Экскурсияға кіріспе, оның құрылымы: ұйымдастырулық және ақпараттық



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

І бөлім. Экскурсия құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

5

1.1 Экскурсияға кіріспе, оның құрылымы: ұйымдастырулық және ақпараттық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

6
1.2. Экскурсияның негізгі функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
1.3. Экскурсияның жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8
1.4. Экскурсия жүргізуді даярлау үшін әртүрлі пәндер білімдерін
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10

ІІ бөлім. Экскурсия өткізу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

12
2.1. Экскурсияның жұмысты ұйымдастыру әдістерін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14
2.2. Экскурсия өткізу техникасын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
16
2.3. Мектеп оқушыларына арналған экскурсия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
22
КІРІСПЕ
Экскурсиялық іс - халық арасындағы мәдени ағартушылық жұмыстың маңызды бөлігі. Экскурсиялық іске жүз жылдан астам уақыт болса да, оның тез қарқынмен дамуы XX ғасырдың 70-80 жылдарында басталды. Бұл туралы жыл сайын жарты млрд. адам экскурсияға қатысуы; ондаған мың экскурсиялық тақырыптар; саяхат жетекшілерінің 70 мыңдық әскері; экскурсиялық істің теориясы мен әдістемесінің дамуы дерек береді. Экскурсиялық істің дамуы әдістемелік және теориялық негіздер жоспарын талап етті. Ресейдің экскурсиялық басқару туризм және экускурсиялық Кеңес Орталығы және туристік экскурсиялық ұйым жұмысшыларының білім жетілдіру институты басты рөл атқарды.
Экскурсиялық теорияның пайда болуы он мыңдаған саяхат жетекшілер мен әдіскерлердің практикасын бірлестіріп, әр жердегі белсенді танымдық іс- әрекет нәтижесі. Теория біздің алдымызда қазіргі экскурсиялық істің негізі ретінде көзқарас, қойылым мен идеялар кешені ретінде көрінді.
Сонымен қатар экскурсия жасау барысында, экскурсанттар үшін арнайы бағдарламалар жасалды. Әсіресе мектеп оқушылары көптеп экскурсия жасайтын болғандықтан олар үшін де бағдарламалардың үлгілері дайындалатын болды. Бұл экскурсаводтардың жасаған жұмыстарының бірден-бір жетістігі болды.
Жұмыстың өзектілігі: Маңғыстау облысының мектеп оқушыларының экскурсиялық объектілерге экскурсия жасау барысындағы бағдарламалардың жетіспеушілігі
Курстық жұмыстың мақсаты: Экскурсияның негізгі ұғымын анықтап, оның функцияларын, ұйымдастыру әдістерін және өткізу техникаларын зерттеу арқылы мектеп оқушыларына арналған экскурсиялық бағдарлама құрастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- экскурсия ұғымына анықтама беру;
- экскурсияның негізгі функцияларын анықтау;
- экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру әдістерін зерттеу;
- экскурсия өткізу техникасын анықтау;
- мектеп оқушыларына арналған экскурсиялық бағдарлама құрастыру;

Курстық жұмыстың құрылымы:
Берілген курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды бөлімінен және әдебиеттер тізімінен тұрады. Ібөлімнің тақырыбы – Экскурсия құрылымы, 13,5 беттен, ІІбөлім Экскурсия өткізу әдістері, 14 беттен жұмыстың қорытындысы 2,5 бет, пайдаланылған әдебиеттер саны 15ті құрайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Емельянов.Экскурсоведение М,,2003
2. Б. В. Емельянов «В помощь экскурсоводу», М, 1976 ж.
3. В.Н.Вуколов.Халықаралық туризмнің тарихы және теориясы.
4. Қазіргі дуние географиясы.Алматы «Мектеп» 2007
5. Гецевич Н.А. Основы экскурсоведение М., 1988.
6. Р.А.Дьякова, Б.В.Емельянов, П.С.Пасечный. Основы экскурсоведения. М, «Просвещение», 1985.
7. Романов А.А Гография туризма.М.,2002г
8. Ягофаров Г.Ф., Тынчерова З.В., Сампова А.А. Экскурсоведения А., 2001
9. Қалалық әдеби саяхат. Әдістемелік үлгілер, А, 1981 ж.
10. http://www.turizm.ru
11. Методика подготовки и проведения экскурсии: Учеб. пособие. – М.: ЦРИБ, 1980.
12. Герд В.В. Экскурсионное дело. Сборник статьи по вопросом по методики для метод. М., 1928.
13. Рыщанова У.М. Организация экскурсионной работы. (методические рекомендации для руководителей музеев работающих на общественных началах). Кустанай, 1985.
14. Страны и их содружества.международая энциклопедия
под.ред.Севрука М.А М.,2001
15. М. М. Илюхин «Особенности и средства показа в экскурсии», М, 1980 ж.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3

І бөлім. Экскурсия құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

5

1.1 Экскурсияға кіріспе, оның құрылымы: ұйымдастырулық және ақпараттық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

6
1.2. Экскурсияның негізгі функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

7
1.3. Экскурсияның жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

8
1.4. Экскурсия жүргізуді даярлау үшін әртүрлі пәндер білімдерін
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

10

ІІ бөлім. Экскурсия өткізу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

12
2.1. Экскурсияның жұмысты ұйымдастыру әдістерін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

14
2.2. Экскурсия өткізу техникасын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

16
2.3. Мектеп оқушыларына арналған экскурсия ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

22

Кіріспе
Экскурсиялық іс - халық арасындағы мәдени ағартушылық жұмыстың маңызды бөлігі. Экскурсиялық іске жүз жылдан астам уақыт болса да, оның тез қарқынмен дамуы XX ғасырдың 70-80 жылдарында басталды. Бұл туралы жыл сайын жарты млрд. адам экскурсияға қатысуы; ондаған мың экскурсиялық тақырыптар; саяхат жетекшілерінің 70 мыңдық әскері; экскурсиялық істің теориясы мен әдістемесінің дамуы дерек береді. Экскурсиялық істің дамуы әдістемелік және теориялық негіздер жоспарын талап етті. Ресейдің экскурсиялық басқару туризм және экускурсиялық Кеңес Орталығы және туристік экскурсиялық ұйым жұмысшыларының білім жетілдіру институты басты рөл атқарды.
Экскурсиялық теорияның пайда болуы он мыңдаған саяхат жетекшілер мен әдіскерлердің практикасын бірлестіріп, әр жердегі белсенді танымдық іс- әрекет нәтижесі. Теория біздің алдымызда қазіргі экскурсиялық істің негізі ретінде көзқарас, қойылым мен идеялар кешені ретінде көрінді.
Сонымен қатар экскурсия жасау барысында, экскурсанттар үшін арнайы бағдарламалар жасалды. Әсіресе мектеп оқушылары көптеп экскурсия жасайтын болғандықтан олар үшін де бағдарламалардың үлгілері дайындалатын болды. Бұл экскурсаводтардың жасаған жұмыстарының бірден-бір жетістігі болды.
Жұмыстың өзектілігі: Маңғыстау облысының мектеп оқушыларының экскурсиялық объектілерге экскурсия жасау барысындағы бағдарламалардың жетіспеушілігі
Курстық жұмыстың мақсаты: Экскурсияның негізгі ұғымын анықтап, оның функцияларын, ұйымдастыру әдістерін және өткізу техникаларын зерттеу арқылы мектеп оқушыларына арналған экскурсиялық бағдарлама құрастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
экскурсия ұғымына анықтама беру;
экскурсияның негізгі функцияларын анықтау;
экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру әдістерін зерттеу;
экскурсия өткізу техникасын анықтау;
мектеп оқушыларына арналған экскурсиялық бағдарлама құрастыру;

Курстық жұмыстың құрылымы:
Берілген курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды бөлімінен және әдебиеттер тізімінен тұрады. Ібөлімнің тақырыбы - Экскурсия құрылымы, 13,5 беттен, ІІбөлім Экскурсия өткізу әдістері, 14 беттен жұмыстың қорытындысы 2,5 бет, пайдаланылған әдебиеттер саны 15ті құрайды.
І бөлім Экскурсия құрылымы
1.1 Экскурсияға кіріспе, оның құрылымы, ұйымдастыру және ақпараттық бөлімдері
Экскурсиялық іс - халық арасындағы мәдени ағартушылық жұмыстың маңызды бөлігі. Экскурсиялық іске жүз жылдан астам уақытболса да оның тез қарқынмен дамуы XX ғасырдың 70-80 жылдарында басталды. Бұл туралы жыл сайын жарты млрд. адам экскурсияға қатысуы; ондаған мың экскурсиялық тақырыптар; саяхат жетекшілерінің 70 мыңдық әскері; экскурсиялық істің теориясы мен әдістемесінің дамуы дерек береді. Экскурсиялық істің дамуы әдістемелік және теориялық негіздер жоспарын талап етті. Ресейдің экскурсиялық басқару туризм және экускурсиялық Кеңес Орталығы және туристік экскурсиялық ұйым жұмысшыларының білім жетілдіру институты басты рөл атқарды.
Экскурсиялық теорияның пайда болуы он мыңдаған саяхат жетекшілер мен әдіскерлердің практикасын бірлестіріп, әр жердегі белсенді танымдық іс- әрекет нәтижесі. Теория біздің алдымызда қазіргі экскурсиялық істің негізі ретінде көзқарас, қойылым мен идеялар кешені ретінде көрінді.
70 - жылдар соңында экскурсиялық істің 3 негізгі бөлшектері айқындалды: теория, әдістеме және практика. Бірлескен ережелер жинтығы болып, экскурсиялық теория-өлкетану, мұражайтану, клубтану және кітаптану ғылымдарымен қатар тұратын жаңа ғылым - экскурсиятанудың пайда болуына негіз салады.
Экскурсиятанудың негізі - экскурсияның мәнін анықтайтын экскурсияның заңдылықтары мен ерекшеліктерін қалыптастыратын (адамды оқыту мен тәрбиелеудің маңызды қалыбын) экскурсиялық теория.
Экскурсиялық әдістеме экскурсиятанудың бөлігі бола отырып, саяхатты дайындаудың әдістемелік тәсілдері мен өткізудің қосындысы ретінде нақты ережелер мен талаптар бірлестігі болып табылады. Экскурсиялық әдістеменің басты міндеттерінің бірі: саяхатшыларға естуге және көруге болатын материалдарды көріп, тыңдап және сезінуге көмектесу.
Экскурсиялық әдістеменің тақырыбы - экскурсиялық қызметкерлер міндетін атқаруға көмектесетін бағытталған оқыту, жүйелендіру, оқыту құралдары мен тәрбиелеу әдістерін қалыптастыру және практикада қолдану.
Экскурсия сөзі латынның экскурсио сөзінен пайда болған. Орыс тіліне бұл сөз XIX ғасырда келді және бастапқы кезде жүгіріп шығу, әскери жорық, кейіннен жол жүру серуенге шығу мағына береді. Кейінірек бұл сөзге ия (экскурс+ия) жалғанып өзгерді. Мәні - заттың ішкі мазмұны.
Экскурсия мәні түсінігін қарастырғанда экскурсиялық процестің объективті талаптармен шарттанғанын ескеру керек. Әр экскурсия маңызы нақты заңдылықтармен (тақырыптық, мақсатқа ұмтылушылық, көрнекілік, эмоцияналдық, белсенділік т.б) шартталған қызметтің ерекше процесі болады.
Экскурсияның заңдылықтары туралы алғаш рет 1978 жылы өткен ғылыми конференцияда айтылды. Экскурсиялық процесс және экскурсияның алдына қойылған мақсаттар былай болуы мүмкін: саяхат жетекшісі нысандар көмегімен ықпал етеді, саяхатшыларға көруге, естуге, сезінуге және дағдыларын игерге көмектеседі.
Экскурсиялық процесс барысында саяхат жетекшісі саяхатшыларға тақырыпты ашатын нысандарды көруге (бірінші мақсаты), олар туралы қажетті ақпаратты естуге (екінші мақсат), тарихи оқиғаның маңызын, ерлігінің алыптығын сезінуге (үшінші мақсат), өздігінен экскурсиялық нысанның анализін жасау және өз бетінше бақылаудың практикалық дағдыларын меңгертуге (төртінші
мақсаты) көмектеседі. Соңғы мақсаттың жүзеге асуында көре білуді қалыптастыру маңызды орын алады.
Көре білу эстетикалық қабылдау ретінде сәулеттік бейнелерді, бояуларды, әр түрлі сызықтарды, бейнелер, сызықтар, топтары мен олардың көрініс, жарық, ауа, көру бұрышы жағдайындағы кешенге теңеледі. Көре білу тарихи қабылдау ретінде төмендегідей тұжырымдалады: біріншіден, экскурсиялық нысанда типтік белгі мен тарихи мәдени мінез ерекшеліктерін таба білу керек; екіншіден, экскурсиялық нысанда уақытпен жасалған қабатталуды және оның эволюциясын анықтай алу керек; үшіншіден, монументтік және мұражайлық тарихи ескерткіштерден тарихи факт таба алу - әрқашан терең білім мен дағды талап ететін мақсат.
Экскурсия материалы саяхат жетекшісінің мазмұндауындағы кәсіби шеберлігі саяхатшыларға анализ жасауға, керекті қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл біліктілікті саяхатшыларға саяхат жетекшісі көрсету мен әңгімелеу барысында дағдыландырады. Бұл жағдайда саяхат жетекшісінің белсенді көмекшісі болып саяхат авторлары табылады. Бұл туралы белгілі теоретик, сыншы және педагог А.В Бакушинский: Саяхаттың бүкіл мақсаты мен жоспарымен шартталған материалдың әдістемелік жоспары қабылдау мен бағалаудың өз бетінше болуын оятуға бағытталған болу керек,- деді.
Баға беру - біреу немесе бір нәрсе туралы пікір құру, біреу немесе бір нәрсенің маңызын, мінезін, рөлін анықтау, біреудің абыройын, жақсы сипаттарын мойындау.
Экскурсияны бағалау - бұл саяхатшының саяхат жетекшісі жетелеуінен шыққан қорытындысы.
Экскурсия - көрікті орындарды көрсету, тарихи және мәдени ескерткіштерді сонымен қатар сол ескерткіштердің тарихын, құрылуын экскурсанттарға толық мәлімет беріп жеткізе білу.
Экскурсия терминіне ең алғаш рет 1882 жылы В. Даль былай деп анықтама белген: Экскурсия - бұл қызық ақпарат алу мақсатында арнайы ұйымдастырылған саяхат. Аталмыш терминде М. П. Анциферовтың өз тұжырымдамасында төмендегідей баяндаған: Экскурсия-мұражайға, шет елдерге, өндірістік кәсіпорындарға саяхат жасау барысындағы мәдени және ғылыми-танымдық мақсатпен ұйымдастырылған ұжымдық саяхаттың бір түрі.
Саяхатшы Л.Бархаш мектеп оқушыларына арнап экскурсия ұғымына қысқаша анықтама берді. экскурсия - экскурсоводтың жетекшілігімен, алдын ала анықталған тақырып бойынша (мұражайға, заводтарға, кинотеатрларға, тарихи ғимараттарға) өздеріне белгілі бір мағұлмат алу барысындағы экскурсиясын айтамыз.
1940 жылғы Л.Н.Ушаковтың жетекшілігімен жасалған орыс тіліндегі сөздікте экскурсия ұғымына мынандай анықтама беріледі, экскурсия - ғылыми - білім және көңіл ашу мақсатында ұжымдық серуен немесе жол жүру .
Экскурсия ісінің даму тарихына үңілетін болсақ, біздің елімізде экскурсанттарды алдын ала даярлау методикасына үлкен көңіл бөлінеді. Экскурсилық теорияның дамуы 20 ғасырда бастау алып, қазіргі таңға шекті жалғасын табуда.Экскурсиялық теория-бұл экскурсия сөзінің бірізді дәлелдемесі, оның негізгі аспектілері, көрсетілім ерекшеліктері, методы және экскурсиялық іс- әрекеттердің психологялық негіздері.
Экскурсияны қызметтің бір түрі ретінде де қарастыруға болады. Адам белсенділігі алға қойған мақсатқа жету барысында өзінің қызметін ұсынады. Экскурсия әрекеттері бір-бірімен өте тығыз байланысты. Ойлап айтылған мақсатқа бағытталған экскурсовод кеңестері экскурсанттардың әрекеттерін істейді. Іс-әрекет экскурсия барысында екі түрге бөлінеді: экскурсанттардың және экскурсоводтардың іс-әрекеті.
Экскурсанттардың іс-әрекеті яғни (қызметі) - экскурсия барысында объектіні мұқият қарап, оның тарихын жақсылап тыңдап белсенді түрде өзінің іс-әрекетін жасау керек.
Экскурсовод әрекеті (қызметі) - оның өзіне сай қызмет қатарларынан тұрады. Солардың ең бастысы - экскурсияны жақсылап дайындау және жоғары дәрежеде өткізу. Экскурсия - экскурсовод мамандығының ерекше бір түрі болып саналады.
Экскурсияны сонымен қатар қарым-қатынас формасы ретінде де қарастыруға болады. Қатынас түсінігі орыс тілінде өзара, іскер-достық қарым-қатынас ретінде қарастырылады. Экскурсанттар практика жүзінде екі қарым-қатынасқа ие болады, олар яғни тура және жанама қатынас. Тура қарым-қатынас формасы - оқу орындарында кеңес, дәріс, пікірталас, пікірсайыс немесе экскурсия өткізу сияқты болып келеді. Бұндай жағдайларда қоғамдық сезімдері, көңіл-күйлері, көптеген пікірлер қалыптасады, бірін-бірі жақсы түсынып, жаңа хабарларды меңгереді және өзара байланыстарды бекітеді. Жанама формасы - газет, журнал, кітаптар оқу, радио тыңдау, кинолар қарау болып табылады. Бұндай жағдайда ақпараттарды алуында субъектілердің қимыл қозғалысы тікелей жүреді де, қарым-қатынас желісі кері кетеді .
1.2 Экскурсияның негізгі функциялары
Функция түсінік ретінде латын тілінен аударғанда орындау, жүзеге асыру, атқару, қымет аясы, тағайындау, міндет, рөл дегенді білдіреді. Функция - бұл кандай болсын бір объектің сыртқы көрінісі, мекеме, кәсіпорын жұмысының формасы. Функция жасау - бұл қимылдау, жұмыс жасауды білдіреді. Экскурсия функциясы оның басты сипаты болып қаралады.
Ғылыми дәріптеу функциясы. Экскурсия саяси, философиялық, ғылыми, көркемдік және басқа да көзқарастар, идеялар және теориялар тарауын
себепші болады. Әр экскурсия дәріптеу функциясын атқару үшін нақты бағыты болу керек. Экскурсия негізіне дәріптеу, ғылымдық, идеялық, өмірмен байланыс, түсініктілік және сендірерлік принциптер алынған. Бұл принциптер дәріптеу мәнін білдіреді, оның ішінен бастысын бөлуге мүмкіндік береді.
Ғылыми принципі. Саяхаттың негізгі сапасы тәрбиелеу мен оқыту формасы ретінде оның ғылыми мінезі болып табылады. Саяхаттың міндеттері - ғылыми білімнің тарауына себепші болу. Экскурсияның мазмұны белгілі бір қазіргі ғылым бөлігіне сай мазмұндалу керек, дүниеге көзқарас қалыптасуына ықпал ету керек. Ғылыми трактатта фактілер, оқиғалар, теоретикалық ережелер беріледі, олар қазіргі ғылым саласына қатысты жетістігіне қарай қарастырылады. Фактлар мен оқиғалар объективті ғылыми баға алу керек.
Идеялық принцип. Идея - бұл қойылған мақсатқа жетудегі іс-әрекеттің нақты жоспары.
Ақпараттық функция. Экскурсияның өзінің нақты білім саласының тақырыбына байланысты ақпараты бар: тарихи, медициналық, биологиялық ғылымның жетістігі туралы; археологтардың ашулары туралы; шаруашылық және мәдени құрылыстағы жетістіктер мен ойлап тапқандары туралы. Газет, радио, теледидар, лекция сияқты маңызды ақпарат құралдарынан экскурсияны жоғары деңгейдегі көрнекілік ерекшелейді. Экскурсия өткізудің негізі бекітілген мәтін болып табылады.
Мәдени бос уақыт ұйымдастыру функциясы. Бос уақыт деп адамның жұмыстан кейін қалған уақытын айтады. Тәулік, апта, жыл шеңберіндегі бос уақытты адам өз қалауы бойынша шағармашылық немесе қоғамдық қызметке, өндірістен үзбейтін оқуға ұнататын ісіне, достарымен араласуға арнайды. Экскурсияны оқу және өз бетінше білім алу деген терминмен аталатын топқа жатқызады. Мәдени бос уақытты өткізу түрі бола отырып экскурсия адамның рухани қажеттілігін қанағаттандыруды және қалыпастыруды қамтамасыз етеді.
Ынта қалыптастыру функциясы. Экскурсия міндеті аудитория білімін жеткізу және адамдардың нақты бір білім саласына деген ынтасын туғызу.
Әдеби экскурсияға барғаннан кейін, оған қатысушылар белгілі бір жазушыға қызығушыларда пайда болады. Экскурсия көбі үшін өз бетінше білім алу жұмысының бастамасы болады. Әрбір нақты экскурсия бір мезетте бірнеше қызмет атқара алады. Бұл экскурсанттардың қай тобымен өткізілуіне байланысты. Балалар мен жастарға экскурсия - бұл қызмет мәдени -техникалық ой-өрісін кеңейтуге арналған; мамандық таңдайтын жасөспірімдерге-қызығушылық қалыптастыру функциясы; шетелдік туристер үшін - ақпарат функциясы т.б.
Мәдени ой-өріс кеңейту функциясы. Әр мәдени ой-өріс кеңейту функциясы адамның ой-өрісінің дамуына ықпал етеді. Оған қатысушылар тарихтан, өнер жағынан, сәулеттен, әдебиеттен, экономикадан білім алады. Экскурсия - бұл мәдени тәрбиелік жұмыстың бірнеше түрлерінің синтезі. Оған тақырыптық қосылған және әдістемелік ақталған бөлік ретінде: а) көркем, ғылыми - танымал фильмнен үзінді немесе хроникалы - деректі фильм толық; ә) оқиғаның куәгері немесе қатысушысының сөз сөйлеуі, әскери тақырыптағы экскурсияда соғыс ардагерлерінің сөз сөйлеуі; б) өндірістік тақырыптағы экскурсияларда өнеркәсіп немесе ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басшыларымен, озат жұмысшыларымен кездесу; в) сазгер, әртіс, музыканттардың өмірі мен шығармашылығына арналған музыкалық шығармалар тыңдау; г) тарихи және тарихи - революциялық тақырыптағы экскурсияларда таспаға жазылған мемелекеттік және қоғамдық қайраткерлердің сөзін тыңдау.
1.3 Экскурсияның жіктелуі
Классификация дегеніміз - заттарды, құбылыстарды, түсініктерді класс, топ, бөлім т.б. ерекшеліктерге байланысты топтастыру. Классификацияның негізінде экскурсияларды топтарға бөлу: мазмұнына қарай, өткізу орнына байланысты, қозғалыс түріне қарай және өткізу түріне қарай. Айтылған топтардың өздерінің ерекше белгілері бар. Мағынасы бойынша: экскурсияның екі тобы кіреді: қамтыма (көп жоспарлы), тақырыптық. Қамтыма экскурсия: тарихтық және заманалық тақырыптар.
Бұндай экскурсиялар неше түрлі объектілермен таныстыруға арналады. Қаланың, елдің тарихтық (ерекшелік) ескерткіштермен мәдени және тарих мұражайлармен таныстыру, өнер мәдениет, табиғат ескерткіштерін таңғажайып ерекше жерлерді көрсету және тарихтық маңызды бар жерлерді көрсету, өндірістік, ауыл шаруашылық жетістіктері зор өндіріс құрылыс кешендерімен таныстыру. Бұндай экскурсиялар қала, аймақ, облыс, ел туралы бірталай қызықты мағұлыматтар береді.
Тақырыптық экскурсия қандайда болмасын белгіленіп алған тақырып бойынша экскурсия жасау, мысал ретінде тарихи оқиғалар жөнінде мағұлымат беретін экскурсия өткізу. Тақырыптық экскурсиялар: тарихи, өндірістік, табиғи (экологиялық), өнертанушылық, әдеби, архитектуралық болып алты түрге бөлінеді .
Тарихтық экскурсиялар мағынасы бойынша негізгі бөлімдерге бөлінеді: Өлкетану тарихы, археологиялық, этнографиялық.
Тарихтық өлкетану: Қала мысалы: Қостанай қаланың атының пайда болуы көшелері кімнің аттары мен аталған? Мысалы. Амангелді көшесі Патша үкіметіне қарсы көтеріліс ұйымдастырған халық батыры Амангелді Имановтың атымен аталады. Оған бюст қойылған, Сұлтан Баймағамбетов көшесімен қиылысқан. Сұлтан Баймағамбстов Yenлы Отан соғысында батыр атағын алған,кеудесімен пулемет дотын жапқан, батырлардың бірі. Абай даңғылы - ұлы қазақ данышпаны-ақыны.
Өндірістік экскурсия мынандай топтарға бөлінеді:
өндірістік-тарихи;
өндірістік-экономикалық (мысалы, банкілік, биржалық қызмет, нарық қозғалысы және т.б.);
өндірістік-техникалық;
қатысушылар үшін кәсіби-
Өнертанушылық экскурсиясы келесідей топтарға ажыратылады:
тарихи-театралдық (мысалы, І.Омаров атындағы қазақ драма театры, Орыс драма театры және т.б.);
тарихи-музыкалық;
халықтық көркем кәсіптер;
мәдениет қайраткерлерінің қызметі және өмір сүрген замандары;
мүсіншілердің және суретшілердің шеберханаларындағы, мұражайлар, қойылым залдарындағы және галериялағы суреттерді тамашалау;
Әдеби экскурсия мынандай топтарға бөлінеді:
әдеби-библиографиялық. Экскурсия белгілі бір жазушының, драматургтың немесе поэттың өмір жолы сақталған объекте өтеді. (мысалы, Ы.Алтынсариннің мұражайы немесе ескерткішінің жаны, А.Байтұрсыновтың мұражайы немесе Ахаң атындағы университет);
тарихи-әдеби, қазақ әдебиетінің даму жетілген дәуірінен бастап сыр шертеді;
көркем-әдеби - бұл мәтінді-поэтикалық экскурсия;
Археологиялық-тарихтық қазбалар кезінде табылған бұрынғы заман тұрақтарының белгілері тұрмыстық құралдары қару жарақтары өнер туындылары, әшекейлері, таңбалары т.б. тарихтық ерекшеліктері экскурсияға қатысушыларды осы заттармен таныстыру көрсетіп әңгімелеп беру.
Этнографиялық-жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы қандай киім-кешек жергілікті халыққа тән бұрынғы халықтың салт-дәстүрлі тіршілік тұрмысы, өнері, әндері, музыка аспаптары қазіргі заманға жеткен салттар, дәстүр, құрал-саймандар, тағамдар, өнер ерекшеліктері (киім, бағалы бұйымдар сырға, сақина, білезіктер, киім төсек жасаулар, оюлар, тұрмыстық қамшы, ертоқым құралдары жарақ, аңшылық құралдар, жануарлар (бүркіт, қаз т.б.) .
Экскурсия түріне табиғатпен танысу жергілікті өлкенің табиғаттық ерекше жерлерін көрсету таныстыру қазіргі заманайлық туризмнің бір түрі-экотуризм. Экскурсия мүшелерін өлкенің әдемі де әсем жерлеріне апарып бұлақтардан су ішкізіп, қарағайлы жерлердің шипалы ауасын жұтқызып көлдерден балық
аулатып естен кетпес экскурсия өткізіп және жол бойы өлкенің ерекшеліктерімен жер тарихымен таныстыру. Экскурсияның тағы да басқа түрлері болады. Олар өндірістік экскурсиялар-фабрика, заводтармен конвейплардық фермаларды көрсету, мал, өсімдік түрлерін көрсету бұл экскурсияның мақсаттары экономикалық қызығу инвестиция тарату, сату тәжірибие алмастыру еңбекке тарту деген мақсатпен ұйымдастырылатын комерциялық педагогикалық мақсаттармен ұйымдастырылған экскурсиялар құрамы экскурсанттар бойынша бірнеше топқа бөлінеді. мақсаттары бойынша, аудиторияға байланысты, әркімге, әр түрлі маршруттар дайындалады. Олардың мән мағыналары да әр түрлі болады. Мысалы: оқушыларға, студенттерге (оқу танысу, демалыс, спорт жарыстық экскурсиялар). Үлкендерге арналған танысу демалыс балық аулау аң аулау, биіктен секіру, көкке көтерілу, су асты жүзу, үнгірлерді аралау, жан -жануарлар, өсімдіктер, көлдер, архелолгиялық - этнографиялық мұраларды көріп тамашалау.
Мұражайларға бару, суреттерге түсу, бейне таспаларға түсіру, тауға шығу деген мақсаттарға байланысты әр түрлі топтармен туристік экскурсиялық маршруттар тәртібі қабылдаанды.
Экскурсияға қатысушылардың саны мен құрамына байланысты тұрғылықты халық, келуші туристер, жастар мен мектеп оқушыларына арналған түрлері бар.
Өткізу орындарына байланысты: қалалық, қала сыртындағы өндірістік мұражайларда.
Қозғалыс түрлеріне байланысты: жаяу-тауларға шығу, көл жағасы, орманға бару т.б.
Транспорттық экскурсия көбінесе автобус, поезд, электричка, речной-плоты катерлер, параходтар, морской-круиздер арқылы жүргізіледі .
1.4 Экскурсия жүргізуді даярлау үшін әртүрлі пәндер білімдерін
қолдану
Экскурсия терминіне ең алғаш рет 1882 жылы В. Даль былай деп анықтама белген: Экскурсия - бұл қызық ақпарат алу мақсатында арнайы ұйымдастырылған саяхат. Аталмыш терминде М. П. Анциферовтың өз тұжырымдамасында төмендегідей баяндаған: Экскурсия-мұражайға, шет елдерге, өндірістік кәсіпорындарға саяхат жасау барысындағы мәдени және ғылыми-танымдық мақсатпен ұйымдастырылған ұжымдық саяхаттың бір түрі.
Экскурсия ісінің даму тарихына үңілетін болсақ, біздің елімізде экскурсанттарды алдын ала даярлау методикасына үлкен көңіл бөлінеді. Экскурсилық теорияның дамуы 20 ғасырда бастау алып, қазіргі таңға шекті жалғасын табуда.
Экскурсиялық теория-бұл экскурсия сөзінің бірізді дәлелдемесі, оның негізгі аспектілері, көрсетілім ерекшеліктері, методы және экскурсиялық іс- әрекеттердің психологялық негіздері.
Экскурсиялық теорияның белсенді дамуы 70- жылдары айқын көрінді. Негізінен, экскурсия сөзі латын тілінде экскурсио деп аталады. Орыстың төл сөздік қорына ХІХ ғасырда еніп, жүгіріп шығу деген мағынада қолданылған болатын, бірақ кейінірек көптеген зерттеулердің нәтижесінде саяхат деген жаңа мағынаны иемденді. Саяхат сөзін жеке алып қарасақ, бір жерден екінші жерге жөнелу, зерттеу, жаңалықтар ашумен теңеуге болады.
Кез келген экскурсияда өзінің объективті талаптары болады. Демек, экскурсияны бастамас бұрын жасалынатын іс- әрекеттің процессі, бағыты, мақсаты анықталған жөн.
Келесі қарастыратын тақырыпша, яғни экскурсияның психологиялық сипаттары жайлы қысқаша шолу.
Арнаулы ұжымдық экскурсиялардың адам психологиясына тигізетін әсері мол десек қате болмас. Түсіндіріп кетсем, ұжымдық жиындардың арқасында коллективте қызмет етуге бағыттайды, берілген контингент жайлы қосымша мағлұматтар алады және де аталмыш саяхаттар адам психологиясының ары қарай өрлеуіне оң әсерін тигізеді.
Ағылшын ғалымы Коган өзінің Тілдесу әлемі (Мир общения) атты еңбегінде экскурсияның психологиялық әсері жайлы толық және айқын мәлімет берілген. Ғалымның тұжырымдамасы мен зерттеулері бойынша экскурсия тек қана саяхат емес, сонымен қатар қарым- қатынас құралы ретіде рөл атқарады.
Экскурсия барысында адамдардың бір-бірімен тілдесуі, диалогы- қарым- қатынастың ақпараттандыру типі деп те айтуға болады.
Психологиялық сипаттарға тағы бір қосатын нәрсе, ол-адамның қоғамдағы тілдесуінің екі формада болуы. Олар: тікелей тілдесу және төлеу формада тілдесу.
Демек, тікелей тілдесуге- әңгіме, лекция, сабақ, диспут және экскурсия жатады. Осындай тілдесуді негізінен экскурсия барысында қолданылады, себебі осы жолмен адамның психикасы жаңа қызықты ақпаратты тез ұғынады, жаңалық ашуға құштарлығы артады.
Сонымен қатар, экскурсия барысында адамдармен рухани қарым- қатынаста болу қажет және де жеке немесе ұжымдық көзқараспен қараған жөн.
Экскурсиялық іс- әрекетте психологияның элементтерін қолдану.
Адамның психикалық күйі-бұл психикалық іс-әрекеттің анықталған деңгейі, ол жеке тұлғаның белсенділігі нәтижесінде айқындалады.
Экскурсия жүргізуші мен экскурсанттардың әр түрлі психикалық күйде болуының негізі, ол: өмір мен еңбектің қоғамдағы рөлі, ұжымдағы микроклимат, деңсаулық күйі, физиологиялық фактор және атмосфералық процесстер.
Экскурсия жүргізушілер мен методистерді экскурсия жүргізбес бұрын мінез- құлық, темперамент, қабілеттілік, табиғи жетістіктері- ес, байқағыштық, қиял және ойлау сияқты адамның жан дүниесімен алдын ала таныстырған жөн.
Экскурсия барысында экскурсанттардың көңіл- күйі, психикалық жайы, белсенділігі экскурсия жүргізушінің дайындығына байланысты болады. Соныен қоса, танымдық процессті де ұмытпаған абзал болар.
Танымдық процесс экскурсанттардың абстрактты ойлау нәтижесінде жалғасады. Экскурсия таныдық процесте 2- ге бөлінеді: сезімдік таным және логикалық таным.
Экскурсия ұйымдастыруды даярлау кезінде экскурсия жүргізуші өзін- өзі ұстай білуге, дұрыс мағлұматтандыру өнеріне психологиялық тұрғыдан дайын болуы қажет .
Кез келген экскурсия экскурся жүргізушіден немесе жаңа ғасы терминімен айтатын болсақ, гидтің тілдесуінен, белсенділігінен, коммуникативтілігінен, өмірлік тәжірибесінен байқалады.
Логикалық және психологиялық заңдылықтарды бойына сіңірген методисттер немесе экскурсия жүргізушілер келесі логикалы- психологиялық сұрақтарды ешбір қиындықсыз, оңай жолмен шеше алады:
oo Экскурсиондық материалдың айғақты мазмұндамасымен қамтамасыз ету;
oo Қоғамдық аргументтерді қиындықсыз қолдану;
oo Тарихи оқиғаларды нақты логикалық жүйелікпен сараптай білу;
oo Әрбір әңгімені немесе тарихи баяндаманы құлаққа жағымды етіп мәлімдеу;
oo Кез келген контингент жайлы толық хабардар болу;
oo Әр түрлі темпераментті адамдармен тез тіл табысу.
Қорытындылайтын болсам, экскурсанттарды даярлау барысында логикалық және психологиялық заңдылықтар зор рөл атқарады. Сондықтан да алдын ала даярлық кезінде өзін- өзі логикалық тұрғыдан моральды дайындау қажет деп ойлаймын.Менің ойымша, экскурсиядағы логикалық құрылым және хронологиялылық- экскурсиондық материалды тез ұғынудың тиімді жағдайына әсерін тигізеді.
Назар аударуға ықпал ету, көңіл бөлудің кризистік жағдайлары және оларды экскурсия жүргізу уақытында ескерту.
Кез келген экскурсияның қызықты болуы керек екендігін барлығы да жақсы біледі. Экскурсияның қызықты да танымды болуы үшін экскурсия жүргізуші экскурсанттарға тек жақсы жағынан көрінуі қажет. Мысалы:Экскурсия жүргізуші объекттердің көмегімен әсерін тигізеді
экскурсанттарға
Көруге
естуге
сезінуге
Экскурсанттардың назарын өзіне аудару үшін, экскурсия жүргізушілер көркем әдеби сөздерді қолданып қана қоймай, эстетикалық ұғынуына, мәдени мағынасына көңіл бөлген дұрыс. Экскурсияның қызықты болуының негізгі принциптері:
oo Экскурсияның өтілу уақыты академиялық сағат, яғни 45 минуттан бір тәулікке дейін созылуы;
oo Экскурсанттардың жеке немесе ұжымы болуы;
oo Қызықты гидтің болуы;
oo Көрнекілік құралдары мен экскурсялық объектілердің көптеп болуы;
oo Объектілердің көрсетілім мақсаты;
oo Берілген контингент төңірегінде мәлімдемелер қорының болуы;
oo Экскурсияға қатысушылардың белсенділік танытуы.
Статистика бойынша, назар аударушылықтың төменгі деңгейі 18- 21 жас аралығында, орташа деңгей 22-25 жас аралығында және жоғарғы деңгей 26 жастан ары қарай байқалады .
___________________________
¹Ә. Жолдасбеков . Туристік кешендерде қызмет көрсету - Астана, 2013, 51б

ІІ бөлім Экскурсия өткізу әдістері
2.1 Экскурсияның жұмысты ұйымдастыру әдістерін зерттеу
Практика барысында әдістердің көп түрлері қарастырылады: индуктивті, дедуктивтік, аналитикалық, синтетикалық, абстракциялау әдістерін үлгілеу, аналогты, сараптамалық және т.б. экскурсия өткізу барысында осы әдістердің барлығы қолданылады.
Әдіс терминінің көптеген анықтамалары бар: 1) табиғат және қоғам құбылыстарына ақиқатпен жақын келу; 2) мақсатқа бағытталған айқын жұмыс өткізу, алға қойған мақсатқа практикалық тұрғыда жете білу және теориялық дәлел барысындағы қабылдау жүйесі; 3) әдіс-тәсілдің немесе практикалық әрекеттердің бинесі.
Экскурсия - экскурсанттардың көз алдында тұрған объектілерге талдау жасау арқылы көрнекті жерлерді, тарих және мәдениет ескерткіштерін әдістемелік жағынан ойластырып көрсету, сондай-ақ олар жайында шебер әңгімелеу.
Экскурсиялық қызмет - азаматтардың уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта аралап көруін ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет. Ол туристерді орналастыру жөніндегі қызметпен айналыспайды. Қызмет - қойылған мақсатқа жетуге бағытталған адамның белсенділігі болып табылады. Экскурсия бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыратын әрекеттердің қосындысы. Бұл әрекеттер әр түрлі болып келеді: топтың маршрут бойынша қозғалысы, обьектілерге қатысты қозғалысы (оларды аралау), маршрутқа кіргізілген ескерткіштерді бақылау, түсіндіру. Экскурсовод кеңестері экскурсанттардың әрекетін бағыттандырады.
Экскурсия барысындағы әрекеттер екіге бөлінеді: экскурсоводтың қызметі және экскурсанттардың қызметі. Экскурсанттардың қызметі бақылау, меңгеру, объектілерді зерттеу сияқты белсенді формаларда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экскурсия өткізу әдістері
Түрлі топтарға экскурсия жүргізу ерекшеліктері
Блок экскурсиятану
Өсімдік шаруашылығының негіздері
Жанұялық кәсіпкерлік
Экскурсиядағы дайындық технологиясы
Экскурсияны дайындаудың әдістемесі
Экскурсиызық іс-әрекеттің теориялық астары мен жүргізу әдістеріне талдау
Физиканы оқыту әдістемесі
Экскурсант пен экскурсоводтың белсенділігі
Пәндер