Ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негіздері



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І ТАРАУ
1.1 АҚЫЛ.ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.2 АҚЫЛ.ОЙ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.3 АҚЫЛ . ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ ҚҰРАЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.3 АҚЫЛ . ОЙ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІ ТАРАУ
2.1 АҚЫЛ.ОЙ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ТӘЛІМ.ТӘРБИЕ ... ... ...
2.2 НАҚТЫ ЖӘНЕ АБСТРАКТ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ... ... ... ... ...
2.3 ОҚУ МӘДЕНИЕТІНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Ақыл-ой тәрбиесі — балалардың ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық ақыл-ой санасын, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет.
Ақыл-ой тәрбиесі жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ол білім жүйесін меңгеруге, оқушылардың рухани күшінің дамуына ықпал жасайды. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат, қоғам, адам жайындағы ғылым негіздерімен қаруландыру; қоршаған ақиқат дүниеге ғылыми көзқарасын, сенімін қалыптастыру; балалардың ойлау қабілетін (абстрактылы ойлау, ойлау операциялары — талдау, синтездеу, салыстыру, жинақтау, топтау, негізгісін ажырату, жіктеу т.б.), таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазу т.б.) дамыту. Ол ой еңбегі мәдениетін меңгеруге, интелектуалдық іс-әрекетпен ұзақ шұғылдана білуге, оқушыларды дербес жұмыс істеуге дағдыландырады.
Ақыл-ой тәрбиесі шәкірттердің ерекшеліктеріне қарай дидактикалық талаптар (саналылық, белсенділік, өздігінен жұмыс істеуге үйрену, ұғыну т.б.) қояды. Бұл талаптар оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар арқылы іске асады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев «Педагогика» Университет студенттеріне арналған оқу құралы – Алматы, 2004
2. С.А. Мусаева, Т.Б. Бегалиев «Жас ерекшелік педагогикасы» оқулық – Астана: Фолиант, 2006
3. Б.Ж. Мұқанова, Ш.Х. Құрманалина «Педагогика» оқулық Астана Фолиант, 2007
4. С. Абенов «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» оқу құралы Алматы: Дарын, 2004
5. С.Б. Бабаев «Бастауыш мектеп педагогикасы» оқу құралы: Алматы: «Заң әдебиеті» 2007

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І ТАРАУ
1.1 АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ...

1.2 АҚЫЛ - ОЙ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.3 АҚЫЛ - ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ ҚҰРАЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .

1.3 АҚЫЛ - ОЙ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ ТАРАУ
2.1 АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ ... ... ...
2.2 НАҚТЫ ЖӘНЕ АБСТРАКТ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ... ... ... ... ...
2.3 ОҚУ МӘДЕНИЕТІНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Ақыл-ой тәрбиесі -- балалардың ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық ақыл-ой санасын, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет.
Ақыл-ой тәрбиесі жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ол білім жүйесін меңгеруге, оқушылардың рухани күшінің дамуына ықпал жасайды. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат, қоғам, адам жайындағы ғылым негіздерімен қаруландыру; қоршаған ақиқат дүниеге ғылыми көзқарасын, сенімін қалыптастыру; балалардың ойлау қабілетін (абстрактылы ойлау, ойлау операциялары -- талдау, синтездеу, салыстыру, жинақтау, топтау, негізгісін ажырату, жіктеу т.б.), таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазу т.б.) дамыту. Ол ой еңбегі мәдениетін меңгеруге, интелектуалдық іс-әрекетпен ұзақ шұғылдана білуге, оқушыларды дербес жұмыс істеуге дағдыландырады.
Ақыл-ой тәрбиесі шәкірттердің ерекшеліктеріне қарай дидактикалық талаптар (саналылық, белсенділік, өздігінен жұмыс істеуге үйрену, ұғыну т.б.) қояды. Бұл талаптар оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар арқылы іске асады.

І ТАРАУ
0.1 АҚЫЛ - ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ақыл - ой тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың ақыл - ой күшін, ойлауын дамыту және ақыл - ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін мұғалімнің атқаратын мақсатты іс - қызметі. Ақыл - ой тәрбиесі білім қорының жинақталуына, оқу - танымдық операцияларды меңгеруге тікелей ықпал етеді.
Адамның ақыл - ойы - барлық адамдарға тән адам миы қызметінің өнімі. Педагогтар және психологтар ойды және оның жеке түрлерін дамытуды ұсынады. Ақыл - ой тәрбиесінің мазмұны - оқушылардың ақыл - ой күшін дамыту, ақыл ойдың даму деңгейі, адамның білімді жинақтай білу қабілеті, негізгі ойлау операцияларын меңгеруі, ақыл - ой іскерлігі. Ақылдық белгілі бір даму дәрежесін ақыл - ой күштері деп атайды. Ақыл -ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, зиялылық білік-тілікті меңгеруге қабілетті етеді. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады.
- ойлау іс - әрекетінің шарты болатын білім қорын жинақтау;
- ақыл - ой түрлерін дамыту;

-негізгі ойлау тәсілдерін меңгеру;

- зиялылық біліктерді қалыптастыру;

- дүниетінымды қалыптастыру.
Оқушы нақты оқу материалын - фактілерді, оқиғаларды, символдарды, терминдерді, есімдерді, заңдарды, теоремаларды меңгеріп, білім қорын жинақтайды. Білім оны қолдану саласымен, қолдану әдістемесімен байланысты. Білім қорын меңгеруде баланың мақсатқа жетуге ұмтылуы, білімді ала білуі, ақыл - ой еңбегінің мәдениеті үлкен рөл атқарады. Мұғалім ақыл - ойды және оның жеке түрлерін дамытуға міндетті.

1.2 АҚЫЛ - ОЙ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Ақыл- ойдың түрлері: диалектикалық, логикалық, абстрак-тылық, категориялық, теориялық, индуктивтік, дедуктивтік, алгоритмдік, техникалық, өнімдік және репродуктивтік, жүйелілік.
Диалектикалық ойлау - құбылыстардағы қарама-қайшылықтардың бірлігін көру, даму бағыттарын анықтау, жаңаның пайда болуын көру, құбылыстардың өзара байланысын, пайда болу себептерін табу.
Логикалық ойлау - білімді өңдеудің логикалық тәсілдерімен байланысты. Талқылау, дәлелдеу, теріске шығару, қорытынды, болжам жасау тәсілдері байланыстарды табуға, жаңа білім алуға көмектесіп, білімді жүйеге келтіреді.
Абстрактылы ойлау- адамға мәнсіз белгілерді көріп, жалпы және мәндіні бөлуге, абстрактылы ұғым қалыптастыруға көмек-теседі.
Категориялық ойлау - айырмашылықтары мен ұқсастықтары негізінде ұғымдарды топтарға біріктіру іскерлігі.

Теориялық ойлау - білімнің ғылыми негіздерін, даму принциптерін түсініп, заңдылықтарды көріп, құбылыстар арасындағы мөнді байланыстарды түсіну іскерлігі.

Индуктивтік ойлау - ойдық жекеден - жалпыға, фактілерден - корытындыға қарай қозғалысы.

Дедуктивтік ойлау - ойдық жалпыдан - жекеге, қорытындыдан - фактілерге қарай қозғалысы.

Алгоритмдік ойлау - нұсқауға, ережеге толықтай сүйеніп, міндеттерді бөліп, іс-әрекет стратегияларын анықтау.
Ақыл-ойдық дамуы талдау (тұтасты жеке бөліктерге ойша бөлу), синтез (бөліктерді тұтасқа ойша біріктіру), салыстыру (ұқсастықтарды және айырмашылықтарды табу), жүйелеу (заттарды, құбылыстарды топтарға бөлу) сияқты негізгі ойлау тәсілдерін меңгеруге байланысты.
Зиялылық біліктілік оқушының сапалы білім алуына көмектеседі. Оқу іскерліктері жалпы - барлық оқу пәндерінде қолданылатын және арнайы - белгілі бір білім саласынан білім алуға керекті іскерліктерге бөлінеді. Бұл іскерліктер оқу бағдарламасында жазылады. Жалпы (жалпы педагогикалық) іскерліктер - оңи білу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс істей білу. Қазіргі уақытта оқушының өз жұмысының қорытындысын шығара білу іскерлігіне үлкен маңыз берілуде.

1.3 АҚЫЛ - ОЙ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ
Арнайы іскерліктер - ноталарды тез оқу, техникалық сызбалар, тарихи және жағрафиялық карталарды оқу, музыкалық шығармаларды тыңдау, сөздіктерді және анықтама әдебиеттерін қолдану. Бұл іскерліктерге оқушыларды үйрету керек. Оқулықтағы "Мәтіндібаянда", "Жоспаржаса", "Дәлелде" деген тапсырмаларды орындату үшін мұғалім оқушы іс-әрекетінің стратегиясын белгілейді. Осы іскерліктер оқушының ақыл - ой еңбегі мәдениетін дамытады. Бұл: уақытты тиімді пайдалану, оңтайлы жұмыс ырғағы, жұмыстағы жүйелілік, жұмыс орнын тәртіппен ұстау, ақыл-ой іс-әрекетінің ережелерін білу, жұмысқа кірісе білу, жұмысты зейін қойып, мұқият атқару, қиыншылықтарды жеңе білу. Ақыл-ой тәрбиесінің маңызды міндеті - оқушыларға табиғат пен қоғам дамуының заңдарын меңгертетін ғылыми дүниетінуды қалыптастыру.
Ақыл - ой тәрбиесінің құралдары. Ақыл - ой тәрбиесінің ең басты құралы - оқыту.
"Дамыта оқыту" ережелеріне сүйеніп жасалған оқу бағдарламалары оқушыларды ақыл-ой жұмысына үйретеді. Ақыл-ой тәрбиесін беру жолдарын Л.С.Выготский, Л .В.Занков, т.б. терең зерттеді. Л.В.Занков оқушының ақыл-ойын өсіру үшін өілімді бере берудің жеткіліксіздігін, ақыл-ой жұмысының тәсілдеріне үйрету керектігін дәлелдеді. Д.Б.Эльконин ақыл-ойды білімнің мазмұны дамытатынын дәлелдеп, оған анықтама, фактілерді енгізумен шектелмей, оқушы өзі білім алатын таным қызметін ұйымдастыру үшін сабақты мәселелі пікірталас әдісімен өткізуді ұсынды.

Л.В.Занков және оның ізбасарлары ұсынған
дамыта оқыту принциптері
Бағдарламаны тез қарқынмен оқып, оқушыларға жаңа білімдерді бере беру. Ең бастысы - танымның үздіксіздігі және жүйелілігі - бастауыш сыныптардағы теориялық білімнің жетекші рөлі.
Оқушылар таным, ақыл - ой жұмысымен айналысып, бақылаулары арқылы ұғым, анықтама шығарып, білімдерін тәжірибеде қосарлданады.
абстрактылық алгебралық операциялар тәжірибелік жұмыстар үшін қолданылады.
Зиялылық іскерліктерді қалыптастыруға көмектесетін тапсырмалардың негізгі түрлері:
оқушының дербестігін, индуктивтік ойлауын дамытатын зерттеу сипатындағы тапсырмалар:
бақылау, эксперимент жүргізу, саяхаттар, экспедициялар, ауылшаруашылық тәжірибелік жұмыстар, приборларды құрастыру, сурет бойынша сөйлем құрастыру, шығарма, рефераттар жазу, сурет салу, т.б.
- логикалық және жинақтай ойлау іскерлігін дамытатын салыстыруға берілетін тапсырмалар: шығарма кейіпкерлерін, импметриялық фигураларды, оқиғаларды салыстыру.
- ойлау әрекеттерін реттеуге бағытталған ақыл-ойдың алгоритімдік түрін дамытатын тапсырмалар: оқиғаны жоспар бойынша баяндау, суретті үлгіге қарап сипаттау, есепті шығару жоспарын жасау, алгоритмдік нұсқамаларды пайдалану, оларды өз бетімен құрастыру, т.б.
-талдауға байланысты тапсырмалар: заттарды, құбылыстарды топқа бөлу.
Ақыл - ой тәрбиесін беру үшін мұғалімдер, ғалымдар ғылыми тақырыпта лекциялар оңиды, ғылыми кинолар көрсетеді, оқырмандар конференциясын өткізеді, кітап көрмесін ұйымдастырады, физика, химия, математика, т.б. пәндерден апталықтар, байқаулар, олимпиадалар өткізеді. Топтар шеберханаларда көрнекі құралдар жасайды. Үйірмеде қиын есептерді шығарып, оқушылар сөзжұмбақ, ребус, сөзөрім, сөзтуымдар шешеді. Жеке оқушылар ғылыми кітаптар оқиды, техника жасайды, үлгілер құрастырады, шығармашылықты талап ететін тапсырмалар орындайды, ғылыми тақырыпта баяндама, рефераттар оқиды. Ақыл -ой тәрбиесі мен ақыл ойды дамытуға арналған тапсырмаларды түрлендіріп, үйлестіріп берудің маңызы зор. Мұғалім осы талап тұрғысынан оқушы тұлғасын қалыптастырғысы келсе, өзі бұл тұрғыдан жоғары болуы тиіс.
Ақыл -ой тәрбиесінің міндеттерін шешу мұғалімнің біліміне, жалпы және әдістемелік мәдениетіне, өзінің танымдық күшінің дамуына байланысты екендігі сөзсіз. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке тарту, түрлі тапсырмаларды пайдалану, оқытуды дұрыс ұйымдастыру, олардың жалпы дамуын және рухани қажеттерінің өсуін қамтамасыз етеді.
Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда ақыл-ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру айрықша орын алады. Оқу еңбегінің мәдениеті оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетінің сапасын сипаттайды.
Еңбектену мәдениеті - бұл оқу еңбегін дұрыс жоспарлау және тиімді ұйымдастыру, оқу ережесін сақтау, жұмыс орнын және қажетті материалдарды реттеу, оқу құралдарын пайдалана білу.
Ақыл - ой жұмысының дұрыс ұйымдастырылған ырғағы демалыс пен еңбек түрлерінің ретпен жүргізіліп отыруын қажет етеді. Оқушы осылардың бәрін біріздік пен жүйелі түрде басшылыққа алып отырса, оқу еңбегінің тиімділігі артады. Ғылыми және әдеби кітаптармен жұмыс істегенде оқушылардың ақыл-ой мәдениеті байқалады. Оқушыларды жұмыс істеуге дағдыландыру үшін оларды кітаппен жұмыс істеудің көптеген тәсілдеріне үйрету қажет.
Олар: кітап мазмұнын ұтымды пайдалану, мәтіннің түсініксіз жерлерін бөлу, мәтінге сұрақтар қою, оларға жауап қайыру, жұмысты жоспарлау, конспектілеу, қысқаша желісін дайындау, т.б. Жұмыс барысында жинақы болу, қиыншылықты жеңу, ақыл-ой қабілетін дамыту, естің әр түрлі нысандарын пайдалану - тұлғаның өзін-өзі ұстай білуіне және жан-жақты сауаттылығына байланысты.
ІІ ТАРАУ
2.1 АҚЫЛ - ОЙ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл -- тозбас киім, білім -- сарқылмас булақ" деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады. Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. "Көзбен көргеп, құлақпен естіген ақиқат емес тек қана мұқият зерттелген ақиқат". Халық педагогикасыңда тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен сәйкес кенетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойыиша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дарытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз. Бірақ оқушы өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаның ықпалдары мен әсерлерін еске алу қажет. Бұл кеңірек, ақыл-ойдың дамуы ұғымымен айқындалады. Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруга, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуыпың қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн. Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес. Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі -- адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері. Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан біз жеке-жеке ойлаудың түрлеріне тоқталамыз. Бірақ кейбіреулерін кейінірек атап кеткен жөн.
Ойлау адам миы қызметінің нәтижесі.
Ой-түңсіну, қабылдау, елестету арқылы алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау -- барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбие қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсіруі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, оқушылардың ақыл-ой қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет. Енді әрбір ойлау түрлерінің тұлғаның даму процесінде алатын орны туралы сөз етейік.

2.2 НАҚТЫ ЖӘНЕ АБСТРАКТ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ
Нақты логикалық ойлау - балалардың ойлау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс - әрекетінде байқалады. Абстракт логикалық ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді. Мысалы, абстракт ойлау күрделі мәселелерді шешудегі біздің ой-пікірлеріміз, яғни байымдау, ой жүгірту. Бұл ойлау түрін психологияда ұғымдық ойлау деп те атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәңді ұқсастық белгілерінің негізінде түсініктерді жіктерге және топтарға бөлу білігін қажет етеді. Жинақтай ойлау белігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ принцшітерін немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Бұл жерде ойдың жинақталу дәрежесі, оның ауқымы жалпылық тұрғыдан қараудың құбылыстардың үлкен немесе кіші топтардың қамтуына тәуелді. Алгоритмдік ойлау көздеп отырған нәтижені қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.
Индуктивтік ойлау - ғылыми зерттеу немесе оқушыларга жаңа білімдерді баяндауда ойдың жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға қарай қозғалуын қажетсінеді.
Дедуктивтік ойлау - жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау процесімен байланысты. Сонымен ойлау түрлері шәкірттердің нақты зиялылық білігін сипаттайды. Адамның өмір тәжірибесіне, іс-ерекеттеріне, оның алдында тұрған мақсатының ерекшелігіне байланысты әр түрлі сатыда іске асады. Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл -ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, нақты зиялылық біліктерді меңгеруге қабілетті етеді. Ақыл - ой әрбиесінің міндеттері де осыған шығады. Оқушыға зиялы белсенді іс-әрекетке қажетті ақылдың бірде-бір құнды сапасы жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз дамуы мүмкін емес. Көп жағдайда білімдер көлемін беру ұғымын қарастыра отырып қараймыз. Білімдер көлемі қоғамның мәдени дамуының деңгейімен сипатталады. Өмірге жолдама алушы жастың білімдерінің ауқымы өз бетімен білім алуға негізделген білім беру бағдарламаларымен, болашақ кәсіптік дайыңдығының сырымен анықталады. Белгілі бір білім қорын жинау ең алдымен нақты оқу материалын меңгеруді қажет етеді. Мұның құрамына деректер, атаулар, белгілер, адамдар мен заттар аттары, атаулы күндер, ережелср, заңдар, заңдылықтар, формулаларда бейнеленетін және араларыңдағы байланыстары мен тәуелділіктері бар жалпы, жеке, нақты, абстрактілі түсініктер кіреді. Сонымен қатар білімдерге сол білімдерді қолдану ауқымы мен тәсілдерді білу, оларды пайдалану әдістерін игеру, әлем жөніндегі ғылыми ұғынуының жалпы жүйесіндегі білімнің әрбір бөлігінің орнын түсіну де жатады. Білім қорын жинаудың жоғары деңгейіне жетуде оқушының жеке мақсаттылығы үлкен роль ойнайды. Оқушының мақсаттылығы алдына қойған мақсатпен оны танымдық іс-әрекетке итермелеуші себептермен оқу біліктерін берік меңгерумен байланысты. Яғни, оқу материалын игеру жолындағы біліктері, зиялы жігерге және ұзақ зиялы іс-әрекетке дағдылану қажет.
Ақыл - ой дамуы және ойлау білігі - негізгі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, классификация (топқа жіктеу) жатады.
Анализ дегеніміз - бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады.
Синтез -- заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Анализ бен синтез біріне-бірі қарама - қайшы ойлау операциялары болғанымен, олар бір-бірімен үздіксіз байланыста болады. Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды салыстыру деп аталады.
Салыстыру - жинақтаудың қажетті алғы шарты. Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу деп атайды. Негізгі ойлау операцияларын тұтас педагогикалық процесте меңгеру және нәтижелі қолдана білу мұғалімнің шеберлігін, біліктілігін, білімдарлығын көрсетеді. Оқушылардың зиялылық іскерлікті меңгеруінің оқу және тәрбие жұмысындағы алатын орны бөлек. Мысалы, оқу еңбегі нәтижелі жүру үшін оқу іс-әрекеті іскерліктерінің тобын оқушылардың меңгеруі өте қажет. Жалпы оқу іс-әрекеті іскерліктерінің қатарына оқу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс жатады. Іскерлік әр түрлі пәндер және сыныптар бойынша сабақтарда қолданылады. Іскерлік деп алған білім негізінде шәкірттердің практикалық әрекетінің іске асырылуын атайды. Мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу, жазу және сөйлеу техникасын меңгеру. Ал сауатты оқи білу -- сөздердің, дыбыстардың, дауыс ырғағының дұрыс айтылуы, мәнерлеп оқу. Жалпы оқу іскерліктерін оқушыларға үйрету, олардың білім саласында теориялық сауаттылығының деңгейін көтеру болып табылады.
Ақыл- ой тәрбиесіиің тағы да бір маңызды міндеті оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жинақты етіп айтсақ, оқушылар барлық пәндерді оқу процесінде негізгі дүииетанымдық жұмыстарды бекітеді, баянды етуге талаптанады.

2.3 АҚЫЛ - ОЙ ТӘРБИЕСІНІ МАҚСАТЫ
Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты -- балалардың ақыл-он күштерін және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтас педагогикалық процестегі оқушылардың процестегі ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Ақыл-ой және танымдық ойындар
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің әдістемесі
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы жайлы
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы
Ақыл-ой тәрбиесінің негіздері
Дене тәрбиесі жөніндегі ұлттық спорт түрлері
Ақыл ой тәрбиесі жайлы
Пәндер