Инфляцияның қалыптасу және асқыну себептері мен механизмі


Жоспар
Кіріспе . . . 3
- Инфляция мәні, мазмұны, көріністері және түрлері . . . 5
- Инфляцияның қалыптасу және асқыну себептері
мен механизмі . . . 13
- Инфляцияға қарсы іс-әрекеттерді дәлелдейтін концепциялар . . . 21
- Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері
және инфляцияға қарсы саясат . . . 23
Қорытынды . . . 26
Қолданылған әдебиеттер . . . 28
Кіріспе
«Инфляция - қолтаңба көп ақшамен кедейлену».
К. Мигоут.
Инфляция - айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы, яғни барлық тауар және қызмет көрсету бағасының өсуі салдарынан сатып алу қабілетінің төмендеуі.
Ол - күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы.
Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.
Сондықтан да бүкіл дүние жүзі инфляциямен күресуде. Нарықтық экономикадағы елдердің бәріне антиинфляциялық саясат үлкен үлестерін қосты. Мысалы, Кейнс пен Фридменнің антиинфляциялық саясаттарын көптеген елдерде қолданады.
Инфляция дегеніміз не? Ол қайдан пайда болды? Инфляцияға қарсы қандай шаралар қолданады? Инфляцияның Қазақстанда бар ма? Деген сұрақтар туады. Бұған жауап менің курстық жұмысымның мына бөлімшелерінен табуға болады:
- Инфляция: мәні, мазмұны, көріністері, түрлері.
- Инфляцияның қалыптасуы және асқыну себептері,
механизмі.
- Инфляцияға қарсы іс-әрекеттерді дәлелдейтін концепциялар
- Қазақстан Республикасындағы инфляцияның
ерекшеліктері және инфляцияға қарсы саясат.
І. Инфляция: мәні, мазмұны, көріністері
және түрлері.
Соңғы уақытқа дейін біздің санамызда «инфляция» деген ұғым капитализм ретінде орнықты. Құн заңы әрекетімен анықталатын тауар-ақша қатынастарының болуы инфляциялық процестерді тудырды. Инфляцияның себебі, әрекет ету механизмі, көрінуі және оның зардаптарымен күресу жолдары бұрын соңды біздің елде терең зерттелмеген. Инфляцияның басты ерекшелігі - қоғамдық ұдайы өндірістің барлық факторларына қатысты сан алуан себептерден туады. Басқаша айтқанда, инфляция бүкіл шаруашылық механизмінің қызметінен туындайды.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп, соқтырды. Франция 1789-1794 жылдары революция кезінде ендірілген қағаз ассигнаттар 7 жылда 883 есе құнсызданды.
Алғашқы рет «инфляция» деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та «Азамат соғысы» кезінде (1851-1865 жылдары) орасан зор гривналар (ақша орнына қолданылған күміс кесек), 450 млн. доллар шығарылуына байланысты қолданыла бастады, ал оның төлем қабілеті 2 жылдың ішінде 60 % - ке дейін төмендеді.
Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциясы стихиялық реттеу, соның ішінде ақшаның қазына жинау құралы қызметі механизмін атқару кезеңінде қалыптасқан айналым саласында, алтын монометаллизмі өз жағдайында инфляцияның созылмалы ауру ретінде дамуына кедергі жасалды. Еркін бәсеке кезеңіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстар, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айырбасталуының тоқтатуы кезде пайда болды.
Капитализмнің жалпы дағдарысы кезінде инфляция жалпы созылмауы сипат алып, маңызды әлеуметтік - экономикалық проблемалардың біріне айналды.
Инфляция (латын сөзінен алғанда Inflatio - қампаю (вздутие) ) - қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің товарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынадай мысал келтірейік. Айталық тауар айналымы үшін 10 млрд. алтын доллар шамасында шығарылды дерлік. Мұның өзі қағаз доллардың екі есе құнсыздануына әкеп соқтырды. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауға тырысады. Бұл өз табыстарын мемлекеттік бюджеттен алатын жұмысшылар (біздің мемлекетте бұған мұғалімдер, дәрігерлер, пенсионерлер, әскери қызметкерлер және тағы басқалары) . Жекеменшік фирмалардың жұмысшылары болса, әлі жалақы жайлы өзінің бастықтарымен келісе алады. Ал мемлекеттік жұмысшылардың жалақысы жайлы тек парламент қарасытыра алады, бұның өзі өте сирек және ұзақ мерзімге жасалатын жұмыс.
