Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы шығыстық дәстүр



Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім
а) Сыр бойы ақын.жырауларында шығыстық дәстүрдің қалыптасуы
б) Сыр бойы ақын.жырауларындағы шығыстық үлгідегі шығармалардың жанрлық сипаты

3. Қорытынды
КІРІСПЕ

Ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ әдебиетінің даму жолы халқымыздың рухани дүниетанымының көркемдік ойлау жүйесін танытады. Сөз өнері мұраларының фольклор мен әдебиет тұтастығы сипатындағы үлгілері халықтың ежелгі замандардағы ата-бабалар мен кейінгі ұрпақтар арасындағы табиғи сабақтастықтың сақталуы үшін маңызды қызмет атқарды.
Жалпы адамзат руханияты өзінің бастау-бұлағын осы шығыстың әдебиеті мен мәдениетінен алғаны әдебиет тарихынан белгілі. Оған дәлел ретінде әйгілі шығыс жұлдыздары – Фирдоуси, Сағди, Физули, Жамси, Науаи, Низами елдеріндегі бай әдеби мұралардың өзге халықтар әдебиетіне тигізген әсерін айтуға болады. Бұл дәстүр Сыр бойындағы ақын-жыраулар шығармашылығын да айналып өткен жоқ.
Қазақ сөз өнері көркемдік жалғастығы дәстүрінің негізгі өзекті арнасы болып саналатын ақын-жыраулардың шығармалары шығыс үлгілі әдебиеттегі гуманистік ойлардың, халықтық-эстетикалық көзқарастардың қалыптасуы мен адамгершілік мұраттардың көрініс табуында ықпалды орын алып келеді. Тек бұл ғана емес, шығыстың классикалық поэзиясы өзінің көп ғасырлық тарихы бар нәзира дәстүрі арқылы қазақ әдебиетін тақырып, мазмұн, форма, көріктеу құралдары, стиль және тілдік жағынан едәуір байытып, сөз өнеріне тың екпін, өзгеше ажар берді.
Шығыс-қазақ мәдениеті дәстүрлерінің тоғыса тұтаса келе, қазақтың өзіндік ұлттық санасының кеңейе әрі тереңдей дамуына игі ықпал жасағаны мәлім. Бұл орайда ұлттық сөз өнеріне негіз болған ақын-жыраулар ұстанған шығыстық дәстүрдің әдеби дамуда маңызды орын алғаны айқындалады.
Тарихтың тереңінен тамыр алатын жыр үлгілеріне жіті көз салар болсақ, ізгілікті таным тұрғысынан жыр толғаған дарын иелерінің баға жетпес құнды дүниелері бар екендігі айқын. Көне өркениеттің бесігі болған Сыр бойының белгілі шайырларының шығармаларынан қазақ әдебиеті мен шығыстық әдеби үрдістің байланысын көре аламыз. Шығыстың ең үздік шығармаларын ел игілігіне айналдырған шайырлар халықтың жан дүниесін шығыстық қисса-дастандармен, ертегі-әңгімелермен байытып, адамға тән абзал қасиеттерді мойындау, халық тағдырымен қатар өрілетін рухани-адамгершілік мұратты мақсат тұту идеяларын көтерді.
Сыр бойын мекен еткен ақын-жыраулар шығармашылығындағы дәстүр жалғастығы, шығыстың классикалық поэзиясындағы әдеби үрдісті үлгі тұтынғаны ғылыми зерттеу нысаны ретінде тұтастай алып, талдауды қажет етеді. Жыр үлгілеріндегі көркемдік тәсілдер мен мазмұндық бірлік, ұқсастықтар, дәстүрлі даму, т.б. кешенді мәселелерді сараптау сөз өнерінің эстетикалық қуатын айқындауға, шығыс үлгілі әдебиеттің көркемдік жалғастығын тануға мүмкіндік береді.
Адамзат тіршілігінің бүкіл болмыс-бітімін, қасіреті мен қуанышын, ерлігі мен өрлігін кейінгі ұрпаққа жеткізуші қадір-қасиетке ие, өзінің бастау көздерін тым әріден алатын қазақ әдебиетінің арнайы зерттеуге лайықты өзекті мәселелерінің бірі – Сыр бойында жасаған ақын-жыраулардың шығармашылығындағы шығыстық дәстүр.
Қазіргі таңда түркі халықтары көркем сөз өнерінің бір-біріне ықпал-әсері мәселесі жан-жақты зерттей түсуді қажет етеді. Әсіресе, қазақ әдебиетінің өзге халықтар көркем сөз өнерімен сан ғасырлық байланысын, тарихи тамырластығын танып-білудің мәні ерекше зор. Қазақ әдебиетінің шығыс классикалық поэзиясымен арасындағы осындай рухани байланыс негізінен нәзира дәстүрі арқылы жүзеге асқанын тарихы тереңде жатқан әдеби-фольклорлық мұраларымыздан білеміз. Қазақ әдебиетіндегі көркемдік тәсілдердің бірі саналатын нәзира дәстүрінің қалыптасуы, даму жолдары, қайнар-бастаулары мәселелері арнайы зерттеу объектісі ретінде Ө.Күмісбаев, Ш.Сәтбаева, Б.Әбдіғазиев, Н.Келімбетов, Ә.Дербісәлин, Б.Кәрібозұлы, Ұ.Жанбершиева, С.Дәрібаев, Ғ.Тұяқбаев, Б.Жүсіпов, Ұ.Байбосынова, т.б. ғалымдардың бірқатар зерттеу еңбектерінде айтылды. Алайда шығыс әдебиетінің әсері арқылы қазақ көркем сөз өнерінде пайда болған шығыстық дәстүр – нәзирашылдық кең көлемде зерделенген жоқ.
Сөз өнерін сан мыңдаған жылдар бойы жалғасқан дәстүр жалғастығы тұрғысынан зерттеу келелі мәселелердің бірінен саналады. Сыр бойында Балқы Базар, Тұрмағанбет Ізтілеуов, Шораяқтың Омары, Қарасақал Ерімбет, Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Әлімбай Әлиасқаров, Әбзәли Егізбаев сияқты сауатты ақындар қазақ әдебиетіне жаңа леп, тың екпін әкелді. Бұл ақындардың шығыстық дәстүрлі тақырыптарды заманмен үндестіре жырлап, қазақ даласына қазақы үрдіспен жеткізуі туралы мәселелер қазақ әдебиетінде бой көтерді. Дегенмен Сыр бойы ақын-жырауларының Шығыстық дәстүрді ұстана жазған шығармаларын жанрлық жағынан топтау жеке зерттеу еңбегінің нысаны етілмеді. Бұл орайда ғалым Б.Кәрібозұлының «...Шығыс әдебиетінің дәстүрінде дүниеге келгенімен, мазмұндық, тақырыптық, пішіндік сипаттары жағынан төлтума туынды, қазақ әдебиетінің шығармаларына айнала отырып, туған әдебиетіміздің дамуына үлкен үлес болып қосылады. ...Біздіңше, орыс, батыс әдебиеттерінің қазақ әдебиеті мен өнеріне шығармашылық әсер-ықпалын әңгімелеумен бірге, Шығыс халықтары әдебиеті мен өнерінің, әсіресе, оның классикалық әдебиеті дәстүрінің қазақ халқының әдебиеті мен өнеріне игілікті әсер-ықпалдарын да зерттеу-зерделеуді жүйелі түрде жүргізіп отырудың мезгілі жетті» [7, 31] деген пікірін атап айтқымыз келеді.
Шығыс үлгілі әдебиеттегі гуманистік ойлардың Сыр бойында аты әйгілі болған Базар, Тұрмағанбет, Шораяқтың Омары, Кете Жүсіп сынды жыр дүлділдерінің шығыстық үлгіде жазған шығармаларындағы адалдық пен имандылыққа, парасаттылық пен зиялылылыққа жетелейтін түрлі жанрдағы қысқа туындылары кеңінен зерттелмеді. Осы кемшіліктің аз да болса орнын толтыру мақсатында зерттеу нысанына алынып, талданған бәйіт, ғазал, қазыда, мәссауи, мурабба, мінәжат, өсиет өлең, рубайлардың, мысалдар мен қисса-дастандардың Шығыстық дәстүрде жазылған туындыларды жанрлық жағынан айқындай түсуге септігі тиер деп ойлаймыз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Бердібаев Р. Сарқылмас қазына. – Алматы: Мектеп, 1983. -248 б.
2. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы: Қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1959. -556 б.
3. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Санат, 2002. -357 б.
4. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: Мектеп, -212 б.
5. Шораяқтың Омары. Сөйле, тілім, жосылып. – Алматы: Рауан, 1995. -301 б.
6. Ізтілеуов Т. Назым. – Алматы: Жазушы, 1972. -264 б.
7. Кәрібозұлы Б. Беталыс. – Алматы: Арыс, 2005. -200 б.
8. Жанбершиева Ұ. Тал жібектей таза сөздің тарланы. Қызылорда: Тұмар, 2006. -125 б.
9. Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, 1989. І том. -383 б.
10. Күмісбаев Ө. Терең тамырлар. – Алматы: Ғылым, 1994. -320 б.
11. Көлдейбекұлы Е. Ұлағатты сөзім ұрпаққа. – Алматы: Маржан, 1995. -320 б.
12. Базар жырау. Шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1986. -499 б.
13. Шораяқтың Омары. Шайыр. – Алматы: Жазушы, 1984. -176 б.
14. Жұмажанова Т. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – Алматы: Білім, 2009. -287 б.
15. Тұяқбаев Ғ. Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлының әдеби мұрасы. Автореферат. Тараз, 2004
16. Қабылұлы Б. Шығармалар. – Алматы: Мұраттас, 1994. -152 б.
Кенжеғұлұлы Н. Кәнеки, тілім, сөйлеші.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы шығыстық дәстүр

Қызылорда, 2010

Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Сыр бойы ақын-жырауларында шығыстық дәстүрдің қалыптасуы
б) Сыр бойы ақын-жырауларындағы шығыстық үлгідегі
шығармалардың жанрлық
сипаты
3. Қорытынды

КІРІСПЕ

Ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ әдебиетінің даму жолы халқымыздың
рухани дүниетанымының көркемдік ойлау жүйесін танытады. Сөз өнері
мұраларының фольклор мен әдебиет тұтастығы сипатындағы үлгілері халықтың
ежелгі замандардағы ата-бабалар мен кейінгі ұрпақтар арасындағы табиғи
сабақтастықтың сақталуы үшін маңызды қызмет атқарды.
Жалпы адамзат руханияты өзінің бастау-бұлағын осы шығыстың әдебиеті
мен мәдениетінен алғаны әдебиет тарихынан белгілі. Оған дәлел ретінде
әйгілі шығыс жұлдыздары – Фирдоуси, Сағди, Физули, Жамси, Науаи, Низами
елдеріндегі бай әдеби мұралардың өзге халықтар әдебиетіне тигізген әсерін
айтуға болады. Бұл дәстүр Сыр бойындағы ақын-жыраулар шығармашылығын да
айналып өткен жоқ.
Қазақ сөз өнері көркемдік жалғастығы дәстүрінің негізгі өзекті арнасы
болып саналатын ақын-жыраулардың шығармалары шығыс үлгілі әдебиеттегі
гуманистік ойлардың, халықтық-эстетикалық көзқарастардың қалыптасуы мен
адамгершілік мұраттардың көрініс табуында ықпалды орын алып келеді. Тек бұл
ғана емес, шығыстың классикалық поэзиясы өзінің көп ғасырлық тарихы бар
нәзира дәстүрі арқылы қазақ әдебиетін тақырып, мазмұн, форма, көріктеу
құралдары, стиль және тілдік жағынан едәуір байытып, сөз өнеріне тың екпін,
өзгеше ажар берді.
Шығыс-қазақ мәдениеті дәстүрлерінің тоғыса тұтаса келе, қазақтың
өзіндік ұлттық санасының кеңейе әрі тереңдей дамуына игі ықпал жасағаны
мәлім. Бұл орайда ұлттық сөз өнеріне негіз болған ақын-жыраулар ұстанған
шығыстық дәстүрдің әдеби дамуда маңызды орын алғаны айқындалады.
Тарихтың тереңінен тамыр алатын жыр үлгілеріне жіті көз салар болсақ,
ізгілікті таным тұрғысынан жыр толғаған дарын иелерінің баға жетпес құнды
дүниелері бар екендігі айқын. Көне өркениеттің бесігі болған Сыр бойының
белгілі шайырларының шығармаларынан қазақ әдебиеті мен шығыстық әдеби
үрдістің байланысын көре аламыз. Шығыстың ең үздік шығармаларын ел
игілігіне айналдырған шайырлар халықтың жан дүниесін шығыстық қисса-
дастандармен, ертегі-әңгімелермен байытып, адамға тән абзал қасиеттерді
мойындау, халық тағдырымен қатар өрілетін рухани-адамгершілік мұратты
мақсат тұту идеяларын көтерді.
Сыр бойын мекен еткен ақын-жыраулар шығармашылығындағы дәстүр
жалғастығы, шығыстың классикалық поэзиясындағы әдеби үрдісті үлгі тұтынғаны
ғылыми зерттеу нысаны ретінде тұтастай алып, талдауды қажет етеді. Жыр
үлгілеріндегі көркемдік тәсілдер мен мазмұндық бірлік, ұқсастықтар,
дәстүрлі даму, т.б. кешенді мәселелерді сараптау сөз өнерінің эстетикалық
қуатын айқындауға, шығыс үлгілі әдебиеттің көркемдік жалғастығын тануға
мүмкіндік береді.
Адамзат тіршілігінің бүкіл болмыс-бітімін, қасіреті мен қуанышын,
ерлігі мен өрлігін кейінгі ұрпаққа жеткізуші қадір-қасиетке ие, өзінің
бастау көздерін тым әріден алатын қазақ әдебиетінің арнайы зерттеуге
лайықты өзекті мәселелерінің бірі – Сыр бойында жасаған ақын-жыраулардың
шығармашылығындағы шығыстық дәстүр.
Қазіргі таңда түркі халықтары көркем сөз өнерінің бір-біріне ықпал-
әсері мәселесі жан-жақты зерттей түсуді қажет етеді. Әсіресе, қазақ
әдебиетінің өзге халықтар көркем сөз өнерімен сан ғасырлық байланысын,
тарихи тамырластығын танып-білудің мәні ерекше зор. Қазақ әдебиетінің шығыс
классикалық поэзиясымен арасындағы осындай рухани байланыс негізінен нәзира
дәстүрі арқылы жүзеге асқанын тарихы тереңде жатқан әдеби-фольклорлық
мұраларымыздан білеміз. Қазақ әдебиетіндегі көркемдік тәсілдердің бірі
саналатын нәзира дәстүрінің қалыптасуы, даму жолдары, қайнар-бастаулары
мәселелері арнайы зерттеу объектісі ретінде Ө.Күмісбаев, Ш.Сәтбаева,
Б.Әбдіғазиев, Н.Келімбетов, Ә.Дербісәлин, Б.Кәрібозұлы, Ұ.Жанбершиева,
С.Дәрібаев, Ғ.Тұяқбаев, Б.Жүсіпов, Ұ.Байбосынова, т.б. ғалымдардың бірқатар
зерттеу еңбектерінде айтылды. Алайда шығыс әдебиетінің әсері арқылы қазақ
көркем сөз өнерінде пайда болған шығыстық дәстүр – нәзирашылдық кең көлемде
зерделенген жоқ.
Сөз өнерін сан мыңдаған жылдар бойы жалғасқан дәстүр жалғастығы
тұрғысынан зерттеу келелі мәселелердің бірінен саналады. Сыр бойында Балқы
Базар, Тұрмағанбет Ізтілеуов, Шораяқтың Омары, Қарасақал Ерімбет, Кете
Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Әлімбай Әлиасқаров, Әбзәли Егізбаев сияқты сауатты
ақындар қазақ әдебиетіне жаңа леп, тың екпін әкелді. Бұл ақындардың
шығыстық дәстүрлі тақырыптарды заманмен үндестіре жырлап, қазақ даласына
қазақы үрдіспен жеткізуі туралы мәселелер қазақ әдебиетінде бой көтерді.
Дегенмен Сыр бойы ақын-жырауларының Шығыстық дәстүрді ұстана жазған
шығармаларын жанрлық жағынан топтау жеке зерттеу еңбегінің нысаны етілмеді.
Бұл орайда ғалым Б.Кәрібозұлының ...Шығыс әдебиетінің дәстүрінде дүниеге
келгенімен, мазмұндық, тақырыптық, пішіндік сипаттары жағынан төлтума
туынды, қазақ әдебиетінің шығармаларына айнала отырып, туған әдебиетіміздің
дамуына үлкен үлес болып қосылады. ...Біздіңше, орыс, батыс әдебиеттерінің
қазақ әдебиеті мен өнеріне шығармашылық әсер-ықпалын әңгімелеумен бірге,
Шығыс халықтары әдебиеті мен өнерінің, әсіресе, оның классикалық әдебиеті
дәстүрінің қазақ халқының әдебиеті мен өнеріне игілікті әсер-ықпалдарын да
зерттеу-зерделеуді жүйелі түрде жүргізіп отырудың мезгілі жетті [7, 31]
деген пікірін атап айтқымыз келеді.
Шығыс үлгілі әдебиеттегі гуманистік ойлардың Сыр бойында аты әйгілі
болған Базар, Тұрмағанбет, Шораяқтың Омары, Кете Жүсіп сынды жыр
дүлділдерінің шығыстық үлгіде жазған шығармаларындағы адалдық пен
имандылыққа, парасаттылық пен зиялылылыққа жетелейтін түрлі жанрдағы қысқа
туындылары кеңінен зерттелмеді. Осы кемшіліктің аз да болса орнын толтыру
мақсатында зерттеу нысанына алынып, талданған бәйіт, ғазал, қазыда,
мәссауи, мурабба, мінәжат, өсиет өлең, рубайлардың, мысалдар мен қисса-
дастандардың Шығыстық дәстүрде жазылған туындыларды жанрлық жағынан
айқындай түсуге септігі тиер деп ойлаймыз.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақ әдебиетінің шығыс әдебиетімен байланысы – ауқымды дүние,
келелі тақырып. Оны бір диссертациялық жұмыстың көлеміне сыйғызу әсте
мүмкін емес. Сондықтан бұл жұмыста Сыр бойы ақын-жырауларындағы шығыс
әдебиеті мен қазақ әдебиетін дәнекерлеуші Шығыстық сюжетке құрылған
дастандар және ондағы көркем мотивтер жүйесі зерттеу нысанына алынған.
Құраннан, Шығыстық ұлы туындылар – Мың бір түн, Шаһнама, Тотынама
және т.б. шығармалардан бастау алатын Айна-тарақ, Әмина қыз,
Сұрмерген, Атымтай жомарт, Бағдат, Ақбар сарттың өлең-жыры, Рауа
Бану, Сам Зал батыр Тұтқын қыз, Ақтам сахаба дастандары
қарастырылды. Бұл шығармалардағы шығыстық мотивтердің көркемдік және
композициялық мәні айқындалады.
Қазақ әдебиетінде шығыстық дәстүр түпкі бастауын ертеден алғанмен,
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде ерекше қарқынмен дамыды. Оның
себебі, біріншіден, шығыстық білім алған ақындардың өз шығармаларына
шығыстың классикалық туындыларын үлгі етуінде болса, екіншіден, саяси-
әлеуметтік жағдаймен байланысты дамуында болатын.
Бүкіл түркі жұртына таныс Сыр бойында да шығыс әдебиеті мен
мәдениетін игеріп, соны үлгі-мектеп тұтқан ақын-жыраулар болды. Олар ХХ
ғасырдың бас кезінде Шығыстық медресе, мектептерде оқып, араб, парсы,
шағатай, түркі тілдерін меңгерді. Әдебиет әлемінде діни-ағартушылық бағытты
ұстанған ақындар көбейе бастады.
ХХ ғасырда шығыс әдебиеті мен өнерін игерген Арқада Мәшһүр Жүсіп,
оңтүстікте Шәді Жәңгіров, Мәделі, Майлықожа, батыста Ғұмар Қарашев, шығыста
Жүсіпбек Шайхыұлы болса, Сыр бойында Балқы Базар, Тұрмағанбет Ізтілеуов,
Шораяқтың Омары, Қарасақал Ерімбет, Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп сияқты сауатты
ақындар қазақ әдебиетіне жаңа леп, тың екпін әкелді. Бұл ақындар шығыстық
дәстүрлі тақырыптарды заманмен үндестіре жырлап, қазақ даласына қазақы
үрдіспен жеткізе білді. Соның нәтижесінде шығыс әдебиетіндегі гуманистік,
адамгершілік, ағартушылық сарындар қазақ әдебиетінде бой көтерді.
Сыр бойында аты әйгілі болған Базар, Тұрмағанбет, Шораяқтың Омары
сынды жыр дүлділдері шығыстық үлгіде жазған шығармаларымен келер ұрпақты
адалдық пен имандылыққа, парасаттылық пен зиялылылыққа тәрбиеледі. Сыр бойы
ақындарының шығармашылығы туралы Р.Бердібаев: Бір тақырыпқа бірнеше
ақынның қатарласа, жарыса жазып, өнер бәйгесіне түсуі, шығыс аңыздарын
заманға, халық өміріне лайықтап жаңартып жырлауы, хат арқылы айтысулар,
жұмбақ шешісулер, өмірдің философиясын жан-жақты толғайтын творчествосына
хас белгілер болатын [1, 245],- дейді.
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ әдебиетінде қалыптасып, дамыған жазба
әдебиетіміздің жанрлық тұрғыдан дамуына Сыр бойында жасаған ақын-жыраулар
поэзиясындағы танымал түр – қисса-дастандардың ықпалы зор болды. Қиссаның
негізгі өзегі Құран сюжеттері, Мың бір түн, Тотынама, Шаһнама сияқты
классикалық әдебиет желілерінен алынды. Дастандар мен мысалдарда мифтік
желі, нұрдан жаралу, түс көру желісі, т.б. жырланды.
Осы кезеңде Сыр бойы ақын-жырауларының шығармашылығында көрініс
тапқан қисса-дастандар туралы ғалымдар тарапынан әр кезде түрлі пікірлер
айтылды.
Сыр елінде Шығыстық дәстүрді қалыптастырған ақын-жыраулар
классикалық әдебиет үлгісінде жыр жазып, халықтық дәстүрге негіздеп,
ғибраттық, өнегелік сөз айта білген. Бәлкім, Шығыстық үлгілі әдебиетті
үйрене отырып, жаңа дәстүр қалыптастырған Тұрмағанбет, Кете Жүсіп, Базар
жырау, Шораяқтың Омары, Қаңлы Жүсіп, Ешниязұлы Жүсіп, Рахмет Мәзхожаев,
Әбзәли Егізбаев, Әлиакбар Жұматаев, Әлімбай Әлиасқаров, т.б. халық келешегі
үшін қаншалықты рухани мол мұра қалдырып отырғанын білмеген де болар. Бүгін
зерделеп, зерттей бастасақ, осы өнер саңлақтарының тыңдаушысына орнықты ой
айтып, адам бойындағы асыл қасиеттерді Шығыстық жауһар жырлар арқылы
насихаттай отырып, қазақ әдебиетінде өзіндік өрнек қалдырғанын білеміз.
Сыр бойы ақындарындағы Шығыстық дәстүрдің қалыптасуын шартты түрде
болса да екі кезеңге бөліп қараған орынды:
1. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Сыр бойынан Бұқараға, Самарқанға
медреселерге барып, білім алып, Шығыстың классикалық әдебиетімен
сусындаған, бүкіл ілгерішіл Шығыстық көркемдік жетістіктерді игерген,
жаңалық дәстүрді Сыр бойына жеткізген, халықты жаңа рухани әлеммен
қауыштырған ақындар болды. Олар Шығыстық медресе, мектептерде оқып, араб,
парсы, шағатай тілдерін игерген, Шығыс әдебиетімен, мәдениетімен танысып,
оны қазақ даласына әкелген еді.
2. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде өмір кешкен ақындардың үлкен шоғыры:
Тұрмағанбет, Базар, Шораяқтың Омары, Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, т.б.
Жоғарыда аталған бұл ақындарымыз Шығыстық дәстүрлі тақырыптарды өз
заманына сай жырлап, қазақ даласына жеткізді. Шығыс әдебиетіндегі
гуманистік, адамгершілік, ағартушылық мотивтерді көтеріп, қазақ елінің
жағдайына, ұғымына сәйкестендіре жырлады.
Сыр бойы ақын-жырауларындағы Шығыстық дәстүрдің әсері Шығыс үлгілі
әдебиеттегі гуманистік ойлардың қазақ әдебиетінде қалыптасуы ғылыми жүйеде
танылады.
Сыр бойы ақын-жырауларындағы дастан, мысал, оқиғасының бәрі дерлік
Шығыс стиліндегі нәзиралық туындылар. Онда адамдық, гуманистік ойлар
негізгі мотивке айналған. Әйгілі шығыс шайырлары жырлаған туындыларды
нәзирагөйлік әдіспен қайталап, тың туынды жасаған Сыр бойы ақындары жаңа
дәстүр қалыптастырды. Сюжет шығыстық болғанмен, оны өзгертіп, тыңнан
толғап, қайта жырлап отырған.
Дәстүр дегеніміз – еліктеу емес, даму – репродукция, яғни қайта
жырлау деген сөз. Әдеби дәстүр және Шығыстық дәстүр туралы айту үшін оның
дамуы, қалыптасу кезеңдері қай ғасырда, қалай көрініс бергенін ашып
айтуымыз керек. Сыр бойындағы Шығыстық дәстүрдің ерекше қарқынмен дамыған
кезеңі ХХ ғасыр деп айта аламыз. Комплоция дегеніміз – қайталау, көшіру
десек, біз зерттеп отырған ХІХ-ХХ ғасырдағы Сыр бойында өмір сүрген ақын-
жыраулардың шығармаларында Шығыстық дәстүр көріністері қалай ашылған –
біздің мақсат – соны анықтау. Сыр бойы ақын-жыраулары Шығыс әдебиетін
қайталады ма, әлде үлгіге алды ма деген мәселеге келетін болсақ, әрине,
Шығыстық шығармалардың сюжетін сақтай отырып, қайта жырлаған деген
тұжырымға келеміз.
Нәзира дәстүрін кезінде ұлы Абайдың өзі де терең меңгеріп,
шығармалар жазғанын әдебиет тарихынан жақсы білеміз. Сондай-ақ Абайдың
кезінде Ескендір, Масғұт, Әзім поэмаларын жазғаны және А.С. Пушкиннің
өлеңмен жазылған Евгений Онегин романынан жеке-жеке жеті үзінді алып,
нәзира дәстүрімен орыс қызы Татьяна туралы ғажайып махаббат дастанын
жазғаны белгілі. Абайдың сол туындысын кейбір зерттеушілер аударма деп
қарайды. Сол себепті ондай сыншылдар Абайды аудару барысында еркін
кеткен, тіпті өз жанынан көп қосып жіберген деп сынайды [10, 157].
Енді Шығыстың классикалық поэзиясының нәзира дәстүрінің тарихы
хақында бірер сөз айта кетейік. Шығыс поэзиясында барша оқырман қауымға
бұрыннан мәлім болған белгілі бір сюжеттті бірнеше ақын өзара жарысып,
шеберлік сынасып жырлай беретін болған. Осылайша аға буын жырлап кеткен
тақырыпты кейінгі толқын інілер қайта жырлап, көркем әдебиетке тың
туындылар әкелетін дәстүр бар еді. Шығыс поэзиясында осылайша ақындар бір-
біріне өз шеберлігін танытатындай туындылар жазу арқылы жауап (жауап –
арабша нәзира, ал парсы тілінде татаббу деп аталады) беріп отырған.
Шығыстың ұлы шырайлары мұндай туындыларды ешқашан да аударма деп те,
еліктеу деп те таныған емес. Қазақ әдебиеттану ғылымында жоғарыда
көрсетілгендей олқылықтарға орын бермеу үшін нәзира дәстүрінің ішкі
табиғатын бүгінгі күн тұрғысынынан жан-жанқты зерттеу қажет деп білеміз.
Бұл жөнінде әзірбайжан, өзбек, түркімен және түрік ғалымдарының осы
бағыттағы зертеулеріне көңіл қойып, олардың қол жеткізген табыстарын
назарда ұстағанымыз абзал болар еді. Нәзира дәстүрімен жазылған
шығармаларды зерттеу барысында, әсіресе, Түркия елінің Н. Банарлы, А. Инан,
Ф. Купрулюзаде, А.Рефик сияқты ғалымдары мол үлес қосты. Тегінде олардың
нәзира дәстүріне қатысты зерттеулерін көпшілік оқырман қауымға таныстыру
үшін болашақта қазақ тіліне аударғанымыз игілікті іс болар еді. Шығыс
классикалық поэзиясындағы нәзира дәстүрін қазақ әдебиетіне қатысты түрде
зерттеу туралы кезінде М.Әуезов құнды ұсыныстар жасаған болатын.
Міне, біз осы арада М.Әуезовтің нәзира дәстүрі жөніндегі пікірін
еске сала кетуді жөн көрдік. Көпке мәлім болған тарихи шындықтар бойынша
Шығыста бір классик жырлаған тақырыпты келесі буында, тағы бір Шығыс ақыны
қайталап, әңгіме ететін тың дастандар шығаратын дәстүр бар еді.
...Олар біреуінің тақырыбын біреуі алуды заңды жол еткен. Тек
алдыңғының өлеңін алмай және көбінше алдыңғы айтқан оқиғаларды негізінде
пайдаланса да, көп жерде өз еркімен өзгертіп, тыңнан жырлап шығаратыны
болады. Бұлайша бір тақырыптың әр ақында қайталауы еш уақытта аударма деп
танылуы керек емес. Ол өзінше бір қайта жырлау, тыңнан толғау немесе
ақындық шабыт-шалым сынасып, жырмен жарысу есепті бір салт еді. Шығыс
поэзиясы бұл салтты заңды деп біліп, осы дәстүрге нәзира, нәзирагөйлік
деп атау да берген [2, 150].
Қазақ поэзиясындағы нәзира дәстүрінің өзіндік ерекшеліктерін терең
танып-білу үшін кезінде Шығыс поэзиясының алыптары көтерген тақырыптар мен
идеяларды ғылыми негізде танып алу қажет. Шығыс шайырлары көтерген ең басты
идея – адамға тән абзал қасиеттерді мойындау, қастерлеу. Ал бұл гуманистік
әдебиеттің негізгі қаһарманы – жеке бас бостандығы бар, жан-жақты ерікті,
азат адам, ғылымының сан түрлі салаларын игерген ғалым, шеберлігімен жұртты
сүйсіндірген өнерпаз, парасатты, мейірбан жандар. Бұл ақындар – бүкіл әлем
о баста адам үшін жаратылған, бар тіршіліктің қайнар көзі – адам, дүниедегі
басқа нәрселердің барлығы да адамға қызмет үшін, оның бақытты болуын
қамтамасыз ету үшін жаратылған дегендей қорытындыға келеді. Шығыстың
гуманистік ақындары адамның моральдық тұрғыдан таза, кіршіксіз, әдепті,
арлы, сыпайы, өнегелі, ұстамды болуын талап етті.
Қазақ поэзиясындағы нәзира дәстүрін әдебиет тарихы, теориясы және
сыны тұрғысынан зерттеу арқылы бірқатар келелі мәселердің бетін ашуға болар
еді.
Біріншіден, Шығыстың есімдері әлемге мәшһүр ұлы шайырлары жасаған
аса маңызды гуманистік идеяларға Сыр бойы ақындарының да өзіндік үлес
қосқанын көпшілік оқырман қауымға танытамыз.
Екіншіден, нәзира дәстүрін зерттеу арқылы жоғарыда сан ғасырлық
байланыстың табиғатын ғылыми негізде түсіндіруге болар еді.
Үшіншіден, нәзира дәстүріндегі Сыр бойы ақындарының көркем сөз
өнеріне қосқан өзіндік үлесін нақты түрде дәлелдеуге жол ашылды.
Сонымен, ұлттық тарихымыздың жаңа беттері жазылып жатқан бүгінгі
таңда қазақ поэзиясының, оның ішінде ХІХ ғасырдаң аяғы мен ХХ ғасырдың
басында жасаған Сыр бойы ақындарының ұстанған дәстүрін жан-жақты әрі
тереңірек зерттеу арқылы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің рухани қазынасын
бұрынғыдан да байыта түскеніміз жөн деп білеміз.
Сыр бойы ақын-жырауларындағы нәзирагөйлік дәстүр көркемдік тәсіл
тұрғысында баяндалады.
Сыр бойы ақындарының ең алдымен бөліп айтарлық ұтымды концепциясы –
қалыптасқан әдеби дәстүрге кенеттен шығыстық үлгідегі шығармалардың
қосылып, әдемі айшықпен кестеленуі. Осылайша ақын-жыраулар өзіне дейін
жазылған шығармалардағы шығыстық жаңалықтарды үйрене отырып, дамытты,
сөйтіп дәстүрге айналдырды. Бұл туралы белгілі зерттеуші ғалым
Б.Кәрібозұлы: ...Сыр өңіріндегі әдебиет өкілдері шығыс әдебиетінің дәстүріне
ерекше ден қойып, шығыстың классикалық әдебиетінің үздік туындыларын нәзира
дәстүрімен немесе Шығыс сюжетіндегі аңыздар мен ертегілерге өз жандарынан
қосып, қисса-хикаяттарды дүниеге келтіріп отырған. ХХ ғасырдың алғашқы
ширегінде, әсіресе, Сыр сүлейлері шығармашылықтарында небір ғажайып үлгілі,
көркемдігі қамшы салдырмайтын тындылар Шығыс әдебиетінің дәстүрінде дүниеге
келіп, оқырмандарын тауып, халық арасына кең тарай бастаған [7, 30],-
дейді.
Осындай ерекшелік бір сәт бәсеңдемей жалғасып, шығыстық сюжетке
құрылған шығармалармен толысып, жалғасын тапты. Ал Сыр бойы ақын-жыраулар
туралы сөз етер болсақ, шығыстық дәстүрді ұстағандары көп. Олардың
шығармаларында бөлек-бөлек ойлар кесек-кесек болып көрінеді. Шығыстың
әйгілі Мың бір түн, Шаһнама, Тотынама сынды ғажайып дастандарының
негізінде адами асыл қасиеттерді басты кредо етіп алатын қазақы ұғым-
түсінікке лайықталған дастандар дүниеге келді. Оған Ә.Егізбаевтың Дат,
Төрт дәруіш, Жүсіп Ешниязұлының Шаһизада, Сұрмерген, Әлиакбар
Жұматайұлының Жүз сұрау, Қаңлы Жүсіптің Жүкті қыз, Мәрді салық,
Ә.Әлиасқаровтың Қорқыт, Төрт дәруіш, т.б. туындыларды мысал ете аламыз.
Жалпы ақын-жыраулардың образ сомдаудағы көркемдік тәсілі де өз
алдына сөз етуге тұрарлық. Әсіресе, Тұрмағанбет, Базар, Кете Жүсіп, т.б.
образ сомдау арқылы дастандарында Шығыстық шығармалардағы парасатты
бейнелерді өзінше қазақ ұғымына жақындата білген. Онысы өз ретінде өте
тартымды шыққан. Шығыстық әдебиет арқылы көркем дүние жазудың құпия кілтін
меңгерген Сыр бойы ақын-жыраулары көркемдік биік дәрежеге көтерілген
жырларының нәтижесінде қазақ әдебиетінің тарихында өлшеусіз із қалдырды.
Сыр бойы ақындарындағы Шығыстық үлгілерді сөз еткенде жанрлық
сипатын да қарастырған орынды. Зерттеуші Ғ.Тұяқбаевтың Қазақ поэзиясы мен
шығыс әдебиетінің арасындағы байланыс – тамыры терең ғасырлар жемісі.
Сондықтан да кейде ақындар шығармашылығындағы немесе жанр мәселесінде ауыз
әдебиеті үлгілері мен шығыс әдебиеті дәстүрінің әсер-ықпалының ара-жігін
ажыратуда жаза басып жатады [15, 12],- дейді. Сол себепті де бұрын халық
поэзиясында бар жанрлардың үстіне Шығыс әдебиеті өрнектерінен мысал,
тақпақ, рубаи, нақлият, қисса, хикая, дастан, бәйіт, ғазал, қазыда,
мәссауи, мурабба жанрлары қосылып, оны өз туындыларында пайдаланған ақындар
қазақ жағдайына байланысты бейімдеп алғандығын нақты дәлелдермен
тұжырымдаған дұрыс. Әдеби жанрлар туралы академик З.Қабдолов: Әдебиет
теориясында пішін (форма) бар да түр бар. Дәлірек айтқанда, әдебиеттің
тектері (эпос, лирика, драма) бар да, түрлері (роман, поэма, трагедия,
т.б.) бар. Тек те, түр де жанр деген ұғыммен, яғни жанрмен, жанрлық түрмен
мәндес [3, 291],- дейді. Ал З.Ахметов: Әдебиет теориясы көркем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жеріндегі жыр айту мектептері
Сыр бойындағы ақындық мектеп және ақындық орта дәстүрі
Базар жырау
Қазақ философиясының төл тарихы
Қазақ пәлсапасы
Абай шығармаларындағы салт - дәстүрді дәріптеу
«Ақын – жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным»
Абай оқыған шығыс шайырлары
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі нәзиралық шығармалар
Ә.Қоңыртабаев зертгеулеріндегі қазақ және шығыс әдебиетінің сабақтастығы
Пәндер