағанда) болып келеді, мысалы, жұлдызды отельдер орнында дәстүрлі тұрғын үйлер, жасанды әрі қымбат өнімдер орнына табиғи ауылшаруашылығы өнімдерін пайдалану.
Экотуризм жоғалу қарсаңындағы өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің қорғауымен өте тығыз байланысты, ал олар негізінен экзотикалық болғандықтан өз кезегінде экотуризм объектілеріне айналады.
ЕҚТТ (Ерекше қорғалатын табиғи территориялар) ғаламшардың экологиялық бірқалыптылығын сақтаудағы басты ролді ойнайтығын барлығына мәлім. Экотуризм ЕҚТТ қорғап әрі қолдай отырып табиғатты қорғауға өз үлесін тигізеді.
Кей жерлерде туризмнің дамуы жергілікті халықпен конфронтанцияға әкеліп соқтырады. Ал экотуристер өз кезегінде жергілікті мәдениет және қоршаған ортамен әлдеқайда тығыз қарым-қатынаста болады.
Туристік дамудың көрсеткіші адамның физикалық және психикалық денсаулылығы болып табылады. Экотуризм жағынан қарастырсақ адамның физикалық және психикалық күшінің қайта қалпына келуі белсенді демалыс, табиғатпен тілдесу арқылы болады. Ол өз кезегінде адамның өмір- және жұмыс істеу қабілетін әлдеқайда жоғарылатады.
Экологиялық білім беру деңгейінің өсуі - адам капиталының өсуіне қажетті түсім - тұрақты дамудың ғана емес, сонымен қатар экономика жоғарылауының талаптарының бірі болып саналады.
Экотуризмнің дұрыс әрі әсерлі дамуы әлеуметтік құрылымдар мен институттарсыз мүмкін емес. Ол сәйкесінше туризм министрліктері, табиғатты қорғау ұйымдары, департаменттер, жергілікті комитеттер,қоғамдық және ғылыми ұйымдар. Осы ұйымдар тұрақты дамуды қадағалап және бағыттап отыруға шақырылады.
Экотуризмнің дамуы, туристерді қабылдаушы елдің қазынасының толтырылуына әсерін тигізеді. Табиғатты қорғау Дүниежүзілік қорының (WWF) зерттеулерінің көрсеткіштері бойынша 90 жылдардың басындағы дамушы елдердің туризмнен түскен 55 млрд АҚШ долларының 12 млрд доллары экотуризм үлесіне тиген. Мысалы, Коста-Риканың жалпы туристерінің 40% экотуристер құрайды. 1990 жылы Эквадордағы экотуристерді қабылдау мемлекетке 193 млн АҚШ доллары көлемінде табыс әкелді.
Тұрақты дамуға ауысу кезінде экологиялық туризм көпшілік туризм альтернативасы ретінде қарастырылады.
2.3 Тұрақты дамудағы экологиялық туризмнің ролінің географиялық аспектілері
Сонымен экологиялық туризм қоршаған орта туризмінң секторына жақын болып табылады, онда шынайы әлемді көру кезінде пайда болған деп сенімді түрде айтуға болады. Осындай типтегі туристік азық-түліктер топтастырылған, негізінен үлкен биологиялық түрлілігі және бұзылмаған қоршаған ортасы бар Оңтүстік жартышар елдерінде кездеседі. Бұл Оңтүстік Америка және Африка, Австралия, Жаңа Зеландия және т.б. елдері. Солтүстік жартышар елдерінде экотуристерге арналған базарлар бар. Оларға Солтүстік Америка және Европа елдері жатады.
Экотуризм тұрақты дамуға көшу кезінде басқа туризм түрлерімен салыстырғанда экономикалық және экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қабілетті. Экономикалық даму деңгейі мен қоршаған орта макро аудандарының жағдайы бірдей еместігіне байланысты және дамушы елдер үшін тұрақты дамуға өту ерекшеліктеріне тән.
Дамушы елдерде тұрақтылықтың алғашқы шарты экономикалық даму болып табылады. Дамыған елдермен салыстырғанда мұнда табиға территориялардың біраз бөлігі сақталған немесе аздаған антропогендік әрекетке ұшыраған.
Көп жағдайларда үлкен өзгерістерге аз әсерлі ауыл шарушылығы территориялары ұшырайды. Бұл шаруашылық қарқынды өсіп келе жатқан халық үшін жалғыз өмір сүру көзі болып табылады. Тек осы мемлекеттердің экономикалық дамуы қоршаған ортаға антропогендік ауырлықтардың түсуін бәсеңдетіп, табиғи территорияларды сақтауға көмектеседі. Бұл территориялар планетаның экологиялық тепе-теңдігін және әлемдік мұра болып саналатын дәстүрлі мәдениеттерді қолдау үшін өте маңызды болып табылады.
Экологиялық даму адамдық және әлеуметтік капиталдың өсуісіз мүмкін емес. Бұлардың өсуі - дамушы елдердің экологиялық тәуелділіктен босатылудың шарттарының бірі болып табылады.
Дамыған елдер табиғи ортаның өзгерунің арқасындағы нәтижеде өзінің экономикалық күшінің дамуына, сонымен қоса адамдардың дамуның жоғарғы сатысына қол жеткізді. Бұл елдерде өзгеріске аз ұшыраған территориялардың тек аз ғана бөлігі сақталған. Табиғаттың өзгергіштігі, ең алдымен өмір деңгейінің сапасына әсер етеді, бірақ экономикалық дамудың артықшылықтарымен бұл мәселелер жабылып кетеді. Сондықтан ландшафттарды қайта қалпына келтіру және мүмкіндігінше осы бақылау маңыздылығы артады, ол ауылды жердің дамуына тікелей байланысты болып келеді.
Сонымен, дамушы елдер табиғи капитал артықшылықтарына ие, бірақ оның ауқатын арттыру мақсатында пайдалану әсері аз. Дамыған елдер болса, адамдық және әлеуметтік капиталдың үлкен бөлігіне ие, ал табиғи ортадағы жетіспеушілікті дамушы елдердегі белсенді экотуристік әрекетпен толықтырылады. Дамыған елдерде табиғи орта дамушы елдердегіге қарағанда тұрақсыз болып келеді. Ал әлеуметтік жағы керісінше тұрақты болады.
Орталық және Шығыс Европаның сонымен қатар ТМД елдері жататын өзгермелі экономикасы бар елдердің барлығы бір уақытта дамыған және дамушы елдерге тән мәселелерді бастан кешіреді. Осылайша өзгермелі экономикасы бар Европалық елдерде өзгеріске ұшыраған табиғи орта әлеуметтік сипаттағы мәселелер ұштасады. ТМД елдерінде, әсіресе Ресейде, Қазақстанда, антропогендік өзгерістерге аз ұшыраған табиғи территориялардың үлкен аудандары сақталған, ал әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақсыздығы табиғатқа тым көп ауыртпалықтар түсірумен анықталады. өкінішке орай бұл мемлекеттер басшылығы өздерінің негізгі күштерін әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа жету үшін табиғаттың тұрақтылығының есебінен бағытталған. Бұл жағынан ауыспалы экономикасы бар елдер дамушы елдерге ұқсас.
Дамудың тұрақтылығы жөніндегі айырмашылықтар тұрақтылыққа жету жолындағы экологиялық туризм ролінің географиялық спецификасын анықтайды.
Экотуризм саласындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы географиялық айырмашылықтар оны ұйымдастыруды және сипаттамасы арасында айырмашылықтар тудырады. Сұраныс көп жағдайда әлеуметтік-экономикалық факторларға тәуелді (халық табысының өсуі, бос уақыттың көбеюі, табиғатта демалудың қажеттілігі), олардың біраз бөлігі дамыған елдерде шоғырланған. Ұсыныс, әлеуметтік- экономикалық факторлармен және табиғи факторлармен де анықталады, және де дамыған елдрмен қатар дамушы елдерде де шоғырланған. Осылайша ішкі және халықаралық экотуризмді айыруға болады. Ішкі және халықаралық экотуристердің мақсаттары әр түрлі болады. Дамыған және дамушы елдердің экологиялық туризмді дамыту ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz