Turbo Pascal тілінің негізгі элементтері



Мазмұны
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Turbo Pascal тілінің негізгі элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Turbo Pascal .ды іске қосу.Компиляциялау ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Программа құрылымы. Қарапайым программа ... ... ... ... ... ... .
1.4 READLN, WRITELN операторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.5 Тармақталу. Циклдер. Жай шарт. Құрама шарт ... ... ... ... ... ...
1.6 Есептер шығаруда қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.7 Массивтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.8 Жазбалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.9 Жиындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.10 Файлдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Pascal тілін 1968 – 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандартты кейінірек бекітілді, ол сол кездері кең таралған ALGOL, FORTRAN, BASIC тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды. Pascal тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралады. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс істей алады. Pascal тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай. Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де содан кейін ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі – алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі – объектік кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдік тілде жазылған алғашқы нұсқасы өңделеді. Қазіргі кезде Pascal кез – келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.
ХХІ ғасырдың 20 жылдарында Ч. Бэббидж (автоматты) цифрлық есептегіш машиналардың автоматты түрде есептеу, яғни программалау үлкен өзгеріс әкелген идея болды. Бэббидждің программаларды Жозеф Мари Жаккардың ойлап шығарған тігін станоктары қызметін басқаратын перфокарталарға жазуды қолданған әдісі техникалық жағынан қазіргі ЭЕМ-дегі программаларды сақтаумен еш қатысы болмаса да осы кезеңнен программалаудың дамуы басталды. Ч. Бэббидждің замандасы болған Аду Лавлейс аналетикалық машинаны дұрыс бағалап дүние жүзіндегі бірінші программист атанған. А. Лавлейс есептеудің әрі қарай жалғасуын басқарудың кейбір тәсілдерінің жолдарын теориялық негіздерін жасаған. Бұл программалау тілі, яғни цикл (айналым) кең қолданылып келеді.
Программалау тілдерінің даму тарихында Пенсильваний университетінің қызметкері Джон Маучли ұсынған машиналық командаларды арнайы символдар көмегімен кодтау жүйесі үлкен жаңалық әкелді.
Қолданылған әдебиеттер.
1. Авторы: Алексеев Е. Р. "Турбо Паскаль 7.0" Идеалный учебный курс. Численные методы. Москва - 2006.
2. Авторы: Немнюгин С. А. "Turbo Pascal" учебник. Санк-Петербург - 2002.
3. Авторлары: Б. Бөрібаев. Б. Нақысбеков Т. Мадиярова. "Инфарматика және есептеуіш техника негіздері". Алматы – 2002.

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Turbo Pascal тілінің негізгі элементтері

Мазмұны
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Turbo Pascal тілінің негізгі элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Turbo Pascal - ды іске қосу.Компиляциялау ... ... ... ... . ... ... ... .
1.3 Программа құрылымы. Қарапайым программа ... ... ... ... ... ... .
1.4 READLN, WRITELN операторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.5 Тармақталу. Циклдер. Жай шарт. Құрама шарт ... ... ... ... ... ...
1.6 Есептер шығаруда қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..
1.7 Массивтер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.8 Жазбалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.9 Жиындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.10 Файлдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Pascal тілін 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандартты кейінірек бекітілді, ол сол кездері кең таралған ALGOL, FORTRAN, BASIC тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды. Pascal тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралады. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс істей алады. Pascal тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай. Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де содан кейін ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі - алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі - объектік кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдік тілде жазылған алғашқы нұсқасы өңделеді. Қазіргі кезде Pascal кез - келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.
ХХІ ғасырдың 20 жылдарында Ч. Бэббидж (автоматты) цифрлық есептегіш машиналардың автоматты түрде есептеу, яғни программалау үлкен өзгеріс әкелген идея болды. Бэббидждің программаларды Жозеф Мари Жаккардың ойлап шығарған тігін станоктары қызметін басқаратын перфокарталарға жазуды қолданған әдісі техникалық жағынан қазіргі ЭЕМ-дегі программаларды сақтаумен еш қатысы болмаса да осы кезеңнен программалаудың дамуы басталды. Ч. Бэббидждің замандасы болған Аду Лавлейс аналетикалық машинаны дұрыс бағалап дүние жүзіндегі бірінші программист атанған. А. Лавлейс есептеудің әрі қарай жалғасуын басқарудың кейбір тәсілдерінің жолдарын теориялық негіздерін жасаған. Бұл программалау тілі, яғни цикл (айналым) кең қолданылып келеді.
Программалау тілдерінің даму тарихында Пенсильваний университетінің қызметкері Джон Маучли ұсынған машиналық командаларды арнайы символдар көмегімен кодтау жүйесі үлкен жаңалық әкелді.