Инфляциядан өндіріс те біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық-түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Әдетте инфляция кезеңінде әртүрлі тауарларға баға әрқалай өседі. Егер фирманың өніміне тезірек өссе, жақсы ақ. Ал егер барлығы керісінше болса ше? Онда фирма шығынға ұшырайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімде жасалатын өнімді (корабль немесе самолет) жеткізу туралы келісім шартқа және де жаңадан бір жерге ақша қаражатын жұмсау өндіруге пайдасыз болып келеді.
Инфляция ең алдымен тауарларға бағаның көтерілуімен, алтын мен шетел валютасының қымбаттауымен көрінеді.
Инфляция бұл макроэкономикалық тұрақсыздықтың нәтижесіндегі ұсыным мен сұраным теңдігі бұзылып, сұранымның ұсынымнан артуы.
Алтын және күміс ақша айналымы жағдайына инфляция болмайды. Себебі бұл кезде ақша реальді байлық болып есептеледі. Ақша алу қажеттілігінен көп болса, қалған ақша қазына ретінде қалып, ақша құнсызданбайтын. Нарықта тауар көбейгенде жиналған ақша алынып, сауда айналымына, шарттарына қатысады. Осы жағдайда ақша құнсызданбайды.
Ал қағаз ақша айналымында басқа жағдайда қалыптасады. Бұнда ақша реальды қалыптасады. Бұнда сақталған ақшаға қозғалмайтын мүлік немесе бағалы затты сатып алу сенімдірек болады. Қағазды ақша кішкене мөлшерде сақталуға арналған ақша ретінде жиналады. Оның көп бөлігі айналымда жүріп отырады. Бұл ақшаның халықта болуы сұранымды арттырады, ал ол өз кезеңінде бағаның көтерілуіне әкеледі.
Инфляцияның тек жаман жағын ғана айтпай, жақсы жерін де айтып кетейік. Мәселен, мемлекеттік бюджеттің тапшылық мәселесін шешкенде. Бұл кезде - біріншіден, тапшылықты қаржыландыруда инфляциялық салық өз үлесін қосады. Бірақ бұл тұстағы аса маңызды мәселе күтпеген инфляция үкіметтің төленбеген қарызының нақты құнын қысқарта алады. Көптеген елдерге мемлекет қарызы номиналды, ол үкіметтің қарыз иелеріне ақшаның тек белгілі санын төлеуді өсіретін саясат, үкіметтің міндетті түрде төлейтін төлемінің нақты құнын қысқартады. Сөйтіп қарыз номиналыды болғандықтан, оны күтпеген инфляция жояды.
Инфляцияның түрлері.
Соңғы кездерге дейін дүние жүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын табу үшін көп көлемде қағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляция өту қарқынына байланысты үш түрге бөлінеді:
А) Баяу немесе жай, сұлама (ползучая) инфляция. Бұл кезде бағаның өсуі 10 %-тен аспайды. Мысалы, Кейнсшілер, мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субьект деп есептейді. Мұндай инфляция өнідіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.
Б) Жоғарғы қарқынды (галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-200 %-ке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады. Бұл инфляцияның салдарынан жалақы өсіп ал бағаның одан әрі өсуіне әкеп соқтырады. Біздің елде болып жатқан ақшаның құнсыздануы инфляцияның осы түріне жатады.
В) Аса зор, ұшқыр инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді, астрономиялық қарқынмен 1000 %-тен жоғарғы болады.
Инфляцияның процестің мінезіне байланысты инфляцияны ашық және басыныңқы деп бөледі. Ашық инфляция түрлеріне баяу, жоғарғы қарқынды, ұшқыр инфляциялар жатады. Еркін баға белгілеу экономикасына тән ашық созылмалы ауруы түрінде көрінеді. Ашық инфляцияға кейбір тауар нарығындағы бағаның оқтын-оқтын төмендеуімен немесе оның өсуінің баяулауымен сыйыса береді. Ал ел ашық инфляцияның нарық механизмін едәуір бұрмалағанымен әйтсе де оны толық бүлдіре алмайтын көрсетеді.
Жасырын инфляция реттелмелі бағалар қолданылатын экономикаға тән, ол тауар тапшылығында, өнімнің сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда, астыртын экономикада, бартерлік айырбастың дамуында көрінеді. Басылыңқы инфляция, ақшаның жалпылама төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда тауар бағасын төмен ұстап отыруды мемлекетпен қолдау нәтижесінде пайда болады. Бұндай жағдай ұзақ уақыттан бері біздің экономикамызға тән болып отыр.
Басылыңқы инфляция өнім сапасының төмендеуімен, ақшаның амалсыз жиналуымен, астыртын экономиканың, бартерлік келісімнің дамуымен көрінеді. Басылыңқы инфляция мемлекет тауар бағасын сұраным мен ұсыным тепе-теңдігі бағасынан төмендеуін қолдау әсерінен туады, онда ақшалар жалпы төлем құралы және тауарларға бөлу өлшемі ретінде қызметін атқарудан қалады. Егер біздің осы уақытта дейінгі экономиканы алсақ, онда ол ұзақ жылдар бойы басылыңқы инфляция жағдайында болды. Және болашақ экономика үшін бұл қауіпті емес, одан әлі де болса құтылуға болады.
Инфляция таралуына байланысты екіге бөлінеді:
- Жергілікті - бағаның өсуі бір елдің ғана шекарасында өтеді.
- Әлемдік - бір топ елдерді немесе бүкіл ауқымды экономиканы қамтиды.
Инфляция балансталған, тепе-теңдікті болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы кезеңінде экономикалық ахуалды білдіреді.
Балансталған инфляция әртүрлі тауарларға бағаның әрқалай өсуін білдіреді.
Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитін инфляциядан ажырата білу керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны «жоспарлайды». Мысал ретінде Ресей Федерациясының, Қазақстанның 1991 жылы бағаның жоғарылату бағдарламасын келітіруге қарқынының келтіруге болады.
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады, ол ақша айналымына, салық жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін «инфляцияны күту» басталмаған экономикада орын алса, онда халықтық бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар рынокқа сатып алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды, көбірек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-теңдік жағдайына келеді. Біз нарықтық шаруашылық қызметінің әсерін, оңды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу эффектісі деп атайды.
Шетелдік экономистер сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны екі типке бөледі:
А) Сұраным инфляциясы
Б) өнідіріс шығындарының өсуінің немесе жиынтық ұсынымның азаюының нәтижесінде болатын инфляциясы (ұсыным инфляция) . Бұл дегеніміз ұсынымның әрдайым болғанынан сұранымның өсуі немесе сұранымның өсуі ұсынымның ұлғаюынан асу.
Ұсыным инфляциясы деп өндіріс ресурстарын жеткілікті пайдаланбаған жағдайында өндіріс шығындарынан туындаған бағаның өсуі.
Көптеген елдердің экономикасында кейде мынандай жағдай қалыптасады: бағаның жалпы деңгейінің өсуі өндіріс көлемінің қысқаруымен бір мезгілде болады. Экономиканың бұндай жағдайын стагфляция деп атайды. Стагфляцияның барынша айқын себебі - жиынтық ұсынымның азаюы, яғни өндіріс шығындарының инфляциясы. Бірсыпыра ғалым-экономистер стагфляцияның себебін нарықтық құрылымдық жетілмегендігімен, ең алдымен бәсекенің тиісті деңгейінің болмауы мен түсіндіріледі. Шындығында жоғары бәсеке жағдайында бір тауарлар қымбаттауы басқа тауарлардың арзандауына әкеліп соқтырады. Жалпы бұл тұрақты макроэкономикалық баға деңгейін қамтамасыз етеді. Ал егер бәсекке жеткілікті дәрежеде болмаса, онда бағаның, оның төмендеуіне деген «қаттылығын» көреміз, яғни бір тауарларға бағаның өсуі басқа тауарларға барабар бағаның бағаның төмендеуіне әкеліп соқтырмайды. Нәтижесінде тауарларға және өндіріс факторларына қойылған бағалардың жалпы деңгейі ұдайы көтеріле бастайды.
Стагфляция монополиялардың нарықтағы үстемдігіне байланысты болады деген де көзқарас бар. Әрине, монополиялар белгілі бір өндіріс көлемін азайтып бағаны көтеру арқылы жоғары пайдаға қол жеткізеді. Дегенмен монополия жоғарғы баға деңгейінің себебі бола тұра, бірақ бағаның өсуінің себебі бола алмайды.
Көптеген зерттеушілер стагфляцияның болу себебін инфляцияның күтпеген байланыстырады. Сұраным инфляциясы жағдайында өнідірс факторларының қожайындары өздерінің табыстарының инфляцияға байланысты азаюының мүмкін екенін ескере отырып өздерінің қызметтерінің құнын көтере бастайды. Бұл өндіріс шығындарының өсуіне және жиынтық ұсынымның азаюына себеп болады. Нәтижесінде стагфляцияға тән бір мезгілде бағаның өсуі және өндіріс көлемінің төмендеуі орын алады.
ІІ Инфляцияның қалыптасу және
асқыну себептері мен механизмі.
Инфляцияның тенденция ХХ ғасырдағы индустариалды дамыған мемлекеттер қалыптасқан нарықтық механизмінің жұмыс істеуіне тән. Бұл 2 баста факторларға негізделеді:
- Қаржы және несие ақша жүйесінің қайта құрылу негізі.
- Экономикада олигополистік құрылымның қалыптасуы.
Кәсіпкердің бағаны қыздыру арқылы табыс табуды еркін бәсекеге шектеді. Сондай-ақ ақша айналымы салыстырмалы тұрақсыздығы мен бағаның құрылуын бұл кезеңде алтыншақа стандарты қамтамасыз етті. Банкноттың алтынға еркін айырбасы ақшаның құнсыздануын болдырмайды. Сонымен бірге банктер тек өздерінде бар алтын қорға сәйкес келетін банкнот мөлшерін айналымға шығара алған.
Экономикалық даму қазіргі заман сатысына өткенде баға қозғалысының бағатын күрт өзгертті. Ақша айналымында алтын толығымен сыпырылып, оның орнына ұсақталмайтын қағаз ақша келді. Ал несие-ақшалай механизм ақша массасының артуына жағдай туғызып, бұл мемлекеттік шығындардың өсуі мен мемлекеттік бюджеттің үнемі жетімсіздігіне итермеледі.
Көптеген экономикалық салаларда олигополистік құрылым әдетте болды. Бұл жағдайда ірі кәсіпкерлер баға мен нарыққа өз ықпалын тигізе алады. Бұл ірі өндірушінің бірыңғай өнім саласына орнатқан бағаны бағаға қалыптастырудағы бейімдешілігінен көрінеді.
«Тауарларға бағаның өсуі» деген жаңа тенденция басталады. Бірақ та ХХ-ғ-ң 30 жылдарына дейін артық өндірудің циклдық дағдарысы кезеңдерінде баға өсуі тоқтатылып, баға тез төмендеген.
ІІ Дүние жүзілік соғыс жылдарында нарықтық экономикадағы елдердің барлығында дерлік бағаның өсуі байқалды. Бұнда өндіргіш күштердің соғыстан қирауы инфляциялық процестердің экономикалық негізі болды. Өндірістегі өзгерістер қаржы сферасы мен ақша айналымына да зақым әкелді: бюджет дефицитінің өсуі байқалды, мемлекеттің қарызы өсті, қағаз ақшаның үлкен эмиссиясы болды.
Соғыс біткеннен кейін баға өсуінің тенденциясы сақталды. Барлық мемлекеттерде экономикалық дағдарыс кезінде де баға үнемі бірдей болған жоқ: 50-60 жылдары басыңқы болса 70 - 80-ші жылдарға кем жоғарғы қарқындыға дейін жетті.
70-ші жылдары инфляцияның өсуінің басты факторы - өндірістің өсу қарқынының төмендеуі болды. Бұл әдеттегідей құрылым дағдарысымен араңдатылды. Сол жылдары инфляцияның өсуіне сыртқы факторлар да әсер етті - доллардың девальвация мен әлемдік нарықта шикізатқа бағаның өсуі.
Бағаның көтерілуі мен ақша мөлшерінің көптігі инфляцияның тек сыртқы көріністері болып табылады. Ал оның түпкілікті себебіне халық шаруашылығының пропорциясының бұзылуында яғни жалпы тепе-теңсіздіктің бұзылуы.
Инфляцияның толқынды тудырушы және ақша нарығын құнсызданған ақшамен толтырушы кім? Инфляция көп сәйкесдіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын атайық.
Бұнда ең алдымен Орталық банкті айту керек (Қазақстанда бұл Ұлттық банк) . Ол нарықтық экономикада ақша эмиссиясын жүргізеді. Банктің жұмысы тауар айналымын дұрыс қамтамасыз ету үшін оны жеткілікті арттырмай шығару. Себебі ақша артық шығарылса ол құнсызданады. Бұл әдетте бюджеттің тапшылығы кезінде туады. Бұл жағдай экономиканың милитаризациясы кезіне тән болады. Біздің жағдайда ұзақ уақыт бойы Ұлттық банк үкіметке бағынып, бүкіл мемлекет тік шығындарды қаржыландырды, субсидия берді, сондай-ақ нәтижелері шамалы болған өндірстерге несие берді, несие қарызын жұмсалды, төленді деп есептеді. Бұл тоқталмайтын ақша эмиссиясын тілдірді. Осындай жағдайда инфляция ашық көріністе болып, тез өршіді.
Экономиканың милитаризациясы инфляцияны басқа, мемлекеттік бюджетпен байланыссыз, себептермен де туғызады. Ол қоғам қаржысын азайтып, азаматтық салалар артта қалады. Тұтынушылар комплексінің өсуі баяулайды. Ал жұмысшылардың табысын қамтамасыз ететін дәл осы ғой. Сондықтан да бір уақыт аралығында қоғамда еңбек ақы мөлшерінің өсуі тауар өсімін таппай қалады. Бұл салалық құрылымның деформациясы, құрылымдық инфляцияның дамуының қайнар көзі. Инфляциялық өсу инвестицияны қаржыландыру жүргізгенде де байқалады. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар - олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайында және мемлекеттік қарыздық ұдайы өсуіне ұрындырады.
Инфляциялық процесті тудырушылардың біріне монополия жатады. Бұл еркін бәсекені қысқартып, осыдан ұсымның қысқаруына да әкеледі. Бұның есебінен монополиялық жоғарғы баға орнатылады.
Инфляцияның өркендеуіне үлкен салық пен несиенің проценттік ставкалар итермелеуші бола алады. Бұған кәсіпорындардың 2 реакциясы болуы мүмкін:
- Пайдасыз өндірістен ұсынымның қысқарып, сұраныс нарығына қысымды күшейтеді.
- Оны шығаратын тауар бағасына ыңғайластыру.
Бұл кезде баға да өседі. Кәсіподақтың жалақыны көтеруге жасаған ұтымды қимылдары да тура осындай көрініс алады.
Инфляцияның сыртқа итермелеуші күшіне - әлемдік нарықтағы бағалардың өсуі болып табылады. Елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға жартылуы барысында «импорттық» инфляцияның қаупі туады. Мысалы, 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкелді. «Импорттық» инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттады, ал бұл қабілетті төмендетеді.
Инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол «инфляцияны күту» нәтижесінде орын алады. Батыс елдердің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық тауарларға бағаның көтерілуін күтіп, жинаған ақшаларын көптеп тауар алып жұмсайды. Бұдан сәйкес сұраным өсіп, баға да шарықтайды. Осыдан инфляция өсе береді, бұл «инфляциялық күтудің» тереңдеуіне әкеледі.
Инфляцияның тереңдеуінің процесі.
Инфляцияның механизмі.
Батыс экономистері жасаған теорияларда инфляцияның альтернативті қайнар көздері ретінде сұраным инфляциясы мен шығындар инфляциясын көрсетеді.
Сұраным инфляциясы.
Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы сұраныстан көрінеді. Сұраным инфляциясының мәнін бір сөзбен былай деп сипаттауға болады: «Тым көп ақшалар тым аз тауарларды аулайды». Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы «әскери, әлеуметтік шығындар), толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс құрал-жабдықтарына сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі, кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылауы «жалақының өсуі» т. б. Осының салдарынан айналымға тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі. Мұндай жағдайда өндірісте жұмыс пен қамту толық болғанымен өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда айналымдағы төлем қаржыларының көбеюі шектелген тауар ұсынысына тап болады, сөйтіп бағаның жалпы деңгейі өседі.
Шығындар инфляциясы.
Шығындар инфляциясы бағалардың өсуін, өндіріс шығындарының ұлғаюымен түсіндіріледі. Шығындардың көбеюі баға белгілеудің олигополиялық тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және финанстық саясатынан, шикізат бағасының өсуінен, кәсіподақтық жалақының көтеру талабынан және т. б. болады. Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар бір-бірімен тығыз байланыста, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде көрінуі мүмкін.
Шығындар инфляциясының 2 түрі бар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz