Турагенттік және туроператорлық қызмет сақтандыруының мақсаты мен міндеттері



КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I БӨЛІМ. ТУРАГЕНТТІК ЖӘНЕ ТУРОПЕРАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. АЛҒАШҚЫ ТУРИСТІК АГЕНТТІКТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2.ТУРОПЕРЕЙТИНГТЕГІ МАРКЕТИНГТІҢ РӨЛІ МЕН ТҮСІНІГІ ... ... .11
1.3.ТУРОПЕРЕЙТИНГТТІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ...14
II БӨЛІМ. ТУРАГЕНТТІК ЖӘНЕ ТУРОПЕРАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САҚТАНДЫРУЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... .17
2.1.ТУРАГЕНТ ЖӘНЕ ТУРОПЕРАТОРЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЗАҢДАРЫ..17
2.2.ТУРАГЕНТ ЖӘНЕ ТУРОПЕРАТОРДЫҢ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3.ТУРАГЕНТ ЖӘНЕ ТУРОПЕРАТОРДЫҢ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Турагенттік және туроператорлық индустриясы – қонақтармен қарым - қатынаста туризм принциптеріне сүйенетін ықылас пен мейманшылдық таныту сияқты қызмет көрсету түрлерінен тұратын кәсіпкерлік түрі. Туризм дүниежүзілік жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) оныншы бөлігін қамтамасыздандыра отырып, дүниежүзілік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Экономиканың бұл саласы жылдам қарқынмен дамуда және жақын жылдары оның ең маңызды секторына айналады. Қазақстанда, соңғы жылдар ішінде, Турагенттік және туроператорлық қызмет пен соған қатысты механизмдердің қалыптасуы жүзеге асырылуда. Турагенттік және туроператорлық қызметке деген сұраныс пен ұсыныстың механизмі жұмыс істей бастады және осы бағыттағы бәсекелестіктің бірінші белгілері пайда болды. Қазіргі уақытта Қазақстанның Турагенттік және туроператорлық қызметпен көптеген фирмалар әрекет етеді. Осы күреске төтеп беру үшін, фирмалар көрсететін Турагенттік және туроператорлық қызметтің сапасын жоғарылатуы, бәсекелестік қабілетті бағаны ұстауы, жәнеде басқа әдістермен әлуетті тапсырыскерлерді өзіне тартуы керек. Сондықтан Турагенттік және туроператорлық қызмет мәселелері қазіргі таңда өзекті тақырып болып табылады.
Курстық жұмысының мақсаты мен міндеттері: Турагенттік және туроператорлық қызмет мәселелерін зерттеу барысында келесі мақсаттарға қол жеткізу:
- Турагенттік және туроператорлық қызметінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуды бағалау әдістемелерін анықтау;
- Турагенттік және туроператорлық қызметтің маркетингілік даму стратегиясын жетілдіру жолдарын ұсыну;
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
- Туристік қызметтің теориялық мәнін ашықтау;
- Турагенттік және туроператорлық қызметтегі туристік өнімнің теориялық ұғымы мен сипаттамасын зерттеу;
- Турагенттік және туроператорлық қызметтің сыныптандырылуы және ұйымдық формаларын ашықтау
- Турагенттік және туроператорлық қызмет нарығының талдау критерийлерін зерттеп табу;
Зерттеу нәтижелері Турагенттік және туроператорлық қызметті ұйымдастырудың оның жеке субъектілерінің мақсаттарымен өзара қатынасын түсінуге әсер ете алады. Жұмыстың тәжірибелік мәнділігі, оның нарықтағы Турагенттік және туроператорлық қызметтің ұйымдастырылуы бойынша ерекше ұсыныстарды әзірлеуге дейін жеткізілгенімен қорытындыланады. Турагенттік және туроператорлық индустриясында экономикалық құбылысты зерттеудегі дұрыс тәсілдеме, нақты практикада қолданылатын жаңа білімді алу үшін қажетті теорияның жетілдірілуінің алғы шарты болып табылады. Сондықтан курстық жұмыста, Турагенттік және туроператорлық қызмет көрсету проблемасы ерекше маңызға ие болатын, тереңдетілген теориялық мәнін түсіну мен негіздеуді қажет ететін ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу тақырыбы болып Турагенттік және туроператорлық қызмет мәселелерінің теориялық және практикалық аспектілері қарастырылған.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: бұл курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен: I Турагенттік жіне туроператорлы қызметке сипаттама, II бөлім Турагенттік және Туроператорлық қызмет сақтандыруының мақсаты мен міндеттері, 25 беттен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
I
1.Қазақстан Республикасының "Туризм туралы " Заңы. 13 маусым, 2006.
2.Сыртқа саяхаттаушыларға. Анықтамашы. Алматы, 2006ж.
3.Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 513-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
II
4.Алтынбаев Б.А., Смыкова М.Р. Экономика и организация туризма: Учеб. пособие. – Алматы: Каз ГАУ, 1999.-94с.
5.Багатов А.П. и др. Туристические формальности: Учеб. пособие / Багатов А.П., Бойко Т.В., Зубрева М.В.-М.: Академия, 2004.-304с.-(Высшее проф. образование)
6.Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Экономика туризма: Учеб. пособие.- М.: Финансы и статистика,2001.-176с.
7.Владение отдыхом: новая сила туризма. ВТР, 1997г.
8.Гуляев В. Туристические перевозки. – Алматы, 2004ж.
9.Долматов Г. Правовые основы туристического бизнеса. - М., 2002г.
10.Дубнина Т., Яворская А. Зарубежный опыт малых гостиниц. - М., 2002г.
11.Исмаев Д. Основы стратегии и планирования конкурентоспособности в туризме. - Астана, 2004ж.
12.Конанев А. Туризмдегі маркетинг. - Актау, 2003ж.
13.Ф.Котлер. Management of economic reserves. An arsenal, 1985, page 36
III
14.http://www.almatytourism.kz/kz/
15. http://1referat.kz/turizm-2/

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I БӨЛІМ. ТУРАГЕНТТІК ЖӘНЕ ТУРОПЕРАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ
СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. АЛҒАШҚЫ ТУРИСТІК
АГЕНТТІКТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..5
1.2.ТУРОПЕРЕЙТИНГТЕГІ МАРКЕТИНГТІҢ РӨЛІ МЕН ТҮСІНІГІ ... ... .11
1.3.ТУРОПЕРЕЙТИНГТТІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ...14
II БӨЛІМ. ТУРАГЕНТТІК ЖӘНЕ ТУРОПЕРАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САҚТАНДЫРУЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН
МІНДЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... . 17
2.1.ТУРАГЕНТ ЖӘНЕ ТУРОПЕРАТОРЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЗАҢДАРЫ..17
2.2.ТУРАГЕНТ ЖӘНЕ ТУРОПЕРАТОРДЫҢ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3.ТУРАГЕНТ ЖӘНЕ ТУРОПЕРАТОРДЫҢ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ
ШАРТЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .25

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Турагенттік және туроператорлық
индустриясы – қонақтармен қарым - қатынаста туризм принциптеріне сүйенетін
ықылас пен мейманшылдық таныту сияқты қызмет көрсету түрлерінен тұратын
кәсіпкерлік түрі. Туризм дүниежүзілік жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) оныншы
бөлігін қамтамасыздандыра отырып, дүниежүзілік экономикада басты рольдердің
бірін атқарады. Экономиканың бұл саласы жылдам қарқынмен дамуда және жақын
жылдары оның ең маңызды секторына айналады. Қазақстанда, соңғы жылдар
ішінде, Турагенттік және туроператорлық қызмет пен соған қатысты
механизмдердің қалыптасуы жүзеге асырылуда. Турагенттік және туроператорлық
қызметке деген сұраныс пен ұсыныстың механизмі жұмыс істей бастады және осы
бағыттағы бәсекелестіктің бірінші белгілері пайда болды. Қазіргі уақытта
Қазақстанның Турагенттік және туроператорлық қызметпен көптеген фирмалар
әрекет етеді. Осы күреске төтеп беру үшін, фирмалар көрсететін Турагенттік
және туроператорлық қызметтің сапасын жоғарылатуы, бәсекелестік қабілетті
бағаны ұстауы, жәнеде басқа әдістермен әлуетті тапсырыскерлерді өзіне
тартуы керек. Сондықтан Турагенттік және туроператорлық қызмет мәселелері
қазіргі таңда өзекті тақырып болып табылады.
Курстық жұмысының мақсаты мен міндеттері:  Турагенттік және
туроператорлық қызмет мәселелерін зерттеу барысында келесі мақсаттарға қол
жеткізу:
- Турагенттік және туроператорлық қызметінің бәсекеге қабілеттілігін
жоғарылатуды бағалау әдістемелерін анықтау;
- Турагенттік және туроператорлық қызметтің маркетингілік даму
стратегиясын жетілдіру жолдарын ұсыну;
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады: 
- Туристік қызметтің теориялық мәнін ашықтау;
- Турагенттік және туроператорлық қызметтегі туристік өнімнің
теориялық ұғымы мен сипаттамасын зерттеу;
- Турагенттік және туроператорлық қызметтің сыныптандырылуы және
ұйымдық формаларын ашықтау
- Турагенттік және туроператорлық қызмет нарығының талдау
критерийлерін зерттеп табу;
Зерттеу нәтижелері Турагенттік және туроператорлық қызметті
ұйымдастырудың оның жеке субъектілерінің мақсаттарымен өзара қатынасын
түсінуге әсер ете алады. Жұмыстың тәжірибелік мәнділігі, оның нарықтағы
Турагенттік және туроператорлық қызметтің ұйымдастырылуы бойынша ерекше
ұсыныстарды әзірлеуге дейін жеткізілгенімен қорытындыланады. Турагенттік
және туроператорлық индустриясында экономикалық құбылысты зерттеудегі дұрыс
тәсілдеме, нақты практикада қолданылатын жаңа білімді алу үшін қажетті
теорияның жетілдірілуінің алғы шарты болып табылады. Сондықтан курстық
жұмыста, Турагенттік және туроператорлық қызмет көрсету проблемасы ерекше
маңызға ие болатын, тереңдетілген теориялық мәнін түсіну мен негіздеуді
қажет ететін ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылады.  Зерттеу тақырыбы
болып Турагенттік және туроператорлық қызмет мәселелерінің теориялық және
практикалық аспектілері қарастырылған. 
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: бұл курстық жұмыс кіріспеден,
екі бөлімнен: I Турагенттік жіне туроператорлы қызметке сипаттама, II бөлім
Турагенттік және Туроператорлық қызмет сақтандыруының мақсаты мен
міндеттері, 25 беттен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады

I БӨЛІМ. ТУРАГЕНТТІК ЖӘНЕ ТУРОПЕРАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ СИПАТТАМА
1.1. АЛҒАШҚЫ ТУРИСТІК АГЕНТТІКТЕР
1822 жылы бристольдық (Ұлыбритания) Роберт Смарт алғашқы кеме агенті
ретінде танылған еді. Ол Бристоль каналымен жүретін және Дублинге
(Ирландия) баратын кемелерге жолаушыларды тіркеу ісімен айналасты.
1841 жылы Томас Кук Ланкастерден Лонгоборугқа дейін әрбір жолаушыдан
1 шиллинг ала отырып, көпшілік адамға (570) арнап теміржол саяхатын
ұйымдастырды. Бұл көпшілікке жарнамаланған алғашқы экскурсиялық пойыз
болды, ал Кук экскурсиялық пойыздардың алғашқы агенті болып саналды. 1847
жылдан бастап Куктың компаниясы саяхаттар мен экскурсияларға деген
билеттерді тек Англияда ғана емес, шетелдерге де тарата бастады. 1863 жылы
Кук үлкен туристік саяхатты Швецарияға, ал 1868 жылы Солтүстік Америкаға
ұйымдастырды. Қазіргі кезде Куктың компаниясы дүние жүзіндегі ең ірі
туристік ұйымдардың бірі болып табылады.
Жеке эксклюзивтік салаларды ұйымдастырудың сапарларды ағылшын Томас
Беннет болды, ол Ослодағы (Норвегия) Британ консулының хатшысы бола отырып,
Норвегияға жеке адамдар үшін театр турларын ұйымдастырды. 1850 жылдан
бастап ол жеке туристер үшін маршруттар, көлік, тамақ, туристік құрал-
жабдықтар ұсына бастады, ол үшін қонақ-үй нөмерлері мен аты-жөндері туралы
алдын-ала келісіліп отырды.
Туризм саласындағы негізгі құрылымдық бірлік туристік фирмалар болып
табылады. Туристік фирмалардың негізгі міндеттері турларды құру және
жинақтау, жолдамалар шығару, сонымен қатар кейбір жағдайларда қосымша
қызмет түрлерін ұсыну болып табылады.
Атқарымдық міндетіне байланысты туристік фирмалар туроператорлар және
турагенттер болып бөлінеді.

Туристік агенттіктер (турагенттер) - бұл бір жағынан туроператорлар
және екінші жағынан туристер арасында делдал ретінде қызмет ететін
фирмалар. Турагенттер турларды алып, оларға жолдама шығарып, тұтьшушыларға
өткізеді. Турагенттер туроператорлардың бағасымен жұмыс істейді, ал бөлшек
қызмет көрсеткені үшін белгілі бір бағаларды қоюы мүмкін. Турагенттіктер
соңғы уақыттарда, нарықтағы бәсекелестік күрес шарттарында, өз орнын сақтап
қалу мақсатында ортақ саясат құрып, туроператорлармен келісімнің ортақ
шарттарын жасасып біріге бастады. Тәжірибеде, көбінесе туристік фирмалар
өздері турагенттер де, туроператорлар да болып табылады.
Туроператор - бұл туристік маршруттарды әзірлеп, турларды құратын,
олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететінін, жарнаманы ұйымдастыратын,
турлардың маршрут бойынша бағасын санайтын және оларды турагенттерге
сататын туристік ұйым. Турсаяхаттарды ұйымдастыру үдерісінде олар
тамақтандыру, орналастыру, көлік кәсіпорындарымен, мәдени-танымдық
ұйымдармен байланыс орнатады. Туроператорлар туристік өнімнің жеке
элементтерін әр түрлі жабдықтаушылардан сатып алып, оларды турға қосады.
Турагент делдалдық ұйым болып табылады, ал туристік қызметті өндіруші
туроператор болып табылуы мүмкін, бір жағынан, егер қызметтерді, мысалы,
үнемі жүретін рейстерге орындарды жекелеген түрде сататын болса, мұндай
сәтте ол көтерме сатушы бола алады.
Туроператор жұмыс істейтін орындағы нарыққа байланысты, олардың төрт
типін бөліп көрсетуге болады:
Жалпы нарық операторлары, турлардың ең көп бөлігін сатады және чартерлік
әуе рейстерін қолданады;
Мамандандырылған операторлар, туристік нарықтың белгілі бір сегментіне ғана
маманданады;
Жергілікті операторлар турпакеттерді өздері тұратын мемлекет ішінде сатады;
Сыртқы туроператорлар турпакеттер құрып және оларды әр түрлі мемлекеттерге
сатады.
Туроператар мен турагенттің арасында мынадай ерекшеліктерді бөліп
көрсетуге болады:
туроператордың табысы сатып алу мен сату бағаларының арасындағы қатынастың
нәтижесіне байланысты, ал турагенттің табысы комиссиялық сомаға байланысты;
туроператор - көтерме саудагер, турагент - бөлшек саудагер;
туроператор сатуға арналған туристік өнімнің белгілі бір қорына ие, ал
турагент клиенттері сатып алуға қызығушылық танытқанда ғана белгілі бір
туристік өнімді сұрай алады.
Туроператорлар қызметінің бағытталуына байланысты екі топқа бөлінеді:
туристерді шетелдерге жіберуші ынталы туроператор және шетел туристерін
қабылдауда жұмыс істейтін рецептивті туроператор.
Туристік индустрияға туристік қызметтер және туристік сұраныстағы
тауарлар өндіруші және іске асырушы кәсіпорындар кіреді, нақтырақ айтқанда:
- қонақүй кэсіпорындары;
- көлік кәсіпорындары;
- экскурсиялық және туристік бюролар;
- сувенир өндіруші кәсіпорындар;
- туристік саланың білім беру орындары;
- ақпараттық және жарнамалық мекемелер;
- туристік саланың ғылыми-зерттеушілік және жобалық ұйымдары;
- туристік тауарларды өндіруші кәсіпорындар.
Жалпы ұйымдастырылған туризмнің дамуына байланысты халықаралық
туризмді ұйымдастыру формалары өзгерді. Сонымен қатар, бұл үдеріс әр түрлі
ұлттық дәстүрлері, ресурс мүмкіндіктері бар экономикалық және саяси
бағыттары әр түрлі мемлекеттерде де болды.
Туристік нарық - бұл туристік тауарлар мен қызметтерді өндіру және
сату бойынша жүйелер арақатынасы. Туристік қызмет нарығы, оның
үздіксіз және тиімді жұмыс істеуін тежейтін, айрықша бір ерекшеліктер
тізбегіне ие. Бұндай ерекшеліктерге мыналар жатады:
1. Туристік қызметтер сұранысының маусымдық құбылуы.
2. Туристік қызметті өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы келісімнің
жоқтығы, сатып алушы өзін турөнім мен соңғы тұтынушы орнын бөлетін
арақашықтықты жеңеді.
3. Туристік қызметті сату фактісі мен сатып алу фактісі уақытының
арасындағы үзілісі.
4. Кіру туризмі сегментін құруда белгілі бір қиындықтар тудыратын туристік
индустрияның жоғары капитал сыйымдылығы.
5. Туристік қызметтің алдын ала көрінбеуі, тұтынушының турөнімді көре
алмауы, тұтыну міндетті түрде туристік өнімді өндіру орнында іске
асырылады.
6. Туристік қызметтерді жинақтауға және сақтауға болмайды, оларды тауарлық
үлгі ретінде ұсынуға болмайды. Туристік қызметті бағалауда өлшеу мөлшері
жоқ.
7. Туристік қызметтер сапасына табиғи, саяси, экономикалық, климаттық және
басқа да сыртқы факторлар салыстырмалы түрде әсер етеді.
Туризмге деген сұраныс әлеуетті және нақты болып бөлінуі мүмкін.
Туристік тауарлар мен қызметтердің әлеуетті сұраныс көлемі, саяхаттағысы
келетін адамдар санымен аныкталады. Нақты сұраныс, берілген нақты уақыттағы
саяхаттаушы туристердің санын білдіреді.
Туроперейтинг турларды жинақтау мен құру, туристік қызметтерді сату
және жылжыту үдерісін ұйымдастыру жұмыстарын білдіреді. Туроперейтинг
жұмысының нәтижесі көбіне қонақүй индустриясы кәсіпорындарымен өзара ара
қатынасына тәуелді болады. Отельдер қызметтері (негізгі - тұру, тамақтану
және басқалары) турқұрушы болып
табылатынына байланысты, сонымен қатар жалпы турпакеттер тізбегіндегі
- авиаұшумен қатар ең жоғарғы үлес (40%-ға дейін) алатын, туроператордың
отель иеленушімен (қонақүй индустриясы кәсіпорнының иеленушісі немесе
отельдің топменеджмент өкілі) арақатынас орнату таңдап алған стратегиясы,
оның бәсекелік басымдылықтарын және турөнімге баға орнату мүмкіндіктерін
анықтайды. Отель мен туроператордың арақатынасының белгілі бір анықталған
сызбасы жоқ, себебі олардың арақатынасының стратегиясы сияқты стилі де
көбінесе субьективті факторларға байланысты болады, екі жақтың да бір-
бірінің қолда бар мүмкіңдіктеріне, әлеуетті серіктестер имиджіне
негізделеді.
Жалпы бүкіл әлемде байқалып отырған, туристік қызмет нарығының
тенденциясын атап айтуға болады - бұл турагенттер нарығының кеңеюі және
туроператорлардың ұлғаюы.
Туристтік оператор - туристтік өнімдерді коммерциялық мақсатта
жоспарлауға, жасауға, жылжытуға және өткізуге тікелей қатысатын туристтік
нарықтың белсенді субъектісі. Бұл дегеніміз, туроператорлардың күшімен
туристтерге олармен өкілетті агенттіктердің атынан алдын-ала алынған,
төленген және белгіленген туристтік пакетті құрайтын туристтік қызметтерді
ұсыну қамтамасыз етіледі. Осылайша, оператор, туристтік индустрияның
инфрақұрылымы мен супрақұрылымы кәсіпорындарымен (қонақүйлер,
тасымалдаушылар, сақтандыру компаниялары, банктер) тікелей қарым-қатынасқа
түсу арқылы турды тұтынушыға жеткізудің күрделі жүйесіндегі соңғы буын-
туристтерге сапалы және тиімді ұйымдастыру мақсатында (трансферлер,
мекендеу, тамақтану, экскурсиялық бағдарламалар) қызметтерді тікелей
орындаушылар болып табылады.
Осыған байланысты кез-келген туристтік оператордың негізгі мақсаты
алдағы турды жоспарлау болып табылады, яғни уақыт бойынша реттелген, турист
үшін қажетті және бағалы құрамы мен ұсыну кестесінің сапасына жауап беретін
қызметтерді жасау. Турды нақты жоспарлау турды іске асыру кезіндегі мүмкін
болатын, яғни туристтік іс-шараларды ұйымдастыру уақыты бойынша сәйкес
келмеушілік, тапсырыстағымен салыстырғанда құрам мен жалпы қызмет санының
өзгеруі секілді үйлеспеулерді болдырмауға мүмкіндік береді. Туристтік
өнімді нақты жоспарлауға туристтік оператордың қандай-да бір туристтік
бағыттағы кәсіби сапасы мен жұмыс тәжірибесінің, олардың туристтік
қызметтерді жеткізушілермен өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктерінің,
туристтік индустрия кәсіпорындарымен тиімді келісім-шарт базасының
болуының, өкілетті агенттіктер мен потенциалды клиент-саяхатшыларға нақты
ақпарат беруінің арқасында қол жеткізуге болады. Туристтік операторларға
тән туристтік нарықтағы бағаны қалыптастыру функциясының маңызы да өте зор.
Бағаны қалыптастыру саласындағы әрбір туристтік опепратордың
мүмкіншіліктері әртүрлі болып келеді және бірқатар субъективті және
объективті факторлармен анықталады. Алдымен, ол оператордың жұмыс
көлемдері. Операторлармен жиі жіберіп отыратын туристтердің саны соңғысына
әуерейстеріндегі блоктарды көбейтуге, кейде тіпті жеке чертерлі тізбекті
құруға, туристтердің демалу орындарында жеке трансферлерді ұйымдастыруға,
курортты орталықтарда жеке өкілдіктерді ашуға, олардың қонақүй
кәсіпорындарында инвестицияларды іске асыруға, қабылдайтын жақтарға қысым
көрсетуге және т.б. мүмкіндік береді. Келтірілген факторлар туристтік
өнімдерді құраушы қызметтердің бағасына  тікелей әсер етеді. Бұл
факторлардың көрсетілу дәрежесіндегі айырмашылықтардың себебі бойынша
туристтік нарықтағы әртүрлі компаниялардың осындай турларының өзіндік-
құндарындағы айырмашылық турады айтуға болады. Бәсекелі туристтік нарық
жағдайында ірі туристтік операторлардағы сатылу бағасындағы ауытқулар
айыртығыны кеңірек, оларға туристтік нарық белсенділігінің сагнациясы
кезінде одан арнайы ұсыныстар ағымын алып тастауға және ашық демпингті
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Осыдан, ірі туристтік операторлар кез-
келген жағдайларда, туристтік нарықтағы бағаны қалыптастырушылар болып
табылады. Нақты бағытта бағаны қалыптастырудағы оператордың
мүмкіншіліктерін анықтайтын тасымалдау көлемдері сияқты факторларымен
қатар, оларға өкілдікке деген нақты байланыстар мен теңдесіз құқықтарын,
тасымалдаушылармен жеке келісім-шарттарды, операторлармен жұмыстың жаңа
технологияларын қолдануды, жабық ақпарат көздерін қолдануды, оператордағы
ірі агенттік жүйенің болуын және т.б. жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы Заңы бойынша (15
бап) Қазақстан Республикасында туристердің құқығы мен мүддесін қорғау
мақсатында туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтер, туризмнің
нұсқаушылық қызмет көрсетулері лицензияланады. Лицензиялау Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 14.09.2001 ж. №1213 Туристік қызметті лицензиялау
тəртібі қаулысына сəйкес жүзеге асырылады. Лицензия туралы, туроператорлар
мен турагенттер туралы деректер туристік саладағы мемлекеттік тізімге
енгізіледі. Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт агенттігі төрағасының
09.01.2002 ж. №06-2 — 23 бұйрығымен лицензияны алу үшін туристік
қызметтерді лицензиялау құжаттары заң формалары бекітілген. Туроператорлар
мен турагенттер лицензияны алу үшін азаматтық құқық сақтандыру келісім
шартын бекітіп, он мың бір айлық есептік көрсеткішінен кем емес сақтандыру
сомасын əкелуі керек.

1.2. ТУРОПЕРЕЙТИНГТЕГІ МАРКЕТИНГТІҢ РӨЛІ МЕН ТҮСІНІГІ
Туристтік өнімді жылжытудың негізгі функциясы туристтік оператордың
маркетингтік белсенділігінің маңызды формасы болып табылады. Туристтік
өнімнің максимальды рентабельділігіне жету мақсатында (әсіресе, жаңаша
немесе жаңартылған) туристтік оператор  ол туралы барлық ақпарат түрлерін
(бағыт, трансферлердің ұсынылатын құралдары, орналастыру, тынығуды
ұйымдастыру, ұсыныстың баға диапазоны, өкілетті агенттіктердің жұмыс
шарттары және турды сатып алу) таратуға қызығушылық танытады; тәжірибесінде
жарнама, сатыду ынталандыруды, РR құралдарын барынша қолданады. Көбінесе,
дәл туристтік операторлардың маркетингтік әрекетінің арқасында туристтік
нарықтың басқа да субъектілеріне (туристтерге, агенттерге, бәсекелес
операторларға, туристтік қызметті жеткізушілерге, үкімет органдарына)
туристтік нарық конъюнктурасының өзгеру динамикасы туралы (бағалар, турлар
ассортименті, ынтымақтастық түрлері, сатудың жаңа технологияларын ендіру,
жылжыту) белгілі болады.
Қазіргі туристтік операторлардың ақпараттық функциясы- турларды жасау,
жылжыту, іске асыру кезінде оператор нарықта барлық мүмкін болатын
берілгендерді таратады (мысалы, турлардың ерекше белгілері, ұсынылатын
курорттар мен туристтік орталықтардың туристтік потенциалының
ерекшеліктері, жергілікті тұрғындардың мәдениеті мен дәстүрлері, өмір,
денсаулы, мүлік қауіпсіздіктері, ескерткіштер мен көрнекі жерлері, шығу
құжаттарын рәсімдеу үрдістері), әсіресе азтанымал, немесе, туристтік
оператордың іс-сапарлары мен танысу саяхаттары кезінде, сондай-ақ екінші
қайнар көздерден алған жұмысының нәтижесіндегі мүлдем белгісіз жағдайлар.
Оператормен жалпы немесе нақты турдің туристтік бағытты түсіндіріп тарату
мақсатында алынған ақпараты туристтік бизнес мамандары арасында, және
туримзге тікелей қатынасы жоқ тұрғындардың арасында каталогтарды,
буклеттерді, жарнама құралдарын рәсімдеу және өткізуді ынталандыру, туризм
индустриясы жұмыскерлері үшін ақпараттарды ұйымдастыру арқылы таратады.
Туристтік операторлардың жаңашылдық қызметі кез-келген коммерциялық
ұйымның өзгермелі нарық жағдайындағы өміршендікке ынталандыруын білдіреді,
ол туристтердің қажеттіліктеріне максималды жауап беретін істегі туристтік
өнімді жетілдіру немесе жаңа туристтік өнімді құру  Сондай-ақ жаңа
туристтік өнімнің өзін ары қарай жаңарту үшін барлық мүмкіндіктері болу
керек, себебі оның дәл осы сапасы туроператор-турдың авторына – бәсекелі
күрес жағдайында болашақта осы бағытты сату бойынша көшбасшы болып қалуға
септігін тигізеді. Кез-келген жағдайда операторлардың клиенттер үшін
күресі, олардың (операторлардың) коммерциялық қызығушылықтары туристтік
ассортименттің ені (ұсынылатын туристтік бағыттардың саны) мен тереңдігін
(бір туристтік бағытта турлар түрінің саны) ұлғайтуға ықпал етеді.
Ірі ақша айналымындағы және жұмыскерлердің үлкен санындағы кәсіпорын
бола тұра туристтік операторлар бюджетті қалыптастыратын функцияларды
орындамауы мүмкін емес. Аумақтың туристтік нарығында көшбасшы орындағы
операторлар салықтық жинақтар есебінен осы аудандар мен мемлекеттердің
бюджеттеріне ауқымды ақшалай түсімдерді қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе
тиімсіз және тұрақсыз банктік жүйесі өзінің азаматтарының жинақтарынан
қорларды аккумуляциялау есебінен  экономикалық жүйенің инвестициялық
потенциалық үлкейтуге мүмкіндіктері жоқ экономикалық жүйесі әлісз дамыған
елдер үшін маңызды. Тұрақты, маусымды өзгерістерге тән емес азаматтардың
туристтік операторлардың активтеріне ұлттық немесе шетел валютасындағы
салымдарының аударымдары, ары қарай барлық деңгейдегі бюджеттерге салықтық
аударымдар түріндегі бірте-бірте ауысуы билік өкілдеріне қаржылық
тұрақтылық дәрежесін өсіруге және әлеуметтік-экономикалық саясаттың тиімді
іске асыруына үлкен мүмкіндіктер береді. Туристтік операторлар келуші
немесе кетуші туристтерге қызмет көрсету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік қызметтің теориялық мәні
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы
Қазақстандағы туризм саласын дамыту міндеттері
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы туралы
Қазақстан Республикасындағы туризм саласын реттеу
Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары
Туристік фирманың қысқа мінездемесі
Қазақстанда діни тақырыптағы экскурсиялық туризмді дамыту
Туристік ағымның көлемі
Туризмдегі стандарттау және сертификаттау
Пәндер