3

1958 жылы FLOW-Matic құрастырушы пайда болды. Фортран тілінен басқа ғылыми ұсыныстар үшін FLOW-MATIC коммерциялық деректерді өңдеу есептері үшін бірінші тіл болған. Осы бағытты жұмыс жасау КОБОЛ тілінің пайда болуына әкелді.(COBOL - Common Business Oriented Language). Осы тілді құру кезінде бірден - бір консультант Грейс Мюррей Хоппер болды.
50 жылдың ортасы программалау аймағында талпынған прогресс болып сипатталады. Машиналық командада программаның рөлі төмендей бастайды. Машина мен программист арасында жетекші рөлін атқаратын, программалау тілінің жаңа типтері құрыла бастады.
Көптеген кең тарағандардың біріншісі және алғашқысы Фортран болып табылады. 1954 жылы ІВМ фирмасындағы программистер тобымен жасалынған.
Fortran (Фортран). Бұл бірінші компиляцияланатын тіл, 50 жылдары Джим Бэкус құрған. Ассемблерде құрылған программаларды программистер жоғары өнімді тілдіңжоғары деңгейде пайда болу мүмкіндігіне көптеген сенімсіздіктер білдірді, сондықтан Фортран компиляторын құруда негізгі критерий - орындалған кодтың тиімділігі болып табылады. Фортранда программалау тілінің маңызды түсінік қатары жүзеге асырылғанымен, программалаудың құрытуының жайлылығы, машиналық кодтың тиімділігін алу мүмкіндігі өмірін қиюға әкеліп соқты. Бірақ бұл тіл үшін кітапхананың үлкен санын құруға әкеледі, статистикалық комплекстен бастап спутникті басқару пакетінен аяқтайды, сондықтан Фортран көптеген мекемелерде қолданылуы жалғасуда, ал қазір 2000 жылда жарыққа шығатын Фортран F2k стандартты түрі жұмыс жасалуда. Фортран HPF стандартты версиясы параллелді суперкомпьютер үшін жасалынған.
Cobol (Кобол). Бұл компиляцияланатын тіл, экономикалық аймақта қолдану үшін және бизнес есептерді шешуге арналған. Коболда үлкен көлемді деректермен жұмыс жасайтын өте мықты құрылымдар жүзеге асырылған, яғни әртүрлі ішкі тасымалдағыштар сақталады. Бұл тілде қазіргі таңда толық қолданылатын өте көп қосымшалар құрылған.
Algol (Алгол). Компиляцияланатын тіл 1960 жылы құрылған. Ол Фортранды ауыстыру үшін шақырылған, бірақ өте қиын құрылым әсерінен кеңінен тарай алмады. 1968 жылы Алгол 68 версиясы құрылды.

4

1.1 Turbo Pascal тілінің негізгі элементтері

Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады.
Pascal тілінде программа жеке - жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар атқарылады. Программа алдыңғы азат жол немесе бос орын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарда бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олар бір - бірімен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, оны түзету жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы.
Pascal тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
Кез - келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипаттау бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктен тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін. Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатын іс - әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, бірақ атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке - жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.

Turbo Pascal тіліндегі программа құрылымы

Program BASTAU
Сипаттау бөлімі
begin
Операторлар бөлімі
end

Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады. Олардың кейбірі шартқа байланысты атқарылса, ал кейбір қайталанатын цикл немесе қосымша программа түрінде орындалады. Операторлар бөлімінде орнатылатын негізгі әрекеттерді қарастырайық.

5
- Деректер - сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркесін мән ретінде қабылдай алатын тұрақтылар, айнымалылар тағы басқа осы тәрізді құрылымдар немесе солардың адрестері.

- Дерек енгізу - бастапқы деректердіпернетақтадан, дискіден немесе енгізу - шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асады.
Операциялар немесе амалдар - берілген және есептелген мәндердің меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды.
Шартты түрде атқарылу - белгілі бір көрсетілген шарттың орындалуына байланысты, командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе басқа командалар жиыны орындалады.
Цикл - белгілі бір шарттар орындалған жағдайда көрсетілген командалар жиынын бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен беріледі.
Көмекші программа - алдын ала қандайда бір атаумен атымен аталған командалар тобы. Олар программаның кез келген жерінен оның атауын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.
Түсініктеме - программа жолдары саңында немесе оның түйінді сөздері арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған сөз тіркестері. Олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер етпейді.

1.2 Turbo Pascal - ды іске қосу.Компиляциялау

Өрнектерді өңдеуде дәстүрлі Pascal, Basic программалау тілдері жиі пайдаланылады. Программалау тілдері сияқты, Pascal - дың өз алфавиті, синтаксисі, семантикасы бар. Алфавит - программада пайдаланылатын түрлі символдар (әріптер, цифрлар, таңбалар және басқа белгілер), синтаксис - машинаның іс - әрекетін анықтайтын нұсқауларды (командаларды, операторларды), деректер мен өрнектерді жазу ережелері. Олар машинаға түсінікті шартты белгілерді пайдалана отырып жазылатын үлгілер. Pascal алфавитінің символдары:
1. Латын алфавитінің бас және кіші әріптері
2. Араб цифрлары
3. Өрнек таңбалары: + - *
4. Қатынас таңбалары: = - = =
5. Арнайы символдар: : ; ' (Бос орын - бір позициялық ашық жер) 0 , ! ? #
Синтаксис бойынша санның бүтін және бөлшек бөліктерін бөлетін үтірдің орнына нүкте қойылады.
Pascal - да меншіктеу белгісі := түрінде жазылады.

6
Санды дәрежелеу белгісі жоқ. Дәрежелеу снды өзіне өзін көбейту арқылы беріледі.

Мәтіндер мен символдар Basic тілінде пайдаланылатын тырнақшалардың орнына дейекшелерге ( ) алынып жазылады.
Қызметші сөздер, операторлар және функцияларды жазуда пайдаланылатын латын алфавитінің әріптері. Оларды бас немесе кіші әріптермен жазудың айырмашылығы жоқ.
Turbo Pascal - ға мынадай жай және күрделі типті айнымалылар енгізілген:
1.Жай типтер: скалярлық (стандартты скалярлық, санақты), шектеулі.
2.Күрделі типтер: жиым (регулярлық тип), жол (стринг), жазба (жазу), файл, жиын.
3.Сілтеме (көрсеткіш).
Типтер жүйесіндегі негізгі тип - жай типтер. Басқа типтер осы типтерден белгілі ереже бойынша құралады. Стандартты скалярлық типке жататын айнымалылар бүтін, нақты, символдық және бульдік болатын төрт топтан тұрады. Оларды сипаттауда пайдаланылатын стндартты атаулар:
INTEGER, REAL, CHAR, BOOLEAN
(integer - бүтін, real - нақты, character - символ, Boolean - бульдік)
INTEGER - [ -32768; 32767 ] аралығында бүтін сандық мәндерді қабылдайтын айнымалының типі. Оның [0; 255] аралығынан алынған бүтін мәндерді қабылдайтын дербес түрін BYTE (байт) типті деп атайды. BYTE тек машина жадын үнемдеу үшін қажет, себебі INTEGER типі арқылы сипатталған айнымалыға жадтан 2 байт бөлінсе, BYTE арқылы сипатталған айнымалыға 1 байт ғана бөлінеді.
Бүтін типке мәндері [0 ... 65535] аралығында жататын WORD типті және мәндері [-2147483648 ... ... ..2174483647] аралығында жататын LongInt типті айнымалылар да жатады.
LEAR типті айнымалының мәндері [2.9 Е -39, 1.7 Е +38] аралығында жатуы мүмкін нақты сандар.
CHAR - мәні символ айнымалы болатын типі.
BOOLEAN - нәтижесі ақиқат не жалған болатын кез - келген логикалық (бульдік) өрнектің типі. Мысалы: шарттың сақталуын тексеру нәтижесінің (=,,=,=, And (және), or (немесе) not (емес) xor ( екі айнымалының мәндері тең емес жағдайда ғана ақиқат болатыны шарт) екі ғана мәні бар: True не False (ақиқат не жалған).
Кейбір нұсқалар мен әрекеттердің IBM Basic - те ( GWBasic, Qbasic - те) және Turbo Pascal - да жазылу түрлері 1 - кестеде көрсетілу (кейбір операторлар басқа үлгіде жазылуы да мүмкін, олар сәйкес тақырыптарда көрсетілген).

7
1 - кесте

Нұсқау, әрекет
IBM Basic - те
Turbo Pascal - да
Экранды тазалау
Енгізу
Шығару
Қағазға басу
Программа соңы
Шартты өту
Және, не, емес
Таңдау
Әзірше циклі
Дейін циклі
Үшін циклі
Көмекші програм
Көмекші пр- ф
CLS
INPUT
PRINT
LPRINT X
END
IF THEN ELSE IF THEN
AND, OR, NOT
ON GOTO
WHILE WEND
DO LOOP UNTIL
FOR NEXT
GOSUB RETURN
DEF FN
CLRSCR
READ
WRITE
WRITE ( LST, X)
END
IF THEN ELSE IF THEN
AND, OR, NOT
CASE END
WHILE P DO
REPEAT UNTIL
FOR TO DO
FOR DOWNTO DO
PROCEDURE FUNCTION

Жиі пайдаланылатын стандартты скалярлық функциялар 2 - кестеде көрсетілген.

8

2 - кесте


Функция, әрекет
Pascal - да
Берілетін не қабылдайтын мән
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Sinx
Cosx
Arctgx
Lnx
e ˣ
x ²
x
absx
3.78 4
3.78 3
3.78 3
3.78 0.78
Pi=3.1415..
Sin(x)
Cos(x)
Arctan(x)
Ln(x)
Exp(x)
Sqr(x)
Sqrt(x)
Abs(x)
Round(x)
Trunk(x)
Int(x)
Frac(x)
PI
х - радиан
ч - радиан
х 0
е - нің х дәрежесі
е=2,718
х - кез - келген сан
х0
х - тің абс шамасы
санды бүтінге дейін дәлдіктеу
санның бүтін бөлігі
санның бүтін бөлігі
санның бөлшек бөлігі
рі санының мәнін қайтарып беру

Өрнек - тұжырымдалған жазу. Егер ол сандық (арифметикалық) өрнек болса, деректермен әрекет жүргізіліп, мән өндіріледі. Арифметикалық өрнектің жазылу ережесі Basic - тегі сияқты өрнек бір жолда жазылады.

Мысалы:
Арифметикалық өрнегінің Pascal - да жазылу түрі: у:=4(3*х+1) [Basic - те ол у:=4 (3*х+1) түрінде жазылады.]
Оның орындалуы үшін Pascal - да сипатталған айнымалы атауы мен өрнек мәнінің типтері бірдей болуы тиіс.
Әдетте Turbo Pascal Norton Commander жүйесінің С: түбірлік каталогына енгізіліп қойылады. Turbo Pascal - ды іске қосу және программамен жұмыс істеу жолы.
1) ТР (TURBO) каталогын іске қосу.
2) ТР - ның құрамындағы turbo.exe файлын іске қосу. Экран дайын болады.
3) F3 пернесін басу. Машина файл атын сұрайды.
4) Файл атын өзгерту.

8
Машина атау берілген файлды дискіден іздейді де, табылса оны жадқа енгізіп, экран тазаланып, жоғарғы жағында жаңа файл аты жазылып қойылады;
5) Жаңа программа теру. Теруді аяқтаған соң Alt + F9 пернелерін басу ол программаны компиляциялау командасы). Құрылған программада синтаксистік қате кеткен болса, компилятор экранның жоғарғы жолында қате көрсетіп, қате кеткен жердің оң жағына курсорды орналастырып қояды. Программа дұрысталған кезде экранға шығатын хабар - Press any Key (кез-келген пернені басу);
6) F2 пернесін басу(программаны дискіге жүктеу(SAVE) командасы);
7) CTRL+F9 пернелерін басу ( программаны іске қосу (RUN-RUNNING) командасы). Бұл кезде компьютер программаны орындап, программа мазмұнын қайта шығарады.
8) ALT + F5 пернелерін басу. Бұл жазылатын терезені жазылатын терезені экранға шығарып көрсету командасы. Осыдан соң программа мазмұны жазылған экранды қайта шығару үшін кез-келген басса болғаны.
Келесі программамен жұмыс істеуге көшу үшін жоғарыда аталған әрекеттерді 3-пункттен бастап қайталау жеткілікті не Файл-Жаңа (File New) командасын беру керек.

1.3 Программа құрылымы. Қарапайым программа

Turbo Pascal - да программаның жалпы түрде жазылуы мынадай түрлі бөлімдерден тұрады.
Program атау (input, output); Таңбалар бөлімі (label);
Тұрақтылар бөлімі (const); Типтер бөлімі (type);
Айнымалылар бөлімі (var);
Процедурада және функция бөлімі (procedure, function)
Операторлар бөлімі.
Мұндағы Program ( программа) қызметші сөзінен басталған бірінші жолды программа тақырыбы деп атайды. Ол программаның келесі бөлімдерінен нүктелі үтір арқылы ажыратылып жазылады. Атау- программа аты. Атау (идентификатор) үшін сөздігіне жатпайтын кез-келген латын әрпін не символдар тізбегін алуға болады. Оны PROGRAM сөзінен соң ашық жер қалдырып жазу керек.
Программа тақырыбынан соң жазылатын міндетті бөлім- операторлар бөлімі. Ол программа денесі делінеді. Программаға айнымалылар және операторлар бөлімдерінен басқа бөлімдердің енгізілуі міндетті емес. Ол қажеттілігіне қарай енгізілуі тиіс. Program тақырыбы программаны оқуға ыңғайлы болу үшін жазылады. Егер программаға айнымалылар енгізілетін болса ғана, VAR бөлімі оларды сипаттау үшін қажет.

9

Операторлар бөлімі-программаның орындалу бөлімі. Ол BEGIN-нен басталып, END-пен аяқталады да, олардың аралығына нүктелі үтір арқылы ажыратылған орындалушы операторларжазылады. (Нүктелі үтір-әр операторды аяқтау және операторларды бір-бірінен ажырату блгісі) END-тің соңына нүкте қойылуы тиіс, ол программаның аяқталу белгісі. BEGIN (басы), END (соңы)-ашу, жабу жақшаларының рөлін орындайтын қызметші сөздер. Егер тармақталу, таңдау не циклдік командалар блогы екіден кем емес командалардан тұрса, олар құрама оператор деп аталады, мұндай операторлар да міндетті түрде begin-end операторларына алынып жазылады да, end операторының соңына әдеттегідей нүктелі үтір қойылады ( жалпы, begin-end операторлары математикада пайдаланатын ашу, жабу жақшаларының рөлін атқарады).
Жадқа х айнымалысының мәнін енгізу Read (х) операторы арқылы, ал жадтан мәнді монитор экранына шығару Write (х) операторы арқылы орындалады (read-оқу, write-жазу). Мұндағы ескеретін жайт read (x) операторын оқып шығып, жүйе аргумент мәнін енгізуді күтіп, тоқтап қалады. Программаның одан кейінгі операторлары мәнді пернетақтадан енгізіп, Esc пернесін басқан соң ғана орындалады. Ал х,у сияқты айнымалылар мәндерін экранға шығару операторлары - write (x,y). Мұндағы айнымалыларды Write операторының параметрлері не аргументтері деп те атайды. Параметрлер үтір арқылы бөлініп, жай жақшалар ішінде жазылады.
Программада Write операторлары түрлі түрде жазылуы мүмкін, мысалы:
1) write (x);
2) write (x, '',y);
3) write (3*x+5, '' y+2);
4) write (x: n: m);
5) write ('символдар тізбегі');
6) write (Ist,x)

Жалпы программаның орындалу барысында Read операторы кездессе, машина айнымалылар мәндерін жадқа ендіруді күтіп, тоқтап қалады. Мәндер пернетақтадан аралықтарына бос орын қалдырып енгізіледі, енгізу аяқталған соң Енг пернесінің басылуы тиіс. Осыдан соң программаның орындалуы одан әрі жалғасады.
Мысалы: read ( a,b,h) ? 6.5 3.9 4.7 Енг
Сонымен, программа денесін мына түрде жазуға да болады:

10

begin
read (a,b,h); s:=(a+b)*h2
write (`s=',s : 5 : 2); readln
end.
Есепті шешу алгоритмі сызызқтық алгоритм болатын және жай типті айнымалыларды пайдаланып құрылған программаны қарапайым программа деп те атайды.
1.4 READLN, WRITELN операторлары

Pascal-да енгізу операторының жалпы түрде жазылуы:
R E A D ( X1, X2, ... .XN).
Мұндағы хᵏ (k=1,2, ... .n) енгізілетін мәндерді сәйкес түрде қабылдайтын айнымалылар.
Read операторының алдында мәндері жадқа енгізілуі тиіс айнымалыларды Write операторы арқылы экранда көрсетіп қойған жөн.
Мысалы: (1b) программаның операторлар бөлімін былайша жазу ыңғайлы:
begin write (` a, b, h=?'); readln (a, b, h);
s:= ( a+b ) * h2 ; write (`s=',s : 5 : 2); readln
end.

Кейде Write, Read операторларының соңына LN жалғауын қосып, Writeln, Readln түрінде жазу қажет. Мысалы: readln (a, b, h); writeln (х:6:2). Жүйе мұндай операторларға енгізілген LN жалғауын оқып шығып, курсорды экранда өзінің тұрған орнынан келесі жолдың басына ауыстырады да, кезекті оператордың орындалуы осы жерден бастап көріне бастайды. Егер келесі жолды бос күйінде тастап кету қажет болса, программаға соңғы орындалатын LN жалғаулы оператордан соң параметрсіз Writeln операторын енгізсе болғаны.
1-мысал: х=31, у=26 үшін х+у мәнін экранға шығару программасын құру керек.
Program f; Uses crt;
var x,y,s: integer;
begin clrscr;
write (`x,y=?'); readln (x,y); writeln;
writeln (`s=',x+y); delay (5000)
end.
Программаның орындалуы экранда мынадай түрде көрінеді:

11

х,у=? 31 26 Енг
S=57
Мұндағы clrscr, delay (n) стандартты функциялар (clear screen-экранды тазалау, delay-кідіріс). Олар Turbo Pascal - да пайдаланылатын экранды тазалау және экрандағы кіріністі n миллисекундұстап тұратын нұсқаулар (милли=11000 сек). Енг - соңғы мән (26) теріліп Енг пернесін басу керек.
Uses crt - CRT модулін пайдалану нұсқауы. (Turbo Pascal программасының сегіз кітапханалық модулі бар, олардың CRT атаулы бөлімінде clrscr, delay, readk (пернеден оқу), keypressed (пернені басу) сияқты экранды, пернетақтаны басқару функциялары жазылып қойылған. Uses нұсқауы жазылғанда ғана операторлар бөлімінде енгізу мүмкін ( use - пайдалану). Көп жағдайда программаға Delay орнына Readkey не параметрсіз Readln операторын енгізу ыңғайлы.
Осы сияқты, мәтінді принтерде басып шығару үшін программа басына Uses printer нұсқауын енгізу керек. Ол программалар жүйесінен PRINTER модулін ашып, LST файлдық айнымалысын LPT1 логикалық құрылғысымен байланыстырады. Writeln (Ist, x) операторы программаға осы нұсқау енгізілген соң ғана орындалады.
Түсініп оқуға жеңіл болу үшін күрделі программаның әр жеріне не блоктар басына түсініктемелер енгізіп қойған жөн. Олар Pascal - да {} не (**) символдарының аралықтарына орналастырылады.
Мысалы { Трапецияның ауданы}
{* Кулон заңы*}
Компьютер түсініктемелер оқымай тастап кетеді, түсініктеме тек программаны оқуды оңайлату үшін ғана қажет.
2-мысал: Экранға мынадай бір шумақ өлең шығару керек
Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.
Абай
Программа:
Program Abay; Uses crt;
{бір шумақ өлең}
Begin clrscr
Writeln (`Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы');
Writeln (`Қиыннан қиыстырар ер данасы');
Writeln (`Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп');
Writeln (`Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы');

12
Writeln; write (`Абай'); Readkey
End.

Программаның орындалу бөліміне айнымалылар енбегендіктен, Var бөлімінің қажеті болған жоқ. Программаны практикадан терген кезде writeln операторының параметрі болатын мәтінді бір жолға енгізу керек.

1.5 Тармақталу. Циклдер. Жай шарт. Құрама шарт

Pascal - да шартты өту операторы Basic тілінде сияқты ІF операторы арқылы беріледі: IF - THEN - ELSE (толық түрі); IF - THEN (қысқартылған түр);
Жазылу үлгілері:
а) IF шарт THEN оператор 1 ELSE оператор 2;
б) IF шарт THEN оператор ;
ELSE сөзінің алдыңғы оператордың соңына нүктелі үтір қойылмайды.
1 мысал: у= функцияның мәнін есептеу керек.
Program man;
(*функция мәнін есептеу*)
Var x,y: real;
Begin write (`x=?') readln (x);
If x1then y:=2*x+3 else y:=x*x-4;
Write (`y=',y : 6 : 3); end

Тармақталу командасы енгізілген программаны пайдаланып, сынақтан өткізугеде болады.
1-тапсырма (2 мысал) 4.9*12-(4-2.5)*59 өрнегінің мәнін 0.01 дәлдіктеп есептеу керек.
Есептелген мәннің дұрыстығын да компьютерде тексеру программасын мынадай түрде құруға болады.
Program snak1;
var f, v, z; real;
Begin f: =4.9*12-(4-2.5)*59; v:=round (f*100)100;
Writeln (`4.9*12-(4-2.5)*59');
Write (`0.01 дәлдікпен есептелген мән=? ');
Readln (z);
If z=v then write (`Жарайсыз дұрыс!') else
Write (`Дұрыс емес')
End.

13

Мұндағы V-өрнек мәні 0.01-ге дейінгі дәлдікпен меншіктелетін айнымалы (мәнді есептеу мен дәлелдеуді машина орындайды); z - сынақталушының 0.01 дәлдікпен дайындаған жауабы меншіктелетін айнымалы.

2-тапсырма (3 мысал) Программаға енгізілген торт өрнектің қайсысы cos2x формуласының өрнегі.
Program snag2; uses crt;
Var m: char;
Begin clrscr; writeln (`cos2x=?');
Writeln (1':cos(x) *cos(x)+sin(x)*sin(x)');
Writeln (`2:2*sin(x)*cos(x)')
Writeln ('3:cos(x) *cos(x)-sin(x)*sin(x)');
Writeln ('4: sin(x)*sin(x)-cos(x)*cos(x)');
Writeln; write (`Дұрыс деген формула');
Write (`нөмірін енгізіңіз-?'); readln (m);
Writeln;
If m=chr (51) then write (`дұрыс') else
Write (`дұрыс емес. Формуланы қайталаңыз')
End.
Мұндағы m=3 орнына енгізілген 3-тің коды (chr (51) 3 санын тікелей оқымау үшін ғана енгізіледі.
Pascal тілінің ыңғайлылығының бір мұнда түрлі типті берілгендермен жұмыс істеуге болатынында. Оның үстіне, программалаушының өзі де санақты (санап шығу мүмкін) не шектеулі деп аталатын стандартты емес жаңа жай типтерді қолдан дайындауы мүмкін.
Санақты тип мәндері латын әріптерінің тізбегінен тұратын, әр мән өзінің атауы бойынша ғана анықталатынсталярлық тип. Санақты типті айнымалының сипатталу үлгісі:
Var атау (мәндер тізімі);
Turbo Pascal ортасына кіру үшін turbo.exe файлын жүктеу керек. Жүйені сәтті жібергеннен кейін дисплейдің жоғары қатарында Turbo Pascal ортасында жұмыс істеудің мүмкін режимдерінің мәзірі пайда болады. Жұмыс барысында қажетті функционалдық пернелер:
F1 - анықтаманы шақыру
F2 - редакторланған тексті дискідегі файлға жазып алу
F3 - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Turbo Pascal жүйесінде массивтерді ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal – дің жоғарғы деңгейлі логикалық құрылымы
Turbo Pascal тілінде программа дайындау жолдары
Спортлото ойыны
Turbo Pascal 7.0 интегралдық программалау ортасын пайдалану
Turbo Pascal - жоғары деңгейлі программалау жүйесі
Турбо Паскаль бағдарламысының тарихы
Turbo Pascal программалау тілі туралы жалпы түсінік
Си және Паскаль тілдері
Turbo Pascal программасының негізгі түсініктері
Пәндер