Интернеттен ақпарат iздеу


ЖОСПАР

БЕТ

  1. КIРIСПЕ 3
  2. Негiзгi бөлiм
  1. Интернет деген не? 4
  2. Интернет ауқымды желiсiнiң сервисттерi. 7
  3. World Wide Web (WWW) 10
  4. Интернеттен ақпарат iздеу. 12
  5. Iздестiру жүйелерi. 17
  6. WWW-дегi ақпараттарды оқу. 19
  7. Интернет компьютердi адамның күнделiктi

Өмiрiне енгiзу. 21

  1. Қорытынды 25
  2. Пайдаланған әдебиеттер 27

КIРIСПЕ

Он бес жылда компьютер есептеп шығару орталықтарының экзотикалық жабдығынан миллиондаған адамдардың күнделiктi жұмыс құралына айналды. әлемде компьютерлер және ақпараттық желiлер жаппай қолданылуда. Қазiргi уақытта компьютерлер мен Интернет қоғамының байланыс жолдарынан немесе электр жүйесiнен бiрде кем емес маңызды инфрақұрылымды құрап отыр.

Интернет бұл көлемi жағынан шағын, бiр бiрiмен жалғасқан көптеген жүйелерден тұратын және бүкiл жер шарын қамтып отырған алып компьютерлiк торап.

World Wide Web (WWW) -“дүниежүзiлiк өрмек” информацияны iздеп бүкiл дүние жүзiне электрондық саяхат жасайтын гипермәтiндiк жүйе болып табылады.

World Wide Web (WWW) -интернеттiң ең қарапайым, өте кең тараған қызметi болып табылады. Көбiнесе он тек Web деп атайды. Бұл қызметтiң жалпыға түсiнiктi болғаны соншалық, көпшiлiк оны Интернеттiң өзi деп ойлап қалады.

Электрондық пошта да, телеконференциялар жүйесi де ақпарат алмасудың “сырттай” жүйелерi iспеттес. өз пошталық жәшiгiмiздi ашып, бiз оған келiп түскен хабарламаны көремiз. World Wide Web қызметi интерактивтi жұмыс iстеуге арналған. Ол ақпараттарды iздеу және жинау мүмкiндiгiн бередi. WWW пен жұмыс iстеу қызықты орындарды көру мақсатында әлемге виртуалды саяхат жасауға өте ұқсас. World Wide Web астарында HTML құжаттарының форматы және гипермәтiндiк сiлтемелер деген екi ұғым бар.

ИНТЕРНЕТ ДЕГЕН НЕ?

Қазiргi уақытта 20 -дан аса ауқымды (глобальдi) желiлер бар, солардың ең танымалысы -Интернет желiсi.

Интернет- бiр-бiрiмен каналдарды және бiрегей қабылдау, мәлiметтердi беру стандарттары арқылы өзара байланысқан компьютерлер мен компьютер желiлерiнiң жиынтығы. Ол деген жер шарын қамтып жатқан ауқымды бүкiләлемдiк ақпарат жүйесi болып табылады.

Бүгiнде осы ақпараттық кеңiстiкке 120 млн. аса пайдаланушылар қосылған. Олардың әрбiрi одан өзiне арқылы байланысқан компьютерлер мен компьютер желiлерiнiң жиынтығы. Соның нәтижесiнде Интернет ақпарат ресурстарымен үздiксiз толығып отырады.

Интернет 1969 жылы АқШ -та осы елдiң қорғаныс министрлiгiнiң тапсырысы бойынша жасалған ARPONET желiсiнен пайда болды. ARPONET оқу орындарын, әскерлер мен әскери мердiгерлердi бiрiктiретiн желi едi. Ол о баста зерттеушiлердiң ақпарат алмасуына көмек ретiнде, сондай-ақ ядролық шабуыл кезiнде байланыс жасау керектiгiн зерттеу үшiн жасалған. ARPONET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге және қашықтағы компьютерге программа енгiзуге мүмкiндiк бередi. Ұзамай бұған файлдарды, электронды поштаны және жөнелту тiзiмiн беру мүмкiндiктерi қосылады. Мұндағы мақсат бiр мәселелемен айналысып жүрген зерттеушiлердiң ақпарат алмасуларына мүмкiндiк ашу болатын.

Бiрақ ARPONET -тiң өсуiне орай және басқа желiлерде дамып, оларды бiр-бiрiмен жалғасыру қажеттiгi туындады. Осылай бiр-бiрiмен жалғасқан желлерден тұратын Интернет дүниеге келдi. Желiаралық құрылымдар жұмыс iстеуi үшiн бiрегей ереже жасап шығу қажет болды. Ол ереже, басқаша айтқанда, хаттама, түрлi желiлер арасында мәлiметтермен алмасуды реттеу үшiн керек едi. Компьютер тiлiнде хаттама дегенемiз -клесiмдер жиынтығы, ал ол болса, түрлi программалар арасында мәлiметер алмасуды реттейдi.

Хаттамалар желiге мәлiметтердi беру мен қателердi өңдеудi тапсырады. Оларды пайдалану мәлiметтер алмасудың нақытылы өңдеудi тапсырады. Оларды пайдалану мәлiметтер алмасудың нақытылы ақпараттық тарату жүйесiне тәуелсiз стандартты жасауға мүмкiндiк бередi.

Интернетте ТСР/IP пайдаланады. Бұл әрiптер Transmission Control Protocol/Internet Protocol (Беру басқармасының хаттамасы / желiаралық хаттама) дегендi бiлдiредi. IP желiдегi адрестеуге жауап бередi, ал ТСР хабарларды тиiстi адрестер бойынша жеткiзудi қамтамасыз етедi, олар 1974 жылы жасалған. Егер бiз Интернетке қысқаша анықтама iздесек, онла оны жай ғана бұл ТСР/IP хаттамасын пайдаланатын желiлердiң желiсi деп атауға болады. Байланыстың талшықтық-оптикалық және спутниктiк тiзбектерiмен бiрiктiрiлген ең өнiмдi компьютерлердiң бiрнешеуi Интернеттiң тiрек желiсiн құрайды. Тiрек желiсiнде суперкомпьютерлер жұмыс iстейдi, олар әдетте аса iрi университтетiк немесе ғылыми орталықтарда орналасқан, көбiсi АҚШ территориясында. Тiрек желiсi тiзбектерiнiң өнiмдiлiгi секундына бiрнеше Гбайт-қа жетедi. Тiрек желiсiне, мысалы, қарамағында ұлттық көлемдегi компьютерлiк желiлер бар тек iрi ұйымдар ғана қосылады. Олардың байланыс тiзбектерiнiң өткiзу қабiлеттiлiгi ондаған, тiптi жүздеген Мбит/с шегiнде. Ұлттық желiлерге кәсiпорындар мен провойдерлердiң жергiлiктi желiлерi қосылады. Тiзбектiң типiне байланысты олардың өнiмдiлiгi ондаған Мбит/с-қа дейiн барады. Кейiн бұл жергiлiктi желiлердiң компьютерлерiне жеке пайдаланушылар қосыла алады.

Егер ұйымдар мен жеке адамдар ақы төлеу негiзiнде Интернетке шығарылатын болса, оларды провайдерлер деп аталады.

Интернетте көптеген қызметтер iстейдi. Ең танымалысы - электронды пошта (e-mail) WWW мәлiметтер базасы, Usenet телекомнференциялар жүйесi және FTP файлдық архивтар жүйесi. әр қызметтiң өз хаттамасы болады.

Соңғы үш-төрт жылда болған аса ауқымды ақпараттар тасқыны дәл осы WWW(World Wide Web ) жүйесiнiң және онымен байланысты хаттамалардың пайда болуынан туындайды.

WWW(World Wide Web ) қызметтегi құжаттар үшiн арнайы программалар броузерлер болады, олар жаңағыдай құжаттарды экранда көрсете алады. Боузердiң көмегi арқылы WWW(World Wide Web ) құжаттарының көпшiлiгiне шыға аламыз. Web құжаттарының кез келгенiнiң әдетте гиперсiлтемелерi болады. Гиперсiлтемелер - бұл басқа Web құжаттың адресi байланысқан мәтiннiң фрагментi немесе құрамдас объектiсi.

Броузерде қарағанда мәтiндiк гиперсiлтемелер түсi мен асты сызылумен, ал графикалық гиперсiлтемелер жақтауымен ерекшеленедi. Маустың көрсеткiшiн гиперсiлтеме болып келетiн объектiге бағаттағанда, көрсеткiш пiшiнiн өзгертiп, алақан бейнесiн қабылдайды. Гиперсiлтеменi шерткенде броузер автоматты түрде бұл сiлтеме нұсқаған Web құжатты, тiптi бұл құжат басқа континентте орналасқан компьютерде болса да жүктейдi. Осылай, гиперсiлтемелер бойынша бiр құжаттан басқасына өтiп, Web-кеңiстiгi бойынша саяхат жасауға болады.

Ең танымал және кең тараған броузер -Netscape Navigator, одан соң-Intenet Explorer. Ол Windows -95 операциялық жүйесiне қосы тiркеледi.

ИНТЕРНЕТ АУҚЫМДЫ ЖЕЛIСIНIҢ СЕРВИСТЕРI.

Интернеттегi электрондық пошта. Интернеттiң ең маңызды сервистерiнiң бiрi электрондық пошта болып табылады. Егер Интернет басқа желiлердiң ақпараттық ресурстарымен байланыста екенiн ескерсек, ол пайдаланушыға әр түрлi халықаралық компьютерлiк желiлерге жол ашады (хабар қабылдау-жөнелту арқылы) деуге болады.

Интернеттегi электрондық поштаның мүмкiндiктерiн пайдалану үшiн. W W W ресурсына қосылған компьютерге поштаны беретiн машинаға шығу мүмкiндiгiне ие болу керек. Мұны электрондық пошта жүйесi (e-mail) арқылы жасауға болады, мысалы Lotus cc: Mail немесе Microsoft Mail, пошталық BBS арқылы немесе Интернет қызметтерiн жабдықтауышқа қосылған компьютер арқылы (оларды Интернет провойдерлерi деп атайды)

Электрондык поштаның ұйымдастыру принциптерi көп жағынан кәдiмгi пошта қызметiне ұқсайды. Пайдаланушы корреспонденцияны жұмыс орында пошта дайындау бағдарламасымен немесе кәдiмгi мәтiндiк редакторда дайындайды. Кейiн прштаны жөнелту бағдарламасы швқырылады. Ол кәдiмгi плштаны әрi қарай жөнелту үшiн байланыс бөлiмiне жеткiзетiн пошта курьерi есебiнде жұмыс iстейдi.

Кез келген пошталық байланыстың негiзгi адрестер жүйесi болып табылады. Нақты адрес болмаса, адресатқа поштаны жеткiзу мүмкiн емес. Интернетте желiге қосылулы машинаның домендiк адресiне негiзделетiн адрестер жүйесi қабылданған. Адрес екi бөлiктен тұрады: пайдаланушының инденфикаторы және машинаның домендiк адресi . Send Mail поштаны жөнелту бағдарламасы Интернет пiшiмiнiң адрестерiн UUCP (Unix to Computer Prototol) пiшiмiне (хаттамасына) өзi өзгертедi.

FTR (File Transfer Prototol) файлдарын беру Интернеттегi компьютерлер арасында файлдарды қайта бағыттап отыруға мүмкiндiк бередi. FTR бағдарламалық қамтамасыз етуi екi бөлiкке бөлiнген. Бiр бөлiгi файлдар бар компьютерде ( FTR сервер) екiншiсi осы файлдарды талап етушi компьютерде орындалады. Интернетке қосылған кез келген электрондық хабарландыру тақтасы немесе жергiлiктi компьютер компьютер клиент бола алады.

Usenet телеконференциялары дегенiмiз Интернеттiң кез келген пайдаланушысы қатыса алатын аса үлкен электрондық хабарландыру тақтасы. Usenet жер шарынның әр түрлi нүктелерiнде тұратын адамдардың пiкiр алысуларына мүмкiндiк бередi. Ол үшiн Интернетпен байланыс орнатып, Usenet серверiне қосылып, хабарларды оқитын арнайы бағдарламаны өз компьютерiңде iске қосу жеткiлiктi. Бұл сервер қабылданатын және жiберiлетiн хабарларды басқа Usenet серверiмен алмасып отырады. Хабарларды оқу бағдарламасы пайдаланушы қосылған конференциялар тiзiмiн және ол жауап беруге тиiстi хабаларды көрсетедi. Usenet әр түрлi тақырыптар және мүдделер бойынша көптеген конференцияларға бөлшектенген.

Archie FTR шыға алатын файлдар саны өте үлкен және үнемi өсуде . Талап етiлген ақпаратты iздеу үшiн Archie құмырсқа деп аталатын құрал қолданылады. Archie - серверлер FTR шыға алатын файлдар тiзiмдерiн жасап, оларды үнемi жаңартып отырады.

Archie жүйесi екi әдiспен: Archie-сервермен тiкелей қатынасатын жергiлiктi Archie версиясын iске қосумен қолданылады.

Telnet Интернетке қосылғаннан кейiн Интернетегi кез келген басқа компьютерге шығуға болады -тек ол үшiн рұқсаты болуы және қашықтағы компьютер бұл байланысты бағдарламалық жағынан қолдауы керек. FTR файлдарды серверге және керi қарай көшiрмелейдi, ал Telnet болса, тiкелей өзiмен жұмыс жасалып жатқандай етiп, қашықтағы компьютермен байланыстыра алады. Telnet көмегiмен қашықтықтағы компьютерге шығу электрондық хабарландыру тақтасына қосылуға өте ұқсайды, бiрақ бұл жерде екi компьютер қосылуы үшiн телефон қоңырауы қажет емес, Telnet командасын байланысатын компьютер атымен енгiзу жеткiлiктi.

Gopher түйiндi сөздер және сөйлемдер бойынша Интернетте ақпарат iздеу құралдарының бiрi. Жүйемен жұмыс iстеу мазмұнды қараумен тектес, сонымен бiрге пайдаланушыға бiрқатар қабаттасқан менюлерден өтiп, қажеттi тақырыпты таңдау ұсынылады. Интернетте бiрнеше мың Gopher жүйе бар, олардың бiр бөлiгi тар мамандандырылған, алл екiншiсi сан қилы мәлiметтерден тұрады. Gopher ақпаратты аттар мен адрестердi терусiз-ақ алуға мүмкiндiк бередi -пайдаланушы өз уақытын үнемдеп, тек қана меню жүйесiнен өзiне қажеттiнi таңдайды.

WAIS жүйесi интернетте алуға болатын деректер базаларында ақпарат iздеу кезiнде интерфейстi қамтамасыз ету үшiн құрылған. WAIS жүйесiне деректер базаларының үлкен көлемi қосылған.

Талап етiлген ақпаратқа жету жолында бiрнеше менюдi қарауға тура келетiн Gopher жүйесiнен айырмашылығы - бұл жүйе тек қана басқа WAIS - сервер таңдалған деректер базасына шығып, сұратуды орындап, iэденiс нәтижесiн қайтарады. WAIS жүйесiн қандай ақпарат қажет екенi анық белгiлi жағдайда қолдану тиiмдi.

World Wide Web (WWW)

World Wide Web дегенiмiз - гипермәтiндi желiлiк ақпараттық жүйе. Интернет және интранет желiлерiнiң осы сервисiне ерекше тоқталу керек, өйткенi оның негiзiне қаланған идеялар желiлер үшiн ғана емес, барлық дерлiк жетекшi фирмалардың офистiк өнiмдерi (Microsoft Office 97 көрнекi мысал бола алады), операциялық жүйелер және көптеген басқа бағдарламалық өнiмдер үшiн ерекше рөл атқарады.

WWW авторлары -Женевадағы элементтер бөлшектер физикасының лаборатория қызметкерлерi, физиктер Том Бренс-Ли және Роберт Кайо. Бұл ғалымдар физикалық зерттеу нәтижелерiн талдау мақсатында бүкiл дүние жүзi ғалымдары арасында байланыс орнатуды жүзеге асыру үшiн жүйе жасауды қолға алған. Мұнда ақпарат гипермәтiндi формат арқылы таратылады. Гипермәтiн мүмкiндiгi Web мәлiметтердiң бiрiнен екiншiсiне оңай көшудi жеңiлдетедi.

Интернетте орасан көп ақпарат сақталады. Gopher және WAIS секiлдi стандарттар және бағдарламалардың дамуы ақпарат iздеудi едәуiр жеңiлдеткенiмен, оны бiрiктiрiп, бiр жерге жинау үшiн, интернет жөнiнде әжептәуiр техникалық мағұлматқа ие болу шарт. Бұл әсiресе әр ресурспен - Usenet, Archie, FTR және т. б. жеке-жеке жұмыс iстегенде талап етiледi.

WWW бiртұтас пайдаланушы интерфейсi арқылы әр түрлi ресурстармен байланыса алатын бағдарлама - клиенттердiң бiр түрiмен (Web- browser- броузер немесе навигатор) жұмыс iстеуге мүмкiндiк бередi. Көптеген броузерлер интернеттiң басқа сервитерiне (электрондық пошта, Gopher, FTR, USENET. WAIS шығуды қамтамассыз етедi. Басқаша айтқанда, уақыт өте броузерлер интернетке шығуды барынша жеңiлдететiн жалғыз бағдарламалық инструмент барынша жеңiлдететiн жалғыз бағдарламалық инструмент болып қалуы мүмкiн.

World Wide Web қазiргi заманғы ақпаратқа шығу технологияларының бiрiн-гипермедианы iске асырады. Бұл технологияларының базалық түсiнiгiнiң бiрi гипербайланыс немесе гиперсiлтеме болып табылады.

Гипербайланыс пайдаланушыға менюi, жұмыс орн, басқару және ақпарат байланысы элементтерi Help -жүйесi және басқа жүйелер бойынша жақсы таныс гипермәтiндiк сiлтемеден тәуiр жақтарымен ерекшеленедi. Бiрiншiден, гипербайланыс-“не нәрсеге де” және “қайда да”, яғни жүйенiң кез келген нүктесiндегi кез келген файлға немесе бағдарламаға сiлтеме. Екiншiден, гипербайланыс “иерархиялық қосылу”, ”басқару”, “бағыну” сияқты “ауырлатылған “қатынастардан таза. Сондықтан ол ақпарат жүйесiнде байланыстың тiзбектi иерархиялық, көлденең, жалпы жағдайда неғұрлым табиғи желiлiк түрлерiн жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Бұл ресурстың “әлемдiк өрмекшi торы” деген атынан -ақ көрнiп тұр. Үшiншiден, қазiргi өнiмдерде гипербайланыс оңай және айқын орнатылады. Бұл да оның байланыстың басқа түрлерiнен артықшылығы.

Web-серверлерiн интернеттiң ауқымды желiсiнде пайладану мультимедиа пiшiмiнде ақпарат алмасудың кең мүмкiндiкерiн ашады. Бұл ол кезегiнде өнiмдi жарнамалап нарқыты зерттеуге техникалық қолдануды жүзеге асыруға, сондай-ақ көптеген мiндеттердi тиiмдi шешуге мұрындық болады.

Гиперсiлтеме және мультимедаи мүмкiндiктерi түрiндегi өзара байланыс кәсiпорындарын ақпараттық құрылымның шегiнде бiрқатар артықшылықтар бередi. Интернет технологияларын жергiлiктерiн қажетiлiктерi үшiн пайдалану “интернет” деген атқа ие болды. Бұл кеңесiлiк файл серверiмен жай ғана жұмыс емес, дербес компьютермен телекоммуникацияларды неғұрлым тиiмдi пайдалану мұның үстiне, жақын болашақта ұжымдық жұмыспен қамтамасыз ету мiндетiн интернет орындайды деген пiкiр бар.

ИНТЕРНЕТТЕН АҚПАРАТ IЗДЕУ.

Интернеттiң ауқымды ақпараттық жүйесiнiң пайда болуымен дамуы оны ұйымдастырудың ерекше технологиясы арнайы бағдарламалар - броузерлер қажеттiлiгiн тудырады. Бұл бағдарламалар интернет стандарты бойынша жүзеге асырылған желiлер де жұмыс iстеуге бейiмделген. Олар бүкiл әлемдiк “өрмекшi торының” (World Wide Web -WWW) Интернет сервистарының ресурстарын қарауды ұйымдастырады. Бұл тарауда W WW -мен жұмыс кезiнде Microsoft Internetv Expoler (MIE немесе IE) броузерiн пайдаланудың негiзгi принциптерi баяндалады.

World Wide Web -Интернетiң қарқынды дамып келе жатқан технологияларының бiрi. WWW мәнi мынада: ол ақпаратты түрлi компьютерде орналасқан жекелеген мәтiндiк графикалық және т. б. файлдар түрiнде ұсынады. Бұл файлдар өзара гипербайланыстар арқылы бiрiктiрiлген файлдардың мұндай жиынтығын Web құжат (Web-сайт) ретiнде интерпретациялаймыз. Web құжат жекелеген Web беттерден тұрады. Web серверде бiрнеше Web құжат орналасады.

Web құжатты iздеу және оған шығу арнайы нұсқағыш (индентификатор) -URL (Uniform Resours Lokator) бойынша орындалады. Стандартты URL ақпараттың хаттамасын, ақпарат орналасқан компьютердiң атын және соған шығудың жолын белгiлейтiн үш бөлiмнен тұрады. Мысалы, ойыншықтар сатумен айналысатын Vermont Teddy Вears компаниясының URL құрылымы мынандай болып келедi:

Htpp //www. serwise. dicital. com /tdb / vtdbaer. htm

Хаттама компьютердiң қапшықтың файлдың

аты аты аты

URL-дi көрсету арқылы пайдаланушы қажеттi файлды нақты белгiлейдi

Ақпарат түрi: Ақпарат түрi
Кеңейту: Кеңейту
Түсiнiктеме: Түсiнiктеме
Ақпарат түрi: Мәтiн
Кеңейту: . htm . html
Түсiнiктеме: HTML пiшiмi мәтiн мен ақпараттың экранда көрiнуiн белгiлейтiн арнайы пiшiмдеу кодын бередi.
Дыбыс: Дыбыс
. au . snd . mid . mp3: . au . snd . mid . mp3
MIDI MP3 дыбыстық файлдардың тиiсiнше пiшiмдерi: MIDI MP3 дыбыстық файлдардың тиiсiнше пiшiмдерi
Дыбыс: Кескiн
. au . snd . mid . mp3: . gif . jpg . tif
MIDI MP3 дыбыстық файлдардың тиiсiнше пiшiмдерi: GIF, JPEG, TIFF пiшiмдерiнiң графикалық файлдары
Дыбыс: Бейне
. au . snd . mid . mp3: . mpg . mov . avi
MIDI MP3 дыбыстық файлдардың тиiсiнше пiшiмдерi: MPEG Apple Quicklime, Microsoft Video пiшiмдерiндегi бейне-клиптер.
  1. кестесi. қолданатын ақпараттар мен файлдардың түрлерi.

Web- құжатты қарау үшiн арнайы бағдармалық қолдау керек,

жоғарыда атталып өтiлгендей, WWW -дi көруге арналған қосымша Web броузер деп аталады. Internet Explorer (Microsoft фирмасы жасаған) және Netscape Navigator (Netscape Communications Corp фирмасынiкi) анағұрлым танымал. Web-броузерлер WWW-ға қоса, Интернеттiң басқа да ресурстарына (Usenet телеконференциялары, FTR файлдық архивтерi және т. б. ) шығуға мүмкiндiк бередi.

Қазiргi кезде Интернет ресурстарымен жұмыс iстеп, операциялық жүйенiң мiндеттерiн атқаратын Web-броузерлер жасау жоспарлаған. Айталық Netscape Communications Corp компаниясы Netscape Navigator броузерiне ОС үшiн мүмкiн нәрселердi қосса, ал Microsoft өзiнiң Internet Explorer өнiмiн ОС Windows-қа интеграция жасаған. Соның нәтижесiнде пайдаланушыларға таныс Windows интерфейс сақталып, Жұмыс орнын Web -бетi түрiнде бейнелеу мүмкiн болып отыр. Сөйтiп, пайдаланушы тiкелей жұмыс орнында Web адрестердi пернетақтадан енгiзу, жұмыс орнына Web беттер таңбашасын орнату мүмкiндiгiн алады. Мұның үстiне, қажеттi бетте өзгерiс болған жағдайда, Internet Explorer хабарламаны автоматты түрде қалыптастырады. Бұл биржа мәлiметтерiн, валюта курстарын және басқа оперативтi ақпараттың Web беттерiн қараудың ыңғайлы құралы. Windows осы версиясында жұмыс орны Active Desktor (активтi жұмыс орны) деп аталады және онда жаңа Outlook диспетчерi ақпараттың табиғи бiрiгуiн қамтамасыз етедi.

Бүкiл әлемдiк желiде әр сервердiң өзiндiк ерекше аты бар, ол домендiк есiм деп аталады. Оған стандартты хаттамалардың бiрi шегiнде енуге болады.

Интернет абонентерiнiң бiр -бiрiмен байланысы қарапайым болу үшiн, адрестердiң бар кеңiстiгi облыстарға домендерге бөлiнедi. Негiзiнен домендер екi әрiп қосындысынан тұратын географиялық аймақтарды қамтиды. Мысалы: Франция - fr, АҚШ -us, Россия -ru, Қазақстан-kz .

Домендiк адресте алдымен компьютердiң аты, содан соң ол қосылған желiнiң аты келедi. Тақырыптың белгiлерiне қарай бөлiнетiн домендер де болады. Мысалы, коммерциялық ұйымдар -com, оқу орындары -edu, халықаралық -int.

Компьюютердiң аты өзiне бiрнеше домендiк деңгейлердi қосады. Әр деңгей басқасынан нүктемен бөлiнедi. Жоғары деңгейдегi доменнiң сол жағында тұрған барлық атаулар қосымша домен болып есептеледi. Мысалы: home. microsoft. com атауы . Мұнда com - коммерциялық ұйымдар үшiн жалпы домен, home - microsoft -қа қосымша домен, ал ол өз кезегiнде com -ның қосымша доменi болып табылады.

Microsoft Internet Explorer броузерi WWW құжаттарын қарауға арналған. Оның негiзгi қызмет мүмкiндiктерiне мыналар жатады:

  • Түрлi терезелердде бiр мезгiлде ашылған құжаттарды қарау;
  • Бұрын қаралған құжаттарды жылдам экранға шығаруды қамтамасыз ету;
  • Құжаттарды экранда бейнелеу режимiн басқару
  • Электонды пошта қызметiн қолдау
  • Қаралған құжаттарды немесе олардың бөлiктерiн магниттi тасушыда сақтау.
  • Ағымдағы Web бетте ақпаратты iздеу.
  • Интернетте ақпарат берудiң типтiк стандарттарын қолдау керек.

Интернетте ақпаратты қарау үшiн Internet Explorer броузерiн пайдалануға болады.

Internet Explorer броузерiн iске қосу үшiн мына әрекеттi орындау керек:

Пуск→Программалар→ Internet Explorer

немесе Internet Explorer пиктограммасында екi рет шерту керек. Сонда диалог терезесi шығады.

Компьютер автоматты түрде сiздiң провойдердiң нөиерiн тередi. Егер модемнiң динамигi қосылып тұрған болса, телефон нөмерiнiң терiлу дыбысын естисiз, содан соң бiрнеше минут жағымсыз шиқыл естiлiп тұрады, бұл модемнiң байланыс орнатып жатқанын бiлдiредi. Explorer программасы сiздiң провойдермен интернет қызметiн байланыстырады, содан соң Internet Explorer терезесi шығады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пән Дәлелді медицина негіздері
Интернет технологиясының негіздерін оқыту әдістемесі
Web-бет дизайны, HTML
Web-дизайн негіздері. Қазіргі замандағы Интернет - технологиялар
Ақпараттық жүйелер және технологиялар орталығы
Квест сабақтарының артықшылығы - оқытудың белсенді әдістерін қолдану
Дельфи ортасында браузер құру
Зиянды бағдарламалардан қорғау
Зиянды бағдарламалар
Қазақстан Республикасы кітапхана оқырмандарға Интернет жүйені қолдануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz