Мәліметтер қоры көмегімен ақпаратты сақтау, іздеу, сұрыптау технологиясы


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-4
- Мәліметтер қоры көмегімен ақпаратты сақтау, іздеу, сұрыптау технологиясы . . . 5Мәліметтер қоры ұғымының пайда болуы . . . 5-7Мәліметтер қорын құрудың және функциялаудың принциптері . . . 7-8Мәліметтер қорын жобалау: реляциялық мәліметтер қорын қалыптастыру . . . 8-13
- Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) . . . 13-14Microsoft Access бағдарламасындағы қатыстық дерекқорлар . . . 13-16Microsoft Access-те үлгіні табу және қолдану . . . 16-25
Қорытынды . . . 26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 27
Кіріспе
Қазіргі уақытта мәліметтер қоры мен ақпараттық жүйелерді пайдалану адамзат қызметі мен түрлі саланы басқарудың ажырамайтын құрамдас бөлігі болып отыр. Осыған сәйкес технология мен программалық өнімдерді тиімді қолдану мен оның құрылу принципін меңгерудің қажеттілігі артып отыр. Мысалы, мәліметтер қорын басқару жүйесі, жобалауды автоматтандыру жүйелері және т. б.
МҚБЖ-нің идеологиялық құндылығы мұндай программа негізіне мәліметтер моделінің тұжырымдамасы жататындығымен, мәліметтерді беруге қандай да бір абстракцияның алынатындығымен түсіндіріледі. Көптеген жағдайларда мәліметтер жазулардан тұратын файлдар түрінде беріледі. Файлдағы барлық жазулардың құрылымы бірдей, ал файлдардағы жазулар саны айнымалы болып келеді. Әрбір жазу тұратын мәліметтердің элементтері өрістер деп аталады. Барлық жазуда өріс аты бірдей болады да, олардың мәндері әртүрлі болады. Өріске мазмұнына сай ат беріледі. Сонымен, МҚБЖ-сі құрылымы тұрақты, бірақ ұзындығы анықталмаған алғашқы ақпараттарды кесте түрінде сипаттауда теңдесі жоқ құрал болып табылады.
Барлық МҚБЖ-лері төрт негізгі операцияны сүйемелдейді:
· Мәліметтер қорына бір немесе бірнеше жазуларды қосу;
· Мәліметтер қорынан бір немесе бірнеше жазуларды өшіру;
· Мәліметтер қорындағы бір немесе бірнеше жазулардан берілген шарт бойынша іздеу жүргізу;
· Мәліметтер қорындағы бірнеше өрістердің мәндерін жаңарту.
Көптеген МҚБЖ-лері қорға кіретін әртүрлі файлдар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Мысалы, байланыс ашық түрде орнатылған болса, кейбір өрістердің мәндері басқа файлға сілтеме жасайтын болса - мұндай Мәліметтер қорын басқару жүйелерін желілік деп атайды. Байланыс жабық түрде орнатылуы мүмкін (мысалы, әртүрлі файлдардағы өріс мәндерінің сәйкес келуіне қарай), мұндай МҚБЖ-сін реляциялық деп атайды. MS Access реляциялық МҚБЖ-сі болып табылады. Қазіргі МҚБЖ-не тән барлық құралдар мен мүмкіндіктер толық қамтылған. Реляциялық қор мәліметтерді іздеуді, талдауды, сүйемелдеуді және қорғауды жеңілдетеді, өйткені олар бір жерде сақталады. MS Access МҚБЖ-нің ішіндегі ең қуатты, әрі икемді, пайдаланылуы қарапайым болып келген МҚБЖ-сі. MS Access-те бірде бір программа жолын жазбай-ақ, көптеген қосымшалар құруға болады. Егер өте күрделі қосымша құру қажет болса, онда мұндай жағдайда MS Access аса қуатты программалау тілі - Vіsual Basіc for Applіcatіon тілін пайдалануға мүмкіндік береді.
MS Access МҚБЖ-нің танымалдылығы төмендегідей себептермен түсіндіріледі:
· MS Access-ті үйрену мүмкіндігі мен оның түсініктілігі, мәліметтер қорын басқаратын қосымшаларды жылдам құру - өте тиімді, бірегей МҚБЖ-сі екенін көрсетеді;
· MS Access толық орысшаланған;
· MS Access-те OLE технологияларын пайдалану мүмкіндігі бар;
· MS Access Mіcrosoft Offіce пакетімен интеграцияланған;
· MS Access - 97 жүйесі Іnternet желісімен байланыса алады;
· Визуалды технология жасалынған әрбір әрекеттің нәтижесін үнемі көріп отыруға және оны түзетуге, сондай-ақ, формалар конструкторымен жұмыс істеу Vіsual Basіc немесе Delphі сияқты программалау жүйелерін меңгеруді жеңілдетеді;
· MS Access-те анықтамалық жүйе кеңінен және көрнекі берілген;
· MS Access-те объектілер жасауға арналған шеберлердің үлкен жиынтығы қарастырылған.
Ұсынылып отырған лабораториялық практикум MS Access МҚБЖ-сінде жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін толық үйретеді. Ол мәліметтер қорын құруды және пайдалануды үйретуге арналған практикалық жұмыстарды қамтиды. Мәліметтер қоры дегеніміз, біріншіден, мәліметтер қорындағы құрылатын кестелердің құрылымы мен олардың арасындағы байланысын ойластырып, жобалау; екіншіден, компьютерде осы кестелердің құрылымын құру; үшіншіден, кестелердің арасындағы байланысты тағайындау; төртіншіден кестелерді мәліметтермен толтыру (форманы пайдаланып та толтыруға болады) . Мәліметтер қорын пайдаланудың практикалық мақсаты есептер мен сұраулар құру болып табылады.
MS Access МҚБЖ-сінің мүмкіндіктері сегіз лабораториялық жұмысқа бөлінген. Әрбір лабораториялық жұмыс MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізгі мүмкіндіктерін біртіндеп үйретуге бағытталған бірнеше тапсырмалардан тұрады. Тапсырмалардың арасында тапсырмаларды орындауды жеңілдететін ескертулер мен түсіндірмелер, анықтамалық ақпараттар келтірілген. Сондай-ақ, тапсырмалардың соңында студенттерге өзіндік жұмыстар берілген.
Курстық жұмыстың басты мақсаты: Мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігі көптеген пайдаланушыларға мәліметтер қорына жылдам және тиімді түрде жүгінуге мүмкіндік береді. МҚБЖ көптеген пайдаланушылар бір мезгілде қол жеткізуге ие болған жағдайда пайдаланушының бірі мәліметтерге жүгінсе, енді бірі сол кезде оларға өзгертулер енгізіп жататындай келіспеушілік оқиғалардың туындамауын бақылап отырады
Курстық жұмыстың құрылымы. Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда, мәліметтер қоры - бұл ең алдымен кестелер жиынтығы, алайда, біз соңынан мәліметтер қорына сондай - ақ процедуралармен бірқатар басқа объектілер жатуы мүмкін екенін көреміз. Таблицаны көптеген объектілердің сипаттамалары бар кәдімгі екі өлшемді таблица түрінде көруге болады. Таблицаның идентификатор аты болады.
Екінші тарауда, MS Access 2007-нің көмегімен қарапайым тұтынушылар қандай да бір бағдарламалаудың қажеттілігінсіз-ақ, жеткілікті қуаттағы мәліметтер қорын құру мен пайдалану үшін ыңғайлы құралдар ала бастады. Сонымен қатар Access 2007-мен жұмыс сітеу бағдарламалау мүмкіншіліктерін жоққа шығармайды, яғни, бұл жүйе қосымша басқару модулдері мен элементтерін жасауға мүмкіншілік беретін, Visual Basic for Applications бағдарламалау тілін қолдауды да қамтиды.
1 Мәліметтер қоры көмегімен ақпаратты сақтау, іздеу, сұрыптау
технологиясы
- Мәліметтер қоры ұғымының пайда болуы
Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық - программалық кешендермен қарым - қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.
Көп мәліметтер жұмыс жасау қажеттілігі пайда болғанда әрқашанда мәліметтер қорын пайдаланды.
Мәліметтер қоры - бұл ең алдымен кестелер жиынтығы, алайда, біз соңынан мәліметтер қорына сондай - ақ процедуралармен бірқатар басқа объектілер жатуы мүмкін екенін көреміз. Таблицаны көптеген объектілердің сипаттамалары бар кәдімгі екі өлшемді таблица түрінде көруге болады. Таблицаның идентификатор аты болады.
Кесте бағандары объектілердің қандайда бір сипаттамаларына - алаңдарға сәйкес. Әрбір алаң сақталатын мәліметтердің атымен және түрімен сипатталады. Алаң аты - бұл мәліметтермен пайдалану үшін, әртүрлі программаларда қолданылатын идентификатор. Ол кез келген идентификатор сияқты латын әріптерімен жазылады, бір сөзден тұрады және т. б.
Алаң түрі алаңда сақталатын мәліметтердің түрін сипаттайды. Бұл жолдар, сандар, үлкен мәтіндер (мысалы, қызметкерлердің мінездемелері), суреттер (қызметкерлердің суреттері) және т. с. с. болуы мүмкін.
Кестенің әрбір жолы объектілердің біреуіне сәйкес келеді. Ол жазба деп аталады және осы объектіні сипаттайтын барлық алаңдардың мазмұнын құрайды.
Мәліметтер қорының кестелерін құрған кезде ақпараттың қарама - қайшылықсыздығын қамтамасыз ету маңызды. Әдетте бұл негізгі алаңдарды енгізумен жасалады. Негізгі болып бір немесе бірнеше алаң болуы мүмкін.
Кестемен жұмыс кезінде пайдаланушы немесе программа жазбалар үстінен курсормен жылжып отыратын сияқты. Әрбір уақыт сәтінде ағымдағы жазба бар, содан жұмыс жүргізіледі. Мәліметтер қорының кестелерінде жазбалар қандай да бір тәртіпсіз, оларды енгізу (жаңа қызметкерлердің пайда болуы) ретіне қарай орналасуы мүмкін. Бірақ кесте мәліметтері пайдаланушыға ұсынылған кезде реттелуі керек. Пайдаланушы оларды алфавиттік тәртіпке, немесе бөлімдер бойынша реттелген, немесе туған жылының өсуіне қарай және т. б. қарауы мүмкін. Мәліметтерді реттеу үшін индекс түсінігі қолданылады. Индекс кестені қандай реттілікте қараған жөн екенін көрсетеді. Ол пайдаланушы мен кесте арасында делдал болып табылады.
Мәліметтер қоры әдетте бір емес, көптеген кестелерден тұрады. Мысалы, кейбір ұйым туралы мәліметтер қорында әрбір бөлімшенің сипаттамасы бар кесте бар. Dep атты осындай таблицаның мысалы келесі кестеде көрсетілген. Осы кестенің алаң аттары Dep және Proisv.
Dep бөлімшелері туралы мәліметтер кестесінің мысалы:
Бөлек және кестелер әрине пайдалы, бірақ одан да көп ақпаратты кестелер жиынтығынан алуға болады. Мысалы, өндірістік цехтерде жұмыс жасайтын, қызметкерлердің жалпы саны пайдаланушыға білу қажет болады. Бірақ жоғарыда көрсетілген кестелердің біреуіде бұл сұраққа жауап бермейді, себебі Pers кестесінде бөлімшелердің түрлері жайлы мағлұматтар, Dep кестесінде қызметкерлер жайлы мағлұматтар жоқ. Осындай сұраныстарға жауап алу үшін байланысқан кестелердің жиынтығын қарастыру қажет.
Байланысқан кестелерде әдетте бір кесте басты болады, ал басқасы немесе бірнеше басқа кестелер - көмекші кестелер болады. Басты және көмекші кестелер бір - бірімен кілт арқылы байланысады. Кілт ретінде екі кестеде де болатын алаң шыға алады. Мысалы, жоғарыда келтірілген кестелерде басты болып Dep кестесі, көмекші болып Pers кестесі бола алады, ал олар болса екі кестеде де бар Dep алаңы бойынша байланысады. Курсор басты кестенің индексі үстінен жүреді. Осылайша біздің мысалда егер басты кестенің Dep алаңындағы ағымдағы жазбада «бухгалтерия» деп жазылған болса, онда көмекші Pers кестесінде бухгалтерия қызметкерлерінің барлық жазбалары шығады.
Базаға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда да мәліметтерқоры болып қала береді. Өйткені ондай мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар - бұл мәліметтер қорының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер қоры көптеген объектілерден тұрады, бірақ солардың ең негізгісі кесте болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер қоры бір ғана кестеден тұрады. Сәйкесінше, ең қарапайым мәліметтер қорының құрылымы сол кестенің құрылымымен анықталады. Мәліметтер қоры мен қосымшалардың өзара орналасуларына байланысты келесі мәліметтер қорларын бөліп көрсетуге болады:
- Локальды мәліметтер қорлары;
- Жойылған мәліметтер қорлары.
Локальды мәліметтер қорларымен операциялар жасау үшін локальды қосымшалар, ал жойылған мәліметтер қорларымен операциялар жасау үшін клиент - серверлік қосымшалар дайындалады.
Мәліметтер қорының орналасуы көптеген жағдайда осы қорда бар мәліметтерді өңдейтін қосымшалардың дайындалуына әсер етеді. Осылайша, келесі қосымшалар түрлерін бөліп көрсетуге болады:
- Локальды мәліметтер қорын пайдаланатын қосымшаларды бір деңгейлі (бір буынды) қосымшалар деп атайды. Себебі, қосымша мен мәліметтер қоры біртұтас файлдық жүйені құрайды;
- Жойылған мәліметтер қорын пайдаланатын қосымшаларды екі деңгейлі (екі буынды) және көп деңгейлі (көп буынды) қосымшалар деп бөледі. Екі деңгейлі қосымшаларда клиенттік және серверлік бөлшектер бар;
- Көп деңгейлі (әдетте үш деңгейлі) қосымшалар клиенттік және серверлік бөлшектер мен қоса қосымша бөлшектерге ие. Мысалға үш деңгейлі қосымшаларда клиенттік бөлшек, қосымшалар сервері мен мәліметтер қорының сервері бар.
Бір және екі деңгейлі Delphi қосымшалары келесі механизмдерді қолдана отырып локальды және жойылған мәліметтер қорына қол жеткізе алады:
- BDE (Borland Database Engine - Borland фирмасының мәліметтер қорының процессоры) мәліметтер қорымен әрекеттесу үшін AP1 дамыған интерфейсін ұсынады.
- ADO (Active X Date Objects - Active X мәліметтерінің объектілері) OLE DB (Objects Linking and Embedding DateBase - мәліметтер қорының объектілерін байланыстыру мен ендіру) көмегімен ақпаратқа қол жеткізуді жүзеге асырады;
- dbExpress драйверлер жинағы көмегімен мәліметтер қорындағы ақпараттарға тез қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
- Interbase тікелей Interbase мәліметтер қорына қол жеткізуді іске асырады.
Мәліметтер қорындағы ақпараттарға қол жеткізу технологиясының вариантын таңдау өңделген қосымшаны жан - жаққа тарату дайындығының ыңғайлығын ескере отырып, сондай - ақ жады ресурстарының қосымша шығындарын ескере отырып анықталады. Мысалы BDE үшін инсталляция дискдегі сыртқы жадының шамамен 15 Мб - тын және мәліметтер қорында пайдаланатын псевдонимдерді қалпына келтіруін талап етеді.
Үш деңгейлі Delphi 7 қосымшаларын DataSnap механизмі көмегімен құрастыруға болады. Мәліметтер қорының үш деңгейлі қосымшаларын құрастыру кезінде пайдаланатын компоненттер DataSnap пен DataAccess беттерінде орналасқан.
- Мәліметтер қорын құрудың және функциялаудың принциптері
Мәліметтер қоры (МҚ) - қандай да пәндік аймақтағы ақиқат өмірдің нақты объектілері туралы мағлұматтардың өзара байланыстағы жиынтығы. МҚ-ның негізгі мақсаты - нақты өмірдің объектілері туралы өте үлкен мәліметтер санын олардың арасындағы байланыстарды ескере отырып өңдеу. МҚ іргелі ұғымдары - объект, атрибут, байланыс.
Объект - бізді қошаған нақты болмыстың (заттың, үрдістің, құбылыстың) белгілі бір бөлігі.
Атрибут - объект қасиеттерінің ақпараттық бейнеленуі, яғни объект белгілерінің бірін (мысалы көлемі, түсі, т. с. с. ) немесе жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтайтын сол объект элементінің сипаты.
Байланыс - объектілер арасындағы қатынас.
Сонымен қатар келесі негізгі ұғымдар қолданылады.
Жазба - өзара логикалық түрде байланысқан мәліметтер элементтерінің жиынтығы.
Алғашқы кілт - объектінің әрбір данасын (жазбаны) ерекше түрде идентификациялайтын атрибут.
Мәліметтердің МҚ-да сақталу процедурасы принциптерінің ішінде негізгі екеуін көрсетуге болады, олар
- мәліметтердің тұтастығы және қайшылықсыздығы;
- мәліметтердің минималды артықтығы, яғни кез келген мәлімет элементі бір түрде ғана сақталуы.
МҚ-да мәліметтерді ұйымдастырудың иерархиялық, реляциялық және желілік модельдері қолданылады, соларға сәйкес МҚ түрлері анықталады. Мәліметтер қорымен әртүрлі операциялар орындау үшін мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) құрылады.
МҚБЖ - МҚ басқаруға арналған программалық құралдардың кешені. Ең жалпы деңгейде
- мамандандырылған немесе өнеркәсіптік МҚБЖ;
- дербес МҚБЖ
деп жіктейді. Мамандандырылған немесе өнеркәсіптік МҚБЖ - ірі экономикалық объектілерді басқаруды автоматтандыру жүйелерін құрудың программалық негізі. Олар - Orfcle, DB2, Sybase, Informix, т. б.
Дербес МҚБЖ - жергілікті пайдаланушының немесе қомақты пайдаланушылар тобының есептерін шешуге бағытталған және микроЭЕМ-дерде пайдалануға белгіленген программалық жабдық. Олар - FoxBase/FoxPro, Clipper, Paradox, Access, Approach, т. б.
MS Access, оның негізгі ұғымдары. MS Access - мәліметтердің реляциялық моделін қолданатын дербес типті МҚБЖ. Оның негізгі атқаратын қызметтері:
- негізгі объектілерді, яғни кестелерді жобалау;
- кестелер арасында байланыстар орнату;
- кестелерге мәліметтер енгізу, оларды сақтау, қарау, сұрыптау, сүзгілеу, түрлендіру;
- туынды объектілерді - пішім, сұраныс, есеп беру, макрос, модуль - құру, түрлендіру және қолдану.
Әрбір объект дербес атына ие және әрқайсысы өз терезесінде, екі режімде - оперативті және Конструктор - жұмыс істейді. Кесте жолдардан және бағандардан тұрады, әрбір жол - жазба, яғни бір объект туралы мәліметтердің толық жиынтығы, ал әрбір баған - өріс, яғни кестенің нақты мәліметті беретін құрылымданған элементі, бір атрибут. Өріс өзінің атымен және онда орналасатын мәліметтің типімен анықталады. MS Access қолданылатын мәліметтер типтері Windows жүйесіндегі стандартты типтер. MS Access-пен жұмыс МҚ файлын құрудан басталады, МҚ файлы MS Access-тің негізгі өңдеу объектісі.
- Мәліметтер қорын жобалау: реляциялық мәліметтер қорын
қалыптастыру
Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелердегі жалпыға арналған программалық қамтамасыз ету мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) деп аталады. Мәліметтер қорын басқару жүйелері - бұл мәліметтер қорын құруға, енгізуге және өңдеуден өткізуге арналған тілдік және программалық құралдардың кешені.
Әлемде МҚБЖ-ның 1000-нан астам түрі бар. Мәліметтер қорын басқарудың әр алуан жүйелері мәліметтердің әр түрлі модельдерін пайдаланады. Мәліметтер қорының әр түрлі модельдеріне негізделген МҚБЖ-лардың мысалдарына төмендегілер жатады:
Иерархиялық модель - IMS PC/Focus, Team-UP, Data Edge;
Желілік модель- IDMS, db-Vista III;
Реляциялық модель - Dbase, DB2(IBM), FoxBase және FoxPro (Fox Software), Paradox, Dbase for Windows жәнеInterBase (Borland), Visual FoxPro және Access (Microsoft), Clarion (Clarion Software), Ingress (ASK Computer Systems), Oracle (Oracle), Informix;
Постреляциялық модель - Bubba, DasDb;
Көпөлшемді модель - EssBase (Ardor Software), Media Multi-matrix (Speedware), Oracle Express Server (Oracle), Cache (InterSystems) ;
Объектілі бағытталған модель - POET( POET Sofyware), Jasmine (Computer Associates), Versant (Versant Technologies), 02 (Ardent software), Iris, Orion, Postgress, ODB-Jupiter.
Мәліметтер қорының сервері ретінде келесі МҚБЖ-ларболуы мүмкін: NetWare SQL (Novell), MS SQL Server (Microsoft), InterBase (Borland), SQLBase Serve (Gupta), Intelligent DataBase (Ingress), Oracle, Informix көптеген пайдаланушыларға арналған МҚБЖ болып табылады, ол текті емес ортада жұмыс істейді (әртүрлі ЭЕМ мен ЖЖ) .
МҚБЖ-ның негізгі қызметіне келесілер жатады:
- мәліметтерді құру және бақылау;
- мәліметтерді қорғау және бақылау;
- көптеген пайдаланушылардың мәліметтерге қол жеткізуі;
- пайдаланушыға мәліметтерді манипуляциялау мүмкіндігін ұсыну;
- қолданбалы программаларды құру мүмкіндігі.
Мәліметтерді құру мен бақылау мәліметтер сөздігінің көмегімен орындалады. Мәліметтердің сөздік/каталогы мәліметтердің құрылымы, мәліметтердің типтері, оларды ұсыну форматтары, мәліметтердің өзара байланысу сұлбалары, пайдаланушылар, мәліметтерді қорғау мен оларға қол жеткізу кодтары туралы ақпаратты орталықтандырылған түрде сақтауға арналған. Көбінесе сөздіктің қызметін МҚБЖ-лар орындайды және олар жүйелік мәзірден шақыртылады немесе утилиттері арқылы орындалады. Мысалы, Orion атты оқу мәліметтер қорының келесі түрдегі сөздігі болуы мүмкін:
Реляциялық МҚБЖ-ларда мәліметтер сөздігі реляциялық кестелер жинағы түрінде.
Сөздік/каталог мәліметтердің анықтамаларын мәліметтердің өзінен бөлек түрде қолдауға мүмкіндік береді, сол арқылы мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз етеді.
Мәліметтерді қорғау мәліметтерге рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмау мақсатында парольдауды, кодтауды (шифрлеу) және мәліметтердің кейіптеулерін құруды қамтамасыз етеді.
Мәліметтерді деңгейіндегі тұтастық мен қарама-қайшылықсыздық мәліметтер элементтерінің мәніне шектеулер қоюмен, сондай-ақ мәліметтер қорына өзгерістер енгізу кезінде резервтік көшірмелерді автоматты түрде құру арқылы қамтамасыз етіледі.
Сілтемелер деңгейіндегі тұтастық сыртқы кілттердің мәндері үшін әрдайым соған сәйкес бастапқы кілттердің мәндері болуы тиіс дегенді білдіреді. Бастапқы кілті бар кестелердегі, осы бастапқы кілтке сілтемелер (сыртқы кілттер) бар кестелердегі жазбаларды өзгерткен кезде немесе жойғанда МҚБЖ сыртқы кілттер мәндеріне «ауада» тұрып қалмас үшін сәйкес өзгертулер жасалуын бақылап отырады. Бұл жағдайда сыртқы кілттердің сәйкес мәндері бар жазбалар жойылады, немесе оларға Null-мәндер не келісім бойынша мәндер беріледі, немесе олар өзгеріссіз қалады. Бұл амалдар CREATE TABLE, DROP TABLE және ALTER TABLE командаларында қарастырылған. Сілтемелер деңгейіндегі мәліметтер тұтастығын сақтау 1-суретте көрсетілгендей мәліметтер қорындағы каскадты өзгеріске алып келуі мүмкін.
Кесте А
Кесте В
Кесте С
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz